Инфоурок География Другие методич. материалыГеография "Поурочные планы" 7 класс

География "Поурочные планы" 7 класс

Скачать материал

Басқа сыныптардан 775 661 56 46 нөміріне хабарласу арқылы барлық сыныптарды 1000 тенгеге алааласыздар

 

Күні:

Сынып:7

Пәні: географиясы

Тақырыбы:  Материктер мен мұхиттар географиясында не оқытады?

Сабақтың мақсаттары:

                   1. Білімділік: Оқушыларға оқылып отырған мәселенің негізгі идеясын зерттеліп отырған құбылысын, фактінің заңның айқын, материктер мен мұхиттарға нақты түсінік беру.

                   2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа білімді қорытындылау, жүйелеу, қабылдау, ойға сақтау қабілетінің жоғары деңгейіне жетуін қамтамасыз ету және дамыту.

                   3. Тәрбиелік: Материктер мен мұхиттарға деген қызығушылықты тудыру, оның құрылымын өз бетінше зерттеуге баулу.

Сабақ түрі:  Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, проблемалық түсіндіру

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Дүние жүзінің картасы, атлас карта, суреттер, карточкалар

Сабақтың жоспары:

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

3.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

4.

Үйге тапсырма беру

1-2

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен  амандасып, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.

Жаңа сабақты түсіндіру: Материктерде құрлықтағы өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатын биік тау жүйелері мен ұлан-ғайыр жазықтардың табиғаты, дүниежүзілік мұхиттың тылсым табиғаты мен орасан мол табиғи қорлары, ондағы терең сулы шұңғымалар мен су асты жоталары, құрлық климатына әсер ететін теңіз ағыстары мен мұхит суының жалпы қасиеттерін жатқызамыз.

Жер шары бетінің жалпы ауданы 510,2 млн.км-ге тең. Ол материктер мен мұхиттарға бөлінген. Құрлықты құрайтын материктер мен аралдар үлесіне шамамен 149,1 млн км немесе бүкіл Жер бетінің 29,2%-ы келеді.

Жер шарында барлығы алты материк бар. Материктер қалыптасуы мен қазіргі табиғат ерекшеліктеріне сәйкес, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктеріне топтастырылып, мынадай тәртіппен қарастырылады: Еуразия (54 млн км астам), Солтүстік Америка (24,2 млн км), Оңтүстік Америка (18,3 млн км), Африка (30,3 млн км), Аустралия мен Мұхит аралдары (9,0 млн км-ге жуық), Антарктика (14 млн км). Материктерге таяу жағалаудағы қайраңдар мен материктік беткейлерде материктік аралдар орналасқан. Олар – жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен құрлықтың кейіннен бөлініп қалған бөліктері, көбінесе ауданы ауқымды келеді (Гренландия, Мадагаскар, Британ аралдары және т.б.). Мұхиттардың қозғалмалы бөліктерінде жанартаулық аралдар (Исландия, Гавай, Азор аралдары), ал судың беткі температурасы +25С-тан жоғары аймақтарында маржандық аралдар (Үлкен Аустрия Тосқауыл рифі, Маржан теңізінің аралдары) орналасқан. Аралдар жеке-дара және топ болып кездеседі, аралдар тобын архипелаг деп атайды. Жер шарындағы ірі архипелагтар қатарына Канаданың Арктикалық архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы жатады.

Құрлық материктерге бөлінумен қатар, дүние бөліктеріне де жіктеледі. Дүние бөліктері дегеніміз құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар. Дүние бөліктері де алтау: Еуропа, Азия, Африка, («Ескі дүние»), Америка, Аустралия, Антарктика («Жаңа Дүние»).

Жер шарының аса ірі материгі Еуразияны ежелгі грек географтары екі дүние бөлігіне ажыратқан. Бұл дүние бөліктері Месопотамияны мекендеген ежелгі халықтар – финикиялықтардың «эреб»-батыс, «асу»-шығыс деген сөздерінің негізінде Еуропа және Азия деп аталған. Кейінірек ашылған Солтүстік және Оңтүстік Америка материктері табиғат жағдайларының айырмашылықтарына қарамастан, біртұтас Америка дүние бөлігіне біріктірілген. Дүние бөліктерінің құрамына көршілес жатқан аралдар да енеді.

Дүниежүзілік мұхит. Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы 316 млн км, бұл Жер беті ауданының 70,8%-ын құрайды. Ол материктер арқылы төрт мұхит айдынына бөлінеді: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттары.

Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері – Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы (11 022м). Мұхиттар құрлықтың бөліктерімен тығыз байланыста бола отырып, ондағы табиғат жағдайларының қалыптасуына зор ықпал жасайды.

Жаңа тақырыпты бекіту:

Сұрақ: Жер шары бетінің жалпы ауданы қанша млн км²?

Жауап: 510,2 млн км²

Сұрақ: Жер шарында барлығы қанша материк бар және оларды ата?

Жауап:  6 материк, Еуразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктика

Сұрақ: Жер шарындағы ірі архипелагтарды ата?

Жауап: Канаданың Арктикалық архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы.

Сұрақ: Дүние бөліктері дегеніміз не?

Жауап: Құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес         шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар

Сұрақ: Дүние бөліктері қанша және оларды ата?

Жауап: 6, Еуропа, Азия, Африка («Ескі Дүние»), Америка, Аустралия, Антарктика («Жаңа дүние»)

Сұрақ: Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы қанша млн км²?

Жауап: 361 млн км²

Сұрақ: Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жерін ата және оның тереңдігі    қанма метр?

Жауап: Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы, 11 022 метр

 

Қорытынды:        Қорытындылай келе,  материктер мен аралдар, дүние      бөліктерін және  дүниежүзілік мұхиттың маңызын ашып түсіндірдім.

Үйге тапсырма: §1. Материктер мен мұхиттар географиясы нені оқытады? оқу және кесін картаға материктер мен мұхиттарды түсіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні:  Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері

Сабақтың мақсаттары:

                   1. Білімділік: Материктер мен мұхитты түсіндіре отырып, зерттелу тарихы мен жасалу технологиясына көңіл бөлдіру және түсіндіру, таныстыру.

                   2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, картамен глобуспен жұмыс істеу қабілеттерін әрі қарай дамыту.

                   3. Тәрбиелік: Оқушылардың қызығушылығын арттыру және өз бетінше зерттеуге баулу.

Сабақтың түрі: Аралас

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, суреттеп түсіндіру

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Дүние жүзінің картасы, атлас  карта, оқулық, глобус, суреттер

Сабақтың жоспары:

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Үй тапсырмасын сұрау

10-12

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен  амандасып, олардың бар жоғын анықтап, үй тапсырмасын сұраймын.

Үй тапсырмасын сұрау:

Сұрақ: Жер шары бетінің жалпы ауданы қанша млн км²?

Жауап: 510,2 млн км²

Сұрақ: Жер шарында барлығы қанша материк бар және оларды ата?

Жауап:  6 материк, Еуразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктика

Сұрақ: Әр материктердің аудандарын ата?

Жауап: Еуразия-54 млн км² астам, Африка 30,3 млн км², Солтүстік Америка 24,2 млн  км², Оңтүстік Америка 18,3 млн км², Антарктика 14 млн км², Аустралия және Мұхит аралдары 9,0 млн км²-ге жуық

Сұрақ: Жер шарындағы ірі архипелагтарды ата?

Жауап: Канаданың Арктикалық архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы.

Сұрақ: Дүние бөліктері дегеніміз не?

Жауап: Құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес         шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар

Сұрақ: Дүние бөліктері қанша және оларды ата?

Жауап: 6, Еуропа, Азия, Африка («Ескі Дүние»), Америка, Аустралия, Антарктика («Жаңа дүние»)

Сұрақ: Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы қанша млн км²?

Жауап: 361 млн км²

Сұрақ: Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жерін ата және оның тереңдігі    қанма метр?

Жауап: Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы, 11 022 метр

 

 

 

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Адамзаттың географиялық түсініктері алғашқы қауымдық кезеңнен-ақ жинақтала бастады. Жер табиғаты, халықтары және олардың тұрмыс-тіршілігі жайлы деректер мыңдаған жылдар бойы жинақталды, географиялық зерттеулердің тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінеді.

1 –ші, Ежелгі дәуірлерде байырғы ғылым мен мәдениеттің ошақтары – Месопотамия, Парсы жері мен Египеттегі, Карфаген және Ежелгі Грек, Рим елдеріндегі жаңа жерлерді игеру мен соғыс жорықтары нәтижесінде географиялық деректер қарқынды түрде жинақтала бастады. Грекия оқымыстыларының еңбектері географияның ғылыми негізін қалады.Тарих ғылымының негізін салушы грек ғалымы Геродоттың 9 томдық«Тарих» атты еңбегінде географияның алғашқы ғылыми түсініктері берілген.

2-ші, Ежелгі Грек ғалымы Аристотель Жер – шар тәрізді деген Пифагордың түсінігін ілгері дамытады. Жылды 365 күнге бөліп, Ай мен Күннің тұтылу себептерін дәлелдеп берді.

Эратосфен ендікті, бойлықты нақты өлшеп, тұңғыш рет географиялық карта жасады, математикалық географияның негізін салған.

Римдік ғалым Страбон географияны жер туралы ғылым ретінде түсініп, Жерді географиялық жағынан сипаттайтын «География» деп аталатын 17 кітап жазған.

Ұлы географиялық ашулар кезеңі ғ ХV- ХVІІІ ғасырлар аралығындағы жаңа жерлердің ашылуымен байланысты география тарихында болған аса маңызды жаңалықтармен сипатталады.

1492 жылы Христофор Колумб басқарған испан экспедициясы Атлант мұхиты арқылы Үндістанға баратын жолды іздеу барысында Багам, Кіші Антиль аралдарын ашты, сөйтіп Жаңа дүниедегі жаңа ашуларға негіз салды. Колумб өзі Вест-Индия деп аталған аймаққа кейіннен тағы 3 рет саяхат жасады.

1498 жылдың 20 мамырында Васко да Гама басқарған португал кемесі Каликут (Калькутта) Шығыс Азияны игеру, тонау және бөлісу кезеңі осы күннен басталды.

Колумб ашқан жаңа жерлерге 1499-1503 жылдар аралығында Америго Веспуччи 3 рет саяхат жасады. А.Веспуччи жаңа ашылған жерлердің Үндістан емес, жаңа дүние екенін дәлелдеді.

1538 жылғы дүние жүзі картасында атақты картограф Герард Меркатор Американың солтүстік және оңтүстік бөліктері ұғымын пайдаланып, оларды «Жаңа Дүние» деп атады.

1519-1522 жылдар аралығында Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты.

ХVІІ  ғасырда оңтүстік жарты шарда голландық Абель Тасман кейін өз атамен аталған аралды, 18 ғасырда ағылшын саяхатшысы Джеймс Кук Жаңа Зеландия аралы мен Аустралияның шығыс жағалауын ашты. Куктың зерттеулері Жер шарындағы су мен құрлықтың арақатынасы туралы және Тынық мұхит пен оның аралдары туралы көптеген мәліметтер берді.

 ХVІІІ  ғасырдағы орыс экспедициясы құрамындағы В.Беринг пен А.И.Чириков Американың солтүстік-батыс бөлігі мен Алеут аралдарын ашты.

1803-1806 жылдар аралығында И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф.Лисянскийдің Тынық, Үнді, Атлант мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясы Тынық мұхиттың көптеген жаңа аралдарын ашты.

1819-1821 жылдар аралығында Ф.Белинсгаузен мен М.Лазарев басқарған экспедиция 1820 жылы 28 қаңтарда Антарктика материгін ашты.

1909 жылы Американдық Р.Пири Солтүстік полюске, 1911 жылы Норвег Р.Амундсен Оңтүстік полюске жетті.

Бүгінгі таңда Жер шарында ашылмаған жер жоқ деуге де болады, бірақ онымен географиялық ашулар тоқтады деген ұғым тумау керек. Жаңа географиялық зерттеулерде ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері: ғарыштық және аэро кескіндеулер, геофизикалық зерттеулер, ақпаратты компьютерлік өңдеу және т.б. кеңінен пайдаланылады. Қазіргі заманғы география ғылымы табиғи ортаны қорғау мен табиғат қорларын тиімді падалану, мұхит табиғатын жаңа құралдар мен әдістер көмегімен танып-білу, адамзат пен табиғат арасындағы өзара байланыс, табиғат апаттарын болжау және оларды болдырмау бағытында зерттеулер жүргізуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақты бекіту:  Сәйкестендіру кестесі арқылы

 

1.

1819-1821

 

Семен Дежнев Беринг бұғазы арқылы Солтүстік мұзды мұхиттан Тынық мұхитқа өтті;

2.

1803-1806

 

Колумб ашқан жаңа жерлерге Америго Веспуччи 3 рет саяхат жасады;

3.

1519-1522

 

Ф.Беллинсгаузен мен М.Лазарев басқарған экспедиция Антарктика материгін ашты;

4.

1499-1503

 

И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф.Лисянскийдің Тынық, Үнді,Атлант мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясы Тынық мұхиттың көптеген жаңа аралдарын ашты;

5.

1648

 

Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет Жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты;

 

 

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, материктер мен мұхиттардың зерттелу       кезеңдерін баяндап, таныстырдым.

 

Үйге тапсырма: : §2. Тақырыпты оқу. Кескін картаға географиялық        ашылулар, зерттеулерді түсіру. Реферат жазып келу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Материктер мен мұхиттар карталары

Сабақтың мақсаттары:

                   1. Білімділік: Материктер мен мұхиттар туралы алған білімдерін жинақтап, одан әрі таным деңгейін арттыру.

                   2. Дамытушылық: Оқушылардың әр материкті, мұхитты жете тануға қызығушылығын ояту, оларды қосымша ізденуге, картамен жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыландыру.

                   3. Тәрбиелік: Өзін дұрыс ұстай білуге, мәдениеттілікке және ойын дұрыс, нақты жеткізе білуге баулу.

Сабақтың түрі: суреттеу-түсіндіру, өзіндік ізденіс

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Кескін карта, дүние жүзінің картасы, атлас  карта, оқулық, глобус

Сабақтың жоспары:

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Үй тапсырмасын сұрау

10-12

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен  сәлемдесіп, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, жаңа сабақты түсіндіре бастаймын.

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Карта-математикалық заңдылыққа негізделе отырып (масштаб және проекция бойынша) жасалатын Жер шарының, Күн жүесіндегі басқа ғаламшарлардың және т.б кішірейтіліп әрі жинақталып, шартты белгілермен бейнеленген кескіні. Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп берілетін нақты бейнесі глобус деп аталатыны белгілі. Глобустағы Жер бетінің дәл бейнесін картаға көшіру үшін картографиялық проекциялар қолданылады. Картографиялық проекция (кескін) – Жер шарының бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу. Жердің шар тәрізді болуына байланысты оны жазық карта бетінде бейнелеу барысында әр түрлі дәрежеде бұрмалану болады.

Тең бұрышты проекция қолданылған картада бұрыштар мен шағын географиялық нысандардың пішіндері нақты сақталады.

Тең ауданды проекция қолданылған карталарда аудан дәл беріледі. Мұндай проекция қолданылған карталардан материктер мен елдердің мұхиттардың ауданын нақты анықтауға болады.

Еркін алынған проекциялар негізінде жасалған карталарда бұрмаланулардың барлық түрлері кездескенімен, олар карта бетінде ұтымды бейнеленеді.

Цилиндрлік проекция көбінесе Жер шары толық бейнеленген карталарда пайдаланылады.

Карталар мынадай 4 белгісіне бөлінеді:

А) Қамтылатын аумағына (жарты шарлар немесе дүние жүзі карталары, Дүниежүзілік мұхит картасы, материктер мен олардың бөліктерінің картасы, топографиялық карталар);

Ә) Мазмұнына (жалпы географиялық және тақырыптық);

Б) Масштабына (ұсақ, орта және ірі масштабты карталар);

В) Қолданылу сипатына (ғылыми-анықтамалық, оқу карталары мен мәдени-ағарту, техникалық және туристік карталар);

 

 

 

Жаңа сабақты бекіту:

Сұрақ: Карталар қанша түрге топтастырылады?

Жауап: 4; қамтылытын аумағына, мазмұнына, масштабына, қолдану сипатына қарай топтастырылады

Сұрақ: Кешенді карталар дегеніміз не?

Жауап:  Көп жағдайда тақырыптық крталар бірнеше компоненттерді және олардың өзара байланысын көрсетеді. Мұндай карталар кешенді карталар деп аталады.

Сұрақ: Глобус дегеніміз не?

Жауап: Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп берілетін нақты бейнесі глобус деп аталады.

Сұрақ: Картографиялық проекция дегеніміз не?

Жауап: Жер шарының бетін малематикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу.

Сұрақ: Дүниежүзілік карталарда көп пайдаланылатын проекция-

Жауап: Көп конусты проекция.

Сұрақ: Жер жары толық бейнеленген карталарда пайдаланылатын проекция-

Жауап: Цилиндрлік проекция.

Сұрақ: Азимуттық прекция  қандай мақсатта қолданылады-

Жауап: Белгілі бір нүктеден жан-жаққа бағытталатын кеңістікті дәл       бейнелеу үшін  қолданылады.

 

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, материктер мен мұхиттар карталарын,  шартты белгілер жүйесін, проекциялардың түрлерін айтып түсіндірдім.

 

Үйге тапсырма: Материктер мен мұхиттар карталары мәтінін оқып, баяндау. Атлас картадан түрлерін анықтап, оларға мысал келтіру.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Жер қыртысының құрылымы

Сабақтың мақсаттары:

                   1. Білімділік: Жер қыртысының ішкі құрылысы зерттеліп отырған құбылысын, фактінің, заңның айқын, нақты түсінігін беру.

                   2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа білімді қорытындылау, жүйелеу, қабылдау ойға сақтау қабілеттерін арттыру, дамыту.

                   3. Тәрбиелік: Жақсы қасиеттерге үйрету. Экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Оқулық, кескін карта, дүние жүзінің картасы, атлас  карта, глобус

 

Сабақтың жоспары:

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Үй тапсырмасын сұрау

10-12

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен  сәлемдесіп, үй тапсырмасын сұрауға кірісемін.

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Жердің қатты қабығы болып саналатын литосфера жер қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігін қамтиды. Жер қыртысы құрылымдық ерекшеліктеріне қарай материктік және мұхиттық болып бөлінеді.

Геологиялық жыл санау-Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының уақыт тәртібімен түзілу реті, жасы туралы ілім. Жердің геологиялық жасы литосфераның қалыптасқан уақытынан бастап есептеледі.

Жер қыртысы мен тіршілік дүниесінің неғұрлым ірі өзгерістерін көрсететін геологиялық уақыт аралығы эра деп аталады. Жердің даму тарихы 5 эраға жіктеледі. Әр эра неғұрлым қысқа уақыт аралықтарына-дәірлерге бөлінеді. Дәуірлердің аттары көбінесе сол кезеңге сәйкес келетін тау жыныстары табылған жерлердің атымен аталады. Мысалы, кембрий, пермь, юра. Геохронологиялық кестеде Жер тарихындағы басты оқиғалар – тау жасалу кезеңдері, климаттық өзгерістер, тіршіліктің дамуы және т.б көрсетіледі.

Литосфералық плиталар теориясы бойынша, жер қыртысы және мантияның жоғарғы бөлігі жекелеген плиталардан тұрады. Қазіргі кезде 7 ірі платформа мен ондаған кіші плиталар анықталған. Олар құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты материктік және мұхиттық плиталарға ажыратылады. Ірі литосфералық плиталардың көпшілігі материк пен оларға жалғасып жатқан мұхит табандарын қоса қамтиды. Аса ірі плиталар қатарына Еуразиялық, Солтүстік Америкалық, Оңтүстік Америкалық, Африкалық, Үнді-Аустралиялық, Антарктикалық, Тынық мұхиттық плиталар жатады. Ал Тынық мұхиттық плита мұхиттық плита болып табылады. Мұхиттық плиталарда гранит қабаты болмайтындықтан олар салыстырмалы түрде жұқа және қозғалмалы болып келеді.

Әрбір материктің негізін жер қыртысының тегістелген, салыстырмалы түрде тұрақты бөліктерін-платформалар құрайды.

Жер қыртысының қозғалмалы белдеулері геосинклиналдар деп аталады.

Қазіргі ірі геосинклиналдық белдеулерге Альпі-Гималай, Батыс және Шығыс Тынық мұхиттық белдеулер жатады.

Жер шарында 800-ден астам сөнбеген жанартау бар, олардың басым көпшілігі мұхит табанында шоғырланған.

 

Жаңа сабақты бекіту:  Геохронологиялық кесте

Эралар

Дәуірлер

Қатпарлықтар

Тіршіліктің дамуы

 

Кайнозой

Kz

67

 

Төрттік немесе антропогендік 1,8 млн жыл Неогендік, 23,2 млн жыл, Палеогендік, 42 млн жыл

Альпі қатпарлығы

 

Сүт қоректілер мен құстардың қарқынды дамуы. Адамның пайда болуы. Жабдық тұқымды өсімдіктертердің қаулап өсуі.

 

Мезозой

Mz

165

 

Бор, 70 млн жыл

Юра, 55-58 млн жыл

Триас, 40-45 млн жыл

Мезозой

 қатпарлығы

 

Құстардың пада болуы. Алып бауырымен жорғалаушылардың кең таралуы. Ашық тұқымды өсімдіктердің қаулап өсуі.

 

Палеозой

Pz

330

 

Пермь, 45 млн жыл

Карбон, 65-70 млн жыл

Девон, 55-60 млн жыл

Силур, 35 млн жыл

Ордовик, 60-70 млн жыл

 

Кембрий, 70-80 млн жыл

Герцин қатпарлығы

 

Теңіз маржандары, трилобиттер, ірі қос мекенділердің кең таралуы.

 

 

Өсімдіктердің құрлыққа шығуы

 

Папоротниктер мен плаундардың қаулап өсуі.

 

Каледон

қатпарлығы

 

Протерозой, 2,1 млрд жыл

Байкал

 қатпарлығы

 

Көк-жасыл балдырлардың кең таралуы. Алғашқы қарапайым теңіз ағзаларының пайда болуы.

 

Бактериялардың пайда болуы.

 

Архей, 1 млрд жыл

 

Қорытынды:  Бүгінгі сабақта, жалпы жер құрылымымен  оның ішінде, материктік және мұхит табандарының жер қыртысын, геологиялық жыл санауды, литосфералық плиталар және олардың қозғалыстарымен таныстық, үйрендік, білдік.

 

Үйге тапсырма: Жер қыртысының құрылымын оқу, мазмұндау. 

 Кескін картаға жер бедерін салу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Жер бедері

Сабақтың мақсаттары:

                   1. Білімділік: Жер бедері туралы оқушыларға түсінік беру. Оқушылардың тіл байлықтарын сөздік қорларын молайту.

 2. Дамытушылық: Дамытуға оқытуға негізделген    шығармашылық қиялын, жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту.

                   3. Тәрбиелік: Ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету, білімді, ақылды, ізденімпаз етіп тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Оқулық, кескін карта, дүние жүзінің картасы, атлас  карта

 

Сабақтың жоспары:

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Үй тапсырмасын сұрау

10-12

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  сәлемдесіп, түгендеп, үй тапсырмасын сұрауға кірісемін.

Үй тапсырмасын сұрау:

Сұрақ: Жер қыртысы құрылымдық ерекшеліктеріне қарай неше топқа бөлінеді және оларды ата?

Жауап: Материктік және мұхиттық болып екіге бөлінеді

Сұрақ: Геологиялық жыл санау дегеніміз не?

Жауап: Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының уақыт тәртібімен түзілу реті, жасы туралы ілім

Сұрақ: Рифт дегеніміз не?

Жауап: Жер қыртысындағы неғұрлым терең жарылыстардың жиынтығы рифт деп аталады

Сұрақ: Плита дегеніміз не?

Жауап: Платформаларды әр түрлі шөгінді жыныстар жауып жатқан кішігірім бөлігін плита деп атайды.

Сұрақ: Жер қыртысының қозғалмалы белдеулерін не деп атайды?

Жауап: Геогсинклиналдар

Сұрақ: Қазіргі ірі геосинклиналдық белдеулерге жататындарын ата?

Жауап: Альпі-Гималай, Батыс және Шығыс Тынық мұхиттық белдеулер жатады.

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Жер бедері барлық табиғат компоненттерінің (климат, ішкі сулар, топырақ-өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі) қалыптасуы мен орналасу заңдылықтарына айтарлықтай әсерін тигізеді.

Жер бедері ішкі және сыртқы күштердің қатар әсер етуі нәтижесінде өзгеріп отырады.

Ішкі күштер әсерінен болатын қозғалыстардың екі түрі белгілі: тік қозғалу (жанартаулық құбылыстар, күшті жер сілкінулер, қатпарлану, жарылыстардың пайда болуы және т.б) және өздеріңе белгілі литосфералық плиталардың ғасырлық тербелмелі қозғалыстары. Бұл қозғалыстар жер бедерінің ең ірі пішіндерін-материктерді және мұхит қазаншұңқырларын қалыптастырады. Олар жер бедерінің ғаламшарлық ауқымдағы аса ірі пішіндеріне жатады. Құрлық пен мұхит табанындағы жазықтар мен тау жүйелері жер бедерінің екінші қатардағы пішіндерін құрайды.

Ішкі күштердің әсерінен қалыптасқан ірі таулар мен жазықтар сыртқы күштердің әсерінен түрліше өзгерістерге ұшырайды.

Мұхит табанының ең басты ерекшелігі – тұтас су асты жоталары жүйесін құрайтындығы. Олардың жалпы ұзындығы 75 000км-ден астам, ені 2000 км-ге, орташа биіктігі 3000 -4 000м-ге жетеді. Жоталардың жан-жағын қоршай, теңдессіз өте үлкен алқапты қамтитын терең ойыстар-қазаншұңқырлар орналасқан. Литосфералық плиталардың жанасатын бөліктері мұхит табанындағы ең қозғалмалы аудандары болып табылыды.

 

Жаңа сабақты бекіту:

1.     Жер қыртысының құрылысы картасы мен физикалық картаны салыстыра отырып, материктер ме н мұхиттар табанындағы жер бедерін ата

2.     Жер қыртысының қандай құрылымдарына сәйкес келетінін нақты мысалдармен дәлелдеңдер

3.     Материктер мен мұхиттар пішіндерінің өзгеруін немен түсіндіруге болады?

4.     Мысал келтір (Жер белдеріне)

 

 Қорытынды: Сонымен, бүгінгі сабақта жер бедерінің неғұрлым ірі пішіндері жер қыртысының белгілі бір құрылымдарына сәйкес келетінін және литосфералық плиталардың жанасатын бөліктері мұхит табанындағы ең қозғалмалы аудандары болып табылатынын білдік.

 

 Үйге тапсырма: Жер бедері мәтінін мәнерлеп оқып мазмұндау. Кескін картаға жер бедерін түсіру. Тест сұрақтарын құрастырып, қосымша материалдар алып келу

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Ауа температурасы мен қысымының таралуы

Сабақтың мақсаттары:

                   1. Білімділік: Оқушыларды ауа температурасы мен қысымен таныстыра отырып түсінік беру

 2. Дамытушылық: Ауа температурасын карта бойынша кестені оқу, білу және қысымды анықтау

                   3. Тәрбиелік: Оқушыларды өздерінің тұрған жерлеріндегі ауа температурасымен қамтамасыз ету мәселесімен таныстыру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Суреттеп түсіндіру

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Дүние жүзінің картасы, климат картасы

 

Сабақтың жоспары:

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Үй тапсырмасын сұрау

10-12

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  сәлемдесіп, жоқ оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындалу

Жаңа сабақты түсіндіру:

Жер шарының ауа қабаты – атмосфераның құрамы мен құрылымы.

Жердегі тіршілік үшін әсіресе атмосфераның ең тығыз төменгі қабаты тропосферадағы ауа құрамы мен ондағы жүретін процестердің маңызы зор. Мұнда бүкіл ауаның шамамен 9/10 бөлігі шоғырланған. Тропосферада ауа райының маңызды құбылыстары-бұлт, жаңбыр, қар, бұршақ, жел пайда болып, олар кейде адамзат пен тіршілікке қауіпті апатты жағдайларға-қуаңшылық, су тасқыны, қарлы борандар мен дауылдарға әкеп соқтырады.

Жер шарындағы климаттың қалыптасуы мен таралу заңдылықтарын түсінуде климаттық карталардың маңызы зор.

Климаттық элементтердің таралуы картада изосызықтар арқылы бейнеленеді. Температуралары бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изотермалар, қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изобара, жылдық жауын-шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изогиета деп атайды.

Ауа массалары:

1. Экваторлық – төмен қысым-0ºС

2. Тропиктік – жоғарғы қысым-30ºС

3. Қоңыржай – төмен қысым

4. Антарктикалық – 65ºС

Ауаның әрқашан жоғары қысымды аймақтардан төмен қысымды аймақтарға қарай қозғалады. Сол себепті экватор маңындағы жоғары өрлеген ауа төмен түсе алмай, тропосфераның жоғарғы қабаты арқылы тропиктерге қарай жылжиды. Бірақ қозғалыстағы ауа Жердің өз білігінен айналуынабайланысты шығысқа қарай ауытқиды да, полюстерге жете алмайды. Біртіндеп суынып, ауырлаған бұл ауа 30ºс.е. пен 30ºо.е. маңында төмен бағытталады. Осы себепті екі жарты шарда да тропиктік ендіктерде Жоғарғы қысымды белдеулер қалыптасады. Полюстердегі сияқты мұнда да ауа ағындарының төмендеген қозғалыстары басым болады. Жер бетінде жоғарғы қысымды белдеулерден төмен қысымды белдеулерге қарай ауа ағындары бағытталады, олар тұрақты желдерді қалыптастырады.

Сонымен, жер бетінде жоғары өрлеген ауа ағыны басым аймақтарда төмен қысым, төмендеген ауа ағыны басым аймақтарда жоғарғы қысым белдеулері қалыптасады.

 

Жаңа сабақты бекіту:

1.     Атластағы климаттық карталарды пайдалана отырып:

a)  Еуразиядағы 60ºш.б. меридианы бойымен;

b) 40º және 50ºс.е. бойынша қандай изотермалар өтетінін анықтаңдар.

2.     Жауын-шашынның жылдық мөлшері қанша болуы тиіс

3.     Қыс пен жазда ауа массаларының желдердің бағытын анықтау

4.     Төменгі ауа массалары нені білдіреді

5.     Қандай белдеуде ауа қозғалысы қалай пайда болады

 

Қорытынды:  Бүгінгі сабақта, атмосфераның жердегі тіршілігі үшін маңызын анықтадық. Жер бетінде ауа теапературасы мен қысымның таралуын, атмосфералық қысым белдеулерімен таныстық, білдік.

 

Үйге тапсырма: Атластағы климаттық картаны пайдалану, §6 оқу.      Климаттық картамен жұмыс жасау

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Ауа массалары мен басым желдер қозғалысы.

Жауын-шашынның таралуы

Сабақтың мақсаттары:

              1. Білімділік: Оқушыларға  ауа массасы жауын-шашын туралы түсінік беру

 2. Дамытушылық: Сөйлеу қабілетін дамыту, жаңа мағлұматтар беру арқылы ой-өрісін кеңейту, шығармашылыққа баулу

                3. Тәрбиелік: Ізденімпаздылыққа баулу, жауын-шашынды қорғауға, оның қажеттілігін түсіне білуге үйрету

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Климат картасы, суреттер, оқулық

Сабақтың жоспары:

 

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Үй тапсырмасын сұрау

10-12

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  сәлемдесіп, жоқ оқушыларды түгендеп, зейінін тұрақтандырып жаңа сабақ түсіндіруге кірісемін

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Белгілі бір жерде ұзақ тұрақтаған ауа сол жерге тән өзіндік қасиеттерге (температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі) ие болады. Осындай бір тектес қасиеттері бар, үлкен көлемдегі ауаның жиынтығын ауа массалары деп атайды. Қалыптасқан орнына байланысты ауа  массалары 4 түрге ажыратылады:

1. Экваторлық (ЭА) температура жоғары, ылғал мол болады;

2. Торпиктік (ТА);

3. Қоңыржай (ҚА) жылдың төрт мезгілі болады;

4. Арктикалық және антарктикалық (АА);

Ауа массалары мұхиттық және континенттік болып жіктеледі. Мұхиттық ауа массалары континенттік ауа массаларымен салыстырғанда жазда салқын, қыста жылырақ болып келеді және жыл бойы ылғалды болады. Ал континенттік ауа массалары ылғалы аз, шаң-тозаңды, жазда ыстық болуымен ерекшеленеді. Қыста қоңыржай ендіктердегі континенттік ауа массалары қатты салқындайды.

Ауа массаларының горизонталь бағытта орын алмастыруын жел деп атайды. Тұрақты, яғни әрқашан бір бағытта соғатын желдер жоғарғы және төменгі қысым белдеулерінің орналасуына баланысты пайда болады.

Экватор маңында төменгі қысым белдеуі қалыптасқан, ал 30-шы ендіктерде жоғарғы қысым, сондықтан да жел Жер бетінде жоғарғы қысымды белдеуден экваторға қарай соғады. Бұл желдер пассаттар деп аталады. Жердің өз білігінен айналуы салдарынан пассаттар бағытынан ауытқиды. Солтүстік жарты шар пассаттары солтүстік- шығыстан оңтүстік-батысқа қарай, ал оңтүстік жарты шар пассаттары солтүстік батысқа соғады.

Тұрақты желдер тропиктердегі жоғарғы қысым белдеулерінен қоңыржай ендіктердегі төмен қысымды белдеулерге (65 с.е. пен 65 о.е) қарай да соғады. Жердің өз білігінен айналуы әсерінен бұл желдер солтүстік жарты шарда оңға, ал оңтүстік жарты шарда-солға қарай ауытқып, батыс желдерін, яғни батыстан шығысқа қарай бағытталған тұрақты ауа ағынын қалыптастырады.

Климаттық жағдайлардың қалыптасуын географиялық ендік пен Күннің көкжиектен биіктігі ғана емес, ауа массаларының қозғалыстары да анықтайды.

Жер шарының кейбір аудандарында жауын-шашын шамадан тыс мол түссе, кей жерлерде оның мөлшері мүлде мардымсыз. Жауын-шашынның бұлай әркелкі тарадуы жоғарғы және  төменгі қысымды белдеулердің орналасуымен түсіндіріледі.

Экваторда ғана емес, барлық төменгі қысымды аудандарда жауын-шашын мол түседі. Керсінше, жоғарғы қысымды белдеулерде ылғалы аз, суық ауа ағындары төмен қарай бағытталады. Төмендеген сайын бұл ауа өзгеріп, қызу нәтижесінде құрғайды. Сондықтан жоғарғы қысымды аймақтарда жауын –шашын тмөлшері аз болады. Жер бетінде басым желдердің бағыты, жауын-шашынның таралуы мен мөлшері атмосфералық қысым белдеулерінің орналасуына тәуелді болады.

Жауын-шашынның таралуына географиялық ендік те әсер етеді:

Күн сәулесі неғұрлым аз түссе, жауын-шашын да соғұрлым аз жауады.

 

Жаңа сабақты бекіту:

Сұрақ: Ауа массалары дегеніміз не?

            Жауап: Белгілі бір жерде ұзақ тұрақтаған ауа сол жерге тән өзіндік қасиеттерге (температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі) ие болады. Осындай біртекті қасиеттері бар, үлкен көлемдегі ауаның жиынтығын ауа массалары деп атайды.

Сұрақ: Ауа массаларының қандай түрлері бар?

Жауап: Экваторлық, тропиктік қоңыржай, арктикалық және антарктикалық

                             

 Өздерің тұрған жердің климатына қандай ауа массалары әсер етеді.

 

Қорытынды:  Қорытындылай келе, бүгінгі сабақта Жер бетіне жауын-шашынның таралуы туралы жалпы оқып, білдік.

 

Үйге тапсырма: §7 оқу. Климат картасына жауын-шашынды түсіру

                               Өздерің тұрған жердің климатына қандай ауа массалары әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар

Тақырыбы: Климаттық қалыптастырушы факторлар. Жер шарындағы климаттық белдеулер

Сабақтың мақсаттары:

              1. Білімділік:    Оқулықтың тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру, ойлау қабілеттерін арттыру, график сызба білуге, жылдам есептеуге үйрету

 2. Дамытушылық: Жаңа технологияларды пайдалана отырып, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру, білімге құштарлығын, ізденімпаздылығын дамыту

          3. Тәрбиелік:            Оқушыларды табиғаты, елін жерін сүюге оны құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Климат картасы, суреттер, оқулық, кескін карта

Сабақтың жоспары:

 

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Үй тапсырмасын сұрау

10-12

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  сәлемдесіп, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып, жаңа сабақ түсіндіруге кірісемін

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Жер шарының климаты алуан түрлі. Ол Жер бетінде Күннің жылуы мен атмосфералық жауын-шашынның әркелкі таралуына байланысты болады. Белгілі климат зерттеуші ғалым Б.П. Алисов Жер шарында бір-бірінен температуралық жағдайлары және ауа массаларының қасиеттері мен әсер ету аймақтары арқылы айырмашылық жасайтын 13 климаттық белдеуді ажыратқан.

Климаттық белдеулер негізгі және өтпелі болып бөлінеді. Негізгі климаттық белдеулер төрт ауа массаларына бөлінеді:

1. Экваторлық белдеу – қысым төмен, жыл бойы экваторлық ауа массалары әсер етеді. Күн сәулесінің мол түсуіне байланысты бұл белдеуде бүкіл жыл бойы ауа температурасы жоғары болады. Жауын-шашщын мол түседі, ауа райы ыстық, ылғалды әрі қапырық болады.

2. Тропиктік белдеу – жыл бойы тропиктік ауа массаларының ықпалында болады. Сондықтан бұл белдеуде тұрақты жоғарғы қысым мен төмен бағытталған ауа қозғалысы басым. Жазда температурасы өте жоғары, ал қыста салқын болып келеді. Тропиктік ауа массалары әдетте өте құрғақ

3. Қоңыржай белдеу – жыл бойы қоңыржай ауа массалары мен батыс желдері басым болады. Мұнда едәуір салқын, жыл мезгілдері айқын байқалады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері жалпы алғада біршама мол болғанымен, белдеу ішінде әркелкі таралады.

4. Арктикалық және антарктикалық белдеу – жыл бойы арктикалық ауа массалары әсер етеді. Жыл бойы ауа температурасы төмен болады. Полюске жақындаған сайын табиғат жағдайы қолайсыз сипат алады.

Өтпелі климаттық белдеулер негізгі белдеулердің аралығында орналасқан. Олардың аттарындағы «суб» сөзі латынның «таяу, маңы» деген мағынаны білдіреді.

Өтпелі климаттық белдеулер: субэкваторлық, субтропиктік, субарктикалық және субантарктикалық.

Жаңа сабақты бекіту:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1.     Жер шарындағы климаттық белдеулерді көрсетіңдер

2.     Олардың қайсылары солтүстік және оңтүстік жарты шарларда қайталанып отырады

3.     Өздерің тұрған жерде қандай ауа массалары, желдердің басым болатынын, ауа райы сипатының белгілерін және оның қандай климаттық белдеуге сәйкес келетінін анықтаңдар.

 

Қорытынды:      Қорытындылай келе, бүгінгі сабағымызда, климат қалыптастырушы факторлар және Жер шарыедағы климаттық белдеулер туралы таныстық, білдік

 

Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. Жер шары картасынан 13 климаттық белдеуді салып келу. Қосымша деректер жинау, климат картасын жасау.

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Дүниежүзілік мұхит суы. Беткі ағыстар

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:    Оқушыларды дүниежүзілік мұхиттың ағысымен таныстыру, олардың ерекшеліктеріне, маңызына тоқталу

 2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, іскерліктерін, шығармашылық қасиеттерін шыңдай отырып, туған өлкеге деген мақтаныш сезімін қалыптастыру

             3. Тәрбиелік:            Табиғаттың сұлулығын аялауға, табиғаттағы өзгерістерді сезуге, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу, эстетикалық тәлім-тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, суреттер, оқулық, кескін карта

Сабақтың жоспары:

 

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып, жаңа сабақ түсіндіруге кірісемін

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Дүниежүзілік мұхит сулары гидросфераның негізгі бөлігін құрайды. Дүниежүзілік мұхит ғаламшарымыздағы жылу мен ылғалдың таралуын белгілі дәрежеде реттеп отыратындықтан жердегі тіршілік үшін маңызы өте зор. Жер шарында Дүниежүзілік мұхит суының алып жатқан ауданы 361,1 млн км. Күн жүйесідегі ешбір ғаламшарда дәл Жер шарындағыдай мөлшерде су жоқ. Олай болса, су – Жер табиғатының басты байлығы тіршілік көзі.

Мұхит суының басты қасиеттері – температурасы мен тұздылығы. Мұхит суының да жылынуы Күн сәулесінің түсу мөлшеріне тікелей байланысты.

Дүниежүзілік мұхит суы көлемінің үлкен болуына орай, құрлықпен салыстырғанда судың баяу салқындауы нәтижесінде мұхитта жылу көп жинақталады.

Мұхиттың кейбір аудандарында бұл заңдылық мұхит ағыстары, тұрақты желдер, ал материк жағалауларында құрлықтың тікелей ықпалы мен олардан ағып шығатын өзен сулары әсерінен өзгереді. Судың температурасы тереңдікке қарай да өзгереді. Тереңдеген сайын алғашында температура күрт төмендейді, 3000-4000 м тереңдіктен кейін температура  +2, – 0ºС аралығында тұрақтайды.

Дүниежүзілік мұхит суының құрамы аса күрделі. Мұнда суда еритін тұздар мен газдар, органикалық және ерімейтін заттар да кездеседі. Оның құрамында 60-тан аса тұрақты компоненттер бар. Табиғи минералдардың барлығы дерлік мұхит суында еріген күйінде кездеседі. 1 л мұхит суындағы еріген тұздардың мөлшері судың тұздылығы деп аталады. Бұл көрсеткіш промилле арқылы есептеледі. Мұхит суының орташа тұздылығы 35 промилле шамасында. Тұздың өте жоғары көрсеткіші-41 промилле.

Мұхит суының тұздылығы 36 промилле мұхит суының қату температурасы   -2С шамасында болады. Арктикалық және антарктикалық белдеулерде қалың мұз қабаттары қалыптасады.

Мұхит табанынының ең басты компоненттерінің бірі оның суы. Мұхиттың белгілі бір бөлігін алып жатқан  зор көлемді суды су массалары деп атайды. Мұхит пен құрлық арасындағы жылу мен ылғалдың алмасуына беткі ағыстардың маңызы зор. Беткі ағыстардың қалыптасуының негізгі себебі жел.

Ағыстар жүйесі солтүстік-шығыс пассаттың беткі су массаларын батысқа қарай айдауынан түзілген Солтүстік пассат ағысынан басталады. Ол Оңтүстік Американың шығыс жағалауында екіге айырылып, бір тармағы Экваторлық қарсы ағысты түзіп, судың бір болігі шығысқа қарай кері қайтады. Ал Пассат ағысының екінші тармағы Кариб теңізіне жетіп су деңгейін көтереді. Осы беткі су массасы Антиль аралдарын айналып өтіп, Жердің ауытқытушы күшінің әсерінен дұние жүзіндегі ең қуатты жылы ағыс – Гольфстримді түзеді. Гольфстрим ағысы Солтүстік Американың шығыс жағалауын бойлай, 40 с.е. дейін жетеді. Одан әрі су массаларының негізгі тармағы қоңыржай ендіктегі тұрақты соғатын батыс желдері әсерінен Солтүстік Атлант ағысына айналады. Бұл ағыс Скандинавия түбегін айналып өтіп, қоңыржай және полярлық ендіктердегі судың беткі температурасын жоғарылатады. Қоңыржай ендіктерден қайтқан су массалары  Африка жағалауларындағы тереңнен көтерілетін суық суларға қосылып Канар суық ағысын түзеді. Ол әрі қарай Солтүстік Пассат ағысына жалғасады.

Ірі су айналымы Атлант мұхитының оңтүстігінде де қалыптасады. Бұл жүйе Оңтүстік Пассат ағысы, Бразилия ағысы, Батыс желдері ағысы, Бенгел ағыстарынан құралады.

Тынық мұхитында да осындай ағыстар жүйесі қалыптасады: мұндағы Куросио ағысы Гольфстримге ұқсас, ал Солтүстік Мұхит ағысы Солтүстік Атлант ағысына, Гумбольдт немесе Перуана ағысы Бенгел ағысына ұқсас.

 Дүниежүзілік  мұхитта беткі ағыстар жылу мен ылғалдың тасымалдануы мен бөлінуіне зор ықпал етеді. Ағыстар мұхиттардың батыс бөлігінде жылы суларды полюстерге қарай бағыттап, жоғары ендіктерді жылытады, ал шығысында экватор маңына салқын суларды алып келіп, жылынуына себепші болады.

 

 

 

Жаңа сабақты бекіту:       Тест арқылы

1.     Жер бетіндегі Дүниежүзілік мұхиттағы ең терең шұңғыма

a)   Ява

b)  Мариан

c)   Алеут

d)  Филиппин

e)   Курил-Камчат

2.     Жер бетінің қанша пайызын Дүниежүзілік мұхит сулары алып жатыр?

a)       60%-ын

b)      40%-ын

c)       71%-ын

d)      26%-ын

e)       29%-ын

3.     Дүние жүзін алғашқы болып жүзіп шыққан адам?

a)    Д.Ж.Кук

b)   Ф.Магеллан

c)    М.Поло

d)   Х.Колумб

e)    А.Веспуччи

4.     Африка қанша мұхитпен шектеседі?

a)    5;

b)   3;

c)    4;

d)   2;

e)    1;

5.     Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы қанша млн км²?

a)     320 млн км²

b)    316 млн км²

c)     361 млн км²

d)    313 млн км²

e)     363 млн км²

6.     Тереңдеген сайын мұхит суы ... түседі?

a)    Ауытқи түседі;

b)   Қозғалады;

c)    Төмендей түседі;

d)   Арта түседі;

e)    Температурасы өзгермейді;

7.     Дүние жүзілік мұхиттағы ең жоғарғы тұздылық қай теңізде?

a)   Қара теңізде;

b)  Ақ теңізде;

c)   Қызыл теңізде;

d)  Жерорта теңізінде;

e)   Каспий теңізінде;

 

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, дүниежүзілік мұхит суымен таныстық. Су массаларымен және беткі ағыстардың таралуын анықтап, білдік.

 

Үйге тапсырма: Оқулық мәтінін пайдаланып мұхит ағыстарын кескін картаға түсіріп келу. §9 оқу.

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Мұхиттағы тіршілік дүниесі.

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:    Оқушыларға мұхиттағы тіршілік жайлы түсінік бере отырып, оның ерекшеліктері мен маңыздылығын және шаруашылықтағы алатын орны жайлы түсінік беру

 2.Дамытушылық: Картамен, атласпен, кескін картамен, оқулықпен, жұмыс дәптерлерімен жұмыс істей білуге, іздендіруге дағдыландыру.

                  3. Тәрбиелік:          Оқушыларды білімділікке, ізденімпаздылыққа, саналылыққа, уақытты үнемдеуге, ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Атлас карта, оқулық, кескін карта, суреттер

Сабақтың жоспары:

 

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.

Жаңа сабақ:

Дүниежүзілік мұхит сулары тереңдеген сайын, өзінің табиғаты мен тіршілік дүниесінің құпияларымен адамзатты әлі де таңғалдыруда. Олардың ғажайып сыры әлі күнге дейін ашылған жоқ. Мұхиттардың терең тұңғиықтарын зерттеу барысында қазірдің өзінде ғылымға белгісіз тірі жәндіктер бабылуда. Мұхит суында тіршілікке қажетті қолайлы жағдайлар мен қоректік заттар жеткілікті. Тіпті тіршілік дүниесі тереңдігі 11022 м болатын Мариана шұңғымасында да жаңа жер қыртысы түзіліп, ыстық магма шығып жататын жарықтарда да, температурасы мен қысымы өте жоғары аудандарда да кездеседі. Мұхиттардағы тіршілік жағдайлары полюстен экваторға және су бетінен тереңдікке қарай өзгеріп отырады. Мұхиттың өсімдіктер дүниесі көзге көрінбейтін бактериялар, біржасушалы өсімдіктер мен ұзындығы 200 м-ге дейін жететін теңіз балдырларынан тұрады. Жануарлардан көзге көрінбейтін ұсақ жәндіктерден бастап, салмағы 160 т-ға дейін жететін алып киттер тіршілік етеді.

Мұхиттағы тіршілік ұзақ геологиялық уақыт аралығында су массаларының қасиеттерін өзгертіп отырады. Судағы жасыл өсімдіктер бөліп шығарған оттегінің мөлшері артып, оның артық мөлшері ауаға шығару арқылы атмосфера құрамын өзгертеді. Тіршілік ету жағдайына байланысты мұхиттағы тіршілік дүниесі планктон (грекше «қалқыма»), нектон (грекше «жүзгіш») және бентос (грекше «тереңдік») деп аталатын 3 топқа бөлінеді.

Планктон ағыстардың әсерінен еркін қозғалатын алуан түрлі бір жасушалы балдырларда, әр түрлі қарапайымдардан, ұсақ шаяндардан, теңіз құрттарынан, ішек қуыстылардан және бақалшақтардан тұрады. Өсімдіктер планктоны – жануарлар планктонының негізгі қорек көзі. Мұхиттағы аса ірі сүтқоректілер (кит тәрізділер мен ескек аяқтылар) де планктонды азық етеді. Нектонды мұхит сулары мен оның беткі бөлігінде еркін жүзетін балықтар, теңіз сүт қоректілері, теңіз жыландары мен тасбақалар, ірі моллюскалар құрайды. Нектон неғұрлым ірі жануарлардан тұрады. Олардың жалпы биомассасы бентостың жиынтық массасынан 23 есе аз. Бентосты мұхит түбінде бекініп тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі құрайды. Олар мұхит түбінде тіршілік етуге бейімделген әр түрлі балдырлардан, теңіз шөптерінен тұрады.

Бентостағы тіршілік дүниесі селбесіп өмір сүруге бейімделген.

Дүниежүзілік мұхит суларында жануарлардың 150 мыңға жуық, өсімдіктердің 15 мыңнан астам түрі кездеседі, олар саны жағынан өте көп болуымен ерекшеленеді.

Зерттеулер ғылым мен техниканың ең соңғы жетістіктерімен жабдықталған қуатты ғылыми-зерттеу кемелерінің, мұхит түбінде жұмыс істейтін арнайы автоматты стансалардың, сондай-ақ жасанды Жер серіктерінің көмегімен жүргізіледі.

 

Жаңа сабақты бекіту:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қорытынды: Бүгінгі сабақта, мұхиттағы тіршілік дүниесімен таныстық.

Адамдар теңіздер мен мұхиттардың тіршілік дүниесін қандай мақсатта пайдаланатынын білдік.

 

Үйге тапсырма: §10 оқу. Мұхитта тіршілік ететін жануарлары мен өсімдіктерін толықтырып дәптерге жазып келу. Кескін картаға дүниежүзілік мұхиттағы баклыққа бай аудандарды анықтап, картадан көрсету

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: №1 Сарамандақ жұмыс. Литосфералық тақталардың айналуы мен қозғалысы

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:     Оқушыларға жалпы литосфера таралуы бойынша алған білімдерін тексеру, олардың қозғалу бағыты мен жылдамдығын анықтау.

 2.Дамытушылық:     Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, график сызба білуге, жылдам есептеуге дағдыландыру.

                  3. Тәрбиелік:       Оқушыларды ұжымдылыққа, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ

Оқыту әдісі: Іздену, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Атлас карта,  кескін карта, суреттер, дүниежүзінің картасы

 

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.

 

Жердің қатты қабығы болып саналатын литосфера жер қыртысы мен мантияның қабығы болып саналатын литосфера жер қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігін қамтиды.

Литосфераның плиталар теориясы бойынша, жер қыртысы және мантияның жоғарғы бөлігі жекеленген плиталардан тұрады. Қазіргі кезде 7 ірі платформа мен ондаған кіші плиталар анықталған. Олар мұхиттық материктік болып ажыратылады. Ірі литосфералық плиталардың көпшілігі материктік пен оларға жалғанып жатқан мұхит табандарын қоса қамтиды. Аса ірі плиталар қатарына Еуразиялық, Солтүстік Америкалық, Оңтүстік Америкалық, Африкалық, Үнді аустралиялық мұхиттық плита болып табылады.

 

·        Литосфералық тақталардың ажырау шекарасы;

·        Литосфералық тақталардың ығысуы, жылжу шекарасы;

·        Литосфералық плиталардың қозғалу бағыты мен жылдамдығы см/жылд.;

·        Сейсмикалық аймақ;

·        Екі құрлықтық плиталардың ығысу шекаралары;

 

Қорытынды: Әрбір материктің негізін жер қыртысының тегістелген, салыстырмалы түрде тұрақты бөліктерін платформалар құрайды.

 

Үйге тапсырма:    Картадан литосфералық плиталардың орналасуын картаға салып келу. Қосымша материалдар жинау. Жер қыртысының тұрақты және қозғалмалы бөліктерін картадан табу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Табиғат кешені

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:    Оқушыларды табиғат кешендерімен таныстыру; табиғаттағы болатын құбылыстардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

 2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Картамен жұмысты жүргізуге дағдыландыру.

                  3. Тәрбиелік:          Табиғаттағы болатын құбылыстарды танып білуге тәрбиелеу және бірін-бірі сыйлауға ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі баяндау

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Атлас карта, оқулық, кескін карта, суреттер

Сабақтың жоспары:

 

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Табиғат кешені дегеніміз өзара күрделі байланыста әрекет ететін табиғат компоненттерінің өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір көрінісі.  Ең ірі табиғат кешені географиялық қабық деп аталады. Географиялық қабық дегеніміз- литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның өзара күрделі байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын ғаламшарлық дәрежедегі такбиғат кешені.

Географиялық қабықтың құрылымы мен дамуында өзіндік заңдылықтар бар. Бұлар бүкіл географиялық қабыққа да, оның жекелеген компоненттері мен шағын көлемді табиғат кешендеріне де ортақ болып келеді. Осы заңдылықтарды білу айнала қоршаған табиғатқа нұқсан келтірмей байлықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

 

Овал: Атпалы жыныстар 


Күн

қуаты

 

 


кристалдану

Овал: Магмаүгілу,

Овал: Шөгінді жыныстартасымалдау

 

 

 


Овал: Метаморфтық жыныстарқайта

балқуы

жыныстардың

қайта өзгеруі

 

 

Жер қыртысындағы заттардың алмасуы

Географиялық қабықтағы ырғақты құбылыстардың жүруі түрлі себептерге байланысты. Жердің өз білігінен айналуы тәуліктік ырғақтылыққа себепші болады. Әрбір ірі табиғат кешені үшін температура мен ылғалдылықтың, өсімдіктер мен жануарлардың және адамдардың іс-әрекетінің өзіне тән тәуліктік жүйесі қалыптасады. Мысалы, күн мен түннің алмасуы, мұхит суларының толысуымен қайтуы, бриз желдері бағыттарының өзгеруі, тау жыныстарының күндіз қызып, түнде суынуы тәулік ішінде жүреді.

Зоналық ерекшеліктерімен қатар әрбір табиғат кешендерінің жеке-дара өзіне ғана тән сипаттары болады.

Африканың, Аустралияның, Оңтүстік Америка мен Азияның саванналары бір-бірінен айырмашылық жасайды. Сондай-ақ Еуразияның қоңыржай белдеуінің түрлері бөліктерінде орналасқан.

 

Жаңа сабақты бекіту:

Сұрақ: Табиғат кешені дегеніміз не?

Жауап:  Табиғат кешені дегеніміз өзара күрделі байланыста әрекет ететін табиғат компоненттерінің өзіндік ерекшкліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір көрінісі.

Сұрақ: Географиялық қабық дегеніміз не?

Жауап: Географиялық қабық дегеніміз - литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның өзара күрделі байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын ғаламшарлық дәрежедегі табиғат кешені.

 

Ø Географиялық қабық қандай компоненттерден тұрады?

Ø Географиялық қабықтың қандай заңдылықтарын білесіңдер

Ø Өздерің тұратын жерден осы заңдылықтарды дәлелдейтін құбылыстрды атаңдар

 

Қорытынды:Қорытындылай келе, бүгінгі сабағымызда, жалпы табиғат кешені дегеніміз не екенін, табиғат кешендеріндегі барлық компоненттер географиялық қабықтағы тәрізді, бір-бірімен тығыз байланысты екенін толық танып білдік.

Үйге тапсырма: §11 оқу. Кескін картамен жұмыс. Қосымша материалдар жинау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Географиялық зоналылық

Сабақтың мақсаттары:

            1. Білімділік:           Оқушыларға географиялық зоналарымен таныстыру ерекшелері мен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық:     Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту шығармашылықтармен жұмыс істеуге баулу, картамен жұмысты дамыту.

                  3. Тәрбиелік:                Оқушыларға географиялық зоналарымен таныса отырып еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Дүниежүзінің зоналық картасы, оқулық, сұрақтар

Сабақтың жоспары:

 

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып жаңа сабақ түсіндіре бастаймын.

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Жер шарының табиғат кешендері алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Аптапты ыстық шөлдер мен мұз құрсауында жатқан аудандар, мәңгі жасыл ормандар мен ми батпақтар, таңғажайып таулар мен ұшы-қиырсыз кең жазықтар, көкжиекпен ұласқан ашық мұхит айдындары ғаламшар табиғатының қайталанбас бейнесін жасайды.

Материктер мен мұхиттардағы табиғат кешендерін құрайтын табиғат компоненттері экватордан полюстерге қарай тек климат қана емес, сондай-ақ жер бедеріне сыртқы күштердің әсер етуі, өзен мен көлдің ерекшеліктері, топырақ түзілу процестері, өсімдіктер, жануарлар дүниесі де заңды түрде өзгеріп отырады.

Құрлықтағы зоналылық климаттық жағдайына, яғни жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. Мысалы, температура жоғары, бірақ ылғал аз түсетін жерлерде тропиктік шөлдер қалыптасады. Сырт көзге табиғат зоналары өсімдік жамылғысы арқылы бірден ажыратылады. Сондықтан табиғат зоналарының аттары өсімдік сипатына сәйкес келеді. Мысалы, жалпақ жапырақты орман, орманды дала, шөл, ылғалды экваторлық ормандар және т.б. Егер зонаны құрайтын жекелеген табиғат компоненттерінің біреуі өзгерсе, ол ең алдымен зонаның өсімдік жамылғысына өз әсерін тигіеді.

Мұхиттарда да судың температурасы, тұздылығы, химиялық құрамы, тіршілік дүниесі экватордан полюстерге қарай өзгеретіндіктен зоналылық байқалады. Бірақ мұнда зоналар құрлықтағы тәрізді айқын ажыратылмайды. Олар географиялық орныана сәйкес, климаттық  белдеулердің атымен аталады.

Табиғат зоналарының орналасуы климаттық белдеулермен тығыз байланысты. Климаттық белдеулер сияқты табиғат зоналары да Күн сәулесінің түсу бұрышының азаюы мен ылғалдануының әркелкілігіне байланысты экватордан полюстерге қарай бірін-бірі алмастырады. Осы заңдылықты ендік зоналылық деп атайды. Зоналылық аумағына қарамастан, барлық табиғат кешендерінде кездесетіндіктен, географиялық қбықтағы  негізгі заңдылық болып табылады.

        Табиғаттағы зонлылық тек жазықтарда ғана емес, биік тауларда да байқалады. Таудағы табиғат кешендері  оның етегінен биік шыңдарына дейін температура мен қысымның төмендеуіне, белгілі бір биіктікке дейін жауын-шашын мөлшерінің артуына, тау беткейлеріне түсетін жарық мөлшерінің әр түрлілігіне байланысты алмасады. Бұл зоналар тауды әр түрлі биіктіктегі белдеулер түрінде көмкере орналасатындықтан, оларды биіктік белдеулер деп атайды. Таудағы биіктік белдеулері жазықтағы зоналарға қарағанда тезірек алмасады.

 

Жаңа сабақты бекіту:

Сұрақ: Ендік зоналылық дегеніміз не?

Жауап: Климаттық белдеулер сияқты табиғат зоналары да Күн сәулесінің түсу бұрышының азаюы мен ылғалдануының әркелкілігіне байланысты экватордан полюстерге қарай бірін-бірі алмастырады. Осы заңдылықты ендік зоналылық деп атайды.

Сұрақ: Биіктік белдеулер дегеніміз не?

Жауап: Таудағы табиғат кешендері оның етегінен биік шыңдарына дейін температура мен қысымның төмендеуіне, белгілі бір биіктікке дейін жауын-шашын мөлшерінің артуына, тау беткейлері түсетін жарық мөлшерінің әр түрлілігіне байланысты алмасады. Бұл зоналар тауды әр түрлі биіктіктегі белдеулер түрінде көмкере орналасатындықтан, оларды биіктік белдеулер деп атайды.

 

§   Сендер тұратын жерде қандай табиғат зонасы қалыптасқан? Оны сипаттаңдар.

§  Өздерің тұратын жерде қандай тау жүйесі бар? Ондағы биіктік белдеулерді анықтаңдар.

 

Қорытынды: Бүгінгі сабақта,  жалпы географиялық зоналылыққа толық түсінік бердім.

 

Үйге тапсырма: §13 оқу. Кескін картамен жұмыс жасау. Қосымша материалдар жинау.

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Солтүстік жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар

Сабақтың мақсаттары:

            1. Білімділік:           Оқушыларды солтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтарымен таныстыра отырып, ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық:         Оқушыларды өз бетімен ізденуге, картамен жұмысты жандандыруға өз пікірін ашық айтуға шығармашылық пен жұмыс істеуге дағдыландыру.

                3. Тәрбиелік:               Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға ондағы жердің бетіндегі ерекшеліктеріне тоқталып, еңбекке, ұжымдылыққа, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Оқулық, жарты шар картасы, суреттер.

Сабақтың жоспары:

 

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

 

        Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып жаңа сабақ түсіндіре бастаймын.

Жаңа сабақ:

        Жер шарында құрлықтар мен мұхит айдындарының үлесінің түрліше екендігін белгілі. Әсіресе солтүстік жарты шарда құрлықтың аумағы үлкен, оның басым бөлігін ұзақ геологиялық уақыт бойы біртұтас Лавразия құрлығының құрамында дамыған Еуразия мен Солтүстік Америка материктері алып жатыр. Бұл екі материктің географиялық орнындағы ең басты ұқсастық – олардың солтүстікте Арктикадан оңтүстікте экваторға дейінгі аралықта созылып жатуы. Осыған байланысты бұл материктерде солтүстік жарты шарға тәнтабиғат компоненттері қалыптасқан. Әсіресе материктердің солтүстік жағалық бөліктерінің табиғат жағдайларының қалыптасуына Солтүстік Мұзды мұхиттың тигізетін әсері орасан зор. Ал екі материктің де Батыстан шығысқа қарай кең алқаптарды алып жатуы табиғат кешендеріндегі ішкі айырмашылықтарды күшейтеді.

      Еуразия мен Солтүстік Америка материктерінің географиялық орны мен пішіндерінде аиырмашылықтар да бар.  Еуразия ендік бағытта әлдеқайда көлемді, әрі оң түстіктегі аралдық бөлігі оңтүстік субэкваторлық белдеуге дейін созылған. Ал Солтүстік Американың  солтүстіктегі полюске қарай ығыса орналасқан. Материк оңтүстікке қарай күрт сүйірленіп, Оңтүстік Америкамен жалғасады.

       Екі материктердің де жер бедері күрделілігімен ерекшеленеді. Олардың аумағының басым бөлігін ежелгі платформаларға сәйкес келетін кең-байтақ жазықтар алып жатыр. Олар көбінесе  материктердің солтүстігінде шоғырланған. Солтүстік Америка материгінің негізін бір ғана  платформа құрайды, ал Еуразия материгі бірнеше платформалардың бірігуінен тұрады. Олардың аралығы әр түрлі жас жастағы тау жүйелері алып жатқандықтан, Еуразияның жер бедері Солтүстік Америкамен салыстырғанда күрделірек келеді.

      Материктердің солтүстігіндегі жазықтардың жер бедері климаттың салқындауына байланысты бірнеше рет қайталанған мұз басуларға ұшырады. Мұз басулар кайнозойдың антропоген дәуірінде жүрген. Осыдан 10-15мың жыл бұрын ғана аяқталған материктіакмұз басулар әсерінен жер бедері, қатты майысулар мен тілімденуге ұшыраған.

Екі материкте де мұз басу әсерінен күшті тілімденген фьордты жағалаулар кең тараған.

       Географиялық орны мен даму тарихының ортақтығы материктердің қазіргі климаттық жағдайы мен табиғат зоналарының ұқсастығына негіз болды. Екі материктің қоңыжай белдеудің солтүстігінде орналасқан бөліктерінде климаттық жағдайлар ұқсас. Сондықтан мұндағы тундра, орманды тундра, орман зоналарының топырақ-өсімдік жамылғылары мен жануарлар дүниесі  онша айырмашылық жасамайды.

        Жаңа сабақты бекіту:

 

Ұқсас белгілері

 

 

Айырмашылықтары

               Еуразия

Солтүстік Америка

Географиялық орны

1. Еуразия және Солтүстік Америка материгі Лавразия материгінің итқұрамында болған

2. Екі материк те солтүстік жарты шарда орналасқан.

Ендік бағытта көлемді жерді алып жатыр. Оңтүстігі оңтүстік субэкваторлық белдеуге дейін созылған.

Материк оңтүстікке қарай күрт сүйірлніп, Оңтүстік Америкамен жалғасады. Солтүстігі солтүстік полюске қарай ығысы орналасқан.

Жер бедері

1. Екі материктің де аумағының басым бөлігін ежелгі платформаларға сәйкес келетін жазықтар алып жатыр.

2. жазықтар солтүстік бөліктерінде орналасқан.

3. Таулар материктердің шеткі бөліктерінде орналасқан.

1. Альпі-Гималай таулары ендік бағытта орналасқан.

1. Кордильера тау жүйесі материктің батысында бойлық бағытта орналасқан.

Мұз басулар

1. Мұз басулар әсерінен материктердің солтүстігінде жазықтар қатты майысулар мен тілімденуге ұшыраған

2. Фьордты жағалаулар кең тараған

3. Мұздың қазу әрекетінен екі материктің мұз басқан аймақтарында көл қазаншұңқырлары мен өзен аңғарлары қалыптасқан. 

Еуразияда мұз басқан аудан онша үлкен емес

Материктегі мұз басқан аудандардың аумағы өте үлкен. 40ºс.е. жеткен.

Климаты мен табиғат зоналары

1. Екі материктің қоңыржай белдеудің солтүстігінде орналасқан бөліктерінде климаттық жағдайлар ұқсас.

1. Еуразияның оңтүстігіндегі аралдары мен түбектері экваторлық белдеу алып жатыр

2. Жолбарыс, қарақұйрық, ақбөкендер тіршілік етеді

1. Материкте экваторлық климаттық белдеу кездеспейді

2. Секвойя, батпақ кипарисі, кактус, алоэ өсімдіктері кездеседі.

 

 

Қорытынды:  Бүгінгі сабақта,  Солтүстік жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарын танып білдік.

 

Үйге тапсырма: §13 – оқу, кескін картаға солтүстік жарты шардағы мемлекеттерді түсіріп келу. Қосымша материалдар жинап, эссе жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы:  Еуразия. Географиялық орны. Қоныстану және зерттелу тарихы.

Сабақтың мақсаттары:

            1. Білімділік:           Оқушыларды Еуразия мемлекеттерімен таныстыру, олардың ерекшеліктеріне, экологиялық маңыздылығын түсіндіру.

            2.Дамытушылық:        Пәнге деген қызығушылықтарын ояту, картамен жұмысты дамыта отырып, оқушуларды шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыру.

                3. Тәрбиелік:               Оқушыларға басқа мемлекеттердің тарихымен таныстырып қана қоймай өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Еуразияның физикалық картасы, оқулық, суреттер, карта.

Сабақтың жоспары:

 

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып жаңа сабақ түсіндіре бастаймын.

 

Жаңа сабақ:

      Еуразия – дүние жүзіндегі ең ірі материк. Оның ауданы аралдарымен қосып есептегенде 54 млн км² астам, құрлықтың 1/3 бөлігіне сәйкес кееді. Еуразияны екі дүние бөлігі – Еуропа мен Азия құрайды.

     Материктің табиғат жағдайларының алуан түрлілігі оны ауданының үлкен болуымен түсіндіріледі. Бұл мынадай табиғат ерекшеліктерінен көрінеді:

     Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы – Гималай тауындағы Джомолунгма шыңы, оның биіктігі 8848 м;

      Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер Арабия түбегінің солтүстік-батысындағы Өлі теңіз орналасқан Гхор ойысы. Оның деңгейі 403м;

      Жер шарындағы ең үлкен түбек – Арабия, оның ауданы 3млн км² артық;

      Солтүстік-Шығыс Сібіріндегі - 71ºС температурасында тікелген Оймякон елді мекені солтүстік жарты шарындағы суықтық полюсі болып табылады;

      Ыстық әрі аптапты Үндістандағы Тар шөлінде +53ºС температура байқалған;

      Жер шарындағы жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін ауданы – Гималайдың оңтүстік-шығыс беткейіндегі Черапунджи елді мекені, мұнда жылына 12 мың мм-ден артық жауын-шашын түседі;

       Аса құрғақ аптапты Арабия түбегінің оңтүстігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 15 мм-ден де аз;

       Жер шарындағы ең үлкен көл – Каспий теңізі Еуропа мен Азия аралығында орналасқан, оның ауданы 390 мың км²;

       Жер шарындағы ең терең көл – Байкал көлі Азиялық бөлігінде орналасқан, оның тереңдігі 1620м;

       Еуразияда солтүстрік жарты шарға тән барлық климаттық белдеулер мен табиғат зоналары кездеседі;

      Еуразия материгінің жағалауларын барлық мұхит сулары шайып жатыр.

      Материк батыстан шығысқа қарай орасан зор аумаққа созылып жатыр.

      Еуразияны құрайтын  екі дүние бөлігі – Еуропа мен Азия арасындағы шартты түрдегі шекара Орал тауларының шығыс етегі, Жайық өзені арқылы Каспий теңізінің солтүстік жағалауы, Каума-Маныч ойысы мен Азов, Қара теңіздері және Қара теңізді Жерорта теңізімен байланыстыратын бұғаздар арқылы өтеді.

Еуразияның солтүстіктегі шеткі нүктесі – Челюскин мүйісі (77º43´с.е. 104º 18´ ш.б.) мен оңтүтіктегі шеткі нүктесі – Пиай мүйүісі  (1º16´с.е. 103º30´ш.б.) аралығындағы қашықтық 8000 км.кейбір аралдар солтүстік полюске таяу орналасса, Малайя архипелагының аралдары экватордан оңтүстікке қарай 11º о.е. дейін созылып жатыр.

Адамдардың Еуразия жерін қоныстануы  Жерорта теңізі маңынан басталады. Осы жағалауда тұңғыш  географиялық түсініктер қалыптасып,  алғашқы географиялық ұғымдар жинақталған. Географиялық ұғымдардың ауқымының кеңеюіне біздің заманымызға дейінгі 2500 жылдарда Крит аралын мекендеген ежелгі миной халқы негіз салған. Минойлар Египет және Кипр, Сицилия аралдары мен қазіргі Балқан түбегіндегі елдермен сада қарым-қатынасын жүргізген.

Еуразия материгіндегі жаңа жерлерді ашуда ежелгі гректердің де қосқан үлесі зор. олар батысқа және солтүстікке жорықтар жасап, Қара және Каспий теңіздерінің жағалауларын, Дунай және Дон өзендерін бойлай жүзді.

Тек ХІХ ғасырда ғана Орталық Азия табиғатын зерттеу бағытында жүйелі экспедициялар құрыла бастады.бұл зерттеулерді жүргізуде орыс саяхатшы ғалымдарының еңбектері ерекшк зор. Әсіресе Н.М.Пржевальский басшылық еткен әкспедицияның ашқан жаңалығы маңызды болды. Ғалым Орта Азиияда 15 жыл болып, 33 мың км-ге жуық жол жүрген.  Сол аймаққа жасаған 4 саяхаты нәтижесінде Н.М.Пржевальский  Тибет пен Гоби шөліндегі  бірнеше тау жоталарын анықтап, Хуанхэ және янцызы  өзендерінің бастауын тапты.

1856-59 жылдар аралығында Ресей Географиялық қоғамының тапсыруы бойынша қазақ халқының ағартушы ғалымы Ш.Уәлиханов Орталық Азияның сол кезеңге дейін жұмбақ қалпындақалып келген ішкі бөліктеріне саяхат жасады. Алдымен Тянь-Шань тау жүйесінің Қазақстан мен Орта Азиядағы бөлігін аралаған ғалым Ыстықкөл жағасында болып, одан әрі Қашғарияға аттанған.

 

Жаңа сабақты бекіту:

8848 м

Байкал көлі

1620 м

Каспий

-403 м

Джомалунгма шыңы

390 мың км²

Арабия түбегі

3 млн км²

Өлі теңізі орналасқан Гхор ойысы

 

 

Қорытынды: Қорытындылай келе Еуразия материгінің географиялық орнын, қоныстану және зерттелу тарихын танып білдік.

 

Үйге тапсырма: §14-оқу. Кескін картаға Еуразия материгін түсіріп келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

Сабақтың мақсаттары:

            1. Білімділік:           Оқушыларға материк жағалауындағы мұхиттармен таныстыра отырып, ішкі және шеткі теңіздеріне тоқталып теңіздер туралы ұғымдарын қалыптастыру және ерекшеліктерін анықтау.

            2.Дамытушылық:        Оқушылырдың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, картамен жұмысты дамыту.

                3. Тәрбиелік:               Оқушыларды басқа мемлекеттермен таныстыра отырып, өз еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін ояту, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Еуразияның ішкі сулар картасы, оқулық, суреттер

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып жаңа сабақ түсіндіре бастаймын.

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Еуразия жағалауларын дүние жүзіндегі 4 мұхиттың да сулары шайып жатыр. Олар материк жағалауларын түрліше тілімдеп, өте көп жағалық теңіздер мен шығанақтар, бұғаздар жүйесін құрайды. Материктің әсіресе батысы мен шығысы күшті тілімденген.

Материктің батысы мен оңтүстік-батыс жағалауын шайып жатқан Атлант мұхиты мен оның теңіздерінің материк табиғатына тигізетін әсері зор. Гольфстримнің жағасы болып табылатын Солтүстік Атлант жылы ағысының  тропиктік белдеулерден алып келген жылы сулары әсерінен Еуропаның солтүстік-батысындағы мұхит сулары қыста қатпайды.

Атлант мұхитының ең таяз бөлігі Балтық және Солтүстік теңіздері мен Британ аралдарының жағалауларында орналасқан. Мұхиттың ең таяз жері – Солтүстік теңіздегі Доггер-Банка қайраңы, оның тереңдңгі 13 м. Одан солтүстікке, батыс пен оңтүстікке қарай мұхит күрт тереңдей бастайды. Исландия аралы маңынан мұхиттық орталық бөлігі арқылы өтетін дүние жүзіндегі ең ірі, әрі биік су асты Орталық Атлант жотасы басталады. Мұнда сөнбеген жанартаулар көптеп кездеседі, олардың кейбіреуі жанартаулық аралдар тобын құрайды. Олардың ірісі – Исландия аралы.

 

Атлант мұхиты мен оның теңіздерінде әр түрлі табиғат байлықтары мол. Солтүстік және Жерорта теңіздерінің қайраңдарында мұнай мен газдың мол қоры бар.

Бүгінгі күні Жерорта теңізінің экологиялық жағдайын жақсарту жөнінде халықаралық Келісім шартқа қол қойылды. Мұнай өндіру мен тасымалдау нәтижесінде  Солтүстік теңіздің де су бетін мұнай дақтары жапқан. Күшті ластану әсерінен Атлант мұхиты өзін-өзі тазарту қабілетінен айырылған. Сондықтан Атлант мұхитын табиғи ластанудан қорғау да халықаралық деңгейде қабылданған келісімдер негізінде жүргізілуде.

Солтүстік мұзды мұхит пен оның теңіздері Еуразияның солтүстік жағаларын алып жатыр. Мұхиттағы ең үлкен теңіздер – Норвег теңізі мен Ақ теңіз. Мұхиттың ең терең жері – Гренландия теңізінің солтүстігіндем – 5527 м. Ағыстары – Солтүстік Атлант ағысының жалғасы мен Трансарктикалық ағыс. Мұхитта көпжылдық мұздар қалыптасқан. Қыста шығысында температура - 40ºС, жазда - 0ºС. Жауын-шашын 100-200 мм-ден аспайды.

Тынық мұхит пен теңіздері материктің шығысын шайып жатыр. Жағалауы күшті тілімденген, аралдары көп. Ағыстары: Солтүстік Пассат, Куросио, Солтүстік Тынық мұхиты ағысы, Курильсуық ағысы. Су температурасы солтүстік - 1ºС, экватор маңында +29ºС.

Үнді мұхиты Еуразияның оңтүстік жағалауын алып жатыр. Ұсақ аралдар көп кездеседі. Теңіздері: Аравия, Қызыл теңіз. Ағыстары – жылы муссондық ағыстар. Қысы жылы, жазы ыстық дауылды, судың беткі температурасы +25º, +30ºС. Мұхиттағы тіршілік дүниесі өте бай. Үнді мұхитында Парсы шығанағы мұнай, газ қоры мен өндіруден жетекші орын алады.

 

Жаңа сабақты бекіту:

 

v Физикалық карта бойынша Еуразия жағалауларын қандай мұхиттардың сулары шайып жатқанын және олардың басты белгілерін анықтаңдар.

v Карта бойынша Еуразия жағалауындағы ірі портты қалалар (қалаулары бойынша) арасында теңіз саяхатын жасаңдар.

v Қандай мұхиттар мен теңіздерді, шығанақтар мен бұғаздарды басып өтіп, қандай түбектер мен аралдарды айналып өту қажет екенін анықтаңдар.

 

Қорытынды:  Бүгінгі сабақта, Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерді танып білдік.

 

Үйге тапсырма: §15 оқу. Кескін картаға Еуразияның жағалауындағы     мұхиттар мен мұхиттарды түсіру

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Жер бедері мен пайдалы қазбалары

Сабақтың мақсаттары:

            1. Білімділік:           Оқушыларға жер бедеріндегі пайдалы қазбалармен таныстыру, білімдерін кеңейту, күнделікті іс-әрекетке қатысты білімдерін тереңдету.

            2.Дамытушылық:        Оқушылырдың сөз қорын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын ояту, картамен жұмысты жандандыру.

                3. Тәрбиелік:               Оқушыларды басқа мемлекеттердің жерімен таныстыра отырып, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге, табмғаттағы бар байлықты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Еуразияның жер бедері алуан түрлі. Материктің теңіз деңгейінен орташа биіктігі 840 м, оның ауданынан жартысынан астамын таулар құрайды. Еуразияда дүние жүзіндегі аса  биік тау жүйелері орналсқан. Мұндағы 14 шыңның абсолюттік биіктігі 8000 м-ден жоғары. Олардың 11-і Гималай тауларында орналасқан, ең биік жері – Джомолунгма (Эверест), 8848м.  Таулардың аралығын кең-байтақ жазықтар алып жатыр. Еуразияның жер бедерінің тағы бір ерекшелігі – биіктік ауытқуларының зор болуы: теңіз деңгейінен ең төмен жатқан Өлі теңіз (-403м) бен  Джомолунгманың биіктігі арасындағы айырмашылық 9251м-ге жетеді.  Еуразия жер бедерінің аталған ерекшеліктері  маериктің даму тарихы мен оны құрайтын жер қыртысындағы өзгерістермен байланысты.

Материктің негізін құрайтын Еуразия литосфералық плитасы әр түрлі геологиялық жастағы құрылымдардың жымдасуынан түзілген. Олардың ең  ежелгісі – Шығыс еуропа, Сібір, Қытай-Корей және Оңтүстік Қытай платформалары. Олардың аралығындағы қозғалмалы бөліктерде болған кейінгі тау жасалу әсерінен платформалар әр түрлі өзгерістерге ұшырап, бір-бірімен жалғасады. Соның нәтижесінде материктің көлемі ұлғайады. Кейінірек оған ежелгі Гондвана материгінің сынықтары – Арабия мен Үндістан платформалары келіп ығысты. Еуразия литосфералық плитасының ығысу жүрген оңтүстік бөлігінде өте күшті тау жүйелері – Кавказ таулары, Армян және Иран таулы қыраттары, Памир, Тибет таулы қыраты, Гималай таулары қалыптасты. Материктің шығысында  Тынық мұхиттық плита Еуразия  плитасының астына сыналап енетін бөлікте аралдар доғалары мен мұхиттық терең шұңғымалар түзілген. Бұл аймақтағы жер қыртысы осы уақытқа дейін өте қозғалмалы болып келеді.

Еуразия арқылы дүние жүзіндегі аса ірі екі сейсмикалық белдеу өтеді. Альпі – Гималай белдеуі еуразияның оңтүстік-батысынан Азияның оңтүстік-шығысына дейін созылып жатыр. Оның солтүстік бөлігі біздің еліміздегі таулы аудандарды да қамтиды.

Күшті жер сілкінулер Тынық мұхиттық геосинклиналдық белдеуде де байқалады. Сондай апатты жер сілкінудің бірі 1923 жылы Жапония астанасы Токио қаласын қиратты. Жер сілкіну нәтижесінде 140 мың адам қаза тауып, 1 млн-ға жуық адам баспанасыз қалды. Мұндай жер сілкіну мұхит түбінде де жиі байқалады. Жер сілкіну орталықтарынан жан-жаққа шеңбер жасап, жылдам тарайтын күшті толқындар – цунами жағалаудағы қалаларға үлкен апат әкеледі. Жапонияның жағалауында 1896 жылы болған осындай апат кезінде 27 мың адам мен 10 600 – ден астам үйді теңіз толқыны лезде шайып әкеткен. Осы белдеуде жанартаулардың атқылауы да жиі байқалады. Сондықтан бұл белдеуді Тынық мұхиттағы «Отты шеңбер» деп атайды. Еуразиядағы ең биік сөнбеген жанартау – Ключи Шоқысы (4750м) мен 1883 жылы Жер тарихындағы ең апатты атқылау болған Үлкен Зонд аралдарындағы Каракатау жанартауы да осы белдеуде орналасқан.

Жер сілкіну жиі болатын аймақтарда көп қбатты үйлердің іргетасы ерекше жобамен қаланады, яғни жер сілкінісіне төзімділігі ескеріледі. Жанартау әрекеті тоқталмаған кейбір аудандарға ыстық сулардың атқылауы – гейзерлер тән. Камчаткада әйгілі Гейзерлер аңғары орналасқан. Адамдар Исландия мен Камчаткада гейзерлердің ыстық суын үйлерді жылытуға пайдаланады.

Пайдалы қазбалар түзілу жағдайына байланыста магмалық және шөгінді болып екі топқа бөлінеді. Магмалық пайдалы қазбалар Жер қойнауынан жарылыстар бойымен магманың сыртқа көтерілуінен түзіледі. Олар негізінен кристалды жыныстар ашық немесе жер бетіне жақын жатқан аудандарда шоғырланған.

Шөгінді пайдалы қазбалар теңіздік және континенттік шөгінділер қалың жиналған аудандарда таралған. Темір, фосфорит, боксит кендері мен әр түрлі тұздар да шөгінді жыныстар құрамында кездеседі.

Мұнай мен газдың мол қоры мұхиттағы органикалық заттардың түпкі шөгінділер құрамында ұзақ уақыт жатуы нәтижесінде пайда болған. Олардың кен орындары платформаның теңіздік шөгінді жыныстарымен толтырылған шеткі иіндерінде орналасады.

Дүние жүзіндегі аса ірі фосфорит кен орындары біздің еліміздегі Қаратау қойнауында шоғырланған. Фосфорит тыңайтқыш өндіруден пайдаланылады.

Пайдалы қазбаларды өндіру барысында қоршаған ортаға зиян келеді: жер қойнауында бос кеңістіктердің пайда болуы, жер бедері сипатының өзгеруі, ауа мен судың, топырақтың ластануы, өсімдіктер мен жануарларға нұқсан келуі және т.б. Сондықтан табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, оларды өндіру барысында табиғатты қорғаудың шараларын ескерудің маңызы зор.

 

Жаңа сабақты бекіту:  

Еуразияның пайдалы қазбалары

Магмалық:

Темір кен орындары: Үндістан, Ресей, Қытай (Курск магнит аномалиясы), Норвегия;

Алтын сирек кездесетін металдар:

Якутия-сапфир, рубин-Үндістан, Шри-Ланка

 

 

Шөгінді: темір, фосфорит әр түрлі шөгінді жыныстар.

Мұнай-газ: Парсы шығанағы, Солтүстік, Жерорта теңізі, Батыс-Сібір, Каспий маңы.

Таскөмір: Уэльс, Жоғарғы Силезия, Рур, Донецк, Қарағанды.

Фосфорит: Қаратау.

Боксит: Қазақстан, Қытай, Альпіде.

 

магмалы

 

 

 

 

 

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Еуразия материгінің жер бедері мен пайдала қазбаларының түрлерімен таныстық.

 

Үйге тапсырма: §16-17 – оқу, кескін картаға жер бедері мен пайдала қазбаларды түсіру. Жер бедерінің негізгі белгілерін анықтау, кескін кртамен жұмыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Пайдалы қазбалар

Сабақтың мақсаттары:

            1. Білімділік:           Оқушыларға Еуразия материгінің пайдалы қазбаларының маңызы мен ерекшеліктері дүние жүзіндегі алатын орнына тоқталу.

            2.Дамытушылық:        Оқушылырдың  пәнге деген қызығушылықтарын ояту, тестпен жұмыс істеуге, картаны дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру.

                3. Тәрбиелік:             Оқушыларды басқа мемлекеттердің пайдалы қазбаларын біле отырып, өз еліндегі, жеріндегі табиғат байлықтарын көзінің қарашығындай сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Еуразияның пайдалы қазбалар картасы, оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.

Жаңа сабақ:

Еуропа мен Азияның жер бедері бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Еуропа ойпатты, аласа таулы болып келеді, биік таулар тек оңтүстік бөлігінде ғана шоғырланған. Еуропаның негізгі бөлігін дүние жүзіндегі ең ірі жазықтардың бірі – Шығыс Еуропа жазығы мен Орта Еуропа, Дунай бойы ойпаттары алып жатыр. Скандинавия, Орта Еуропаның аласа таулары және Орал Еуропаның аласа таулы бөлігін құрайды. Бұл таулар палеозой эрасында қалыптасып, кейінгі дәуірлерге сыртқы күштер әсерінен күшті үгілуге ұшырап аласарған. Альпі-Гималай геосинклиналдық белдеуіндегі Альпі, Карпат таулары, Пиреней, Апеннин және Балқан түбектерінің таулары Еуропаның биік таулы аймағын құрайды. Биік таулардың шыңдары үшкір, беткейлері тік жарлы, қия болады. Таулардағы мұз басулармен байланысты мұндай жер бедері альпілік жер бедері деп аталады. Бұл аймақтардағы жер қыртысының жарылыстар бойымен төмен түсуінен Такла-Макан, Жоңғар ферғана, Балқаш-Алакөл сияқты тау аралық қазаншұңқырлар пайда болған. Ыстықкөл, Зайсан қазаншұңқырларын көлдер алып жатыр. Ал кейінгі көтерілулер онша қарқынды болмаған  Орал, Сарыарқа, Қаратауда мүжілген қалдық таулы, ұсақ шоқылы жер бедері басым келеді.

 

Пайдалы қазбалары.

Еуразия пайдалы қазбаларға өте бай. Пайдалы қазбалар түзілу жағдайларына байланысты магмалық және шөгінді болып екі топқа бөлінеді. Магмалық п.қ-р жер қойнауынан жарылыстар бойымен магманың сыртқа көтерілуімен түзіледі. Олар негізінен кристалды жыныстар ашық немесе жер бетіне жақын жатқан аудандарда шоғырланған. Магмалық жолмен түзілген темір кен орындары Үндістанда, Қытайдың солтүстік шығысында, Ресейде (Курск магнит аномалиясы) және Скандинавия түбегінде орналасқан. Еуразияның шығыс бөлігі арқылы сирек кездесетіе металдарға бай қалайы- вольфрам белдеуі өтеді. Жоғары температураға төзімді болғандықтан вольфрамнан электр шамының сымы жасалынады. Алтын мен алмастың ірі кен орындары Сібір платформасында жатқан Саха жерінде орналасқан. Ал Үндістан түбегі мен Шри-Ланка аралында ежелден-ақ әртүрлі асыл тастар – сапфир, рубин өндіріледі.

Шөгінді пайдалы қазбалар теңіздік және континенттік шөгінділер қалың жиналған аудандарда таралған. Темір, фосфорит, боксит кендерімен әртүрлі тұздар да шөгінді жыныстар құрамында кездеседі. Жанғыш пайдалы қазбалардың дүние жүзілік қорының көпшілік бөлігі шоғырланған: мұнай мен газ қоры жөнінен Еуразия басқа материктерден алда тұр.

Мұнай мен газдың мол қоры мұхиттағы органикалық заттардың түпкі шөгінділер құрамында ұзақ уақыт жатуы нәтижесінде п.б. қазіргі кезде мұнай құрлықтан ғана емес материктік қайраңдардан да табылған. Мұнай негізінен Парсы шығанағында, Солтүстік және Жерорта теңіздерінде, Батыс Сібірде, Каспий маңы ойпаты мен Каспий теңізі қайраңында, Ұлы Қытай жазығында өндіріледі. Парсы шығанағы мұнай қоры мен оны өндіру жөнінен дүние жүзінде 1-ші орын алады. Таскөмір кен орындары ежелгі жылы су айдындары жағалауларындағы қаулап өскен өсімдіктердің қалдықтарынан түзілген. Таскөмір Еуропаның орта бөлігіндегі Уэльс, Жоғағы Силезия, Рур  және Донецк, Кузнец, Қарағанды алаптарында, Қытай жерінде көптеп өндіріледі. Дүние жүзіндегі аса ірі фосфорит кен орындары біздің еліміздегі Қаратау қойнауында шоғырланған, фосфорит тыңайтқыш өндіруде пайдаланылады. Алюминий алуға пайдаланылатын бокситтің шөгінді кен орындары Қазақстанда, Ұлы Қытай жазығының солтүстігінде, Альпіде кездеседі. Ал таяз сулы көлдер мен теңіздерден ас тұзы мен калий тұздары өндіріледі. Пайдалы қазбаларды өндіру барысында қоршаған ортаға зиян келеді: жер қойнауында бос кеңістіктердің п.б-уы, жер бедері сипатының өзгеруі, ауа мен судың, топырақтың ластануы, өсімдіктер мен жануарларға нұқсан келуі және т.б. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, оларды өндіру барысында табиғатты қорғаудың шараларын ескеудің маңызы зор.

 

        Жаңа сабақты бекіту:

 

 

 

 

 

 

 

 

 


         Қорытынды: Еуразияның  пайдалы қазбаларының орналасу заңдылықтарын, кездесетін иаймақтарын қсымша материалдар арқылы баяндап, түсіндірдім.

 

Үйге тапсырма: §16-17 – Оқу, мазмұндау, Қосымша материалдар жинау, тест құрастыру, кестін кртаға пайдалы қазбаларды түсіріп келу.

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Климаты

Сабақтың мақсаттары:

            1. Білімділік:           Оқушыларды Еуразия материгінің климатымен таныстыру, олардың климат қалыптастырушы факторлары мен алатын орындары.

            2.Дамытушылық:        Оқушыларға климаттық белдеулердің ерекшеліктері мен маңызына тоқтала отырып, оқушылардың тез ойлануға, шешімдерін дұрыс айтуға дағдыоандыру.

                3. Тәрбиелік:            Климаттың адам өміріндегі қажеттіліктерін білуге, табиғаттағы өзгерісті анық байқауға болатынына тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Дүниежүзінің физикалық картасы, Еуразияның климат картасы, оқулық, сұрақтар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.

 

Жаңа сабақ:

       Еуразия климаты алуан түрлі. Мұнда солтүстік жарты шарға тән климаттық барлық белгілері байқалады. Еуразия материгі солтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін кесіп өтеді, тіпті оңтүстік-шығысындағы аралдар оңтүстік жарты шардың исубэкваторлық белдеуін алып жатыр. Материкте климаттық жағдайлар солтүстіктен оңтүстікке қарай ғана емес, батыстан шығысқа қарай өзгереді. Бұл климат қалыптастырушы  факторлардың әсерінен болатындығы түсіндіріледі.

Материктің географиялық орны мен әртүрлі ендіктерде орналасуына байланысты күн сәулесі поляр шеңберінен солтүстікке қарай орналасқан бөлігіне аз түссе, оңтүстікке қарай біртіндеп артады.

Сондықтан материктің солтүстік-шығысында қыс өте қаталдығымен ерекшеленіп, онда солтүстік жарты шардың суықтық полюсі орнайды, ал оңтүстігінде қыс мүлде болмайды. Жазда еуразияның қиыр солтүстіктен басқа бөліктерінде жер беті қатты қызып, ауа температурасы едәуір жоғары ьолады.

Материк бойынша жауын-шашынның мөлшері мен түсу мерзімі әр түрлі.  Жер шарындағы жауын-шашынның ең көп түсетін жері Еуразиядағы Гималайдың оңтүстік-шығыс беткейі болғанымен, жалпы алғанда материктің көпшілік бөлігінде, әсіресе ішкі аудандары мен оңтүстік-батысында климат өте құрғақ. Ьұл құрлық аумағының өте үлкен болуына, мұхиттар мен ондағы беткі ағыстардың ықпалына, ауа массаларының қасиеттеріне, жер бедерінің сипаттарына байланысты.

Еуразия материгінде едәуір үлкен аумақты алып жатқан биік таулы аудандарда климаттық жағдайлар биіктік белдеу бойынша өзгереді. Биіктік климаттық белдеулер Альпі, Кавказ, Тянь-Шань, Гималай тауларында айқын байқалады. Тибет пен Памирге жвлдың басым бөлігі аязды, ал жазы құрғақ болатын биік таулық климат тән.

 

Климаттық белдеулер. Еуразияның алуан түрлі климат жағдайлары туралы толық мәлімет алу үшін климаттық белдеулерді қарастырайық.

Арктикалық  климаттық белдеуге Еуразияның арктикалық аралдары мен Солтүстік Мұзды мұхит суы мен шайылып жатқан солтүстік бөлігі кіреді. Жыл бойы аса суық, құрғақ арктикалық ауа массаларының ықпалында болады. Ауа температурасы тұрақты түрде төмен , қыста -40ºС, -50ºС –қа деінгі қатты аяздар байқалады. Ұзақтығы бірнеше айдан аспайтын қысқа полярлық жаз кезінде көкжиектен онша биік көтерілмейді.

Субарктикалық климаттық белдеу Исландия аралынан басталып,  жіңішке жолақ түрінде өтеді. Арктикалық климатқа қарағанда салыстврмалы түрде жұмсақ: өтпелі белдеу болғандықтан қыста арктикалық, жазда қоңыржай ауа массалары ықпал етеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері аз болуы  мен топырақтың тоңдануына байланысты батпақты жерлер көп.

Қоңыржай климаттық белдеу Еуразиядағы ең аумақты климаттық белдеу. Сондықтан мұнда климаттық жағдайлардың батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруі айқын байқалады. Белдеуде қоңыржай теңіздік (атланттық) және қоңыржай континенттік ауа массалары қалыптасады.

Белдеудің еуропалық бөлігінде Солтүстік Атлант жылы ағысы мен Атлант мұхитынан соғатын батыс желдерінің әсерінен теңіздік климат қалыптасады. Мұнда қыс жұмсақ, қаңтардың орташа температурасы 0ºС-тан жоғары, ауа райы құбылмалы, тұмандар жиі байқалады. Көбінесе жаңбыр күйінде жауатын жауын-шашынның мөлшері жылына 1000 мм-ден артық, оның басым бөлігі қыс кезіне келеді. Атлант мұхитының әсерінен жаз онша ыстық болмайды. Осындай климаттық жағдай солтүстіктегі Исландияға да тән.

Шығысқа қарай Атлант мұхитының ықпалы әлсіреп, континенттік ауа массаларының әсері күшейетіндіктен Орал тауына дейінгі аралықта климат қоңыржай континенттік сипатқа ауысады. Жазы жылы, қысы суық. Қыста ашық, аязды ауа райы жылымық күндермен алмасып отырады. Ауа райының мұндай құбылмалы сипаты әсіресе Шығыс Еуропа жазығына тән.

Жауын-шашын мөлшері жазық жерлерде азайып, тауларда артады. Мұндай климат шұғыл континенттік деп аталады.

Тынық мұхит жағалауларына қарай климат біртіндеп муссондық сипатқа ауысады. Муссондық климаттың ерекшеліктерін ауа массаларының жыл мезгілдеріне қарай алмасуы анықтайды.

Субтропиктік климаттық белдеу материкті батыстан шығысқа қарай кесіп өтеді. Сондықтан бұл белдеуде де климат әр түрлілігімен ерекшеленеді. Белдеуге жазда тропиктік, қыста қоңыржай ауа массалары әсер етеді.

Белдеудің Жерорта теңізі маңындағы бөлігінде жаз өте ыстық, құрғақ болып келеді, ал қысы батыс желдерінің әсерінен жылы, жаңбырлы болады. Мұндай климат субтропиктік жерортатеңіздік деп аталады.

Белдеудің орталық бөлігінде таулы аудандарда биік таулық субтропиктік климат қалыптасады. Тынық мұхит жағалауларына субтропиктік муссондық климат тән.

 

Тропиктік климаттық белдеу материктің тек батыс бөлігін қамтиды. Бұл белдеуде тропиктік климат континенттік сипат алады. Оның басты себебі Үнді мұхитынан келетін ылғалды ауа массалары биік таулардың кедергі болуынан ішкі аудандарға өте алмайды. Сондықтан ауа температурасы жыл бойы жоғары, әсіресе жазда аңызақ, аптап ыстықтарға ұласады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 мм-ге дейін, тіпті кейбір жерлерде бұл көрсеткіш 50 мм-ден де аз. Осы белдеу ыстық, құрғақ тропиктік континенттік ауа массаларының қалыптасу аймағы болып табылады. Мұнда Еуразияның аса ірі шөлдері орналасқан.

 

Субэкваторлық климаттық белдеу Үндістан, Үндіқытай түбектері мен оларға жалғасып жатқан аралдарды (қандай?) қамтиды. Гималай тауы климат айрық жота болғандықтан белдеудің солтүстік шекарасы оның биік бөлшіктері арқылы өтеді. Осы тау жотасы арқылы екі өтпелі климаттық бедеу бір-бірімен шектеседі (климаттық белдеулер картасын қараңдар). Жазда Үнді мұхиттан мол ылғал әкелетін экваторлық ауа массалары субтропиктік белдеу шегіне дейін жетеді. Гималай тауы мен Үндіқытай түбегі шектесетін ауданда  жауын-шашынның Жер шарындағы мол түсетін ауданы (орташа мөлшері 12000 мм, ең көп мөлшері 20000 мм). Қыста материктен соғатын құрғақ тропиктік ауаның ықпалы күшейеді. Тропиктік және экваторлық ауа массаларының маусым бойынша алмасуынан қалыптасатын, қысы құрғақ, ал жазы жаңбырлы болатын мұндай климат тропиктік муссондық деп аталады.

 

Экваторлық белдеу Еуразияның оңтүстік-шығысындағы аралдарды қамтиды (климаттық белдеулер картасын қараңдар). Жыл бойы экваторлық ауа массалары басым болады. Айлық орташа температура үлкен ауытқуларға ұшырамайды, жыл бойы +24ºС-тан төмен түспейді.Тұрақты түрде екі жарты шардың пассаттарының ықпалында болатындықтан, жауын-шашын өте мол түседі. Көктем мен күзде жауын-шашынның мөлшері күрт артады. Жоғары температура мен мол ылғалдылық жағдайында ыстық әрі қапырық ауа райы қалыптасады.

 

 

 

Жаңа сабақты бекіту:

Еуразияның климаттық белдеулері

 

Стрелка: вправо: АрктикалықМатериктің  тек батыс бөлігін қамтиды.

Стрелка: вправо: ҚоңыржайСтрелка: вправо: СубарктикалықИсландия, Ұлыбритания аралдары, Батыс Еуропа. Шығысқа Орал тауына дейінгі аралықта. Шығыс Еуропа жазығы. Оралдан шығысқа қарай. Тынық мұхит жағалауы.

Исландия аралынан басталады.

Стрелка: вправо: субтропиктік 


Жерорта теңізі маңы.

Стрелка: вправо: Тропиктік 


Стрелка: вправо: СубэкваторлықЕуразия жерінің жартысына жуығын алып жатқан таулы аймақ.

Стрелка: вправо: Биіктік Арктикалық аралдар мен Солтүстік Мұзды мұхит жағалауы.

Жерорта теңізі маңы.

Стрелка: вправо: Экваторлық Үндістан мен Үндіқытай түбектері. Гималай тауы – климаты айрықша жота болып табылады.

Оңтүстік Шығыс Азия аралдары

 Қорытынды:  Қорытындылай келе климаттық белдеулердің әрқайсысына тоқталып, таралу аймағын анықтадық.  Адамның тіршілігі мен шаруашылық әрекетіне климаттың әсерін түсіндірдім.

Үйге тапсырма: §18-19 – оқу, әңгімелеу. Кескін картаға Еуразияның климатын түсіру. Қосымша материалдар әкелу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Ішкі сулары

Сабақтың мақсаттары:

            1. Білімділік:           Оқушыларды Еуразия материгінің ішкі суларымен таныстыру. Олардың ерекшеілктері мен маңыздылықтарына тоқталу.

            2.Дамытушылық:        Оқулықпен, картамен жұмыс істей отырып Еуразия материгінің ішкі сулары жайлы алған білімді қорытындылап кесте арқылы олардың ой-өрісін, ойлау иқабілетін, белсенділігін арттыру.

                3. Тәрбиелік:            Оқушыларға адам өміріне ішкі сулардың пайдасы мен қандай зияны бар екенін тәрбиелік жолмен айтып түсіндіру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Еуразияның ішкі сулар картасы, оқулық, сұрақтар, каточкалар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.

 

Жаңа сабақ:

 Еуразия ішкі суға бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америкадан кейінгі екінші орында. Мұнда жер шарының көптеген ірі өзендері, көлемді және терең көлдері жерасты суының мол қоры бар. Кең алқапты батпақтар мен мұздықтар алып жатыр. Олардың орналасуы мен таралуы жер бедері мен климатқа тікелей байланыста келеді.

Өзен торы материктің ішкі аудандары мен оңтүстік-батысында өте сирек, тек жағалық бөліктеріне қарай жиілейді. Материктің 1/3 бөлігін ішкі тұйық алап құрайды. Солтүстік Мұзды мұхит алабына материктің Ресей жері арқылы ағып өтетін ең ірі өзендері мен Скандинавия түбегенің қысқа өзендері жатады.

Көктемде бастауынан сағасына дейін мұздан біртіндеп босайтындықтан, мұз құрсаулары п.б. су қатты тасиды. Атлант мұхиты алабына еуропалық бөліктегі өзендер жатады. Ірілері: Дунай, Рейн, Висла және т.б. өзендердің көпшілігі таулардан басталатындықта жоғары ағысында шоңғалдар мен сарқырамалар жасап, Тар аңғарларымен арындап ағады. Өзендер әр түрлі климаттық белдеулер арқылы ағып өтетіндіктен, олардың жеке бөліктерінде қоректену көзі әр түрлі болуы мүмкін. Өзендері кеме қатынасына жарамды, ал оңтүстіктегі өзендер егістер мен бау-бақшаларды суаруға пайдаланылады.

Тынық мұхит алабына енетін өзендер биік таулардан басталады, жоғарғы ағысында таулық сипатта болады. Ағыны қатты болғандықтан тау жыныстарын тез бұзады және жылдам ағызып тасымалдайды. Ірі өзендеріне Амур, Янцзы, Хуанхэ, Меконг жатады. Муссондық климат жағдайында өзендердің деңгейі жыл мезгілдеріне қарай өзгереді, қыста географиятық ендікке байланысты кейбіреуі катады. Солтүстіктегі ұсақ өзендерді қоспағанда, барлығы дерлік жаңбыр суымен қоректенеді.

Үнді мұхит алабының ірі өзендеріне Үнді, Ганг, Брахмапутра, Тигр және Евфрат жатады. Бұл өзендер таудан басталатындықтан мұздықтармен, жаңбыр суымен қоректенеді. Жазғы жаңбырлы маусым кезінде өзендердің деңгейі шұғыл көтеріледі. Өзендер негізінен егістік алқабын суаруға пайдаланылады.

Ішкі тұйық алапқа Шығыс Еуропа жазығының, Орал тауы мен Кавказдың едәуір бөлігі, Орта Азия мен Қазақстан жері түгелдей дерлік, Иран таулы қыраты мен Арабия түбегінің ішкі аймақтары жатады. Бұл алқаптағы өзендердің ірілері – Еділ, Жайық, Әмудария мен Сырдарйя, Іле өзендері ғана ішкі көлдерге құяды. Бұл алаптың ірі өзені – Еділ.

Еуразияда көлдер көп, олардың қалыптасуы, аумағы, суының қасиеттері, таралу заңдылығы әркелкі. Ең ірілері – Ресейдегі Ладога, Онега, Скандинавиядағы Венерн, Веттерн көлдері.

Жер қыртысындағы терең жарылыстарды орналасқан көлдерге Байкал, Ыстықкөл, Зайсан, Женева және т.б. көлдер жатады. Байкал – д.ж. суы аса мөлдір, ең терең көл (ең терең жері 1620м).

 

Еуразиядағы қалдық көлдер қатарына жататындардың ең ірілері: Каспий, Арал, Балқаш, Лобнор және т.б.

 

Қазіргі заманғы мұз басу Еуразияның солтүстігіндегі аралдарда (Исландия, Шпицберген, Франц-Иосиф Жері архипелагы, Жаңа Жер аралының солтүстігі), сондай ақ биік тауларда (Альпі, Кавказ, Тянь-Шань, Памир, Тибет, Гималай) таралған. Памир тауында материктегі ең ірі Федченко мұздығы (ұз. 77км) орналасқан.

 

Көпжылдық тоңдар Еуразияның солтүстігіндегі үлкен алқапты алып жатыр. Тоңдардың оңтүстік шекарасы Монғолияға дейін жетеді. Тау жыныстарының тоңды қабатында мұз жатады, оның қалыңдығы Кола түбегінде бірнеше метр болса Таймыр түбегінде 1500м-ге дейін жетеді. Жазда тоңды қабат 40-15см тереңдікке дейін ериді. Ғалымдар көп жылдық тоңның п.б.-лу себебін қатал климат жағдайында жылдық орташа температура 0ºС-тан төмен болуымен және қардың жұқа болуымен түсіндіреді. Мәңгә тоң қабатының қалың болуы оның өте ертеде қалыптасқандығын дәлелдейді.

 

Батпақтар жауын-шашынның булану мөлшерінен артық болатын жазықтар мен көп жылдық тоң бар аудандарда кең таралған. Еуразияда Жер шарындағы    батпақтардың 80%-ы орналасқан. Батпақтар, әсіресе, Батыс Сібір жазығы мен Полесье, Мещера, Амур брйы, Колхида ойпаттары мен Балтық бойында көп. Шымтезекті батпақтардан шымтезек (торф) өндіріледі. Батпақты аудандарды құрғату арқылы шабындықтарға, егістіктерге айналдыруға болады.

 

Еуразия материгінде жер асты суларының да  мол қоры  бар. Жер асты сулары өте таза болғандықтан ауыз суы ретінде пайдаланылады. Әсіресе қабатаралық (артезиан) суларының маңызы зор. Ірі артезиан алаптары Батыс Сібір мен Қазақстан, Орта Азия мен Монғолия жерлеріне тән. Әлемдік курорттар мен демалыс орындары құрамы әр түрлі минералды суларға бай аудандарда (Солт. Кавказ, Карпат, Оңт. Еуропа, Алтай, Тянь-Шань таулары және т.б.) орналасқан.

Жаңа сабақты бекіту:

 

Атауы

 

Ұзындығы

Алабының ауданы, мың км²

Орташа су шығыны, м/сек

Еуразия

Янцзы

Обь (Ертіспен бірге)

Амур (аргуньмен бірге)

Хуанхэ

Меконг

Лена

Енисей

Еділ (Волга)

Үнді

Евфрат

Брахмапутра

Дунай

Ганг

Аравади

 

5800

5410

4440

4845

4500

4400

4102

3531

3180

3065

2900

2850

2700

2150

 

1808

2990

1855

771

810

2490

2580

1360

980

63

935

817

1120

430

 

34000

12700

10900

2000

11200

17000

19800

7710

3850

3850

12000

6430

13000

13000

 

 

         Қорытынды: Қорытындылай келе, Атлант, Тынық, Үнді мұхиттарының алаптарына тоқталдық. Сонымен қатар жер шарындағы үлкен өзендер жайлы айтып түсіндірдім.

 

Үй тапсырмасы: §20 – оқу, мазмұндау. Кескін картаға Еуразия өзендерінің алаптарын түсіру, 88-беттегі сұрақтарға жауап беру.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Табиғат зоналары

Сабақтың мақсаттары:

            1. Білімділік:           Оқушыларды Еуразия материгінің табиғат зоналарымен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңыздыларына тоқталу.

            2.Дамытушылық:       Оқушылардың ойлау қабілеттерін, шығармашылықпен жұмыс істеуге, картамен жұмысты жандандыруға есте сақтау қабілеттерін жандандыру.

                3. Тәрбиелік:         Басқа елдің табиғатымен таныса отырып, өз елінің, жерінің табиғатын сүюге, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Схема арқылы

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Атлас карталар, оқулық, кескін карталар, каточкалар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.

 

Жаңа сабақ:

         Еуразия солтұстік  жарты шардың барлық климат белдеулерін алып жатқандықтан, мұнда солтүстік жарты шарға тән барлық  табиғат зоналарының жиынтығы кездеседі. Олар материктің көп бөлігінде ендік бағытқа сәйкес, батыстан шығысқа қарай созылып жатыр. 

Солтүстіктегі арктикалық аралдардан бастап, тайга зоналарына дейін  табиғат зоналары ендік бағытта тұтас алап болып созылып жатыр. Ал одан оңтүстікке қарай зоналар батыстан шығысқа қарай жіңішке жолақтар түрінде таралады.   

Еуразия материгінің табиғат зонасы әр түрлілігімен ерекшеленеді. Онда табиғат зоналарының барлық белгілері бар: экваторлық, тропиктік, қоңыржай, субтроиктік, субарктикалық, арктикалық.

 

Табиғат зонасы

Табиғат жағдайы

Жануарлары мен өсімдіктері

1

Арктикалық шөл

Жазы өте суық әрі қысқа. Қысы -40ºС

Мүк, қына, балдыр, ақ аю, ақ түлкі

2

Тундра мен орманды тундра

Жауын-шашын аз, температура төмен, климаты қатал, күшті жел, қарлы боран жиі болады.

Мүк, қына, бұталар, бұғы, бұлан, қоңыр аю, кеген, құр.

3

Тайга

Жазы біршама жылы әрі ұзақ. тек қана қылқан жапырақты ағаштар өседі, топырағы күлгін батпақты.

Ағаш текті өсімдіктер, қылқанжапырақтылар, қарағай, шырша, май қарағай, самырсын, балқарағай, зубр, бұлан, марал, елік, қоңыр аю, қабан.

4

Аралас және жалпақ жапырақты ормандар

Таига мен жалпақ жапырақты ормандары арасында жатыр.

Қылқанды, ұзақ  және жалпақ жапырпақты орман, емен және амур барқыт ағашы, лианалар, корей самырсыны. Зубр, аю, кедра.

5

Орманды дала және дала

Шығыс Еуропа мен Батыс Сібір жазығының оңтүстігінде Алтайға дейін

Жалпақ жапырақты ағаштар, емен, үйеңкі, қайың, көктерек, селеу. Қасқыр, қарсақ, түлкі, тышқандар.

6

Шөлейт және шөл, шөлейтті

Каспий маңы ойпатынан басталады. Қыста мин.-40ºС, жазда мак.+50ºС.

Жусан, селеу, бетеге, бұйырған сексеуіл, қызғалдақ, қаңбақ. Жабайы түйе, құлан, ақбөкен.

7

Қатты жапырақты мәңі жасыл ормандар

Жазы ыстық, құғақ, қысы жылы , жаңбырлы.

Емен, тығын емені, қарағай, лавр, грек жаңғағы, зәйтүн.

8

Субтропикті дала

Жазы өте ыстық

Цитрус, анар, жүзім, жер жаңғағы.

9

Субтропикті ылғалды, муссондық ормандар.

Жазы ылғалды, қысы біршама құрғақ.

Магнолия, камелия, камфора, лавр, бамбук, емен, шамшат, шегіршін. Жолбарыс, қабылан, Гималай аюы, бамбук аюы-панда, маккака, гиббон, тоты құстар, үйректер.

10

Тропиктік шөлдер

Ең ыстық, ең құрғақ климат.

Құрма пальмасы, бөкендер, онагр, таргыл қорқау қасқыр, шиебөрілер.

11

Саванналар, сирек ормандар

Жауын-шашынның түсуі мен мөлшерінің мезгілдері бойынша белдеу ішінде әркелкі болады. 

Пальмира пальмасы,сандал ағашы, тик, майлы ағаш.

12

Субэкваторлық ауыспалы ылғалды ормандар

Аса құрғақ емес, жаңбырлар саваннадан көбірек жауады

Жабайы, пілдер, маймылдар.

13

 

 

Экваторлық белдеудегі ылғалды ормандар

Жауын-шашын мол, температура тұрақты жоғары.

Ротанг пальмасы, лианалар, орхидеялр. Мүйізтұмсықтар, бұқалар, макакалар, ит басты маймылдар, ірі орангутандар, жолбарыс, қабылан, тауыс.

14

Биіктік белдеулер

Биіктеген сайын ылғалдың артуына қарамастан, ауа температурасы төмендейді

Қодас, қар барысы, ұлар, аюлар, арқарлар, буволдар, жабайы пілдер, қабылан, жолбарыс.

 

 

Жаңа сабақты бекіту:     

Тест

1. Қоңыржай белдеудегі ең ірі табиғат зонасы –

 А) тундра;

 В) тайга;

 С) шөл;

 Д) орманды тундра;

2. Тайга мен жалпақ жапырақты ормандар аралығында орналасқан -

А) шөлейт; 

В) арктикалық шөл;   

С) аралас орман; 

Д) шұраттар;

3. Қоңыржай белдеуінің табиғат зоналары –

А) арктикалық шөлдер;   

В) қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар; 

С) саванналар;

Д) орманды дала және дала;

4. Жер асты сулары жақын жатқан шұраттарда  не  өседі?

А) панда;   

В) грек жаңғағы;  

С) құрма пальмасы;  

Д) лавр ағашы;

5. Экваторлық белдеудің ылғалды ормандарында кездесетін әдемі құсты ата?

А) попугай;   

В) тауыс;   

С) тауық;  

Д) түйеқұс; 

 

6. Еуразияның оңтүстігіндегі аралдарына қандай белдеу тән?

А) қоңыржай;  

В) тропиктік; 

С) субтропиктік;   

Д) экваторлық белдеудің ылғалды ормандары;

7. Шөл зонасының ортасында орналасқан атақты шөл –

А) Такла-Макан;  

В) Сахара;  

С) Сарыарқа; 

Д) Қызылқұм;

8. Бамбук аюы –

А) Гималай аюы; 

В) Гризли; 

С) қоңыр аю;  

Д) панда;

9. Орманды даланың негізгі жануары –

А) кірпі;  

В) жираф;  

С) піл;  

Д) қасқыр;

10. Шөлдердегі температура –

А) 30ºС- 40ºС;   

В) 40º-қа дейін;  

С) 50º-қа дейін;  

Д) 40º-тан жоғары;

 

 

 

Қорытынды:  Қорытындылай келе, бүгінгі сабақта Еуразия материгінің табиғат зоналарының түрлерімен таныстырдым. Жаңа сабақты бекіту үшін оқушылардың білімдерін тест арқала тексердім.

 

Үйге тапсырма: §22 оқу. Кескін картаға табиғат зоналарын түсіру. Қосымша материалдар, суреттер қорын жинап әкелу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Халқы және елдері

Сабақтың мақсаттары:

            1. Білімділік:           Оқушыларды Еуразия материгінің табиғат зоналарымен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңыздыларына тоқталу.

            2.Дамытушылық:       Оқушылардың ойлау қабілеттерін, шығармашылықпен жұмыс істеуге, картамен жұмысты жандандыруға есте сақтау қабілеттерін жандандыру.

                3. Тәрбиелік:         Басқа елдің табиғатымен таныса отырып, өз елінің, жерінің табиғатын сүюге, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Схема арқылы

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Атлас карталар, оқулық, кескін карталар, каточкалар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.

 

Жаңа сабақ:

         Халқы. Еуразия халқының саны, орналасуы, тілдік және ұлттық құрамы өте күрделі болып келеді. Материте 4 млрд-тан астам халық тұрады, бұл Жер шары халқының ¾ бөлігін құрайды. Халықтың жыл сайынғы өсуі, әсіресе Оңт.Шығыс Азияда қарқынды жүруде. Осы аймақтағы екі ел – Қытай мен Үндістан халқының өзі 2 млрд-тан асып отыр. Сондықтан халық ең тығыз қоныстанған жерлер осы Оңт.Шығыс Азияға сәйкес келеді.  Осы аймақта халықтың орташа тығыздығы 1 км жерге – 1000-1500 адамға жетеді. Еуропалық бөлікте де халық салыстырмалы түрде тығыз қоныстанған. Әсіресе Атлант мұхитының жағалық бөліктерінде халық өте-мөте тығыз орналасқан. Материктегі табиғаты қатал солтүстіктегі аудандар мен биік таулы өңірлерде, аптапты шөлдерде халық өте сирек қоныстанған. Кейбір жерлері мүлдем елсіз деуге болады. Еуразияда Жер шарындағы барлық нәсілдердің өкілдері кездеседі. Олардың ұлттық және тілдік құрамы да алуан түрлі. Ең көп таралғаны – еуропалық тектес халықтар. Олар өңі аққұба, шаштары сарғыш түсті, көздері көгілдір болып келеді. Солт.Еуролпалық және өңі қараторы, шаштарымен көздері қоңыр, кейде қара болып келетін оңт.еуропалық тармақтарға бөлінеді. Азиялық бөлікте монғол тектес нәсілге жататын қытай, монғол, жапон, және басқа халықтар тұрады. Түркі тілдес халықтардың біразы осы нәсілдік топқа жатады. Ал экваторлық нәсілдің өкілдері Шри-Ланка аралдарымен Үндістанның оңт.-де қоныстанған. Еуразия материгінде қазіргі кездегі ірі әлемдік діндер – ислам, христиан, буддизм және олардың әртүрлі тармақтары п.б-п дамыған. Сондықтан материк халқының діни құрамы да өте күрделі. Жалпы алғанда, діни нанымдар түсініктердің алуан түрлілігі Еуразия халықтарының мәдениеті мен салт дәстүрлерінің даму бағыттарын анықтайды.

Еуразияда 90-ға жуық егеменді елдер және дамыған мемлекеттердің иеліктері орналасқан. Материктің қазіргі саяси картасы  ұзақ уақыт бойы ұдайы өзгеріске түсіп отырған. Жер көлемі жағынан Еуразиядағы үлкен елдер қатарына Ресей, Қытай, Үндістан, Қазақстан, Сауд Арабиясы жатады. Сонымен қатар жері өте шағын, кішігірем елдер де бар.

Халқының саны 100млн-нан асатын ірі елдердің көпшілігі Еуразияда орналасқан. Мемлекеттік құрылымы мен ұстанған саясатына қарай Еуразия елдері республикалық және монархиялық болып бөлінеді. Республикаларда заң шығарушы ұйым – парламент, ал басқару жүйесі өкімет арқылы жүзеге асырылады. Нақты басшылықты Конституция  негізінде ел президернті жүргізеді. Республикалар ұстанған бағытына қарай социалистік, капиталистік және дамушы елдер болып бөлінеді.

 

Жаңа сабақты бекіту:

 

Еуразияның халқы

Экваторлық тектес:

Шри-Ланка аралы мен Оңтүстік Үндістан.

 

Монғол тектес:

Қытай, Монғол, Жапон

 

Еуропалық тектес

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қорытынды:      Бүгінгі сабақты Еуразия материгінің халқы мен елдері туралы қосымша материалдарды қолдана отырып өткіздім. Сонымен қатар Еуразия халықтарының нәсілдерін, халықтарының тілдік топтары мен діндеріне кесте арқылы шолу жасадым.

Үйге тапсырма: §23 – оқу. Кескін картаға Еуразия халықтарын түсіру, тест құрау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Солтүстік және Батыс Еуропа елдері

Сабақтың мақсаттары:

            1. Білімділік:           Оқушыларды  Солтүстік және Батыс Еуропа елдерімен таныстыра отырып, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық:       Оқушылардың сөз қорын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын және тез ойлауға, өз пікірін айтуға дағдылындару.

                3. Тәрбиелік:         Оқушылырды басқа мемлекеттердің табиғатымен қоса өз елі, жерінің табиғатын сүюге, құрметтеуге, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі.

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Атлас карталар, оқулық, кескін карталар, каточкалар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру,   өзіме назар аударту.

 

Жаңа сабақ:

        Солтүстік Еуропа елдері. Еуропаның бұл бөлігін атына сәйкес, солтүстіктегі Скандинавия түбегінде орналасқан Норвегия, Швеция, Финляндия және аралдық Исландия мен Дания елдері құрайды.

Географтар Скандинавия түбегін Финляндиямен қоса Фенноскандия деп атайды. Бұл елдердің барлығы атлант мұхиты мен оның теңіздерінің жағалауында орналасқан. Сондықтан аймақтың табиғаты, халқының шаруашылық әрекеті мен тұрмыс-тіршілігі теңізбен тығыз байланысты дамыған.

Солтүстік Атлант жылы ағысының әсерінен батыстағы жағалық теңіз сулары қыста да қатпайды. Скандинавия түбегінің жағалауы өте күшті тілімденген, мұнда мұз басу әсерінен қалыптасқан тік жағалы, терең, тар шығанақтар – фьордтар көп кездеседі. Жағалауда жартасты шағын аралдар көп. Мұнда герман тобына жататын исландиялықтар,  норвегтер мен шведтер, шығысында финдтер тұрады. Олар ежелден бұғы шаруашылығымен, аң және балық аулаумен айналысқан. Норвегтердің тұрмысы теңізбен тығыз байланысты, олар ежелден-ақ ержүрек теңізшілерімен әйгілі.

Дания жерінде климат қолайлы болғандықтан халық тығыз қоныстанған, жері анағұрлым жақсы игерілген.

Солтүстік теңіз қайраңынан мұнай өндірумен, ағаш өндірумен айналысады. Швецияның «Вольво», «Скания» машина жасау, «Эрикссон» байланыс құралдарын жасайтын концеріндері, Финляндияның «Нокия» кәсіпорны әлемге әйгілі. Ал Дания дүниенің түкпір –түкпіріне сүт өнімдерін жөнелтеді. Солтүстік Еуропа елдерінде халықтың тұрмысы өте жоғары дәрежеде. Басқа елдермен салыстырғанда аймақтың табиғаты да біршама жақсы сақталған.

Батыс Еуропа айамғына Еуропаның батыс бөлігіндегі Ұлыбритания, Ирландия, Франция, Германия, Швейцария, Бельгия, Нидерланд, Аустрия және бірнеше ұсақ елдер кіреді.  Ұлыбритания мен Ирландия материктегі елдерден Ла-Манш бұғазы арқылы бөлініп жатыр.

Батыс Еуропа елдерінің табиғат жағдайына Атлант мұхитының тигізетін ықпалы өте зор. Блритан аралдарының оңтүтігі мен материктеге елдердің солтүстігін жазық жерлер алып жатыр.

Батыс Еуропа – дүние жүзіндегі ең жоғары дамыған елдердің шоғырланған аймағы. Аймақта халық тығыз қоныстанған, олардың басым көпшілігі қалаларда тұрады. Халықтың ұлттық құрамы да күрделі. Қазіргі кезде бұл елдерде шығарылатын реактивті ұшақтар, автомобильдер («Мерседес», «Рено», «Ауди», «Пежо»), күрделі электрондық техника (компьютерлер, есептегіш құралдар) дүние жүзіне әйгілі. Швейцарияда жасалатын сағаттар өте дәлдігімен, сапалылығымен аса жоғары бағаланады.

Батыс Еуроп елдерінің табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштерін көріп, тамашалау үшін, жанға жайлы табиғатының аясында емделіп, демалу үшін бұл аймаққа жыл сайын әлемнің көптеген елдерінен миллиондаған туристер мен демалушылар ағылады.

 

Жаңа сабақты бекіту:

                                             Выноска: стрелка вниз: Солтүстік Еуропа:

 

 

Норвегия;   Швеция;  Финляндия;  Исландия;  Дания;

 

Выноска: стрелка вниз: Батыс Еуропа:

 

 

 


Ұлыбритания;  Ирландия;  Франция;  Германия;  Швейцария;  Бельгия;  Нидерланды;  Австрия;

 

Көп нүктенің орнына керектісін жаз:

v Еуропаның жалпы жер көлемі-............мың км².

v Еуропа халқының жалпы саны-.............млн адам.

v Батыс Еуропаның ойпаттарының теңіз деңгейінен биіктігі.............м-ден аспайды.

Қорытынды: Бүгінгі сабақта Солтүстік және Батыс елдерімен таныстырдым.  Меңгергенін тақырыпқа қатысты қызықты географиялық тапсырмалар арқылы тексердім.

Үйге тапсырма: § 24 – оқу.  Кескін картаға Солтүстік пен Батыс Еуропа елдерін түсіру, тест құрау.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Шығыс Еуропа елдері

Сабақтың мақсаттары:

            1. Білімділік:           Оқушыларға білім беру. Материкте табиғат белдеулерінің қалыптасуы, органикалық дүниесінің таралу ерекшеліктері мен себептері туралы түсінік беру.

            2.Дамытушылық:       Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.

                3. Тәрбиелік:       Оқушылырды ұжымдылыққа, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау.

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карталар, оқулық, кескін карталар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру,   өзіме назар аударту.

 

Жаңа сабақ:

         Шығыс Еуропа аймағы Еуропаның едәуір көлемдірек бөлігін алып жатыр. Бұл аймақта Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния және балқан түбегінің солтүстігіндегі елдер – Болгария, Сербия мен Черногория, Хорватия, Словения, Босния және Герцоговина, Македония, Албания орналасқан. Бұрын Кеңестер Одағы құрамында болған Латвия, Литва, Эстония және Белорусь, Украина, Молдова елдері және Ресей Федерациясының Еуропалық бөлігі осы аймаққа кіреді.

Бұл елдер Балтық және Жерорта теңіздерінің аралығында солтүстіктен оңтүстікке қарай тұтас алап түрінде созыла орналасқан. Табиғат жағдайларына қарай Шығыс Еуропа бірнеше ауданға бөлінеді.

Солтүстігінде жатқан Балтық бойы елдері мен Польша, Чехия, Словакия, Венгрияда табмғат жағдайлары біртектес болып келеді.

Бұл елдерде халық жиі қоныстанған. Польша,Чехия мен Словакияда славян халықтары тұрады. Ал Вегрияның негізгі халқын осыдан мың жылдай бұрын Азиядан қоныс аударған мадиярлар құрайд. Балтық бойы елдерінде латыштар, литвалықтар, эстондар тұрады. Халықтың көпшілік бөлігі қалаларда тұрады. Халықтың көпшілік бөлігі д.ж-не әйгілі тарихи-мәдени ескерткіштер сақталып қалған. Аталған елдердің жер қойнауы пайдалы қазбаларға да өте бай. Әсіресе көмір (Польша, Чехия), боксит (Венгрия) өндіретін салалар орналасқан. Бұл елдердің кәсіпорындарында әр түрлі машиналар жасалыны, жеңіл өнеркәсіп бұйымдары мен тамақ өнімдері өндіріледі. Егін шаруашылығы да жақсы дамыған. Негізінен қара бидай, бидай, картоп, зығыр, қант  қызылшасы өсіріледі. Ал климаты жұмсақ Венгрия жерін бау-бақша мен жүзімдіктер алып жатыр.

Жерорта теңізінің күшті тілімденген жағалауы боймен тау жоталары созылып жатыр. Балқан түбегіндегі таулардың кейбірі әктастардан құралған. Ал Румыния жерінде доға тәрізді иіліп Карпат тауы орналасқан. Альпі-Гималай геосинклиналдық  белдеуіне енетін бұл тауларда тау жасалу қозғалыстары әлі аяқталмаған, сондықтан жер сілкінулер жиі болып тұрады.

Бұл елдердің климаты айрықша алуан түрлі болып келеді. Жерорта теңізі жағалауына субтропиктік жерорта теңіздік климат тән.  Мұнда жаз ыстық, құрғақ, ал ұзаққа созылмайтын қысы ылғалды, жылы болады. Қлың қар жамылғысы тек тау бастарында ғана жатады.

Шығыс Еуропа елдері Орал тауына дейін созылып жатыр. Оған Ресей Федерациясының еуропалық бөлігі, Украина, Белорусь, Молдова кіреді.  Аймақтың жер қойнауы темір, тас көмір мен қоңыр көмір, апатит, тас тұзы мен калий тұзы, асч тұзы, мұнай мен газдың ірі кен орындарына бай.

Украина мен Ресей жерінде ауыр өнеркәсіп күшті дамыған. Бұл аймақ арқылы д.ж-гі аса ірі қара топырақты белдеу өтетіндіктен ең астықты аудан болып есептеледі.

 

 

 

 

Жаңа сабақты бекіту:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қорытынды:  Бүгінгі сабақта, жалпы Шығыс Еуропа елдері туралы жалпы қосымша материалдарды қолдана отырып түсіндірдім. Сонымен қатар, осы тақырып бойынша алған білімдерін тексеру үшін кесте қолдандым.

 

Үйге тапсырма: Қосымша деректер жинау, тест құрау. §25 оқу және кескін картаға Шығыс Еуропа елдерін салып келу.

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Оңтүстік –Батыс Азия елдері

Сабақтың мақсаттары:

        1. Білімділік:           Оқушыларға жаңа сабақты мазмұндау, зерттелу ерекшеліктерін, қасиеттерін, даму ерекшеліктерін ғылыми деректерді пайдалана отырып тереңдете меңгерту.

            2.Дамытушылық:       Білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарастарын, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып және саралап, деңгейлеп оқыту арқылы жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

                3. Тәрбиелік:         Ғылыми деректерге сүйене отырып, халықаралық тәрбие үлгілерін қолдану, ұлтаралық сыйластықпен, өз ұлтын сүюге, құрылған ұйымшылдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі.

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, оқулық, кескін карталар, каточкалар, суреттер, қосымша жабдықтар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, түгендеу, зейіндерін тұрақтандыру.

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оңтүстік –Батыс Азия  - Еуропа, Азия, Африка дүние бөліктерінің тоғысқан жерінде орналасқан ерекше аймақ. Оңтүстік –Батыс Азия елдері Кіші Азия, Арабия түбектері мен Иран таулы қыратын алып жатыр. Құрамына Түркия, Кипр, Иран, Ирак; Ауғанстан; Сирия, Израиль, Ливан, Палестина, Иордания, Сауд Арабиясы, БАӘ, Йемен, Оман, Катар, Бахреин, Кувейт кіретін бұл аймақты «Таяу Шығыс» деп те атайды. Географиялық орнына сәйкес ТМД құрамындағы Кавказ елдері де Оңтүстік –Батыс Азияға жатады.

Оңтүстік –Батыс Азияның Жерорта теңізі мен Үнді мұхиты аралығындағы орнына сәйкес, табиғат жағдайы алуан түрлілігімен сипатталады.

Жер бедерінде кең-байтақ Алдыңғы Азия, Армян, Иран таулы қыраттары мен оларды көмкеріп жатқан қатпарлы биік таулар басым.

Тау лы қыраттардың ішкі бөліктері құрғақ климат жағдайында өте күшті физикалық үгілуге ұшырайды. Сондықтан тау аралық аңғарлар қиыршық тастар мен үгінділерге толған. Альпі-Гималай геосинклиналдық белдеуінің құрамына кіретін бұл аймақта тау жасалу әлі жүріп жатқандықтан, күшті жер сілкінулер байқалады. 1999 жылы Түркияда дүркін-дүркін қайталанып, күшті 7 баллға жеткен жер сілкінулер кезінде мыңдаған адамдар қаза болып, қалалар қирады. Күшті жер сілкінулер 2000 жылы да қайталанды.

Жер шарының теңіз деңгеінен ең төмен жатқан бөлігі-Өлі теңіз(-403м) орналасқан. Өлі теңіздің суы аса тұзды болғандықтан, оның суы мен жағалауында тіршілік белгісі жоқ. Суының емдік қасиеттеріне байланысты Өлі теңіз дүниежүзілік маңызы бар емдеу-сауықтыру орталығы болып табылады.

Таулар Парсы шығанағына қарай саты түрінде аласарып, қатты майысқан Месопотамия ойпатына ұласады. Бұл ойпаттың атауы «Екі өзен аралығы» деген мағына береді, ойпат арқылы Тигр және Евфрат өзендері ағып өтеді.

Мұнай-газ Каспий теңізінің жағалауы мен қайраңынан және Солтүстік Кавказ аймағынан да өндіріледі.

Оңтүстік –Батыс Азияда ең ежелгі егіншілік өркениеті қалыптасып, ірі керуен жолдары өткен. Бұл аймақта д.ж-гі ең алғашқы қалалар мен мәдениет орталықтары п.б-н. Оңтүстік –Батыс Азия – қазіргі әлемдік ислам, христиан, иудаизм діндерінің есігі. Сондықтан да аймақ халқының ұлттық құрамы өте күрделі. Араб елдері мен Иран, Иракта мұнай өндіру және өңдеумен байланысты өндіріс салалары жақсы дамыған. Бұл елдерде сырттан уақытша жұмыс істеуге келген адамдардың үлесі жылдан-жылға артуда. Парсы шығанағы жағалауындағы мұнай сатудан көп пайда табатын елдерде халықтың әл-ауқаты өте жоғары.

Жаңа сабақты бекіту:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қорытынды:  Қорытындылай келе, бүгінгі сабақта оқушыларға Оңтүстік-Батыс Азия елдері атты тақырыбымда білімге деген құшарлықтарын арттыруға,  ғылыми деректерді пайдалана отырып тереңдете меңгертуге тырыстым. Сондай-ақ, бүгінгі сабақты бекіту үшін кестені пайдаланып, алған білімдерін тексердім.

 

Үйге тапсырма: §26 оқу. Кескін картаға Оңтүстік-Батыс Азия елдерін түсіріп келу.

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Оңтүстік және Оңтүстік –Шығыс Азия елдері

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларға Оңтүстік және Оңтүстік –Шығыс Азияның геологиялық экономикалық жағдайына түсінік беру, шаруашылығының дамуымен таныстыру.

            2.Дамытушылық:      Ойлау қабілетін дамыту, әдеби және сауатты сөйлеу, өз бетімен тұжырымдай білу, нақты нәтижелерін айта алуын дамыту.

                3. Тәрбиелік:               Оқушыларды Отансүйгіштікке еңбекке, әділдікке, шешімді дұрыс қабылдауға, өз ұлтын сүюге, жаан-жақты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Материктер картасы, оқулық, суреттер, карточкалар

Сабақтың жоспары:

 

 

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Үй тапсырмасын сұрау

10-12

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, үй тапсырмасын сұрай бастаймын.

 

·       Оңтүстік-Батыс Азия елдері құрамына қандай мемлекеттер кіреді;

·       Оңтүстік-Батыс Азия жер бедеріне қандай ерекшеліктер тән;

·       Оңтүстік-Батыс Азияның әлемдік өркениетінің дамуындағы орны қандай;

·       Оңтүстік-Батыс Азияның қандай елдеріне туристер көптеп келеді, не себепті.

 

        Жаңа сабақты түсіндіру:

Үндістан түбегі мен оған жалғасып жатқан аралдарды қамтитын Оңтүстік Азия елдері Азияның басқа бөлігіне Гималай таулары  мен Үнді –Ганг ойпаты арқылы бөлініп жатыр. Оңтүстік  Азияның құрамына Пәкістан, Үндістан, Бангладеш, Непал, Бутан, Шри-Ланака, Мальдив Республикасы кіреді. Аймақтағы ең үлкен ел- Үндістан, ал ең кішкентай елдер- Бутан корольдігі мен маржандық аралдарда орналасқан Мальдив Республикасы. Бутан мен Непал тау елдері болып табылады.

 

Оңтүстік Азия

Оңтүстік –Шығыс Азия

      Жер бедері өте күрделі. Мұнда Гималай таулары мен ойпатты жазықтар, үстірттер мен таулар көршілес орналасқан. Үнді-Ганг ойпаты оңтүстікке қарай біртіндеп биіктеп Декан таулы үстіртіне ұласады. Оңтүстік  Азия пайдалы қазбаларға бай. Үндістан түбегінде темір, мыс, марганец, хромит, алтын, алмас, графит кен орындары бар. Жағалық жазықтарда мұнай мен табиғи газ кездеседі. Аймақ сирек кездесетін асыл тастарға да бай болып келеді.

Климактын қалыптастыруда аймақтың оңтүстіктегі орна мен  Үнді мұхитынан соғатын муссондардың ықпалы зор. Климаты субэкваторлық ауыспалы ылғалды болып келеді. Аптапты ыстық ауа-райы сәуір мен мамыр аралығында жазғы муссонның алдында орнайды. Ауа температурасы +50º -қа жетіп, жер бетін күйдіріп, құрғатып жібереді. Тар шөлі ең құрғақ, ыстық аудандар қатарына жатады. Халық саны көп және тығыз орналасқан. Саны жағынан ең көп халық үнділер, олардың тілі хинди де кеңінен тараған. Оңтүстік  Азиядағы Гималай тауларының баурайы – әлемдік дін болып есептелетін буддизмнің п.б. жері.

Құрамына Үндіқытай түбегі, Филиппин аралдары және Малайя архипелагында орналасқан елдер жатады. Бұл елдердің қатарына Индонезия, Лаос, Мьянма, Таиланд, Вьетнам, Камбоджа, Филиппин, Малайзия, Бруней және Малакка түбегінің оңтүстігіндегі аралдарда орналасқан қала – мемлекет Сингапур да кіреді. Аймақтағы ең ірі мемлекет – Индонезия. Бұл елде 150-ден астам ұлттар тұрады, олардың кейбіреулері жекек аралдарда басқа ұлттардан оқшау өмір сүреді. Халық, әсіресе ежелден игерілген ява аралында тығыз қоныстанған.

 Оңтүстік –Шығыс Азия елдері Еуразия мен Аустрия аралығындағы құрлықтық «көпір» болып табылады.

Аимақтың экватор мен субэкватор белдеулері аралығындағы орнына сәйкес, климаты муссондық сипаттан ылғалды экваторлық сипатқа ауысады.

Оңтүстік –Шығыс Азия халықтарының құрамы да Азияның басқа аймақтарындағы сияқты өте күрделі болады. Саны жағынан басым халықтарға вьетнамдар, лао, тай, бирмалықтарн, малайялықтар жатады.  

Өсімдік шаруашылығындағы ең  көп өсірілетін дақыл- күріш, маниок, батат, жүгері, банан, ананас, папайя, саго. Көкөністер жыл бойы өсіріліп бірнеше рет өнім алынады.

 

Жңа сабақты бекіту:

Төмендегі сандарды тиістісіне жаз!

Ø    Оңтүстік Азия:  ................................................(1,3,4,8,910)

Ø    Оңтүстік-Шығыс Азия:  ..........................................(2,5,6,7)

1-Үндістан; 2-Тайланд; 3-Непал; 4-Шри-Ланка; 5-Малайзия; 6-Лаос; 7-Бруней; 8-Пәкістан; 9-Бангладеш; 10-Мальдив.

 

Қорытынды: Бүгінгі сабақта,  Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін жалпы түсінік бердім.

 

Үйге тапсырма: §27 – оқу. Кескін картаға түсіру.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Орталық және Шығыс Азия елдері

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларға Оңтүстік және Оңтүстік –Шығыс Азияның геологиялық экономикалық жағдайына түсінік беру, шаруашылығының дамуымен таныстыру.

            2.Дамытушылық:      Ойлау қабілетін дамыту, әдеби және сауатты сөйлеу, өз бетімен тұжырымдай білу, нақты нәтижелерін айта алуын дамыту.

                3. Тәрбиелік:               Оқушыларды Отансүйгіштікке еңбекке, әділдікке, шешімді дұрыс қабылдауға, өз ұлтын сүюге, жаан-жақты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Материктер картасы, оқулық, суреттер, карточкалар

Сабақтың жоспары:

 

 

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Үй тапсырмасын сұрау

10-12

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, үй тапсырмасын сұрай бастаймын.

 

Жаң сабақты түсіндіру:

Орталық және Шығыс Азия елдері құрамына Қытай Халық Республикасы, Монғолия, ТМД құрамындағы Қазақстан мен Орта Азия елдері және Шығыс Азияда орналасқан Жапония, Корей Республикасы, КХДР енеді. Бұл аймақ Каспий теңізінің шығыс жағалауынан Тынық мұхитқа дейін тұтас алап құрап жатыр. Ішкі айырмашылықтарына байланысты Орта Азия, Орталық Азия, Шығыс Азия бөліктеріне ажыратылады.

Аймақтың ең ауқымды бөлігін Орталық Азия алып жатыр. Онда Қытайдың көпшілік бөлігімен Монғолия орналасқан.

Жер бедері көтеріңкі болғандықтан бұл бөлік Биік Азия деп аталады. Оны жер шарындағы ең биік Тибет таулы қыраты, Памир, Қарақорым, Кунь-Лунь, Тянь-Шань биік тау жүйелері құрайды. Солтүстік бөлігі Қазақстан жеріне енетін биік Тянь-Шань тауларының атауы Қытай тілінде «Аспан таулары» деген мағына береді. Неғұрлым аласа бөлігіне Такла-Макан, Гоби үстірттері сәйкес келеді.

Климаттың шұғыл континентті сипатта болуына байланысты таулар мен үстірттерді беті қалың қиыршық тастармен жабылған қүлазыған шөлдер алып жатыр.

Тынық мұхит жағалауын алып жатқан Шығыс Азияның табиғатына мұхиттың тигізетін әсері зор. Шығыс Азияның материктік бөлігі Қытай платформасына сәйкес келетіндіктен жазық, аласа таулы болып келеді. Ал Тынық мұхит геосинклиналына кіретін аралдық бөліктерге тау түзілу әлі де жүріп жатыр.

 Жапон аралдарында 150-ге тарта жанартау бар, 40 жанартаудың әрекеті әлі тоқталмаған. Жапон аралдарының ең биік нүктесі Фудзияма жанартауы (биіктігі 3776 м). Жапон халқы Фудзияма тауын қастерлеп, кие тұтады. Жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен пайда болатын цунами толқындары әсіресе Хоккайдо мен Хонсю аралдарының жағалауларына қауіп төндіреді.

Бірнеше климаттық белдеуге созылып жатқан Шығыс Азияның жағалау бөлігіне муссондық климат тән.

Әрбір бөліктің географиялық орнының ерекшелігіне сәйкес, табиғаттың өзіндік басты белгілері бар.

Ғасыр соңында Қытайдағы халық саны 1 млрд.250 млн-нан асып отыр.

Қытайдың шығысындағы Хуанхэ мен Янцзы өзендерінің аралығында Ұлы Қытай жазығы орналасқан. Онда батысқа қарай жер бедері күрт биіктеп Биік Азия тауларына ұласады. Кунь-Лунь мен Тянь-Шань таулары аралығында атақты Такла-Макан (Қашғар) қазаншұңқыры орналасқан. Қытай жері пай.қаз-ң қоры мен құрамы жөнінен д.ж-нен шешуші орын алады. Әсіресе тас көмір, темір, мыс, полиметалл, мұнай мен табиғи газдың қоры өте мол.

Ылғалы жеткілікті муссонды климат пен жоғары температура Шығыс Қытайдың көпшілік бөлігінде жылына екі кейде үш рет өнім алуға мүмкіндік береді. Шығыс Қытай - елдің басты өнеркәсіпті ауданы. Мұнда ел халқының 90%-ы шоғырланған. Олардың басым көпшілігі қытайлар.

Қытай – ежелгі мәдениет пен өркениет елі ,мұнда әлемге әйгілі ұзындығы 4 000 км-ге жуық Ұлы Қытай қорғаны, будда храмдары мен ғибадатханалары, императордың салтанатты сарайлары орналасқан. Сонымен қатар қытай өнерінің қайталанбас өзіндік қырлары бар: қытай театры, сәулет өнері, музыкасы, қытай жібегі мен қолөнер туындылары д.ж-не әйгілі.

         

Жаңа сабақты бекіту:

Аймақтары:

 

Кіретін елдері:

Оңтүстік-Батыс Азия

Малайзия

Катар

Тайланд

Бутан

Монғолия

Израиль

Мальдив

Непал

Жапония

Вьетнам

Оңтүстік Азия

Оңтүстік-Шығыс Азия

Орталық және Шығыс Азия

Аймақтары:

 

Кіретін елдері:

Овал: 1Оңтүстік-Батыс Азия

 

1, 7, 18, 22, 5, 19, 10, 13, 17.

 

 1.Түркия;

2.Филиппин;

3. ҚХР;

4.Бангладеш;

5.Иордания;

6. Қазақстан;

7. Бахрейн;

8. Пәкістан;

 9. КХДР;

10. БАӘ;

11. Мальдив;

12. Индонезия;

13. Йемен;

14. Камбоджа;

15. Корея Республикасы; 16. Бруней;

17. Кувейт;

18. Ауғанстан;

19. Сауд Арабия;

20. Мьянма;

21.Малакка;

22. Сирия;

 

Овал: 2Оңтүстік Азия

 

8, 4, 11.

Овал: 3Оңтүстік-Шығыс Азия

 

12, 16, 20, 14, 2, 21.

 

Овал: 4Орталық және Шығыс Азия

 

3, 6, 15, 9.

 

 

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, оқушыларды Орталық және Шығыс Азия елдерімен таныстырып өттім. Сонымен қатар, оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін тексеру мақсатында қызықты  салыстырмалы, сандық кестелер арқылы анықтадым.

 

Үйге тапсырма: §28- оқу, кескін картаға Орталық және Шығыс Азия елдерін түсіру. Тест құрау.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Еуразия материгі. Сарамандық жұмыс № 2

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларға өткен тақырып бойынша Еуразия материгінің теңіздерін, ағыстарын кескін картаға түсіріп, олардың ерекшеліктерімен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық:      Оқушыларды пәнге деген қызығушылықтарын ояту және ойлау қабілеттерін шығармашылық белсенділігін дамыту.

                3. Тәрбиелік:               Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға бір-бірінің пікірін тыңдауға, бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Еуразия материгінің атласы, кескін карта, атлас, оқулық

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, түгендеп, олардың  назарын өзіме аударту

       Еуразия жағалауларын дүние жүзінің төрт мұхитының да сулары шайып жатыр. Оңтүстік батысы мен оңтүстік батыс жағалауын Атлант мұхиты мен оның теңіздерінің материктік табиғатына түстік Атлант жылы ағысының тропиктік белдеулерін алып келген жылы сулары әсерінен Солтүстік Мұзды мұхит пен оның теңіздері Еуразияның солтүстік жағалауларына ұласып жатыр. Солтүстік Мұзды мұхит ауданы жағынан ең кіші, ең суық, ең таяз мұхит. Теңіздердің барлығы дерлік материктік қайраңда орналасқан. Кейбір шеткі теңіздер аралдар арқылы байланысып жатыр. Мұхиттағы теңіздердің ең үлкені – Норвег теңізі, ең кішісі – Ақ теңіз.

1. Тапсырма.

Еуразияның ірі өзендерін теріп жазыңдар

1. Макензи, 2. Еділ, 3. Янцзы, 4. Замбези, 5. Колорадо, 6. Амазонка, 7. Ганг, 8. Муррей, 9. Лена, 10. Енисей, 11. Парана, 12. Евфрат, 13. Ориноко, 14. Ніл, 15. Конго, 16. Хуанхэ, 17. Амур

Жауабы: 2, 3, 7, 9, 10, 12, 16, 17

 

2.Солнце: Еуразияның ірі шөлдерін теріп жаз! Тапсырма.

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Намиб, 2. Сахара, 3. Қызылқұм, 4. Атакама, 5. Қарақұм, 6. Виктория, 7. Калахари, 8. Гоби, 9. Такла-Макан, 10. Үлкен Құмды шөл.

 

Жауабы: 3, 5, 8, 9.

 

Қорытынды:   Еуразия материгінің шеткі нүктелерін, шеткі теңіздерін, ағыстарын белгіледік

 

Үйге тапсырма: Картамен жұмыс жасап үйрену. Кескін картаны шартты белгілері арқылы түсіріп үйрену

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Солтүстік Америка

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларды Солтүстік Америка мемлекеті жайлы ұғым беру. Ол елдің экономикасымен танысу.

            2.Дамытушылық:      Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, картаны оқыту арқылы жұмыс істеу қабілеттерін әрі қарай дамыту және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

                3. Тәрбиелік:               Оқушыларды басқа мемлекеттермен таныстыра отырып, қоршаған ортаны қорғауға ондағы байлықтарға, табиғат ресурстарын білуге бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, атлас карта, оқулық, суреттер, карточкалар

Сабақтың жоспары:

 

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

3.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

4.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

5.

Үйге тапсырма беру

1-2

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:

Солтүстік Америка – өзіміз тұратын Еуразиямен бірге солтүстік жарты шарда орналасқан материк. Үлкендігі жөнінен Еуразия мен Африкадан кейінгі 3-ші орынды алады, жерінің ауданы 24,2 млн.км².

Табиғатының мынадай басты ерекшеліктері бар:

·        Д.ж-гі аса ұзын әрі енді тау жүйесі – Кордильера, оның ұзындығы 9000 км-ге жуық ең енді бөлігі 1600 км-ге тең.

·        Д.ж-гі ең үлкен арал – Гренландия аралы Солтүстік Америка материгінің құрамына енеді, оның ауданы 2 млн.176 мың км.

·        Д.ж-гі ең үлкен әрі терең Колорадо каньонының тереңдігі 1600м, ұзындығы 446 км, ені 25 км-ге дейін жетеді.

·        Д.ж-гі ең ұзын жер асты үңгірі – Флинт-Мамонт Аппалач тауының оңтүстік шығысында орналасқан, оның ұзындығы        500 км.

·        Д.ж-гі ең үлкен тау мұздығы – Аляска жотасында орналасқан Хабборт мұздығы, оның ұз.145 км.

·        Д.ж-лік мұхиттағы биіктігі 18 м-ге жететін ең биік толысу толқындары материктің шығысындағы Фанди шығанағында байқалады.

·        Д.ж-гі ең биік ағаш-биіктігі 100 м-ден астам мәңгі жасыл секвоя материктің Тынық мұхит жағалауында өседі.

·        Солтүстік Америкадағы ең суық жер – Гренландия аралының орталығы, мұнда -70ºС тіркелген.

·        Материктің теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Өлім аңғары, ол теңіз деңгейінен 86 метр төмен жатыр.

·        Материктегі ең ыстық жер – Өлім аңғары (+57С) бұл солтүстік жарты шар материгінде байқалатын ең жоғары температура.

·        Материктегі жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін жері – Кордильераның солтүстік батыс жағалауы, мұнда 6000 мм-ге дейін жауын-шашын түседі.

·        Солтүстік Америкадағы жылдық жауын-шашынның ең аз жауатын жері – Калифорния шығанағының солүстігі мен Үлкен Алап, мұнда жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден кем.

1492 жылы Х.Колумб бастаған испан экспедициясының материктің оңтүстік жағалауын ашқан.  Мексика жерін басып алумен аяқталды. Ағылшын саяхатшылары Генри Гудзон        (ХVІІ ғасыр) Александер Макези (ХVІІ ғасыр) материктің солтүстік және шығыс жағалауларындағы көптеген жаңа жерлерді ашты.

1741 жылы Витус Беринг пен Алексей Чириков екі желкенді кемемен Алеут аралдарын бойлап жүзіп, Аляска жағалауын зерттеді.

 

Жаңа сабақты бекіту:

 

1.

Жалпы жер көлемі -...

1.

100 м-ден аса

2.

Ең ұзын көлі - ...

2.

Миссисипи

3.

Дүние жүзіндегі ең биік ағаштың биіктігі-...

3.

Гренландия аралы

4.

Су жинау алабы жағынан ең үлкен өзен-...

 

4.

24,2 млн км²

5.

Материктің ең ыстық жері-...

5.

Хаббаорд мұздығы

6.

Ең суық жері-...

6.

Гренландия аралы

7.

Дүние жүзіндегі ең үлкен тау мұздығы-...

 

7.

Жоғарғы көл

8.

Ең үлкен аралы-...

 

8.

Өлім аңғары

 

 

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Солтүстік Америка материгінің географиялық орны мен ашылуы және зерттелу тарихымен таныстық. Оқушылардың осы сабақтан алған білімін жетілдіру мақсатында сәйкестендіру кестесін қолдандым.

 

Үйге тапсырма: §29 – оқу. Кескін картаға Солтүстік Америка материгін түсіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Жер бедері мен пайдалы қазбалары

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларды Солтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбаларымен таныстыру, олардың маңызына, ерекшеліктеріне тоқталу.

            2.Дамытушылық:      Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, ой-өрісін, сауаттылығын арттыру арқылы талдау жүргізіп  дамыту.

                3. Тәрбиелік:               Оқушыларды басқа мемлекеттердің жерімен таныстыра отырып, алатын орнына баға беру арқылы өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі.

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Солтүстік Американың физикалық картасы , атлас карта, оқулық, суреттер, карточкалар

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

 

Жаңа сабақты түсіндіру:      

Солтүстік Американың жер бедерінде жазықтар басым, таулар материктің 1/3 бөлігін алып жатыр. Материктің жазық жерлері ежелгі Солтүстік Америка платформасында орналасқан. Платформаның солтүстік бөлігі жаппай мұз басудың нәтижесінде майысып, төмен түскен. Кейіннен мұхит деңгейі көтерілген кезде бұл бөлікте Канаданың Арктикалық архипелагы, Гудзон шығанағы мен бұғаздар жүйесі қалыптасты. Оңтүстікке қарай жер бедері аласарып, қалың шөгінді жыныстармен жабылған Орталық жазыққа, одан Миссисипи ойпаты мен Мексика шығанағының жағалау жазықтарына ұласады. Платформаның батыс бөлігінде Кордильераға қарай баспалдақ тәрізді біртіндеп биіктейді, кең алқапты Ұлы жазық алып жатыр.

Ірі қазаншұңқырларды алып жатқан мұздық-тектоникалық көлдер жүйесі бір-бірімен қысқа өзендер жүйесімен жалғасып жатыр. Орталық жазық түгелімен мұздықтар өңдеп, тасымалдаған жыныстар – монералармен жабылған.  Миссисипи ойпатын өзен тасымалдап әкелген жыныстар жауып жатыр. Материк жағалауындағы жазықтар теңіздік шөгінділерден түзілген.

Платформаның солтүстігі мен шығысында палеозойлық аласа және орташа биіктіктегі таулар орналасқан, оларға Канаданың Арктикалық архипелагының солтүстігі мен Гренландия аралының шығысындағы және Аппалач таулары жатады.

Материктің батыс бөлігін бойлай Жер шарындағы ұзын тау жүйесі болып есептелетін Кордильера тау жүйесі созылып жатыр. Кордильера испан тілінен аударғанда «тау жотасы, тау тізбегі» деген мағынаны білдіреді. Себебі Кордильера бір-бірімен жалғасқан тау жоталарының бірнеше қатар тізбектерінен тұрады. Мұндағы үшкір шыңдар тізбегінен тұратын тау жоталары сьерралар деп аталады. «Сьерра» испан тілінен аударғанда «ара» деген мағынаны білдіреді. Шындығында да Сьерра-Невада, Сьерра-Мадре жатоларындағы қатар тізіле орналасқан шыңдар ара тістеріне ұқсайды. Кейбір тау тізбектерінің аралығын өте көлемді, кең алқапты қамтитын көтеріңкі жазықтар мен үстірттер алып жатыр.

Кордильераның ішкі бөліктерінде жанартаулар атқылауынан түзілген Йеллоустон үстірті орналасқан. Мұнда 3000-нан астам гейзерлер мен ыстық бұлақтар бар.

Солтүстік Американың ең биік нүктесі (Мак-Кинли, 6193 м)оның солтүстігінде орналасқан, мұндағы тауларды қалың мұз басып жатыр.

Пайдалы қазбалары. Солтүстік Америка пайдалы қазбаларға бай. Материктің солтүстігіндегі жазықтарда металдардың (темір, мыс, никель және т.б.) кен орындары кең таралған. Орталық жазық пен Ұлы жазықтың шөгінді жыныстарында және Миссисипи ойпатында мұнай мен газ, тас көмір көп. Кордильера тау жүйесінің қойнауы шөгінді жолмен қалыптасқан мұнай, газ, тас көмірмен қатар, магмалық жолмен түзілген түсті металдарға, алтын мен уранға бай болып келеді. ХІХ ғасырда Кордильера қойнауынан өзендер ағызып әкелген шөгінді жыныстардан алтынды шайып алу кең етек алды. Мол алтынға кенеліп, тезірек баюды ойлаған мыңдаған адамдар материктің батысына қарай ағылды. 1849 жылы алтын іздеушілердің осындай бір тобы аптап ыстық пен шөлге шыдамай қаза болған, жер кейіннен «Өлім аңғары» деген атқа ие болды. Тарихта бұл кезең «алтын дүрбелең» деп аталады.

Жаңа сабақты бекіту:

Стрелка: пятиугольник: Солтүстігіндегі жазықтарында                                            

 

 

 

 

 

 

 


1-темір,2-мұнай, 3-тас көмір, 4-мыс, 5-никель, 6-газ

 

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Солтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары жайлы жалпы түсінік бердім.

 

Үйге тапсырма: §30-оқу, мазмұндау. Кескін картаға жер дері мен пайдалы қазбаларын түсіріп келу.

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Климаты

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларды Солтүстік Американың климат жағдайына түсінік бере отырып, олардың маңызы мен  ерекшеліктеріне тоқталу.

            2.Дамытушылық:      Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, картамен жұмысты, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

                3. Тәрбиелік:               Оқушыларды басқа мемлекеттермен таныстыра отырып, өз елінің, жерінің баға жетпес байлығын айта отырып, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке мтәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі.

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Солтүстік Американың климат картасы, атлас карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

 

Жаңа сабақты түсіндіру:      

Солтүстік Америка солтүстік жарты шарда Еуразиямен қатар орналасқандықтан, климаттық жағдайлары ұқсас болып келеді. Материк солтүстік жарты шардағы экваторлық белдеуден басқа барлық климаттық белдеулерді кесіп өтеді.

Материк ауданының Еуразияға қарағанда шағын болуы; солтүстік полюске неғұрлым жақын орналасуы; оңтүстігіне қарай сүйірленуі; батысы биік баулы, ал шығысының аласа болуы; ендік бағыттағы таулардың болмауы – міне осының барлығы климаттың өзіндік ерекшеліктерін қалыптастырады.

Материктің солтүстігіндегі мәңгі мұз құрсап, қар жамылғысы қалың жататын аудандарда күн сәулесінің кері шағылысуы күшейеді. Сондықтан ауа температурасы төмен болады, осында қалыптасқан суық ауа массалары еш кедергісіз оңтүстігіндегі Мексика шығанағына дейін өтіп кетеді. Оның нәтижесінде субтропиктік белдеуде де қар жауады. Солтүстік Американың шығысындағы Атлант мұхитынан келетін жылы, ылғалды ауа массалары Арктикадан келетін суық ауа массаларының әсерін шектеп отырады. Материктің батысында орналасқан Кордильераның биік жоталары Тынық мұхиттан келетін ауа массаларының құрлыққа тереңдеп енуіне кедергі келтіреді. Сондықтан оңтүстікте Мексика шығанағы үстінде қалыптасатын тропиктік ауа массалары солтүстікке қарай емін-еркін өте алады.

Сондықтан күшті желдер мен құйын тәрізді қозғалатын дауылдар – торнадо жиі байқалады. Жылдамдығы сағатына 800 км-ге жететін кенеттен пайда болатын торнадо көп апат әкеледі: жүріп өткен жолында алып ағаштарды тамырымен қопарып, үйлерді қиратып, ірі заттарды да көтеріп әкетеді. Орталық жазықта аңызақтар мен құрғақшылық, топырақтың құнарлы қабатын ұшырып әкететін шаңды дауылдар жиі байқалады. Ал Атлант мұхиты жағалауындағы тропиктік ендіктерде жаздың аяғы мен күздің басында мұхиттан соғатын өте күшті, апатты дауылдар – ураган жиі болып тұрады. «Ураган» майя тілінде «дауыл құдайы» дегенді білдіреді.

Солтүстік Американың климаты алуан түрлі. Канаданың Арктикалық архипелагында, Гренландия қаңтардың орташа температурасы -40ºС, ал материктің оңтүстігінде +20ºС болады. Шілденің орташа температурасы солтүстік жағалық бөліктерінде +8ºС-қа әрең жетсе, оңтүстігіндегі кейбір жерлерде +30ºС-тан асады.

Жауын-шашынның жылдық мөлшері де әркелкі. Материктің оңтүстік-шығысы мен Кариб теңізінің аралдарында жауын-шашын көп түседі, солтүстікке және батысқа қарай жауын-шашын біртіндеп кемиді. Тек Кордильераның солтүстік-батыс жағалауындағы тау беткейлерінде жауын-шашын мөлшері қайта артады. Оған батыс желдері ықпал етеді.

 

 

 

Жаңа сабақты бекіту:

1. Материктің климаттық картасын пайдаланып, қаңтар мен шілде изотермаларының жүру бағыттары мен көрсеткіштерін, маусым бойынша желдердің басым бағыттарын, жылдық жауын-шашынның таралу мөлшерін анықтап, себептерін анықтаңдар.

2. климаттық белдеулер картасын пайдаланып, материктегі климаттық белдеулер мен олардағы климат жағдайларын анықты; Еуразияны осындай белдеулермен салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын сипаттаңдар. Нәтижелерін қысқаша дәптерлеріңе жазыңдар.

 

Қорытынды:  Бүгінгі сабақта, Солтүстік Американың климатымен танысып, анықтадық

 

Үйге тапсырма: §31-оқу, кескін картаға Солтүстік Американың климатын түсіріп келу. Осы тақырыпқа қатысты тест сұрақтарын құрастырып келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Ішкі сулары

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларды Солтүстік Американың Ішкі суларына  түсінік бере отырып, олардың маңызы мен  ерекшеліктеріне тоқталу.

            2.Дамытушылық:      Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту, картамен жұмысты, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

                3. Тәрбиелік:               Оқушылардың алған білімдерін, білік дағдыларын көрсету арқылы бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, атлас карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар.

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

 

Жаңа сабақты түсіндіру:      

Солтүстік Америка материгі мол сулы өзендерге, тұщы сулы терең көлдерге бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америка мен Еуразиядан кейін үшінші орын алады. Сонымен қатар биік таулы мұздықтар мен материктің солтүстігін алып жатқан қалық мұз жамылғылары және жер асты суларының мол қоры бар.

Өзен жүйелері климаттық жағдай мен жер бедеріне байланысты біркелкі таралмаған. Олардың басым бөлігі бөлігі Солтүстік Мұзды мұхит пен Атлант мұхитына бағытталған. Өзендері негізінен жаңбыр және еріген қар суымен қоректенеді.

Атлант мұхиты алабының басты өзені – Миссисипи материктегі ең мол сулы өзен болып табылады. Бұл өзеннің Миссури саласын қоса есептегендегі ұзындығы 6420 км, ұзындығы жөнінен дүние жүзінде 3-ші орын алады. «Миссисипи» атауы үндістер тілінде «су атасы» дегенді білдіреді.

Аппалачтың шығыс беткейінен басталатын өзендер қысқа және мол сулы болады. Олар мұхитқа құяр жолында биік кемелерден құлап ағатындықтан, бірнеше сарқырамалар жасайды. Олардың құлау күші су электр стансаларында қуат алу үшін пайдаланылады. Мысалы, Теннеси өзені бойында 20-дан астам су электр стансалары салынған. Атлант мұхитына құяр жерінде өзендердің сағалары кеңейеді, мұнда ірі портты қалалар орналасқан.

Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын өзендердің ең ірісі-Макензи метериктің солтүстік бөлігі арқылы ағып өтеді. Үндістер «Үлкен өзен» деп атайтын бұл өзен негізінен қар суымен қоректенеді, жылдың көп уақытында мұз құрсап жатады. Қыста өзен түбіне дейін қатады. Макензи жоғарғы ағысында көктемнің аяғында мұздан босайды, сондықтан оның орта ағысында, әсіресе төменгі ағысында өзендегі сең буу нәтижесінде мұз қамаулары пайда болады. Батпақтар мен көлдер арқылы ағып өтетін осы алаптың көптеген өзендері жаз кезінде мол сулы болады.

Тынық мұхит алабына Кордильераның батыс беткейінен басталатын қысқа, ағынды өзендер жатады. Алаптың ең ірі өзендері – Колумбия мен Колорадо Кордильераның шығыс жоталарынан басталып, биік таулы үстірттер арқылы ағып өтеді.

Колорадо өзені бойындағы жиегі тік, терең шатқалды орасан зор Үлкен каньон дүние жүзіне әйгілі.

Материктің солтүстік-шығысында Әулие Лаврентий өзені арқылы Атлант мұхитымен жалғасып жатқан көлдер Ұлы көлдер жүйесі деп аталады. Жоғары көлден Эри көліне дейін көлдердің деңгейлері біртіндеп төмендейді.

Ал Эри көлі мен Онтарио көлінің деңгейлерінде үлкен айырма салдарынан, оларды жалғастыратын Ниагара өзені тік кемелерден құлап ағып, дүние жүзіне әйгілі Ниагара сарқырамасын жасайды. Ені 1200м, биіктігі 51м бұл сарқыраманың атауы жергілікті үндістер тілінде «гүрілдеуік су» деген мағына береді.

Кордильера тауындағы сөнген жанартаулардың кратерлерінде ұсақ жанартаулық көлдер кездеседі. Ал материктің оңтүстігінде жердің тектоникалық жарылыстарында орналасқан Никарагуа және Манагуа көлдері бар.

 

 

Жаңа сабақты бекіту:

1. Материктерде қандай ірі өзендер бар, олар қайда құяды?

2. Материкте қандай суайрық жотасы бар, ол қандай алаптарды бөліп жатыр?

3. Солтүстік Америкадағы қандай өзендер ұзақ уақыт қатып жатады?

4. Солтүстік Американың қай бөлігінде көлдер жиі орналасқан, себебін түсіндіріңдер.

5. Материктегі басым түрде жаңбыр суымен қоректенетін өзендерді атаңдар.

 

Қорытынды:  Қорыта келе, бүгінгі сабақта, Солтүстік Американың ішкі суларымен таныстық.

 

Үйге тапсырма: §32-оқу, кескін картаға ішкі суларын салып келу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Табиғат зоналары

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларды Солтүстік Американың табиғат зоналарымен таныстыра  отырып, олардың маңызы мен  ерекшеліктеріне тоқталу.

            2.Дамытушылық:      Оқушылардың ойлау қабілеті мен икемдігін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін күнделікті пайдалана білуге үйрету.

                3. Тәрбиелік:               Оқушыларды ұқыптылыққа, ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Солтүстік Американың табиғат картасы, атлас карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар.

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

 

Жаңа сабақты түсіндіру:      

Солтүстік Америка табиғат зоналарының орналасуының өзіндік ерекшелігі бар. Солтүстігінде табиғат зоналары дәл Еуразиядағы сияқты тәртіппен батыстан шығысқа қарай тұтас белдеулер құрап, ендік бағытта таралады. Ал материктің орталығы мен оңтүстігінде табиғат зоналарының орналасуы меридиан бағытында жүреді. Бұл ең алдымен жер бедері мен климаттық жағдайларға байланысты. Сондықтан өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің түр құрамы солтүстігінде Еуразияға көбірек ұқсайды. Бұл материктердің көршілес орналасуы мен геологиялық даму тарихының ортақтығына байланысты.

Арктикалық шөл зонасы материктің солтүстігіндегі Гренландия аралы мен Канаданың Арктикалық архипелагын алып жатыр. Қысқа, әрі суық жаз мезгілінде мұз бен қардан бос батпақты, тасты жерлерде сирек мүк пен қына өседі. Бұл зонада мұз дәірінен бері сақталып қалған қойөгіз тіршілік етеді. Оның қалың, әрі ұзын қара-қоңыр жүні суықтан жақсы қорғайды. Қой-өгіз ерекше қорғауға алынып, Дүниежүзілік Қызыл Кітапқа енгізілген.

Тундра зонасы материктің солтүстік жағалық бөлігі мен Гудзон шығанағының оңтүстігін, Лабрадор түбегін қамтиды. Табиғат жағдайлары Еуразиядағы тундра зонасымен ұқсас. Солтүстік Американың тундра зонасына солтүстік бұғыларының айрықша түрі – карибу тән. Тундра зонасы батысында Кордильераға қарай таулы тундраға, ал оңтүстігінде ағаштар араласып, орманды тундраға, одан біртіндеп тайгаға ұласады.

Тайга зонасы Кордильераның шығыс беткейінен басталып, Атлант мұхитына дейінгі кең алапты алып жатыр. Топырағы күлгін. Қылқан жапырақты ағаштардан қара және ақ шырша, көгілдір шырша, бальзамды май қарағай, америка бал қарағайы және қарағайлардың бірнеше түрі кездеседі. Жануарлардан қара аю – барибал, гризли аюы, канада сілеусін, америка қара күзені, бұлан, вапити бұғысы мекендейді, қорықтарда орман бизоны сақталған.

Негізінен биік ағаштардан тұратын мұндай ну орман Жер шарының басқа ешбір жерінде кездеспейді. 1500 м биіктікте ормандар сиреп, таулы тундраға ауысады. Қылқан жапырақты ормандар 40ºс.е.-тен оңтүстікке қарай таулы субтропиктік ормандарға ұласады. Мұнда жасы төрт мыңға деін жеткен мәңгі жасыл секвоя, мамонт ағашы деп аталатын алып секвоя және қантты қарағай, мәңгі жасыл емендер өседі.

Аралас және жалпақ жапырақты, ауыспалы ылғалды ормандар материктің климаты анағұрлым ылғалды, жұмсақ болып келетін шығыс бөлігін бойлай, оңтүстікте Мексика шығанағы жағалауына дейін таралған. Аралас ормандарға орманның сұр топырағы, жалпақ жапырақты ормандарға орманның қоңыр топырағы, ал ауыспалы ылғалды ормандарға сары және қызыл топырақтар тән болады. Аралас ормандарға сары қайың, қант үйеңкісі, шамшат, жөке, ақ және қызыл қарағай басым өседі.

Жалпақ жапырақты ормандарда емендердің ондаған түрі, каштан, платан, қызғалдақ ағашы, орман жаңғағы, жапырағын түсіретін магнолия, жабайы жеміс ағаштары өседі. Бұл ормандар Аппалач тауының биік бөліктерінде ғана сақталып қалған. Ауыспалы ылғалды ормандар субтропиктік белдеуде таралған. Мұнда қарағайдың субтропиктік түрлері мәңгі жасыл және жапырағын түсіретін ағаштар: шамшат, емен, магнолия, орман жаңғағы мен аралас өседі. Құрғақ жерлерде қарағай мен ергежейлі сабаль пальмасы, өзен бойларындағы батпақтарда осы жерге ғана тән батпақ кипарисі таралған. Флорида түбегінің оңтүстігінде арнайы қорғауға алынған Эверглейдс батпағы орналасқан.

Шығыстағы ормандардан Кордильераға жүрген сайын ылғалдың біртіндеп кеми беру салдарынан меридиан бағытында орналасқан орманды дала, дала зоналарын қалыптастырады. Солтүстік Америкадағы биік шөптерден тұратын далаларды прерий деп атайды. «Прерий» француз тілінен аударғанда «шалғын» деген сөз. Прерийде жылу мен ылғал жеткілікті болғандықтан қара және қара қоңыр топырақтарда биіктігі 1,5 метрге жететін селеу, боз шалғын, бидайық, бизон шөбі және т.б. астық тұқымдасты өсімдіктер қалың болып өседі.

Кордильераның ішкі аудандарындағы қара жусан мен алабота басым өсетін шөлейттер Мексика таулы қыратында субтропиктік шөлдерге ауысады. Субтропиктік шөлдерде құрғақшылыққа бейімделген ағаш тәрізді катус, алоэ, сүттіген, опунция, юкка сияқты ылғалды бойына жинайтын өсімдіктер – суккуленттер (латынша «шырынды») көп таралған.

Орталық Америка мен Кариб теңізі аралдарында қызыл топырақта саванна және ылғалды мәңгі жасыл ормандар таралған. Бұл аймақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің түр құрамы жөнінен Оңтүстік Америкаға ұқсас. Ормандар негізінен пальмалардан тұрады, орхидеялар, ағаш тәрізді папортниктер кең таралған. Жануарлар дүниесі кең танаулы маймылдар, ягуар, сауыттылырдан, әр түрлі әдемі құстардан, қан сорғыш жарқанаттардан, скунс, қалталы егеуқұйрық – опоссумдардан, баурымен жорғалаушылардан тұрады.

Адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде табиғат жағдайлары күшті өзгеріске ұшыраған. Мұнда табиғи өсімдіктер орнын әр түрлі тропиктік дақылдар: қант құрағы, цитрустар, банан және мақта, күріш, темекі плантациялары алып жатыр.

 

 

 

Жаңа сабақты бекіту:

1. Материкте қандай табиғат зоналары бар, олар қалай орналасқан?

2. Ендік бағытта орналасқан зоналарды атаңдар.

3. Прерий дегеніміз не, оның Еуразияның дала зонасынан қандай айырмашылығы бар?

 

Қорытынды: Қорытындылай келе, қазіргі кезде адамдардың қарқынды шаруашылық әрекеті табиғи апаттың жиілігін күшейтетіні белгілі болып отыр. Сондықтан Солтүстік Америка елдерінде табиғатты қорғау бағытында ортақ заңдар қабылданып, елдер арасында өзара келісімдер жасалған. Ұлттық парктер мен қорықтар санының көбеюі осыны дәлелдейді.

 

Үйге тапсырма: §33-оқу, мазмұндау. Кескін картаға табиғат зонасын салып келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Халқы және елдері. Америка Құрама Штаттары

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларды Американың халқы мен қалаларымен таныстыру, елдің экономикалық жағдайымен алатын орнына, ірі мемлекеттеріне тоқталу.

            2.Дамытушылық:      Оқушылардың баяндай білу, есте сақтау, ойлау қабілеттерін, картамен жұмысты дамыту.

                3. Тәрбиелік:               Оқушыларды басқа мемлекеттермен таныса отырып, олардың туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін ояту арқылы бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Солтүстік Американың халықтар картасы, атлас карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

 

 

Жаңа сабақты түсіндіру:      

Халқы және елдері. Қазіргі кезде Солтүстік Америка халқының саны 450 млн-ға жуық. Материктің байырғы халқын монғол нәсіліне жататын үндістер мен эскимостар құрайды. Бұл халықтар Азиядан Солтүстік Америкаға шамамен осыдан 25-40 мыңдай жыл бұрын материкті Еуразиямен жалғастырып тұрған Берингия құрлығы арқылы қоныс аударған.

ХVІ ғасырдың басында Американы жаулап алу басталды. Нәтижесінде бағынып, құл болудан бас тартқан үндістер құнарлы жерлерден қудаланды. Олар еуропалықтар әкелген жұқпалы аурулардан жаппай қырыла бастады. Нәтижесінде Кариб теңізіндегі аралдардың байырғы халқы (карибтар) ХVІІ ғасырда түгелге жуық жойылып кетті. Қазіргі кезде материкте 15 миллиондай ғана үндістер қалды. Еуропа басқыншылары үндістерден босаған жерлерді плантацияларда жұмыс істету үшін Африкадан құлдар әкеле бастады. Қазіргі кезде Солтүстік Америкада 20 млн-ға жуық негрлер тұрады.

Солтүстік Американың негізгі халқын Еуропадан, әсіресе Ұлыбритания мен Франциядан қоныс аударғандар құрайды. Олар негізінен материктегі ірі мемлекеттер – Америка Құрама Штаттары мен Канадада тұрады. Халықтың басым көпшілігі ағылшын тілінде сөйлейтіндіктен, материктің бұл елдер орналасқан бөлігін Ағылшындық Америка деп атайды. Америка Құрама Штаттарының халқы нәсілдік және ұлттық айырмашылықтарына қарамастан америкалықтар деген жалпы атпен аталады.

Халқы латын тілдерінде сөйлейтін Мексика жері мен Кариб теңізі аралдары Оңтүстік Америкамен бірге Латын Америкасын құрайды. Мұнда испандар және португалдардың басқа халықтармен некелесуі нәтижесінде Американың жаңа халқы: мулаттар, самбо, метистер қалыптасты. Табиғат жағдайлары мен игерілу тарихына байланысты халық әркелкі қоныстанған.

Солтүстік Америкада д.ж-гі ең дамыған ел - Америка Құрама Штаттары орналасқан. АҚШ-тың материктегі бөліктерінің аралығында Канада, ал оңтүстігінде Мексика орналасқан. Орталық Америка мен Кариб теңізі аралдарын кішігірім елдер алып жатыр.

Америка Құрама Штаттары. АҚШ-ры жерінің ауданы (9 млн 363 мың км) жөнінен Ресей, Канада, Қытайдан кейінгі 4-ші орын алады. Бұл елдің жері материктік екі бөліктен және Тынық мұхиттағы Гавай аралдарынан тұрады. Әкімшілік құрылымы 50 штаттан, Вашингтон қаласы мен Колумбия округінен тұратындықтан ел Америка Құрама Штаттары (АҚШ) деп аталады. Астанасы Вашингтон қаласы.

АҚШ жерінің табиғаты алуан түрлі. Оның көпшілігі қоңыржай және субтропиктік белдеулерге сәйкес келеді. Батыстағы Кордильера мен шығыстағы Аппалач тауларының аралығында Ұлы және Орталық жазықтар орналасқан. Мексика шығанағы жағалауы мен Флорида түбегін ойпатты жағалық жазықтар алып жатыр. АҚШ жері арқылы Солтүстік Америкадағы ең ірі өзен Миссисипи ағып өтеді, ал Канадамен шекаралас аймақта Ұлы көлдер шоғырланған.

Елде мұнай мен табиғи газдың, тас көмір, металдар тәрізді пайдалы қазбалардың қоры мол және оларды өндіруде ұдайы ғылым мен техника жаңалықтары қолданылып отырады.  АҚШ-тың шаруашылығы сан салалы, ең жетекші сала – машина жасау өнеркәсібі. АҚШ-тың 125 қаласында автомобиль шығарылады. Детройт  қаласын «автомобильдер астанасы» деп атайды. Батыстағы Лос-Анджелес қаласы ғарыштық техника мен электроника орталығы болса, Сиэтл қаласында алып «Боинг» ұшағы жасалынады. Елде жылу-энергетика, химия өнеркәсібі, қара металлургия, жеңіл өнеркәсіп жақсы өркендеген.

АҚШ жерінің көпшілік бөлігінің жазық және аласа таулы болуы, қолайлы климат, ғылым жетістіктерінің кеңінен пайдаланылуы ауыл шаруашылығын жоғары деңгейде дамытуға мүмкіндік береді. Ел астық, сүт, ет, құс өнімдерін өндіруден д.ж-де 1-ші орынды алады.

АҚШ халқының саны (290 млн-ға жуық) жөнінен д.ж-де 3-ші орын алады. АҚШ-тағы байырғы халықтың үлесі 1% шамасында ғана, халықтың негізгі бөлігін сырттан келгендер құрайды. Тек қана ХІХ ғасырдың басынан бері Жер шарының 70-ке тарта елінен 55 млн-ға жуық адам осында қоныс аударған. АҚШ халқының ¾ -і қалада тұрады, елде жалпы саны 9 мыңдай қала бар. Ең ірі қаласы Нью-Йорк аспанмен таласқан биік үйлерімен ерекшеленеді, қалада БҰҰ-ның ғимараты, ірі банктер, дүкендер бар.

Тұңғыш ұлттық парк 1872 жылы Йеллоустон аңғарында құрылды. Ол ыстық гейзерлермен, тасқа айналған ағаштарымен әйгілі. Осындағы Алып гезерінен атқылыған судың биіктігі 91 метрге жетеді. Бүгінгі таңда АҚШ жерінде 50-ден аса ұлттық парк бар.

 

 

Жаңа сабақты бекіту:

1. Солтүстік Американы қандай халықтар мекендейді?

2. Материктегі халық құрамына еуропалық отарлау қалай әсер етті?

3. АҚШ экономикасының жедел қарқынмен дамуына не себепші болды?

 

 

Қорытынды: Қорыта келгенде, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының жедел дамуы, халық санының артуы табиғи ортаға үлкен нұқсан келтіруде. Сондықтан АҚШ табиғатты қорғау, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтап қалу мақсатында дүние жүзінде алғаш рет ұлттық парктерді ұйымдастыруды қолға алды. Тұңғыш ұлттық парк 1872 жылы Йеллоустон аңғарында құрылған. Ол ыстық гейзерлермен, тасқа айналған ағаштарымен әйгілі. Осындағы Алып гейзерлерінен атқылаған судың биіктігі 91 метрге жетеді. Бүгінгі таңда АҚШ жерінде 50-ден аса ұлттық парк бар.

 

Үйге тапсырма: §34 оқуға. Кескін картаға халқы және елдерін, АҚШ-ты түсіріп келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Канада. Орталық Америка елдері

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларға Канаданың елдерімен таныстыра отырып, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық:      Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын оята отырып, ой-өрісін сауаттылығын арттыру арқылы талдау жасай отырып дамыту.

                3. Тәрбиелік:               Оқушыларды басқа мемлекеттермен таныса отырып, алатын орнына баға беру арқылы өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін қызығушылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, атлас карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:      

Канада – д.ж-де жерінің ауданы жөнінен Ресейден кейін 2-ші орын алады. Канада жерінің ауданы 9 млн 970 мың км. Ел материктің солтүстік бөлігі мен канаданың Арктикалық архипелагындағы аралдарды алып жатыр. Астанасы – Оттава қаласы. Орасан зор Канада жерінің табиғат жағдайлары да әркелкі. Елдің солтүстік полюске неғұрлым жақын орналасқан солтүстігі табиғат жағдайлары өте қатал болғандықтан нашар игерілген. Суық арктикалық шөлдер мен тундра алып жатқан жазықтарда қойөгіз бен солтүстік бұғысы – карибу тіршілік етеді. Елдің осы бөлігінде ғасырлар бойы қатал климат жағдайында өмір сүруге бейімделген байырғы халық – эскимостар тұрады.

Канада ормандарға бай.  Мұнда америкалық көгілдір шырша, бал қарағай, қарағай өседі. Ормандарда терісі бағалы аңдардан бұлғын, күзен, ақкіс пен жыртқыштардан қара аю – барибал, сілеусін, койот тіршілік етеді.

Елдің оңтүстік-батысындағы прерийді егіс далалары алып жатыр. Канада жылына шамамен 40 млн тонна бидай өнімін, жинақтайтындықтан, астықты басқа елдерге де сатады.

Канаданың жер қойнауы пайдалы қазбаларға да өте бай. Ежелгі платформаға сәйкес келетін жазық бөліктерде уран, никель, алтын, мыс, темірдің бай кен иорындары бар. Ұлы жазықта мұнай мен газ өндіріледі. Ағыны қатты тау өзенднрінде  арзан қуат көзі, ірі су электр стансалары салынған.

Канаданың табиғатты қорғауға көп көңіл бөлінеді. Елде 31 ұлттық парк жұмыс істейді. Ең ірілері – Вуд Буффало, Джаспер, Глейшер, Фанди. Бастапқыда қорық ретінде ұйымдастырылған ұлттық парктерде қазіргі кезде жергілікті халық пен туристердің демалуына қажетті жағдайлар жасалған.

Орталық Америка елдері. Орталық Американың материктік бөлігін Мексика, Гватемала, Белиз, Гондурас, Никарагуа, Сальвадор, Коста-Рика, Панама елдері, ал Кариб теңіздеріндегі Үлкен және Кіші Антильаралдарын Куба, Гаити, Доминика, Ямайка және т.б. кіші елдер мен иеліктер алып жатыр. Материктік бөліктегі ең ірі ел – Мексика, ал аралдық бөліктегі ең үлкен ел Куба болып табылады. Бұл елдердің табиғаты, шаруашылығы, халықтың тұрмыс-тіршілігі Канада мен АҚШ-тан үлкен айырмашылық жасайды.

 

Жаңа сабақты бекіту:

1.     Канаданың географиялық орнының ерекшеліктерін атаңдар.

2.     Канаданың жер бедерінің сипаты қандай?

3.     Канада жерінде қандай климаттық белдеулер мен табиғат зоналары бар?

 

Қорытынды: Қорыта келгенде, бүгінгі сабақта, Канада. Орталық Америка елдерін жалпы анықтап түсіндірдім

 

Үйге тапсырма: §35-оқу. Кескін картаға Канада және Орталық Америка елдерін түсіріп келу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Солтүстік жарты шар материктері. Сарамандық жұмыс №3

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларды жарты шар материктері бөліктерімен таныстыра отырып, өткен тақырыпты қайталау арқылы білімдерін жинақтау және Солтүстік жарты шар бойынша қорытындылау.

            2.Дамытушылық:      Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, пәнге деген қызығушылықтарын ояту.

                3. Тәрбиелік:               Достыққа, қайырымдылыққа, сыпайылыққа, көпшіл болуға, бірін-бірі түсінуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

«Өз біліміңді тексер»

 

1.     Солтүстік Американың географиялық орнының басты белгілерін атаңдар? Оның Еуразияның географиялық орнынан қандай айырмашылығы бар?

2.     Гренландия аралы қай елдің құрамына кіреді?

3.     Кардильера тау жүйесі неге меридиан бағытында орналасқан?

4.     Материкте қандай пайдалы қазбалар кездеседі?

5.     Солтүстік Америка мен Еуразиядағы табиғат жағдайларының ұқсас аудандарын атаңдар.

6.     Солтүстік Американың қай бөлігінің табиғаты біздің жерімізге ұқсас болып келеді? Мысал келтіріңдер.

7.     Солтүстік Американың жерінде шөлдер неге аз?

8.     Солтүстік Америкадағы табиғаты көркем жерлерді атаңдар?

9.     Материктегі табиғаты қатты өзгерген аудандарға мысал келтіріңдер.

10. Солтүстік Америкада қандай халықтар тұрады?

11. Солтүстік Американың ірі елдері мен олардың қалаларын табыңдар.

12. Картамен жұмыс

13. «Торнадо», «Ураган» бұл қандай құбылыстар?

14. Солтүстік Америка үндістері кеше және бүгін

15. Солтүстік Американың ұлттық саябақтары

16. Солтүстік Американың сирек кездесетін жануарлары.

 

Қорытынды: Канада, АҚШ бұл елдердің табиғаты, шаруашылығы, халқының тұрмыс тіршілігі басқа мемлекеттермен айырмашылық жасайды.

 

Үйге тапсырма: Тарауды қайталау, тест құрау, картамен жұмыс жасау және қосымша материалдар жинап келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Оңтүстік жарты шар метеригі табиғатының ортак белгілері мен өзіндік ерекшеліктері

 

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушылардың алған білімдерінің тиянақты, нақтылы, сапалы болуымен пысықтай түсіндіре отыра ынтасын арттыру.

            2.Дамытушылық:      Ойын арқылы оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін өздігінен ізденісін дамыту.

                3. Тәрбиелік:               Басқа мемлекеттермен таныстыра отырып, өз елін, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, бірін-бірі тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Оңтүстік Американың физикалық картасы, атлас карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:      

Географиялық орны. Оңтүстік жарты шар материктері  деп аталатын Оңтүстік Америка, Африка, Автсралия және Антартика узақ уақыт бойы ежелгі Годвана материгінің құрамында болған. Литосфералық плиталардың қозғалысы нәтижесінде Гондвана Оңтүстік Америка, Африка-Арабия, Үндістан Австралия-Антартика плиталарына ажырады. Сонымен мқатар плиталардың ажырау аймағында қазіргі Атлант және Үнді мұхиттарының табаны ашылды. Кейінірек Африка-Арабия және Үндістан плиталары Еуразияға, ал Оңтүстік Америка Панама мойнағы арқылы Солтүмтік Америкаға жалғасты. Аустралия мен Антарктида арасындағы құрлықтық байланыс үзілді. Нәтижесінде Оңтүстік жарты шар материгінің қазіргі пішіні қалыптасты.

Қазіргі кезде Оңтүстік Америка материгінің Солтүстігі мен Африка жерінің жартысынан астамы солтүстік жарты шарда орналасқан. Соған қарамастан олар геологиялық даму тарихымен табиған жағдайларының ортақ белгілеріне сәйкес оңтүстік жарты шар материктері тобына киреді. Сондықтан материктердің географиялық орнындағы қазіргі айырмашылқтарға қарамастан табиғат жағдайлары ұқсас болып келеді.

Оңтүстік Америка, Африка және Аустралия материктерінің көпшілік бөлігінде температура жыл бойы жоғары болады. Материктердің ең енді бөліктері субэкваторлық және тропиктік белдеулерде жатыр. Тек Оңтүстік Американың жіңішке оңтістік бөлігі ғана қоңыржай белдеуге енеді. Оңтүстік Америка, Африка және Аустралия материктерін оңтүстік тропик шеңбері кесіп өтеді.

Жер бедері. Оңтүстік жарты шар материктерінің жер бедерінде жазықтар басым болады. Олар материктердің негізгі бөліктерін алып жатқан ежелгі гондваналық платформаларға сәйкес келеді. Платформаларда фундаментті құрайтын кристалды жыныстары жер бетіне шығып жатқан қалқанда мен өте қатты майысқан ойыстар алма-кезек ауысып орналасқан. Қазіргі жер бедерінде қалқандар күшті мүжілгендіктен қалдық аласа тауларға айналған. Ал ойыстарда шөгінді жыныстардың қалың қабаты жиналып, үлкен алқапты алып жатқан тегіс жазықтар қалыптасқан.

Материктердегі ірі тау жүйелері олардың жағалық бөліктеріне сәйкес келеді. Гоендваналық плиталар мен мұхиттық плиталар мен литосфералық плиталардың түйіскен аймақтарында болған қатпарлану әсерінен түзілген бұл жас тауларға Оңтүстік Американың батысындағы Анд таулары, Африканық солтустік-батысындағы Атлас тауы, Аустралияның шығысындағы Үлкен Су Айырық жоталары жатады. Жарықтар арқылы базальтты жыныстардың сыртқа лықсуы нәтижесінде жанартаулық белдеулер қалыптасты. Оған біртұтас Африка-Аравия гондваналық плитасынығ Еуразия плитасы мен ығысуы нәтижесінде Арабияның Африкадан бөлінуі, Қызыл теңіз табанының ашылуы далел болады.

Материктердің экватор мен тропиктер аралығындағы орнына байланысты бірдей климаттық белдеулер мен табиғат зоналары кездеседі. Бірақ материктердің ауданы мен жер бедереінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты белдеулер мен зоналардың орналасуы және аудандару түрліше болады. Қазіргі кезде оңтүстік жарты шар материктері бір-біріне оқшау орналасқанымен олардың ертеректе табиғатының біртұтас дамығанын делелдейтін өсімдіктер мен жануарлардың ортақ түрлері кездеседі.

Жеке табиғат компаненнтерінің ұқсатығы мен айырмашылықтары туралы толық мәліменттерді әр материк табиғатымен жеке танысу барысында алатын боласындар.

Материк жағалауындағы мұхиттар ашылуы және зерттелу тарихы. Географиялық орны. Оңтүстік Америка Солтүстік Америка материгімен бірге Америка дүние бөлігін құрайды. Ал тілдік ерекшелігіне қарай материкті орталық Америкамен қосып, Латын Америкасы деп те атайды. Материк жағалауларына жақын маңда аралдан аз, тек оңтүстік батысы мен қиыр оңтүстігінде бірнеше аралдар тобы кездеседі. Аралдардың ең ірісі Магелан бұғазы арқылы материктен бөлініп жатқан Отты-жер аралы.

Ашылу және зарттелу тарихы. Оңтүстік Американың ашылуы және зарттелу тарихы Солтүстік Америка материгімен тығыз байланысты. Материк жағалауларына алғашқылардың бірі болып өздеріңе белгілі саяхатшы Хрестофор Колумб келген. Х. Колумб Америкаға төрт рет саяхат жасады Колумб алғашқы екі саяхатында орталық Амариканың аралдарын Соргасс теңізін ашса, үшінші саяхаты барысында 1498 жылдың тамыз айында тұңғыш рет Оңтүстік Америкадағы Ориноко өзенінің сағасына келіп жетті. Колумб өзінің жаңа материк ашқанын білместен, ғұмырының соңына дейін Үндістанға баратын батыс жолды таптым деп есептеген. Соның нәтижесінде Американың байырғы залқын үндістер деп атап кетті.

Х. Колумбтан кейін материккке қадам басқан саяхатшы Америго Веспуччи болды. Ол 1499 жылғы бірінші саяхытнда Гвияна және Венесуэла жағалаулары мен жүзіп отырып, Амазонканың сағасына дейн барып, кері қайтқан. Қайтар жолындағы үлкен шығанақтың жағалауын Венецияға ұқөсатып, оған «Кіші Венеция» деген ат берген. Веспуччи өзінің екінші саяхаты барысында 1501 жылы Бразилия жағалауларына жеткен. Жағалау бойымен жүзіп өздері қаңьтар айында сағасына жеткен өзенге саяхатшылар «Қаңтар» өзені деген (испанша Рио де Жанейро) деген ат берді. Веспуччи өзі жүріп өткен жерлердің табиғаты мен халқының тұрмыс тіршілігін суреттеп жазған. Колумб үндістанға баратын жолды аштым деп есептегендіктен жаңа дүние бөлігін ашу құрметіне А. Веспуччи ие болды.

ХVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында неміс географ ғалымы Алексендр Гумбольдт француз ботанигі Бонпланмен бмрге Оңтістік Америка табиғатын зерттеп, алғашқы геологиялық картасын жасаған; батыс жағалауындағы мұхит ағыстаны сипаттап, олардың материк табиғатына тигізетін әсерін түсіндірген. А. Гуибольдт Анд таулары зерттеу нәтижесінде биіктік белдеулік заңдылығын негіздеген. Ғалым Оңтүстік Америка табиғатын зерттеу нәтижесінде 30 томнан аса еңбек жазып қалдырған. Атақты орыс климат зерттеушісі А.И. Воейков 1874 жылы Оңтүстік Америка климатының өзіндік ерекшеліктерін зерттеді.

1932-1933 жылдар аралығында экспедициясы кезінде орыс ботанигі Н.И.Вавилов материктегі ежелгі егіншілік орталықтарын анықтаған. Ғалым кейбір мәдени өсімдіктердің: картоп, жүгері, қызанықтың отаны Оңтүстік Америка екенін дәлелдеген.

 

Жаңа сабақты бекіту:

1.     Физикалық карта мен оқулық мәтінін пайдалана отырып, оңтүстік жарты шар материктерінің географиялық орнындағы, табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтаңдар.

2.     Оңтүстік Американың географиялық орнын анықтаңдар.

3.     «Америка» атауы қалай пайда болғанын түсіндіріңдер, неге оның байырғы тұрғындары үндістер деп аталады?

4.     Материк табиғатын кімдер зерттеген?

 

Қорытынды: Оңтүстік Америка әлі де адам аяғы баспаған, табиғаты зерттелмеген, құпияға толы ауданда жеткілікті. Амазонияның мүлгіген жасыл ну ормандары, Анд тауларының асқар шыңдары, бай жануарлар дүниесі әлі де өз зерттеушілерін күтеді.

 

Үйге тапсырма: §37-оқу. Кескін картаға Оңтүстік Америка жерін салып келу.

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Жер бедері мен пайдалы қазбалары

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларды Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбаларымен таныстыра отырып, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық:      Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

                3. Тәрбиелік:               Басқа мемлекеттермен таныстыра отырып, өз елін, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, бірін-бірі тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Оңтүстік Американың картасы, атлас карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:      

Оңтүстік Америка жер бедерінің сипаты жөнінен айқын екі бөлікке ажыратылады. Батыс бөлігін бойлай созылып ежелгі инктер «мысты таулар» деп атаған Анд таулары орналасқан. Одан шығысқа қарай бөлікте жазықтар басым.

Жазықтар гондваналық ежелгі платформада жатыр. Платформалық бөлік ұзақ уақытқа созылған дамуы барысында бірнеше рет көтерілуге ұшырап, кей бөліктері керісінше қатты майысқан. Майысып, төмен түскен жерлер қалың теңіздік және континенттік шөгінді жыныстар жиналуы нәтижесінде тегіс жазықтарға айналған. Олардың қатарына Жер шарындағы аса ірі ойпаттардың бірі Амазонка ойпаты, Ла-Плата, Ориноко жазықтары жатады.

Ал жазықтар аралығында платформа қалқандарына сәйкес келетін Гвиана, Бразилия таулы үстірттері орналасқан. Кейінгі көтерілулер нәтижесінде  жарылыстар арқылы жердің ішкі қойнауынан балқыған жыныстар жер бетіне жайылып, лавалық жамылғыларды қалыптастырған. Гвиана таулы үстірттерінің орталық бөліктерінің, Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік-шығысының биік болуы осы жамылғы қабаттың болуымен байланысты. Жер қыртысының терең жарылыстары арқылы таулы үстірртер жеке бөліктерге бөлінген, олар өзен аңғарлары мен қатты тілімденіп, үгілу мен мүжілуге ұшыраған. Осындай жер бедері оңтүстіктегі Патагония үстіртіне де тән.

Оңтүсті Америка платформасының Анд қатпарлы белдеуі мен жалғасқан бөлігінде Анд тауларына қарай биіктейтін ішкі жазықтар – Гран-Чако, Маморе, Пантанал орналасқан.

Оңтүстік Америкадағы  ең күрделі жер бедері Анд тау жүйесіне тән. Тау жүйесі бір-бірінен бірде алшақтап, бірде түйісіп, тау түйіндерін құрайтын бірнеше жоталар тізбегінен турады. Тау түйіндері сөнген және сөнбеген жанартаулар болып табылатын өте биік шыңдарға сәйкес келеді. Батыс жарты шардың ең биік нүктесі – Аконкагуа осында орналасқан.

Анд тауларының орталық бөлігінде тауаралық үстірттер тән болады, оларды жергілікті халық пуна деп атайды. Үстірттердің бетін қиыршық тастар мен қорымдар, тұзды батпақтар алып жатыр. Анд тау жүйесі екі литосфералық плитаның түйісу аймағында орналасқандықтан жас қатпарлы тауға жатады. Мұнда тау түзілу алі де күшті жүріп жатыр, оған күшті жер сілкінулер мен жанартау атқылаулары, терең жарылыстардың болуы дәлел болады. 1970 жылы Перуде болған жер сілкінкде 70 мың адам қаза тауып, 600 мыңнан астам адам баспанасыз қалған. Мұндай апатты құбылыстар әр-бір 10-15 жылда қайталанады.

Оңтүстік Америка жері пайдалы қазбаларға өте бай. Шығыстағы таулы үстірттердің қойнауларында темір, марганец, уран кендері никель, алмас пен алтынның алюминий шикізаты – бокситтің, ал ойпаттарда мұнай, табиғи газ, таскөмірдің ірі кен орындары бар. Анд тауларында жарылыстар бойымен магманын сыртқа төгілуінен пайда болған мыс, қалайы, қорғасын, мырыш, күміс кен орвндары мен асыл тастарының аса бай көздері кездеседі. Валерия жеріндегі әйгілі өалайы белдеуі солтүстіктен оңтүстікке 940 км-ге созылып жатыр.

 

Жаңа сабақты бекіту:

1.     Оңтүстік Американың жер бедерінің қандай басты ерекшеліктері бар?

2.     Физикалық картаны пайдаланып, материктегі ірі жазықтықтар мен таулы үстірттердің биіктіктерін анықтаңдар.

3.     Анд тауларында қандай табиғат апаттары болып тұрады?

4.     Анд таулары неге «мысты тау» деп аталады?

 

Қорытынды: Оңтүстік Американың қазба байлықтарын ұзақ уақыт бойын Еуропа елдері мен АҚШ жыртқыштықпен пайдаланып келди. Қазіргі кезде материктин тәуелсіздік алған елдері табиғат байлақтарын экономиканы дамыту мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында игеруде.

 

Үйге тапсырма: §38-оқу. Кескін картаға пайдалы қазбаларын түсіріп келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Климаты.

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларды Оңтүстік Американың климатымен таныстыру және табиғатындағы ерекшеліктермен бірлесе отырып  талдау. Оқулық мәтінімен жұмыс жасау.

            2.Дамытушылық:      Болжай білу, ауызша сипаттама жасауды дағдыландыру, тілін дамыту.

                3. Тәрбиелік:               Басқа мемлекеттермен таныса отырып, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ел байлығын дұрыс бағалауға, өздігінен ізденуге үйрету, дүниетанымдарын қалыптастыра тереңдете түсінуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Оңтүстік Американың картасы, атлас карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:      

Климат қалыптастырушы факторлар. Географиялық орнына сәйкес, Оңтүстік Америка күн сәулесін өте мол алады. Бирақ ылғалдың көп болуы материкти шамадан тыс қызып кетуден сақтайды. Материк солтүстік субэкваторлық белдеуден оңтүстік қоңыржай белдеуге дейін созылып жатыр. Климаттың қалаптасуына географиялық ендікпен қатар, батыстағы биік Анд тау жүйесінің тигізетін әсері мол. Сондықтан әр бір климаттық белдей биік таулық және жазықтық климаттарға ажыратылады.

Материк клматына қоршап жатқан мұхит айдандары үстінде қалыптасатын экваторлық, тропиктік қоңыржай ауа массалары басым ықпал етеді. Сондықтан Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең ылғаолды материк болып табылады.

Климаттық белдеулер. Материкти 6 климаттық белдеу кесіп өтеді. Экваторлық климаттық белдеу Амазонка ойпатының едәуір жері мен Тынық мұхитының экватор сызығынан солтүстікке қарай жатқан жағалық бөлігін алып жатыр. Жыл бойын ауа температурасы t +25 0C дан төмен түспейді, жауын-шашын мөлшері Амазонкада 1500 мм-ден 3000 мм-ге дейін, ал Тынық мұхит жағалауында 3000 мм-ден артық түседі. Жауан-шашын жал бойы мол, әсіресе көктем мен күздегі күн мен түннің теңелуі кезінде айырықшы көбейеді.

Материкте екі субэкваторлық климаттық белдеу бар, олар Амазонканың шығысында бір-бірімен түйіседі. Бұл белдеулер жазда ылғалды экваторлық, ал қыста құрғақ тропиктік ауа массаларының ықпалында болады. Сондықтан белдеулердің қысы құрғақ, жазы жаңбрлы болады. Мұндай климатты – ауыспалы ылғалды климат деп атайды. Ауаның орташа температурасы құрғақ кезеңнің соңына қарай +280С дейн жоғарлайды, қыс айларының өзінде орташа температура +20 0С-тан төмен түспейді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 мм-жен 1000мм-ге дейін кемиді. Ал Бризилия таулы үсмтіртінің солтүстік шығысындағы жылы ағыстар екиге айырылатын жағалау бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 200 мм-ге дейін күрт азаяды.

Тропиктік климаттық белдеу. Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік шығыс жағалық бөлігінің, Ла-плата ойпатының солтүстігін және ішкі жазықтарын алып жатыр. Бұл белдеудегі температура жыл маусымдаро бойынша өзгеріп жазда орташа температура +280С-қа дейн жоғарлайды. Гран-Чако жазығында метериктегі ең жағарғы температура (+470С) байқалған. Жылдық жауын-шанының мөлшері Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік шығыс жағалық бөлігінде жылы ағыс әсерінен  2000 мм-ге жетіп, тропиктик ылғылды климат қалыптасады. Мұхиттан қашықтаған сайын жауын-шанның мөлшері біртіндеп азайып, климат ауыспалы ылғалды сипатқа көшеді. Ал Анд тауларының Тынық мұхытның жағалауындағы Атакама шөлінде суық ағыстар әсерінен жағалық шөл климаты қалыптасады. Жаздың орташа температурасы +200С ал қыстың орташа температурасы +130С-тан жоғарламайды.

Субтропиктик климаттық белдеу. Материктің 300 және 40о.е. аралығын алып жатыр. Белдеудің шығысында климат ылғалды субтропиктік, мұнда орташа температура жазда +250С-тан қыста +150С—қа дейін ауытқып отырады. Жауын-шашын жыл бойы түседі. Ал Анд тауларының Тынық мұхиты жағалауында субтропиктік Жерорта теңіздік климат қалыптасады, мұнда жазы құрғақ, қысы жылы әрі ылғалды болады.

Қоңыржай климаттық беллдеу. Материктің оңтүсытігіндегі жіңішке бөлікті алып жатыр. Белдеудің шығысында Фолкленд суық ағысының әсерінен қоңыржай континетттік климат қалыптасады. Жазы құрғақ, қоңыр салқын. Қысы салқын кейде аязды күндер болып турады. Қар жауғанымен тез ерип кетеді. Матреиктегі ең томенгі температура (-330С) осында тіркелген. Анд тауының Тынық мұхиты жағалауы бүкіл жыл бойына батыс тасмалының ықпалында болатындақтан жауын-шашын мол болады, оның мөлшері әсіресе қысқа қарай артады. Жылдық температуранын айырмашылығы онша байқалмайды. Мұндай климат – қоңыржай теңіздік деп аталады.

Анд таулары биік таулы климатқа жатады. Ол биіктікке қарай ауа температурасы мен қысымның өзгеруіне байланысты айқындала түседі. Сондықтан экваторлық белдеу аймағындағы шыңдардың басында жыл бойы қар жатады. Тропиктік белдеу қамтитын таулы аудандарда климат аса құрғақ, температураның тәуліктік айырмашылығы жоғары келеді. Анд тау жүйесінде климаттық белдеулердің ауылуы геграфиялық ендікке де, теңіз деңгейінен биіктігіне де байланысты. Биік таулы климан жазық бөліктегі өзіне сәйкес келетін климаттық белдеуден климат көрсеткіштері бойынша айырмашылық жасайды.

Жаңа сабақты бекіту:

1.     Материктегі қоңыржай теңіздік климатты солтүстік жарты шар материктеріндегі осындай климатпен салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңдар.

2.     Жазық бөліктегі әрбір климаттық белдеудің басты белгілерін анықтап, белдеу ішіндегі климат айырмашылықтарының сипатын дәптерге жазыңдар.

3.     Анд тауларының қандай климаттық ерекшеліктері бар?

 

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Оңтүстік Американың климатымен таныстық.

Үйге тапсырма: §39-оқу. Кескін картадан климатты көруге, қосымша деректер жинау.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Өзендері мен көлдері

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларды Оңтүстік Американың өзендері мен көлдерімен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық:      Оқушыларды ізденіске, еңбекке, танымдық қабілеттерімен дамыта отырып, тез ойлауға, тез шешуге,  картамен жұмысты дамыту.

                3. Тәрбиелік:              Оқушылар басқа мемлекеттермен таныса отыра, өз елін сүйе білуге, тануға, бірін-бірі құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:      

Өзендері. Материктің батысындағы Анд таулары Атлант және Тынық мұхит арасындағы басты суайрық жота болғандықтан, өзендердің барлығы дерлік Атлант мұхитына құяды. Атлант мұхитына және оның Кариб теңізіне материктің Амазонка, Парана, Ориноко, Магдалена сияқты ірі өзендері құяды. Анд тауларынан басталатын Амазонка Жер шарындағы ең мол сулы өзен болып табылады: төменгі ағысында өзен арнасы арқылы 1 сек-да 220 мың м³ су ағып өтеді. Бұл көрсеткіш бүкіл дүние жүзі өзендері арқылы ағып өтетін су мөлшерінен бірнеше есе артық. Амазонканың арнасының ені орта ағысында 5 км болса, төменгі ағысында 80 км-ге дейін жетеді. Өзен жаңбыр көп жауатын экватор маңын бойлай ағатындықтан жыл бойы мол сулы болады. Амазонканың су жинау алабының ауданы Аустралия материгінің жерімен парапар.

Парана мен Ориноко да мол сулы өзендер қатарына жатады, олардың Амазонкадан басты айырмашылығы – су деңгейі маусымға байланысты өзгереді.

Тынық мұхитына Анд тауларының батыс беткейінен басталатын мол сулы қысқа өзендер ғана құяды. Ал Анд тауларының тау арқылы үстіртті бөлігінің өзендері ішкі тұйық алапқа жатады.

Оңтүстік Америкада көлдер онша көп емес. Анд тауларында ірі тектоникалық Титикака көлі орналасқан. Көл атауы аймара үндістерінің

тілінде «қалайы алаңы» дегенді білдіреді. Бұл атау судың ерекше түсіне байланысты қойылған. Мұнда су бетіндегі қамыстан жасалған қалқыма салдарда үндістердің үйлері орналасқан.

Титикаканың оңтүстігінде жазғы ыстықта кеуіп қалатын Поопо тұзды көлі бар. Материк жағалауларында мұхиттан бөлініп қалған лагуналық көлдер орналасқан, олардың ең ірісі – Маракайбо. Оның түбінен мұнай өндіріледі.

 

Жаңа сабақты бекіту:

1.     Оңтүстік Америка өзендері қандай алаптарға бөлінеді?

2.     Материктің мол сулы, ірі өзендерін атаңдар, олар қайда құяды?

3.     Амазонканың жыл бойы сулы болуын немен түсіндіруге болады?

4.     Амазонка өзенінде қандай тіршілік өкілдері кездеседі?

5.     Титикака қандай көл қатарына жатады?

 

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері туралы айтып түсіндірдім.

 

Үйге тапсырма: §40-оқу, кескін картаға Оңтүстік Американың өзендері мен   көлдерін түсіріп келу.

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Табиғат зоналары.

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларға алған білімін тиянақтап, есте сақтау, тапқырлықпен толық толық тақырыппен таныстыру.

            2.Дамытушылық:      Оқушыларға танымдық қабілеттерін қалыптастыру, алған білімдерін жетілдіру және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

                3. Тәрбиелік:              Оқушыларды белсенді іс-әрекет жасауға, білім алуға, іскерлікке, ізгілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

 

Жаңа сабақты түсіндіру:      

Оңтүстік Америка жерінде мынадай табиғат зоналары ажыратылады: ылғалды экваторлық ормандарт (гилея), ауыспалы ылғалды (муссонды) ормандар, субтропиктік қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар, жалпақ жапырақты ормандар, субтропиктік дала (пампа) зонасы, шөлейт, шөл зонасы.

Экватордың екі жағын Амазонканың ылғалды экваторлық ормандары (гилея) алып ижатыр. Олар түр құрамы онша өзгермей-ақ солтүстік пен оңтүстікке қарай ауыспалы ылғалды ормандарға ұласады. Мұндағы қызыл-сары ферролитті топырақтарда тек қана ағаштардың екі мыңнан астам түрі өседі. сондықтан бұл аймақты ғаламшардың «өкпесі» деп те атайды. Ал жергілікті халық ит тұмсығы батпайтын бұл қалың орманды «сельвас» дейді.  Ағаштардың аса бағалы түлеріне табиғи каучук алынатын гевея, ең жеңіл бальс ағакшы, дәрілік шикізат беретін хина ағашы, какао, сейба, қауын ағашы және т.б. жатады.

Жануарлар дүниесі шағын денелі бақырауық және ілмекқұйрық маймылдар, жалқауаң, тапир, опоссум, құмырсқа жегіш, қан сорғыш жарқанаттар, пекари шошқасы мен ең ірі су шошқасы – капибарадан және т.б. тұрады, ал жыртқыштардан ягуар, пума кездеседі. Ормандарда қауырсындары алуан түске құбылатын тотықұстар мен  туканлдар, гаоциндер, әлемдегі ең кішкентай тқұс – колибри мекендейді. Ұзындығы 12 м-ге жететін әлемдегі ең ұзын жылан – анаконда да кездеседі.

Ауыспалы ылғалды ормандар Атлант мұхитының әсері күшті болатын Бразилияның шығыс жағалауында да таралған. Бұл ормандардың ерекшелігі мұнда қылқан жапырақты араукария ағашы және парагвай шайы өседі. Араукария ормандары кесудің нәтижесінде жойылу алдында тұр.

Саванналар мен сирек ормандар материкте Ориноко саваннасы –льянос және Бразилия саваннасы – кампос деп ажыратыладжы. Топырақ жамылғысы ферролитті қызыл топырақтан қызыл-қоңыр топыраққа ауысады.

Солтүстік жарты шар сававннасы –льяноста пальмалар мен акация, биік шөптесін өсімдіктерн таралған. Оңтүстік жарты шар саваннасы- кампоста ағаштар аз, көбінесе тікенекті кактус, мимоза, суттіген бұталары өседі. Әр жерде бөтелке тәріздес діңіне су жиналатын бөтелке ағаштары кездеседі. Алуан түрлі ағаш тәріздес кактустар өсетін Мексика таулы қыратын «кактутың екінші отаны»  деп атайды.

Жануарлар дүниесінен пекари, ернгежейлі, бұғылар, тапир, жалды қасқыр, сауыттылардың бірнеше түрлері, құмырсқа жегіштер, нанду түйеқұсы кездеседі. Топырағы құнарлы болғандықтан саванна мен сирек орман зонасы какао мен Африкадан әкелініп жерсіндірілген кофе ағашы өсірілетін плантацияларға айналдырылған.

Субтропиктік дала зонасы Ла-Плата жазығын алып жатыр. Құнарлы шымды қызғылт топырақта таралған бұл зонаны жергілікті халық пампа депе атайды. Ол «жазық дала» деген ұғымды білдіреді. Жазы ыстық, қыста оңтүстіктен ауа температурасын төмендететін желдер соғып тұрады. Зона бойыенша жылдық жауын-шашынның мөлшері әркелкі таралады. Жаңбыр жыл бойы жауатын  шығыс бөлікте биік әрі бітік астық тұқымдас пампа шөбі, қоңырбас өседі. Жануарлардан кішігірім пампа бұғысы, пампа мысығы, пампа түлкісі, оцелот, кеміргіштер өте көп. Өзен жағаларында теңіз шошқасы мен тернісі бағалы саз құндызы мекендейді. Құнарлы қызғылт-қара топырақ алып жатқан Пампа жері түгелге жуық жыртылып, материктегі аса ірі егіншілік жақсы дамыған аудандарына айналған. Ал құрғақ далалар жайылым ретінде пайдаланылады. Табиғи өсімдіктері мен жануарлар дүниесі қорықтарда ғана сақталып қалған.

Шөлейт зонасы материктің қиыр оңтүстігінде Патагония жерін қамтиды. Қоңыржай континенттік климат жағдайында шөлейттің сұр және қоңыр топырақтары таралған. Мұнда сирек шөптер мен аласа кактусты тікенекті бұталар алмасып отырады. Кейбір бөліктерінде аласа және қатты, жатаған жастық тәріздес өсімдіктер тығыз өсіп,  киіздей тұтасқан жамылғысы құрайды. Климатының қолайсыздығына байланысты нашар игерілген бұл зонада жануарлар дүниесі біршама жақсы дамыған. Сауыттылардың бірнеше түрі кемірушілермен қатар, пампа бұғысы мен пампа мысығы , магеллан түлкісі және ірі құстар мекендейді. Ірі жануарлар  гуанако ламасы мен пума кездеседі.

Материктің Тынық мұхит жағалауындағы жіңішек алқапта, экавтор маңында ылғалды мәңгі жасыл ормандар зонасы орналасса, экватордан 30º о.е.дейінгі аралықты тропиктік шөл зонасы, субтропиктік жағалық бөлікті қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар зонасы, ал қоңыржай белдеуге сәйкес келетін жағалық бөлікті оңтүстк жалпақ жапырақты ормандар зонасы алып жатыр.

Анд тауларының жанартаулар дүниесі ендемиктерге бай. Анд тауларының барлық бөлігінде дерлік түйе тұқымдасына жататын ламаның екі жабайы түрі- викунья және гуанако мекндейді. Қазіргі кезде жергілікті халық ламаның екі түрін – альпака мен кәдімгі ламаны қолда ұстайды.

 Анд тауларында тау тапиры, көзілдірікті аю, пума, терісі өте бағалы кеміргіш- шиншилла таралған. Ал аса ірі жыртқыш құс- кондор мен ламаны Анд тауының символы деуге болады. Кондордың салмағы  9-12 кг, ал қанаты жайылғандағы ұзындығы 3 м-ге дейін жетеді. Таудың оңтүстігінде магеллан пингвині кездеседі.  

 

 

 

 

Жаңа сабақты бекіту:

1.     Оңтүстік Американың жазық бөлігінде қандай табиғат зоналары орналасқан?

2.     «Сельвас», «льянос», «кампос», «пампа» ұғымдарын түсіндіріп, табиғат ерекшеліктерін атаңдар.

3.     Анд тауларындағы биіктік белдеулердің таралуы географиялық ендік пен климаттық жағдайға тәуелді екендігін оқулық мәтіні мен 58-суретті салыстыра отырып, дәлелдеңдер.

4.     Неге Орталық Андының батыс беткейінде орман белдеулері жоқ.

 

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Оңтүстік Американың жалпы табиғат зоналарының түрлерімен таныстырдым.

 

Үйге тапсырма: §41-42-оқу. Кескін картаға табиғат зоналарын салып келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Халқы мен елдері

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларды Оңтүстік Американың халқымен таныстырып, алған білімдерін жинақтап, таным деңгейін арттыру.

            2.Дамытушылық:      Оқушылардың ойлау, ой-өрісін, сауаттылықтарын арттыру арқылы пәнге деген қызығушылығын ояту, шығармашылықпен жұмыс істеуді дамыту.

                3. Тәрбиелік:                 Өз елін, Отанын, елін, жерін сүюге оны құрметтеуге, өз еліндегі ұлт өкілдерін тануға бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Оңтүстік Американың картасы, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

 

Жаңа сабақты түсіндіру:     

Халқы. Оңтүстік Америка материгінде қазіргі кезде 320 млн-нан астам халық тұрады. Олар қалыптасуы мен нәсілдік, ұлттық құрамы жағынан алуан түрлі халықтардың жиынтығынан құралған. Материкке  адамдар алғаш рет бұдан 15-17 мың жыл бұрын Панама мойнағы арқылы Солтүстік Америкадан қоныс аударған. Сондай-ақ адамдар Африка мен Мұхит аралдарынан да келді деген болжам бар.

Оңтүстік Американың байырғы халқы болып есептелетін үндістер материктің қазіргі халқының 10%-ын ғана құрайды. Х.Колумб Америка дүние бөлігін ашқанға дейін үндістер рулық-тайпалық қоғамдық құрылыста өмір кешіп аңшылықпен, балық аулаумен айналысқан.

Еуропалықтардың жергілікті үндістермен некелерінен тараған ұрпақтар-метистер қазіргі кезде Оңтүстік Американың Анд елдерінің негізгі халқын құрайды. XVI ғасырдан бастап Африкадан 300 жыл бойы материктегі кеніштер мен плантацияларда жұмыс істеу үшін миллиондаған құл – негрлер әкелінді. Олардың еуропалықтармен некелесуі нәтижесінде мулаттар, ал үндістермен некелесуінен самбо қалыптасты. Негр мен мулаттар Оңтүстік Американың солтүстігі мен шығысында тұрады. ХІХ ғасырды Испания мен Португалиядан келгендер материктің оңтүстік-шығысына көбірек қоныс аударған. Олардың ұрпақтары өздерін креолдар деп атайды. Оңтүстік Америка халқының көпшілігі латын тілдеріне жататын испан және португал тілдерінде сөйлейді. Сондықтан материкті Орталық Америкамен бірге Латын Америкасы деп атайды.

Оңтүстік Америка-дүние жүзіндегі халқы аз қоныстанған материктердің бірі. Бұл материкте тұрғындар саны 1 млн-нан асатын 20-дан аса миллионер –қалалар бар.

Елдері. ХІХ ғасырдың басында құл иеленушілік жойылғаннан кейін, Еуропа елдері өз иелігіндегі жерлерге азаттық беруге мәжбүр болды. Қазіргі мемлекеттердің шекараларының қалыптасуы ХХ ғасырда ғана аяқталды. Табиғат жағдайларына байланысты материк Анд елдері мен Шығыстағы жазық елдеріне айқын ажыратылады.

Анд елдері қатарына Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили жатады.

Шығыстағы жазық елдеріне Венесуэла, Гайана, Суринам, Бразилия, Парагвай, Аргентина және Франция иелігіндегі Француз Гвианасы жатады.

Бразилия жерінің ауданы мен халық саны жөнінен дүние жүзіндегі ең ірі бес елдің қатарына кіреді. Мемлекеттік құрылымы штаттан тұратын федерациялық республика.

Халықтың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Құрғақ саванналар мен пампада ірі қара көп өсіріледі. Плантацияларда кофе, какао, қант құрағы, күріш, соя, банан, апельсин өсіріледі, олардың кейбіреуін өндіру жөнінде дүние жүзінде алдыңғы орындарды алады.

 

 

Жаңа сабақты бекіту:

1.     Оңтүстік Америка халқының нәсілдік және ұлттық құрамы қандай? Олар қалай қалыптасқан?

2.     Материктегі ежелгі өркениет орталықтарын атаңдар.

3.     Оңтүстік Америка елдері қандай аймақтарға топтастырылады?

 

Қорытынды: Бразилия халқының нәсілдік және ұлттық құрамы күрделі. Үндістер мен метистердің көпшілігі елдің солтүстігі мен батысында тұрады. Саны жағынан еуропалықтар басым. Сонымен қатар мулаттар мен негрлер де көп тұрады. Ел халқы жыл сайын 3 млн адамға көбейіп отырады. Халықтың басым бөлігі жағалаудағы ірі портты қалаларда шоғырланған. Мұндағы Рио-де-Жанейро, Сан-Паулу қалалары әлемдегі алып, көрікті қалалар қатарына жатады.

 

Үйге тапсырма: §43-оқу. Кескін картаға халқын түсіріп келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Африка материгі. Географиялық орны. Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы.

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларды Африка материгімен таныстыра отырып, ерекшеліктері мен маңызына тоқталу және экономикалық байланыстарын анықтау.

            2.Дамытушылық:      Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу белсенділігін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру. 

                3. Тәрбиелік:                Басқа мемлекеттермен таныса отырып, өз елін, Отанын, жерін сүюге оны құрметтеуге, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, іздену

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Африканың физикалық картасы, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

 

Жаңа сабақты түсіндіру:   

Географиялық орны. Африка оңтүстік жарты шар материктері қатарына енгенімен, оның көпшілік бөлігі солтүстік жарты шарда жатыр. Екі тропик шеңберінің аралығында орналасқандықтан материкке күн сәулесі мол түседі, сондықтан Африка Жер шарындағы ең ыстық материк болып табылады. Солтүстік тропик шеңбері кесіп өтетін материктің ең енді бөлігіне Сахара шөлі сәйкес келеді.

Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Материктің батыс жағалауын Атлант мұхитының, ал солтүстігін Атлант мұхитына енетін Жерорта теңізінің сулары шайып жатыр. Олардың арасын ені 12 км-лік Гибралтар бұғазы жалғастырып жатыр. Ал материктің шығысы мен оңтүстік-шығыс жағалауларына Қызыл теңіз бен Үнді мұхитының сулары ұласады.

Африка жағалаулары онша тілімденбеген, көбінесе таулы, тік беткейлі, ал материктік қайраң өте жіңішке болып келеді. Материк жэағалауында қолайлы қойнаулар аз, ірі шығанақтары-Гвинея мен Сидра, ал шығыста ірі түбек Сомали («Шығыс Мүйіс») орналасқан. Ірі аралдардың көпшілігі Үнді мұхитында орналасқан, оларға Мадагаскар, Занзибар, Сокотра аралдары мен Комор, Сейшел, Маскарен аралдарының тобы жатады. Африканың батысында Мадейра, Канар, Жасыл Мүйіс аралдары мен Гвинея шығанағының аралдары орналасқан.

Атлант мұхитының сулары Африканың батыс жағалауын шайып жатыр. Материктің экваторлық жағалауы арқылы Гвинея жылы ағысы өтеді, оған солтүстіктен Канар суық ағысы жалғасады. Гвинея ағысы оңтүстіктен суық сулар әкелетін Бенгел суық ағысымен араласып, тропик маңында күшін жояды. Жылы және суық ағыстар түйісетін Жасыл Мүйіс аралдары мен Ангола жағалауында мұхит суы тіршілікке өте бай келеді.

Жерорта теңізі жағалауы Сахарамен бірге жаз кезінде жоғары қысымды белдеу құрайтындықтан ыстық әрі құрғақ болады. Теңіздің материкке тигізетін қолайлы әсері тек қыста айқын байқалады. Жерорта теңізі мен Қызыл теңіз аралығында Африка мен Еуразияны жалғастырып жатқан жіңішке Суэц мойнағы орналасқан.

Үнді мұхиты алабына енетін Қызыл теңіз тектоникалық терең жарылыста орналасқан. Ол Дүниежүзілік мұхиттың ең жылы және тұзды бөлігі, бұған теңіздің екі материктегі тропиктік шөлдер аралығында орналасуы және теңіз түбінде тұзды көлдерінің болуы әсер етеді.

Үнді мұхитының Сомали түбегі жағалауына Мадагаскар аралының солтүстігінен басталатын Сомали суық ағысы әсер етеді. Бұл жағалау экватор маңындағы орнына қарамастан Африкадағы ең құрғақ аудандар қатарына жатады.

Зерттелу тарихы. Африка туралы мәліметтер Еуразия халықтарына ерте кезден –ақ белгілі болған. Әсіресе оның Жерорта теңізі жағалауында орналасқан ірі мемлекеттері туралы тарихи-географиялық деректер ежелгі грек және рим оқымыстыларының жазба еңбектері мен карталарында көп кездеседі.

ХІV ғасырда мароккалық араб Әбу ибн Баттута Сомали түбегі аймағын, кейіннен Тимбукту мен Мали жерлеріне саяхат жасап, зерттеген. 1497-99 жылдары Васко да Гама басқарған Португал экспедициясы Африканы айналып өтіп, Сомали түбегі жағалауы арқылы Үндістанға қарай бағыт алған.

Африканың ішкі аудандарын ашу мен табиғат жағдайларын танып-білуде ағылшын Давид Ливингстонның еңбегі өте зор.

ХІХ ғасырдың аяғында орыс ғалымы В.В.Юнкер Ніл өзені бойымен Шығыс және Орталық Африкаға саяхат жасап, материктің осы бөлігі туралы құнды мәліметтер жинады.

 

Жаңа сабақты бекіту:

1.     Африканың географиялық орнының қандай ерекшеліктері бар?

2.     Карта бойынша масштабты пайдалана отырып, Африканың 20ºш.б. бойымен ұзындығын және материктің Сахара шөліндегі ең енді бөлігін есептеңдер.

3.     Физикалық картаны пайдалана отырып, Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздердің ең терең жерлерін және су асты жоталарын анықтаңдар.

4.     Африка табиғатын зерттеуге зор үлес қосқан қандай саяхатшыларды білесіңдер?

 

Қорытынды: Қазіргі кезде Африканың ұлттық парктері мен қорықтарында көптеген елдердің ғалымдарының қатысуымен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Ғаламшардағы табиғаты ерекше аймақтар ретінде ЮНЕСКО-ның шешімімен «Биосфера Алтын Қорына» енгізілген Сахара шөлі мен Мадагаскар аралы халақаралық ұйымдардың қатысуымен жоспарлы түдде зерттелуде.

 

Үйге тапсырма: §44-оқу. Кескін картаға Африка материгін түсіріп келу.

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Жер бедері мен пайдалы қазбалары.

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларды жер бедерімен таныстыра отырып, пайдалы қазбалардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын, ойлау қабілеттерін, дағдыларын қалыптастыру арқылы   шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, картамен жұмысты жандандыру

                3. Тәрбиелік:                Басқа елдердің мемлекеттің жерімен таныса отырып, өз еліне, Отанына, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, табиғатты сүюге, аялауға бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Африканың физикалық картасы, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

 

Жаңа сабақты түсіндіру:   

Африканың жер бедерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Материктің көпшілік бөлігін гондваналық ежелгі платформа алып жатыр. Платформаның экватордан солтүстік-батысқа қарай орналасқан бөлігі аласа, оңтүстік-шығысы көтеріңкі болып келеді. Сондықтан материкте абсолюттік биіктігі 200-ден 1000м-ге дейін жететін жазықтар, қыраттар, үстірттер мен таулы үстірттер басым болады.

Африка платформасының түрлі бөліктерде ұзақ уақыт бойы бірде баяу көтерілу, бірде төмен түсу қозғалыстары болып отырған.  Соның нәтижесінде платформаның негізін құрайтын ежелгі кристалды жыныстар жоғары көтеріліп, жақпарлы-қатпарлы қалдық таулар мен Аир, Дарфур тәрізді үстірттер қалыптасыт. Олардың кейбіреулері жақпарлы, ірі тік жарлы Сахарадағы Ахаггар және Тибести сияқты таулы қыраттарға айналған. Платформаның майысып, төмен түскен бөліктерін ұзақ уақыт теңіз басып жатқан. Сондықтан мұндай ойыстарда теңіздік және континенттік шөгінділер жиналып, беті тегіс ірі қазаншұңқырларды (Чад, Конго, Калахари) қалыптапстырған. Материктің шығысындағы ірі Мадагаскар аралы Африка платформасынан ертеректе ажыраған бөлігі болып табылады. Ойпаттар өте аз, олар материктің жағалық бөліктеріне сәйкес келеді.

Кайнозой эрасында Африка-Арабия біртұтас литосфералық плитасының Еуразия плиасымен ығысуы нәтижесінде Арабия Африкадан бөлініп, қазіргі Қызыл теңіздің табаны жалаңаштанған.  Қызыл теңізден басталған терең тектоникалық жарылыстар жүйесі Ұлы Шығыс Африка жарылыстары деп аталады. Ол Африканың шығысын бойлай Замбезия өзенінің сағасына дейін 6500 км-ге созылған. Африканың ең биік нүктесі- Килиманджаро жанартауы. Жер қыртысындағы жарылыстарда орналасқан көл қазаншұңқырлары Африканың ең терең, ірі көлдерінің жүйесін құрайды. Ал ертеректе жанартау атқылаудың ірі орталығы болған Айдаһар таулары Үнді мұхит жағалауына қарай сатыланып, биіктейді.

Таулы жер бедері платформа шеттеріндегі әр түрлі жастағы қатпарлы құрылымдарға тән. Африканың  оңтүстігіндегі палеозой эрасында көтерілген Кап таулары кейіннен үгілу нәтижесінде аласарып, бірнеше үстірттерге айналған. Ал материктің солтүстік-батысында орналасқан Атлас таулары Африкадағы бірден-бір жас, қатпарлы таулы аймақ болып табылады. Ол Еуразиядағы Альпі, Гималай тауларымен бір мезгілде көтерілген тау жүйесі.

Африка пайдалы қазбаларға аса бай. Пайдалы қазбалардың көпшілігінің қоры жөнінен дүние жүзіндегі ең ірі кен орындарының қатарына жатады. Олардың пайда болуы және орналасуы жер қыртысының құрылымы мен даму тарихына байланысты. Магмалық жыныстардың кең таралған аудандарына қара және түсті металдар (мыс, мырыш, қалайы), уран, алтын, алмастың ірі кен орындары бар. Кобальт пен мыстың ірі қоры материктің орталық бөлігінде платина, алтын мен алмастың аса ірі қоры Оңтүстік Африкада, уран Сахараның орталық бөлігі мен Намиб шөлінде шоғырланған. Шөгінді жыныстар қалың жиналған бөліктерде тас көмір, мұнай, табиғи газ, әр түрлі тұздар және шөгінді жолмен қалыптасатын темір, фосфорит, боксит, марганецтің ірі кен орындары таралған. Жерорта теңізі жағалауы мен Гвинея шығанағы мұнайға бай. Фосфориттің дүние жүзіндегі аса ірі кен орындары Атлас тауларында шоғырланған. Оңтүстік африкада көмірдің мол қоры бар.

Африканың қазба байлықтарын АҚШ пен Еуропаның дамыған елдері ұзақ уақыт бойыөз қажеттеріне аяусыз пайдаланды. Африка елдерінің азаттық алуымен байланысты шетелдердің ықпалы азайып келеді.

 

Жаңа сабақты бекіту:

1.     Африка жер бедерінің қандай өзіндік ерекшеліктері бар?

2.     Материктің жер бедерінде таулы үстірттер неге басым, олар қандай тектоникалық құрылымдарға сәйкес келеді?

3.     Шығыс Африканың көтеріңкі болуы неге байланысты?

4.     Егер Шығыс Африканың жарықтары одан әрі кеңейе беретін болса, Африка платформасында қандай өзгерістер болуы мүмкін?

5.     Африка қандай пайдалы қазбалар бар? Олардың қалыптасу жолдарын түсіндіріңдер.

 

Қорытынды: Қорыта келгенде,  Африканың қазба байлықтарын АҚШ пен Еуропаның дамыған елдері ұзақ уақыт бойыөз қажеттеріне аяусыз пайдаланды. Африка елдерінің азаттық алуымен байланысты шетелдердің ықпалы азайып келеді.

 

Үйге тапсырма: §45-оқу. Кескін картаға Африка материгінің пайдалы   қазбаларын түсіріп келу.

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Климаты.

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларды Африканың климатымен таныстыра отырып, ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын, ойлау қабілеттерін, дағдыларын қалыптастыру арқылы   шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, картамен жұмысты жандандыру

                3. Тәрбиелік:                Басқа мемлекеттермен таныса отырып, өз еліне, жеріне, табиғатына деген сүйіспеншілігін оята отырып, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндірмелі, пікір алмасу.

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Африканың климат картасы, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

 

Жаңа сабақты түсіндіру:   

  Материктің дәл ортасы арқылы экватор сызығы кесіп өтетіндіктен Африканың басым бөлігі  жыл бойы күн сәулесін мол алады. Әсіресе екі тропик үстінде орналасқан кез келген нүктеде  жаз кезінде Күн сәулесі дәл төбеден тік түседі. Сондықтан материктің көпшілік бөлігінде жылдық орташа температура +20ºС –тан төмен болмайды. Жаз айларында солтүстік тропикті кесіп өтетін Сахара үстінде ауаның олрташа температурасы +35ºС, +40ºС-қа дейін көтеріледі. Ең салқын деп есептеледін қиыр оңтүстік жағалық жазықтардың өзінде ауаның орташа температурасы +8ºС –тан төмен түспейді.

Африка экватордың екі жағында орналасқандықтан екі жарты шарда маусымдық айырмашылық байқалады. Ең алдымен бұл айырмашылық әр жарты шардағы ылғалдың түсу мезгілі мен мөлшерінен көрінеді. Мысалы, шілді, тамыз айларында солтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеуінде ыстық, жаңбырлы, қапырық ауа райы орнықса, ал оңтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеуінде ыстық, құрғақ ауа райы қалыптасады.

Климаттық белдеулер.  Африканың географиялық орнының ерекшелігіне сәйкес, экватордан басқа климаттық белдеулер екі реттен қайталанады.

Экваторлық белдеу Конго өзені алабының бойындағы бөлігін және Гвинея шығанағы жағалауы алып жатыр. Аумағы онша үлкен емес. Бұл белдеуге бүкіл жыл бойы ылғалды экваторлық ауа массалары әсер етеді. Ауа райы әдетте таңертең ашық болады, түске қарай жердің беті қатты қызуына байланысты ауа жоғары көтеріліп, бұлттар пайда болады.

Субэкваторлық белдеулер экваторлық белдеуден екі жарты шардың шамамен 20º ендіктеріне дейінгі аралықты, Мадагаскар аралының солтүстігін қамтиды. Оңтүстік субэкваторлық белдеудің батыс шекарасы Бенгал суық ағысының әсерінен солтүстікке қарай ығысқан. Субэкваторлық климаттың экватор климатынан басты айырмашылығы – жауын-шашын мөлшерінің аздау болуы және оның жыл мезгілдеріне қарай түсуінен байқалады.

Тропиктік белдеулер материктің екі тропиктік шеңбер үстіндегі бөлігін қамтиды. Солтүстік тропиктік климаттық белдеу батыстан шығысқа қарай өте енді және аса зор Еуразия материгі мен көршілес орналасқан. Бұл белдеуге осында қалыптасқан тропиктік континенттік ауа массалары мен Еуразия үстінен құрғақ, ыстық ауа әкелетін пассаттар әсер етеді. Сондықтан белдеуде Жер шарындағы ең ыстық, ең құрғақ, ең үлкен Сахара шөлі орналасқан. Мұнда күндіз ауаның орташа температурасы +40ºС және одан да жоғары көтеріледі. Құмның беті +70ºС-қа дейін қызады, керісінше түнде ауа мен жер беті тез суынады.

Субтропиктік белдеулер материктің солтүстік және оңтүстік шеткі бөліктерін қамтиды. Өтпелі белдеу болғандықтан мұнда жазада тропиктік, қыста қоңыржай ауа массалары әсер етеді. Солтүстік субтропиктік белдеу Жерорта теңізінің жағалауын алып жатыр. Температураның жыл мезгілдеріне қарай ауытқуы айқын байқалады.

 

Жаңа сабақты бекіту:

1.     Африка материгіне қандай климаттық белдеулер тән? Олардың орналасуының қандай ерекшеліктері бар?

2.     Оқулық мәтінін пайдаланып, әр климаттық белдеуге тән басты белгілерді ажыратыңдар.

3.     Солтүстік және оңтүстік жарты шардағы бірдей климаттық белдеулердің айырмашылықтарын анықтаңдар.

4.     Климаттық карталарды пайдалана отырып, оқулық соңындағы жоспар бойынша Мадагаскар аралының климатын сипаттаңдар.

 

Қорытынды: Қорыта келгенде, Африкада жыл бойы температураның жоғары болуы кофе, какао, құрма және майлы пальма сияқты бағалы тропиктік және цитрустар, шай, мақта тәрізді субтропиктік дақылдарды өсіруге мүмкіндік береді. Материкте қоңыржай ендіктердің дақылдары да өсіріледі. Ылғал жетіспейтін аудандар қолдан суарылады.

 

Үйге тапсырма: §46-47 оқу. Кескін картаға Африканың климатын түсіріп келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Өзендері мен көлдері.

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларды Африка материгінің өзен көлдерімен таныстыра отырып, оқушылардың тіл байлықтарын сөздік қорын молайту.

            2.Дамытушылық: Дамытуға, оқытуға негізделген шығармашылық қиялын, жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту.

                3. Тәрбиелік:           Оқушыларды ұжымдылыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге үйрету және тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Африканың өзен-көлдер  картасы, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

 

Жаңа сабақты түсіндіру:   

Өзендері. Африкадағы өзендер жүйесінің неғұрлым жиі таралғанжері – экватор маңы мен материктің оңтүстік-шығыс бөлігі. Шөлді аймақтарда өзендер өте аз. Керісінше кеуіп қалған арналар – уәдтер көп кездеседі. Олар сирек жауатын жаңбырлар кезінде ғана суға толады. Жер бедерінің шығысқа қарай көтеріңкі болуына байланысты өзендердің басым көпшілігі Атлант мұхитына құяды. Материк ауданының 1/3-і  ішкі тұйық алапқа жатады. Африканың шығыс бөлігіндегі өзендер Үнді мұхиты алабына жатады.

Жер бедерінің көтеріңкі болуына және кристалды жыныстардың кең таралуына байланысты Африка өзендерінде шоңғалдар мен сарқырамалар көп кездеседі. Сондықтан өзен суларының гидроэнергетикалық қоры мол. Өзендердің барлығы дерлік жаңбыр суымен қоректенеді. Сондықтан экваторлық белдеу арқылы ағып өтетін өзендердің суы жыл бойы мол болады, ал басқа белдеулерде ылғалдың мөлшері мен түсу мерзіміне байланысты өзен деңгейлері ауытқып отырады.

Материктегі ірі өзен жүйелері Ніл, Конго (Заир), Нигер, Замбези өзендері жатады.

Африка өзендерінің көпшілігі шоңғалды-сарқырамалы болатындықтан гидроэнергетикалық қорларға өте бай. Климаты құрғақ аудандардан ағып өтетін өзендердің сулары егістіктерді суаруға кеңінен пайдаланылады. Осы мақсатта Нілдің бойында көптеген бөгендер салынған. Ірі өзендерде кеме қатынасы жолға қойылған. Жергілікті тұрғындар өзендерден балық аулаумен айналысады.

Көлдері. Африканың ірі көлдері барлығы дерлік Ұлы Шығыс Африка жарылыстарының бойында орналасқан. Сондықтан пішіндері көбінесе созылыңқы болып келеді. Көлдер өте терең, жан-жағын тік беткейлі, биік таулар қоршай орналасады. Көлдердің ең тереңі Таньганиканың ені 50-80 км, ал ұзындығы 650 км-ге жетеді. Африканың ең үлкен көлі – Виктория платформаның аздап төмен түсіп, майысқан жерінде орналасқан. Сондықтан бұл көл онша терең емес (ең терең жері 80м), жағалары жатық және өте күшті тілімденген. Виктория көлінің географиялық орнының ерекшелігіне байланысты көл бетінде күшті толқындар туғызатын қатты дауылдар болып тұрады. Эфиопия таулы қыратында лава тасқындарының өзен аңғарын бөгеуіненпайда болған Тана көлі бар, одан Көк Ніл ағып шығады.

Солтүстік Африкада ежелгі су айдындарының орнында сақталып қалған Чад көлі орналасқан. Оның суы таяз, тереңдігі 4-7 м ғана, ағынсыз көл болғандықтан суы тұзды. Субэкваторлық белдеудегі орнына байланысты көл аумағы жыл ішінде өзгеріп отырады. Жаңбырлы кезеңде көл ауданы екі есеге дейін ұлғаяды. Ал құрғақ кезеңде көл суы тартылып, батпақтанады, көл жағалауы тұз қабыршақтарымен жабылады.

Африка көлдерінің шаруашылық маңызы зор. Шығыстағы ірі көлдер кеме қатынасына пайдаланылады. Көлдер балықтарға өте бай. Солтүстік жарты шардан жылы жаққа ұшатын құстардың басым көпшілігі осы көлдерде қыстап шығады. Шығыс Африкадағы табиғаты көркем көл жағалауларында дүниенің түкпір-түкпірінен келетін туристер саны жыл сайын артуда.

Жер асты сулары. Өзендер сирек таралған құрғақ аудандарда жер асты суларының мол қоры жинақталған. Әсіресе Сахара, Судан, Калахариде жер асты тұщы суының мол қоры анықталған. Тұщы су деңгейі Жер бетіне жақын жатқан шөлді аймақтарда құрма пальмалары өсетін шұраттар көп таралған.

 

Жаңа сабақта бекіту:

1.     Африка өзендері қандай алаптарға жатады?

2.     Неге Африка жерінде ішкі тұйық алап көп бөлікті қамтиды?

3.     Материктегі өзен торларының таралуына жер бедері қалай әсер етеді, ол неден көрінеді?

4.     Көлдер неге Африканың шығысында шоғырланған?

5.     Картада Чад көлінің жағалауы неге үзік сызықтармен көрсетілген?

 

Қорытынды: Қорытындылай келе, бүгінгі сабақта Африка материгінің өзен көлдерімен таныстырдым.

 

Үйге тапсырма: §48-оқу. Кескін картаға өзендері мен көлдерін түсіріп келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Табиғат зоналары

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларға табиғат зоналарымен таныстыра отырып, негізгі ерекшеліктері мен маңызына тоқталып әр түрлі ұғымдар қалыптастыру.

            2.Дамытушылық:     Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын оята отырып, картамен жұмыс істеуге, өз бетімен шығармашылықпен шұғылдануын дағдыландыру.

                3. Тәрбиелік:           Оқушылар басқа мемлекеттердің табиғат зоналарымен таныса отырып, өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Африканың картасы, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

 

Жаңа сабақты түсіндіру:   

Африканың табиғат зоналары экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай ендік бағытта ауысатын ылғалды экваторлық ормандар мен ауыспалы ылғалды ормандардан, саванналар мен сирек ормандардан, тропиктік шөл зонасы мен субтропиктік жерортатеңіздік ормандардан тұрады.

Ылғалды экватолрлық ормандар Конго қазаншұңқыры мен Гвинея шығанағы жағалауын алып жатыр. Бұл орман зонасы табиғат жағдайлары жөнінен Оңтүстік Америкадағы Амазония ормандарына ұқсайды.  Биік ағаштар орманның ең жоғарғы қабатын құрайды. Мұнда биіктігі 80 м-ге жететін алып фикустар, сейба ағашы, майлы пальма мен шарап пальмасы – рафия, эбен және қауын ағашы өседі. Орманның банан, ағаш тәрізді папортник, либериялық кофе ағашы, лианалардан тұратын төменгі қабаты адам өте алмайтын қалың ну (джунгли) құрайды. Жануарлар дүниесі бай, Амазония ормандарынан басты айырмашылығ,ы мұнда жануарлар орманның төменгі қабатында да кездеседі. Ормандарда шашақ құлақ шошқа, ергежейлі бегемот, жираф тұқымдас окапи, ергежейлі антилопа, маймылдардан мартышка, шимпанзе, мандрил, павиан, адам тәріздес ең ірі горилла маймылы, жыртқыштардан қабылан, қауырсындары түрлі түсті, денелері ірі құстар мекендейді.

Ылғалды экваторлық ормандар жауын-шашынның азаюына байланысты біртіндеп ауыспалы ылғалды ормандарға, одан кейін саванналар мен сирек ормандарға ауысады.

Саванналар мен сирек ормандар Африка жерінің  40%-на жуығын алып жатыр. Ешбір материкте саванналар мұндай үлкен аудандарды алып жатқан жоқ. Африка саванналары жалпы көрінісі, тіршілік дүниесінің құрамы мен құрылымы жағынан да басқа материктердегі саванналарға ұқсамайды. Мұнда тығыз өскен биік шөптесін өсімдіктер арасында сирек ағаштар кездеседі. Саваннада топырақ-өсімдік жамылғысының таралуы жаңбырлы кезеңнің ұзақтығы мен мөлшеріне тікелей байланысты. Жаңбырлы кезеңде саванна түрленіп, қызу тіршілік ортасына айналады. Ал құрғақ кезең басталысымен-ақ өсімдіктер тез арада қурап, ағаштар жапырағын түсіреді.  Бұл мезгілде саванна сүреңсіз сарғыш түске енеді.

Ылғалды кезең 8-9 айға созылып, жауын-шашын мол түсетін жерлерде қызыл ферралитті топырақтарда паркті саванналар таралған. Мұнда биіктігі 3 м-ге жететін піл шөбінің арасында алып баобабтар, дум пальмасы мен майлы пальма өседі. Жаңбырлы кезең 6 айға дейін созылатын жерлердегі қызыл-қоңыр топырақ жамылғысында онша биік емес шөптерден тұратын нағыз саванналар таралған. Шөптердің арасында қолшатыр тәрізді акациялар өседі. Шөлейт зонасына жақындаған сайын жаңбыр өте аз, әрі 2-3 ай ғана түсетін жерлерге құрғақ саванналар тән.

Саванналарда шөптесін өсімдіктер басым болғандықтан ірі тұяқты жануарлар кең таралған. Мұнда тек бөкендердің (антилопа) 40-тан аса түрі, зебра, ұзын мойын керіктер (жираф), буйволдар бар. Мадагаскарда шағын денелі маймылдардың ерекше тобын құрайтын лемурлардың 26 түрі мекендейді. Топталып тіршілік ететін Африкалық сурикат кездеседі. Лемур мен саяхатшылар ағашы Мадагаскар аралының символы болып табылады. Саванналар шөп қоректі ірі жануарлар Африка пілі, мүйізтұмсықтарымен және өзен-көл бойында тіршілі ететін бегемоттарымен де әйгілі. Бұл жануарлардың көпшілігі негізінен саваннада кең таралған жыртқыштарға қорек болады. Жыртқыштардан арыстан, гепард, қабылан, шиебөрі, қорқау қасқырларкездеседі. Өзендерде қолтырауындар тіршілік етеді. Ніл қолтырауынының ұзындығы 5-6 м-ге жетеді. Африка саванналарында құстар өте көп. Мұнда жер бетіндегі ең ірі құс Африка түйеқұсы, жыландар мен кемірушілерді аулайтын ірі құс секретарь, өте әдемі кішкентай шырын сорғыштар мекендейді. Көлдер мен өзен жағалауларында қоқиқаздар, тырна, көкқұтан, бірқазандар, Африкада ғана кездесетін марабу тіршілік етеді. Жәндіктерден, әсіресе ауыл шаруашылығына үлкен зиян тигізетін Марокко шегірткесі кең таралған.

Саванналардан екі жаққа қарай тропиктік шөлдер орналасқан. Олар әсіресе, Солтүстік Африкада үлкен ауданды алып жатыр. Сондықтан тропиктік шөлдерді Сахараның мысалында сипаттайық.

Сахарада жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден аз, ішкі бөліктерінде кейде бірнеше жылдар бойы жаңбыр жаумайды. Бұлт болмайтындықтан күн сәулесі жер бетін қатты қыздырады. Жазда көлеңкенің өзінде ауа температурасы +40º, +50ºС болады, әсіресе шаң мен құмды боратып, аңызақ құрғақ самум желі соққан кезде ыстықтан қорғану үшін жергілікті халық кең, ұзын киім киіп, бетін тұмшаланып жүреді. Ал түнге қарай күрт төмендеген температурадан адамдар қалтырап тоңады.

Жануарлар дүниесі де шөл климатына бейімделген. Көптеген жануарлар су іздеп алысқа бара алады, кейбіреулері ұзақ уақыт сусыз тіршілік етуге бейімделген. Сахарада бір өркешті жабайы түйелер (дромедар), бөкендер, қорқау қасқырлар мен шиебөрілер, фенек түлкісі, шағыл мысығы мекендейді.

Кемірушілер, улы жыландар, үлкен сұр келес (варан), ұсақ улы жәндіктер көп.

Шығысқа және солтүстікке қарай Оңтүстік Африка шөлдері шөлей зонасына ауысады. Мұнда тікенекті, жастық тәрізді бұталар мен сүттіген, алоэ өседі.

Субтропиктік қатты жапырақты ормандар мен бұталар Жерорта теңізі жағалауы мен Оңтүстік Африканың жағалау бөлігіне тән өсімдіктер. Жерорта теңізі жағалауында тас емен мен тоз емені, зәйтүн ағашы, олеандр, фисташка, мәңгі жасыл кипарис, атлас самырсыны, жабайы алмұрт пен жүзім, ал Канар аралдарында бүлдірген және айдаһар ағаштары өседі. Оңтүстіктегі Кап тауларында ылғалдың көбірек түсуіне байланысты кап шамшаты, күміс ағаш, лавр жапырақты зәйтүн ағашы, түйнекті және тамыржемісті әдемі өсімдіктер, кап орхидеясы өседі. Субтропиктік климат бұл зонада цитрустарды өсіруге мүмкіндік береді.

 

Жаңа сабақты бекіту:

1.     Климаттық жағдайлер мен табиғат зоналарының орналасуында қандай байланыс бар?

2.     Африка жерінде мал шаруашылығы неге жақсы дамымаған?

3.     Материкте қандай табиғат апаттары жиі қайталанады? Онымен күресудің қандай жолдары қарастырылған?

4.     Африканың қандай табиғат зонасы ауыл шаруашылығына пайдалануға қолайлы?

 

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Африка материгінің табиғат зоналарының түрлерімен таныстық.

 

Үйге тапсырма: §49-50-оқу. Кескін картаға табиғат зоналарын түсіріп келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Халқы және елдері. Солтүстік Африка елдері

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларға Африка материгінің халқы мен елдерін таныстыра отырып, ерекшеліктері мен маңызына тоқталу, халқының байланысын анықтау.

            2.Дамытушылық:     Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, танымдық қабілетін таныта отырып, тез ойлауды және картамен жұмысты дамыту.

                3. Тәрбиелік:            Оқушылар басқа мемлекеттермен таныса отырып, өз елін, жерін сүйе білуге құрметтеуге, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Африка материгінің халықтар картасы, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын тексеру

 

Жаңа сабақты түсіндіру:   

Халқы. Африканың қазіргі кездегі халқының саны 700 млн-нан астам. Материк халқының нәсілдік, тілдік және ұлттық құрамы өте күрделі. Африкада Жер шарындағы негізгі үш нәсілдің өкілдері кездеседі.

Африканың байырғы халқын саны жағынан басым экваторлық нәсілдің өкілдері құрайды. Материктің көп бөлігінде Сахарадан оңтүстікке қарай негрлер мекендейді. Негрлердің көпшілігіне тән белгілер – өңінің қара, ал шаштарының қалың, бұйра болуы. Бұл қасиеттер олардың денесін қатты ыстықтан қорғайды. Негр тектес халықтардың ортақ белгілерімен қатар, бас және бет пішінінде, дене бітімі мен бойының ұзындығына  үлкен айырмашылықтар байқалады.

Солтүстік Африкада саванналарында материктің ең бойшаң адамдары – тутси мен химилер тұрады. Олар ерекше сымбатты, шымыр болады, бойларының орташа ұзындығы 180-200 см-ге жетеді. Ал экваторлық ормандарда бойлары өте аласа пигмейлер тұрады, олардың бойының ұзындығы 150 см-ден аспайды. Пигмейлердің өңі ақшылдау, кең танаулы, еріндері жұқа, денелері шомбал болып келеді. Ніл өзенінің жоғары және орта ағысында, шығыстағы көлдер маңында нилоттар тұрады. Олардың өңі қап-қара, қыр мұрынды, бойшаң болады. Калахари шөлін бушмендер мен готтентоттар қоныстанған. Олардың өңі сары, беті жалпақ, монғол тектестерге ұқсастау болып келеді.

Еуропалық тектес нәсілге жататын халықтар Африканың солтүстігі мен оңтүстігінде тұрады. Осы нәсілге Солтүстік Африканы мекендейтін араб және бербер халықтары, Жерорта теңізі жағалауында тұратын француздар жатады. Ал Оңтүстік Африкада Нидерландыдан көшіп барғандардың ұрпақтары – африканерлер (бурлар) және ағылшындар тұрады.

Елдері. Жерорта теңізінің жағалауында ежелгі дүние бөліктері  - Еуропа және Азиямен көршілес орналасқан Африка ежелден-ақ ғылым мен мәдениеттің ошағы ретінде белгілі. Африка жеріндегі Египет, Ефиопия, Гана тәрізді ежелгі мемлекеттерде қолөнер, сауда, құрылыс ісі өркендеп, дүниежүзілік мәдениеттің дамуына айтарлықтай үлес қосқан. Египеттегі ежелгі пирамидалар, Александрия шам-шырағы (маягі) «Әлемнің жеті кереметінің» қатарына жатады. Сондай-ақ піл сүйегі мен ағаштан ойып жасалған айшықты ою-өрнектер, қоладан жасалған мүсіндер көптеп сақталған. Кейбір ғалымдар мәдениеттің дамуындағы  алғашқы жетістіктері үшін адамзат ең алдымен Африкаға қарыздар деп есептеледі.Бірақ кейіннен жүргізілген құл саудасы мен отаршылдық саясат Африка елдерінің дамуын ұзақ уақытқа тежеді.

Материктегі шаруашылығының даму дәрежесі ең жоғары мемлекет – Оңтүстік Африка Республикасы. Солтүстік Африкадағы мұнай мен табиғи газ өндіретін Либия, Алжир, Египет тәрізді елдер де қарқынды дамуда. Ал Мали, Нигер, Чад, Эфиопия, Сомали елдерінің даму дәрежесі өте төмен, мешеу елдердің қатарына жатады. Африканың артта қалған елдерінде аштық болдырмас үшін халықаралық ұйымдар бұл елдердің халқына ұдайы қайырымдылық көмек көрсетіп отырады.

Африка елдері табиғат жағдайы мен халқының құрамына сәйкес бес тарихи-географиялық аймаққа топтастырылады: Солтүстік Африка, Батыс Африка, Орталық Африка, Шығыс Африка, Оңтүстік Африка.

Солтүстік Африка елдері Жерорта теңізі жағалауы мен Сахара шөлінің солтүстік бөлігін қамтиды. Солтүстік Африка аймағының құрамына Алжир, Либия, Египет, Марокко, Батыс Сахара, Тунис елдері кіреді.

Солтүстік Африканың батысында Жерорта теңізі жағалауын Атлас тауы алып жатыр.Алтас таулары бірнеше көлденең жоталар тізбегінен тұрады, олар: Эр-Риф, Телль-Атлас, Биік Атлас, Сахара Атласы. Таудың ең биік нүктесі – Биік Атластағы Тубкаль шыңы (4165 м). Атлас таулары оңтүстігіне қарай біртіндеп аласарып, тропиктік шөл алып жатқан Сахараға ұласады.

 

Жаңа сабақты бекіту:

1.     Африка халқының нәсілдік және ұлттық құрамының қандай ерекшеліктері бар?

2.     Африканың байырғы халықтарын атаңдар. Олар бір-бірінен қандай белгілері арқылы ажыратылады?

3.     Африка елдері қандай аймақтарға топтастырылған?

4.     Солтүстік Африка елдерінің табиғаты қандай

Қорытынды: Халқының негізінен араб тілінде сөйлейтіндігіне, мәдениеті мен тұрмыс-салтына байланысты Солтүстік африканы Араб Африкасы деп атайды. Қалаларының басым көпшілігі араб үлгісінде салынған, ескі және жаңа қалаға айқын бөлінеді. Ніл аңғарындағы ең ірі қала – Каир 973 жылдан Египеттің (Мысырдың) астанасы. Солтүстік Африканың ежелгі қалалары өзіндік сәулет өнері ескерткіштерімен, дүниедегі керектің барлығын табуға болатын шығыс базарларымен ерекшеленеді. Жерорта теңізінің жағалауында ірі портты қалалар (Касабланка, Рабат, Александрия, Триполи, Алжир, Тунис) орналасқан.

 

Үйге тапсырма: §51-оқу. Кескін картаға халқын түсіріп келу. Қосымша материалдар жинау.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Батыс, Шығыс және Оңтүстік Африка елдері

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларға Батыс, Шығыс және Оңтүстік Африка елдерімен таныстыра отырып, ерекшеліктері мен маңызына тоқталу, халқының байланысын анықтау.

            2.Дамытушылық:     Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, танымдық қабілетін таныта отырып, тез ойлауды және картамен жұмысты дамыту.

                3. Тәрбиелік:            Оқушылар басқа мемлекеттермен таныса отырып, өз елін, жерін сүйе білуге құрметтеуге, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын тексеру

 

Жаңа сабақты түсіндіру:   

Батыс Африка елдері. Аймақтың құрамына Атлант мұхиты жағалауы бойындағы Кабо-Верде, Сенегал, Гамбия, Гвинея-Бисау, Гвинея, Сьерра-Леоне, Либерия, Кот-д-Ивуар, Гана, Того, Бенин, Нигерия және ішкерірек орналасқан Буркина-Фасо, Нигер, Мали, Мавритания елдері кіреді.

Батыс Африка аймағының жер бедері негізінен аласа таулы, үстіртті болып келеді.Ойпатты жазықтар Сенегал жері мен Гвинея шығанағы жағалауына, көбінесе батпақты болып келетін өзен бойларына тән болады. Осы жазықтарды ылғалды экваторлық  ормандар алып жатыр. Ыстық, ылғалды  климат жағдайында дамыған құнарлы топырақ жамылғысында өсірілетін каучук, кофе, майлы пальма, какао, банан, ананас, маниок, батат, сорго, жүгері, қант құрағы, жер жаңғағы плантациялары бірте-бірте ормандарды ығыстыруда.  Атлант мұхитының жағалауында орналасқан елдерде теңіз траспорты, балық аулау мен балық өңдеу шаруашылықтары дамыған. Аймақтағы Нигер, Сенегал, Вольта, Бенуэ сияқты ірі өзендердің шаруашылық маңызы бар.

Батыс Африка халықтарының тарихы ежелден басталады. Аймақта орта ғасырда Бенин, Ифе, Дагомея, Гана, Мали, Сонгай тәрізді мәдениеті дамыған мемлекеттер болған.

Шығыс Африка елдері. Аймақтың құрамына Судан, Эритрея, Эфиопия, Джибути, Сомали, Уганда, Кения, Руанда, Бурунди, Танзания, Замбия, Малави кіреді. Шығыс Африка жерінде Африка материгінің теңіз деңгейінен ең төмен және ең биік жатқан нүктелері орналасқан.

Аймақ жерінде Африканың ең биік, қозғалмалы бөлігі сәйкес келеді. Сондықтан жер сілкіну мен жанартау атқылаулары болып тұрады. Аймақтың жер бедерінде Эфиопия таулы қыраты мен Шығыс Африка таулы үстірті айқын ажыратылады. Эфиопия таулы қыраты түгелге жуық лавалық жыныстармен жабылған. Жанартау атқылаулары тек тауларда ғана емес, жарылыстар бойындағы жазықтарда да байқалады. Эфиопия таулы қыратының солтүстік-шығысындағы Афар ойысын толтырып жатқан ыстық лава мезгіл-мезгіл кемелерінен асып, жан-жағына жайылады. Ыстық лава әсерінен бұл ойыстың айналасында қыстың өзінде ауаның орташа температурасы +30ºС-тан төмен болмайды.

Оңтүстік Африка елдері. Аймақ материктің Конго және Замбези өзендерінің суайрықтарынан оңтүстікке қарай жатқан бөлігін қамтиды. Оның құрамына Намибия, Боствана, Зимбабве, Мозамбик, Оңтүстік Африка Республикасы, Свазиленд, Лесото және Мадагаскар елдері кіреді.

Жерінің көпшілігін Оңтүстік Африка таулы үстірті алып жатыр. Таулы үстірт оңтүстігі мен шығысына қарай биіктеп, Кап және Айдаһар таулары ұласады. Ал орталық бөлігі аласарып, Калахари қазаншұңқырына ауысады. Қазаншұңқырларды Калахари шөлі алып жатыр. Аймақтың Атлант мұхит жағалауында Намиб шөлі орналасқан. Оңтүстік Африканың көпшілік бөлігін саванналар, ал таулы бөліктерді субтропиктік ормандар алып жатыр.

Аймақтағы жетекші ел Оңтүстік Африка Республикасы шаруашылығының даму дәрежесі жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орныдардың бірін иеленеді.

Жаңа сабақты бекіту:

1. Әр аймақтағы жетекші елдерді атаңдар, олар басқа елдерден қандай белгілермен ерекшеленеді?

2. Нигерия қандай ел, халқы қандай кәсіппен шұғылданады?

3. Шығыс Африка елдерінің табиғаты қандай?

4. Оңтүстік Африка Республикасы туралы не білесіңдер?

 

Қорытынды: Оңтүстік Африка Республикасындағы қорғауға алынған жерлерде сақталып қалған. Елдегі ең ірі Крюгер ұлттық паркінде матеиктегі жануарлардың барлығы дерлік жинақталған. Ұлттық парктерді туристер арнаулы жабдықталған көліктермен жүріп аралайды. 

 

Үйге тапсырма: §52-оқу. Кескін картаға түсіріп келу. Қосымша материалдар жинау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Оңтүстік Африка мен Африка. Сарамандық жұмыс №4

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру, екі мемлекеттің құрылысы туралы білімдерін тексеру

            2.Дамытушылық:     Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін кеңейту, өз қабілеттерін ашуға ұмтылдыру, картамен дұрыс шапшаң жұмыс жасауға дағдыландыру.

                3. Тәрбиелік:            Оқушыларды ұйымшылдыққа, өз бетімен ізденуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ

Оқыту әдісі: Іздену

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Оңтүстік Американың, Африка материгінің физикалық  картасы, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Солтүстік Америка мен Африка материгімен салыстыра келе ауданы жөнінен 24,2 млн км². Жерінің көлемі жөнінен (Еуразия, Африкадан дан кейінгі) 3-орында. Ең биік нүктесі Кордильер тауындағы Мак-Кинли шыңы – 6193 м. Солтүстік Американың құрамына кіретін Гренландия аралы және территориясы Данияға тиесілі. Солтүстік Американың теңіз деңгейінен ең төмен жері Өлім аңғары – 86 км. Әлемдегі ең ұзын жер асты үңгірі Аппалач тауындағы ұзындығы 500 км дейін жететін Флинт-Мамонт үңгірі. Д.ж. ең үлкен тау мұздығы Аляска жотасындағы Хабборд мұздығы. Солтүстік Америкадағы және әлемдегі ең үлкен акньон – Каларада өзеніндегі үлкен каньоны тау жүйесінде орналасқан. Солтүстік американың ең ыстық жері-Өлім аңғары +57ºС, ең суық жері-Гренландия аралы -70ºС. Солтүстік Америкадағы Еуразиядан бөліп тұрған бұғазы Беринг, ал сонымен қатар 2 мұхит суын Солтүстік Мұзды мен Тынық мұхит суларын жалғастырады. Материкті 1492 ж Х.Колумб ашқан. ХV ғасырда Ньюфауленд аралы мен Лабрадор түбегін итальяндық Джон Кобот ашты. 1741 ж орыс саяхатшылары Витус Беринг пен Алексей Чириков Аляска жағалауларын зерттеді. Солтүстік Америкада жер шарындағы ең ірі тұзды көлдердің бірі Үлкен Тұзды көл орналасқан. Ұлы көлдер жүйелеріне кіретін өзендер Онтарио, Эри, Жоғарғы көл, Гурон, Мичиган. Д.ж. ең ірі Йеллоустоун ұлттық саябағы орналасқан.Саябақта гейзерлер мен тасқа айналған ағаштар қорғалады.

Африканың жер көлемі 30,3 млн км². Теңіз деңгейінен ең биік нүктесі Килиманжаро тауы 5895 м. Африканың жанартаулары жиі орналасқан. Ең биік нүктесі Ассам көлінің деңгейі 153 м (Джибути). Д.ж. және Африкадағы ең ұзын Ніл өзені. Кагера саласымен 6671 км. Африканың жағалауынан 2 мұхит суы Үнді, Атлант шайып жатыр. Африканың жауын-шашын көп түсетін жері Гвинея шығанағы. Африканың суы мол өзені-Конго өзені. Ауданы жөнінен ең үлкен көл-Виктория 69985 км. Ең терең көл – Таньганика 1470 м. Ең үлкен арал Мадагаскар 5870000 км². Ең биік сөнбеген жанартау Камерун 4100 м. Ең биік сарқырамасы Тугела 948 м. Оңтүстік Африка ОАР аумағында. Африкадағы ең үлкен ұлттық саябақ Крюгер орналасқан. Ең үлкен тропиктік шөл – Сахара 7000000 км². Д.ж. Африкадағы ең ірі жануар-Африка пілі.Африканы Еуразиямен Гибралтар бұғазы бөліп жатыр. Африка Еуразия материгімен Суец мойнағы арқылы жалғасқан.1497-1499 ж аралығында португал саяхатшысы Васко да Гамма экспедициясы Африкадағы айналымнан өтіп, Сомали түбегі арқылы Үндістанға барар жолды тауып, жолда Әулие Надежда мүйісін ашқан. Давид Ливинстон 1855 ж Замбези өзеніндегі Виктория сарқырамасын ашты. Генри Сиэтли Конго өзенінің бойындағы сарқырамаларды ашып, Африка көлдерін зерттеді. Африка материгінде қара нәсіл өкілдері тараған. ОАР – алмаз бен алтынның қоры жөнінен 1-орын алады.

 

Қорытынды: Африка жер шарындағы ең ыстық материк. Биосфераның «Алтын қоры» деп аталатын ерекше тізімге енген Африкадағы географиялық нысандар Сахара мен Мадагаскар аралы.

Үйге тапсырма: Кескін картамен жұмыс, қосымша материалдар жинау.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Аустралия және мұхит аралдары. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары.

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларға Аустралия материгімен таныстыра отырып, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық:     Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оята отырып, картамен жұмысты жандандыру, танымдық белсенділігін дамыту.

                3. Тәрбиелік:            Оқушылар басқа мемлекеттермен таныса отырып, өз елін сүюге, құрметтеуге, табиғатты аялауға бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі.

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Аустралияның физикалық  картасы, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Аустралия – Жер шарындағы ең кіші материк. Оның ауданы маңындағы аралдармен қоса есептегенде 7,6 млн км². Материк атауының өзі латыншадан аударғанда «оңтүстік» деген мағына береді. Өйткені Аустралия түгелімен оңтүстік жарты шарда жатыр, оңтүстік тропик шеңбері оны дәл ортасынан кесіп өтеді. Ауданының кіші болуына қарамастан, материк табиғатының өзіндік ерекшеліктері бар:

·        Аустралия – Жер шарындағы ең аласа материк, орташа биіктігі – 215 м.

·        Аустралия – сөнбеген жанартаулары жоқ бірден-бір материк.

·        Аустралия  - Жер шарындағы ең құрғақ материк: оның 2/3 бөлігін шөлді аймақтар алып жатыр.

·        Материктің басқа құрлықтардан ертерек бөлініп қалуына байланысты мұнда алғашқы сүт қоректілер (жұмыртқа салушылар мен қалталылар) мен биік ағаштар эвкалипттер (биіктігі 100 м-ден асады) сақталып қалған

·        Материк жағалауындағы ұзындығы 2300 км, ені 2 км-ден 150 км-ге дейін жететін Жер шарындағы ең ірі маржандық құрылым – Үлкен Тосқауыл рифі орналасқан.

·        Аустралия материгінің жерін бір ғана ел – Аустралия Одағы алып жатыр.

·        Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі – Үлкен Суайрық жотасының оңтүстігіндегі биіктігі 2228 м Косцюшко тауы, теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Эйр көлінің деңгейі (-16м).

Географиялық орны. Аустралия оңтүстік жарты шардың басқа материктерінен оқшау орналасқан. Тек солтүстігінде Азияның аралдарымен жалғасады. Материктің жағалауындағы нашар тілімденген, материктің оңтүстік-шығысында ғана бірнеше қолайлы қойнаулар кездеседі. Аустралия жағалауларын Тынық және Үнді мұхиттарының жылы сулары шайып жатыр. Мұхиттағы судың беткі температурасы жазда +28ºС-қа жетсе, қыста +20ºС-тан төмен түспейді. Сондықтан материк жағалауларын бойлай, әр түрлі пішіндегі маржандық құрылымдар көптеп кездеседі. Толысу кезінде ғана кемелер олардың арасымен ашық мұхитқа шыға алады. Аустралияны жан-жағынан мұхит сулары шайып жатқанымен , оның көпшілік бөлігіне жауын-шашын өте аз түседі. Бұл жағалау бойымен суық ағыстардың өтуімен және материктің оңтүстік тропик үстіндегі орнымен байланысты. Ал жылы ағыстар өтетін солтүстік және шығыс жағалауларында ылғал біршама мол түседі.

Жер бедері мен пайдалы қазбалары. Аустралияның жер бедері онша күрделі емес. Африкадағы тәрізді, материктің негізгі бөлігін гондваналық ежелгі платформа алып жатыр. Тек шығыстағы Үлкен Суайрық жотасына сәйкес келетін бөлікке ғана палеозойлық қатпарлық құрылым тән болады. Көршілес орналасқан Тынық мұхит литосфералық плитасындағы қозғалыстарға байланысты материк бірнеше рет тұтастай көтерілді және төмен түсіп, майысуларға ұшырады. Соның әсерінен одан Жаңа Гвинея аралының Оңтүстігін құрайтын бөлік пен Тасман аралы бөлініп, бұғаздар мен шығанақтар жүйесі қалыптасты.

Платформа фундаментін құрайтын кристалды жыныстар оның батысы мен орталық бөлігінде жер бетіне шығып жатыр. Мұнда орташа биіктігі 400-600 м-лік аласа таулы үстірттер мен жекелеген күмбезді таулар таралған. Таулардың кейбір бөліктерінің биіктігі 1000-1500 м-га жетеді. Құрғақ климат жағдайында жүретін физикалық үгілу әсерінен тауларда сан алуан таңғажайып пішіндер қалыптасқан. Тау етектерін қиыршық тастар мен құмды жалдар көмкеріп жатыр. Платформаның шеткі және қатпарлы құрылымдарымен шектескен бөліктеріне ойпаттар сәйкес келеді.

Аустралия материгі пайдалы қазбаларға бай. Олардың қалыптасу жағдайлары мен құрамы Оңтүстік Африкаға ұқсас келеді. Материк алтын, алюминий, мыс, никель, марганец, темір мен уран, цирконий (алмастың түрі) кендеріне бай. Аустралияның оңтүстік-шығысында тас көмірдің ірі кен орындары шоғырланған. Орталық жазықтарда мұнай мен газ мол қоры бар.

 

Жаңа сабақты бекіту:

1.     Аустралия географиялық орны жағынан Африканың қандай бөлігіне ұқсас болып келеді?

2.     «Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері» тақырыбы бойынша Аустралияның зерттелу тарихындағы маңызды оқиғаларды еске түсіріңдер.

3.     Аустралияның жер бедері қандай, оны Африканың жер бедерімен салыстырыңдар.

4.     Физикалық картаны пайдалана отырып, материкте кең таралған пайдаоы қазбаларды атаңдар.

 

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Аустралия және мұхит аралдарын, географиялық орнын және жер бедері мен пайдалы қазбаларын айтып түсіндірдім.

Үйге тапсырма: §53-оқуға. Кескін картаға  Аустралия орталығын салып  келу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Климаты. Өзендері мен көлдері

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларға климат пен өзен көлдермен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық:     Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

                3. Тәрбиелік:            Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Аустралия материгінің  физикалық  картасы, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Аустралия – Жер шарындағы ең құрғақ материк. Материктің көпшілік бөлігіне ауа температурасының жылдық және тәуліктік ауытқулары айқын байқалатын ыстық, құрғақ климат тән. Аустралияның тек солтүстік және шығыс жағалық бөлігіне ғана жылы ағыстар әсерінен біршама мол жауын-шашын түседі.

Материктің оңтүстік тропик шеңбері кесіп өтетіндіктен күн сәулесі мол түседі. Тіпті бірдей ендіктерде жатқан Оңтүстік Африкамен салыстырғанда Аустралияда жазғы ауа температурасы жоғары болады. Бұл Аустралияның батыстан шығысқа қарай енді болуына байланысты. Материкте жаз айларының орташа температурасы +24ºС, +28ºС шамасында, ал ең жоғарғы температура (+52,8ºС) Дарлинг өзенінің орта ағысында тіркелген. Қыста ауаның орташа температурасы +12ºС-тан +24ºС аралығында ауытқиды. Ал Аустралия Альпісінде ауа температурасының -20ºС-қа дейін төмендеуі байқалған. Ауа температурасының жаз бен қыстағы ауытқулары пассаттардың бағытына да әсер етеді.

Аустралия материгі солтүстіктен оңтүстігіне қарай субэкваторлық, тропиктік, субторпиктік климаттық белдеулерді алып жатыр. Тек Тасман аралының оңтүстік бөлігі ғана қоңыржай климаттық белдеуге енеді.

Өзендері мен көлдері. Климатының құрғақ болуына байланысты Аустралияда өзен торы өте сирек, көлдер аз. Материк жерінің жартысынан көп бөлігін (60%) қамтитын ішкі тұйық алапқа уақытша кеуіп қалатын өзен арналары – криктер тән болады. Криктер сирек жауатын жаңбырдан кейін аз ғана уақыт суға толады. Олардың барлығы дерлік материк орталығындағы қалдық көлдерге құяды. Ең ірісі – Эйр көліне бағытталған Куперс-Крик.

Аустралия өзендері негізінен жаңбыр және жер асты суларымен қоректенеді. Тек Аустралия Альпісінен басталатын өзендер көктемгі еріген қар сулары есебінен де толығады. Бүкіл жыл бойына суы мол болатын өзендер Аустралияның жауын-шашын мол түсетін шығысында орналасған. Тынық мұхит алабына жататын бұл өзендер қысқа болғанымен ағыны қатты, шоңғалды болып келеді.

Аустралияда көлдер өте аз. Ертеректегі су айдынының орнында сақталып қалған қалдық көлдер материктің батысы мен орталығында шоғырланған. Бұл көлдер өте таяз, суы тұзды болып келеді, жағалаулары қалың тұз қабыршақтарымен жабылған. Көлдер құрғақ кезеңде тартылып қалады. Ең ірісі – Эйр көлі.

 

Жаңа сабақты бекіту:

1.     Аустралия климатына қандай факторлар әсер етеді?

2.     Африканың оңтүстік бөлігінің климатын Африкамен салыстырып, қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар екенін анықтаңдар.

3.     Неге Аустралия жерінде өзен торы сирек?

4.     Крик дегеніміз не, олар материктің қай бөлігінде таралған?

 

 

Қорытынды: Материкте беткі сулар тапшы болғанымен, жер асты суларының қоры мол. Аустралияда 33 артезиан алабы бар екендігі анықталған. Мұнда дүние жүзіндегі ең ірі Үлкен Артезиан алабы орналасқан. Жер асты суларының көпшілігі тұзды болып келеді. Қабат аралық жер асты сулары 2000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқандықтан, оларды бұрғылап, жер бетіне шығару көп қиындық туғызады.

Үйге тапсырма: §54-оқуға. Кескін картаға климаты мен өзен көлдерін түсіріп келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Табиғат зоналары

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларды табиғат зоналарымен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық:     Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

                3. Тәрбиелік:            Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Түсіндірмелі, баяндау

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Табиғат зоналары картасы, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Аустралияның табиғат зоналары орналасуы жағынан оңтүстік жарты шардың басқа материктерімен ұқсас болып келеді.Бірақ зоналар алып жатқан ауданы мен тіршілік дүниесінің құрамы жөнінен үлкен айырмашылық жасайды. Бұл айырмашылық Аустралияның басқа материктерден өте ертеде бөлініп кетуіне байланысты. Сондықтан материкте басқа ешбір жерде табиғи жағдайда кездеспейтін эндемик өсімдіктер (эвкалипт, казуарина) мен жануарлар (кенгуру, үйректұмсық, ехидна) тіршілік етеді. Материктегі өсімдіктердің 75 %-ы, ал жануарлардың 90%-дайы тек қана Аустралияға тән. Материкте жергілікті жыртқыштар жоқ. Сонымен қатар гондваналық материктердің арасында байланыс болғанын дәлелдейтін кейбір ортақ түрлер (бөтелке ағашы, саяхатшылар ағашы, араукария, ағаш тәрізді папортник, акацияның кейбір түрлері) де бар.

Аустралияда материктің жалпы ауданымен салыстырғанда шөлдердің үлесі өте көп, керісінше орман басқа материктермен салыстырғанда аз алқапты қамтиды.

Материктің басым көпшілігін тропиктік шөл және шөлейт зонасы алып жатыр. Бұл зонаның барлық бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 200-250 мм-ден кем емес, бірақ ұдайы ыстық болғандықтан булану мөлшері жоғары болады. Африкадағы тәрізді мұнда да шөлдердің бірнеше түрі кездеседі. Кристалды жыныстардан құралған қалдық тауларды тасты шөлдер, ойпаттар мен көлдердің айналасын сазды шөлдер, қалған бөлікті құмды шөлдер алып жатыр.

Солтүстікке және шығысқа қарай ылғал мөлшерінің артуына байланысты саванналар мен сирек ормандар таралған. Солтүстіктегі субэкваторлық климаттық белдеудің ылғал көп түсетін бөліктерінде қызыл-қоңыр топырақты ылғалды саваннасы таралған. Мұнда эвкалипт ағаштары басым өседі, оңтүстікке қарай олардың орнын акациялар алмастырады. Үлкен Суайрық жотасына қарай шөптесін өсімдіктер басым.

Ормандар материктің шығысындағы Үлкен Суайрық жотасының шығыс беткейін алып жатыр. Бірнеше климаттық белдеуді кесіп өтуіне байланысты ормандар солтүстіктен оңтүстікке қарай алмасып отырады. Күлгіндеген қызыл топырақтағы ылғалды тропиктік ормандар 20º о.е. дейінгі бөлікте таралған. Оңтүстікке қарай қызғылт-сары ферралитті топырақтағы ылғалды субторпиктік ормандарға ауысады.

 

Жаңа сабақты бекіту:

1.     Аустралия материгіне қандай табиғат зоналары тән?

2.     Аустралия шөлдерінің Африка шөлдерінен қандай басты айырмашылықтары бар?

3.     Скрэб дегеніміз не? Ол қай табиғат зонасына тән болады?

4.     Материк табиғатына кері әсерін тигізетін қандай жағдайларды білесіңдер?

 

Қорытынды: Қазіргі кезде материк табиғатын мүмкіндігінше сақтау барысында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Аустралия Одағының мемлекеттік ел таңбасында эму түйеқұсы мен кенгуру бейнелеген, ал ехидна, үйректұмсық, лирақұйрық күміс ақшаларында таңбаланған. Аустралиядағы қорғауға алынған кешендердің саны мыңнан асады. Материктегі Улуру, Үлкен Тосқауыл рифі, Какаду тәрізді ұлттық парктер дүние жүзіне әйгілі.

Үйге тапсырма: §55 оқуға. Кескін картаға табиғат зоналарын түсіріп келу. Қосымша материалдар жинау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Аустралия Одағы

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларды Аустралия Одағымен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық:     Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

                3. Тәрбиелік:            Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Аустралия Одағының физикалық картасы, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Аустралия материгі мен көршілес орналасқан Тасман аралын бір ғана ел – Аустралия Одағы алып жатыр. Аустралия Одағы жерінің ауданы бойынша д.ж-де 6-шы орында тұрғанымен, халқы ең аз материк болып есептеледі. Қазіргі кезде халқының саны 18 млн адамнан асады. Халықтың басым көпшілігі шығыс жағалауындағы ірі қалаларда тұрады. Елдегі қала халқының үлесі 86%-ға жетеді.

Материктің байырғы халқы аборигендер метистермен қоса есептегеннің өзінде халықтың 1%-ын ғана құрайды. Азиядан қоныс аударған қытайлар мен үнділердің санының өзі байырғы халықтан әлдеқайда көп.

Еуропадан жаппай қоныс аударған ағылшындардың ұрпақтарынан материктің келімсек халқы – Аустралиялық ағылшындар қалыптасты. Олар аборигендерді шығыстағы жайлы жерлерден біртіндеп ығыстырып, орталықтағы шөл мен шөлейт жерлердегі резервацияларға көшірген. Кейбір жекелеген тайпалар әлі де өздерінің қалыптасқан өмір салтын сақтап қалған.

Аустралия Одағы – шаруашылығы дамыған ел. Материктегі алуан түрлі пайдалы қазбалар негізінде алдымен тау-кен өнеркәсібі қалыптасып, дамыған. Соңғы кезде машина жасау, химия және тамақ өнеркәсібінің салалары қарқынды өркендеуде. Елде ағаш сүрегін дайындап, өңдеу де жақсы жолға қойылған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы да жоғары деңгейге көтерілуде. Еуропалықтар өздері басып алған жақсы жерлерді жергілікті табиғат жағдайларына бейімдеп, қой шаруашылығын барынша дамытқан.

Жаңа сабақты бекіту:

1.     «Абориген» ұғымы қайдан шыққан?

2.     Аустралияның қазіргі халқы қалай қалыптасқан?

3.     Материкте неге халық сирек қоныстанған?

4.     Еуропалықтар материкке сырттан қандай өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін әкелген?

5.     Елдің шаруашылығы табиғат жағдайларына қалай бейімделген? Оған нақты мысалдар келтіріңдер.

Қорытынды: Қорытындылай келе, қазіргі кезде Аустралия меринос қойларының саны жөнінен д.ж-де 1-орын алады. Елдің ылғал мол түсетін оңтүстік шығыс және оңтүстік-батыс аудандарында бидай егіледі. Жағалық жазықтарда ананас, банан, қант құрағы, ірі қалалардың маңындағы суармалы жерлерде бау-бақша өсіріледі.

Үйге тапсырма: §56-оқуға. Кескін картаға Аустралия Одағын түсіріп келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Тынық мұхиты

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларды Тынық мұхитымен таныстыру, оның ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық:     Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

                3. Тәрбиелік:            Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Тынық мұхит – д.ж-гі ең үлкен және ежелгі мұхит. Тынық мұхит тек үлкендігімен ғана емес, мұхит табанындағы жер қыртысының өте күрделілігімен, жиі қозғалғыштығымен, өте тереңдігімен, жанартау атқылау мен жер сілкіну құбылыстарының жиі байқалуымен, суында жылу қорының мол болуымен, аралдардың көптігімен, тіршілік дүниесінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді.

Географиялық орны. Тынық мұхиттың негізгі бөлігі батыс жарты шарда, экватордың екі жағын ала орналасқан. Ол Африкадан басқа материктің барлығын шайып жатыр. Мұхиттың әсіресе Еуразия материгін шайып жатқан бөлігінде жағалау өте күшті тілімденген: мұнда жағалық теңіздер мен ірілі-ұсақты шығанақтар, бұғаздар өте көп. Олардың көпшілігі материктік қайраңда орналасқандықтан онша терең емес. Ал кейбір теңіздер литосфералық плиталардың жымдасу аймағында орналасқандықтан өте терең және мұхиттан аралдық доғалар арқылы бөлініп жатыр.

Зерттелуі. Тынық мұхит табиғатын нақты, ғылыми тұрғыдан зерттеу тек екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін ХХ ғасырдың екінші жартысында басталды. Экспедициялар негізінен Дүниежүзілік мұхит  мен материк арасындағы өзара байланыстарды зерттеу мақсатында ұйымдастырылды.

1957 жылы Ресейдің «Витязь» ғылыми-зерттеу кемесі Тынық мұхитта зерттеулер жүргізіп, оның ең терең бөлігі – Мариана шұңғымасын ашты. Қазіргі кезде Тынық мұхит табиғатын зерттеу арнайы құрылған халықаралық ұйымның басшылығымен жүргізілуде.

Табиғаты. Тынық мұхит ең ежелгі мұхит, ол түгелдей дерлік Тынық мұхит литосфералық плитасында орналасқан. Мұхиттық плитаның көршілес жатқан материктік плиталармен  жымдасқан жері мұхит табанының өтпелі аймақтарына сәйкес келеді.

Мұхиттағы пасаттар басым болатын экватор бойында жылдық жауын-шашын мөлшері 2000 мм-ден кем болмайды. Тынық мұхиттың солтүстік-батысындағы Еуразия жағалауында муссондық циркуляция күшті байқалады. Жазғы муссон материк жағалауы мен аралдарға мұхиттан мол ылғал әкелсе, қыста материктен соғатын суық, әрі құрғақ муссон қоңыржай белдеудегі жағалық теңіздердің ұзақ уақыт қатып жатуына себепші болады. Ал сол ендіктердегі ашық мұхитта судың беткі температурасы әлдеқайда жоғары болады. Осы жағалаудағы тропиктік белдеуде жаздың аяғы мен күздің басында қысым айырмашылығы әсерінен қалыптасатын тайфундар байқалады. Ал қоңыржай белдеулерде жылдың салқын мезгілінде батыс желдерінің ықпалы күшейеді.

Тынық мұхиттың өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өте бай және алуан түрлі болып келеді. Олардың басқа мұхиттардағы тіршілік дүниесінен басты айырмашылығы – өте ежелгі және алып түрлердің көптеп кездесуі. Бұл ерекшеліктер мұхит суының көлеміне, табиғат жағдайларының алуан түрлілігіне байланысты. Тынық мұхитта басқа мұхиттарда кездеспейтін балықтарлың өте ежелгі түрлері, теңіз кірпілері, семсерқұйрық, теңіз мысығы, теңіз құндызы, теңіз қабыланы сақталып қалған. Өте бағалы албырт балық түрлерінің 95%-ы Тынық мұхиттың Еуразия жағалауында тіршілік етеді. Осы маңда суық және жылы сулар араласатындықтан минтай, камбала, майшабақ, таңқышаяндар көп ауланады, жалпы тіршілік дүниесіне өте бай.

 

Жаңа сабақты бекіту:

1.     Тынық мұхит табиғатының басты ерекшеліктері қандай?

2.     Тынық мұхиттың қай аудандарында теңіз дауылдары соғады?

3.     Тынық мұхитқа ғана тән жануарлардың түрлерін атаңдар.

4.     Тынық мұхитты адамдар қандай қажетіне пайдаланады?

Қорытынды: Қорытындылай келе, Мұхит байлықтарын ретсіз пайдалану, сулардың мұнаймен, радиоактивті қалдықтармен ластануы соңғы жылдары белең алуда. Әсіресе, өнеркәсібі күшті дамыған елдер орналасқан жағалауларда ластану дәрежесі жоғары. Ластанған сулар ағыстармен бүкіл мұхит айдынына таралады, тіпті Антарктика жағалауындағы жануарлардың денесінен зиянды заттар табылған. Тіршілік ортасының шамадан тыс ластануынан және шектен тыс аулаудың нәтижесінде ерекше теңіз жануарлары – су сиырлары жойылып кеткен. Қазіргі кезде теңіз мысықтары мен киттердің санының азаюына байланысты оларды аулауға тыйым салынған.

 

Үйге тапсырма: §57-оқуға. Кескін картаға түсіріп келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Мұхит аралдары

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларды Мұхит аралдарымен таныстыру, оның ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық:     Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

                3. Тәрбиелік:            Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Мұхиттың орталық және оңтүстік-батысында шоғырланған аралдардың тобын Мұхит аралдары деп атайды. Бұл аралдардың саны 7 мыңнан асады, жалпы ауданы 1,3 млн км² болады. Мұхит аралдары экватордың екі жағында, солтүстік жарты шардың субтропиктік белдеуі мен оңтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуі аралығын алып жатыр. Ірі аралдарына Жаңа Гвинея, Жаңа Зелендия, Гавай, Фиджи және т.б. аралдар жатады. Тарихи географиялық ерекшеліктеріне байланысты Мұхит аралдарына Меланезия («қара аралдар»), Микронезия («ұсақ аралдар»), Полинезия («көп аралдар») және Жаңа Зеландия болып бөлінеді.

Мұхит аралдары еуропалықтарға Ф.Магеллан саяхатынан кейін ғана белгілі болды. Кейіннен бұл аралдар туралы мәліметтерді Джеймс Кук пен орыс саяхатшылары жинақтап, толықтырды. Әсіресе, Жаңа Гвинея аралында 12 жыл тұрған орыс ғалымы Н.Н.Миклухо-Маклай Мұхит аралдарының табиғаты мен халқы жөнінде құнды ғылыми еңбектер жазып қалдырған. Мұхит аралдарында саяхатшылардың құрметіне қойылған географиялық атаулар көп таралған.

Табиғаты. Мұхит аралдарының әсем табиғаты алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Аралдардың кейбірінде асқақтаған таулар басым болса, кейбіреуін, теп-тегіс жазықтар алып жатыр.

Мұхит аралдары Тынық мұхит табанындағы қозғалыстардың нәтижесінде түзілген. Аралдардың басым көпшілігі жанартаулық әрекеттерден түзілген. Жанартаулық аралдардың ең ірісі – Гавай аралдары. Мұндағы сөнбеген Мауна-Лоа жанартауының биіктігі 4170 м. Ал екі литосфералық плиталардың жымдасу аймағында қалыптасқан аралдар геосинклиналдық аралдар болып табылады. Олардың ең ірісі – Жаңа Зеландия аралдары. Жанартау атқылауы геосинклиналдық аралдарда да күшті байқалады. Жаңа Зеландияның Солтүстік аралындағы сөнбеген Руапеху жанартауының биіктігі 2796 м-ге жетеді.

Географиялық орнына сәйкес, Мұхит аралдарында ауа температурасы жыл бойы жоғары болады, бірақ мұхиттан соғатын ылғалды желдер климатты жұмсартады, ылғал бір қалыпты түседі. Жаңа Зеландия аралының қоңыржай белдеуге енетін оңтүстік бөлігінде ғана температура біршама төмен болады. Экватор бойында жатқан аралдарда жел болмайды. Ал екі тропиктегі циклондар жолында жатқан аралдар тайфундардың жойқын ықпалына жиі ұшырайды.

Халқы мен елдері. Адамдар мұхит аралдарын ежелден қоныстанған. Олардың аралдары қоныстануы мен шығу тегі жайлы көптеген жорамалдар болғанымен, ғалымдардың көпшілігі оларды Оңтүстік-Шығыс Азиядан қоныс аударғандар деп есептейді. Мұхит аралдарының негізгі халқы – папуастардың тұрмыс-тіршілігі туралы нақты ғылыми деректерді орыс саяхатшысы Н.Н.Миклухо-Маклайдың еңбектерінен табуға болады.

Мұхит аралдарында Папуа-Жаңа Гвинея, Жаңа Зеландия және тағы басқа ұсақ аралдық елдер орналасқан. Мұхит аралдарының қазіргі халқы кокос пальмасы, батат, ананас, банан, қант құрағы, күріш өсіреді, балық аулаумен айналысады. Сонымен қатар аралдарда тас көмір, алтын, мыс өндіріледі.

Мұхит аралдарындағы ең ірі, шаруашылығы жақсы дамыған ел – Жаңа Зеландия. Елдің жері екі үлкен арал мен көптеген ұсақ аралдардан тұрады. 3,5 млн-нан астам халқы бар. Жаңа Зеландияда Еуропадан қоныс аударғандардың ұрпақтары – жаңа зеландиялықтар тұрады.

Байырғы маорилер ел халқының 10%-ын ғана құрайды. Жаңа Зеландия халқының әл-ауқаты жоғары елдер қатрына жатады. Астанасы – Веллингтон қаласы.

Жаңа Зеландия ауыл шаруашылығы өте жоғары дәрежеде дамыған, халқы қой және ірі қара өсірумен, егіншілікпен, балық шаруашылығымен айналысады. Елдің әр тұрғынына шаққанда малдың басы 20-дан асады. Д.ж.-нің көптеген елдеріне қой жүнін, ет, сары май, ірімшік, жемістер мен балық өнімдерін сатады.

Жаңа сабақты бекіту:

1.     Мұхит аралдарының географиялық орнын анықтаңдар.

2.     Қалыптасуына қарай аралдар қалай топтастырылады?

3.     Аралдар табиғатын зерттеген қандай басты ерекшеліктері бар?

4.     Физикалық және климаттық карталарды пайдаланып, Жаңа Гвинея мен Жаңа Зеландияның табиғат жағдайларын салыстырыңдар.

5.     Мұхит аралдарында қандай халықтар тұрады?

Қорытынды: Қорыта келгенде, Жаңа Зеландияда табиғатты қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Жерінің 16%-ын қорықтар мен ұлттық парктер алып жатыр. Елде 10 ұлттық парк бар.

Үйге тапсырма: §58-оқуға. Кескін картаға мұхит аралдарын түсіп келу.

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Антарктика. Материктің географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы.

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларды Антарктика. Материктің географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихымен таныстыру, оның ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық:     Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

                3. Тәрбиелік:            Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Географиялық орны. Ежелгі Гондвана материгінің құрамында бірге болғанына қарамастан, Антарктиканың қазіргі табиғат жағдайлары оңтүстік жарты шардың басқа материктеріне ұқсамайды. Ол айырмашылықтар материктің оңтүстік поляр аймағындағы орнымен байланысты түсіндіріледі. Антарктика басқа материктерден алшақ орналасқан, олардан орасан зор мұхит айдындары арқылы бөлініп жатыр. Антарктика жағалауындағы өте салқын мұхит сулары материкті айнала қозғалатын Батыс желдерінің шеңберлік ағыс жүйесін құрайды. Антарктикаға жалғасып жатқан Тынық, Атлант және Үнді мұхиттары суларының шеткі бөліктері негізгі мұхит айдындарынан осы шеңберлік суық ағыс арқылы бөлініп жатыр. Сондықтан мұндағы судың беткі температурасы мен тұздылығы, тіршілік дүниесі құрамы жағынан аталған мұхиттардан үлкен айырмашылық жасайды. Сондықтан Антарктика жағалауындағы мұхит сулары шартты түрде Оңтүстік мұхит деп аталады. Материк пен оның жағалауындағы теңіздер табанына дейін қалың қайраңдық мұздықтар құрсалған.

Ашылу және зерттелу тарихы. Антарктика – ең соңғы ашылған материк. Белгісіз оңтүстік жерлің бар екендігі туралы мәліметтер ертеден-ақ белгілі болған. Дегенмен еуропалық теңізшілердің осы бағытта жасаған көптеген саяхаттары сәтсіздіктерге ұшырап, мақсатына жетпеген. 1772-1775 жылдар аралығында ағылшын теңізшісі Джеймс Кук оңтүстік материкті іздеп, саяхатқа шыққан. Оңтүстік поляр шеңберін үш рет кесіп өткен Дж. Кук Антарктика жағалауына біршама жақындап барған, бірақ қалың мұздан әрі өте алмай кері қайтқан. Нәтижесінде ғалым егер материк табыла қалса, тек полюстің маңында ғана болуы мүмкін деген қорытынды жасаған. Куктың тұжырымдамаларынан кейін ұзақ уақыт оңтүстік материкті іздеуге ешкім әрекет жасаған жоқ.

Антарктиданың ашылуы мен зерттелуінде Ресей ғалымдарының үлесі зор. 1819-1821 жылдары Ф.Ф. Беллинсгаузен мен М.П. Лащзарев басқарған «Восток» және «Мирный» желкенді кемелерімен саяхатқа шыққан орыс экспедициясы Антарктика материгі жағалауына бес рет жақындап барып, көптеген аралдарды ашты. Экспедиция материк жағалауына тұңғыш рет тоқтаған 1820 жылдың 28 қаңтары Антарктиканың ашылған күні болып табылады.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында АҚШ, Ұлыбритания, Аустралия, Норвегия және басқа көптеген елдер Антарктиданы зерттеу үшін арнаулы экспедициялар ұйымдастырылды. Жүйелі зерттеулер Халықаралық геофизикалық жыл (1957-1958 жылдар) бағдарламасы негізінде Ресей мен 11 ел материк пен оның жағалауындағы аралдарда 57 база құрып, бірлесе жүргізуінен басталды.

Жаңа сабақты бекіту:

·        Жердің 99%-ын қалың мұз жауып жатыр, мұздың орташа қалыңдығы 1720 м-ге жуық, ең қалың жері 4300 м (Шмидт жазығы);

·        Антарктика – Жер шарындағы ең биік материк, оның мұз жамылғысымен қоса есептегендегі орташа биіктігі 2040 м;

·        Материктегі мұздың жалпы көлемі 24 млн км³, бұл дүние жүзіндегі тұщы су қорының 80%-ын құрайды;

·        Антарктика – Жер шарының суықтық полюсі, мұнда 1983 жылы ғаламшарымыздағы ең төмен температура (-89,2ºС) тіркелген;

·        Материктің ең биік нүктесі биіктігі 5140 м болатын Винсон тауы, ал теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері – Бентли ойысы (-2555 м);

·        Антарктикада сөнбеген жанартаулар бар, олардың ең ірісі Эребус жанартауы (3794 м);

·        Оңтүстік полюс үстінде таңның атуы мен күннің батуын жылына бір рет қана байқауға болады.

Қорытынды: қорытындылай келе, Антарктика табиғаты халықаралық заңдар негізінде қорғауға алынған. Сондықтан Антарктиканы ғылым мен бейбітшілік материгі деп атайды. Материк пен оның жағалауын зерттеген батыл да табанды, жігерлі де ер жүрек зерттеушілердің аттары олардың құрметіне қойылған жер атауларында мәңгілік сақталады. Антарктика табиғатын зерттеп-білу ғаламшарымызлағы тіршілік дамуының өткені мен болашағын түсінуге мүмкіндік береді.

Үйге тапсырма: §59-оқуға. Кескін картаға материті түсіріп келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Табиғаты

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларды Антарктика материгінің табиғатымен таныстыру, оның ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық:     Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

                3. Тәрбиелік:            Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Зерттеушілердің қатал климат жағдайындағы теңдессіз еңбектері нәтижесінде Антарктиканың ғылымға белгісіз көптеген құпиялары ашылды. Антарктика материгін қалың мұз жамылғысымен қосып, Мұзды Антарктика деп атайды. Жаппай мұз басу Антарктика Аустралиядан ажырап, оңтүстік полюске қарай жылжыған кезден басталған. Мұздың орташа қалыңдығы  1720 м шамасында, ең қалың жарлері 4300 м-ден асады. Мұз жамылғысымен қоса есептегенде материктің орташа биіктігі барлық материктердің орташа биіктігінен 3 есе артық. Антарктиканы жауып жатқан мұз қалқанының орталық бөлігі қалың әрі көтеріңкі, шет жағына қарай жұқарып, аласарған күмбезге ұқсайды. Егер осы мұздарды ерітетін болса, Дүниежүзілік мұхит деңгейі 62 м-ге көтерілген болар еді. Ал мұз астында жатқан материк бөлігін Тасты Антарктика деп атайды.

Оның негізін гондваналық  Антарктика платформасы құрайды. Оған батыс бөліктен Анд қатпарлы жүйесіне жататын Антарктика түбегі жалғасады. Олардың жымдасқан бөлігінде қазіргі жер бедерінің көтерілуіне себепші болып отырған жанартаулар тізбегі жатыр. Росс теңізі жағалауында сөнбеген Эребус жанартауы орналасқан. Бұл тау түзілісінің әлі де жүріп жатқанын көрсетеді.

Материк жер бедерінің ерекшелігіне қарай Батыс Антарктика және Шығыс Антарктика болып екіге бөлінеді. Батыс Антарктиканың жер беті өте күшті тілімденген, көпшілік бөлігі мұз салмағынан қатты майысқан ойыстардан тұрады. Теңіз деңгейінен еңбиік және ең төмен жатқан нүктелер де осында орналасқан. Ал Шығыс Антарктикадағы қалың мұз жамылғысымен жабылған жазық жерлер биіктігі 3000-4000 м-ге жететін таулармен алмасады. Таулардың тек ең биік шыңдары ғана жер бетіне шығып жатыр.

Антарктикадағы пайдалы қазбалар әлі де болса толық зерттелмеген. Қазіргі таңда материк қойнауында тас көмір, темір, слюда, графит, алтын, алмас, уран және түсті металдардың қоры бар екендігі анықталып отыр.

Антарктика – Жер шарындағы ең суық материк. Әсіресе ішкі аймақтардың климаты ерекше қатал. Ондағы қысқы орташа температура -60º -72ºС-қа дейін, ал жаз кезінде - 30º-50ºС аралығында болады.

Антарктика жағалауындағы сулар ұсақ өсімдіктер мен жануарлардың жиынтығынан тұратын планктонға бай. Планктон киттердің, итбалықтардың, балықтар мен құстардың 13 түрі, итбалықтардың 5 түрі, көк киттер, кашалоттар мен касаткалар мекендейді. Материк жағалауында құстардың ерекше түрі – пингвиндер көп таралған. Олардың 17 түрі кездеседі, ең көп тарағаны Адели деп аталатын кішкентай пингвин. Сонымен қатар салмағы 50 кг-ға жететін, бойы 1 м-ден асатын, өте әдемі император пингвині мекендейді. Жаз айларында материк жағалауларында дауылпаздар, теңіз шағалалары, су құзғындары ұя салады.

 

Жаңа сабақты бекіту:

1. Антарктика материгі қашан ашылды, оны кімдер зерттеді?

2. Оңтүстік полюске кімдер және қашан барды?

3. «Оңтүстік мұхит» дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Антарктика материгін неге мұз құрсап жатыр? Мұздың қалыңдықтары қанша?

5. Тасты Антарктика дегеніміз не?

6. Антарктика жағалауына қарай неге ағынды желдер соғады?

7. Неліктен Антарктика материгінде тіршілік мұхит суымен байланысты?

Қорытынды: Қорыта келе, Атмосфераның жалпы ластануы әсерінен Антарктика мұздарының жедел қарқынмен еруі мүмкін деген жорамал бар. Сонымен қатар Жерді ғарыштан келетін зиянды сәулелерден қорғайтын атмосферадағы өзон қабатының Антарктика үстінде жұқарып сөгілгендігі де анықталып отыр. Бұл құбылыстың одан әрі күшеюі Жердегі тіршілікке зор қауіп төндіреді. Антарктика табиғатын зерттеушілер бұл апатты құбылыстарды тоқтату шараларын қарастыруда.

 

Үйге тапсырма: §60-оқуға. Кескін картаға табиғатын түсіріп келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Оңтүстік жарты шар материгі бойынша қорытынды сабақ. Сарамандық жұмыс №5

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларды Оңтүстік жарты шар материгінің ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық:     Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

                3. Тәрбиелік:            Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, ізденіс

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

 

v Оңтүстік жарты шар материктері деп аталатын Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия және Антарктика ұзақ уақыт бойы ежелгі Гондвана материгінің құрамында болған.  Литосфералық плиталардың қозғалысы нәтижесінде Гондвана Оңтүстік Америка, Африка-Арабия, Үндістан, Аустралия-Антарктика плиталарына ажырады. Сонымен қатар плиталардың ажырау аймағында қазіргі Атлант және Үнді мұхиттарының табаны ашылды. Кейінірек Африка-Арабия және Үндістан плиталары Еуразияға, ал Оңтүстік Америка Панама мойнағы арқылы Солтүстік Америкаға жалғасты. Аустралия мен Антарктида арасындағы құрлықтық байланыс үзілді. Нәтижесінде Оңтүстік жарты шар материктерінің қазіргі пішіні қалыптасты.

 

·        Аустралияның Жер шарындағы ең құрғақ материк аталу себебі неде?

·        Аустралия табиғатының қандай белгілері Африкаға ұқсас болып келеді?

·        Эйр көлі Африканың қандай көліне ұқсас болып келеді, оның себебін түсіндіріңдер.

·        Аустралияның табиғатына, халқына және шаруашылығына қатысты «...ең, ең...» деп атауға болатын ерекшеліктерді атаңдар.

·        Тынық мұхит табанындағы ірі су асты жотасы қалай аталады?

·        Тынық мұхиттағы ең үлкен жанарнтаулық аралдар тобын атаңдар.

·        Тынық мұхиттың қандай бөлігінде маржан аралдары көптеп таралған, неліктен?

·        Д.ж-нің саяси картасы бойынша Тынық мұхит жағалауында орналасқан ірі елдерді анықтаңдар. Олардың шаруашылық әрекетіне мұхиттың қандай ықпалы бар?

·        Тарихи  -географиялық ерекшеліктеріне қарай мұхит аралдары қалай бөліненді?

·         Антарктиканың басқа материктерден кеш ашылуы неліктен деп ойлайсыңдар?

·        Антарктика сулары неге Оңтүстік мұхит деп аталады?

·         Антарктиканың мұз астындағы жер бедері қандай?

·        Антарктика климатына тән қандай ерекшеліктерді атай аласыңдар?

·        Антарктикалық шұрат дегеніміз не?

 

 

 

Қорытынды: Қорытындылай келе, Қазіргі кезде Оңтүстік Америка материгінің солтүстігі мен Африка жерінің жартысынан астамы солтүстік жарты шарда орналасқан. Соған қарамастан олар геоглогиялық даму тарихы мен табиғат жағдайларының ортақ белгілеріне сәйкес оңтүстік жарты шар материктері тобына кіреді. Сондықтан материктердің географиялық орнындағы қазіргі айырмашылықтарға қарамастан табиғат жағдайлары ұқсас болып келеді.

 

Үйге тапсырма: Оңтүстік жарты шар материктерін қайталау. Реферат жазып келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс. Сарамандық жұмыс № 6

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларды табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыстарымен таныстыру, оның ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық:     Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

                3. Тәрбиелік:            Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ.

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Табиғат байлықтары. Бүгінгі таңда адамзаттың табиғат байлықтарына деген сұранысы артып келеді. Адамдар табиғаттан және табиғат байлықтарынан оқшау тіршілік ете алмайды.

Табиғаттың адам қажетіне жарайтын барлық мүмкіншілігін табиғат байлығы деп атайды. Табиғат байлықтарының минералдық, климаттық, су, жер және биологиялық деп аталатын негізгі бес түрге ажыратылады. Олар сарқылатын және сарқылмайтын байлықтар тобына ажыратылады.

Дүние жүзі елдерінде пайдалы қазбалар өндіру жылдан-жылға артып келеді. Соңғы кезде мұхит қайраңдары мен суларынан да түрлі пайдалы қазбалар өндіріледі. Мамандардың есептеуінше, пайдалы қазбаларды өндіру қарқынды жүргізіле беретін болса, ХХІ ғасырдың ортасына қарай адамзат олардың барлық қорын тауысады. Әсіресе металдардың ең көп пайдаланылатын кейбір түрлері жақын жылдарда-ақ сарқылуы мүмкін.

Табиғат жағдайларының адамдар тіршілігіне әсері. Адам тіршілік ететін географиялық орта адам денсаулығын сақтау мен нығайтуға жағдай жасайды, адамның шаруашылық әрекетінің сипатын анықтайды. Сондықтан адам үшін өзі өмір сүретін табиғи ортасының жай күйі, яғни ауа мен суының тазалығы, климаттық жағдайының қолайлы болуына аса маңызды.

Шаруашылық әрекеттің табиғатқа әсері. Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас адамдардың шаруашылық әрекетінен неғұрлым айқын көрінеді. Алғашқы адамдар  табиғаттың дайын «сыйын» ғана пайдаланды, яғни жеуге жарамды өсімдіктерді жинады, аң және балық аулаумен күнелтті. Сондықтан олардың тіршілік әрекеті табиғатқа айтарлықтай  нұқсан келтірген жоқ. Біртіндеп неғұрлым жетілдірілген еңбек құралдарын пайдалану нәтижесінде адам табиғи ортаға белсендірек ықпал ете бастады. Ормандар кесіліп, мәдени дақылдар егілді, қуаңшылық аудандарда суландыру жүйесі тартылды. Кеме қатынасына жарамды болу үшін өзен арналары тереңдетілді және т.б.

Шаруашылықты ұйымдастыру барысында табиғатты қорғау, қалпына келтіру және табиғат байлығын мүмкіндігінше сақтау кезек күттірмейтін мәселе болып отыр.

Жер шарындағы қазіргі экологиялық жағдай. Адамның табиғат байлықтарын есепсіз пайдалануы, табиғи орта заңдылықтарын ескермеуі экологиялық зардаптарға әкеліп соқтыруда. Қазіргі кезде экологиялық зардаптар ғаламдық сипат алуда. Грек тілінен аударғанда «үй, қоныс» деген мағына беретін экология ұғымын алғаш рет 1866 жылы неміс ғалымы Э. Геккель енгізген.

Географиялық қабықтың біртұтастығына байланысты ортақ үйіміз – Жер ғаламшарының кез келген түкпіріндегі экологиялық зардаптар бүкіл Жер шары табиғатына кері әсерін тигізеді. Сондықтан табиғат қорғау шараларын жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде қатар ұйымдастырылып, жүргізу қажет.

 

 

 

Жаңа сабақты бекіту:

1. Табиғат байлықтарының қандай түрлерін білесіңдер?

2. Өздерің тұратын жерде қандай табиғат байлықтары бар және олар қалай пайдаланылады?

3. Адамның шаруашылық әрекеті мен тұрмыс-тіршілігіне табиғат жағдайларының әсері қандай?

4. Табиғи ортаға адамның шаруашылық әрекеті қалай әсер етеді? Өздерің тұратын жердегі адам әрекеті өзгерткен табиғат жағдайларына мысал келтіріңдер.

Қорытынды: Жер біздің ортақ үйіміз болғандықтан өмірімізге нәр беріп отырған Жер-Ананы құрметтеу, оның әрбір сүйем жерін, ондағы табиғат байлығын қорғау әрбір адам үшін басты борыш пен міндетке айналуы тиіс екенін әрдайым жадымызда сақтайық.

Үйге тапсырма: §61-оқуға. Қосымша материалдар жинау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Жер шарындағы халықтар және елдер

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларды Жер шарының халықтарымен және елдерімен таныстыру, оның ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық:     Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

                3. Тәрбиелік:            Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Материктер бойынша халықтың қоныстануы. Ең алғашқы адамдар мен олардың қоныстары Африка, Оңтүстік Еуропа және Оңтүстік-Батыс Азия жерінен табылған. Адамдар біртіндеп осы дүние бөліктерінің тіршілікке қолайлы жерлеріне қоныстанып, табиғат байлықтарын игерді. Кейіннен жаңа жерлер мен дүние бөліктерінің ашылуына байланысты адамдар Жер шарының Антарктикадан басқа материктеріне де қоныс аударды.

Шаруашылықтың дамуы, халықтың әл-ауқатының, тұрмыс жағдайының жақсаруы біртіндеп халық санының өсуіне мүмкіндік жасады. Есептеулер бойынша, осыдан 17 мың жыл бұрын Жер шарында 3млн-ға жуық қана халық тұрған. Ал бүгінгі таңда Жер шары халқы 6 млрд-тан асып отыр. Халықтың басым көпшілігі табиғат жағдайы қолайлы теңіз жағалаулары мен жазықтарда тұрады. Жер шарында халық тығыздығы жоғары төрт аймақты ажыратуға болады. Олар: Оңтүстік Азия, Шығыс Азия, Батыс Еуропа, Солтүстік Американың шығыс бөлігі.

Негізгі этностар мен діндер. Әрбір нәсіл көптеген халықтардың жиынтығынан тұрады. Ұзақ тарихи уақыт аралығында қалыптасқан ортақ тілі, мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, мекен ортасы бар адамдар тобын этнос деп атайды. Грек тілінен аударғанда «этнос» сөзі «халық» деген мағынаны білдіреді. Жеке этностар ішкі айырмашылықтарына байланысты ұлттар мен ұлыстарға, тайпаларға жіктеледі. Қазіргі кезде Жер шарында 4 мыңға жуық этнос бар.

Жер шары халқының діни құрылымы да күрделі. Діндер жүйесін материктердің байырғы халықтарында сақталып қалған жергілікті діни сенім-нанымдар, белгілі бір халыққа тән синтоизм, үнді халқына тән индуизм, еврей халқының иудаизм діндері жатады. Ал христиан, буддизм, ислам діндері әлемдік діндер болып табылады.

Елдер. Қазіргі кезде дүние жүзінде 200-ден аса тәуелсіз ел бар. Елдердің қалыптасуы ұзақ тарихи кезеңді қамтыды. Жер шарындағы елдердің шекаралары, мемлекеттік құрылымы дүние жүзінің саяси картасында бейнеленеді.

Дүние жүзі елдері көптеген белгілеріне қарай ажыратылады. Елдерді топтастырудың ең көп тараған түрі – жерінің ауданы мен халқының санына қарай топтастыру. Жерінің ауданы жағынан ең үлкен 7 ел бар, олардың әрқайсының ауданы 3 млн км²-ден асады. Олардың жерлерін қосса, Жер шарындағы құрлықтың тең жартысын құрайды. Кейбір елдер бүкіл материкті немесе оның тең жартысын алып жатыр. Сонымен қатар жері өте шағын елдер де бар. Мысалы Ватиканның ауданы 1 км², ол Рим қаласының кішкене бөлігін ғана қамтиды.

Халқының саны ең көп 10 ел бар. Олардың әрқайсысында 100 млн-нан астам халық тұрады. Бұл елдердің халқы Жер шары халқының жартысынан астамын құрайды. Сонымен қатар халқы бірнеше мыңнан аспайтын ұсақ елдер де бар. Мысалы, Еуропадағы Сан-Марино елінде 25 мыңдай ғана адам тұрады.

Елдер мемлекеттік құрылымы мен ұстанып отырған саясатына қарай да топтастырылады. Мемлекеттік құрылымына қарай  республикалық және монархиялық елдер, ұстанған саясатына қарай буржуазиялық (капиталистік), социалистік және бейтарап елдерге ажыратылады.

 

Жаңа сабақты бекіту:

1.     Жер шарында халық неге біркелкі қоныстанбаған?

2.     Миграция дегеніміз не?

3.     Жер шарында қанша халық тұрады?

4.     Халықтың ірі тобы қалай аталады? Өздерің білетін ірі этностарға мысал келтіріңдер.

5.     Қандай материктер мен дүние бөліктерінде елдердің саны көп? Оның себебін түсіндіріңдер.

6.     Елдер қандай белгілеріне қарай топтастырылады?

 

Қорытынды: Дүние жүзінің саяси картасы әрбір дәуірдің айнасы болып табылады. Ол үздіксіз өзгеріп, дамып отырады. Адамзат тарихындағы саяси картаны ең күшті өзгерістері ХХ ғасырда жүрді.

 

Үйге тапсырма: §62-оқуға. Қосымша материалдар жинап, реферат жазып келу.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "География "Поурочные планы" 7 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 595 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.10.2015 3965
    • DOCX 1.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Маленкина Нургуль Абаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Маленкина Нургуль Абаевна
    Маленкина Нургуль Абаевна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 13
    • Всего просмотров: 68004
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 30 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по географии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов

Курс повышения квалификации

Методика обучения географии для детей с ОВЗ с использованием туристических приемов

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровые компетенции и навыки: работа с презентациями

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 27 регионов

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 25 регионов