Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
Сарысай орта мектебінің химия пәні мұғалімі
Султанова Салтанат
Джамбулатовна
2 слайд
3 слайд
Сабақтың мақсаты:
а)Фосфор, оның периодтық жүйедегі орнына сипаттама беру, ашылу тарихымен таныстыру, физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы жайлы айту.
ә)Оқушыларды бағыт-бағдар бере отырып,өзбетінше жұмыс жүргізе білуге үйрету, сөздік қорын молайту.
б)Оқушыларға салауаттылық тәрбие беру, фосфордың адам ағзасы үшін маңызын айту.
4 слайд
Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, слайд, үлестірме қағаздар
Сабақтың түрі, типі: конференция сабақ (аралас сабақ)
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап, ізденіс, есеп шығару
Пәнаралық байланыс:медицина, биология, тарих, география, математика, физика
5 слайд
6 слайд
І-деңгей
1) Азот қышқылы
қайда қолданылады?
2) Нитраттар
дегеніміз не?
3) Нитраттардың фи-
зикалық қасиеттері
қандай?
Үй тапсырмасын сұрау
ІІ-деңгей
1)Азот (ІҮ) оксидінен
азот қышқылын
алу теңдеуін
жазып бер.
2) «Патша» сұйық-
тығы дегеніміз не?
3) Азот қышқылының
диссоциациялану
теңдеуі
ІІІ-деңгей
1)Концентрлі азот қыш-
қылы мен мыс ара-
сындағы реакция
теңдеуін жаз.
2) 176,4г азот
қышқылының зат
мөлшерін есепте.
3) 10кг калий селитра-
сы күкірт қышқылы-
мен әрекеттескенде
алынған азот қышқы-
лының массасы.
7 слайд
Ой қозғау
«Химия» пәні нені зерттейді?
Заттар нешеге бөлінеді?
Периодтық жүйедегі бейметаллдардың орны қандай?
Периодтық жүйе қай жылы ашылды?
Оксид дегеніміз не?
8 слайд
Жаңа тақырыпты түсіндіру жоспары:
1. Фосфордың периодтық жүйедегі орны, химиялық қаситеттері, қолданылуы (химик)
2.Фосфордың ашылу тарихы (тарихшы)
3. Фосфордың табиғатта таралуы (географ)
4. Физикалық қасиеттері (физик)
5. Фосфордың аллотропиялық түр өзгерістері (физик)
6. Фосфордың биологиялық маңызы (биолог)
7. Фосфордың медецинадағы орны (дәрігер)
8. Фосфордың өнеркәсіптегі маңызы (агроном)
9. Семантикалық карта
10. “Кім жылдам?” есептерді орындау
11. Химиялық диктант
9 слайд
Жаңа сабақ барысы:
10 слайд
Конференцияға қатысушылар:
Химик, физик, биолог, дәрігер, агроном, тарихшы, географ
11 слайд
Фосфор үшінші период, V топтың негізгі топшасының элементі, реттік нөмірі 15. Оның ядросында 15 протон, 16 нейтрон бар. Электрондардың жалпы саны да 15-ке тең. Электрондық құрылысы:
Р 1s2 2s2 2p6 3s2 3p3
Фосфор қосылыстарында ІІІ, V – валенттілік көрсетеді, тотығу дәрежелері -3,0,+3,+5.
Алынуы: Са3(РО4)2 + SіО2 + 5С → 3СаSіО3 + 5СО↑ + 2Р
Фосфор жай және күрделі заттармен әрекеттеседі.
Оттегімен оксид түзеді: 4Р+5О2 – 2Р2О5
Галогендермен галогенидтер береді: 2Р+3СІ2 – 2РСІ3
Күкіртпен сульфид түзеді: 2Р+3S – Р2S3
Металмен фосфид түзеді: 3Са + 5Р –Са3Р2
Фосфор-тыңайтқыш, дәрі-дәрмек, улы химикаттар, сіріңке дайындау үшін қолданылады. Сіріңкені 1831жылы 19жасар Шарл Сориа алғаш ойлап тапқан. Бірақ ол сіріңкеге патент ала алмады, себебі ол қымбат болатын. 1832жылы неміс мұғалімі Камерер сіріңкеге патент алып, оны өндіре бастады. Бірақ оның сіріңкесі ақ фосфордан жасалғандықтан өте қауіпті болды. Қауіпсіз сіріңкені 1848жылы швед химигі Бетгер алды. Бұл өзіміздің кәдімгі сіріңкеміз, ол қызыл фосфордан жасалады.
Химик:
12 слайд
Дәрі-
дәрмек
жасау
Улы
химикаттар
алу
Сіріңке
жасау
Тыңайтқыш алу
Фосфор
дың қолда-нылуы
Фосфордың қолданылуы
13 слайд
Гамбург алхимигі Бранд «философиялық тас» алу жолында көп жұмыс істеді. Брандтың ойынша бұл тас кәріні жасартатын, ауруды тез сауықтыратын, адамның өмірін ұзартатын тас болды. Бранд бұдан басқа барлық металдарды алтынға айналдырғысы келді. Бірде ол жаңа рецепті бойынша зертханада жұмыс істеді. Адам зәрін суалтып, оған көмір мен құмды араластырып ауа қатыстырмай қыздырды. Құтының ішінде жылтыраған бір нәрсенің бар екенін көрді. Бұл фосфор еді. Сөйтіп, 1669жылы фосфорды осылай кездейсоқ ашылды. Алынған фосфор жарық шығарады, осыны пайдаланып, Бранд байларға сатып ақшаға кенелді.
Тарихшы
14 слайд
Географ:
Фосфордың жер қыртысындағы массалық үлесі
0,12%. Фосфор табиғатта тек қосылыс күйінде
190-дай минералдардың құрамында кездеседі.
Қазақстанда фосфорға жбай кен орындары бар.
ХХғ 30жылдарында Ақтөбе облысында фос-
форит кені табылған. Ақтөбе кен орындарының
негізгі артықшылығы – олардың қабаттары жер
бетіне жақын орналасқан және пайдалы қазбаны ешқандай кедергісіз өндіруге болады. Мұнда жалпы қоры жүздеген миллион тоннаға жететін ондаған ірі кен орындары бар.
30-жылдардың аяғында (1938-1940) Қаратау бассейні ашылды. Бассейнде 26 кен орны бар. Бассейннің ең бай шикізатында
28-34% Р2О5 бар. Фосфордың табиғи қосылыстары фосфорит Са3(РО4)2 пен апатит Са5(РО4)3ОН Қаратауда кездеседі.
Оңтүстік Қазақстанда, Аят және Лисаковск кен орындарындағы қоңыр тас көмірдің құрамында фосфордың едәуір қоры бар. Жаңатас, Шымкент пен Таразда фосфор зауытары жұмыс істейді. Фосфор сіріңке және улы химикаттар өндірісінде пайдаланылады.
15 слайд
Физик:
Фосфордың үш аллотропиялық түр өз-
герісі бар: ақ, қызыл, қара (Р4).
Ақ фосфор -өте белсенді, улы зат, түнде жарықырап сәуле шығарады. Суда ерімейді, сондықтан оны су астында сақтайды.
Ауасыз ортада қыздырғанда ақ фосфор қызыл фосфорға айналады, ал жоғарғы қысымда қара фосфорға айналады.
Қызыл фосфор –түсі қоңыр-қызыл, улы емес, суда нашар ериді, ұшпайды, 2500С-де от алады.
Қара фосфор-2000С өте жоғары қысымда қыздырғанда түзіледі. Түсі графитке ұқсас, қолға майдай сезіледі. Активтігі нашар,жартылай өткізгіш, улы емес, 5000С-де от алады.
16 слайд
ФОСФОРДЫҢ АЛЛОТРОПИЯЛЫҚ ТҮР ӨЗГЕРІСІ
Ақ
фосфор
Қызыл
фосфор
Қара
фосфор
17 слайд
Биолог
Фосфор адам және басқа тірі ағзалар тіршілігі үшін қажет элемент. Кальций ортофосфаты қаңқаға беріктік қасиет береді. Ол бұлшықет, жүйке, кемік ұлпаларының құрамына кіреді. Ол туралы атақты геохимик, ақадемик А.Е.Ферсман «фосфор-тіршілік пен ақыл-ой элементі» деген болатын. Себебі, мидың қызмет, бұлшықеттің қимылы фосфор қосылыстарының химиялық өзгерістеріне байланысты. Фосфор ет ұлпасында 56грамм кездеседі. Адам сүйегінде 600грамм фосфор бар. Адам мен жануарлар фосфорды өсімдіктен алады.
18 слайд
Фосфор жануар мен адам сүйегінде, бұлшықетте, ми ұлпаларында болатыны анықталды. Фосфор адамның жадын жақсартады, оны біз наннан, ас бұршақтан, балықтан, ірімшіктен аламыз. Массасы 70 кг адамның денесінде шамамен 800 г фосфор болады. Сондықnан балық пен сүт тағамдарын ас мәзіріне күнделікті кіргізіп отыру керек.
Дәрігер:
19 слайд
Фосфор
кездеседі
Сүт тағам-
дарында
Асбұр-
шақта
Ірімшікте
Балықта
Нанда
20 слайд
Агроном:
Фосфор тыңайтқыштары егіс дақылдарында зерттелінді. Қаратау фосфоритінен жасалған поли және ортофосфаттар тұзды топырақтарға қолданғанда, тұздылық әсерін азайтатын және ауыр металдардың қозғалысын тежеп, өсімдік тамырына зиянсыз жағдайға жеткізетін механизмдерінің бары және олардың тиімді тыңайтқыштар екені дәлелденді. Фосфор элементі азоттан кейін керекті екінші элемент болғанымен, тұзды топырақта өсімдікке қорек ретінде жетіспесе, биохимиялық реакцияларға қуат беру көзі кеміп, қиындықтар туындайды. Яғни, өсу, даму процестерін жеделдету үшін жүретін реакцияларға қуат жетіспейді де, даму жағдайы күйзеліске ұшырап, өнімге өнім сапасына кері әсерін тигізеді.
21 слайд
22 слайд
1. Фосфордың периодтық жүйедегі орны?
2. Фосфор қандай қосылыстармен әрекеттеседі?
3.Фосфордың биологиялық маңызы?
4. Аллотропиялық түр өзгергіштік дегеніміз не?
23 слайд
Семантикалық карта
24 слайд
Семантикалық карта
Ж А У А Б Ы:
25 слайд
Есептер шығару
№1-есеп. Массасы 7,1г фосфор (У) оксиді судың артық мөлшері-мен әрекеттескенде түзілген фосфор қышқы-лының массасын есепте.
26 слайд
Есептер шығару
№2-есеп. 15,5г Са3(РО4)2 ыды-рағанда түзілетін фосфор (Ү) оксидінің массасын есепте.
27 слайд
Химиялық диктант
1. Фосфорды ............жылы .................. ашты.
2. Фосфор қосылыстарда ............................ тотығу дәрежелерін көрсетеді.
3. Фосфор ядросында ....... протон, .......нейтрон болады.
4. Фосордың металдармен қосылысы ........................... деп аталады.
5. Фосфор элементі жай зат ретінде бірнеше аллотропия түзеді: ......................... , ........................... және ......................... .
6. Фосфордың жер қыртысындағы массалық үлесі ..........%
7. Фосфор ......................... .........................................
.....................................................................кездеседі.
8. Ауасыз ортада қыздырғанда ақ фосфор ......................... айналады, ал жоғарғы
қысымда .................... айналады.
28 слайд
Химиялық диктант
1. Фосфорды 1669 жылы Бранд ашты.
2. Фосфор қосылыстарда -3, 0, +3, +5 тотығу дәрежелерін көрсетеді.
3. Фосфор ядросында 15 протон, 16 нейтрон болады.
4. Фосордың металдармен қосылысы фосфидтер деп аталады.
5. Фосфор элементі жай зат ретінде бірнеше аллотропия түзеді: ақ фосфор, қызыл фосфор және қара фосфор.
6. Фосфордың жер қыртысындағы массалық үлесі 0,12%
7. Фосфор нанда, сүт тағамдарында, ірімшікте, балықта, асбұршақта кездеседі.
8. Ауасыз ортада қыздырғанда ақ фосфор қызыл фосфорға айналады, ал жоғарғы
қысымда қара фосфорға айналады.
29 слайд
Үйге тапсырма:
§18,
5 жаттығу 81 бет
Бағалау: оқушыларды бағалау
30 слайд
Назарларыңызға рахмет!!!
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
6 609 578 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Султанова Салтанат Джамбулатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
300 ч. — 1200 ч.
Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300 ч. — 1200 ч.
Мини-курс
3 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.