Инфоурок Физика Научные работыГ. М. Алимкулованың "АШЫҚ САБАҚТАР ЖИЫНТЫҒЫ"

Г. М. Алимкулованың "АШЫҚ САБАҚТАР ЖИЫНТЫҒЫ"

Скачать материал

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

КМҚК «АЛМАТЫ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ КӘСІПШІЛІК КОЛЛЕДЖІ»

 

 

 

 

 

Физика пәнінің оқытушысы

Алимкулова Гульбану Мавланкуловнаның

ашық сабақтары мен іс-шараларының

 жиынтығы.

 

 

 

 

 

 

                                               

                                               

 

 

 

 

Алматы,2017ж

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

АЛМАТЫ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ КӘСІПШІЛІК КОЛЛЕДЖІ

 

 

БЕКІТЕМІН

директордың

оқу ісі бойынша орынбасары

Кенжебаева Э.А. ______

«___» ________2016 ж 

 

 

 

 

«ФИЗИКА» ПӘНІ БОЙЫНША

«Тұрақты электр тогы, ток күші» атты тақырыптың

Ашық сабақ әдістемелік дәйектемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқытушы : Алимкулова Г.М.

 

 

 

 

Алматы 2016 ж

 

 

Сабақтың технологиялық картасы

Пән ­ Физика

Мерзімі 23.02.2016ж    Топ 13

Сабақтың № 42

Тақырыбы: Тұрақты электр тогы, ток күші.

Сабақтың мақсаты:

         Білімділік: Оқушылардың тұрақты электр тогы тақырыбы бойынша  алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту  теориялық білімін практикамен ұштастыру.

         Дамытушық: Оқушылардың  ойлау, есте сақтау қабілетін шыңдау. Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Білім деңгейін көтеру, оқушылардың қызығушылығын арттыру.

  1. Тәрбиелік Оқушыларды  өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, уақытын үнемді пайдалануға үйретіп, жан – жақтылыққа, алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білім мен іс-әрекет тәсілдерін жетілдіру

Сайыстың формасы: Сайыс сабақ.

 Сабақты қамтамасыздандырылуы:

а)оқу – көрнекілік құралдар тірек сызбалар, компьютер, интерактивті тақта, кітап.

б)үлестірмелі материалдар деңгейлік тапсырмалар.

в)ТОҚ

Пәнаралық байланыс математика, информатика, электротехника.

Өз бетінше жұмыс : кестемен жұмыс, карточка, деңгейлік тапсырма.

 

Сабақтың өту барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі ( 3 минут)

·         Сәлемдесу

·         Оқушылардың назарын сабаққа аудару.  

            Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз күнделікті сабақтардан сәл өзгешелеу болып өткелі отыр. Бүгінгі физика сабағы ойындар, жарыс түрінде өтеді. Тарау бойынша алған білімдеріңіздің деңгейін көрсетейік, сарапқа салайық.

Біздің сабағымыз келесі кезеңдерден тұрады.

1 - кезең. «Теориялық сұрақтар

2- кезең.  Сәйкесін тап. Формулалар сайысы.

3-кезең   Алтын сандық

4- кезең «Теориялық тест» Білім сайысы.

5 - кезең. «Деңгейлік тапсырма»

6- кезең.  Электр тогына сипаттама

Сабақты қорытындылау.

 

Оқушыларды  3 топқа бөліп, басшысын анықтау.

Топтың атын таңдау үшін, алдарыңызда тұрған сұрақтарға кім бірінші болып, әрі дұрыс жауап берген топ. Сол заңмен атымен  топ  аталады.

(I топ Ток күші, II топ Кернеу. III топ Кедергі).

 

Бір бірімізге сәттілік тілеп, сайысымызды бастайық.

 

1 - кезең. «Теориялық сұрақтар (7 минут) ( әр топ кезек кезегімен өздеріне таңдаған ұяшықты таңдап, ішінен шыққан сұрақтарға жауап береді, дұрыс жауапқа 1,2,3,4,5,6,7,8,9 ұпай сандары беріледі)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2- кезең.  Сәйкесін тап. (5 минут) Формулалар сайысы.( әр  топқа формулалар  жазылған парақ беріледі. Әр топ өзінің жауабын белгілейді, жауаптары жазылған парақшаны қарсылас топқа береді. Қарсылас топ қатесін тақтада берілген жауаптары арқылы тексереді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 - кезең. Алтын сандық  ( 5 минут) ( Оқушылардың алдына физикалық шамалар салынған сандық қойылады, әр топтан бір оқушы шығып сандықтың ішіндегі құралды алады, сол құралға сипаттама береді.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4- кезең «Теориялық тест» ( 3 минут) Білім сайысы. (Қай топ бірінші болып қол көтерсе сол топ жауап береді. Дұрыс жауапқа 1 ұпай.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Электр шамының қыл сымның ұштарындағы кернеу 2 В, тоқ күші 0,8 А. Қыл сымының кедергісі қандай?

 А)  2,5 Ом

Ә) 1,6 Ом

 Б) 2,8 Ом

 

2)Өткізгіштерді тізбектей қосқанда қай шама бірдей болады:

  А)Тоқ күші

Ә) Меншікті кедергі

 Б)Кернеу

 В)Кедергі

 

3)Өткізгіштерді параллель қосқанда қай шама бірдей болады?

  А)Тоқ күші   

Ә)Кернеу   

Б)Кедергі    

В)Ішкі кедергі

 

4)  Кернеуді өлшейтін құрал

А) Вольтметр 

В) Ваттметр

 С) Омметр

 

5. Параллель жалғанған кедергінің формуласы

А) R=U/I

В)1/R=1/R+1/R

С) R=R+R

 

5 - кезең. «Деңгейлік тапсырма» (8 минут)( Ортаға әр топтан бір оқушы шығып конверттерді деңгей бойынша таңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

Қызғылт- 1 деңгей   (1 ұпай)

Жасыл- 2 деңгей  (2 ұпай)

Көк- 3 деңгей  (3 ұпай)

Таңдалынған есепті топпен бірге шығарады, жауабы тақтаға жазылады.)

 

I деңгей Өткізгіш ұштарындағы кернеу 6 В, кедергі 2 Ом. Ток күші неге тең?

II деңгей  Электр тізбегі ішкі кедергісі 20 Ом-ға тең тоқ көзінен және кедергісі 1 Ом-ға тең өткізгіштен тұрады. Тізбектегі ток күші 6 А. ЭҚК неге тең?

III деңгей Егер 10 с ішінде 6 Ом кедергі арқылы  3 Кл заряд өтетін болса, жалпы кернеуді тап.

 

6- кезең.  Электр тогына сипаттама ( 5 минут)  (Әр топтың оқушылары тізбекте ток пайда болуы үшін қандай шамалар қажет екенін тақтаға жазады, әр дұрыс жазылған шамаға 1 ұпай)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақты қорытындылау. (2 минут) Сабақты қорытындылай келе әр топқа конверт беріледі, конверт ішінде  3 пән жазылған, оқушылар таңдалған конверттегі пәнге электр тогының пайдасы мен зиянын тақтаға жазады.

Пән

Пайдасы

Зияны

Физика

Ғарышқа шықтық

бомба

Информатика

интернет

радиация

Химия

Химиялық элементтерді бөлуге

жарылыс

VІ. Рефлексия ( 4 минут)

Нені үйрендім?

Нені білдім?

Не білгім келеді?

VІІ. Бағалау ( 2 минут) Оқушылардың сайыс бойынша ұпай сандары есептелініп, бағаланады.

VІІІ. Үй тапсырмасы ( 1 минут)        «Электр энергиясын қайда өндіреді?» тақырыбына баяндама жасау.

Сайысымызды көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

Оқытушының аты-жөні: Алимкулова Г.М________________________


 

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

АЛМАТЫ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ КӘСІПШІЛІК КОЛЛЕДЖІ

 

 

БЕКІТЕМІН

директордың

оқу ісі бойынша орынбасары

Кенжебаева Э.А. ______

«___» ________2016 ж 

 

 

 

 

«ФИЗИКА» ПӘНІ БОЙЫНША

«МИФ әлеміне саяхат» атты интеллектуалдық сайысының

әдістемелік дәйектемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқытушы : Алимкулова Г.М.

 

 

 

Алматы 2016 ж

 

Пән Физика

Мерзімі 20. 02. 2016ж Топ 15

 

Тақырыбы: «МИФ әлеміне саяхат» атты интеллектуалдық сайысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың жалпы білім беруші Математика, Физика, Информатика пәндері бойынша  білім деңгейлерін тексеру арқылы, осы пәндерге қызығушылықтары мен ынтасын арттыру, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау;
Дамытушылық: Оқушылардың І курс бойынша алған білімдерін қолдана отырып, тәжірибе жүзінде жұмыс жасай білу дағдыларын, практикалық шеберліктерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, өз ойларын жеткізе білуге үйрету.

 

Сабақтың типі:  Сыныптан тыс сабақ.

Сайыстың формасы: Сайыс сабақ.

 Сабақты қамтамасыздандырылуы:

а)оқу – көрнекілік құралдар компьютер, интерактивті тақта, презентация.

б)үлестірмелі материалдар карточкалар, ғалымдар суреттері, тәжірибеге арналған құралдар

в)ТОҚ

Пәнаралық байланыс: математика, информатика.

Өз бетінше жұмыс: кестемен жұмыс, деңгейлік тапсырма, физикалық тәжірибе.

Сабақтың өту барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі ( 3 минут)

·         Сәлемдесу

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.
  • Топқа бөлу.

Сайыстың барысы: (2 минут)

 Армысыздар, бүгінгі сайысқа  жиналған нақты ғылымдарды сүюші қауым,  ұстаздар мен оқушылар. Жаратылыстану- математика  бағытының бірлестіктің апталығында өткізіліп отырған «МИФ әлеміне саяхат» атты интеллектуалдық сайысымызға қош келіпсіздер!

«Бүгінде МИФ барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер 
Шәкірттер зерделікпен меңгеріңдер» - дей отырып сайысымызды бастаймыз.

 

 

 

 

Бүгінгі сайысымызға қатысу үшін өз өнерлерін, білімдерін сынасқалы келген ойыншыларымызды сайыстың шарттарымен таныстырамын. Бүгінгі сайысқа 4 топ қатысады. Сайысымыз келесі кезеңдерден тұрады:


1- кезең. «БӘЙГЕ» (викториналық сұрақтар);
2- кезең. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);
3- кезең. «КІМ ТАПҚЫР!» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);
4- кезең. «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);
5- кезең. ҒАЛЫМДАРДЫ ТАНЫП БІЛ.( ғалымдарды танып біліп, ашқан жаңалықтарын өмір баянын айту)
6- кезең. «ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру);
7- кезең. «ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)

 Сайысты қорытындылау

Таныстыру (4 минут)

Сайысымызды бір бірімізге сәттілік тілеп, әр топ өздерін таныстырсын.

1-      Ом заңы  

2-      Бүкіләлемдік тартылыс күші.  

3-      Менделеев- Клапейрон теңдеуі

4-      Кулон заңы   

 

 

 

 

 

 

 

 

1- кезең. «БӘЙГЕ» (викториналық сұрақтар);( 4  минут)

Шартын түсіндіретін болсақ әр топқа 4 пәннен 12 сұрақ қойылады. Сұрақтар математика, физика, информатика пәндерінен қойылады. Уақыт шектеулі 1 минутта жылдам жауап беру керек. Егер сұраққа жауап бере алмаса, келесі сұраққа өтуіне болады. Уақыт экранда көрсетіледі.

 

«1 топ »  сұрақтары:

1) Шаманың (санның) жүзден бір () бөлігі?    (1%)

2) Ақпараттың өлшем бірлігі (бит, байт )

3) Күш бірлігі не деп аталады? ( Ньютон )

4) Компьютердің миы (Процессор)

5) Дене өзінің көлемін және пішінін сақтайды бұл дене заттың қай күйіне жатады?

( қатты )

6) Дененің өз қозғалысы салдарынан болатын энергияны не деп атайды? (кинетикалық энергия )

7) Қандай сандар 2-ге бөлінеді? (Жазылуы жұп цифрмен аяқталатын натурал сандар 2-ге бөлінеді)

8) Мәліметтер енгізу пернесі (Enter)

9) Ақпаратты іздеуге, сақтауға , түрлендіруге пайдалынатын құрылғы. (Компьютер)

10) Будың сұйыққа айналу құбылысы  (конденсация)

11) Қағазға басып шығару құрылғысы ( Принтер )

12) Дене өзінің көлемін сақтайды, бірақ пішінін өзгертеді. Сонда бұл дене құралған зат қандай күйде болады? (сұйық)

«2 топ» сұрақтары:

1)Қабырғалары  болатын тіктөртбұрыштың ауданы неге тең? (S=a*b)

2) Дыбыс жазу құрылғысы (микрофон)

3) Дене өзінің көлемін сақтайды, бірақ пішінін өзгертеді. Сонда бұл дене құралған зат қандай күйде болады?  (сұйық)

4) Компьютерде жұмыс істейтін адам мен монитордың ара қашықтығы. (70 см)

5) Дененің өз пішінін өзгертуі  (Деформация)

6) Ток көзін ойлап тапқан ғалым (Вольта А)

7) Ақпараттық ең кіші көлем бірлігі ( бит)

8) Зат бөлшектерінің ретсіз қозғалысы салдарынан болатын жанасқан заттардың бір-біріне өзара араласуы  (Диффузия)

9) Нәрсенің 1/4 -і қалай аталады? (Ширек)

10) Өткізгіштің ұштарындағы токты өлшеуге арналған құрал  (вольтметр)

11) Енгізу құрылғысы (пернетақта )

12) Вирусты емдейтін программа (антивирус)

 

«3 топ» сұрақтары:

1)Нәрсенің  бөлігі қалай аталады? (Жарты)

2) Тізбектегі ток күшін реттеуге арналған прибор  (реостат)

3) Бір дененің екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш не деп аталады? (үйкеліс күші)

4) Қандай сандар 10-ға бөлінеді? (Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар)

5) Қағаздағы кескінді компьютерге енгізуге арналған құрылғы? (сканер)

6) Жыпылықтап тұратын тік сызықша ( курсор)

7) Егіс даласында 30 қарға қонақтап отырды. Фермер соның төртеуін атып түсірді. Далада қанша қарға қалды?  (Өлген 4 қарға)

8) Дене массасының оның көлеміне қатынасына тең физикалық шама ( тығыздық)

9) Грек тілінен аударғанда жылу және күш деген мағына беретін физика бөлімі қалай аталады?  (термодинамика)

10) Қандай төртбұрыш «ромб» деп аталады? (Барлық қабырғалары тең параллелограмм ромб деп аталады)

11) Термометрдегі сұйықтықты не деп атайды?  (сынап)

12) Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы ( CD-ROM)

 

«4 топ »  сұрақтары:

1) Адамның денсаулыққа зиянды компьютер құрылғысы (монитор)

2) Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал. (барометр)

3) Қандай төртбұрыш «квадрат» деп аталады? (Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш)

4) Пифагор теоремасын тұжырымдап айт.  (Катеттердің квадраттарының қосындысы гипотенузаның квадратына тең)

5) Ақпаратты тасымалдау құралдарын ата (Компакт-диск, дискета, флэшка)

6) Сұйық немесе газдағы дененің кері итеруші күші не деп аталады? (Архимед күші)

7) Ағылшын физигі және матиматигі. Ол денелер қозғалысының негізгі заңдарын және тартылыс заңын ашқан (Исаак Ньютон)

8) Бір адамның 14 түйесі бар екен, соның үшеуінен басқасының бәрі өліп қалыпты. Қанша қалды?  (3)

9) Пернетақтадағы өшіру  пернелерін ата (Delete, Backspace)

10) Сұйықтың ішіндегі өте ұсақ қатты бөлшектердің қозғалысын не деп атайды ( Мысал айту – Броундық қозғалыс)

11) Информатика кабинетінде жұмыс ережесі қалай аталады? (Қауіпсіздік ережесі)

12) Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы  (балқу)

 

2- кезең. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп); ( 4  минут)

 

 

 

 

 

 

 

 

Дұрыс жауапқа 3 ұпай.

1)      Алдарыңда 7+4-4=0 қосындысы. Теңдік дұрыс емес.1 сіріңкенің оның ауыстырсақ теңдік дұрыс болады?

2)       3 сіріңкенің орынын ауыстырып, бөлек-бөлек 3 квадрат жаса.

3)      Бір сіріңкенің орнын ауыстырып теңдікті теңестір.(екі әдіспен жасауға болады)

 

 
3- кезең. «КІМ ТАПҚЫР!»
 Оқушылардың алдына физика, математика және информатикаға байланысты  шамалар салынған қоржын қойылады, әр топтан бір оқушы шығып қоржынның ішіндегі құралды алады, берілген  құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру); Дұрыс жауапқа 5 ұпай. ( 4  минут)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


4- кезең. «ОЙЛАН ТАП!»  (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);

4  топтың ойыншысы 4 конвертті таңдайды.

Дұрыс жасалған тәжірибеге - 10 ұпай. ( 10  минут)

 

 

1.      Тәжірибе.

Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы.

Тапсырма:

v   Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал. Не байқалады? Себебі?

v   Жұмыртқаны стақанның ішінен ал,

стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал. Не байқалады?Себебі?

 

2-Тәжірибе.

Қажетті заттар: Стақан, өлшемдері стақан диаметрінен үлкен қалың қағаз

Тапсырма:

v  Стақанды жиегіне дейін су толтыр.

v   Бетін қағазбен жап.

v   Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стақанға қысып ұста.

v   Енді түбін жоғары қаратып, стақанды өте шапшаң төңкер.

v   Қолыңды ептеп қағаздан ажырат. Не байқалады? Себебі?

 

3-Тәжірибе.

Қажетті заттар: 1 шикі жұмыртқа, 1 пісірілген жұмыртқа.

Тапсырма:

v   Піскен жұмыртқаны шикі жұмыртқадан қалай ажыратамыз?

 

 

4-Тәжірибе.

Қажетті заттар: Стақан су, тиын, сіріңке және өшіргіш.

Тапсырма:

v  Стақанға су құямыз.

v   Суға тиын, сіріңке және өшіргішті саламыз. Сонда нені байқауға болады?

v   Себебін түсіндір.


5- кезең. ҒАЛЫМДАРДЫ ТАНЫП БІЛ.  ( 2  минут)
Сайысқа 2 минут уақыт беріледі.

Бұл сайыстың шартымен таныстырып өтейін:

 Ғалымдарды танып білсе

атын атаса 1 ұпай,

еңбегін айтса 2 ұпай,

толық мәлімет берсе 3 ұпай беріледі.

http://meditation-portal.com/wp-content/uploads/2010/03/ppifagor1-247x300.jpg220px-Hooke_RayNewton_Ihttp://4.bp.blogspot.com/-8TlATV-0kAM/VOQltvBpBMI/AAAAAAAACTQ/pr0XBb50Wkc/s1600/Great%2BScientist%2BGeorg%2BSimon%2BOhm%2BPhotos.jpg


6- кезең. «ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру); ( 4  минут)

 

Жауабын тапқан топқа – 10 ұпай.

     Келтірілген сөздерді мынадай ретпен орналастыру керек: келесі сөз алдыңғы сөз аяқталған әріптен басталуы керек.

Сөздер: Евклид – файл – телеграф – килобайт – робот – дюим – процессор – монитор – тире – разряд – диск.

  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сайысты қорытындылау ( 3 минут)

Бүгінгі сайыс сабағымызды қорытындылай отырып, оқушыларға сұрақ:

 

1.       Б.з. д математика, физика, информатика.

2.       Қазіргі математика, физика, информатика.

3.       Болашақтағы математика, физика, информатика.

4.       

 Рефлекция  (3 минут)

1        Не білдің?

2        Не үйрендің?

3        Не қызықтырды?

4        Нені білгің келеді?

5        Ұнаған сайыс.

 

Бағалау ( 2 минут)   Сайыс соңында әр топ жинаған  жалпы ұпай сандары бойынша алған орындарын анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осымен сайыс сабағымыз аяқталды, келіп, тамашалағандарыңызға көп рахмет. Қош сау болыңыздар.

 

 

 

 

Оқытушының аты-жөні: Алимкулова Г.М ___________________

                      (қолы/ подпись)

 

 

 


 

АЛМАТЫ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ  КӘСІПШІЛІК  КОЛЛЕДЖІ

 

 

АШЫҚ САБАҚ

 

Тақырып:       «Магнит өрісі. Магнит индукциясы»  

 

 

                                              Физика пәнінің оқытушысы: Алимкулова Г.М.

 

 

 

 

Алматы, 2017 ж.

Бекітемін

директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

______Маткасимова  С.Ж.

 

Сабақтың технологиялық картасы

Пән ­ Физика

Мерзімі: 5.04.2017ж Топ 13

Тақырыбы: Магнит өрісі. Магнит индукциясы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Магнит өрісі тақырыбы бойынша  магнит тізбектеріне байланысты оқушылардың білімділігін арттыра отырып, сабаққа деген қызығушылығын дамыту

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, анықтамалылық мәліметтермен жұмыс жасау.

Тәрбиелік: Болашақ мамандықтарын қадірлеу және құрметтеу қасиеттеріне тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі: Білім мен іс-әрекет тәсілдерін жетілдіру

 

 Сабақты қамтамасыздандырылуы:

а)оқу – көрнекілік құралдар: электронды оқулық кітап.

б)үлестірмелі материалдар: деңгейлік тапсырмалар.

 

в)ТОҚ компьютер, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: химия, электроника және электротехника.

Өз бетінше жұмыс: деңгейлік тапсырмалары.

 

Сабақтың өту барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі ( 1 минут)

         1.Студенттермен амандасу

         2.Студенттерді түгендеу

         3.Сабаққа дайындығын тексеру

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (2 минут)

Өткен материалдарды еске түсіре отырып деңгейлік есептерді шығарады.

 

ІІІ. Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі ( 18 минут)

Жоспар

1.      Магниттің шығу тарихы.

2.      «Заттардағы магнит өрісі» тақырыбында бейне ролик көрсетіледі.

3.      Магниттік құбылыстарын зерттеу.

4.      Магнитті пайдалану.

5.      Магнит индукциясына демонстрациялық жұмыс.

 

Магниттің шығу тарихы.

Магниттің құрамын ашу сонау ерте заманнан бастау алады. 2000 жыл бұрын магнитті заттарды компас ретінде қолданған. Қазіргі таңда магнетизм- денелердің магнит өрісімен байланысып кең көлемді дамып келе жатқан физиканың бір бөлімі.   

Ертеде қытайлықтар магнит тасын «ұнату тасы» деп атаса, грек елі «геркулес тасы» деген ат берген екен.

Магнит –бұл өзінің магниттік өрісі арқылы заттарды өзіне тартатын және тебетін қасиеттері бар дене.

Дененің магнит өрісіне ендірілгеннен кейін магнит қасиетке ие болатын кесегі жасанды Магнит деп аталады. Ал алдын ала магниттелген ферромагнитті не ферримагнитті материалдан жасалған белгілі бір пішіні (таға тәрізді, ұзынша жолақ түрінде, т.б.) бар Магнит тұрақты Магнит деп аталады.

 

Магниттің қасиеттері Магнит дайындалған материалдың магнит гистерезис тұзағы тармақтарының магнитсіздендіру сипатымен анықталады. Магнит — Fe, Co, Nі, Аl, гексогональді ферриттер, т.б. негіздегі қорытпалардан жасалады.

«Заттардағы магнит өрісі» тақырыбында бейнеролик көрсетіледі

Магниттік құбылыстарын зерттеу

            Магнит өрісі” терминін 1845 ж. ағылшын физигі М. Фарадей енгізген. Ол электр өзара әсер сияқты магнит өзара әсер де бірыңғай материялық өріс арқылы беріледі деп санаған. Магнит өрісінің көздері — магниттелген денелер, тогы бар өткізгіштер және қозғалыстағы зарядталған денелер. Магнит өрісі зарядталған микробөлшектердің (электрон, протон, ион), сондай-ақ, микробөлшектердің меншікті (спиндік) магнит моменті болуының нәтижесінде пайда болады.

Қозғалмайтын электр зарядтары электр өрiсiн туғызады, қозғалатын зарядтар басқа өрiс – магнит өрiсiн туғызады. Ток өтетiн өткiзгiштер арасындағы пайда болатын әсер магниттiк әсер деп аталады. Бұл жағдайда өткiзгiштердiң бiр-бiрiне әсер ететiн күштерiн магниттiк күштер деп атайды.

            Электромагниттiк өрiстiң байқалуының бiр түрiн магнит өрiсi деп атайды Оның ерекшелiгi болып, ол өрiс тек қана электр заряды бар қозғалыстағы бөлшектер мен денелерге, сонымен қатар қозғалатын не қозғалмайтындығына байланыссыз магниттелген денелерге әсер ететiндiгi табылады.

p6

            Тогы бар өткiзгiшке магнит өрiсi тарапынан әсер ететiн күштi Ампер күшi деп атайды.

F=B×I×L


мұндағы F – күш, Н  I – ток күші, А  L – өткізгіштің ұзындығы, м    В – магнит индукциясы, тесла (Тл)    1 Тл = 1 Вб/м2

            Қозғалыстағы зарядталған бөлшекке магнит ағыны тарапынан әсер ететiн күштi Лоренц күшi деп атайды. Магнит өрiсiнде қозғалатын электрондардың бастапқы бағытынан ауытқуына әкелiп соғатын Лоренц күшi, табиғаттың көптеген құбылыстарында кездеседi.

p6Мысалы, «полярлық шұғыла» құбылысы .

 

 

p6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Х.Эрстед тәжiрибесi электр тогы өзiнiң маңындағы кеңiстiкте магнит өрiсiн туғызатындығын дәлелдейдi. Бұл дерек, өз кезегiнде электр және магнит өрiстерiнiң арасында қандай да бiр байланыс бар екенiне нұсқағандай. Осымен байланысты мынадай заңды сауал туындайды: «керiсiнше, магнит өрiсi электр тогын туғыза ала ма?». Бұл сауалдың жауабын 1831 жылы ағылшын ғалымы М.Фарадей бердi. 

            Фарадей тәжiрибесi өткiзгiштiң тұйық контурын тесiп өтетiн магнит ағыны өзгерген кезде ол өткiзгiште электр тогы пайда болатынын көрсеттi. Физика мен техниканың одан арғы дамуында үлкен роль атқарған бұл құбылыс электромагниттiк индукция құбылысы деп, ал сәйкес контурда пайда болған ток индукциялық ток деп аталды. Сонда электромагниттiк индукция құбылысы дегеніміз – сыртқы магнит өрісінің өзгерісі кезінде тұйық өткізгіште индукциялық токтың пайда болу процесі.

Магнитті пайдалану.

 Магнит электроникада, радиотехникада және автоматикада тұрақты магнит өрісінің автономды көзі ретінде кеңінен қолданылады.

            Магниттік тізбек электр машиналары, трансформатор, тұрақты магнит,  электрмагнит,  электр өлшеуіш приборлар, т.б. жасау ісінде пайдаланылады.

Электрмоторларда электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіру үшін қолданады.

 

ІV. Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру ( 10 минут)

Демонстрациялық жұмыстар

1)      Тұрақты магнит өрісіне тәжірибе.

2)      Электромагниттiк индукция құбылысына тәжірибе. 

3)      Компос жасау.

    Қажет болған құрал-жабдықтар;
   1. Алдымен инені қуатты бір магнитке 100 рет үйкеңіз (Инені алға-артқа қозғамай, тек бір бағытта айналдыра үйкеңіз, бірақ қолыңызға абай болыңыз).
  2.  Стаканға жартысынан асырып су құйыңыз.
  3.  Тығынды суға қойыңыз.
  4.  Инені ұқыпты және тепе-тең етіп тығынның үстіне орналастырыңыз.
 
5.  Стаканды жай жылжытып, инеге қараңыз. Ине солтүстікті көрсетеді

V. Сабақтың қорытындысы ( 5 минут)

1) Магнит өрісі дегеніміз не?

2) Магнит дегеніміз не? Магнитің қандай түрлері бар?

3) Электромагниттік индукция құбылысының негізін салған кім?

4) Индукциялық ток қандай жағдайда пайда болады?

5) Магнитті қайда қолдана аламыз?

 

VІ. Рефлексия ( 4 минут)

1. Бүгін мен сабақта _________бойынша білімімді тереңдеттім және бекіттім.

2. Бүгін мен сабақта _________________ туралы білдім.

3. Бүгінгі сабақта мен үшін ең қызықты _________________ туралы болды.

 

VІІ. Бағалау ( 2 минут)  Оқушыларды білім деңгейіне қарай бағалау.

VІІІ. Үй тапсырмасы ( 3 минут)

  Магнит өрісі туралы мәлімет айту.

1. Оқу §10.1  Магнит өрісі .§10.2 Ампер күші   294-298 беттер

Оқытушының аты-жөні: Алимкулова Г.М________________________

                      (қолы/ подпись)

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

КМҚК «АЛМАТЫ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ КӘСІПШІЛІК КОЛЛЕДЖІ»

 

 

 

 

 

 

 

«Өлкенің гүл жайнаған балғындары»

 

 

 

 

                                               

                                               

 

Физика пәнінің мұғалімі: Алимкулова Г.М

Ағылшын пәні мұғалімі: Монтаева М.М

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2016 ж

 

Балаларды қорғау күніне арналған музыкалық, спорттық іс - шара

"Өлкенің гүл жайнаған балғындары"


Жүргізуші:

            Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, ұстаздар, ата- аналар және студенттер!

Ведущий:

Добрый день, уважаемые гости, дорогие преподаватели  и студенты.

Жүргізуші:

2016 жыл мерей тойларға бай. Биыл біздің  әсем, сүйікті Алматы   қаламызға 1000 жыл, Тәуелсіздігімізге 25- жыл, Бостандық ауданының құрылғанына 50 жыл, ал біздің колледжімізге 60 жыл, және де бүгін 1- Маусым «Балаларды қорғау күніне »

арналған "Өлкенің гүл жайнаған балғындары" атты мерекелік концертімізді бастауға рұхсат етіңіздер!!!.

Ведущий:

Этот год богат на знаменательные и юбелейные даты. В этом году мы отмечаем 1000-летние нашего любимого, прекрасного города Алматы, Независимости нашей Республики -25 лет, 50 лет со дня образования Бостандыкского района, а наш колледж в этом году отмечает шестидесятилетний юбилей и сегодня 1-Июня «День Защиты детей». Наш праздничный концерт мы посвящаем этим знаменательным датам!

 

Жүргізуші:

Баршамызды бала тілмен баурайтын,

Бала деген бір бақыт қой самғайтын

Ата - ананың арманы мен тілегін,

Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын

 

Сүйкімді періштелер сендерсің

Қандай бейне өздеріңе тең келсін!

Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,

Ең алдымен балалықты меңгерсін.

Ведущий:

Здравствуйте, ребята! Я очень рад(а) снова видеть вас.

 

Здравствуйте, Здравствуйте, Здравствуйте!

Мы рады приветствовать вас!

Как много светлых улыбок

Мы видим на лицах сейчас.

 

Сегодня праздник нас собрал:

Не ярмарка, не карнавал!

Первый летний день в году

Не отдаст детей в беду.


Жүргізуші:

Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.

Ведущий:

Защищать детей означает защищать покой, счастье и беззаботное детство каждого ребенка на этом свете! Так пусть же наши дети, младшие братья и сестры растут и живут под безоблачным голубым небом в мирной стране, без печалей и горестей!

 

Жүргізуші:

Алдарыңызда колледжіміздің фольклорлық музыкалық аспаптар оркестрінің орындауында Құрманғазының «Адай» күйі. Жетекшісі: Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері қаниева Сауле Қапарқызы.

Ведущий:

В исполнении оркестра фольклорных народных инструментов под управлением заслуженного деятеля Республики Казахстан Каниевой Сауле Капаровны кюй «Адай».

 

Күй  «Ақжелкең»

 

Жүргізуші:

1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Бүгін біз осы мерекені атап өтпекшіміз.
Ведущий:


В 1950 году 1-июня был проведен первый Международный день защиты детей, после чего этот праздник проводится ежегодно. И сегодня мы собрались здесь, чтобы отметить этот знаменательный праздник!

 

- Құттықтау сөз кезегін колледждің директоры Жамангозов Камал Амиргалиұлына береміз.

- Слово предосталяется директору колледжа Жамангозову Камалу Амиргалиевичу.


Жүргізуші:

Талайлардың шырқалады жыр әні,  

Талайлардың жүрегі нұр құшады.

Бүгінгі күн туған жер аспанында,  

Ән қалықтап күй мен жыр бірге ұшады,- дей отырып кезекті әнге береміз.

 

Ведущий:

Первый день июня – это

Наступило снова лето.

Пусть от края и до края

Расцветет земля родная. 

 

 Для вас, дорогие гости, выступает  Дюсембаева Алина с поздравительными песнями!

Бүгінгі күнге арнап  Дюсембаева Алина өз әнін тарту етеді!

 


(ән)

 

Жүргізуші:

Жан иірімі біле білсең би деген  

Кімдерің бар биді ұнатып сүймеген  

Қазағымның би өнерін паш етіп

Алдымызда аруымыз билеген

 

Ведущий:

Здравствуй,  лето! Здравствуй, лето!

Ярким  солнцем  все согрето!

На полянку  поспешим,

В ярком  танце  закружим!

 

А сейчас на сцене 10 группа. Дорогие друзья, встречайте  с танцем, посвященный этому дню!

Қазір сахнада 10- топ студенттерінің орындауында ,балалар күніне арналған биді қабыл алыңыздар, қымбатты достар!


(би)

 

Жүргізуші:

Қабыл алшы өнерлерін баланың,  

Тілектері орындалсын ананың.

Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,  

Өздеріңсің жалғастырар бабамның.  

Ведущий:

Наступил праздник детства! Ура!

Так давайте же петь и смеяться!

Ведь весёлая детвора —

Это главное наше богатство.

 

Так давайте же позволим нашим студенту  13 группы показать вам свое творчество и поздравить вас, дорогие гости!

 

Назарында өз өнерімен  13- топ студенті Укенов Елнұр!

 


(домбырамен ән/күй/терме)

 

 

Жүргізуші:

Басты қоссақ бәріміз

Біздер елдің сәніміз

Шаттық, бақыт, қуаныш

Елімізге сыйлаймыз.

 

Бүгінгі күн көңілді өтсін деп келгендер біздің 10- топ студенттеріміз,  қабыл алыңыздар.

Ведущий:

Сегодня мы всех поздравляем         

С солнечным летним днем! 

Сегодня для вас песни,

Сегодня для вас все цветы,

Сегодня мы поверяем

Друг другу свои мечты!

 

На сцене наши КВН-щики, встречайте 10- группы!


(КВН)

 

Ведущий:

Молодцы ребята!

А теперь, наши дорогие зрители, вашему вниманию  с выступлением-пародией!

Жүргізуші:

Пародия көрінісімен алдарыңызда 10 топ студенті Таңатаров Нұрсұлтан!

 


(пародия жануарларға/әншілерге)

 

Жүргізуші:

Бүгін бір керемет мереке достар! Ең шуақты және ең көңілді! Бұл күн тек Сіздер үшін! Ал мерекелік концертімізді 14 топ студенті Ермахан Гүлсім үнді биімен жалғастырады.

Ведущий: 

Уважаемые зрители, просим вас встретить бурными апплодисментами студент 14 группы Ермахан Гулсім, подготовившую для вас специальную постановку!

 

(Үнді биі)

 

 

Жүргізуші:

Ал жарайсыңдар достар! Не деген керемет орындау десеңізші құрметті көрермен!

Ал енді кел халайық, қол шапалақтап ортаға шақырайық, талантты студенттерімізді қарсы алайық! Алдымызда 17 топ студенті Қаттебаев Дастанның гитарада орындалатын әнімен!

Ведущий:

А теперь черед 17  группы, которая исполнит песню под гитару. Встречайте!

 

(гитара мен ән)

 

Жүргізуші:

Өнерлі өрге жүзер талаптанып,

Қыран биік самғайды қанат қағып.  

Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу  

Жүрген соң адам деген атақты алып, - демекші, құрметті халайық, алдарыңызда сіздерді құттықтаймыз деп келіп отырған 11 топтың студенттері Сомов Николай және Пигарёв Ильяны сахнаға шақырайық!

 

Сегодня замечательный праздник, самый светлый и радостный. Этот день посвящен вам, дорогие ребята! А в праздничные дни принято принимать поздравления. Сегодня вас пришли поздравить студенты  11- группы Сомов Николай және Пигарёв Илья !

 

(рэп оқылады)

 

Жүргізуші :

Бүгінгі еліміздің қырмызымыз,

Арайлы болашақтың ұл қызымыз.

Арасын жер мен көктің жалғайтұғын

Қанаты жарқыраған жұлдызымыз, - демекші, сахнада битбокс дейтін жаңа музыка бағытының өкілдері, біздің жарқыраған жұлдыздарымыз Токанов Арман!Қарсы алыңыздар!

Ведущий:

Так давайте же, гости дорогие, встретим наши юные таланты 17 группы с музыкой битбокс!

 

(битбокс орындалады)

 

Жүргізуші:

Ендігі кезекте 12- топ студенті. Сіздер үшін арнайы осы мерекеге дайындап алып келген әнін қол шапалақтап қарсы алуларыңызды сұраймыз!

Ведущий:

Уважаемые зрители, просим вас встретить бурными апплодисментами студент12- группы , подготовившую для вас специальную постановку!

 

(ән)

 

Ведущий:

Как говорится: «У каждого человека свой талант», так давайте же оценим талант нашей молодежи! Перед вами на сцене студент 15-группы  Сарсебек Заманбек! 

Жүргізуші:

“Өнерлі өрге озар”, - дейді қазақ халқымыз! Студенттерміздің тағы да қандай өнерлері бар екенің бірге сынап көрейік, достар! Сахнада пародия өнерін көрсетеді!

 15- топ студенті Сарсебек Заманбек

 

(пародия әншілерге)

 

Жүргізуші:

Шынымен де жарайсыңдар достар!Таң қалдырдыңдар! Пародия өнерін бір меңгеріп алу кере еді сендер секілді!

Ведущий:

Да! И вправду хорошо выполнено, ребята!

 

Жүргізуші:

Ән көмейден төгілді  

Қайғы бұлты шегінді  

Балалармен дүние  

Көрікті де көңілді,

 

Ведущий:

 

Дети — наше счастье,

Радость и успех,

Летит пусть над планетой

Веселый детский смех.

Чтобы так же продолжить наш концерт на такой же позитивной ноте, позвольте пригласить на сцену 16- группы! Похлопаем все вместе, друзья!

 

Жүргізуші:

Мерекемізді осылайша көрікті де көңілді жалғастырайық, құрметті қонақтар! Ол үшін сахнаға 16 топ студенттері Сарсанов Нұрлыбек пен Тезекбаев Жоламанды шақыруды рұқсат етіңіздер!

 

 

(Ән Достарым)

Жүргізуші: Алдарыңызда АҚжХКК студентерінің орындауында ФлешМоб. Қарсы алыңыздар!

 

Ведущий:

 

(Флешмоб)

 

Жүргізуші:

 

Көп-көп рақмет, достар! Жарайсыңдар!

Ал құрметті ханымдар мен мырзалар, осымен бүгінгі мерекеміздің бірінші бөлімі тәмамдалды! Екінші бөлімі сіздер үшін бұдан да қызық болар деп сенемін! Мерекенің екінші кезеңі – спорттық турнир!

Ведущий:

А теперь, уважаемые дамы и господа, мы хотим объявить,  что переходим ко второй части нашего празднества! Второй этап – это спортивный турнир! Уверены, что он будет еще более интересным!

 

Жүргізуші:

Денсаулық ол – шыныққан

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық ол - тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

Денсаулық ол – күлуің, 

Көңіл күйің жадырай. 

Денсаулық ол жүруің, 

Ешбір жерің ауырмай. 

 

Спорттық турниріміз (сан) түрлі ойынды қарастырады. Әрбір ойынға сай 3 немесе 5 ойыншы керек болады. Ойын түрлерін атап өтейін:

1.     Гір көтеру

2.     Асық ату

3.     Кубик-рубик (Рубик текшесі)

4.     Шашки/шахмат

5.     Қол күрес

6.     Тоғызқұмалақ

7.     Үстел теннисі

 

Ал енді бастайық, құрметті студенттер!

 

Бірінші сайыс басталды!(2-ші,3ші...)

 

Ведущий:

Всегда полезно спортом заниматься,

Беречь здоровье, правильно питаться.

 

Наш спортивный турнир включает в себя (…) игр. Для каждой игры нужно будет 3 или 5 человек, в зависимости от вида игры.

Итак, виды игр:

1.     Состязание с гирей

2.     Асыки

3.     Кубик Рубика

4.     Шашки/шахматы

5.     Армрестлинг

6.     Тоғызқұмалақ

7.     Настольный теннис

 

А теперь начнем, дорогие студенты!

 

Первое состязание! (2-е,3-е)

 

Жүргізуші:

Бүгінгі балалар күніне арналған мерекемізді қорытындылау үшін сөз кезегін колледж директорының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Азанбаева Майгүл Битлеуов береміз. 

 

Осы мейрам сәтті өтсін деп ат салысқан әрбір студентке өз ризашылығымызды тағы да білдіреміз! Қадамдарың сәтті болсын, тілектерің қабыл болсын ағайын!

 

Ведущий:

Вот и подошел наш сегодняшний праздник к концу. Хотим предоставить слово заместителю директора _________________________, для подведения итогов этого знаменательного дня.

Выражаем искреннюю благодарность студентам нашего колледжа в оказаниий помощи и активном участии на сегодняшнем концерте! Желаем успехов и исполнений желаний!


 

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

КМҚК «АЛМАТЫ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ КӘСІПШІЛІК КОЛЛЕДЖІ»

 

 

 

 

 

 

 

«Жаңа жыл -2017»

 

                                   

 

    Дайындаған: Алимкулова Г.М.

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2017 ж.

 

Сценарий НОВОГОДНЕЙ ВЕЧЕРИНКИ для студентов

Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады.

Екі жүргізуші ортаға шығады.

І жүргізуші: Ассалаумағалайкум! Құрметті қонақтар! Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар!

 

Ведущий: Добрый вечер, преподаватели, гости, студенты.

І жүргізуші:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Жылқы жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

Ведущая: Пусть у нас сегодня не смолкают радостный смех, шутки, прибаутки, песни, танцы!

 

2 жүргізушіге) Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.

Ведущий: Много хороших праздников на Руси, но Новый год – самый теплый, несмотря на крепкие морозы, самый красивый, семейный праздник.

И мы не ошибемся, если скажем, что сегодня мы собрались большой дружной семьей для встречи Нового года!

 

ІІ жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жылы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

І жүргізуші: Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектеп директоры ... береміз.

https://pp.vk.me/c837531/v837531551/19b1a/ZNCuKR_N7VI.jpgВедущая: Да, так дело дальше не пойдет. Надо что-то предпринимать, иначе в зале у насначнутся неожиданности, ненужные нам! Я все-таки обращусь за помощью к человеку, которого очень уважаю, верю ему. Догадались?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Все: Да!

Ведущая: Слово директору техникума ………...

Ведущий: Светлые, чистые силы всегда побеждают зло! С наступающим Новым годом!


(Поздравления директора техникума)

І жүргізуші:  Өзінің құттықтау әнімен ортаға әншілеріңіз (ұл, қыз) келіп тұр екен, қарсы алыңыздар!

Музыка қосылады. Бірақ әнші әнді айтпайды.

Әнші: О, ағайын! Мен ән сала алмаймын. Орталарыңда не Аяз ата, не Ақша қар жоқ. Қалай болғаны? Жаңа жыл деген өзіндік ерекшелігімен болу керек қой. Аяз ата мен Ақша қар келмей, мен ән айта алмаймын.

ІІ жүргізуші: Ойбуууу, ұят болды ғой! Біз шынымен осы Жаңа жылдың иесін ұмытып кетіппіз ғой. Достар, ендеше бәріміз бір ауыздан Аяз ата мен Ақша қарды шақырып алайық. Қалай қарайсыздар?!

 

Ведущая: Друзья! А какой Новый год без Деда Мороза и Снегурочки?

 

Ведущий: А давайте мы их дружно позовем.

«Дед Мороз, Снегурочка – мы ждем вас»

(выходят цыганки с танцем)


І жүргізуші: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды - деп, Абай атамыз жырға қосқандай, ұзақ күттірмей, барлық балалардың қуанышы Аяз атаны ортаға шақырайық.

Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

Ведущий: А давайте мы их дружно позовем.

«Дед Мороз, Снегурочка – мы ждем вас»

ІІ жүргізуші: Біз бәлкім шын көңілмен шақырмай жатқан болармыз! Кәне, достар, не тұрыс, шын ниетпен, бар күшімізбен Аяз атаны шақырайық! Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

Аяз ата келеді. Қасында Ақша қары бар. Таяғын тарсылдата кіріп келеді.

Аяз ата: 

Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,

Жауғанын қапалақтап көріп қардың,

Асыға ұшып келдім құрдай жорып,

Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.

Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау солтүстүтіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.

Снегурочка:

Здравствуйте, дорогие гости!

С Наступающим вас Новым годом!

І жүргізуші: Аяз ата, ортамызға қош келдіңіз. Сіз де, Ақша қар. Сіздер келмесе ән салмаймын деп, әншіміз ренжіп отыр. Өздеріңіз бір тілек айтып, ән салдыртсаңыздар.

Аяз ата:

Келтірейін сәніңді.

Бұзба енді мәніңді.

Әнші балам, тоқтама,

Шырқап жібер әніңді.

Снегурочка:

А Новый год встречать, друзья,

Без песни нам никак нельзя.

Про елку мы сейчас споем

И вокруг нее пойдем.

 

Ән салынады. Ән айтылып болған соң Аяз ата әншіге сыйлығын береді.

ІІ жүргізуші:  Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің жастар өнерлі. Сіз келеді деп күтіп отырғандары қаншама?! Солардың да өнерін тамашаласақ.

Ведущий: А еще наши студенты умеют танцевать …

 

(танец танго)

Аяз ата:

Тамаша, тамаша,

Күн туылды жаңаша.

Тамасанады барлығы,

Өнеріне қараса.

Тамаша, тамаша!!!

Ақша қар, сыйлықтар қайда, кәне, берші. Мен мына жастардың жарқын жүздеріне, тамаша өнеріне тамсанып отырмын.

Снегурочка: Дедушка, а давай проверим, умеют ли они играть?

 

Дед Мороз:

Давай внучка проведем игру «Заморозка» - показывайте свои руки ребятки, а уж кого заморожу не обессудьте – выполните мое задание.

 

( играют в игру и выбирают 10 человек)

Сыйлықтар беріледі.

І жүргізуші:  

Аяз атамыз бүгін сыйлыққа тола келген екен. Өнерлі жастарымыз да бір риза болып қайтатын болды. Аяз ата, бізде ақын жастар да бар еді. Солдардың бірі сізге және Ақша қарға, Жаңа жылға арнаған жүрекжарды жырын оқып берсем деп тұр, қалай қарайсыз?!

Аяз ата:

Мынау жатқан қазақтың жері емес пе,

Ақындарын сыйлаған ел емес пе.

Колледждің жастары мерекеге

Тақпақ айту үшін келді емеспе?  Әндерінді тындадық, билерінді тамашаладық ал араларыңызда жана жылдық тақпақтар айтатын ақындар барма? Өнелерінізді тамсандық

Дед Мороз: Итак, вот и замороженные. А чтобы согреться вам нужно спеть частушки.

(студенты поют частушки)

( тақпақ айтылады)

 

 

 

 

 

 

https://pp.vk.me/c837531/v837531551/19b11/gKc2yh4F-Jc.jpg

КВН

 

 

Снегурочка: Дедушка, нужно их испытать еще. А давай конкурс на лучшего танцора проведем.

 

Дед Мороз: Ой, бәрекелді! Мен мұндай ерекше кеште бірінші рет болудамын. Ақша қар, біз шынымен де өзіміздің өнерлі жандарға мән бермей жүре екенбіз ғой. Билесек билеп алайық.

 

І жүргізуші: Алдарынызда би жарыс әр группадан 2 студенттен шығуларынызды сураймыз! 

 

(конкурс на лучший танец Лезгинка и Қара жорға)

ІІ жүргізуші: Алдарынызда әр түрлі ойындардың докторы Мұхтарды шақырамыз!

(Ойын)

 

ІІ жүргізуші: Ал, Аяз ата! Бағасы мен сыйлығын беріңіз бұл екі жақтың! Сіздіңше кім жеңді?

 

 Ведущая:: Талантливые у вас в колледже студенты. Встречаем  студенты 19 гр с песнем Новый год.

 

(пенсня новый год)

 

І жүргізуші: Екі ішектің бірін қатты бірін сәл сәл кем бұра, Нағыз қазақ қазақ емес Нағыз қазақ Домбыра дей келе алдарынзда 17 топ студенттері ::::::::::::::: орындауында Жана жылдық шығарма.

 

(домбырамен куй Жана Жыл)

https://pp.vk.me/c837531/v837531551/19b35/nbs4NlgzyIE.jpg

 (Ойын)

ІІ жүргізуші: Ал, Аяз ата! Бағасы мен сыйлығын беріңіз бұл екі жақтың! Сіздіңше кім жеңді?

 

Аяз ата: Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!

 

Снегурочка:  Еще раз С Новым годом, до встречи!!!

Ведущая: Дед Мороз и Снегурочка уехали дальше раздавать поздравления и подарки.

 ІІ жүргізуші: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.

Аяз ата қызын ертіп, көмекшілерімен бірге шығып кетеді.

І жүргізуші: Құрметті достар!Қадірлі ұстаздар, қонақтар! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік болайық!

Ведущий:

І жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Барлық ұсаздар мен студенттерді би алаңына шақырамыз! 

Ведущий: А у нас новогодняя дискотека…

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Г. М. Алимкулованың "АШЫҚ САБАҚТАР ЖИЫНТЫҒЫ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 063 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.02.2018 1337
    • DOCX 31.9 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алимкулова Гульбану Мауланкуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 35244
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Информационные технологии в деятельности учителя физики

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 865 человек

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 536 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 130 человек

Мини-курс

Сенсорная интеграция: типовые и инновационные методы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическое благополучие и успех в учебе: методы помощи детям на разных этапах развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 202 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 122 человека