Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Рабочие программы / Генетикалық есеп. (Блум таксономиясы бойынша) 9 сынып

Генетикалық есеп. (Блум таксономиясы бойынша) 9 сынып

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gif

Қарағанды облыстық білім басқармасы

ҚОББД оқу әдістемелік орталығы








Генетикалық есептер шығару





Оқытушы: Теміртау қаласының

4 ЖББОМ

биология пәнінің мұғалімі

Рахимова Анар Сайлауовна








Қарағанды - 2014



Күні айы Бекітемін




Сабақтың тақырыбы: Генетикалық есептер шығару

Сабақтың міндеті: Педагог қызметкерлердің білім мен дағдыларды алудағы білімділік қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Сабақтың мақсаты:

1. Тақырып бойынша білімді пысықтау (генетика ғылымы, оның өзекті проблемалары және тақырыптарына есеп шығара алу дағдысы қалыптастыру .

2. Топтық және өзіндік жұмыс істеу , алынған білімді қисынды негізде қорыту қабілеттерін дамыту.

3.Өзінің міндеттеріне ықыласпен қарауға тәрбиелеу.


Сабақтың типі: аралас, Блум таксономиясы

Сабақтың әдісі: сұхбаттасу, әңгімелеу, сұрақ –жауап, есеп шығару.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, 9 және 10 сыныптарға арналған электронды оқулық, диск «Мендельдің тәжірибесі», слайд «Генетика», тапсырмалар, тест сұрақтары.


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлемдесу

- Сабақ барысымен таныстыру

Сабақ кестесі

І сабақ –Теориялық жұмыс. (Электронды оқулық, слайд «Генетика», , флипчарт) ( Блум таксономиясындағы «Білу», «Түсіну» сатылары)

ІІ сабақ –) Практикалық жұмыс “ генетикалық есеп шығару” ( «Қолдану» сатысы )

ІІІ сабақ- Тақырып бойынша тестілеу, қатемен жұмыс, есеп құрастыру («Жинақтау», «Бағалау» сатысы)


2. Жаңа сабақты түсіндіру.


І сабақ – Теориялық жұмыс. (Электронды оқулық, флипчарт)

9 және 10 сыныптарға арналған электонды оқулықтағы көрсетілімдер:

  1. «Генетика негіздері» электронды оқулық 9 сынып

  2. «Моногибридті будандастыру» электронды оқулық 10 сынып

  3. «Дигибридті будандастыру» электронды оқулық 10 сынып

  4. «Жыныс генетикасы» электронды оқулық 10 сынып

«Білу» сатысы /сұрақ-жауап/

  • Генетика нені зерттейді?

  • Мендельдің заңдарын атаңыздар.

  • Мендельдің тәжірибесі (диск «Мендельдің тәжірибесі»)

«Түсіну» сатысы / тапсырмалар /

І тапсырма Генетикалық символдарды анықта (слайд «Генетика») (плакат, парақтар, тапсырмалар таратылады).



ІІ тапсырма . Терминдердің мазмұны (Терминдер мен оған сәйкес келетін терминдер мазмұнын табыңыздар).

1,3 - топ тапсырмасы

Генетика - Тұқым қуалайтын ақпараттық құрылымдық бірлік

Тұқым қулаушылық - Гетерезигота куйінде көріне алмайтын тұқым қуалайтын белгі

Ген - Тұқым қуалайтын белгілердің сырты көрінісі

Аллельді гендер - Әр түрлі аллельді гендері бар зигота

Гамета - Жыныс хромосомаларынан басқа хромосомалар

Гетерзигота - Тірі организмдердің табиғи қасиеттерінің ұрпаққа берілуі

Фенотип - Өз түріне тән жасушадағы тақ хромосома жиынтығы

Рецессивті - Жыныс жасушасы

Аутосомды - Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейді.

Гаплоидты - Бір жұп белгілердің дамуын анықтайтын гендер

2,4 - топ тапсырмасы

Өзгергіштік - Тұқым қуалайтын ақпараттық құрылымдық бірлік

Хромосома - Гетерезигота куйінде көріне алмайтын тұқым қуалайтын белгі

Зигота - Тұқым қуалайтын белгілердің сырты көрінісі

Гомозигота - әр түрлі аллельді гендері бар зигота

Гамета - Жыныс хромосомаларынан басқа хромосомалар

Гетерзигота - Тірі организмдердің табиғи қасиеттерінің ұрпаққа берілуі

Фенотип - Өз түріне тән жасушадағы тақ хромосома жиынтығы

Рецессивті - Жыныс жасушасы

Аутосомды - Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейді.

Гаплоидты - Бір жұп белгілердің дамуын анықтайтын гендер



2 сабақ - практикалық жұмыс

«Қолдану» сатысы / генетикалық есеп шығару/

Есеп №1

.Қара көзді (доминантты гомозиготалы белгі) солақай (рецессивті белгі) әйел, көк көзді (рецессивті), оң қолды (доминантты гомозиготалы ) еркекке үйленген. F1 ұрпақты тап?


Есеп №2

Сұр түсті тышқан – А

Ақ түсті тышқан – а

Сұр және ақ түсті тышқандарды шағылыстырды,Ғ1 тек сұр тышқан, ал Ғ 2-де 198 сұр және72 ақ тышқан пайда болды. Бұл белгілер қалай тұқым қуалайды?


Ж: Моногибридті будандастыру бойынша тұқым қуалайды. Сұр түс доминантты да, ақ түс рецессивті


Есеп №3

Доминантты аллель көк көзділік –А,ал қара көзділік - а. Мына гаметаларды будандастырғанда фенотиптік ара-қатнас қандай болады?

  1. АА х аа


Ж: 1.Біркелкі

2. АА х Аа 2.1/1

3. Аа х Аа 3.3/1


Есеп №4.

Доминантты белгі толық байқалмай аралық сипатта болса, ол қалай аталады?


Ж: Толымсыз доминанттылық


Есеп №5

Гетерозиготалы екі қара итті бір-бірімен шағылыстырғанда ақ иттің дүниеге келу мүмкіндігі қандай?

Есеп №6

Берілгені:

АА – қоңыр құндыз

аа - сұр құндыз

Ғ 2-де 15 сұр және 47 қоңыр құндыз пайда болады.

Есепті шығар.

Ж: Моногибридті будандастыру бойынша тұқым қуалайды.

Фенотипі: 47:15 (3:1);

Генотипі: 1:2:1;

Есеп №7

Ата-аналары бір-бірінен айқын бір жұп белгі арқылы ажыратылатын дараларды будандастыру?

Ж: Моногибридті будандастыру

Есеп №8

Қызыл жемісті қойбүлдіргенді бір-бірімен будандастырғанда ұрпақтарының жемісі қызыл, ал ақты бір-бірімен будандастырғанда ұрпақтары ақ болады. Қызыл жемісті қойбүлдіргенді ақпен будандастырғанда, ұрпақтары қызғылт болады.Енді осы қызғылтты өзара будандастырғанда ұрпағында қандай фенотип болады?

Ж: 1 АА (қызыл)/2 Аа (қызғылт)/1аа (ақ)

Есеп №9

Адамда таскерең ауруы – рецессивті белгі болып тұқым қуалайды.Егер ата-анасы гетерозиготалы болса, отбасында ауру және сау балалардың туу ықтималдығы қанша пайыз?

Ж: 25% (аа) ауру бала тууы мүмкін.

Сергіту сәт.

Есеп №10

Бұршақ өсімдігінің тұқымының қара түсі, ақ түсінен басым. Мынадай будандастырудан алынған өсімдіктердің тұқымының түсі қандай болмақ: а)Аа х Аа; ә) АА х Аа; б) аа х АА; в) Аа х аа ?.

Ж: а) 3:1; ә) біркелкі; б) біркелкі; в) 1:1;

Есеп №11

Қой бүлдіргенінің екі сорты бар. Бірінің жемісінің түсі қызыл (доминантты гомозиготалы) және мұртшасы (рецессивті) бар, ал екіншісінің жемісінің түсі ақ (рецессивті) және мұртшасы жоқ (доминантты). F1-ы тап?

Ж: F1 – қызыл, мұртшасы жоқ

Есеп №12

Гомозиготалы қара сиыр қызыл сиырмен шағылыстырылады. Ірі қара малда қара түс (В) қызыл түстен (в) басым екені белгілі. Алынған ұрпақ қандай түсті?

Ж: Бірінші ұрпақ фенотипі бойынша қара, ал генотипі бойынша – гетерозигота.

Есеп №13

Ірі қара малда Р гені қызыл түсті, Р1 гені ақ түсті анықтайды, ал гетерозигота жағдайында – бурыл түс береді. Ұрпақтарының түсін анықтаңдар:

А) ақ сиырды бурыл бұқамен;

Ә)Бурыл сиыр мен бурыл бұқаны;

Ж: А)1ақ/1бурыл

Ә)1қара/2бурыл/1ақ

Есеп №14

Генотипі мынадай тышқандар: уу-сұр,Уу- сары,УУ- эмбрионды даму кезеңінде өледі. Мынадай шағылыстыруда ұрпақтары қандай болады: а) сары х сары;

ә)сары х сұр;

Қандай шағылыстыруда ұрпақтары көп болады?

Ж: а) сары х сары; ¼ (25%) эмбрионды дамуда өледі

ә)сары х сұр; ұрпақтары көп болады

Есеп №15

2 қара қоянды өзара шағылыстырғанда, ұрпақтарында ақ және қара қояндар пайда болды.

Ата-анасының генотипі қандай?

Ж: Генотипі гетерозиготалы, яғни Аа – қара қояндар

Есеп №16

Тек бірыңғай доминантты немесе бірыңғай рецессивті аллельдерден тұратын организмді қалай атайды?

Ж: АА, аа - гомозиготалы

Есеп №17

Қызанақ жемісінің домалақ (В)пішіні алмұрт пішіндіден, ал қызыл түсі (С) сары түсінен басым.Домалақ қызыл қызанақ пен алмұрт пішінді сары қызанақты будандастырса,Ғ1,Ғ2-ні тап

Ж: Ғ1- біркелкі ВвСс; Ғ2 – 9(ВС)/3(Вс)/3(вС)/1(вв)

Есеп №18

Берілгені:

ААВВ- қара мүйізсіз бұқа

аавв – сары мүйізді сиыр

Ғ1, Ғ2– ні тап?

Ж: Ғ1- біркелкі қара мүйізсіз

Ғ2 – 9(Қара мүйізсіз)/3(қара мүйізді)/3(сары мүйіссіз)/1(сары мүйізді)



«Жинақтау» сатысы / тест тапсырмасы/

. Тест ( 20 сұрақтан, А,Ә, Б, В, жауабынан, 4 нұсқадан құралған)

  1. Қатемен жұмыс



1. Тұқым қуалаушылық пен өзгергішілік зерттейтін ғылым:

А) биология

ә) эмбриология

Б) гельминтология

в) генетика

2. Тұым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашқан кім:

А) Г. Мендель

ә) Морган

Б) Де Фриз

в) Чермак?

3. Бірніші ұрпақта басымдық қасиет көрсетіп, бірден жарыққа шығатын белгіл:

А) ген

ә) доминнантты

Б) аллельді

в) рецесстивті

4. Бірніші ұрпақта көрінбей қалған қарам - қарсы белгі:

А) ген

ә) доминнантты

Б) аллельді

в) рецесстивті

5. Қарам - қарсы белгілердің анықтайтын жұп гендер:

А) ген

ә) доминнантты

Б) аллельді

в) рецесстивті

6. Ата - аналары бір - бірінен бір жұп белгі бойынша ажыратылатын дараларды шағылыстыру қалай аталады:

А) моногибридті

ә) дигибридті

б) полигибридті?

7. Генотипі АА болатын өсімдіктер қандай гаметалар түзеді:

А) аа

ә) АА

б) Аа

в) аА

8. Бір - бірнен айқын бір жұп белгі бойынша ажыратылатын гомозиготалы дараларды шағылыстырса, бірнеше ұрпақта генотипі де, фенотипі де біркелкібуындар алынады. Бұл қай заң:

А) ажырау заңы

ә) Морган заңы

Б) біркелікілік заңы

в) тәуелсіз ажырау заңы?

9. Аллельді гендері бір ғана белгінің дамуына, яғни екеуі де не доминантты (АА), не рецессивті (аа) белгіні анықтайтын организм:

А) гомозиготалы

ә) гетерозиготалы

Б) фенотип

в) генотип

10. Аллельді гендері екі түрлі - біреу доминантты, екіншісі рецессивті (Аа) белгінің дамуын анықтайтын организм:

А) гомозиготалы

ә) гетерозиготалы

Б) фенотип

в) генотип

«Бағалау» сатысы

Сіздің көзіңіздің, шашыңыздың түсі кімнен тұқым қуалағанын анықтаңыздар (әкеңізден, шешеңізден, атаңыздан, әжеңізден).



Рефлексия

«Чемодан»- өзіңіздің көніл-күйінізден шықан , өзіңізге алатыныз

«еттартқыш»- әлі де өзіңіздің ойыңыздан өткізесіз

«қоқыс жәшігі» -өзіңізге керек жоқ


Чемодан

Еттартқыш

Қоқыс жәшігі














Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 04.11.2015
Раздел Биология
Подраздел Рабочие программы
Просмотров983
Номер материала ДВ-123036
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

1 год назад

сәлемІ Рахмет!


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх