Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / География / Конспекты / География сабағында технологиялар арқылы оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын арттыру.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • География

География сабағында технологиялар арқылы оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын арттыру.

библиотека
материалов


МАЗМҰНЫ


Кіріспе. .....................................................................................................................2

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. Географияны оқыту процесінде қолданылатын технологиялар.

1.1. Географияны оқыту процесіндегі жаңа технологиялар

арқылы оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын арттыру...4
ІІ. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ.
2.1. География пәнін оқытуда ақпараттық технологияны қолдану
арқылы

оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын арттыру..................5
2.2. География сабақтарында жаңа ақпараттық-коммуникативтік

технологияларды пайдаланудың тиімділігі............................................7

ІІІ. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМ.
3.1. География сабағында
технологиялар арқылы оқушылардың ғылыми

жаратылыстану сауаттылығын арттыру......................................................11
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................14

































«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»

                                                                                      Н. Ә. Назарбаев

Кіріспе.

Елбасының тапсырмасы бойынша Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық жоспар қабылданды. Оқушылардың функционалдық дамуы туралы мәселе алғаш рет Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстанның дамуынның негізгі бағыты» Жолдауында көтерілген болатын. Онда осы мәселе бойынша бес жылдық Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдау туралы нақты тапсырма қойылған болатын. 2009 жылы Қазақстан PISA зерттеуіне алғаш рет қатысты.

Қазіргі таңда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімдеу мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдықты қажет ететін жағдайда заман талабына сай өмір сүріп ,қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің 15 жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA 2015 халықаралық зерттеулеріне қатысады. PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуінің әрбір кезеңінде халықаралық контексте саралау жұмысы жүргізіледі. Бұл әрбір қатысушы елге білім беру жүйесінің стратегиялық мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл – Елбасының білім саласын жаңарту туралы бастамаларын іске асыруда  маңызды механизмдердің бірі. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Адамның жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр.

Жастарды оқытуға оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы да сондықтан. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған.

«Педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың ғылыми – жаратылыстану сауаттылығын арттыру» тақырыбы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының оқу бағдарламасы PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру талаптарына сәйкес жасалған.




Зерттелетін нысана: Геогоафия сабағының 9 –сыныпта өтілуі. Қазақстанның көлік кешені

Пәндік зерттеу: Әр түрлі тапсырмалар беру арқылы белсенді оқытудың түрлерін қолдану.

Мақсаты : Жаратылыстану бағытындағы мұғалімдерді, оқушыларды технологиялар арқылы ғылыми сауаттылық пен PISA бағдарламасы тапсырмаларын орындаудың белсенді жолдарын үйрету.

Міндеттері:

1. Түсіндіре білу:

- PISA бағдарламасының мақсаты, мазмұны,құрылысы;

- PISA – 2015 халықаралық зерттеулерінің тапсырмалар түрі;

- жаратылыстану сауаттылығының компоненттері;

2. жеке тұлғаға бағытталған белсенді оқытудың маңыздылығын есте ұстау:

3. технологиялар арқылы оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын арттыру;

Оқыту әдістері.

Белсенді оқыту әдісі мен мәселенің коллоборативтік шешімі, жекеше алғанда кейс-стадия, оқытудың белсенді әдістерімен стратегиялары («Мен-Сен- Біз», «Веер-выбирай», «Ойлан, жұптас, бөліс» және морфологиялық білім картасы т.б)

Теориялық негізі: Орта мектептерде география сабағында өткізу барысында әдістемелік нұсқаулар арқылы жұмыстарды жүргізу.

Практикалық негізі: География сабағында және факультативті сабақтарды өткізген кезде құзыреттілікті дамыту үшін мұғалімдермен оқушылар арасында іс-тәжіріибе түрінде жүзеге асыру.


Тақырыптың өзектілігі.

Тақырыптың өзектілігі жаңаша оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес: 15 жастағы оқушының алдағы өмірге дайындау, оқытылуы қазақ тілінде жүргізілетін мектептің жаратылыстану пәні бойынша ғылыми концепцияны түсіну, білу , жеке шешім қабылдай білу, қоғамның мәдени экономикалық дамуына әсер ете білетін белсенді азаматты әр түрлі форматтағы тест тапсырмаларын орындату тәсілдері арқылы қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер.

1.Технологиялар арқылы оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын арттыру барысында белсенді оқыту стратегиясын қолдануды үйренеді.

2. PISA бағдарламасы ғылыми – жаратылыстану бағыты бойынша сауаттылығының элементтерін қорытындылау және анықтауды жүзеге асырады.





І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАР.
1. 1. География сабағында технологиялар арқылы оқушы-

лардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын арттыру.


Қоғамды ақпараттандыру – бұл глобалды әлеуметтік процесс, өйткені қоғамдық өндіріс саласында қазіргі заманғы микропроцессорлық және есептеуіш техника, сонымен қатар ақпаратты алмасудың әртүрлі құралдары базасы негізінде жүзеге асатын басты қызмет түрі ақпаратты жинау, жинақтау, өңдеу, сақтау, тасымалдау және пайдалану болып табылады. Қоғамды ақпараттандыру қамтамасыз етеді: баспа қорында, ғылыми, өндірістік және басқа да қызмет түрлерінде шоғырланған, үнемі дамудағы қоғамның интеллектуалды потенциалын, қоғам өндірісінің барлық саласының дамуын көрсететін ғылыми, өндірістік ақпараттық технологияларын интеграциялау, еңбек қызметін интеллектуалауды белсенді түрде пайдалану; ақпараттық қызмет етудің жоғарғы деңгейі, қоғамның кез келген мүшесінің шынайы ақпаратты алу мүмкіндігі, көрсетілетін ақпаратты визуалдау, пайдаланылатын мәліметтер маңыздылығы. Ақпараттық жүйенің қандай да бір саласындағы, белгілі бір уақыт кезеңінде қоғамға қолайлы болатын, ақпараттың барлық массивін пайдалануға негізделген ашық ақпараттық жүйелерді пайдалану, қоғамды адамтершілікке және демократияландыруға жетелейді, оның мүшелерінің әл-ауқатының деңгейін көтереді.Қоғамды ақпараттандырумен байланысты өтетін процестер тек қана ғылыми – техникалық прогрестің қарқынды дамуы мен адамның қызметінің барлық түрлерін интеллектуалдауға әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар индивидтің шығармашылық потенциалының дамуын қамтамасыз ететін социумның сапалы жаңа ақпараттық ортасын жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы ақпараттану процесінің басты бағыттарының бірі оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық, педагогикалық мақсаттарын дамытуға бағытталған білімді ақпараттандыру – бұл білім саласын методология, зерттеу тәжірибесі мен қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияларды (НИТ) оптималды пайдалануды қамтамасыз ету процесі.

Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп, кең қанат жайған жағдайында ақапараттық  технологияларды меңгеру өзекті екені сөзсіз. Осы кезеңде біліктілігі жоғары дәрежеде дамыған, білімі жағынан бәсекеге түсе алатын, өзін халықаралық еңбек жәрмеңкесінде еркін сезініп, жүре алатын мамандар дайындау мәселесі Қазақстан оқу орындарының  ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады..
Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім  алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді. Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

ІІ-ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ.
2.1. Географияны оқыту процесіндегі жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын арттыру.

2012-2016 жылдарға арналған оқушылардың функционалды сауаттылығын жетілдіруде Ұлттық іс-шаралар жоспары мақсатқа бағытталған, біртұтастық, оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуға бағытталған іс-шаралар жүйелігін Қазақстан Республикасының мектеп білім берудің сапасын арттырушы негізгі бағыт ретінде қамтамасыз етуге бағытталған. Оқушылар арасындағы функционалды сауаттылықтың қалыптастырудың жоғары деңгейі қоғамда тиімді қызмет етудің қабілеттілігіне, өзін-өзі анықтауға бағытталған қабілет, өзін-өзі дамытуға және қалыптастыруға бағытталады. Нәтижесінде, қоғамға функционалды сауатты, нәтижеге жұмыс істеуге және маңызды жетістіктерге жетуге қабілетті тұлға қажет.


-  Жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
- жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;
- жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;
-  бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
- мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
-   бiлiм берудiң телекоммуникациялық желiлерiн құру;


Ақпараттық-қатынастық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа  қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта  білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты.  Сол себепті ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын педагогикалық іс-әрекетке кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда, жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді педагогикалық үдерісте ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдануға ғана емес, осы құралдарды жасауға дайындау өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үдерістері және олармен тығыз байланыстағы білім беру жүйесінің барлық формаларын ақпараттандыру, жаңа ақпараттық және қатынастық технологияларын (АҚТ) меңгеру және жаппай тарату үдерістерімен сипатталады. Мұндай технологиялар білім берудің жаңа жүйелерінде оқытушы мен оқушының арасында қарым-қатынас орнату және мағлұмат алмасу үшін белсенді қолданылады. Қазіргі оқытушы АҚТ төңірегіндегі білімдерді игеріп қана қоймай, сондай-ақ оларды өзінің кәсіби іс-әрекетінде пайдалана алатын маман болуы тиіс. Ашық және басқа білім беру формаларында қолданылатын АҚТ құралдарының негізгі түрінің бірі электрондық басылымдар болып табылады. Компьютерді оқытушы қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық-анықтамалық жүйе кұрамында электрондық құрырғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Жаңа ақпараттық технология құралдарын математика пәні сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Мұндай мүмкіндіктерді қазіргі кездегі бар және жаңадан қалыптасып келе жатқан электрондық оқыту құралдары бере алады. Осы келтірілген ережеге сай электрондық оқыту құралдарын (ЭОҚ) компьютерлік техника көмегімен өңделіп көрсетілетін, кез-келген электрондық тасымалдаушыда немесе компьютер желісінде жарияланған, білімнің сәйкес ғылыми-практикалық саласынан оқушыларға білімді, біліктілік пен дағдыларды шығармашылық тұрғыда белсенді меңгеруді қамтамасыз ететін осы сала бойынша жүйеленген материалдардан тұратын графикалық, мәтіндік, цифрлық, сөздік, музыкалық, бейне-, фото-,  және басқа да ақпараттар жиынтығы ретінде анықтауға болады.
Сонымен, география пәні бойынша электрондық оқыту құралдарын жасау үдерісінде мұғалім қандай рөл атқармасын, оның мультимедиалық оқыту бағдарламаларын жасауға қажет мәселелерді жеткілікті кәсіби деңгейде шеше алатындай білім мен дағдылары болуы тиіс. Алайда, педагогикалық жоғары оқу орындарындағы математика саласы маманын   педагогтық кәсіби қызметке дайындаудың қазіргі жүйесінде болашақ мұғалімдер өз пәні бойынша электрондық құралдар жасаудың негізін оқып-үйренуден тыс қалмағандары дұрыс.  Осы айтылғандардың бәрі оқыту саласы мамандарына мультимедиалық оқыту бағдарламаларын жасау мен пайдалануды оқытудың қажеттігін білдіреді. Электрондық оқулықтар негізгі білім берудің электрондық басылымдары болып табылады. Электрондық оқулықтар жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейде жасалады және бағдарлама мен стандарттың дидактикалық бірліктерін анықтайтын, білім беру стандарттарына толығымен сәйкес келуі керек. Одан басқа, электрондық оқулықтар интерактивті кері байланысты жүзеге асыратын пәнді оқыту барысында дидактикалық жүйенің үздіксіздігін және толықтығын қамтамасыз ету керек. Электрондық оқулықтардың  негізгі қасиеттерінің бірі оның мазмұнын қағаз жүзінде шығаруға мүмкіндік жасау болып табылады.

2.2. География сабақтарында жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі.

Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры.Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.

География сабақтарында ақпараттық — коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі: 
• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Мұғалім сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын. Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электронды оқулық, интерактивті тақта, қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Білім берудің кез-келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай логикалық ойлау жүйесін қалыптасыруға, шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасайды. Осы орайда география пәнін оқытуда қолданылатын жаңа ақпараттық технологияларға интерактивті оқыту құралдарымен электрондық оқу құралдарын жатқызуға болады. Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдеуіне, бұрынғы алған білімдерін кеңейтуіне мүмкіндік береді. Әрбір оқушы қалаған тақырыптары бойынша тапсырмалар орындап, тестке жауап беріп, практикалық жұмыстарды орындауға дағдыланады. Электронды оқулық арқылы түрлі суреттер бейнекөріністер көрсетуге, дыбыс, және музыка тыңдауға болады. Бұл әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда әсерлі, әрі тиімді. Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық құралдардың атқаратын рөлі зор. Сабақта электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артқандығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдер өздеріне қажетті әдістемелік материалдарды, көмекші құралдарды молынан ала алады. Электрондық оқулық оқушыға оқу материалын меңгеруге, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік береді. География пәніне арналған электрондық оқулықтың тест бөлімі арқылы пән курсы бойынша оқушы толық ақпарат алып өз білімін тексере алады.  Компьютер оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Оқытушыға оқушылардың әрқайсысының жұмыстарын бақылауға, басқа оқушыларға кедергі келтірмей үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге болады. Сабақтан соң мұғалім компьютер жадына сақталған оқушылардың жұмыстарын саралап, талдау жасау арқылы олардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтауға, сол арқылы бағалай алады.

Презентация үғымы өзінің толық мағынасында (лат. ргаеяепіо тапсырамын немесе ағыл. ргезепі — ұсыну) өзін көрсету, баяндама, жобаны, ессп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сұрауларды және басқа да көптеген дүниені үсыну. Қорытып айтқаңда, ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізат пен қызмет түрлерін ұсыну — бұл әрдайым презентация. Слайд деп көзге көрінетін күрделі объектіні айтамыз. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалык кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді.

  • дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік бағдарламаны талдау);

  • әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою);

  • ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру); 

  • оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту).

    АКТ-ны география сабағында қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін қандай әдістерді қолданған тиімді? Ол үшін мұғалім не істеуі керек?

  • ақпаратттық сауаттылығын арттыру үшін көбірек оқу;

  • ұғымдарды есте сақтау қабілетін дамыту;

  • сыни тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға үйрету;

  • ақпаратты өз бетінше табу, талдау, іріктеу, сақтау, түсіндіру және ақпараттарды тасымалдау, оның ішінде қазіргі заманғы АКТ-дың көмегімен жүзеге асыруды қалыптастыру;

  • өз бетінше мақсат және оны негіздеу, жоспарлау және осы мақсаттарға жету үшін танымдық қызметтерді жүзеге асыру.

  • сабақты түрлендіріп өткізу;

  • сабақта ақпарат құралдарын пайдалану;

  • оқушының өз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуге үйрету -интернетке шығу.

  • Сабақ кезінде жаңа материалды өтуде презентацияны қолдану;

  • Жаңа сабақты өту кезінде электронды оқулық, интернет материалдарының бірнеше фрагменттерін қолдануға;

  • Практикалық жұмыстарда;

  • Түрлі тапсырмалар мен тест орындауда.


Презентацияны география сабақтарында жиі қолдану сабақтың сапасын елеулі түрде арттыратыны сөзсіз. Ол мотивацияның, коммуникативті қабілеттерінің дамуына мүмкіндік береді, дағды қалыптастыруға, білім қорының толығуына, сондай-ақ ақпараттық сауаттылықтың дамуына мүмкіндік туғызады. География сабақтарында слайдтардың көмегімен мысалдарды, есептерді тақтада көрсетуге, түрлі мысалдар құрастыруға, сергіту сәттерін ұйымдастыруға, бақылау, тест жұмыстарын жазған кезде оқушының білімін тексеруге болады. Мұндай сабақ уақытында сыныптағы қарым-қатынас жақсарады. Тапсырманы оқушылар өз сөздерімен түсіндіріп, компьютер алдындағы қорқыныш жойылады, аса күрделі тапсырмаларды қызығушылықпен орындауға тырысады.

География сабағында мультимедиалық презентацияларды сабақтың барлық кезеңдерінде:

  • география пән бойынша негізі білімді игеру, игерілген білімді жүйелеу,

  • өзін-өзі бақылау дағдыларын құру, толық немесе нақты бір пәнге оқыту қабілетін құру,

  • оқу материалындағы өзіндік жұмыста оқушыларға оқу-әдістемелік көмек көрсету кезінде қолдануға болады. Әр сабақта компютерлік технология арқылы барынша толық жұмыс істеу оқытушыдан шеберлікті, іскерлікті, өте жоғары ұйымдастырушылықты қажет етеді. Мультимедиалық технологиялардың қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауды және де басқа оқып үйренуге арналған құралдар жасауда көп қолданылады. Мультимедиялық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологияларын дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді.
    Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту үдерісі  оқушының жаңаша оқу қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.
    Оқу үдерісінде ақпараттық және қатынастық технология құралдарын кешенді пайдалану мүмкіндігін тәжірибе жүзінде жүзеге асыру бұрыннан таныс бағдарлама құралдары мен дүниежүзілік алғы шепке сәйкес келетін жаңа құралдар болып табылатын көп функционалды білім берудің электрондық басылымдарын жасау және қолдану арқылы да жетуге де болады. Компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып  сабақта көрсету, түсіндіру, жаттықтыру, түзету және бағалауды  жүзеге асыруға болады. География пәні мұғалімі педагогикалық жұмыста белгілі бір нәтижеге жетуді көздеп, компьютерлік техниканы география пәнін оқытуда тиімді пайдаланып, сабақта сапалы білім беруге қол жеткізуге болатындығы айқын. Қорытындылай  келе  мақсатым қазіргі  заман  талабына  сай  ұрпақ  тәрбиелеу,  оларды «оқи» білуге  үйрету, стандартты емес  жағдайлардан шыға  білуге  үйрету, қашықтан  оқытуға үйрету, көп  материалды аз  уақытқа қабылдай  білуге  үйрету.












ІІІ.ЗЕРТТЕУ БӨЛІМ

3.1. География сабағында технологиялар арқылы оқушылардың ғылыми – жаратылыстану сауаттылығын арттыру.

Оқытудың белсенді стратегиялары мен «pisa» зерттеулерін пайдалану арқылы оқушының жаратылыстану сауаттылығы сапасын арттыруға және логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға болады, нақты мақсаттарға бағытталған және  жақсы ұйымдастырылған белсенді сабақтарда оқушылар материалды толық меңгереді.

  • «PISA» зерттеуінің әдістерін әр сабақтарда жүйелі түрде қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын, жаратылыстану сауаттылығын дамыту;

  • Қоршаған ақиқат ортада пайда болатын және жаратылыстану арқылы шешіле алатын мәселелерді тани білу және оларды есепке ала отырып нәтижелерді түсіндіру қабілеттерін дамыту;

  • Әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушының білімін, өздігінен білім ала білуін және сабақтың сапасын арттыру;

  • Оқушыларды бір-бірімен пікір алмасуға, бірін-бірі тыңдауға, өз бетінше және бірлесе отырып жұмыс жасауға тәрбиелеу.

  • Шынайы өмірде қолданып және өз бетімен әрі қарай оқуды жалғастырады.


Белсенді оқыту үшін қолданылатын стратегиялар.

Стратегия:«Ойлан, жұптас, бөліс».
ЭГЖ және табиғат жағдайы.

Солтүстік Қазақстан аумағына Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Ақмола облыстары кіреді. Аумағы 565мың км 2; Халқы 3592,8 мың адам. Шаруашылығының маманданған салалары: агроөнеркәсіп кешені ( жаздық бидай, етті-сүтті мал шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі), теміррудасы, көмір өндіру. Табиғат жағдайының қолайлылығы аумағының барлық жерінде егіншілікпен және мал шаруашылығымен шұғылдануға мүмкіншілік береді.

1-тапсырма:

Солтүстік және Батыс Қазақстанның экономикалық – географиялық жағдайын салыстыр.

Жоспар бойынша.

А) Қазақстанның экономикалық аудандарына байланысты аумағының орналасуы.

Ә) Ірі су қоймаларымен өзендеріне байланысты орналасуы.

Б) Пайдалы қазбалардың кен орындарына байланысты орналасуы.






2-тапсырма:

Солтүстік Қазақстанның табиғат жағдайын бағала. Кестені толтыр.

Аудан халқы аумақты қандай шаруашылық түрін пайдаланатындығына қорытынды жаса.

Солтүстік Қазақстан-ның

аумағы

Табиғат зоналары

Жауын-шашын-ның

орташа

мөлшері

Топырағы

Ауыл шаруашылық

жұмыстардың түрлері

түрі

қарашірік-тің мөлшері

Солтүстік



Оңтүстік

Орманды дала, дала

Дала,

шөлейт



3-8%



4-8%



3-тапсырма: Мына сөздерді қолданып картаға саяхат жаса: «меридиан», «солтүстік», «50-550с.е».

Стратегия: Карусель (әткеншек)

2. Табиғат ресурстары:

Солтүстік Қазақстан минералды ресурстарға бай. Сондықтан да өнеркәсіпті дамытуға мүмкіншілігі бар. Жалпы жер ресурсының 90% -ы ауыл шаруашылығына қолайлы болса, оның 61% -ы жайылым, 37% -ы% -ы егіншілікке пайдаланылады. Солтүстік Қазақстанның барлық жерінде құрылыс материалдары кездеседі – тас, саз, кварц құмы, отқа төзімді саз,әктас т.б.


1-тапсырма: Солтүстіктің қай облысы минералды ресурстарға бай болып келеді? Оларды ата? Картадан көрсет.


2-тапсырма:Мына кен орындары мен пайдалы қазбалардың түрлерін өндіретін облыстарға сай сәйкестендір, картадан ізде.


  1. Солтүстік Қазақстан

А. Екібастұз

  1. Қостанай

Ә. В. Жолымбет

  1. Павлодар

Б. Соколов - Сарыбай

  1. Ақмола

В. Обуховское












ҚОРЫТЫНДЫ.


1. География пәнін оқытуда заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, функционалдық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру

2. Теориялық білімдерін өмірде қолдануға бағытталған тапсырмалар мен тәжірибелерді мәні бар зерттеу жұмыстарын шешу үшін, игерген білім және білігін қолдану үдерісінде танымдық қызығушылығын, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

- Сыныпта күрделі материалды тікелей пайдаланып, сөйлеу дағдылары мен оқу, түсіну біліктерін дамытуға;

-Интернет желісінен алынған материалдармен мәселелік талқылаудың негізінде монологтық және диалогтық сөйлеу біліктілігін жетілдіруге;

-Мұғалімнің тәжірибелі әрі тиімді сабақ өткізу үшін қандай да бір ауқымды материалды таңдай алу мүмкіндігі;

  • Тәжірибелік сабақ өткізу үшін жаратылыстану бағыты бойынша анықтамалар алу,сөздіктерден алынған материалдарды пайдалану.

Бір сөзбен айтқанда әлемдік деңгейде салыстырылатын білімді де білікті және меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білетін оқушыларды тәрбиелеу.
























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауы: «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір келешек»

2. Функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған 2012-2016 жж.ұлттық іс қимыл жоспары. 25.06.2012. № 832 Үкімет қаулысы

3. Қазақстан Республикасында білім берудің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2011ж.

4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. Астана, 2012 г.
5. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Тыңдаушының жұмыс дәптері // NIS- PEARSON.

6. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы.Оқу сауаттылығы. Тренерге арналған нұсқаулық // NIS- PEARSON.

7. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы.Оқу сауаттылығы. Мұғалімнің жұмыс дәптері // NIS- PEARSON.

8. Джон Ричардсон «Преврати свою группу в команду» 9, №2 (ноябрь-декабрь) 2005г.
9. Выготскии Л.С. Педагогическая технология .- М.,1991.
10. Монахов В.М. Технологические основы проектирования и конструирования учебного процеса. Волгоград: Перемена. –1995.
11. Селевко Т.К. Современные образовательные технологии. М., 1998.
12. Таубаева Ш.Т. , Барсай В.Т. Оқытудыңқазіргітехнологиялары // Бастауышмектеп- №3,4-1999.
13. Беспалко В П “Програмирование обучения” М: - Высшая школа.
14. Кривошев А О “Програ
ммное обеспечение учебного назначения и компьютерная технология обучения. http://www.riis.ru/PS/publ.











15


Автор
Дата добавления 25.03.2016
Раздел География
Подраздел Конспекты
Просмотров771
Номер материала ДВ-554797
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх