Инфоурок География КонспектыГеография пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: "Аустралия климаты"

География пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: "Аустралия климаты"

Скачать материал

Тақырыбы:Аустралия .Климаты. Өзендері мен көлдері

Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік:Оқушыларға климат пен өзен көлдермен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2.Дамытушылық:Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3.Тәрбиелік: Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Аустралия материгінің физикалық картасы, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау: §53 Аустралияның географиялық орны.Жер бедері мен пайдалы қазбалары.

1.Материктің географиялық орны

2.Материктің теңіз деңгейінен ең төмен және ең жоғарғы нүктесі

3.Материктің зерттелуі

4.Жер бедері

5.Пайдалы қазбалары

Жаңа сабақты түсіндіру:

Аустралия – Жер шарындағы ең құрғақ материк. Материктің көпшілік бөлігіне ауа температурасының жылдық және тәуліктік ауытқулары айқын байқалатын ыстық, құрғақ климат тән. Аустралияның тек солтүстік және шығыс жағалық бөлігіне ғана жылы ағыстар әсерінен біршама мол жауын-шашын түседі.

Материктің оңтүстік тропик шеңбері кесіп өтетіндіктен күн сәулесі мол түседі. Тіпті бірдей ендіктерде жатқан Оңтүстік Африкамен салыстырғанда Аустралияда жазғы ауа температурасы жоғары болады. Бұл Аустралияның батыстан шығысқа қарай енді болуына байланысты. Материкте жаз айларының орташа температурасы +24ºС, +28ºС шамасында, ал ең жоғарғы температура (+52,8ºС) Дарлинг өзенінің орта ағысында тіркелген. Қыста ауаның орташа температурасы +12ºС-тан +24ºС аралығында ауытқиды. Ал Аустралия Альпісінде ауа температурасының -20ºС-қа дейін төмендеуі байқалған. Ауа температурасының жаз бен қыстағы ауытқулары пассаттардың бағытына да әсер етеді.

Аустралия материгі солтүстіктен оңтүстігіне қарай субэкваторлық, тропиктік, субторпиктік климаттық белдеулерді алып жатыр. Тек Тасман аралының оңтүстік бөлігі ғана қоңыржай климаттық белдеуге енеді.

Өзендері мен көлдері. Климатының құрғақ болуына байланысты Аустралияда өзен торы өте сирек, көлдер аз. Материк жерінің жартысынан көп бөлігін (60%) қамтитын ішкі тұйық алапқа уақытша кеуіп қалатын өзен арналары – криктер тән болады. Криктер сирек жауатын жаңбырдан кейін аз ғана уақыт суға толады. Олардың барлығы дерлік материк орталығындағы қалдық көлдерге құяды. Ең ірісі – Эйр көліне бағытталған Куперс-Крик.

Аустралия өзендері негізінен жаңбыр және жер асты суларымен қоректенеді. Тек Аустралия Альпісінен басталатын өзендер көктемгі еріген қар сулары есебінен де толығады. Бүкіл жыл бойына суы мол болатын өзендер Аустралияның жауын-шашын мол түсетін шығысында орналасған. Тынық мұхит алабына жататын бұл өзендер қысқа болғанымен ағыны қатты, шоңғалды болып келеді.

Аустралияда көлдер өте аз. Ертеректегі су айдынының орнында сақталып қалған қалдық көлдер материктің батысы мен орталығында шоғырланған. Бұл көлдер өте таяз, суы тұзды болып келеді, жағалаулары қалың тұз қабыршақтарымен жабылған. Көлдер құрғақ кезеңде тартылып қалады. Ең ірісі – Эйр көлі.

Пысықтау тапсырмалар:

  • Төмендегі қалалардың жауын-шашын мөлшері мен температурасын анықтау.

1-қатар Дарвин қаласы

2-қатар Сидней қаласы

3-қатар Перт қаласы

  • Кескін картаға материктің ірі көлдері мен өзендерін түсіру

Жаңа сабақты бекіту:

Аустралия климатына қандай факторлар әсер етеді?

Африканың оңтүстік бөлігінің климатын Африкамен салыстырып, қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар екенін анықтаңдар.

Неге Аустралия жерінде өзен торы сирек?

Крик дегеніміз не, олар материктің қай бөлігінде таралған?

Қорытынды: Материкте беткі сулар тапшы болғанымен, жер асты суларының қоры мол. Аустралияда 33 артезиан алабы бар екендігі анықталған. Мұнда дүние жүзіндегі ең ірі Үлкен Артезиан алабы орналасқан. Жер асты суларының көпшілігі тұзды болып келеді. Қабат аралық жер асты сулары 2000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқандықтан, оларды бұрғылап, жер бетіне шығару көп қиындық туғызады.

Үйге тапсырма: §54-оқуға. Кескін картаға климаты мен өзен көлдерін түсіріп келу.

Бағалау:












Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "География пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: "Аустралия климаты""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер образования

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 042 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.02.2016 1101
    • DOCX 15.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алимхожаева Арайлым Сәрсебековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9610
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по географии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 294 человека

Курс повышения квалификации

Методика обучения географии для детей с ОВЗ с использованием туристических приемов

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 63 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 69 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 760 человек

Мини-курс

Специальная реабилитация: помощь детям с особыми потребностями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация образовательного процесса в современном вузе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии брендинга в условиях глобальной конкуренции и изменяющихся рыночных тенденций

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе