Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Фонетикалық тапсырмалар

Фонетикалық тапсырмалар


  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:


































4 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестігі




Ералинова Дина Агайдаровна


Тапсырмалар топтамасы


/оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептер үшін /








Жезқазған -2010


Кіріспе.

Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердің 6-7 сынып оқушыларына арнап шығарылған бұл жұмыс дәптерін құрастыруымның басты мақсаты- пән стандартында атап көрсетілгендей шәкірттердің сөздік қорын молайту, түсініктерін байыту және көркем мәтіндерді оқыту, мақал жаттау, жұмбақ шешу негізінде қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, қазақ тіліндегі мәтіндерді оқып, түсіне алуын қамтамасыз ететін тілдік негіз қалыптастыру болып табылады.

Жұмыс дәптері пән бойынша дайындық деңгейлерін жетілдіру, алған білімді тиянақтау, білім сапасын нақтылау үшін құрастырылған.





2



Қолданылған әдебиет:

  1. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, Ана тілі,1997ж.

  2. Ш.К. Бектұров. Қазақ тілі.Алматы, Атамұра,2006ж.

  3. Ш.К. Бектұров. Қазақ тілі.

Алматы,Рауан, 1994 ж.

  1. Самоучитель казахского языка.

Алматы, Аруна, 2005 ж.



Тест сұрақтарының кілті:

1/ д; 2/ в; 3/в; 4/а; 5/в; 6/в; 7/а; 8/д; 9/в; 10/а.









23

Тест.

  1. Қазақ тілінде қанша дауыссыз дыбыс бар?

а/ 19 в/12 с/ 21 д/25

  1. Қай дауысты дыбыс жіңішке, ашық, езулікке жатады?

а/ ұ в/ ә с/а д/і

  1. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?

а/ 2 в/3 с/5 д/4

4. Қазақ тілінде қанша дыбыс бар?
а/ 38 в/ 42 с/ 36 д/ 12

5. Қысаң езулік дыбысы қайсысы?

а/ о в/ и с/а д/ у

  1. «у» әрпінің жуан түрін анықтаңыз.

а/ тігу в/ жазу с/ керу д/ келу

  1. Тұйық буынды сөзді көрсет.

а/ ән в/ нан с/ не д/ де

  1. Тоғыспалы ықпал қай сөзде?

а/ жүрегім в/тарағым с/он д/Досжан

9. «ө» дыбысы қай сөзге қойылады?
а/ ..қ в/ ..мір с/ б..йге д/ ..не

10. «игілік» сөзінде қанша дыбыс бар?

а/ 7 в/ 2 с/ 10 д/ 8

22

  1. тапсырма. Сөздерді буынға бөліп, түрлерін ажыратыңыз.

Саңырауқұлақ, бақша, торғай, әңгелек, шымшық,қызғалдақ, қарағай,үйеңкі,

қайың, орман, бұтақ, жапырақ, қауын.







  1. тапсырма. Жұмбақты шешіп, қысаң дауыстылардың астын сызыңыз.

Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.

/. . . ./

Дөп дөңгелек доптай,

Іші қызыл шоқтай.

Дәмін татып көрсең,

Одан дәмді жоқтай.

/. . . . . ./



3

3-тапсырма. Мәтіннен ұяң дауыссыздарды теріп жазыңыз.

Жер шарында шыңғыратын көбелектер бар. Ол шыңғырғанда құлағыңды жарады.Көбелек- жұп-жұқа қанатты жәндік.Ол аузымен де, мұрнымен де дем ала алмайды.





4-тапсырма. Фонетикалық талдау жасаңыз.

ө-

р-

м-

е-

к-

ш-

і-

сөзде ____ әріп, ______ дыбыс бар.




4

37-тапсырма. Екпін түсетін буындағы дауыстыны дөңгелектеңіз.

Қонақтар, дастарқан, кілем, алаша, сандық, бауырсақ, қаймақ, қымыз, тостаған, сүзбе, айран, шұбат, шұжық,

сорпа, қуырдақ, бата, тілек.


38- тапсырма. Мақал- мәтелден қысаң дауыстыларды теріп жазыңыз.


*Тазалық- денсаулық кепілі.

*Тәні саудың- жаны сау.

*Шынықсаң, шымыр боларсың.

*Өзі тазаға бәрі таза.

*Денсаулық – зор байлық.









21

35- тапсырма. Фонетикалық талдау жасаңыз.

қ-

ұ-

л-

а-

қ-

ш-

ы-

н-

сөзде ___әріп, _____ дыбыс бар.


36- тапсырма. Өлең сөздерін буынға бөліп, түрлерін ажыратыңыз.

Ағаш өзін қиғанды

Ат сияқты тебе алмас.

Гүл де жұлқып,жұлғанды

«Неге өйтті!»- деп сөге алмас.

Түйіп айтар сөзіміз:

Табиғаттың панасы-

Біздің мына өзіміз,

Адамзаттың баласы.

/М.Әлімбаев/


20


5- тапсырма. Мәтінмен танысып, қазақ тіліне тән дыбыстарды теріңіз.

Өзім туралы

Менің тегім – Асанов, атым- Арман, әкемнің аты – Қанат. Мен Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында дүниеге келдім. Отбасымызда бес адам бар: әкем, шешем, ағам, мен, қарындасым. Әкем, шешем, ағам жұмыс істейді. Мен 6-сынып оқушысымын. Он екі жастамын.



6- тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті дауыстыны қойып, аударыңыз.

Ә - ..лем, ..дебиет, ..теш, ..депті, ..ліппе,..же,..ке, ..тір, ..ріп, ..демі.

І - ..лгіш, ..рімшік, ..с, т..л, ж..гер, к..рп..,

ек.., үк.., мезг..л, сөзд..к, ш..лде, б..р.





5

7- тапсырма. Қатаң дауыссыздары бар қала аттарын жазыңыз.







8- тапсырма. Әр әріптің тұсына қазақша кісі аттарын жазыңыз.

А ________________________________

Ә_________________________________

О_________________________________

Ө ________________________________

Ы_________________________________

І _________________________________

Ұ__________________________________

Ү__________________________________

Һ__________________________________

Х__________________________________

У__________________________________

Е___________________________________

6

33- тапсырма. Өлеңнен әрі ашық, және қысаң дауыстыларды белгіле.

Ең бірінші бақытым-халқым менің,

Ал екінші бақытым- тілім менің,

Бақытым бар үшінші- Отан деген,

Кім мықты десе біреу, Отан дер ем.

/М.Мақатаев/

34- тапсырма. Сөздерді оқып, еріндік дауысты дыбысы бар сөздерді бір бағанға, езулік дауысты дыбысы бар сөздерді екінші бағанға жазыңыз.

Ұлт, ән, от, ел, ыдыс, ауыл, іс, су, электр, өрт, ұн, үн, ата, дат, инелік, әке.


1- баған

2 -баған













19


31- тапсырма. Жуан дауыстылары бар кісі аттарын жазыңыз.

hello_html_m52146c9a.gif

32- тапсырма. Буын түрлеріне қарай сөздерді сәйкестендіріңіз.

А ән

А+ Б әнші

Б+ А хатшы

Т+ А алыс

Т не

А+А+А шекара

Б+Б қамқоршым

Б+Б+Б достар

Т+А+Б елшілер


18

9-тапсырма. Жаңылтпаш қазақ тіліне тән дыбыстарды қажет етіп тұр.

К..к б..йра б..р б..лақ

Т..л қатар былд..рлап.

Тастард.. ..рғылап,

Ағад.. қ..лдырап.


10- тапсырма. Екі ашық буыннан құралған туыстық қатынасты білдіретін сөздерді теріңіз.

Нағашы, әке, жиендер, ата, туыс, іні, ана, бөле, жиен, қарындас, жезде, аға,

мама, балдыз, жеңге, тәте, көке, немере, шөбере, шөпшек, ағайын, бауыр, жекжат.


А+А








7

11- тапсырма. Кестені толтыр. Үндестік заңы нешеге бөлінеді?

Үндестік заңы

hello_html_e960912.gifhello_html_e960912.gifhello_html_me39963e.gif




12- тапсырма. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз.

Шыр-шыр еткен торғайды

Қорғамасаң болмайды.

Кіп-кішкене торғайлар

Ағаштарды қорғайды.


Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді,

Бақшамызға қонбайды.

/Ж.Смақов/



8


29-тапсырма. Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым саласының атауын көрсет.

hello_html_m4a8ba565.gifhello_html_m1d108222.gif

30-тапсырма. Сөздерді алфавит ретімен көшіріп жаз.

Тұмар, әдеп, бақша, игілік, сарбаз, ерлік, жүзік, қызмет, кітап, раушан, хат, заман, шаруашылық, ұлан, үйеңкі, наурыз.







17


27-тапсырма. Сөз тіркестерді аударып, кейінді ықпалға мән бер.

Моё сердце, её лопата, твой транспорт, его дверь, её ведро, моя лодка, её расческа, выходить, закроет, мой мяч, его ложка.

Үлгі: жүре/к/гім- моё сердце.









28-тапсырма. Көп нүктенің орнына ү,і әріптерінің тиістісін қойып жазыңыз.Екі жай сөйлем құрастырыңыз.

Күнд..з, б..гін, бүлд..рген, т..лк.., күндізг.., ілг..ш, ди..рмен, к..з, к..н.




16


13-тапсырма. Кестені толтырыңыз.


қатаң:


ұяң:


үнді:


14-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, қарамен жазылған әр сөзде неше буын барын, оның қандай буын екенін ажыратыңдар.

Қос жұлдыз


Елімнің ерлігінің куәсіндей,

Қос жұлдыз аспанымда тұрар сөнбей.

Оларды қызымызға үлгі етеміз,

«Бала, - деп, -бұлар-дағы мына сендей».


Басқаңда жердің үстін қара тұман,

Тау бұқты жау оғынан боратылған.

Оқ тиді жас қыранға, әттең, шіркін!

Оқ тиді жүрегінен – қанатынан.



9

15-тапсырма.

Өлең сөздерін буынға бөліп жазыңыз.

Туған жердің жырларын

Қызғалдақтай терейік.

Кең өлкенің қырларын,

Жүр, аралап келейік!

/М.Әлімбаев/







16-тапсырма. Мәтіннен қатаң және үнді дауыссыздарды теріп жазыңыз.

Күз де болды. Алманы жиятын кез келді. Алма қызарып піскен. Қып-қызыл болып піскен алмаларды қолмен жинайды. Терілген алмаларды себетке салады. Алма бағындағы еңбек өте қызық.


10

25-тапсырма. Өлеңнен дауысты, қысаң, жуан, езулік дыбыстарды теріп жаз.

Дарқан дала

О, дала! Мұхит дала, неткен кеңсің!

Ақынның ойынан да сен тереңсің.

Сар дала, сараң едің күні кеше,

Япырмай, бүгін нетен берегенсің!


Барқыт тау, жасыл дала, зеңгір аспан,

Күміс көл, ерке өзен алып қашқан,

Құмартып келем саған бала жастан,

Дариға, жер бар ма екен сенен асқан!

/Қ. Аманжолов/


26-тапсырма. Әр сұрақтың тұсына жауабын жазыңдар.


Сұрақ: Жауап:


- Көйлекті неден тігеді? ......................

- Малды кім бағады?

- Әнді кім айтады?

- Қағазды неден жасайды?
- Кітапты кім жазады?

- Суретті кім салады? 15

23-тапсырма. Керекті көптік жалғауын жазыңыз.

hello_html_483ba104.gif


24- тапсырма. Буын үндестігі ережесін

жатқа жаз.









14

17-тапсырма. Қажетті қосымшаны табыңыз.


hello_html_m1035601d.gif

18-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап ал.


  1. Еліңді сүйсең, ерлік істейсің.

  2. Отан үшін отқа түс, күймейсің,

Арың үшін алыссаң, өлмейсің.

  1. Ел үмітін ер ақтар,

Ер атағын ел сақтар.

  1. Өзге елде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.

  1. Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дер.


11

19-тапсырма. Фонетикалық талдау жасаңыз.

әлдекім-


ә-

л-

д-

е-

к-

і-

м-


20-тапсырма. Төмендегі мысалдарды көшіріп жазып, я, ю қандай әріптердің таңбасы екенін жақшаның ішіне көрсетіңдер.


Үлгі: Ою /ойу/ , қоян /қойан/ .

Ою, қоян, қою, таяқ, өмірбаян, баяндама, саясат, жаюлы, тояды, бояу, түю, сою, жаю, үюлі.



12

21-тапсырма. Орфографиялық сөздікті пайдаланып, кестені толтырыңыз.


Жазылуы:

Айтылуы:























22-тапсырма. «Менің елім» тақырыбына эссе жазыңыз.





13


Краткое описание документа:

Кіріспе

Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердің 6-7 сынып оқушыларына арнап шығарылған бұл жұмыс дәптерін құрастыруымның басты мақсаты- пән стандартында атап көрсетілгендей шәкірттердің сөздік қорын молайту, түсініктерін байыту және көркем мәтіндерді оқыту, мақал жаттау, жұмбақ шешу негізінде қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, қазақ тіліндегі мәтіндерді оқып, түсіне алуын қамтамасыз ететін тілдік негіз қалыптастыру болып табылады.

Жұмыс дәптері пән бойынша дайындық деңгейлерін жетілдіру, алған білімді тиянақтау, білім сапасын нақтылау үшін құрастырылған.

Автор
Дата добавления 12.05.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1017
Номер материала 275538
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх