Газета на тему: "Казахстанские детские писатели"

Предпросмотр материала:

ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАР ЖАЗУШЫЛАРЫ

http://kalamger-uko.kz/other/turmanjanov.jpgТҰРМАНЖАНОВ ӨТЕБАЙ

(1905–1978)

           Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Жалғыз ағаш деген ауылда туған. Ташкентте №4 жетім балалар үйінде тәрбиеленген. 1925 жылы Мәскеуде КУТВ (Шығыс еңбекшілері Коммунистік университеті) бітірген соң, Ташкенттегі Орта Азия Коммунистік университетінде оқыған. 1931 жылы Алматыға келіп, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында әдебиет пәнінен сабақ береді. Педагогикалық қызметте жүріп, Қазақ мемлекеттік баспасының оқу-әдістемелік секторын басқарады. «Әдебиет майданы» журналы редакторының орынбасары, редакторы қызметін атқарды. Ұзақ жылдар бойы «Жазушы» баспасында бөлім бастығы болып істеді. Елуге тарта кітап шығарды. «Қошан кедей» атты әңгімелер жинағы 1927 жылы жарық көрген. «Қарлығаш» (1932) ертегі-кітапшасынан бастап, балаларға арналған көптеген өлең-тақпақ, ертегі, әңгіме, повесть, мысал, дастандар жазды. Олардың ішінде «Пулемет», «Сұңқар түлектер», «Жауқазын», «Құралай», «Ұршық», т.б. бар. 
Таңдамалы өлеңдері мен дастандарының бір томдығы 1936, 1957, екі томдығы 1975 жылдары шыққан. Қазақтың мақалдары мен мәтелдерін жинап, бастырған (1935, 1980). Ертегілерді өңдеп, жариялады. «Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос, құдалар» аталатын мысал-дастаны көптеген туысқан республика тілдеріне аударылды. Үлкендерге бірсыпыра өлең, «Пулемет» (1933 жылы республикалық жабық конкурста бәйге алған), «Карл», «Қыран қыз», «Байғыз» секілді поэмалар ұсынды.
       Еңбек Қызыл Ту орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.

Краткое описание материала

Газета на тему: "Казахстанские детские писатели"

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Тюлемисова Гайни Сайнгалиевна

учитель казахского языка и литературы

  • На сайте: 10 лет и 8 месяцев
  • Всего просмотров: 54862
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 15
  • 54862
    просмотров
  • 15
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Тюлемисова Гайни Сайнгалиевна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: