Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Г дыбысы 1 сынып

Г дыбысы 1 сынып



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:



Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

а) Г дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді дұрыс оқу мен жазуға төселдіру, сөздерге дыбыстық талдау жасауда білімдерін кеңейту.

ә) Сауаттылыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

б) Оқушылардың ой – өрістерін кеңейту, ойлау, есте сақтау және сөздік қорларын молайту . Тіл байлықтарын дамыту.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, көрнекілік, түсіндіру, топтастыру, бір айналым сөйлесу, ойлану баспалдағы

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,интерактивті тақта, оқулық.

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру.

Оқушы назарын сабаққа аудару

Бүгінгі сабқтың ерекшелілігін, саяхат сабақ болатындығын хабарлау.

Психологиялық дайындық

Қуанамын менде,

Қуанасың сен де,

Қуанамыз бәріміз

Арайлап атқан күнге!

Қызығушылықты ояту

- Балалар, өздеріңе белгілі «Балапан» телеарнасындағы Ғажайыпстанға

Білімпаз атаның аулына Елдос және Аяжанмен бірге саяхатқа барамыз. Ол үшін пойызға отыруымыз керек. Пойызбен жолға шығу үшін бізге не қажет?

-Билет қажет.

-Олай болса, «Билет алу » ойынын ойнаймыз. Әр билеттегі сұраққа дұрыс жауап берсеңдер саяхатқа шығатын боламыз.



«Билет алу» ойыны

1. Сөздерді оқы, сөйлем құра

Үкі, үйрек, күшік

2. Жүзік сөзіне дыбыстық талдау жаса, буынға бөл

3. Жоғалған әріпті тап

...кі, к...з, ...рік

4. “Кім кінәлі” өлеңін жатқа айт

5. Жоғалған буынды тап

Қо-..., бұ-..., өр-....

-Балалар, сұрақтарға өте жақсы жауап бердіңдер. Ал сендер Аяжан және Елдоспен жақын таныс болыңдар.

Білімпаз атаның аулына жеткенге дейін Аяжанның тапсырмасын орындайық.

Мағынаны тану

Аяжанның тапсырмасы

«Сиқырлы кітаптағы » суретті ата, сөздің басында қандай дыбыс естілгенін ажыратып, сөзге дыбыстық талдау жаса.

-Гүл сөзі.

-Гүл туралы не білесіңдер?

Әдемілік сыйлайды бөлме өсімдігі

Гүл

қуаныш сыйлайды

Қаланың көркі аулада өсіреміз







-Г дыбысының баспа және жазба түріндегі әріп таңбасымен таныстыру. Г дыбысы сөздің басында , соңында көп кездеспейтінін айта отырып, көбіне сөздің ортасында келетінін айтып түсіндіру.

-Аяжанның тапсырмасына жақсы жауап бердіңдер, Елдоспен де достығымыз үзілмесін.

Елдостың тапсырмасы

Оқулықпен жұмыс

Бағандағы сөздерді оқы

Е гін е гіз ке ре ге ше ге шең гел

Е геу се гіз бе те ге не ге мез гіл

Сөздік жұмыс

Бетеге, шеңгел- өсімдік атауы.

«Бір айналым сөйлесу»

Көгершін туралы әңгімелеу

Оқулықтағы «Ақ көгершін» өлеңімен, авторы Н.Баймұхамедов- Орал облысының Жымпиты ауданында туған. Оның еңбектері туралы мағлұмат беріп, жазушы екендігін, «Ақ көгершін» әнінмен таныстыру.

  1. Мәнерлеп оқу

  2. Тізбектей оқу

Сергіту сәті

-Мінекей, балалар, Білімпаз атамызға да келіп жеттік. Енді Білімпаз атаға бүгінгі үйренген білімдерімізді көрсету

Дәптермен жұмыс

Ауада Гг әрпін жазу

2 жазу дәптердегі Гг әрпін толтыру

Ой толғаныс

Ойлану баспалдағы

Г дыбысын қатыстырып, сөз ойла





Егін, сегіз, көгершін сөздеріне сөйлем құра

Тақтамен жұмыс

Суретті ата, атауын жаз

-Балалар, бүгінгі біздің достарымыз Аяжан мен Елдосқа, Білімпаз атамызға алғысымызды айтып, үйімізге қайтатын уақытта келіп жетті.

Үйге тапсырма

Г дыбысы мен әрпін қайталау

Бағалау

Өте жақсы сабаққа қатысқан балаларды - қызыл гүлмен, жақсы қатысқан балаларды - көк гүлдермен бағалаймын.

«Ақ көгершін » әнімен сабақты қорыту





























Б.Нысанбаев атындағы орта мектебі









Ашық сабақ



Пәні: Әліппе

Тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер.

С.Мұқанов «Наурыз - жыл басы»









Бастауыш сынып мұғалімі:

Тулманова Н.Ж







АТЫРАУ-2014



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 01.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров89
Номер материала ДВ-403269
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх