Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / "Flash - анимация құру әдістері" тақырыбында өткізілген облыстық ашық сабақ материалы

"Flash - анимация құру әдістері" тақырыбында өткізілген облыстық ашық сабақ материалы



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Ф.219

Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)


Топ

Күні

3 нег. ВТ - 2

14.11





Пән: «Интернет технологиялар және Web бағдарламалау»

V Бөлім. Adobe Flash бағдарламасы

Курс тақырыбы: 5.1 Adobe Flash-та жұмыс істеу негізі.

Сабақ тақырыбы: Flash-анимация құру әдістері.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәріс, онлайн элементімен.


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Базалық құзыреттілік

БҚ 2. Өз қызметіне дұрыс мақсат қою, оны іске асыруда кажетті жағдайларды аныктау, жоспарлау және мақсатқа жету үрдісін

ұйымдастыру;

БҚ 5. Өзінің жұмыс орнын ғылыми ұйымдастыра алу, жұмыс ережелерін және тәртібін орындау керек.

БҚ 6. Қазіргі заманғы ақпараттық – коммуникациялық технологиялар көмегімен ақпаратты өздігінен табу, талдау, іріктеу, сактау, интерпретациялау.

Кәсіптік құзыреттілік

КҚ 3. Ақпаратты автоматтандырылған өңдеу технологиясын жұмыста колдана білу;

КҚ 5. Бағдарламалау технологиясы мен есептеуді жүргізу әдісін, оның есептеу жұмыстарын білу;


Сабақ мақсаттары


оқытушылық

Macromedia Flash бағдарламасында оқушыларға сурет салуды және суретке анимацияны қолдануды үйрету, 5.1 курс тақырыбын қайталау.

тәрбиелік

Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

дамытушылық

Оқушылардың шығармашылық қабілетін, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.


Пәнаралық байланыс

Қамтамасыз ететін

ДЭЕМ және ЖАҚ кешені

Курс тақырыбы: Есептеуіш желілердің жіктелуі (классификациясы).

Сабақ тақырыбы: Ақпараттың сымсыз берілуі.

Қамтамасыз етілетін

Есептеу кешендерінің операциялық жүйелері және БҚ

Курс тақырыбы: Графика түсінігі.

Сабақ тақырыбы: Графикалық кескіндерді жасау, жұмыс тәсілін меңгеру


Сабақтың жабдықталуы

Көрнекілік құралдар

Презентация, «Айрен» тест қабықшасы, видео

Таратпа материалдар

Тәжірибелік жұмысқа әдістемелік нұсқау (Денгей бойынша)

Оқытудың техникалық құралдары

ДК, проектор, Macromedia Flash бағдарламасы, Интернет, Skape, «Айрен» тест қабықшасы.

Әдебиет:

Негізгі

  1. Джеймс Л. Молер. Flash 8. ООО «Издательство Эксмо». 2007г.

2. Зимина Л. Первые шаги пользователя Macromedia Flash 5.0
Познавательная книга плюс

Қосымша

Таненбаум, Э. Компьютерные сети


Сабақ мазмұны


Эле-мент №

Сабақ элементі, қарастырылатың сұрақтар,

оқытудың әдістері мен тәсілдері

Қосымшалар, өзгерістер

1.

Ұйымдастыру (2 мин)

  1. Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру

  2. Компьютердің сабаққа дайындығын тексеру

  3. Оқушылармен амандасу

  4. Оқушыларды түгендеу

  5. Сабақтың мақсатымен таныстыру


2

Үй тапсырмасын тексеру (10 мин)

Онлайн сұрақтары: (Бизнес колледж студенттері сұрақ қояды).

  1. Macromedia Flash программасы қандай қызмет атқарады?

  2. Macromedia Flash программасының экрандық интерфейсі қандай элементтерден тұрады?

  3. Сурет салу құралдары, олардың қызметтері қандай?

  4. Объектіні ерекшелеу құралдары?

  5. Macromedia Flash программасы көмегімен жасалған файл кеңейтілулері қандай?

  6. Анимациялық әсерлер беру үшін қолданылатын құрал?

  7. Программада кез келген фильм элементі қандай нысан ретінде қарастырылады?

  8. Мультипликация дегеніміз не?

  9. Дайын болған Flash - фильмді алдын ала көру үшін не істеу керек?

  10. Анимация дегеніміз не?


3

Жаңа тақырыпты түсіндіру (30 мин)

Жоспар:

  1. Кадр бойынша (Классикалық) анимация

  2. Автоматтық анимациялау (Tweened анимациясы)

  3. Сценарийге негізделген анимация.


4

Оқушылардың өздік жұмысы (25 мин)


Тәжірибелік жұмысты орындау

  1. Тәжірибелік жұмысқа әдістемелік нұсқаулық (Денгей бойынша).

  2. Тапсырманы орындау


5

Сабақты бекіту (20 мин)

  1. Орындаған жұмыстарын қорғау

  2. Тест (Айрен қабықшасы арқылы)


6

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау (2 мин)

  • Электронды журнал қолдану


7

Үйге тапсырма беру (1 мин)

  1. Финкельштейн, Эллен Macromedia Flash 8, 86-88 бет

  2. Қайталау к.т. 5.1



Оқытушы __________ Ш.М.Капашева


КЕЛІСІЛДІ

Әдіскер________Р.М.Рахматулина

«__»________2016 жыл


КЕЛІСІЛДІ

«БҚ және АЖ» областық әдістемелік бірлестігінің төрайымы ________Тусупбаева К.М.

«__»________2016 жыл



САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ:


І. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕНІ:

  1. Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру

  2. Компьютердің сабаққа дайындығын тексеру

  3. Оқушылармен амандасу

  4. Оқушыларды түгендеу

  5. Сабақтың мақсатымен таныстыру

Мұғалімнің сөзі: Сәлеметсіздерме оқушылар! Бүгін бізде сабағымыз ерекше түрде өтеді.

V Бөлім. Adobe Flash бағдарламасы

Курс тақырыбы: 5.1 Adobe Flash-та жұмыс істеу негізі.

Сабақ тақырыбы: Flash-анимация құру әдістері.

Сабақ мақсаты: Macromedia Flash бағдарламасында оқушыларға сурет салуды және суретке анимацияны қолдануды үйрету.


САБАҚ МАЗМҰНЫ


ІІ. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ТЕКСЕРУ

Онлайн сұрақтар:

  1. Macromedia Flash программасы қандай қызмет атқарады?

  2. Macromedia Flash программасының экрандық интерфейсі қандай элементтерден тұрады?

  3. Сурет салу құралдары, олардың қызметтері қандай?

  4. Объектіні ерекшелеу құралдары?

  5. Macromedia Flash программасы көмегімен жасалған файл кеңейтілулері қандай?

  6. Анимациялық әсерлер беру үшін қолданылатын құрал?

  7. Программада кез келген фильм элементі қандай нысан ретінде қарастырылады?

  8. Мультипликация дегеніміз не?

  9. Дайын болған Flash - фильмді алдын ала көру үшін не істеу керек?

  10. Анимация дегеніміз не?

ІІІ. ЖАҢА ТАҚЫРЫПТЫ ТҮСІНДІРУ

V Бөлім. Adobe Flash бағдарламасы

Курс тақырыбы: 5.1 Adobe Flash-та жұмыс істеу негізі.

Сабақ тақырыбы: Flash-анимация құру әдістері.

Жоспар:

  1. Кадр бойынша (Классикалық) анимация

  2. Автоматтық анимациялау (Tweened анимациясы)

  3. Сценарийге негізделген анимация.


Оқушыларды ағылшын терминдерімен таныстыру

motion tweening - аралық қозғалысы

motion-animation - қозғалыс-анимация

Motion Guide - Басшылық Қозғалыс

Action Script - Сценарий-Іс-Қимыл

Layer – қабат


Flash’тегі анимация “мултикте” қолданылатын объектілердің қасиетін өзгертуге негізделген. Мысалы, мультиктерде объектілердің пайда болуы немесе жоғалуы мүмкін, сондай-ақ объектілер орнын, формасын, өлшемін, түсін, мөлдірлілігін т.б. өзгертуі мүмкін. Flash’те объектілерді анимациялаудың үш түрлі механизмі қарастырылған:


кадрлап (“классикалық”) анимациялау – автор, құрып отырған мультигінің әр кадрын өзі безендіріп отырады.

автоматты анимация (tweened-анимация), құрушы тек алғашқы және соңғы кадрларын жасайды, ал Flash аралық кадрларды өзі генерациялайды; tweened-анимацияның екі түрі бар: объектілерді жүргізуге негізделген (motion-animation) және объектілерді трансформациялауға (формасын өзгертуге) негізделген (shape-animation);

сценарий негізінде құрылатын анимация, сценарий обьектілердің өзгеріп отыруын Flash’тің өз тілінде сипаттайды, ол ActionScript деп аталады; бұл тілдің синтаксисі Web-публикацияда қолданылатын басқа сценарий тілдерінің синтаксисін (мысалы, JavaScript және VBScript) еске түсіреді.


Бұл механизмдердің әрқайсысының артықшылығы болғанымен кемшіліктері де бар. Көп жағдайда tweened-анимацияның мынадай екі артықшылығы болады:


  • Біріншіден, автор әр кадрды жекелеп жасап қиналмайды;

  • Екіншіден, мұндай мультиктерді жүргізу үшін Flash тек алғашқы және соңғы кадрларды ғана сақтап отырады, бұл филмнің көлемі аз болуын қамтамасыз етеді.

  • Тweened-анимация қарапайым сюжеттер жасауға ғана күші жетеді.

  • Ал ActionScript сценарийлері арқылы объектілердің жетерліктей күрделі құбылыстарын жасауға болады. Бірақ ол үшін ActionScript тілін жетік үйрену керек. Басқа сөзбен айтқанда, өзіңіздің жеке мультигіңізді жасауға кіріспей тұрып, оны реализациялау механизмінің қай түрін таңдайтынымызды анықтап алуымыз керек.


Кадрлармен қарапайым әрекеттер:

  1. Бос кілтті кадрды қою - Insert->Blank keyframe, F7

  2. Алдынғы мазмұның қайталау, Кілтті кадрды қою - Insert->Keyframe, F6

  3. Кадрды тазалау - Insert->Clear keyframe, Shift-F6

  4. Кадрды қою - Insert->Frame, F5

  5. Кадрды өшіру - Insert->Remove Frames, Shift-F5


Тапсырманы орындау:

Траектория бойынша қозғалысты қолдану

Бүгін біз бірге тағы бір әдісті қолданып анимация құруды үйренеміз. Бұл motion tweening анимациясы және траектория бойынша жүргізуді үйренеміз, мұнда объект берілген бір бағытта қозғалады.

Анимацияны құру үшін келесі әрекетті қолданамыз. (анимация құру үшін керекті объектілерді «Аранын ұшуы» деген папкасына көшірілген). Басында және соңында қойылған екі кілтті кадр орналастырып motion tweening әдісін қарапайым анимацины құру.

hello_html_28df507e.png

  1. motion tweening анимация кадры бар қабытын тандаңыз да берілген бағытта қозғалыс қосыңыз, келесі команданы қоданып Motion Guide меню Insert. Берілген бір бағытта қозғалысты Add Motion Guide батырмасын басып құруға болады.

hello_html_7d601783.png

3. Нұсқаулықтың қозғалысының құрылған қабатының бірінші жақтауын таңдаңыз және сызу құралдарын пайдалана отырып, объект ұстануға тиіс, оның бойымен қозғалыстағы жол жасау. Келесі құралдарды пайдалануға болады Pencil, Oval, Rectangle, Brush, Pen немесе Line. Properties панелін Properties меню Window командасын қолданып ашыңызда бірінші кадр анимациясын тандаңыз. Snap (Привязка) белгіленгенің қадағалаңыз.

4. Енді қозғалысы траекториясын құрылған нысанды байлаңыстырыңыз.

5. Selection сайманы арқылы объектіні тандап Тіркеу нүктесі қозғалыс траекториясын бастапқы нүктеден тұспа-тұс келетіндей қозғаңыз.

6. Соңғы кадрды тандаңыз. Selection сайманы арқылы объектіні тандап Тіркеу нүктесі қозғалыс траекториясын соңғы нүктеден тұспа-тұс келетіндей қозғаңыз

hello_html_m2a28a48e.png



ІV. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ


Тәжірибелік жұмысты орындау

  1. Тәжірибелік жұмысқа әдістемелік нұсқаулық (Денгей бойынша).

  2. Тапсырманы орындау


ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ


Оқушылар өз қиялына қарай тапсырманы орындайды.


«Жыл мезгілдері» аусуын көрсететін анимация жасау

1 қабат. Көктем

2 қабат. Жаз

3 қабат. Күз

4 қабат. Қыс


Бағалау

І деңгей. 1, 2 қабат қолдануы – 60-74 балл

ІІ деңгей. 1,2,3 қабат қолдануы – 75-89 балл

ІІІ деңгей. 1,2,3,4 қабат қолдануы – 90-100 балл

V. САБАҚТЫ БЕКІТУ

  1. Орындаған жұмыстарын қорғау

  2. Тест



ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ:


І НҰСҚА


  1. Flash – қосымшаларының мазмұнынна мәліметтерді өңдеуді, интерактивтікті қосуды және басқа іс –әрекеттерді орындаутын объекті-бағытталған бағдарламалау тілі:

  1. FScript

  2. жауаптары жоқ

  3. VBScript

  4. JavaScript

  5. ActionScript

  1. Flash Macromedia - да барлық объектіні таңдау үшін қолданылатын құрал

  1. Жаққыш

  2. Өшіргіш

  3. Қалам

  4. Нұсқауыш сайманы (стрелка)

  5. қарындаш

  1. Flash Macromedia - да фильмді көру кезіндегі өлшемі түсі сәйкесінше «кадрдың» өлшемі мен түсімен анықталады:

  1. Құрал тақтасы

  2. жұмыс аланы

  3. Қасиеттер тақтасы

  4. Уақыт шкаласы

  5. Монтаждау үстелі.

  1. Flash Macromedia-да бұл пиктограмманың астында тағы бір немесе бірнеше құралдар жасрынғанын көрсетеді.

  1. Кішкентай донғалақ

  2. төменгі оң жақта орналасқан кішкетай қара үшбұрыш

  3. үстідегі оң жақта орналасқан кішкетай қара үшбұрыш

  4. төменгі оң жақта орналасқан кішкетай қара төртбұрыш

  5. ортада орналасқан кішкентай нұсқауыш сайманы (стрелка).

  1. Flash Macromedia-да бұл тақтаның түрі сәйкесінше таңдалған объектіге немесе сайманға тәуелді:

  1. Уақыт шкаласы

  2. Барлық жауаптары

  3. Монтаждау үстелі.

  4. Қасиеттер тақтасы

  5. Құрал тақтасы

  1. Macromedia Flash – да анимация пішіні тек қана ... үшін қолданылады:

  1. Топталған объектілер

  2. Мәтін

  3. Өзгерту/бөлу.

  4. Топталмаған объектілер.

  5. Жауабы жоқ

  1. Macromedia Flash – да растырлық графиканы векторлыққа түрлендіру параметрлері келесі ..... терезесі арқылы орындалады:

  1. Векторлау

  2. Графиктеу

  3. Фракталды

  4. Динамикалық

  5. Барлығы дурыс

  1. Web-анимацияларды құру мақсатында қолданылатын бағдарламаны көрсетіңіз:

  1. Flash бағдарламасы

  2. РowerРoint бағдарламасы

  3. Word бағдарламасы

  4. Excel бағдарламасы

  5. Access бағдарламасы

  1. hello_html_m1c6e8a9e.pngбатырмасының атқаратын қызметі:

  1. Фигураның немесе қандай да бір облыстың түсін, қалыңдық дәрежесін және шекара стилін анықтау

  2. Бір объектінің құю және жиектеу әсерлерін екінші бір объектіге көшіру

  3. Мәтінмен жұмыс жасау

  4. Түзу және қисық сызықтар сызу

  5. Боялған аймақ түсін өзгерту режимі

  1. Aнимацияны көру «» командасы:

  1. ControlРlay

  2. ModifyBreak Apart

  3. InsertConvert to Symbol...

  4. Window Design Panels Scene

  5. FileCreate Projector



ІІ НҰСҚА


  1. Macromedia Flash – та мәтіндік кескінді суретке айналдыру үшін екі рет қолданылатын команда:

  1. Топталған объектілер

  2. Мәтін

  3. Өзгерту/бөлу.

  4. Топталмаған объектілер.

  5. Жауабы жоқ

  1. Macromedia Flash – тің экранға анықтамалық жазбаны шығару үшін қолданылатын құрал:

  1. Топталған объектілер

  2. Мәтін

  3. Өзгерту/бөлу.

  4. Топталмаған объектілер.

  5. Жауабы жоқ

  1. Macromedia Flash бағдарламасында құрылған құжаттың кеңейтілімі:

  1. Doc, txt

  2. fla, swf

  3. pdf, ppt

  4. fla, avi

  5. Жауабы жоқ

  1. Flash 8 бағдарламасының стандартты жүктелу жолы:

  1. ПускПрограммыСтандартные Macromedia Macromedia Flash 8

  2. ПускПрограммыMS Office Macromedia Flash 8

  3. ПускПрограммыMacromedia Macromedia Flash 8

  4. ПускПрограммыMacromedia MS Office Macromedia Flash 8

  5. ПускСлужебныеMacromedia Macromedia Flash 8

  1. Анимациялық әсерлер беру үшін қолданылатын құрал

  1. Doc, txt

  2. fla, swf

  3. pdf, ppt

  4. fla, avi

  5. TimeLine уақыт шкаласы

  1. Интерактивті анимация құру үшін программалау тілінде сценарийлер жазылады.

  1. Turbo Рaskal

  2. Delрhi

  3. ActionScript

  4. Visual Basic

  5. C++

  1. Flash Macromedia-да бұл пиктограмманың астында тағы бір немесе бірнеше құралдар жасрынғанын көрсетеді.

  1. Кішкентай донғалақ

  2. төменгі оң жақта орналасқан кішкетай қара үшбұрыш

  3. үстідегі оң жақта орналасқан кішкетай қара үшбұрыш

  4. төменгі оң жақта орналасқан кішкетай қара төртбұрыш

  5. ортада орналасқан кішкентай нұсқауыш сайманы (стрелка).

  1. Қатпарға үнсіздік бойынша … деген атау беріледі.

  1. Movie Cliр 1

  2. Button 1

  3. Layer 1

  4. Graрhic 1

  5. TimeLine 1

  1. hello_html_4eec16ff.pngбатырмасының атқаратын қызметі:

  1. Фигураның немесе қандай да бір облыстың түсін, қалыңдық дәрежесін және шекара стилін анықтау

  2. Бір объектінің құю және жиектеу әсерлерін екінші бір объектіге көшіру

  3. Түзу және қисық сызықтар сызу

  4. Боялған аймақ түсін өзгерту режимі

  5. Мәтінмен жұмыс жасау

  1. Aнимацияны көру «» командасы:

  1. ControlРlay

  2. ModifyBreak Apart

  3. InsertConvert to Symbol...

  4. Window Design Panels Scene

  5. FileCreate Projector



VІ. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ, ОҚУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ.


VІІ. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА.

  1. Финкельштейн, Эллен Macromedia Flash 8, 86-88 бет

  2. Қайталау к.т. 5.1.





Оқытушы __________ Ш.М.Капашева




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 15.11.2016
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров21
Номер материала ДБ-353393
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх