Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / География пәнінен сабақ жоспары. 10 сынып

География пәнінен сабақ жоспары. 10 сынып


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Мұғалімі

Уйсимбаева Шугыла Кузембаевна

Сабақтың тақырыбы

§39. Дүниежүзілік көлік географиясы

Мақсаты

Дүниежүзі елдеріндегі көлік жүйесінің ерекшелігін, көлік кешені мен ел экономикасындағы байланыстың маңыздылығын оқып үйрену

Күтілетін нәтижелері

А) Көлік жүйесін, көліктің түрлерін біледі;

В) Көлік түрлерінің дүниежүзі елдеріндегі таралу заңдылығын салыстырады;

С) Көлік түрлерінің қоршаған ортаға әсерінің маңыздылығын сипаттап, талдайды;

Керекті жабдықтар

Оқулық, дүниежүзінің саяси картасы, атлас, кескін карта, қиынды қағаздар, стикерлер, маркер, флипчарттар, бейнеролик, түрлі түсті қалпақтар.

Әдіс-тәсілдер

«Миға шабуыл», «Тақырыптық теннис», Визуаландыру, «Ойлаудың алты қалпағы», формативті бағалау, топтық, жеке жұмыс.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

(7 минут)

-Амандасып, көңіл күйлерін сұраймын;

-Жол билеттері арқылы топтастырамын.

І топ: Теміржол билеті;

ІІ топ: Әуе жол билеті;

ІІІ топ: Автобус билеті;

-Үй тапсырмасын «Сәйкестендір» әдісі арқылы тексеремін.

Формативті бағалаймын. Мадақтау.


Амандасады;

-жол билеттері арқылы 3 топқа топтасады;



-Оқушылар үй тапсырмасын мал шаруашылығы түрлері мен өнімдерін өндіру жөнінен жетекші елдерді, термин сөздерді сәйкестендіреді, картадан табады.

Тұсаукесер

(5 минут)

«Көліктің қандай түрлерін білесіңдер?», «Көлікті неге мемлекеттің тамыр жүйесі деп атайды?» деген сұрақтар арқылы оқушыларға «Миға шабуыл» сұрақтарын қойып, жаңа сабақтың тақырыбын айқындап аламын. Жауап беріп отырған оқушылар сабақтың барлық бөлімінде ынталандырылып, мадақталып отырады. Құнды, дұрыс жауап берген оқушыларды стикер арқылы бағалап отырамын.

Оқушылар берілген сұрақтарға өз деңгейлерінде ойлана отырып жауап береді, жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды. Дәптерге жазады.


Негізгі бөлім

(23 минут)

Оқушыларға мәтінмен танысу беріледі. (жеке жұмыс)

«Тақырыптық теннис» әдісі арқылы топта талдау. Бұл тапсырмада оқушылардың тек талдау ғана емес, бір-бірін тыңдау дағдыларын да бақылаймын. Топтың екі мүшесі жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап береді, үшінші тыңдаушы ретінде тыңдайды, 30 секундта келесі жұп алмасады; (топтық)

Топтарға тапсырмалар тобын ұсынады.

Тапсырма №1

І топ:

«Теміржол және автомобиль жолдары» тақырыбы бойынша жарнамалайды;

ІІ топ:

«Құбыр көлігі, әуе жолдары» тақырыбын «Екі жақты күнделік» әдісі бойынша кемшіліктері мен жетістіктерін талдайды.

ІІІ топ:

«Теңіз, өзен-көл көліктері» тақырыбы бойынша елдерді тауып, картадан көрсетеді. Жасанды бұғаздардың салынуының маңызын түсіндіріп өтеді.

Тапсырма №2

Кескін картамен жұмыс (Практикалық тапсырма)

Жұмыс алгоритмі:

І топ:

Теміржол мүлдем жоқ елдерді атап, картадан тауып, кескін картаға түсіреді;



ІІ топ: Автомобиль жолдарының жиілігі жөнінен жетекші елдерді атап, картадан тауып, кескін картаға түсіреді.



ІІІ топ: «Теңіз қақпасы» деп аталатын каналдарды атап, картадан тауып, кескін картаға түсіреді.

Визуаландыру

Оқушыларға жаңаша технологияның жетістігі болып отырған «Ағынды көлік» туралы бейнеролик көрсетемін.

-Оқушылар мәтінді жеке оқиды.

Топта талдайды, жаңа ақпарттар алады, қызығушылығы артып, танымы дамиды.

-Топтасқан оқушылар берілген тапсырмаларды өз деңгейлерінде орындап, өздері шешім қабылдай отырып жауап береді.

Берілген тапсырма бойынша оқушылар сыни тұрғыдан ойланып, топта пікірлесіп өмірлік тәжірибелерін пайдалана отырып жауаптарын шешеді.

Шығармашылықпен жұмыстануға мүмкіндік алып, іс-әрекеттерін қорытындылайды.

Берілген уақытта орындалған тапсырмалардың шешімін ортада дәлелдеп қорғайды.




Оқушылар практикалық тапсырманы орындап, берілген сұраққа жауап береді.

І топқа сұрақ: Неліктен бұл елдерде теміржол мүлдем жоқ?

ІІ топқа сұрақ: Жапония мен батыс Еуропа елдерінде автомобиль жолдарының жиілігі жақсы дамыған, неліктен деп ойлайсың?

ІІІ топқа сұрақ:

«Теңіз қақпасы» деп аталуының маңызы неде?



Оқушылар қызығушылық таныта отырып, өз білгендерін ортаға сала біледі.

Қорытынды

(10 минут)






Сабақ соңындағы рефлексия:


Сабақты қорытындылау әрі кері байланыс алу мақсатында «Ойлаудың алты қалпағы» әдісін қолданамын.

Қызыл қалпақ – Түйсік

Менің түйсіктік реакциям қандай?

Менің түйсігім маған не дейді. (көлік шаруашылығының маңызы туралы)

Өз ойларыңды жазыңыз.

Ақ қалпақ - Фактілер (бүгінгі сабақ бойынша алған білімің)

Менде қандай ақпарат бар?

Маған қандай ақпарат алу қажет?

Білетіңізді ғана жазыңыз.

Сары қалпақ - Позитив (көлік түрлерінің пайдасы)

Жағымды тұстары қандай болды?

Оның артықшылығы қандай?

Маған не ұнайды?

Жасыл қалпақ - Креатив

Менде қандай идеялар бар? (жаңаша қандай көлік түрін ойлап табар едің?)

Қандай баламалы түрлерді ойлап таба аламын?

Барлық жаңасын және қызықтысын жазыңыз.

Көк қалпақ - шолу (сен үшін жұмбақ болып қалған нәрсе бар ма?)

Мен не аштым?

Тағы не ашылған жоқ?

Көк қалпақ иелері барлық топтың жұмысын бақылап анализ жасау тапсырылады.

Қара қалпақ ұсыныс.

Нені жақсарту керек деп ойлайсың?

Бағалау:

Әр оқушы жауап берген сайын алынған стикерлері арқылы бағаланады.

Үйге тапсырма: §39. Дүниежүзілік көлік географиясы тақырыбын қайталау;

Қоршаған ортаға зиянды деп танылған көлік түрлері туралы мәлімет әкелу;

Оқушылар топтарында бүгінгі сабақ бойынша «Ойлаудың алты қалпағы» әдісімен қорытындылап, әрі кері байланыс ретінде өз ойларын жеткізеді, ұсыныстарын айтады.






























Әр оқушы жауап берген сайын алынған стикерлері арқылы бағаланады.


Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады.







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 06.10.2016
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров35
Номер материала ДБ-240305
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх