Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / География / Презентации / География пәнінен 6 "а" класқа "Атмосфералық қысым"тақырыбында презентация
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • География

География пәнінен 6 "а" класқа "Атмосфералық қысым"тақырыбында презентация

библиотека
материалов

Атмосфералық қысым

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Атмосфералық қысым — атмосфераның жер бетіне және ондағы заттарға түсіретін қысымы. Ол барометрмен, яғни сынап бағанасының биіктігімен (мм сын. бағ.), СИ жүйесінде паскальмен (Па), ал метеорол. ғылымында гектопаскальмен (гПа) немесе миллибармен (мб) өлшенеді. Теңіз деңгейінде атмосфералық қысым орташа алғанда 1013,25 гПа-ға (760 мм сын. бағ.) тең. Жоғарылаған сайын ауа тығыздығы кеміп, атмосфералық қысым азаяды. Жер бетіндегі қысыммен салыстырғанда 5 км биіктікте атмосфералық қысым 2 есе, 10 км биіктікте 4 есе, 15 км биіктікте 8 есе кемиді. Астана қаласының атмосфералық қысымы Алматыға қарағанда жоғары.[1] Жер шарын коршап тұрған атмосфера өзінің салмақ күші арқылы жер бетіне қысым түсіреді, оны атмосфералық қысым деп атайды. Қазіргі кезде атмосфералық қысымды гектопаскальмен (гПа) көрсетеді. Қалыптағы атмосфералық қысым ретінде оның теңіз деңгейіндегі орташа көрсеткіші (1013 гПа) алынады. Қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изобаралар деп атайды. Атмосфералық қысымды металдан жасалған барометр — анероидпен өлшейді.

Атмосфералық қысым Жер шарының кез келген бөліктерінде үздіксіз өзгеріп отырады. Тропиктік белдеуде қысымның тәуліктік өзгерістері айқынырақ байқалады. Кейде тәулік ішінде қысым айырмашылығы 20—30 гПа-ға жетуі мүмкін. Атмосфералық қысымның жылдық өзгерістері материктердің орталық бөлігінде күштірек байқалады. Мәселен, Гоби шөлінде бұл көрсеткіш тіпті 40 гПа-ға жетеді, мұнда қысым максимумы қаңтарда, минимумы шілдеде байқалады. Материктер шетіндегі муссонды облыстарда және мұхиттардың жоғары ендіктерде жатқан бөліктерінде атмосфералық қысымның жылдық ауытқулары едәуір болады. Владивостокта бұл көрсеткіш 14 гПа, ал Мумбайда (Бомбей) 10 гПа шамасында (картадан бұл қалаларды тауып, географиялық орнының ерекшеліктерін атаңдар).

Атмосфералық қысым биіктікке қарай да өзгереді, бұл, ең алдымен, ауа температурасының биіктікке қарай таралуына байланысты. Мәселен, Еуропада қысымның орташа жылдық көрсеткіші теңіз деңгейінде 1014 гПа болса, 5 км биіктікте — 538 гПа, 10 км биіктікте — 262 гПа, ал 20 км биіктікте бар болғаны 56 гПа ғана. Жер шарының басқа аудандарында да атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгерістері шамамен осындай болады.

Атмосфералық қысымның географияльщ таралуы өте күрделі сипат алады. Өйткені ол географиялық ендікке, құрлық пен мұхиттың арасалмағына, жергілікті физикалық-географиялық, жағдайға байланысты болады. Жалпы Жер шарында географиялық ендіктерге байланысты 3 темен қысым белдеуі және 4 жоғары қысым басым белдеу ажыратылатынын білесіңдер. Бірақ жеке материктер мен мұхиттар бойынша бұл белдеулердің жергілікті айырмашылықтары болады. Мәселен, қыс кезінде қоңыржай ендіктерде қалыптасатын максимумдардағы қысым Канада жерінде 1020 гПа болса, ал Азияда 1035 гПа-ға жетеді.

Қысымның географиялық ендіктер бойынша таралу заңдылығы материктер мен мұхиттардағы қысым айырмашылықтарының болуына байланысты бұзылады: жазда материктердің қоңыржай ендіктерінде де төмен қысым байқалады. Қысымы төмен аймақтарды қысымдың минимум немесе циклон деп атайды. Қысым жоғары болатын тұйық изобаралар жүйесін қысымның максимум немесе антициклін дейді (оларға мысал келтіріңдер).

Ауа массалары үнемі қозғалыста болатындықтан, қасиеттері әртүрлі ауа массалары шектескен аймақтарда өте кең алқапты қамтитын (ені 500—900 км, ұзындығы 2000—3000 км-ге дейін жететін) өтпелі зоналар — атмосфералық фронттар қалыптасады. Фронттар ауа массаларының қозғалу сипатына қарай жылы және суық фронтцеп бөлінеді, Жылы фронт кезінде жылы ауа салқын ауаны тез арада ығыстырып, жинақталған жылы ауа құйын тәрізді өрлеген ауа ағынын түзіп, циклондық әрекеттер күшейеді. Соның нәтижесінде бұлттылық күшейіп, жауын- шашын көбейеді. Жазда температура төмендеп, қыста керісінше жоғарылайды. Ал суық фронт кезінде салқын ауа жылдам қозғалатындықтан антициклондық жағдай қалыптасып, ауаның құйын тәрізді төмендеген ағыны түзіледі. Сондықтан суық фронт кезінде жауын-шашын біршама аз түседі.

Жалпы алғанда атмосфералық фронт өткен кезде ауа райы кенет өзгеріп: температура мен қысымның ауытқуы, жауын-шашын түсуі, желдің бағытының өзгеруі мен жылдамдығының күшеюі сияқты құбылыстар жиі байқалады. Ауа массалары арасындағы осындай фронттар жиынтығынан климаттық фронттар қалыптасады. Оларға арктикалық, полярлық және тропиктік фронттар мысал болады. [2]

Атмосфера және атмосфералық қысым

Жарияланды 1-05-2013, 14:04 Категориясы: Физика 

7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Атмосфера және атмосфералық қысым. (презентациясымен)

Сабақтың мақсаты:
Атмосфералық қысымның пайда болу себептерін түсіндіру. Қарапайым тәжірибе жасау арқылы атмосфералық қысымның бар екенін дәлелдеу, талдау жүргізу. Физика - лық құбылыстарды бақылауға, құралдарды пайдалануда оқушылардың біліктілігін дамыту. Қауіпсіздік техникасының ережесін түсіндіру.

Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар атмосфералық қысым туралы түсініктерін толықтырады
2. Өз бетімен тәжірибе жасап, талдай біледі.
3. Паскаль заңының мағынасын анықтайды.

Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиялық проектор, слайд, таразы, шар, стақан, май шам, піскен жұмыртқа, тәрелке, білім бағалау парағы.

Сабақтың жоспары:
Мазмұны ------------------------------ Уақыты -------- Әдіс - тәсілі
1. Ұйымдастыру бөлімі ----------- 1 мин ---------- Әңгімелесу
2. Үй тапсырмасын тексеру ------ 3 мин --------- Сұрақ беру, жазбаша жауап беру.
“Ойланып, жауап бер”
3. Жаңа сабақты түсіндіру
және бекіту -------------------------- 25 мин ------- Оқушылардың көмегімен тәжірибе жасау
• ауаның салмағын өлшеу ------------------------- Бақылау, тәжірибені талдау
• бірнеше тәжірибе жасау------------------------- Электрондық оқулықпен жұмыс жасау
• атмосфералық қысымның себептері
• Сапалық сұрақтар
• Кейбір құралдардың жұмыс істеу принципі
• Бекіту сұрақтарын беру
4. Қорытынды жасау. Үйге тапсырма беру

Сабақтың жүрісі.
Флипчарт №1, 2. Сабақты үй жұмысынан тексеруден бастаймын. Флипчарт №3
«Ойланып, жауап бер».
1. Қысымның өлшем бірлігі? (Паскаль)
2. Қысымның формуласы? (Р=F/S)
3. Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғасына түсіретін қысымы? (Р = ρgh)
4. Күштің өлшем бірлігі? (Ньютон)
5. Заттың неше күйі бар? (үш күйі бар)
6. Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғасына түсіретін қысымы неге тәуелді? (ρh)
7. Биіктіктің өлшем бірлігі? (метр)
8. 2 м тереңдіктегі судың қысымы нешеге тең? (20 кПа)
9. Деңгейлері бірдей ыдыста керосин мен су құйылған. Қысымы бірдей ме? (Әр түрлі)
10. Керосиннің 0, 5м тереңдіктегі қысымы неге тең? (4 кПа)

Үй жұмысын тексеруден кейін, тәжірибе жасалады. Бөтелкенің аузына піскен жұмыртқа - ны қоямыз. Жұмыртқа ішіне түспейді. Енді қағазды жағып бөтелкенің ішіне салып, содан соң жұмыртқаны салсақ, ол бөтелкенің ішіне түседі. Жұмыртқаның бөтелке ішіне түсуіне не әсер етті? Осы сұраққа бүгінгі тақырыбымыз жауап береді.
Электрондық оқулықтағы жаңа тақырыппен танысады. (5 мин)

Оқушылар жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазады. Атмосфера - грекше (атмос - ауа, сфера - шар). Атмосфераның бірнеше қабаттары бар. Жер бетіне және ондағы барлық денелерге атмосфералық қысым түседі. Жер бетінде ауа болған соң, оған әсер ететін күш бар. Ол қандай күш?
- әрине, ауырлық күші. Шарды таразыға қойсақ, таразы теңгеріліп тұр. Енді шарды үрсе, тепе теңдік жойылады. Ендеше ауаның салмағы бар. Салмақты Р=mg формуласымен анықтаймыз.
Ендеше көлемі 1 м3 ауаның салмағын тауып көрелік. Массаны қалай анықтаймыз? m=ρV.
Ауаның тығыздығын кестеден қараймыз. Ол 1, 29кг/м3. m=ρV =1, 29кг/м3* 1 м3 =1, 29кг.
Р=mg =1, 29 кг * 10 Н/кг =13 Н
Атмосфера – газ, сондықтан ол Паскаль заңы бойынша өзіне түскен қысымды барлық бағытта таратады.
Атмосфералық қысымды сынап бағанының биіктігімен есептейді.
Оның өлшем бірлігі 1 мм сын. бағ.
1 мм сын. бағ. = 133, 3 Па.
Атмосфера бізге және барлық денелерге қысым түсіреді.
Қалыпты атмосфералық қысым
760 мм. сын. бағ. * 133, 3 Па = 101325 Па
р ≈ 10 5 Па
Атмосфера тарапынан біздің денемізге әркет ететін күшті есептеп көрелік, Ауданы 1 м2, қалыпты жағдайдағы атмосфералық қысым белгілі. 105 Па

Берілгені: талдау есептелуі
р = 10 5 Па Ғ= 10 5 Па * 1 м2 = 10 5 Н
S= 1 м2 Ғ= ps
Ғ=?

Күштің алынған шамасы 10 т дененің ауырлық күшіне тең! Алайда біз осындай күшке шыдаймыз. Оның себебі, біріншіден, бұл күш денеміздің бүкіл ауданына таралған, ал екіншіден, біздің организмімізде атмосфералық қысымды теңгеретіндей қысым бар.
Тәжірибе:
1. «Төңкерілген стақан» Стақанға жартылай су құйып оның бетіне қағаз жауып төңкереміз. Су төгілмейді. Неліктен? Себебі суды ауа қысымы ұстап тұр. Ауаның қысымы Паскаль заңы бойынша барлық жаққа бірдей таралады. Олай болса, қағаз тек судың бетінің тегіс тұруына көмегін тигізеді.
2. «Құрғақ тиын». Тарелкеге су құйып, ішіне тиын салынады. Тиынды суға қолыңды тигізбей алып шығу керек. Ол үшін стақанды қайнаған суға малып аламыз да, тарелкенің ішіне төңкереміз. Су стақанның ішіне кіреді. Себебі: Стақандағы ауа салқындай бастайды. Сол кезде атмосфералық қысым суды жоғары қарай көтереді.

3. «Магдебургтік шарлар»
Енді сабағымыздың аяғында манағы басындағы істелген тәжірибенің жауабын айтып көрелік. Жұмыртқаның бөтелкенің ішіне енуіне қандай күш әрекет етті.
- атмосфералық қысым.
- - Неліктен төменгі жағына қарағанда. жоғарыда қысым көп болды?
- Өйткені ыстық ауа жоғары қарай көтерілгенде, бөтелкедегі ауаның тығыздығы азаяды.

Бекіту сұрақтары:
1. Жердің бетінің ауа қабығы...
2. Қалыпты атмосфералық қысым неге тең?
3. Атмосфера – грекше...
4. Атмосфераның ең төменгі қабаты қалай аталады?
5. Атмосфераның қандай физикалық сипаттамалары бар?
6. Атмосфералық қысымды анықтаған ғалым?
7. Атмосфера барлық денелерге.... түсіреді.
Жауаптары:
1. Атмосфера
2. 100 кПа
3. Атмос - бу, ауа, сфера - шар
4. Тропосфера
5. Қысым, ылғалдылық, температура, тығыздық
6. Э. Торричелли
7. Қысым
Үйге § 50, 24 тапсырма.
- Сабағымыз аяқталды.





Атмосфералық қысым туралы қазақша реферат

Бізді қоршаған атмосфера ауасының салмағы (1 м ауа сынап бағанасымен 760 қысымында 1,03 кг тең) бар. Ол жер бетіне, барлық затқа соның ішінде тірі организмге де (1 см шамамен 1,033 кг) үнемі айтарлықтай қысым жасайды. Атмосфералық қысымның шамасы сол ортаның теңіз деңгейінің биіктігімен өлшенеді. Теңіз деңгейінде және температура 0С кезінде атмосфералық қысым сынап бағанасымен 760 мм. Бұл қалыпты барометрлік қысым болып есептеледі. Атмосфералық қысым сонымен қатар метеорологиялық шаруашылықта басқада өлшемдермен өлшенеді. Атап айтқанда, Бармен (б) немесе миллибармен (мб) және Паскальмен. Атмосфералық қысымның ауытқуы ауаның өзгеруіне себеп болады. Ол қысым жоғары болса, әдетте ауа райы да жақсы болып тұрады, ал төмендесе-күн бұлттанып, жауын-шашын болып, тұман түсіп, жел соғады. Атмосфералық қысымның сәл ғана ауытқуы (сынап бағанасымен 25 мм-ге дейін) мал денсаулығы пәлендей өзгеріс туғыза қоймайды. Алайда, қысым күрт ауысса сүтті сиырлардың сүті азайып, қоңы төмендейді, ал асыл тұқымды жылқының ішегі түйілетін жағдайлары жиі кездеседі.

Тауға өрлеген сайын барометрлік қысым мен оттегінің парциалдық қысымы өзгеріп отырады. Биік тау (2500-3000 метрден жоғары биіктікте) жайылымдарда, немесе тауға тым тез көтерілгенде оған бейімделмеген малда тау немесе биіктік ауруы өршиді. Мұндай аурумен құлын жиі, ал жылқы, қой, ірі қара мен түйе сирек ауырады. Қаны аз және семіз мал аталмыш сырқатқа тез шалдығады. Тау жағдайына спорт аттары да өте сезімтал.

Атмосфералық қысымның төмендігінен болатын бұл аурудың себебі артерия қанында оттегінің парциалды қысымының жетіспеуі. Бұл жағдай ұлпадағы оттегінің аз болуына (гипоксия) ұшыратады. Мұндайға итермелейтін факторлар: температураның төмендеуі, ауаның ылғалдылығы, күн радиациясы кернеуімен, қысқа толқынды сәулелер санының ұлғаюы және атмосфераның электрлік жағдайы.

Оттегі жетіспеген соң зат алмасудың бұзылуына, организмде толық тотығып үлгермеген өнімдердің жиналуына, қан ағымының тамыр қабырғаларға өтуіне (инфильтрация) әкеліп соқтырады. Атмосфералық қысым мен оттегінің парциалды қысымның азаюы орталық нерв жүйесінің жоғарғы бөлігінде жылдам байқалады. 2 км биіктікте иттердің тежеу процесі, ал 5 км биіктікте шартсыз рефлекстері мүлде жойылып, қозғалу қызметі бұзылады. Тауға бірте-бірте баяу көтерілсе мал атмосфералық қысымының төмендігіне жақсы бейімделіп, биік таулы жерде ұзақ уақыт жүре алады.

Мал организмінің тау жағдайына бейімделуі өкпе желдетілуінің, эритроциттер санының және гемоглобин мөлшерінің (айналмалы қан салмағы) ұлғаюына көп байланысты.

 Сабақтың тақырыбы: «Атмосфера» тарауын қайталау.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты:
“Атмосфера” тақырыбы бойынша алған білім-білік дағдыларын жүйелеп қорыту, теориялық білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты:
Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту, дүниетанымдық қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, танымдық қызығушылықтарын жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты:
Экологиялық тәрбие беру, ауаны қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: жекелей, топтық жұмыстар, деңгейлік тапсырмалар, жұмбақтар шешу;
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Сабақтың көрнекіліктері: жарты шарлар картасы, атмосфераның құрылысы, атмосфералық құрал – жабдықтар суреті, слайд.
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, биология, химия, физика, әдебиет.
Сабақтың барысы:

II.     Үй тапсырмасы. Климат .I.                  Ұйымдастыру. Амандасу, оқушыларды түгендеу. Назарларын сабаққа аудару. Оқушыларды 2 топқа бөліп орналастыру.1топ «Бриз», 2топ «Муссон».

Кәне, балалар біз атмосфера тарауында не білдік, не үйрендік айтып беріндерші. Атмосфера құрамы туралы не айта аламыз.
1.                Атмосфера құрамы. Жердің ауа қабығы атмосфера деп аталады. Ауа әр түрлі газдардың қосындысынан тұрады. Олардың ішіндегі ең көбі азот пен оттегі.Ауа көзге көрінбейді, қолға ұстауға келмейді. Бірақ қайда барсақ та бізді ауа қоршап тұрады. Ол орын алады.

2.            Атмосфераның құрылысы. Ол 3 қабаттан тұрады. Атмосфераның ең төменгі қабаты тропосфера деп аталады. Тропосфера ауасы күн сәулесі қыздырған Жер бетінен жылу алады. Сондықтан неғұрлым жоғарылаған сайын соғұрлым суық олады. Әрбір км-ге биіктеген сайын температура орта есеппен 6° С-ге төмендейді.

3.                Атмосфераның маңызы. Атмосфера күн сәулесін шашыратып түсіреді. Сондықтан Жер беті күндіз Күн сәулесінен қатты қызбайды, түнде өте суымайды. Ол жылылықты ұстап тұрады.

4.                Атмосф

ераны зерттеу. Атмосферадағы түрлі құбылыс, өзгерістерді зерттеудің зор маңызы бар. Атмосфераны зерттейтін ғылымды метеорология деп атайды.

 
1.                «Жұлдызды сәт». Ойын ережесі бойынша әр топқа 10 сұрақтан қойылады.

1 топ сұрақтары.
Атмосфера құрамында ең көп мөлшерде кездесетін газ. (азот)
Атмосфера қабаттары. (тропосфера, стротосфера, атмосфераның жоғары қабаты).
Бұлттың негізгі 3 түрі. (будақ, қабат, шарбы).
Ауа райының негізгі элементтері. (температура, ылғалдылық, атмосфералық қысым).
Атмосферадағы ылғалдың 86% негізгі көзі. (мұхиттар мен теңіздер).
Жер шарындағы ауа массаларының негізгі типтері (арктикалық, қоңыржай, тропиктік, экваторлық).
Желдің жылдамдығын өлшейтін құрал (флюгер).
Тұрақты желдердің қалыптасуы неге байланысты? (қысым белдеулеріне).
Жоғары және төменгі температура көрсеткіштерінің арасындағы айырмащылық қалай аталады? (амплитуда).
Температуралары бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар.
(изотермалар).
2 топ сұрақтары
Стратосфераның  жоғары шекарасы қандай биіктікке дейін таралады.      (50-55 шқ).
Экватор маңында қандай қысым қалыптасады. (төменгі).
Ауа райының белгілі бір жерге  тән сипаты, көп жылдық орташа жай – күйі. (климат).
Сынап бағанасының 760 мм биіктігіне тең қысым. (қалыпты атмосфералық қысым).
Атмосфералық жауын – шашын қандай бірлікпен өлшенеді. (миллиметрмен).
Климат құрушы негізгі факторлар. ( географиялық ендік, ауа массалары, жер беті жамылғысы).
Жауын – шашын түрлері. (жаңбыр, қар, бұршақ, шық, қырау, қылау).
Ұсақ қиыршық мұз тартылған  сымға, үйдің желдің өтіндегі қабырғасына ең борпылдақ түрінде ілінген зат. (қылау).
Жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуы. ( жел).
Желбағар биіктігі қанша метрге орнатылады. (10-12м).
2.                 Сәйкестік тест
Атмосфера                                                 а) тропосфера
Озон газы                                                  ә) Озон қабаты
Азот                                                           б) 21%
Стратосферадағы маңызды қабат            в) ауа қабаты
Оттегі                                                          г) стратосфера
Ауа райы түзіледі                                      д) 78%
3.                «Мені түсін». Бұл ойында атмосфераға қатысты құрал- жабдықтардың суреттері беріледі.Оқушылар олардың қандай аспап екенін табу керек.

hello_html_m38f8edb6.jpg1-в, 2-г, 3-д, 4-ә, 5-б, 6-а.

 
 
4.                Жұмбақтар шешу.
Ұстасаң, қолға ілінбес
Қарасаң, көзге түспес.        (ауа).
Ол келсе орман шулайды
Толқын теңіз тулайды.
Қуса өзен қуады,
Ешкім оны қумайды      (жел).
Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жас тамып барады.     (бұлт).
5.                Қазақтың ауа райы туралы халықтық болжамдарынан мысал келтіру.
Қыста торғайлар ұясына мамық таси бастаса, күн кенет қатты суытады.
Жаңбыр сіркіреп тұрғанда тауықтар далада жем іздеп жүрсе, онда ақ жаңбыр болады, яғни ұзаққа созылады.
Мал кешке таман бір бағытта күйсеп жатса, келер күні сол жатқан жел не боран соғады.
Тышқан інін суға жақын қазса, сол жылы құрғақшылық.
Қатты жел, дауыл алдында құмырсқалар әбігерленіп, мазасыздана бастайды.

  1. Күн ерте күркіресе ол жауын – шашынның мол болатынының белгісі.

 

    6.Есеп шығару. Жылдың орташа температурасын есепте.

Қ

 

А

Н

С

М

М

Ш

Т

Қ

Қ

Қ

Ж

Ж-О

t°C

-17°

 

-10°

+3°

+5°

+6°

+14°

+20°

+19°

+10°

+6°

-6°

-14°

?

 

Шешуі: оң темп. +83°     (+83°) – (-47°) / 12=3°С

           Теріс темп. -47°

  1. 7.                Қорытынды.

Балалар атмосфера тарауында не оқып білдік,қорытындылайық. Сонымен атмосфера қабатының қандай маңызы бар?

–                     Ауа қабығы болмаса, жер бетінің температурасы айдағы сияқты күн мен түннің арасында өте үлкен мөлшерде ауытқып тұрар еді.
–                     Күндіз тіктеп түскен күн сәулесі жер бетіндегі заттардың бәрін бірден күйдіріп жіберер еді.
–                     Керісінше, түндегі суық 100°С асып кетер еді.
–                     Атмосфера күн сәулесін шашыратып тарататындықтан, күндіз жер беті өте қатты қызып кетпейді, түнде ауа қабаты жылуды ұстап тұрады да, жер бетін қатты салқындаудан сақтайды.
–                     Атмосфераның төменгі қабатында бұлт үйіріліп, жауын – шашын жауады.
–                     Жерге кеңістіктен метеориттер үздіксіз ұшып келіп жатады, бірақ олар ауада жанып кетеді. Атмосфера болмаса, метеориттер жерді үздіксіз соққылап жатар еді.
8.Атмосфера тарауына арналған диктант
Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал….      (барометр)
23,5° с.е. пен 23,5°  о.е. параллельдері …. деп аталады.  (тропиктер)
3. Жылына бағытын екі рет өзгертетін жел… .    (муссон)
4….. салыстырмалы ылғалдылықты өлшейді.   (шаш гигрометрімен)
5. Бұлттардың аспанды торлауы … деп аталады.  (бұлттылық)
6. Атмосфералық жауын – шашын … түрде кездеседі.  (қатты және сұйық)
7. Жер шары … жылу белдеуіне бөлінеді.      (бес)
8. Бриз сөзі … деген мағына береді.       (жеңіл жел)
9. Қалыпты атмосфералық қысым … тең.   (760 мм сынап бағанасына)
10. Ауа температурасы әр 100 метрге биіктегенде …. төмендейді. (0,6°)
 9.Бағалау
10.Үйге тапсырма. Тарауды қайталау, тест құрастыру.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 07.11.2016
Раздел География
Подраздел Презентации
Просмотров347
Номер материала ДБ-327631
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх