07.10.2015
ж.
|
Алгебра
10-сынып
|
Тақырыбы
|
Функцияны
зерттеу және оның графигін салу
|
Жалпы
мақсат:
|
Функцияның
қасиеттері бойынша оқушылар білімін бекіту, функцияны зерттеу
алгоритмін меңгерту, функцияны зерттеу және оның графигін сала білу
біліктері мен дағдыларын қалыптастыру
|
Сілтеме:
|
Қалыптан
тыс
|
Оқу
нәтижесі:
|
Функцияның
қасиеттері бойынша функцияны зерттеуді оқып үйренеді және оның
графигін сала білуге дағдыланады.
|
Сабақта
қолданылатын
ресурстар:
|
Оқулық, алгебра
10-кл, интерактивті тақта, стикерлер,А3,А4 форматтар
|
Оқыту
әдістері:
|
Оқытудағы
жаңа тәсілдер,СТО,көшбасшылық,жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту,талантты
және дарынды балаларды оқыту,ОүБ және оқуды бағалау
|
Сабақ
жүрісі:
|
1. Ұйымдастыру.
Оқушыларға психологиялық ахуал орнату. Оқушыларды сандар арқылы
2 топқа бөлу.
|
І.Қызығушылықты
ояту
|
Топтастыру
стратегиясын қолдану.
Ой
қозғау.
1)Функция.Функцияның
анықталу облысы мен мәндерінің жиыны дегеніміз не?
2)Тақ
және жұп функциялар.
3)Функцияның
периодтылығы
4)
Функцияның таңба тұрақтылық аралықтары
5)
Функцияның өсуі және кемуі.Экстремум нүктелері
|
ІІ.
Мағынаны ажырату
|
Функцияны
зерттеу төмендегі алгоритм бойынша жүргізіледі:
1) Функцияның
анықталу облысын табу;
2)
Егер
функция тақ немесе жұп болса, онда ол аргументтің тек оң мәндер
аралығында зерттеледі;
3)
Егер
функция периодты болса, онда ол периодтардың бірінде ғана
зерттеледі;
4)
Графиктің
координаталар осьтерімен қиылысу нүктелерін табу;
5)
Функцияның
таңба тұрақтылық, өсу және кему аралықтарын,экстремумын табу,
шектелгендігін анықтау;
6)
Функцияның
өзгеру сипатын анықталу облысына кірмейтін нүктелер аймағында және
аргументтің модуль бойынша шексіз үлкен мәндерінде зерттеу;
7) Зерттеу
нәтижелері бойынша график салу.
Осы
алгоритмді қолданып функцияны зерттеу мен оның графигін салуға мысал
келтіріледі.
|
ІІІ. Ой
толғаныс
|
Топтарға
тапсырмалар беріледі:
№68,69,70
есептерді шығарып,бір-біріне түсіндіреді
|
Бағалау
|
Бағалау
критерийлері бойынша бағаланады.
|
Кері
байланыс
|
«Плюс, минус, қызықты»
«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған,
білімдері жайлы жазады.
«Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “
түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады.
«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты
болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады.
|
Үйге
тапсырма:
|
Функцияны
зерттеу және оның графигін салу
Ғаламтор
сайттарынан қосымша материалдар алып, оқып-үйрену.
№ 66,67,68(1,2)
|
Рефлексивтік
есеп:
|
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.