Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / «Г» дыбысы мен әрпі

«Г» дыбысы мен әрпі



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

12345678910

Тақырыбы: «Г» дыбысы мен әрпі

Сауат ашу

Мақсаты:

1. Оқушыларды «Г» дыбысы мен әрпімен таныстыру. «Г» дыбысы мен әрпін жазылуын үйрету.
2. Оқуышларды әдептілікке, ұқыптылыққа, шыншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
3. Оқушылардың есте сақтау, ойлау, қабілеттерін дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойлау, қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, т. б. сүреттер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, керекті оқу құралдарын дайындатып, назарларын сабаққа аудару.

II. Өткен сабақты бекіту

«Ү» дыбысы мен әрпіне сөздер айтқызу. Үйрек, үкі, үй, үйшік, күшік.
«Ү» дыбысына байланысты өлең оқу.
Үкі деген әдемі.
Үлпілдеген желегі.
Қыздар әсем болсын деп.
Үкі тоғып береді. (хормен)

III. Мақсатын қою

Сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау.

IV. Жаңа сабақ

1. Дайындық кезеңі. Кіріспе әңгіме жүргізу.

— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

— Көктемде қандай өзгерістер болады?

— Көктемнің ең алғаш гүлі?

2. Ал, енді балалар мына өлеңге кұрақ түріндерші.

Күн шуағын төккенде,
Жаңбыр сеуіп өткенде.
Қызыл жасыл далада.
Гүл тереміз көктемде.

— Балалар, айтындаршы осы өлең шумағында «Г» дыбысы бар сөз бар ма екен?

— Дұрыс айтасыңдар «Гүл», яғни гул деген сөздің басында қандай дыбыс өтіп отырмыз? (Балалар жауабы)

— Дұрыс айтасыңдар! Өте жақсы!

— Ал енді балалар «Г» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

Ережені еске түсіру. Дауысты дыбыс дауыс шыдамдылығымен керіліп тұрып діріл пайда болуы арқылы жасалды. Сондықтан дауыстыларды созып айтуға болады.

2. Айтқан кезде созуға келмейтін дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады. (Хормен айтқызу)

— Өте жақсы! Балалар, ал енді «Г» дыбысын айтп көрейікші.

— Дұрыс айтасыңдар созылып айтуға келмейді. Кедергіге ұшырап тұр, яғни «Г» дыбысы дауыссыз дыбыс.

— Қане балалар, «Г» дыбысына сөздер айтайықшы.

Гүл, Гүлсім, ардагер, көгершін, Айгүл.

Балалар, тақтадағы ілініп тұрған сөздерді оқиды, яғни «Г» дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі екен.

Осы ілініп тұрған сөздерді буынға бөлгізу: гүл, Гүл-сін, ар-да-гер, кө-гер-шін, Ай-гүл.

— Ондай болса, сергіту сәтін жасайық.

Гүлге ұөсап ырғалып,
Шарашағанда демалып.
Қолымызды қозғалтып,
Гүлдей болып жайқалам.

Енді балалар «Г» әрпін жазып үйренейік «Г» дыбысының баспа жазба түрін жаздыру. «Г» дыбысын ауада жаздыру. Дәптермен жұмыс Берілген тапсырмаларды ұқыпты, таза орындауларын қозғалып отыру бағыт бағдар беру.

V. Сабақты бекіту:

1. «Адасқан әріптер» ойынын ойнату.
2. Жұмбақ жасыру. 

1) Жайса көрдей
Жиса жеңдей (Кереге)
2) Озі сондай нәзік
Су құйсаң кеуеді.
Арақаны жазып (Гүл)

VI. Сабақты қорытындылау:

— Сонымен біз бүгін қандай әріппен таныстық?

— Ол қандай дыбыс?

— Дауыссыз дыбыс екенін қалай білдік? «Г» дыбысы бар сөздер айтыңдар.

Балаларды мадақтау.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 18.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров83
Номер материала ДВ-353849
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх