Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Функция тақырыбын қайталау. 10 сынып.

Функция тақырыбын қайталау. 10 сынып.


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Функция тақырыбын қайталау


Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Функция тақырыбы бойынша өтілген материалдарды қайталау арқылы алған білімдерін жинақтау, бір жүйеге келтіру, математикалық тілде сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: Тез ойлауға дағдыландыру, қарым –қатынасын күшейтуге үйрету.

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, ұқыптылыққа, өз ойын дәйекті баяндай білуге, ұлттық салт - дәстүрді бағалай, қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі Бекіту сабағы.

«Наурыз мерекесі математика сабағында» кіріктірілген дәстүрлі емес сабақ

Кіріктіре оқыту ұстанымы – математика пәнінде қазақтың салт-дәстүрінің маңызын түсіне отырып, бәйге, көкпар сияқты ұлттық ойындар элементтерін кіріктіру арқылы көркемдік білім мазмұны мен шығармашылық іс-әрекеттерді тұтастықта құруды қамтамасыз етеді. Бұл ұстанымның маңыздылығы – білім мазмұны жақын емес пәндердің де ортақ пәнге қатысты элементтерін интеграциялау арқылы оқушылардың әлемді тұтас қабылдай алу қабілетін қалыптастыру болып табылады.


Оқыту формалары: жеке, топтық.

Жабдықтау: презентация «Функция», таратпа карточкалар, интерактивтік тақта, компьютер, Advanced Grapher бағдарламасы.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын, оқу құралдарын тексеру;

ә) Сабақ тақырыбын, мақсаттарын жариялау.

- Саламатсыңдарма, қымбатты оқушылар! Сабаққа деген ынтамыз қандай?

- Бүгінгі біздің сабағымыз – ерекше сабақ. Себебі жақында өзіміз тойлаған Наурыз мейрамы бүгін біздің сабақта.

/Интерактивті тақтада мектепте тойланған Наурыз мейрамының көріністері көрсетіліп тұрады/

- Сонымен бірге біздің бүгінгі сабағымызда Наурыз мейрамының қуанышын өздеріңмен бірге бөлісуге қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Абдрахманова Нафиса Сағымбайқызы келіп отыр.

Нафиса Сағымбайқызы:

- Балалар, кәнекей далаға назар аударайықшы, қандай құбылыстарды байқап тұрсыңдар? /көктем, күн шуақты, дала бусанған/

- Иә, күннің осындай өзгешелігіне сай көңіл-күйлерің өзгерді ме? /өзгерді/

- Жақында көктеммен байланысты қандай мейрамды атап өттік? /наурыз мейрамын/

- Наурыз мейрамында қандай салт-дәстүрлерге куә болдыңдар? /наурыз көже іштік, қыздар мен жігіттер айтысты, балуандар күш сынасты, ипподромда ат жарысы болды, көкпар тартылды/

- Ендеше біз сол мейрамды математика сабағында бірге өткізіп көрейік.

Математика пәнінің мұғалімі Манова Салтанат Тохтарқызы:

- Иә, бүгінгі сабағымыздың мақсаты қазақтың салт-дәстүрін есімізге түсіре отырып, функция тақырыбын қайталау, тақырыпқа байланысты есептер шығару, жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулитын есептер шығару, сайыса, жарыса отырып білімдерімізді тексеру.

Жарапазан: Қазақ әдебиетінің мұғалімі Абдрахманова Н.С біздің сабағымыздың қонағы, сіздерге жарапазан туралы айтып береді.

- Кәне балалар, жарапазан туралы білетін мағлұматтарың бар ма? Егер таныс емес болсаңдар, мен айтып берейін:

Жарапазан (жарамазан) Жарапазан рамазан деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, боз балалар түнде үйдің тұсында тұрып жарапазан өлеңін айтады. Жарапазан өлеңінің шарты тоқталмай кезек-кезек жарапазан айтуға барған үйді мадақтау, яғни бірінен кейін бірі іліп әкету.

Математика пәнінің мұғалімі:

- жаңа ғана түсіндіргендей сабағымыздың бұл бөлігінде бөлімге арналған сұрақтарды бірімізден кейін біріміз іліп алып тез жауап береміз.

Ауызша қайталау. Математика пәні бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Функция дегеніміз не?

  2. Аргумент деп қандай айнымалыны айтады?

  3. F(2)=6 жазуындағы аргументтің, функцияның мәндерін атаңдар.

  4. Функцияның анықталу аймағы дегеніміз не?

  5. Функцияның мәндерінің аймағы дегеніміз не?

  6. Функция графигінің анықтамасын айтып беріңдер.

  7. Сызықтық функцияның графиктерінің өзара орналасуы туралы не айта аласыңдар?

Ауылдың алты ауызы. Мұғалім:

- Тойда, ойын-сауықта, қонақ кәде сұрағанда,көбінесе алыстан келгендер: «Ауылдың алты ауызы» болмайтын ба еді? «Әуелі өздеріңіз бастаңыздар»,- деп қалатын әдеті бар. Демек, бұл жол ауылдікі, өнер, өлең ауылдан басталсын деген сөз. Сөйтіп өлең ауыл өнерпаздарынан басталады. Ауылдың алты ауызы дегеніміз осы.

3. Ауызша есептер. Функция тақырыбы бойынша ауызша есептер. Әр оқушы сұраққа жауап беру үшін, берілген суреттерді таңдайды.таңдаған суреттердің астында есептер бар, сол есептерді дұрыс шығарған бала суретті сыйға алады.

hello_html_m214d6479.jpghello_html_m244e39e6.jpghello_html_23c84521.jpghello_html_m3e8b6970.jpghello_html_765d6ea6.jpg

  1. Мына суреттегі графиктердің қайсысы сызықтық функцияның графигі?

hello_html_m25a964c2.png

  1. hello_html_mcaa8efa.gifфункциясы және оның қасиеттері.

  2. hello_html_meb84cab.gifhello_html_m63395c7b.gifфункциясы және оның қасиеттері.

  3. функциясы және оның қасиеттері.

hello_html_m13f16312.gif

  1. Функцияның анықталу аймағын тап:

  2. Сызықтық функциялардың графиктері параллель болып орналасатын санды айтыңдар.

у=3x+2 және y=*x-4 ; y=*x-7 және y=x+3

Көкпар жайлы , қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі сөз алады.

      «Көкпар» - жігіттердің күш-қайратын, ерлік, ептілігін сынайтын ұлттық ат ойыны. Тақымы берік шабандоздар жарысқа түсетін бұл додалы сынға денесі жұмыр, аяқтары жуан сәйгүлік аттар қатыстырылады. Этнографтардың айтуынша, көкпар ойынының әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. көкпар аттылардың үлкен саны қатысатын «жаппай тартыс» және ойыншылары топқа бөлініп тартысатын «дода тартыс» болып екіге бөлінеді. Көкпар ойналатын алаң көлемі қатысушылар санына сәйкес бекітіліп, онда басы кесілген серке тартылады.

Математика пәнінің мұғалімі :

4. «Көкпар» ойыны. Топтық жұмыс. Жеке жұмыс.

Оқушыларға есептер жазылған жеке тапсырмалар таратылады. Сынып екі топқа бөлінеді. Әрбір шығарылған есеп үшін топ «қазанына» «серкелер» салынады. Ойын соңында қазанға көп «серке» жинаған топ жеңіске жетеді.

5. «Аламан бәйге» ойыны. Жеке жұмыс. Берілген тапсырмаларды, бірінші , екінші үшінші болып орындағандар -жеңімпаз атанады.

  1. k –ның қандай мәнінде y=kх+8 функциясының графигі А (1,12) нүктесі арқылы өтеді?

  1. Сызықтық функция f(x)=1,8х-u формуласымен берілген

  2. Егер f(3)=8,2 болса, u-ң мәнін тап.

  3. hello_html_4192c2d7.gifфункциясының графигіне мына нүктелер тиісті ме?

  4. а) А(-3,2; 10,24 ), б) В (hello_html_6a6d9b02.gif)

  5. у= hello_html_772d8773.gif және у=20x формулаларымен бір ғана функция берілгенін дәлелдеңдер

  6. hello_html_m1897953.gifфункциясы графигінің абсцисса осімен қиылысу нүктесінің координатасын табыңдар.

  7. y = -0,5х+2 және y=-3+2х функция графиктерінің қиылысу нүктесінің координатасын табыңдар.

  8. Графигі А(5;4) нүктесі арқылы өтетін және l=2 болатын функцияның

  9. формуласын жаз.

ОЙЫН – САУЫҚ ОТАУЫ.

  • Қазақтың салты бойынша үлкен үй қалай аталады? /қара шаңырақ/

  • Қара шаңыраққа кім ие болады? /кенже бала/

  • Басқа балалары қайда болады?

  • Отау үй болып бөлініп шығады.

  • Ал отау үй қара шаңырақтан несімен ерекшеленеді?

  • Отау үйде жастар жиі жиналады, ойын-сауық жиі өтіп тұрады.

6.Ойын-сауық отауын құру. Advanced Grapher бағдарламасымен функция графиктерін салу. Жеке жұмыстар.


hello_html_m7347043a.jpghello_html_m7ede009c.jpghello_html_6182a98.jpg

Графиктері керегенің

суреттерін беретіндей Графиктері уықтардың Графиктері шаңырақтың

функциялар жиынын жаз. суреттерін беретіндей кермелерін беретіндей

функциялар жиынын жаз. функциялар жиынын жаз. 8. «Айтыс» екі топ басшылары тақтада мына есептерді шығарып, қорғайды.

1.hello_html_7cb58b95.gif

Графигін салыңдар. а) hello_html_m47b30563.gif теңдеуін шешіңдер.

  1. а- ның қандай мәнінде ах-3 = 2х-1теңдеуінің :

а) шешімі болмайды; ә) шексіз көп түбірі; б) жалғыз түбірі болады.

Мұғалім:

Наурыз көжеге тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Тұз бен суды қосқанда дәмнің саны тоғыз болуы тиіс. Түркі халықтарының ұғымында жеті мен тоғыз және қырық - аса киелі сандар. Сол себепті наурыз көже аса қасиетті тағам болып саналады. Оған қоса, ол – тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы.

9. «Наурыз көже» құрамын анықтау.

- Балалар, наурыз көже 7 түрлі дәмнен жасалатынын атадыңдар. Осы есептер дұрыс шыққан жағдайда, наурыз көжеге қосылған дәмдердің атауы шығады.


  1. Сабақты қорытындылау

Рефлексия.

1 - сабақтан қандай әсер алдыңыздар?

2 - топпен жұмыста сіздерге не көмектесті және не кедергі боды?

3 - бүгінгі сабақтан жаңадан қандай мағлұмат алдыңдар?



а) Сабақты қорытындылап, оқушылардың, сыныптың жұмысына баға беру.

Бағалау критериалды өлшем бойынша:


А деңгейі

Оқушылар есептерді дұрыс шығарады, ауызша және жазбаша есептің шығару жолдарын дұрыс түсіндіре біледі.

max 12 ұпай

Баға«3»

В деңгейі

Оқушылар білімдері мен біліктерін кез-келген жағдайда , берілген есепті шығаруда қолдана алады.

max 17 ұпай

Баға«4»

С деңгейі

Оқушылар проблемалық жағдайдан шығудың дұрыс жолын табады, нәтижесінің дұрыстығын түсіндіреді және қорытынды жасайды.

max 20 ұпай

Баға«5»


  1. Үйге тапсырма: № 1423-1425 есептер.























Автор
Дата добавления 26.02.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров173
Номер материала ДВ-487277
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх