Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / "Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мен дамыту – өмір талабы" баяндама

"Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мен дамыту – өмір талабы" баяндама

  • Директору, завучу

Поделитесь материалом с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы

Теңдік орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Балтагереева М.Н.


Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мен дамыту – өмір талабы

Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстанның дамуының негізгі бағыты» Жолдауында оқушылардың функционалдық дамуы туралы мәселе алғаш рет көтеріліп, осы мәселе бойынша бес жылдық Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдау туралы нақты тапсырма қойылған болатын.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілгендей, функционалдық салауаттылықтың жалпы бағыты ретінде жалпы білім беру мектептерінде азаматтардың интеллектуалдық, рухани және дене дамуы, олардың білімін әлемдегі жылдам өзгеріс кезеңінде әлеуметтік жағдайға бейімдеу болып табылады.

Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген халықаралық бағалау зерттеулерінің бірі – 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы.

PISA 15 жасар жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын адам қызметінің әр түрлі салаларындағы кең ауқымды өмірлік мәселелерді шешуге, сонымен қатар, тұлғааралық және әлеуметтік қарым-қатынаста қолдану қабілеттерін бағалайды.

PISA шеңберінде функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, матеметикалық, жаратылыстану салауаттылығы.

Оқудағы сауаттылық – түсініп оқу қабілеттері, қоғамдық өмірге белсенді енуге қажетті білімдері мен дағдыларының дамуы бағаланады. Оқудағы сауаттылықты тексеру тек оқу технологиясын бағалауға немесе мәтінді түсінуге ғана бағытталмаған, сонымен қатар, ол алған білімдері мен машықтарын өмірлік жағдайда қолдану дағдыларын бағалауға бағытталған.

Математикалық сауаттылық – оқушының ақыл-ой қабілеттерін дамытуға бағытталған, ойлаудан құралады; тұжырымдарды, дәлелдерді және математикалық құбылыстардың болжамдарын қолданудан тұрады.

Жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы іс-тәжірибеде жаратылыстану-ғылыми білімін қолдану, адамның жүріс-тұрысындағы өзгерістерді түсінуге қажеттілерді анықтау және шешімін қабылдау машығымен, негізді тұжырымдар жасау дағдысымен түсіндіреді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығы 6 деңгейде бағаланады.

5 саты - 633б.

4 саты – 559б.

3 саты – 485б.

2 саты – 409б.

1 саты – 335б.

Әр оқушы 2 сағат ішінде жазбаша жауап беруі керек. Тестілерге жауап бергеннен кейін жарты сағаттың ішінде әр оқушы анкетаға жауап береді. Онда ол білім беру ұйымы, өзінің қызығушылығы, оқуға көзқарасы туралы ақпарат береді. Білім беру ұйымының басшылары (директоры) анкеталауға қатысады.

Басқа бағалау жүйелеріне қарағанда PISA-да бағалау объектісі пәндерді (оқу бағдарламасын) меңгеру деңгейі мен сапасы емес, олардың үш бағыттағы мәтінді оқу, математика, жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылықтар салаларындағы құзіреттілігін қалыптастыру деңгейі болып табылады. Сондықтан PISA халықаралық зерттеуінің тәжірибелері мәнді және ерекше орын алады.











Автор
Дата добавления 24.01.2016
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров121
Номер материала ДВ-374201
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх