Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Функция тақырыбын 10-сыныпта оқыту

Функция тақырыбын 10-сыныпта оқыту


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

«Функция » тақырыбын 10 сыныпта оқыту.

(4-БӨЛІМ)

К.Т.Толекова Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы ОМ

«Функция» тақырыбын 10 сыныпта берудің жобасын ұсынылады.

Сабақтың басқа түрлері (тақырыпты бекіту, білім деңгейін тексеру, бақылау) келесі бөлімнің тақырыбы болады Енді аталған тақырыпқа көшелік.

Тақырыптың атауы: Функция (бірінші сабақ)

Сабақтың мақсаттары:

  1. Функция ұғымын енгізу үшін қажетті анықтамаларды, ұғымдарды қайталау

  2. Функцияның жалпы анықтамасын енгізу

  3. Функцияның анықтамасындағы түйінді ұғымдарды талқылау

  4. Функцияның әртүрлі мысалдарын келтіру

  5. Функцияның сөзбен сипатталуын математикалық символдар арқылы өрнектеп жазуға және керісінше сипатталуын үйрету

  6. Функция ұғымының пайда болу тарихымен таныстыру

Көрнекі құралдар:

Мысалдарға сәйкес суреттерді дайындауға болады

Жаңа тақырыпты өтуге дайындық ретінде келесі сурақтарды, есептерді қарастыруға болады (тікелей сұрау жүргізу):

  1. Сұрақ : 1˚. Біздің сынып жиынды құрайды да, ондағы әр оқушы сол жиынның элементі болады.

2˚. Біздің мектеп сыныптары жиын құрайды да, ондағы әр сынып сол жиынның элементі болады.

3˚. Біздің мектеп жиын құрайды, ал ондағы әр оқушы сол жиынның элементі болады.

Бұл жиын алғашқы екеуінен өзге. 1˚-дегі жиын бұның жиыншасы болады, ал 2˚-дегі жиын – қиылыспайды. Назар аударатын жәйт: бұл мысалдардан жиын мен оның элементтері әр түрлі болатынын көреміз. 1˚- ші және 2˚- ші мысалдардан берілген жиын басқа жиынның элементі болуы мүмкін екенін қорытындылаймыз. Тағы да осындай мысалдар келтіріңіздер.

  1. Сұрақ: Жиын мен оның элементі арасындағы қатынас символдық түрде қалай белгіленеді және аталады? Жауабы: х hello_html_6904ea9c.pngЕ, х – элемент, Е – жиын, «hello_html_6904ea9c.png» - жатады. Оқушыға ескерту: «тиісті» деген міндеттейтін мағынада қолданылады, сол себептен «hello_html_6904ea9c.png» белгілеуін атауға жарамсыз. Мысал: Е жиыны 200,500,5000 теңгелерден, ал F жиыны 200,100,1000 теңгелерден құрылған болсын. Әрине, 200 теңге Е және F элементі болуы міндетті екендігі байқалмайды

  2. Сұрақ : Сол мысалдарды қалай қорытындылауға болады? Жауабы: Біріктірілген өзара бөлек заттарды бір зат ретінде қарастырып, оны жиын деп атайды. Жиынды құрайтын заттарды осы жиынның элементтері деп атайды.

  3. Сұрақ: Сандық жиын деген не? Жауабы: Элементтері тек сан ғана болатын жиынды сандық жиын деп атайды

  4. Сұрақ : Сандық жиынға мысал келтіріңіз Жауабы: натурал,бүтін, рационал,нақты сандар жиындары

  5. Сұрақ: 3-ші пункттегі сандық жиындардың кеңеюінің схемасын көрсетіңіз Жауабы:












Сурет 1

  1. Сұрақ :(0,1) интервалы деген не? Жауабы: Ең алдымен (0,1) интервалының заты – жиын, соның ішінде санды жиын. Құрамындағы сандар 0 < х < 1 теңсіздіктерін қанағаттандыратын барлық х сандары

  2. Сұрақ :Аралық деген не? Жауабы: Екі a< b нақты сандары берілсін. Онда [a,b], (a,b], [a,b), (a,b), (-∞, а) , (-∞, а], [b, +∞), (b, +∞),(-∞,+∞) сан жиындарының жалпы аталуы – аралық.

  3. Сұрақ:[a,b) аралығының геометриялық бейнелеуін көрсетіңіз. Жауабы:






  1. Сұрақ : Жиын элементін жиын нүктесі деп те атайды. Не себептен? Жауабы: Нақты сандар жиыны мен сан түзуі арасында өзара бірмәнді сәйкестік орнатуға болады, сондықтан сан нүкте, сандар түзуінің нүктесі деп те аталады, осы атау бардық жиындарға да таратылған. Сонымен, 3 саны [3,31] кесіндісінің нүктесі болып табылады

  2. Сұрақ : Барлық жұп сандарды мен барлық тақ сандарды шартты белгілерді қолданып жиын түрінде жазыңыз

Жауабы: = : , = :

Сұрақ : Q[-1; 5) жиынында келесі 3/5;-2;5;  сандардың қайсысы жатады? Жауабы: 3/5, өйткені

Қолданылған әдебиеттер:

  1. А. Әбілқасымова, К. Шойынбеков, М. Есенова, З.Жұмағұлова: Алгебра және анализ бастамалары 10-сынып (жаратылыстану-математика) Алматы 2014 / «Мектеп» баспасы


  1. Вогазе Г.Е. «Функцияны оқытудың бір әдісі»


3.. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы

3 сәуірде№ 115 бұйрығымен бекітілген: Жалпы орта білім беру деңгейінің

«Математика және информатика» білім саласы пәндерінің

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ




Автор
Дата добавления 16.06.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров51
Номер материала ДБ-123583
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх