Инфоурок / География / Рабочие программы / География пәнінен сабақ жоспары "Беткі ағыстар. Мұхиттағы тіршілік дүниесі" 7-сынып

География пәнінен сабақ жоспары "Беткі ағыстар. Мұхиттағы тіршілік дүниесі" 7-сынып

библиотека
материалов

Пән: География

Пән мұғалімі: Еликбаева Н.М.

Сынып: 7 «А»

Күні: 5.10.2016 ж.

Сабақ: №10

Тақырыбы: Беткі ағыстар. §10. Мұхиттағы тіршілік дүниесі.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға беткі ағыстары, су массалары, мұхиттағы тіршілік жайлы түсінік бере отырып, оның ерекшеліктері мен маңыздылығын және шаруашылықтағы алатын орны жайлы жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Беткі ағыстар, су массаларымен, мұхиттағы тіршілік дүниесімен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Кестемен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Тірек-сызбамен жұмыс.

3. Топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

3. Топтастыру.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Дүниежүзілік мұхит?

2. Мұхит суының басты қасиеттері?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

Мұхит табанынының ең басты компоненті – оның суы. Мұхиттың белгілі бір бөлігін алып жатқан зор көлемді суды су массалары деп атайды.

Мұхит пен құрлық арасындағы жылу мен ылғалдың алмасуына беткі ағыстардың маңызы зор. Беткі ағыстардың қалыптасуының негізгі себебі жел.

Ағыстар жүйесі солтүстік-шығыс пассаттың беткі су массаларын батысқа қарай айдауынан түзілген Солтүстік пассат ағысынан басталады. Ол Оңтүстік Американың шығыс жағалауында екіге айырылып, бір тармағы Экваторлық қарсы ағысты түзіп, судың бір болігі шығысқа қарай кері қайтады. Ал Пассат ағысының екінші тармағы Кариб теңізіне жетіп су деңгейін көтереді. Осы беткі су массасы Антиль аралдарын айналып өтіп, Жердің ауытқытушы күшінің әсерінен дұние жүзіндегі ең қуатты жылы ағыс – Гольфстримді түзеді. Гольфстрим ағысы Солтүстік Американың шығыс жағалауын бойлай, 40 с.е. дейін жетеді. Одан әрі су массаларының негізгі тармағы қоңыржай ендіктегі тұрақты соғатын батыс желдері әсерінен Солтүстік Атлант ағысына айналады. Бұл ағыс Скандинавия түбегін айналып өтіп, қоңыржай және полярлық ендіктердегі судың беткі температурасын жоғарылатады. Қоңыржай ендіктерден қайтқан су массалары Африка жағалауларындағы тереңнен көтерілетін суық суларға қосылып Канар суық ағысын түзеді. Ол әрі қарай Солтүстік Пассат ағысына жалғасады.

Ірі су айналымы Атлант мұхитының оңтүстігінде де қалыптасады. Бұл жүйе Оңтүстік Пассат ағысы, Бразилия ағысы, Батыс Желдері ағысы, Бенгел ағыстарынан құралады.

Тынық мұхитында да осындай ағыстар жүйесі қалыптасады: мұндағы Куросио ағысы Гольфстримге ұқсас, ал Солтүстік Тынық Мұхит ағысы Солтүстік Атлант ағысына, Гумбольдт немесе Перуана ағысы Бенгел ағысына ұқсас.

Дүниежүзілік мұхитта беткі ағыстар жылу мен ылғалдың тасымалдануы мен бөлінуіне зор ықпал етеді. Ағыстар мұхиттардың батыс бөлігінде жылы суларды полюстерге қарай бағыттап, жоғары ендіктерді жылытады, ал шығысында экватор маңына салқын суларды алып келіп, жылынуына себепші болады.

Дүниежүзілік мұхит сулары тереңдеген сайын, өзінің табиғаты мен тіршілік дүниесінің құпияларымен адамзатты әлі де таңғалдыруда. Олардың ғажайып сыры әлі күнге дейін ашылған жоқ. Мұхиттардың терең тұңғиықтарын зерттеу барысында қазірдің өзінде ғылымға белгісіз тірі жәндіктер бабылуда. Мұхит суында тіршілікке қажетті қолайлы жағдайлар мен қоректік заттар жеткілікті. Тіпті тіршілік дүниесі тереңдігі 11022 м болатын Мариана шұңғымасында да, жаңа жер қыртысы түзіліп, ыстық магма шығып жататын жарықтарда да, температурасы мен қысымы өте жоғары аудандарда да кездеседі. Мұхиттардағы тіршілік жағдайлары полюстен экваторға және су бетінен тереңдікке қарай өзгеріп отырады. Мұхиттың өсімдіктер дүниесі көзге көрінбейтін бактериялар, біржасушалы өсімдіктер мен ұзындығы 200 м-ге дейін жететін теңіз балдырларынан тұрады. Жануарлардан көзге көрінбейтін ұсақ жәндіктерден бастап, салмағы 160 т-ға дейін жететін алып киттер тіршілік етеді.

Мұхиттағы тіршілік ұзақ геологиялық уақыт аралығында су массаларының қасиеттерін өзгертіп отырады. Судағы жасыл өсімдіктер бөліп шығарған оттегінің мөлшері артып, оның артық мөлшері ауаға шығару арқылы атмосфера құрамын өзгертеді. Тіршілік ету жағдайына байланысты мұхиттағы тіршілік дүниесі планктон (грекше «қалқыма»), нектон (грекше «жүзгіш») және бентос (грекше «тереңдік») деп аталатын 3 топқа бөлінеді.

Планктон ағыстардың әсерінен еркін қозғалатын алуан түрлі бір жасушалы балдырлардан, әр түрлі қарапайымдардан, ұсақ шаяндардан, теңіз құрттарынан, ішек қуыстылардан және бақалшақтардан тұрады. Өсімдіктер планктоны – жануарлар планктонының негізгі қорек көзі. Мұхиттағы аса ірі сүтқоректілер (кит тәрізділер мен ескек аяқтылар) де планктонды азық етеді. Нектонды мұхит сулары мен оның беткі бөлігінде еркін жүзетін балықтар, теңіз сүт қоректілері, теңіз жыландары мен тасбақалар, ірі моллюскалар (сегізаяқ, кальмар) құрайды. Нектон неғұрлым ірі жануарлардан тұратындықтан, олардың жалпы биомассасы бентостың жиынтық массасынан 23 есе аз. Бентосты мұхит түбінде бекініп тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі құрайды. Олар мұхит түбінде тіршілік етуге бейімделген әр түрлі балдырлардан, теңіз шөптерінен (гүлді өсімдіктер өкілі), тікен терілілер, шаян тәрізділер, маржан полиптерінен тұрады. Бентостағы тіршілік дүниесі селбесіп өмір сүруге бейімделген.

Дүниежүзілік мұхит суларында жануарлардың 150 мыңға жуық, өсімдіктердің 15 мыңнан астам түрі кездеседі, олар саны жағынан өте көп болуымен ерекшеленеді.

Зерттеулер ғылым мен техниканың ең соңғы жетістіктерімен жабдықталған қуатты ғылыми-зерттеу кемелерінің, мұхит түбінде жұмыс істейтін арнайы автоматты стансалардың, сондай-ақ жасанды Жер серіктерінің көмегімен жүргізіледі.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы су массаларын түсіндіру.

Су массалары


hello_html_m528b115e.gifhello_html_m528b115e.gifhello_html_m40c49339.gifhello_html_m40c49339.gif

Ендікке байланысты

Қасиеттеріне байланысты

Тереңдігіне байланысты

Экваторлық, Қоңыржай, Тропиктік, Полярлық.

Жағалық, Нағыз мұхиттық.

Беткі, Тереңдік, Түпкі.

hello_html_m3427899a.gifhello_html_m3427899a.gifhello_html_m3427899a.gifhello_html_m3427899a.gif











Тірек-сызба арқылы мұхиттағы тіршілік дүниесін кең көлемде түсіндіру.


Мұхиттағы тіршілік


hello_html_68208f5.gif

Планктон

(ағыстардың әсерінен еркін қозғалатындар)

Бір жасушалы балдырлар, қарапайымдылар, ұсақ шаяндар, теңіз құрттары


hello_html_66560fcc.gif

hello_html_m3fb438ad.gif

Нектон

(мұхит сулары мен оның бетінде бөлінгенде еркін жүзетін балықтар)

Теңіз жыландары, теңіз сүтқоректілер, молюскалар, сегізаяқ, кальмар




hello_html_66560fcc.gif

hello_html_m3fb438ad.gif

Бентос

(мұхит түбінде бекініп тіршілік етеді)

Балдырлар, шаяндар, маржан, полиптер және т.б.


hello_html_66560fcc.gifhello_html_m77f41f20.gif




3. Топтастыру.

Топтастыру арқылы мұхиттағы тіршілік дүниесін топқа бөліп көрсету.

hello_html_m22d1cb2d.gifhello_html_52e546e7.gif


hello_html_m73f2cd2e.gifhello_html_m407a6724.gif

hello_html_m2b41de31.gif



hello_html_27029b02.gif

hello_html_7db5587f.gif




Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Су массалары дегеніміз не?

2. Су массаларының өзгеруі жайында не білесіңдер?

3. Дүниежүзілік мұхиттың беткі ағыстары?

4. Мұхиттағы тіршіліктің таралуына не себепші болады?

5. Не себепті мұхитты «тіршілік бесігі» деп атайды?

6. Мұхиттағы тіршілік дүниесі қандай топтарға бөлінеді?

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Беткі ағыстар (44-47 бет), §10. Мазмұндау.

2) Оқулықтағы 30-суретті пайдаланып, кескін картаға негізг беткі ағыстардың бағыттарын белгілеңдер.

3) 5-тапсырма: 32-сурет бойынша Дүниежүзілік мұхиттағы балыққа бай аудандарды анықтап, оның себебін түсіндіріңдер.





Общая информация

Номер материала: ДБ-273131