Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің 23.04 – 27.04 күндері аралығында «География
пәнінде оқушылардың білім сапасын арттыру – адами капиталды дамыту
негізіздерінің бірі» тақырыбындағы
өтілген география пәнінің әдістемелік апталығының қорытындысы туралы мәлімет
География
әдістемелік бірлестігінде 2017-2018 оқу жылында 7 мұғалім бар. Олардың үшеуі
декреттік демалыста. Қалған 4 мұғалім толығымен апталыққа қатысып, сабақтарын
өз деңгейінде өтті. Әкімшілік тарапынан директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары Н.Бекболат пен директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары
О.Нұрбекова сабақтарға қатысып өз пікірлерін айтты.
И. Туечиева « Солтүстік Қазақстанның қалалары, ауылдық елді мекендері,
экологиялық проблемалары» тақырыбында 9 «Ә» сыныпқа сабақ өтті.
Сыныпты 5 топқа бөліп, оқушылармен «Миға шабуыл» әдісі арқылы үй тапсырмасын
сұрап алды. Оқушылары сабаққа белсенді қатысты.Мұғалім өзін белсенді
ұстады.Картамен жұмыс болды.АКТ қолданды.
И. Туечиева Медициналық геошрафиядан 10 «Г» сыныбында «Меициналық география
және денсаулық» тақырыбында диспут өтті. Диспутта оқушылар 4 топқа бөлініп,
өздеріне топ аттарын қойды, қорғайтын тақырыптарын топ басшылары таңдады. Әр
топ һз тақырыптарына презентация жасап, өте тартымды қорғап шықты. Соңында 1
оқушы журналист болып, қорытынды мақала оқыды.
Қ.
Аманбаева «Дүние
жүзінің шаруашылығының салалары: Өнеркәсіп» тақырыбында 7 «Г» сыныбында
жаңартылған білім бойынша ашық сабақ өтті. Сабақ өз мақсаттарына жетті.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын оқушылар белсенді орындады. Кері
байланыс жасалды. АКТ мен, картамен , кескін картамен жеке,жұптық, топтық
жұмыстар жасалды.
Ш. Сәрсенова «Аустралия және мұхиттық аралдар» тақырыбында 11 «Ә»
сыныбында сабақ өтті. Сыныпты 4 топқа бөлді. Мұғалімде оқушыларда белсенді
болды. Уақытты тиімді пайдаланды. Оқушылармен топтық, жұптық, жеке тапсырмалар
орындады.Картамен жөмыс болды. ҰБТ тапсырмалары қозғалды. Сабақ өз деңгейінде
өтті.
Т. Алдиярова «Украина және Молдова» тақырыпта ашық сабақ өтті. Сабақта
оқушылар топқа бөлінді. Сабақта оқушылар белсенді болды. Көрнекіліктер сабаққа
сай болды. Сабақ өз деңгейінде өтті.
«Ғажайып география»
білімділер сайысы 6 «А», «Д» сыныптар арасында өтілді. Ұйымдастырушы Алдиярова
Т
Сыныптан тыс 10-11 сынып
оқушыларын «КИО» Республикалық қашықтық олимпиадасына қатыстырды.
Ұйымдастырушы Туечиева И
ӘБ жетекшісі: И. Туечиева
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.