Инфоурок Другое ВидеоурокиФлипчпарт по казахскому языку

Флипчпарт по казахскому языку

Скачать материал

Оқушыларға тақырыпты   ынталандыру арқылы  берілген  сабақ

Ұсынып  тоырған  сабақ  6 сынып бағдарламасына  сәйкес  құрастырылды.

Қазіргі таңдағы сабақты  беру  тәсілдерінің  бірі – оқушыға  тақырыпты  ынталандыру арқылы  сабақ беріледі.Оқушлар қызығып белсенді өздігінен тапсырмаларды орындап ойлау, ізденіс  қабілеттерін арттырды.

Оқушыларды  Шәкәрімнің Л.Н.  Толстойға  қойылған сұрақтары, Л.Н. Толстойдың берген  жауаптары  , өнегелі де өсиетті,сөз маржандары арқылы  имандылыққа, адамшылыққа, білімді, өнерлі болуға, дінімізді қадірлей білуге , олардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтіп, шығармашылықпен жұмыс істеулеріне ықпал етілді.

24.02.2014ж     6 «б» сынып

Тақырып: Ш.Құдайбердіұлы. «Адамдық борышың».

Тақырыптың   мақсаты:

1.Білімділік:Оқушыларды халқымыздың біртуар перзенттері Абай мен Шәкәрім өмірімен таныстыру,білім мен ғылымға баулып,жаман мен жақсының не екенін түсіндіре отырып, ажырата білуге үйрету. Олардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеулеріне ықпал ету.

2.Дамытушылық: логикалық ой-өрістерінің кеңеюіне жағдай жасау,сабақта оқушылардың ойлау,сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру. Өз ойын дұрыс, толық,тиянықты айта,жаза білуге дағдыландыру;

3.Тәрбиелік: оқушыларды қос тұлғаның өнегелі де өсиетті,сөз маржандары арқылы Отан сүйгіштікке, имандылыққа, адамшылыққа, білімді, өнерлі болуға, дінімізді қадірлей білуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас   сабақ

Сабақтың  мақсаты: Оқушыларға тақырыпты   ынталандыру арқылы  беру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жатқа айту,мәнерлеп оқу, сұрақ – жауап,әңгімелесу.

Сабақтың көрнекілігі: ақынның суреті, флипчарт, хат

Пәнаралық байланыс: тарих, казақ тілі

Сабақ барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен  мақсатын айту.

Психологиялық дайындық:

Мен  жақсы адам боламын.

Әдептілікке,сыйластыққа ұмтыламын

Маған қажет білім аламын. Өмірден өз орнымды табамын.

Сабақтың  эпиграфы:

Қазақтың өлеңінің пірі болған,

Халықтың сөзін  айтар ұлы болған,

Абайдың аманат қып  беріп кеткен

Шәкәрім түсірмеген туын қолдан.

Сырбай  Мәуленов

 

Сабақ тақырыбына қызығушылық туғызу –побуждение.

Шәкәрімнің Л. Толстойға жазған хаты , сол хаттың сұрақтары мен  жауаптары  арқылы  оқушыларды ынталандыру

 

 

Толстойдан   Шәкәрім үш  сұрақ  сұрады.

Л.Н. Толстой  сұрақтарына  өте қымбатты жауап қайырды.

 Бірінші  сұрақ

 Адамның арына тиетін, өзім  білетін жағымсыз қылықтардың бәрін  тізіп  жаздым  да, осылардың ішінде және  Сіз  білетін, арға  ең  ауыр  тиетін не?

Екінші  сұрақ

Ірі шығармалар жа  жазуға  бет  алдым .  Бұған қандай  кеңес  бересіз?

 

Үшінші  сабақ

Жазушы, оның  ішінде мен,  өз жазғанымның  дұрыс, терісін сынай  алмаймын . Өз  шығармасының  қатесін  қандай әдіспен көріп , сынап, түзетуге болады?

 

 

Үй жұмысын  тексеру: флипчарт  арқылы

 А)-Абай қашан , қай жерде  дүниеге  келген?

-Абайдың шын  аты кім?

 Абай жас кезінен  қандай болып өсті?

-Абай қандай білім  алған?

-Қандай орыс классиктерінің шығармаларын оқыған?

Ә)-Абай  туралы  өз сөздерімен не айтасыңдар?

Б)-Білімге,мәдениетке арналған  қандай өлеңдері бар?

В)«Ғылым  таппай мақтанба» өлеңін кім жатқа  айтады?

Г)Өлең дегеніміз  не?

                   Өлеңді  құрылысына  қарай  талдаңыздар.

жанры

Буыны

Шумағы

Бунағы

Ұйқас түрлері

 

 

 

 

 

Е)  « Ғылым  таппай мақтанба»  өлеңін сұрау

Абай   Құнанбайұлы.

һ1

 

                                                                         

 

                       

 

                                                Адам бойындағы мінез.

                                                  Жақсы                                Жаман

 

 

 


Мұғалім Шәкәрімнің Л.Т.Толстойға жазған сұрағын оқиды.

Толстойдың Шәкәрімге берген бірінші жауабын оқушыға  оқытқызу.

 

Толстойдың  бірінші   жауабы

 Осы   тізіп  жазғаныңыздың бәрі   де  адамшылық арға  тиетін нәрселер.  Менше,  арға ең  ауыр  тиетін  іс бар . Ол – егер адам, көпшілікке, не  жалпы қоғамға зиян келтіретін істі  хақиқат біліп, соны  үш нәрседен қорғанып , сол хақиқатты айтпай қалсай ,  сол  арға  өте  ауыр  тиеді. Бірінші , сен өте бай  болып, сол хақиқатты  айтса, малыңа, байлығыңа зиян  тиетін  болса , екінші,  сен  мансап  иесі  болып,  сол хақиқатты  айтсаң ,  мансабыңнан  айрылатын  болсаң,  үшінші  сол  хақиқатты айтсаң,  басың  жазаға  тартылатын  болса. Міне,  осы  үш  түрлі зардаптан  қорғанып, көпке  зиян келетін хақиқатты біле  тұра  айтпай қалсаң,  арға  ең  ауыр тиетіні  осы- деп  жауап  береді.

 

 

Жаңа тақырып

1)Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Абайдың інісі – Шәкәрім ,бес арыстың бірі туралы, бүгін біз  сабақ өткізгелі отырмыз. Жалпылама сұрақ: бес арысты атаңдаршы (оқушылар атап өтеді)

 Шәкәрімнің көптеген өлеңдерінде жастарлы білімге , ғылымға, өнерге шақыра  отырып,оны  орынды пайдалануды көрсетіп, ой қозғайды.Абай нұсқаған жолды, оның идеясын өз халқын оқуға, білімге,өнерге,ғылымға шақырған ойларын жалғастырып дамытады.

 2)Оқушылар   өздері  оқиды

Қазақ халқының  аса көрнекті ақыны, ойшылы, композиторы аудармашысы Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы24 шілдеде  бұрынғы Семей уезіне қарасты Шыңғыстау болысының Кеңбұлақ деген  жерінде дүниеге келді. Әкесі Құдайберді-Құнанбайдың баласы , Абайдың  ағасы.

Шәкәрімнің ерекше ақылдылығы, басқа балалардан өзгешелігі 4-5 жасынан-ақ байқалады. Әкесі оны бес жасында өз ауылындағы молдаға арабша оқуға береді. Аса зеректік танытқан ол, көп кешікпей, арабша, парсыша хат танып, кітап оқуға жарайды. Шәкәрімнің ойшыл, суреткер, ақын ретінде қалыптасуына, біріншіден, қазақтың ежелден  келе жатқан аса бай ауыз әдебиеті мұрасы өз ықпалын тигізгенін көреміз.

Шәкәрім 14-15 жасынан бастап өлең шығара бастайды. Шәкәрім домбыра, скрипка жасайтын шебер болған.Жүйрік ат, қыран бүркітң алғыр тазы ұстап,аңшылық, саятшылық құрған.Мұның барлығы Шәкәрімнің жан- жақты дарын, қасиеттерін ашып, дәлелдей түсері хақ

3)Шәкәрімнің  бейнефильмі

4)I.Ой қозғау – побуждение.

  Оқушылар алдына проблемалық сұрақ қою:

   - «борыш» деген  сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер (оқушылар осы сөздің мағынасын  

     айтады,орысшаға аударады,сөз тіркестерін құрастырады – әскери борыш,ата-ана борышы ,  балалық борыш

5)Шәкәрім Құдайбердіұлы

Ш1

                                                     

                                       Адамдық борышың

Халқына еңбек қыл.

Ақ жолдан  айнымай

Ар сақта ,оны біл.

Талаптан да  білім  мен  өнер  үйрен,

Білімсіз,

Өнерсіз,

Болады  ақыл  тұл.

Мақтанға  салынбап

Мансаптың тағы үшін.

Нәпсіңе билетпе

Басыңның бағы  үшін.

Өміріңді сарп қыл өлгеніңше,

Жоба  тап,

Жол көрсет,

Келешек қамы үшін.

Қайтадан қайырылып

Қауымға келмейсің.

Барыңды,

Нәріңді

Тірлікте бергейсің.

Ғибрат алар артыңа  із  қалдырсаң-

Шын бақыт,

 Осыны ұқ,

 Мәңгілік өлмейсің.

 

6)Сөздік жұмыс:

борыш

 адамдық борыш

ар  сақта

бақыт

мәңгілік

талап

7)  I-деңгей.

Шәкәрімнің шығармашылық қызметі мен ұстанған бағыты

 

                                 

                                     II-деңгей.

               Ақын шын бақыт деп нені көрсеткісі келген?

 


 

 

 

                Ақын адамдық борыш деп адам бойындағы қандай қасиеттерді меңзейді?

 

 

 

                                         III-деңгей.

  Шығармашылық тапсырма «Менің борышым» эссе жазыңдар

8)Мұғалім Шәкәрімнің Л.Т.Толстойға жазған сұрағын оқиды.

Л. Толстойдың Шәкәрімге берген екінші жауабын оқушы  оқиды.

Толстойдың  екінші  жауабы

Көп  адамдар  қатысқан  шығарма болсын , не  ұсақ  әңгіме болсын , алдымен  сол  әңгіменің уақиғасына, іс- әрекетіне жазушы өзі  араласқандай жетік  болуға керек. Сол уақиғаның ізі , сыры  қоғамға байланысты әрекетіне жазушы өзі  араласқандай жетік  болуға керек. Сол уақиғаның жайы  жазушыға айнадай  айқындалып, сезіліп тұрғандай  болуы керек . Олай болмаған күнде, әңгіме дәл, қызықты болып  шықпайды. «Көлеңкеге пішкен тон бойға шақ келмейді», деген мақалды жазушы ойдан шығармауға  керек. Ішіне араласпай , сырттай ой жотамен  жазған шығарма  шындыққа  жанаспайды, қызықты болып  шықпайды,- деп жауап  жазды

Бекіту  кезеңі :

1)Сөйлемдерді толықтырып жазу

Тірек  сызба арқылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Балалардың ой-пікірін білу,анықтау – рефлексия

1) Ойын " Сен маған, мен саған " сұрақтар  арқылы

1.Өлеңнен Абай өнегесі қалай байқалады?

2. «Ақ жолдан айнымай, ар сақта» деген өлең жолында автордың айтпақ болғаны не?

3.Адамның ата-ана, халық алдында борышты екенін түсіндіріңдер.

4.Мақтан мен мансап туралы не айтады?

5.Келешек қамын ойлауды кімге тапсырады?

6.Мәңгілік өлмеу, ғибрат беру дегенді қалай түсінесіңдер?

2)    «Авторлық орындығы» стратегиясы арқылы.

Оқушылар «Менің  борышым» деген тақырып бойынша өз әңгімелерен оқу.    

 

Мұғалім Шәкәрімнің Л.Т.Толстойға жазған сұрағын оқиды.

Л. Толстойдың Шәкәрімге берген үшінші жауабын оқушы  оқиды

Толстойдың   үшінші  жауабы

-Адамның  артық  қасиеті-  өз  қатесін көріп, соны түзей  алуы. Бұл әркімнің қолынан  келе  бермейді. «Біреудің  қатесін  біреу көреді» деген бар. Бәрінен де адам  өз   қатесін өзі түзегені  артық . Өз  қатесін өзі түзей  алатын қасиет  адамның  өз  бойында  бар. Ол- адамға біткен  ақ жүрек. Егер  адам  өзі  істеген  ісін , жазған сөзін ақ жүрегіне  сыната білсе, ақ  жүректің  нәзік  сезімі  ашып  бере  алады. Ақыл толғауынан  өткен қорытындыны жүрек елегінен өткізу  керек.

 Жүрек ымбалына беріліп  дағдыланған  адам  өз мінін   де,  біреудің   мінін де, біреудің мінін де көре  алады. Сондықтан әділ  сыншың -  ақ  жүрегің,-  деп жауап берді. Осындай  ақыл, кеңес берген  Толстойды  мен  ұстазым  деп   бағалап, ардақтаймын,-  дейді  Шәкәрім

Бағалау: адал  жүректеріне  сеніп  бағаны  өз өздеріне  қояды

Үйге тапсырма: .«Адамдық борышың» деген өлеңді жаттап келу.

 

Сабақтың сараптамасы:

1.Білімділік:Оқушыларды халқымыздың біртуар перзенттері Абай мен Шәкәрім өмірімен таныстырып,білім мен ғылымға баулып,жаман мен жақсының не екенін түсіндіре отырып, ажырата білуге үйретілді. Олардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтіп, шығармашылықпен жұмыс істеулеріне ықпал етілді.

2.Дамытушылық: логикалық ой-өрістерінің кеңеюіне жағдай жасалып,сабақта оқушылардың ойлау,сөйлеу қабілеттерін қалыптастырылды. Өз ойын дұрыс, толық,тиянықты айта,жаза білуге үйренді;

3.Тәрбиелік: оқушыларды қос тұлғаның өнегелі де өсиетті,сөз маржандары арқылы Отан сүйгіштікке, имандылыққа, адамшылыққа, білімді, өнерлі болуға, дінімізді қадірлей білуге тәрбиеленді.

 

Сабақтың әдісі: оқу, сөйлесу, сұрақ-жауап,  ұжымдық,.топпен,жұппен,жеке жұмыс

Ұйымдастыру  кезеңінде  оқушыларымен  амандасып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіріп , оқушылармен  сұхбаттасу болды

Сабақ тақырыбына қызығушылық туғызу –побуждение.Шәкәрімнің Л. Толстойға жазған хаты , сол хаттың сұрақтары мен  жауаптары  арқылы  оқушыларды ынталандыру арқылы   үй жұмысын  тексеріп, бекітіп,алған білімдері  жақсы  екені  анықталды. Барлық оқушылар сұрақтарға  жақсы  жауап   берді.Берілген  тапсырмаларды  жақ сы  орындады.

 Оқушылар  екі  топқа  бөлінді

Топпен жұмыс

      I топ – «Абайтану»

      II топ – «Шәкәрімтану»

 Абай Құнанбаев туралы түсінгендерін  оқушылар жақсылап  айтып  берді. «Ғылым  таппай  мақтанба»    шығармасын   жатқа  айтып  берді. ,жаман мен жақсының не екенін  ажырату  үшін  флипчарт  арқылы  тапсырманы  орындап, өлеңнің  құрылысы  бойынша әдебиет теориясынан разминка болды   . Үй жұмысын  орындап болып,  мұғалім Л.Н. Толстойдың  берген жауабы  арқылы  оқушыларды  адамгершілікке, имандылыққа  тәрбеледі

Мұғалім Шәкәрімнің Л.Т.Толстойға жазған 2сұрағын оқиды.

Жаңа   тақырып:

  Оқушылар  мұғалімнің   Ш.Құдайбердіұлы туралы кіріспе  сөзін жақсылап  тыңдап, бейнеролик көріп , шағын  мәтінді  іштерінен  өздері  оқып, Шәкәрімнің өмірбаянымен  танысты

  Оқушылардың ойын қозғау – побуждение.

 

 - «борыш» деген  сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер деген  сұраққа (оқушылар осы сөздің мағынасын   айтады,орысшаға аударады,сөз тіркестерін құрастырады – әскери борыш,ата-ана борышы ,  балалық борыш , берешек  , қарыз деген сөздерді  оқушылар жарыса  айтты.

Жаңа тақырып бойынша    сөздік жұмысы қызықты өтті

Оқушылар  қабілеттері  әр  түрлі  болғандықтан деңгейлік тапсырмалар берілді, өте жақсы, тез қызыға  бір-бірімен жарысып ,  тақтаға  шығып дұрыс жазуға тырысты.  Гүлдер  сызбасы  арқылы екі  тұлға  туралы  білімдері  тексеріліп, сөздерден  мәтіндер  құрап  әңгімеледі. 

 

Қорытынды  кезеңінде «Мен саған, сен маған» ойыны өтіп, оқушылар  бір  бірін  түсінуге  тырысып , мәтін  бойынша сөйлесті,  «Авторлық орындығы» стратегиясы арқылы,оқушылар «Менің  борышым» деген тақырып бойынша өз әңгімелерен айтты.    

Аралас сабақ өткізілді, жаңа технологиялардың элементтері сабақта  қолданылды.Олар: көпдеңгейлі оқыту  технологиясы,  дамыта  оқыту  технологиясы, проблемалық оқыту  технологиясы, сто технологиясы ,жаңа ақпараттық- компьютерлік технологиясы.Қойылған мақсатқа  оқушылар жетті.

Л. Толстойдың Шәкәрімге берген үшінші жауабын оқушы  оқып, оқушылар адал  жүректеріне  сеніп  бағаны  өз өздеріне  қояды.Өте жақсы, жақсы  деген бағалармен  оқушылар бағаланды. Үйге  тапсырма.«Адамдық борышың» деген өлеңді жаттап келу берілді.

 

 

 

"Қостанай  қаласы әкімдігінің білім  бөлімінің №11  орта  жалпы  білім  беретін  мектебі"ММ

 

 

 

 

 

 

 

Ашық  сабақ

Қазақ  әдебиеті

Ш.Құдайбердіұлы

" Адамдық  борышың"

6 «б»- сынып

Мұғалім: Алпысбаева Г.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

2014ж

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Флипчпарт по казахскому языку"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по коллекторской деятельности

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 973 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.11.2015 874
    • DOCX 607.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алпысбаева Гульшат Мухамбетсалыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12780
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая экспертиза в работе с детьми и родителями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек