Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Г дыбысы және әрпі" тақырыбындағы ашық сабақ жоспары

"Г дыбысы және әрпі" тақырыбындағы ашық сабақ жоспары


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: Гг дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Гг дыбысы мен әрпін оқуды жалғастыру. Гг дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Гг дыбысын сөз ішінен табуға, г дыбысы арқылы берілген сөздерді дұрыс жазуға үйрету.
Ә) Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, есте сақтауын, шығармашылық қабілетін, жазу дағдыларын қалыптастыру.Тіл байлықтарын дамыту.
Б) Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру.Ұқыптылыққа, сауаттылыққа,сауатты жазуға, адамгершілікке, ізденімпаздыққа үйрету. Сыйластыққа,әдептілікке,табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер .

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі.Жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: (психологиялық дайындық)

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да.

Сәлеметсіз бе күн!

Сәлеметсіз бе,сіз!

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз!

ІІ. Ой пысықтау. «Гүл құрастыру» әдісі.

1.-Дыбыс деген не?(айтамыз,естиміз)

2.-Әріп деген не?(көреміз,жазамыз)

3.-Дыбыс нешеге бөлінеді?(дауысты,дауыссыз)

4.-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

5.-Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?

6.Дыбыстан не құралады?

7.Сөзден сөйлем құралады?

-Балалар сурақтарға жауап беру арқылы не шығардық? (гүл)

-Олай болса,гүл дегеніміз не?( Гүл көңілімізге қуаныш сыйлайды. Гүлдің де тағдыры, тіршілігі,, мінезі бар. Олар өте сезімтал. Табиғатта гүлдердің түрі өте көп. Гүлдер бізді әсемдікке, ізгілікке тәрбиелейді. Елбасының халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін сыныптағы бөлме өсімдіктерін күтіп баптап, аялап отыруымыз керек. Мектеп, өз үйіміздің айналасын көгалдандыру, жасыл желекке айналдыруға ат салысу бәріміздің парызымыз.
Біз бүгін сабағымызды өте қызықты өткіземіз.Сабақта түрлі ойындар ойналады.Ойындарға жақсы қатысқан балаға гүл көбірек беріледі.Гүл алғымыз келе ме? Олай болса,біз өз білімімізді көрсетейік.)

«Гүл – қуаныш» әдісі.

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

(Г дыбысымен таныстық)

Оқулықпен жұмыс.

1.Сөздерді оқу

2. «Ақ көгершін» әнін айту.

3. «Доп лақтыру» ойыны. «Гг дыбысына» сөздер айту.

4. «Сауатты жаз» әдісі.

Тақтамен жұмыс. Егін, сегіз,шеге сөздерін жазу.

5.«Дыбыстарды үйіне қондыр» әдісі. (Дыбыстық талдау жасау)

-Гг қандай дыбыс?



ІІІ. Мақсат қою кезеңі: тақырыбын, мақсатын хабарлау

«Гүл-сыйлық» әдісі.

Қолы бар,

Саусағы жоқ.

Мойны бар,

Басы жоқ.

https://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcS-mHxOiVDQUrz2gmk71IL0ODJ143nUhvVAHxYGzCAwAtjbhRqCkg

Күні бойы сен оны
Екі аяқтап аласың.
Жатар кезде өзіңнен
Аулақтатып қашасың.

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcR7MKG0t7ok8KV3yV-zqVzq8A8ZPqLlirUeWz_z99-61qLneUBB

Сабы – таяқ,

Басы – қалақ.

Ұшын жүрер,

Жерге қадап.    


http://rusarmia.com/img_stat/lopata_shtikovaja_01.jpg

Әжеме өң берген,
Жиегін көмкерген.
Етегі желкендей,
Киім еді ол нендей?
https://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRcz72iUar_HD4MaDhJnMdCpwMkrxHlbJYTRDE40NR1apK2MmQx5Q



Сөз соңында к әрпінің г-ге айналып кету жағдайы.

Г дыбысы қазақ тілінде сөз соңында келмейді.Кк дыбысынын аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе к- г–ге айналады.

Кимешек-кимешегі,күрек-күрегі, етік –етігі, көйлек-көйлегі.

ІҮ. Мағынаны тану.

а) Сөз соңында к әрпінің г-ге айналып кету жағдайы.

терек-терегі ілгек-ілгегі жәшік- жәшігі

білек-білегі етек-етегі шелек-шелегі

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQAEom5jZbCAo5RwJYQ60qUsDCc0VyD-3zoDQGUgnB4a7020ususwhttps://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQQhrUfrtna6qw_xjXufCYzcDQeO_aAY7v6perdZBD-G0HESX6mhttps://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQVNzuoBSRHMjl8OJGsT9Zekst_gkQa__vju5XBvmsk69D9Ch9chttp://www.images.lesyadraw.ru/2013/08/kak_narisovat_ruku_karandashom_poetapno6.jpghttps://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTqKtxjoe92B-_57h9f_A7xdNB3ySQivyo8OqkA6cEQ4dk_p561Qwhttps://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQCUfk1mFnZlRKY0Eo0WFod9eG9AAwEVcOAnONoGbThGroVFotD

ә) Баған түрінде берілген сөздерді хормен оқыту,

мағынасын ашып түсіндіру.

Бәйге https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQmHswyUga6j8C57O1pV7ua-c3NTMBmLHY8NK8UTti8595ctmY9SQ Мерген https://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRbEraKZFSIoSQGzMSQmyb_B7x_ahspAIZN9EiJUfz4aD7PEwco ертегі жүгері https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTzvGxtjebvjuSt2vfAbK3KPtftk2Blj-vj-viwpU7uhjM8QfL- Шеген

Мәре http://img2.cliparto.com/pic/xl/228422/3979117-marathon-runner-athlete-running-finish-line.jpg Дәрігер https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTWV9bugJcMNlrJmFnmbTBIlgx8_mc7zS6WuG8ZWfoQCpKpia0P әңгіме жүген http://islam.kz/uploads/content/2014/05/at.jpg Төлеген



«Тіл дамыту» (Суретпен жұмыс.)

б) «Ақан сері» мәтінін оқып, мазмұнын түсіндіру

г)Ақан сері туралы мағлұмат беру.

Ақан-әнші,ақын.Ақан домбырашы,әнші. Ақан-аңшы,саятшы,құсбегі. Ақан-сері «Сері» деп аталу себебі, қасына өнерлі адамдарды жинап, бір ауылдан,екінші ауылға барып,өнерлерін көрсеткен,сондықтан оны сері деп атаған.

-Мәтінді іштей оқыту,тізбектей оқыту.

-Сұрақ-жауап арқылы мәтінді әңгімелеу.



-Ақан кім?

-Ақанның қандай тұлпары болған?

-Ол бәйгеден нешінші келген?

-Бүркіті не деп аталады?

-Қараторғай туралы не шығарған?

Сергіту жаттығуы.

Гүлге ұқсап ырғалып,
Шаршағанда демалам.
Қолымызды қозғалтып,
Гүлдей болып жайқалам.

«Гүл-әдемілік» әдісі. (Әдемі жазу) Дәптермен жұмыс.

«Бәйге» ойыны. «Жоғалған әріптерді тап»

https://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcT7f9xqV16S7p_j7ze5mw4LZ9ej2m7BL8oOXx6tL9BKtmmDL4mtNQ а ... шы, бәй...е, ү...шік, се...із, ше...е, ә...ші.

Жұптық тапсырма: «Буындардан сөз құра»
Сөздік диктант:

Егін, егіз, неге,

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:

-Біз бүгінгі сабақта қай дыбыс және әріппен таныстық?

ҮІІІ. Үйге тапсырма. Мадақтау

Гүл - дүниенің көркі.
Гүл – жердің көркі.
Гүл - әдеміліктің символы.
Гүл – нәзіктіктің белгісі.
Гүл – көңіл ашады.

«Қоштасу» Жылу шеңбері.
Қолымызды ұстайық,
Үлкен шеңбер құрайық. Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық!



Дина Нұрпейісова атындағы орта мектебі























Ашық сабақ

Тақырыбы: « Гг дыбысы мен әрпі»



1 «Б» сынып



Сынып мұғалімі : А.Сатимова



















2014/2015 оқу жылы


Краткое описание документа:

Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: Гг дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Гг дыбысы мен әрпін оқуды жалғастыру. Гг дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Гг дыбысын сөз ішінен табуға, г дыбысы арқылы берілген сөздерді дұрыс жазуға үйрету.
Ә) Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, есте сақтауын, шығармашылық қабілетін, жазу дағдыларын қалыптастыру.Тіл байлықтарын дамыту.
Б) Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру.Ұқыптылыққа, сауаттылыққа,сауатты жазуға, адамгершілікке, ізденімпаздыққа үйрету. Сыйластыққа,әдептілікке,табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Автор
Дата добавления 13.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров889
Номер материала 277470
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх