Инфоурок / География / Другие методич. материалы / География пәнінен сабақ жоспары "Машина жасау өнеркәсібіне жалпы шолу"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

География пәнінен сабақ жоспары "Машина жасау өнеркәсібіне жалпы шолу"

библиотека
материалов

Пәні: География Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Машина жасау өнеркәсібіне жалпы шолу

1.Сабақтар топтамасы аяқталғанда оқушыларының нені білгенін, түсінгенін және жасай алғанын қалар едіңіз?

Білу: Машина жасау кешенін біледі

Түсіну: Еліміздің ғылыми – техникалық прогресін ілгерілетуде және экономикалық дамуында

машина жасаудың маңызын түсінеді

Қолдану: Кескін картаға машина жасау орталықтарын түсіреді

Талдау: Машина жасау өнеркәсібінің басым бағыттарын талдайды

Жинақтау: Қазақстанда шығарылатын машина түрлерін анықтап дәптерге жазады

Бағалау: Машина жасау кәсіпорындардағы негізгі сипаттарға пікірлерін білдіру

2.Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?

Жеке жұмыс, топтық әңгіме, гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт бөлу

2.Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауды қалай пайдаланасыз? Оқушылардың жауабын тыңдай отырып екі жетістік бір ұсыныс айту, дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалау, критерий арқылы топтың жұмысын бағалау

3. Сіз олар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін қайдан білесіз?

Оқып үйрену нәтижелері бойынша берілген тапсырмаларды орындау барысында

Сабақтың барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс -әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, оқушылардың көңілін сабаққа аудару,

Ынтымақтастық атмосферасын құру, сыныптағы оқушыларды топқа бөлу. Сынып құрамын түгелдеу, тақтаға күн ретін жазу.

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;

-сабақтың өткізу жоспарын көрсету.

Оқушылар топқа бөлінеді.

Тақтадан күн ретін жазып алады.

сабақтың жалпы мақсатымен және өткізу жоспарымен танысады

10 минут

Кіріспе бөлім Оқушыларға жеке жұмыс жасау тапсырылады.

II. Үй тапсырмасын тексеру: 10 - сұрақ жауап.
1. Жедел сұрақтар:
1) Қазақстанның хром өндіру кен орны қайда?
2) Алтын, алюминий, темір, күміс,аталған металдардың қайсысы қара металға жатады?
3) Соколов - Сарыбай кен байыту комбинаты қай облыста орналасқан?
4) Атасу зауыты шикізатты қайдан алады?
5) Толық циклды зауыт орналасқан қай қала?
6) Қара металлургия шикізатына не жатады?
7) Елімізде қай тауда хромит пен никельдің көп қоры шоғырланған?
8) Қандай темір рудасын өндіретін негізгі кен орындары бар?
9) Мыс колчеганы дегеніміз не?
10) темір кені бойынша Қазақстан дүниежүзінде және ТМД да нешінші орында?

2. Картамен жұмыс:
1) Қайта балқыту зауытының жаңа орталығы.
2) Хром кені Дөң кен байыту комбинаты орналасқан облысты көрсет.
3) Жезді және Жәйрем марганец кен байыту комбинаттары орналасқан облыс.
4) Еліміздегі ферроқорытпа зауыттарының негізгі өнімі феррохром қай қалаларда өндіріледі?
5) Еліміздің полиметалл өндірісінің басты ауданы және үш ірі орталығы.
6) Алюминий оксидінен алюминий алу зауыты.
7) Мыс өндіру металлургиялық комбинаттары орналасқан орталығы


Оқушылар жеке жұмыс жасап берілген тапсырманы орындап шығады. Дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалайды.

20 минут

Негізгі бөлім

Видио көрсетіп Қазақстандағы машина жасау өнеркәсіпінің дамуынның негізгі бағытын анықтату

а)Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады

ә)Жаңа терминдер мен ұғымдарды жазу тапсырылады

б)Оқушыларға мәтінмен танысу тапсырылады

Топтық тапсырма:

I-топ. Машина жасау кешені дегеніміз не? Еліміздің ғылыми – техникалық прогресін ілгерілетуде және экономикалық дамуда машина жасаудың маңызы бар ма?

II-топ. Машина жасауды дамытуда қандай бағдарламалар қабылданды? бағыттарын ата?

III- топ.машина жасау кәсіпорындарындағы негізгі артықшылықтар мен кемшіліктер.

ІҮтоп. машина жасау кәсіпорындарының негізгі мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлері.

а)Оқушылар тақырыпты жазып алады

ә)Жаңа терминдер мен ұғымдарды дәптерлеріне жазып алады

б)Оқушылар мәтінмен танысып шығады. Топтаса отырып ойланады, талқылайды,оқушылар бағалау көрсеткіштеріне сүйене отырып, жақсы жауап беруге ұмтылады.

10 минут

Қорытынды бөлім

Сұрақ - жауап

1.Қазақстан машина жасау өнімі экспортының негізгі бағыттарын ата?

2.Машина жасауды дамытуда қандай бағдарламалар қабылданды?

3.Машина жасау кешені дегеніміз не?

4. 1941 жылы мәскеу, Воронеж, Харков қалаларынан көшірілген зауыттар Қазақстанның қай қаласына көшірілген?

5. ХХғасырдың 90 – жылдарында Қазақстан машина жасау өнеркәсібі бүкіл өнеркәсіп өнімінің қанша пайызын берді?

6. Машина жасау саласы үшін мамандар даярлау Қазақстанның қай қалаларында даярланады?

7. Машина жасау кәсіпорындардағы негізгі сипаты қандай?

Картамен жұмыс

Машина жасау жақсы дамыған аудандарды кескін картаға түсір

Оқушының жеке пікірі(көзқарасы)

  1. Машина жасау өнеркәсібінің орналасуына қандай факторлар әсер етеді

Оқушыларға сұрақтар қойылады.Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Бүгінгі сабаққа анализ жасайды.

Сабақ рефлексиясын жазады.

Бір бірін бағалайды.





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-485125

Похожие материалы