Инфоурок География Рабочие программыГеография таңдау курсы "Ұлы саяхатшылар" 7 сынып

География таңдау курсы "Ұлы саяхатшылар" 7 сынып

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Күнтізбелік жоспары.docx

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

География пәнінен

6 сыныпқа арналған

 

 Ұлы саяхатшылар

таңдау курсының бағдарламасы

 

 

 

 

Құрастырған: №73 физика -техникалық

                        Лицейдің география пәнінің мұғалімі

Қ.И. Альбаттинова

 

 

 

Астана қаласы

 

 

 

 

Түсінік хат

      Географиялық карта – көптеген теңіз саяхатшыларымен теңізге жүзген жүзушілердің еңбектері мен ерліктері туралы деректер береді. Картадағы әрбір атаулар ашылулар тарихының беттерін еске түсіреді. Картаға қарай отырып ертедегі адамдардың, еуропалық, орыстың, қазақтың т.б халықтардың зертеулерінің көрінісін көруге болады. Сондықтан да физикалық географияның қалыптасуында географиялық ашылулар тарихының қаншалықты білімділік және тәрбиелік мәні бар екендігін байқаймыз.

        Бұл ұсынылып отырған таңдау курсында 6 сыныпта физикалық география пәні бойынша өтетін «Саяхатшылар мен зерттеушілер» тақырыбындағы деректерді толықтыру мақсатында берілген. Мұнда оқушылар ертедегі халықтардың жер туралы алғашқы мәліметтері мен ортағасырлық зерттеулерге және «Ұлы географиялық ашылулар» кезеңіне кеңірек тоқталып өтіледі.

         Бұл курстың өзектілігі – қазіргі таңда оқушыладың географиялық және картографиялық сауаттылықтылығын қалыптастыра дамытуға жағдай жасау. Мақсаты: оқушыларға ұлы саяхатшылар өмірі мен олардың географиялық жетістіктері жайлы мағлұматтар беру.

Міндеттері:

·        Оқушылардың географиялық ашылулар тарихы жайлы түсініктерін қалыптастыру;

·        Зерттеу жұмыстарының әдістерін білуі;

·        Саяхатшылар мен зерттеушілердің қосқан үлесін зерделей білуі;

·        Саяхатшылардың жүрген жорықтарын картадан анықтай алуы;

·        Географиялық және картографиялық білімдерін жетілдіру;

·        Картамен жұмыс істей білу дағдысын дамыту.

Ұсынылып отырған таңдау курсының бағдарламасы төмендегідей бөлімдерден тұрады.

І – бөлім.

Ежелгі дүние халықтарының Жер туралы алғашқы мәліметтері

ІІ – бөлім.

Көне грек халықтарының географиялық жетістіктері

ІІІ – бөлім

Ортағасырлық географиялық зерттеушілер

ІҮ – бөлім

Ұлы географиялық ашылулар кезеңі

Нысаны: 6 сынып

Күтілетін нәтиже: Егерде оқушылар бұл таңдау курсынан білімдерін тереңдетіп жалғастыратын болса, онда олар болашақ географ, картограф, тарихшы т.б мамандық иесі мүмкіндігі бар.

 

 

Мазмұны

Барлығы 34 сағат, аптасына 1рет

Кіріспе (1сағат)

І – бөлім. Ежелгі дүние халықтарының Жер туралы алғашқы мәліметтері (2сағат)

Көне мысырлықтардың географиялық зерттеулері. Шумерлердің географиялық жетістіктері

ІІ – бөлім. Көне грек халықтарының географиялық жетістіктері(4сағат)

Геродот, Эратосфен және Птоломейдің географиялық жаңалықтары. Александр Македонский мен оның замандастарының географиялық жорықтарының нәтижелері. Атлантида туралы аңыз.

Практикалық жұмыс№1 .(1сағат)

Қайталау (1сағат)

ІІІ – бөлім. Ортағасырлық географиялық зерттеушілер(7сағат)

Қытай саяхатшылары. Арабтардың сауда жолдары. Ибн Фадлан саяхаты. Махмуд Кашкари саяхаты. Марко Полоның Орта Азияға саяхаты.Еуропаның елшілері Плано Карпини мен Вильгельм Рубрук саяхаттары. Афанасий Никитин «Үш теңізге саяхат».

Практикалық жұмыс№2.(1сағат)

Қайталау (1 сағат)

ІҮ – бөлім. Ұлы географиялық ашылулар кезеңі(14сағат)

Христофор Колумб саяхаттары. Фернан Магелланның Жер шарын айналу саяхаты. Васко да Гаманың Үндістанға  саяхаты. Мартин Бехайм – алғашқы глобус жасаушы. Семен Дежнев – Қиыр Шығыстағы саяхаты. Витус Беринг – Солтүстік Америка жағалауында. И.Ф.Крузенштерн және Ю.Ф. Лисянский – мұхиттық аралдарды ашуда.Ф.Ф.Беллингаузен мен М.П.Лазарев – Антарктида жағалауын ашуы.Н.М.Прежевальскийдің Орта Азияны зерттеуі. Н.Н. Миклухо – Маклай – Жаңа Гвинея аралдарын ашуы. Джеймс Кук пен Абель Тасман саяхаттары. Давид Ливинстон саяхаты. П.П. Семенов Тянь – Шань тауларындағы зерттеулері. Руал Амудсен мен Роберт Скоттың саяхаттары.

Практикалық жұмыс№3. .(1сағат)

Қайталау (1сағат)

Қорытынды (1 сағат)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыптық күнтізбелік жоспары

 

Сабақтың тақырыптары

Сағат саны

Әдістері

Білім өнімдері

1.

Кіріспе

1

 

 

 

І – бөлім. Ежелгі дүние халықтарының Жер туралы алғашқы мәліметтері

2

 

 

2.

Көне мысырлықтардың географиялық зерттеулері

1

 

 

3.

Шумерлердің географиялық жетістіктері

 

1

дәріс

 

 

ІІ – бөлім. Көне грек халықтарының географиялық жетістіктері

3

 

 

4.

Геродот, Эратосфен және Птоломейдің географиялық жаңалықтары.

1

Картамен жұмыс

 

5.

Александр Македонский мен оның замандастарының географиялық жорықтарының нәтижелері.

1

 

 

6.

Атлантида туралы аңыз.

1

 

 

7.

Практикалық жұмыс№1

1

Картамен жұмыс

презентация

8.

Қайталау (1сағат)

 

1

 

 

 

ІІІ – бөлім. Ортағасырлық географиялық зерттеушілер

7

 

 

9.

Қытай саяхатшылары.

1

 

 

10.

Арабтардың сауда жолдары.

1

 

 

11.

Ибн Фадлан саяхаты

1

 

 

12.

Махмуд Кашкари саяхаты

1

Картамен жұмыс

 

13.

Марко Полоның Орта Азияға саяхаты

1

 

 

14.

Еуропаның елшілері Плано Карпини мен Вильгельм Рубрук саяхаттары.

1

Картамен жұмыс

 

15.

Афанасий Никитин «Үш теңізге саяхат».

 

1

 

 

16.

Практикалық жұмыс№2.

1

Картамен жұмыс

презентация

17.

Қайталау

1

 

 

 

ІҮ – бөлім. Ұлы географиялық ашылулар кезеңі

 

14

 

 

18.

Христофор Колумб саяхаттары

1

Картамен жұмыс

 

19.

Фернан Магелланның Жер шарын айналу саяхаты.

1

Картамен жұмыс

 

20.

Васко да Гаманың Үндістанға  саяхаты

1

Картамен жұмыс

 

21.

Мартин Бехайм – алғашқы глобус жасаушы.

1

 

 

22.

Семен Дежнев – Қиыр Шығыстағы саяхаты

1

Картамен жұмыс

 

23.

Витус Беринг – Солтүстік Америка жағалауында.

1

Картамен жұмыс

 

24.

И.Ф.Крузенштерн және Ю.Ф. Лисянский – мұхиттық аралдарды ашуда

1

Картамен жұмыс

 

25.

Ф.Ф.Беллингаузен мен М.П.Лазарев – Антарктида жағалауын ашуы.

1

Картамен жұмыс

 

26.

Н.М.Прежевальскийдің Орта Азияны зерттеуі.

1

Картамен жұмыс

 

27.

Н.Н. Миклухо – Маклай – Жаңа Гвинея аралдарын ашуы

1

Картамен жұмыс

 

28.

Джеймс Кук пен Абель Тасман саяхаттары.

1

Картамен жұмыс

 

29.

Давид Ливинстон саяхаты.

1

Картамен жұмыс

 

30.

П.П. Семенов Тянь – Шань тауларындағы зерттеулері.

1

Картамен жұмыс

 

31.

Руал Амудсен мен Роберт Скоттың саяхаттары.

 

1

Картамен жұмыс

 

32.

Практикалық жұмыс№3

1

Картамен жұмыс

презентация

33.

Қайталау

1

 

 

34.

Қорытынды

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Оқушылар:

 

·        Даладағы географиялық зерттеу жұмыстарының негізгі әдістерін;

·        Жердің табиғаты мен пішіні жайлы білім мен көзқарастардың өзгеруін;

·        Саяхатшылар мен зерттеушілердің қосқан үлесін;

·        Саяхатшылардың негізгі бағыттарын;

·        Қазіргі кездегі зерттеулерді;

·        Қазақстандық ғалымдардың үлесін;

·        Қазақстандықтардың жер шарын айналу саяхаттарын және Қазақстанның Антарктиданы зерттеу жұмыстарына қатысуы жайлы;

·        Әр саяхатшылардың зерттеу нәтижелерін білулері тиіс.

 

 

6 сыныптың соңында:

Оқушылар:

 

·        Ұлы саяхатшылардың ашқан жаңалықтарынының мәнін;

·        Саяхатшылардың жорықтарын картаға белгілеуін;

·        Ұлы саяхатшылардың есімдері мен географиялық жетістіктерін;

·        Саяхатшылар мен зерттеушілердің өмірбаяндарын;

·        Жерді одан әрі зерттеу мақсатында саяхаттардың болжалды бағыттарын жоспарлай сипаттама бере алулары керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

 

 

Мұғалімдерге арналған:

 

Анучин Д.Н Избранные географические работы. Географгиз М,1954

Багров Л.С Карты Азиатской Росий,п,1974

Белов М.И. Русские мореходы, Главсевморпуть, л,М 1952

Борзов А.А Георафические работы, географгиз,М,1954

«Русские открытия в тихом океане и северной Америке в ХҮІІІ –ХІХ веках» Сборник материалов

Магидович И.П, Магидович В.И « Очерки по истории географических открытий» Москва «Просвещение» 1982

еверин Н.А Отечественные путешественики и иследователи Учпедгиз,М,1954

 

 

Оқушыларға арналған:

 

Берг Л.С Очерки по истории русских географических открытий, изд.2АН,СССР,М-Л 1974.

Борзов А.А Географические работы ,Географгиз, М, 1954

Баранского,Н.Н Никитина « Отечественние экономика –географы  ХҮІІІ –ХХвв.»

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "География таңдау курсы "Ұлы саяхатшылар" 7 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Ұлы саяхатшылар хрестоматиясы.docx

Ұлы саяхатшылар

Надпись: 6 СЫНЫПhttp://lemur59.ru/sites/default/files/images/1763.jpghttp://lemur59.ru/sites/default/files/images/1778.jpghttp://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/76/Captainjamescookportrait.jpg/220px-Captainjamescookportrait.jpghttp://lemur59.ru/sites/default/files/images/1536.pnghttp://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/67/Miklukho-Maklai.jpg/250px-Miklukho-Maklai.jpghttp://im1-tub-kz.yandex.net/i?id=578491489-27-72&n=21Vasco-da-gama-2.jpghttp://lemur59.ru/sites/default/files/images/1532.pnghttp://lemur59.ru/sites/default/files/images/1536.pngA.http://lemur59.ru/sites/default/files/images/1765.jpghttp://lemur59.ru/sites/default/files/images/1764.jpghttp://im7-tub-kz.yandex.net/i?id=566349528-45-72&n=21http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/06/CristobalColon.jpg/250px-CristobalColon.jpghttp://im4-tub-kz.yandex.net/i?id=181850318-34-72&n=21http://im4-tub-kz.yandex.net/i?id=14150512-50-72&n=21enter image description herehttp://historydoc.edu.ru/attach.asp?a_no=2012ТАҢДАУ КУРСЫНЫҢ ХРЕСТОМАТИЯСЫ

 

 

 

 

 

 

 

Ұлы саяхатшылар

Таңдау курсына арналған хрестоматия

6 сынып

 

 

 

Құрастырған: №73 физика -техникалық

                        Лицейдің география пәнінің мұғалімі

Қ.И. Альбаттинова

 

 

 

Астана қаласы

 

 

 

 

 

 

Алғы сөз

        Бұл ұсынылып отырған хрестоматия жұмысы таңдау курсының бағдарламасында  алынған тақырыптар негізінде құрастырылған. Бағдарламада саяхатшылар өмірі мен олардың ашқан жаңалықтар жайлы деректержинастырылған. Оқушыны қызықтыратын иллюстративті суреттермен және карта – сызбалар  берілген.

      Хрестоматиядағы тақырыптардың барлығы оқушылардың оқулықтағы материктер мен мұхиттардың зерттелу тарихы туралы  алған білімдерін толықтыру мақсатында алынған.

      Әрбір тақырыптардан кейін оқушылардың білімін тексеретін сұрақтар мен білімдерін жинақтайтын тапсырмалар енгізілген.

        Ұлы саяхатшылардың ашқан жаңалықтары жайлы білім, кез келген өлке тарихының неден бастау алатындығына  көз жеткізеді. Ерте заманнан бастау алып, ХҮ ғасырдан ХІХ ғасырға дейінгі аралықтағы ашылулар мен зерттеулер күні бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып, адамзаттың алдында әлі де әлемнің небір қызықтары мен ғажайыптары күтіп тұрғанын  саналы түрде сеземіз. Адам баласы жаңалық ашудан  шаршамайды.  Ендеше ғылымның дамуы  жаңа ашылулардың маңыздылығы ешқашан тоқтамақ емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Ежелгі дүние халықтарының Жер туралы мәліметтері

§1.Көне мысырлықтардың географиялық жаңалықтары

    Көне ерте заманда мысрлықтар Ніл өзені мен оның алаптары бөліп жатқан  құнарлы жерлерді игеріп алған. Өздерінің жерін мысырлықтар  Та Кемет ( Қара жер) деп атады.Бұл жерді үш жағынан қызыл жерлер(шөлдер) – Нубий, Ливия және Арабия шөлдері қоршап жатты. Онымен  тек солтүстіктегі Жерорта теңізі арқылы байланыс жасауға мүмкіндік болды.

    Б.з.б 3 мыңжылдықта Фарон Менестің қол астына біріккеннен кейін Египет жаулау алу саясаты ұстанды. Алғашқыда олар шығыстағы Синай түбегіндегі көшпенділерді басып алды. Суэц мойнағында мысырлықтар Ұлы қаралық- таулы – тұзды көлдер жүйесін ( Тимса, Үлкен және Кіші Тұзды ) ашып, Суэц шығанағының жоғарғы басына  шықты.Б.з.б 2800 жылы Джосер фараоны бұйырығымен, Нетанха басқарған ірі әскери экспедиция Мысырдың барлық жерін  Синаймен біріктірді. Бұл жерде жаулап алушылар уақытша кеуіп қалатын арналарды тауып,  нубий құмтасына қарағанда мықты саналатын құрылыс тасын және малахит пен мыс өндіре бастады.

    Солтүстік – батысты  басып  алу мақсатында мысырлықтар Палестина және Сирия халықтарымен бірнеше ғасырлар бойы жауласты.Тек б.з.б 1530 ж Тутмос І өзінің жерлестерінің саясатын пайдалана отырып, бүкіл Сирияны  басып өтіп, қос өзеннің жерін  Евфраттың жоғары ағысына жетеді. Мсырлықтар сол жерде « Нілге қарама –қарсы ағатын өзен» деп жазба қалдырған. Б.з.б 1700 ж  мысырлықтар өздері игерген Ніл өзенің 2000 км - ге дейінгі ағысын картаға түсірді.Орта  патшылық кезіндегі саркофагта картаның салынған суреті табылған. Қызыл теңіздің жағалауына түскен кезде мысырлықтар  құрлық жолдарына қарағанда теңіз жолының  қауіптілігіне қарамастан ыңғайлы екенін білді. Мысырлықтар алғашқы болып теңіз жолын Африка жағалауынан  бастап және Пуин елін ашқандар мен игергендер болып саналады. Бұл елдерден  Мысырға  кемемен асыл бағалы тастар мен эфир майлары ( ладан, мирра) – Сомали түбегінен және оңтүстік – батыстағы  «Бақытты Арабияда»  өсетін ағаштар әкелінді.

      Мысырлықтардың алғашқы Пунтқа тарихи жүзулері б.з.б 2400ж  Сахура фараоны тұсында  болғаны дәлелденген. Экспедиция  Суэц шығанағының жоғарғы бөлігінен оңтүстік – шығысқа қарай жүріп, Қызыл теңіз бойымен Африка жағалауларын қамти отырып, Суакин және Дахлак  архипелагтарын  ашты. Одан әрі өздері ашқан  Баб – эль Мандеб  бұғазы арқылы Аден шығанағына алғашқы рет шығып,  Мысырға  қара  ағаш мирру мен алтын мен күмістің балқымасын  жеткізді.

   Мысырлықтардың алғашқы рет Жерорта теңізіне жүзулері б.з.б 2700ж Снофру фараонының тұсында  болды. Жерорта теңізі арқылы олар сауда саттық қарым – қатынастарын жақсартты. Сонымен қатар теңіз жолын олар әсерлерін тасымалдау үшін де пайдаланған.

Сұрақтар мен тапсырмалар : 1.  Мысырлықтардың алғашқы жорықтары қай жерлерден басталған. 2. Мысырлықтар басып алған жерлерімен қандай қарым – қатынастар жасады?

3.*  Мысырлықтар ашқан жерлерді картаға белгілеңдер.

 

§2.Шумерлердің географиялық жетістіктері

 

       Өте көнедегі өркениеттің даму ортасына Евфрат пен Тигр қос өзен аймағы  болды. Қос өзеннің оңтүстік теңіз бөлігінде б.з.б 4 мың жылдықта шумерлер қала – мемлекеттер құрды, алып үлкен тас мүсіндер тұрғызды және суару жүйелерін жасады.Б.з.б  2800 ж шумерлер алғашқы болып өркениетті халықтар арасында саздан жасалған тақталарға  сызба жазуларын пайдаланды.  Өздерінің отанын  шумерлер «Қалам» ( «Ел» ), ал тұрғындарын -  санг - нгига  деп атады. Қос өзендегі маңызды қалаларға Уш және Киш жатты.  Олардың басқарушы – көсемдері (энси) өздерінің  тамкарларын ( тауар агенттері) Евфрат өзенінің жоғары алабына, таулы орманды Тавр аудандарына  күміс және мал шаруашылығына қажетті тауарлар, ал жерорта теңізінің таулы аймақтарынан үйеңкі ағашын жеткізіп отырды.

       Шумерлердің географиялық оқып білуі алғашқы қышта жасалған  картадан байқауға болады. Оның бетінде әртүрлі белгілер  балықтың суреті, Ливан таулары мен Загрос жотасы , орталығында түзу сызық жүргізілген, ол шамамен  Евфрат өзенінің  орта ағысы болып есептіліп, ол шумерлердің бағыт ұстануына көмектесті.

     Шумерлер б.з.б  3 мыңжылдықтың басында  Меллуха елімен сауда саттық    қатынастарын орнатты.Шумерлердің Эриду және Ур  порттарынан шыққан тауарлар  Парсы шығанағының жағалауына дейін жетті. Арабия түбегінің оңтүстік және оңтүстік – шығыс жағалауларына шумерлер кейін жетті. Б.з.б 3 мыңжылдықтың ортасында шумерлерге Парсы шығанағының солтүстік және батыс жағалаулары  және Оман шығанағының  оңтүстік жағалауы  белгілі болды. Бір сөзбен айтқанда, үзіліс арқылы  шамамен 1200км -ді  құрайтын  Арабия түбегінің жағалаулары мен Хаджар  ( Оман, ұзындығы 600 км) тауларын ашты.

Сұрақтар мен тапсырмалар: 1.Шумерлердің алғашқы жазбалары қашан пайда болған? 2.Шумерлер өз Отанын қалай атады және олар немен шұғылданған? 3.Шумерлердің географиялық білімдерін неден байқауға болады?4.Шумерлер б.з.б 3 мыңжылдықта қандай жерлерді ашты?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ.Көне грек халықтарының географиялық жаңалықтары

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/d3/Herodotus_Massimo_Inv124478.jpg/200px-Herodotus_Massimo_Inv124478.jpg§3.Геродот,Эратосфен және Птолемейдің географиялық жаңалықтарыТарих кітабының фрагменті, VIII кітап, 2 ғасыр Papyrus Oxyrhynchus 2099

Геродоттың «Тарих» атты еңбегі

Геродот (ρόδοτος)– ежелгі дәуірдегі грек тарихшысы, «тарихтың атасы» дептанылған жиһанкез. Ол шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 484 – 425 жылдары өмір сүрген. Геродот Кіші Азиядағы Каликарнас қаласында дүниеге келіп, жас кезінде әміршілерге қарсы топта болғаны үшін елінен қуылған. Біраз уақыт Самос аралында тұрып, көп жерлерді аралаған, Қара теңізге дейін жеткен деген мәлімет бар.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/1/15/Herodotusstatue.JPG/230px-Herodotusstatue.JPG"Тарих атасының" Каликарнас қаласындағы ескерткіші.

Геродот көрген, естіген, оқыған материалдарын жинақтап, артына «Тарих» атты үлкен еңбек қалдырды. Кейіннен александриялық ғалымдар оның еңбегін тоғыз музаға сәйкестендіріп, тоғыз кітапқа бөлген. Геродот алғашқы төрт кітабында Лидия, Мидия мемлекеттері, Ахемен әулеті жөнінде жазып, олардың Мысырға, Вавилонға, сақтарға қарсы жорықтарына тоқталады. Қалған бес кітабы грек-парсы соғысына (біздің заманымыздан бұрынғы 500 – 449) Геродоттың тас мүсіні    арналған. Онда халықтардың тарихымен қатар этнографиясы, діні, әдебиеті, мемлекеттердің ішкі-сыртқы саясаты, экономикасы берілген. Шығарманың төртінші кітабында парсы патшасы Дарий Гистасптың сақтарға қарсы жорығы баяндалған. Онда сақтар елі жөнінде аса құнды мәліметтер ұшырасады. Қолжазбаларының ішінде бізге жеткен Флоренция нұсқасы ағылшын, орыс, т.б. тілдерге аударылған.

      Геродот өмір сүрген дәуірге дейін де авторлары «логографтар» деп аталған тарихи шығармалардың болғанына қарамастан ежелгілер «тарих атасы» деп атаған Геродот б.з.б. 484 жылы Кіші Азияның оңтүстігіндегі гректер колониясында орналасқан Кариямен шекаралас жатқан Галикарнас қаласында дәулетті ақсүйектер отбасында дүниеге келді. Барлық кішіазиялық гректер парсы билігінен босап шыққанда, Галикарнас тұрғындары да жат жерлік билеушілерден құтылғысы келеді. Бірақ, олардың көтерілісі жеңіліс табады да, қайтадан басып-жаншу кезінде Геродоттың ағасы, әйгілі эпик ақын Паниассий өлтіріледі. Өз отанының саяси өміріне жас кезінен-ақ белсенді түрде араласқан Геродот Галикарнастағы Лигдамида тиранды тақтан құлату жөніндегі сәтсіз әрекеттерінен кейін елден кетуге мәжбүр болды. Бірнеше жылдардан кейін Геродот еліне оралып, тағы да азаттық көтеріліске қатысады. Ол б.з.б. 454 жылы галикарнастықтардың жеңісімен аяқталады. Осыдан бастап, Галикарнас Афины қаласының сенімді серіктесіне айналып, сонымен бірге аттикалық одақты басқарушылардың бір мүшесі болады. Этникалық жағынан дорийлықтарға жататын бұл колония тілі мен мәдениеті жағынан йонийлық еді. Геродот б.з.б. 40-жылдардан бастап Грекияның көптеген облыстарында, парсы патшалығында болып, ионий логографтары сияқты жатжерліктердің тарихы мен этнографиясын зерттеді. Кейінірек ол солтүстік Қара теңіз жағалауында, Египетте, Финикияда, Вавилонда және еуропалық Грекияның көптеген қауымдастықтарында болды. Ал оның екінші рухани отаны – Афины болды. Афиныда сол дәуірдің танымал қайраткерлері Периклмен және Софоклмен танысты. Дүниетанымы, өмірлік көзқарастары сәйкес келгендіктен, әсіресе Софоклмен жақсы қарым-қатынаста болды.Грек әлемінде қабылданған қағида бойынша әрбір адам туған жерінде ғана, яғни сол елдің азаматы болғанда ғана саясатпен айналысуға құқылы болатын. Геродот болса Самоста да, Афиныда да жатжерлік болып есептелді. Осы жағдайлар оның өмірлік ұстанымы саясат емес, тарих болуына әсер еткен болуы мүмкін. Б.з.б. 444 жылы оңтүстік Италияда барлық гректерге ортақ Фурия колониясы құрылғанда Геродот сол жақтан жер алып, азамат болу құқығына ие болды. Протогор Абдерский жаңа колония үшін бірқатар заңдар жазса, архитектор Гипподам Мипетский қаланың жоспарын сызды. Геродоттың осыдан кейінгі өмірі туралы мәлімет жоқтың қасы. Фурияда ол өзінің тарихи еңбегін аяқтаған болуы керек. Бір қызығы оның «Тарих» еңбегі кейде «...Геродот Галикарнастан жинап, жазды...», ал кейде «Геродот Фуриядан жинап, жазды...» сөздерімен басталатын. Тарихшы өзін Фурия азаматы деп атау-атамауын көп ойланды. Тіпті оның өмірінің соңын Фурияда өткізді деп айту қиын. Белгілі бір мәліметтерге сүйенетін болсақ, ол кейін Афиныға оралды деген болжам бар, бірақ ол да анық емес. Бүкіл грек елінің қатысуымен болған, көп жылдарды қамтыған Афины мен Спартаның арасындағы Пелопоннес соғысы кезінде б.з.б. 425 жылы Геродот дүниеден өтті. Бақытына орай, Геродот Элладаның әлсіреп, Афинының құлап, Кіші Азияның Персияның қол астына қайта өткенін көрген жоқ. Тарихшы өмір сүрген кезде Грекия дәуірлеген мемлекет болды. Геродоттың еңбегі эллиндер рухының көтерілуіне күш берерлік әнұран болды. Бірақ тарихшы еңбегі шығарма аяқталмай қалды, дүниеден өткеннен кейін сол аяқталмаған күйінде жарық көрді.

        Геродот көптеген елдерге саяхат жасады. Ол Египетте, Вавилонда, Скифияда, Колхида мен Фракияда болған. Сондықтан оның еңбегі аталған елдердің тұрмысы, географиясы және этнографиясы туралы мәліметтерге бай. Табиғатында сенгіш Геродот тарихи шындықпен қатар естіген мәліметтерді де жинап жазған. Олардың бірі кейін дәлелденсе, екінші бірі күлкі тудырып отырған. Мысалы Египет туралы жазғанда гиппопотамды оның аталуына байланысты (грекшеден аударғанда – өзен жылқысы) суреттеп, жылқы секілді құйрық-жалы, тұяғы бар десе, өзі Индияда болмаса да ол жақта биіктігі иттей, алтын құмдарды күзететін, алтынды ұрлағысы келген адамдарды жеп қоятын алып құмырсқалардың болатынын жазған. Геродоттың шығармасы әлем тарихы болып табылады, себебі оның әр жаңа мемлекетті атауы – сол мемлекеттің тұрғындары, салт-дәстүрлері, діні, ескерткіштері туралы әңгімеге айналып кетеді. Мысалы Геродот шығармасы лидиялықтардың ионийлықтарды бағындыруымен басталады. Бұл оқиға Лидия тарихы туралы толық мәлімет беруге ұласады. Парсылық патша Камбизге, Египеттің тарихына, географиясына және этнографиясына тұтас бір кітап арнайды. Баяндау парсы елінің шекарасын үлкейткен Дарий патшаға жеткен кезде Геродот ел туралы мәліметтермен қоса патшаның әскери шабуылдарын атап кетеді. Дарийдың Солтүстік Қара теңіз жағалауындағы скифтерге қарсы жорығы Геродотқа скифтер және олардың пайда болуы туралы қызық әрі анық етіп баяндап беруге мүмкіндік береді. Скифтерді басып алудың сәтсіз әрекетінен кейін парсылар Грекияны бағындырмақшы болды. Геродот Иондағы гректердің көтерілісі, парсылардың Балқан түбегіне жорығы және Марафондағы парсылардың талқандалуы туралы баяндайды. «Тарихтың» соңғы үш кітабы парсылардың Грекияны басып алу үшін жасаған жаңа әрекеттеріне арналып, Ксеркстің жорығы, Саламин аралындағы шайқастар, парсылардың Еуропадан біржола қуылуы жөнінде айтылады. Геродоттың еңбегі гректердің Дарданелладағы бір бекіністі бағындыруымен бітеді. Сол кездегі белгілі және ұсақ халықтар да аталған шығармада сипатталды. Материалдардың әр алуандығына, фактілердің көптігіне қарамастан Геродот ешқашан өз баяндамасының реттілігін жоғалтқан емес, сонымен қатар бір ғана мақсатқа жету үшін барлық амалдарды қолданды. Ол мақсат – Элладаның даңқын шығару болатын. Геродоттың көркем мәнері өзіне ғана тән. Ол иондық диалектіде жазды. Геродоттың ғылыми стилі халықтық ауызша баяндаудың новеллалық стилімен ұштасып жатыр. Тарихшының өз еңбегіне сыналап қосқан новеллалары да көп. «Поликраттың жүзігі», «Крез бен Солон», Арионның ғажайып құтқарылуы» деген новеллалары кейін жеке көркем шығармалар болып есептелді. Геродоттың еңбегін сол замандағы ойшылдар әртүрлі қабылдады. Мысалы, Ксенофонт Ктесий өзінің «Персия тарихы» деген еңбегінде Геродотты өтірікші деп көрсетсе, Аристотель оны ертегі авторларының қатарына жатқызды. Геродоттың жазған мәліметтеріне Феомп, Авгилий, Страбон және Лукиандар сенімсіздікпен қарады. Тарихшы Плутарх «Геродоттың жалғандығы» атты трактатында «Геродот шындықты ойлап тапты» деп жазды. Бірақ сол кезде атақты рим шешені Цицерон Геродоттың универсализмін бағалай отырып, оны «Тарих атасы» деп атаған.      Егер формальды түрде қарайтын болсақ, әлемдегі ең алғашқы тарихшы емес, тіпті антикалық кезеңнің тарихшысы болмаған, яғни ежелгі Грекияда пайда болған алғашқы тарихи трактаттар оның қолынан шықпағандықтан Геродотты «тарих атасы» деп атау дұрыс емес болуы мүмкін. Алайда, Цицеронның бұлай істеуінде, яғни оның ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан Геродот туралы барлық еңбектерінде үлкен бір шындық бар. Геродоттың логографтармен көптеген ұқсастығы бола тұрып, оның өзіндік, ешкімге ұқсамайтын ерекшеліктері де жетерлік. [3] Геродоттың жазған оқиғалары – логографтардыкі тәрізді антикалық дәуір оқиғалары емес, өзінің дәуірінде болған, өзі соларға куә болған оқиғалар. Сонымен қатар тарихшы логографтарда болмаған Азия мен Еуропаның тарихи ойларын, дінге, құдайларға бағытталған бір-біріне мүлдем ұқсамайтын идеяларды біріктіріп, өз еңбегін көркем шығарма ретінде жазды. 

      Қазақстан туралы алғашқы деректі Геродот (б.з.б. V ғ.) өзінің «Тарихына» кіргізген. Ол Каспий теңізінің алып жатқан орнын, оның басқа сулармен жалғаспайтын тұйық алап екенін, солтүстіктен оңтүстікке созыла біткен жалпы пішінін көрсеткен. Ғалым теңіздің шығыс жағында «қараса көз жетпейтін ұлан-ғайыр, жазық дала» жатқанын, Жайық өзенінен әрі қарай «тастақты жерлер», «заңғар таулар» (Жалпы Сырт, Орал тауы) барын жазған. Геродот жасаған «Жер пішіні» картасында Cap (Еділ), Лик (Жайық), Сергис (Жем) өзендері бейнеленген. Бірақ олардың атаулары мен пішінін көрсетуде көптеген дәлсіздіктер кездеседі. Бұдан кейінгі Қазақстан жайлы мәліметтерді ежелгі Рим ғалымдары Страбон мен Птолемей еңбектерінен кездестіреміз.

Сұрақтар мен тапсырмалар: 1. Геродоттың еңбегі қалай аталады? Оны неше кітапқа топтастырған?2. Геродоттың бұл кітабында не жайында жазылған? 3. Геродот қандай қалаларға саяхат жасады? 4.Геродоттың қандай көркем шығармаларын білесіңдер? 5. Геродоттың «Тарих» атты еңбегінде Қазақстанның қай жерлері туралы деректер енгізілген? 6. Оның «Жер пішіні» картасында Қазақстанның қай жерлері бейнеленген?Бұл жерлерді картада бейнелеуде қандай қателіктері болды?

Эратосфен

Portrait of EratosthenesЭратосфен (гр.ρατοσθένης Κυρηναος;Б.д.д. 276 – 194 жж) - грек ғалымы, математикамен қатар астрономия, география, тарихты да жақсы білген. Ол жай сандарды табудың тәсілін ойлап тауып, сол кездегі белгілі әлем картасы мен аспан денелерінің картасын жасаған, сондай-ақ (високосный) жылды еңгізудің қажеттілігін негіздеген. Оның негізгі жетістігі – Жердің көлемін адамдар оның шар тәріздес екенін білгенге дейін есептеп шығаруы. Өз есептеулерінің негізінде ол картада белгіленбеген мұхиттың әлі де орасан үлкен кеңістіктері бар екенін болысады және оның айтқаны дұрыс келеді.19 ғасыр Эратосфен әлем картасының қайта қалпына келтірілген түрі.

 

 

Эратосфен елегі

Ғалымдар ерте кездерден бастап-ақ жай сандарды зерттеген. Жай сан ұғымын біздің заманымыздан бұрынғы IV ғасырда ежелгі грек ғалымы Пифагор енгізген.Бізді заманымыздан бұрынғы

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/e8/Mappa_di_Eratostene.jpg/220px-Mappa_di_Eratostene.jpgIII ғасырда өмір сүрген грек математигі Евклид жай сандардың шексіз көп екендігін, ең үлкен жай санды атап көрсету мүмкін болмайтынын атап көрсету мүмкін болмайтынын дәлелдеген. Евклидтен біршама кейінірек Александрияда өмір сүрген ежелгі грек математигі Эратосфен жай сандардың кестесін жасауға арналған өзінің тәсілін ұсынды.

Эратосфен картасы     

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/36/Ptolemaeus.jpg/220px-Ptolemaeus.jpg Клавдий Птолемей - (б.з. 90-160 ж.), грек математигі және астрономы. Клавдий Птолемейдің өмір жолы туралы мағұлмат жоқтың қасы, тек қана біздің заманымыздың 120 жылынан бастап Александрияда өмір сүргені белгілі.  Негізінен, картографиялық бағыт ұстанған. Ол өзінің «Географияға жетекші» атты еңбегінде жер туралы картографиялық деректерді жинақтаған. Ол Геродот сияқты, Каспий теңізін тұйық алап ретінде көрсеткен. Бірақ оның пішінін шығыстан батысқа қарай созылған күйде қате бейнелеген. Сырдария мен Әмудария Каспийге құяды деп ойлаған. Арал теңізін (Оксиан) картаға түсірген. Алыс өлкелердің картаға түсірілуіндегі қателіктеріне қарамастан, Птолемей ежелгі дүние елдерін сызып бейнелеп, ендіктер мен бойлықтар бойымен көрсетуде, күннің ұзақтығын анықтауда көп жаңалықтар ашты   

 

Клавдий Птолемейдің карталары

http://www.festiwal.wroc.pl/storage/image/XVI%20DFN%202013/aktualnosci/map1a.jpg  http://im2-tub-kz.yandex.net/i?id=309854046-61-72&n=21              

 

Сұрақтар мен тапсырмалар : 1.Геродоттың, Эратосфеннің және Птоломейдің географиялық  жаңалықтарының маңыздылығы неде? 2.  Көне грек ғалымдарының еңбектерінде кездесетін Қазақстан аймақтарын картадан анықтау.

                                                                      

 

http://istorii-x.ru/images/stories/ludi/makedon18.jpg§4.Александр Македонский мен оның замандастарының географиялық жорықтарының нәтижелері

      Ескендір Зұлқарнайын, Александр Македонский (патшалық құрған мезгілі б. з. б. 336 – 323) – әлемге аты мәшһүр қолбасшылардың бірі. Оның жорықтарының қазақ даласына байланысты тұстары жайында «Қазығұрт: аңыз бен ақиқат» атты кітапта жазылған. «Жалғыз ғана қазақ арасында емес бүкіл Шығыс әлемінде Ескендір Зұлқарнайын деп аталып кеткен кісі – македониялықтардың әйгілі қолбасшысы Александр Македонский. Александр шын мәнінде Филипп патшаның ұлы, «Македонский» деген қосымша есімі, ал Шығыс халықтарының арасында осы қолбасшының қос мүйізі бар екен деген лақап тарап кеткен. Сондықтан ол Зу-ль-Карнейн («Қос мүйізді») аталыпты. Осы

http://istorii-x.ru/images/stories/ludi/makedon27_small.jpg

Зұлқарнайын, яғни Македонский патша да қазақ даласын жаулап алуға құмар болған көрінеді. Ол қол астындағы жауынгерлерге қарағанда әлденеше есе көп әскері бар Дарий патшаны күйрете жеңген соң өзі жаулап алған жерлердің көбінде қала тұрғызып, грек-эллин мәдениетін енгізе бастайды. Оның күл-талқан етіп жойып жіберген қаласының бірі Кир қаласы – Кирополис. Осы қаланың қай тұста екені, яғни нақтылы орны қайда екені ғалымдардың арасында әлі күнге дейін дау туғызып келеді. Дегенмен көпшілік ғалымдар оны қазіргі Қоқан қаласының маңында немесе Ходжент қаласының орнында болған деген тұжырымға тоқтайды. Қазіргі кезде анықтама деректерде осылай көрсетілген. Македонский осы өзі жаулап алған Азия аймағында тез арада-ақ өз есімі берілген онға жуық қала тұрғызыпты. Соның бірі Александрополис немесе Александрия-эсхата (Шеткі Александрия). Ғалымдар осы қаланы да Ходжент қаласының маңынан немесе дәл орнынан іздейді. Археологтар қазба жұмысын жүргізіп көргенде жер қыртысынан Александр заманынан бұрынғы дәуір мәдениетінің де бұйымдары кездескен. Мүмкін ол бұрынғы Кирополистың қалдығы болар. Біздің осы бір Сырдария өзенінің бойына салынған Александр қаласының тарихын тәптіштеп жатқанымыздың да сыры бар. Өйткені, Македонский жорығының қазақ даласына қарай жасаған бағыты осы маңнан онша қашыққа бармаған. Бұл ең шеткі қаласы еді. Ал басқалары Александрия Арийская (Герат), Окс өзеніндегі Александрия (Термез немесе Куляб маңында), Александрия Маргиланская (қазіргі Байрам Али) Бактра қаласының маңындағы Александрия, т.б.

      Македонскийдің жорығына байланысты оның соңғы рет өтіп, тауы қайтқан соң шегінген өзені жөнінде тарихи жазбалар бар. Солардың үшеуінің авторлары Арриан (біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында өмір сүрген грек ғалымы), Аммиан Марцелин (330 – 400 жылдар шамасында өмір сүрген тарихшы) мен Квинт Курций (біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында өмір сүрген Рим жазушысы). Македонский жорығының бағытын күрт өзгертіп, Орталық Азиядан Кавказға қарай сүйреп жүрген осы Квинт Куций. Ол Македонскийдің өткен өзенін Танаис (Дон) деп жазады да Парапамизусты Кавказ деп көрсетіп, Каспийді Азов теңізімен шатастырады. Курцийдің осы қателігін (сол сияқты Македонский тарихшыларының да қателігін) кезінде Страбон дәл айтып берген болатын. Біріншіден, Квинт Курций еңбегі ақыл-уағыз айтуға бағышталған көркем шығарма. Македонский жорығы мұнда мысал үшін келтіріліп отырады. Екіншіден, ол Македонскийдің бейнесін өз деңгейінен әлдеқайда жоғары көтеру үшін Донға апарып, Еуропаны да жаулап алып еді деген ұғым туғызғысы келеді. Оның үстіне Кавказды атап отырғаны баяғы ежелгі дүние тарихында от иесі Прометейдің сол заманда жердің шеті саналатын Кавказ тауында құрсауланып тасталғанын есте сақтау керек. Осылайша Македонскийдің абыройын артқыза түспек болған. Дәл осындай қатені Македонский тарихын жазған тарихшылардың ішінде Арриан да жіберген. Ол өз еңбегінде бұл өзеннің Дон емес екенін дәлелдей отырып, атын Танаис деп жазып, бастау алатын жерін Кавказ таулары деген. Ал кей жерлерінде өзеннің атын бірде Орксантес, бірде Оксиартес деп те атаған. Страбон осы жазушының қасақана жасаған қателігін анық дәлелдеп берумен қатар Сырдария өзенін Яксарт деген атаумен атап, Үндістан жерінен бастау алып, соғдылықтар мен көшпелі скифтердің шекарасы болып ағып жатқанын, бұл өзен Персия елінің қиыр шеті екенін әрі Македонский күйреткен Кирополис қ-ның осы өзеннің бойында болғанын айтқан. Страбон өз еңбегінде көшпенді скифтердің негізгі тайпалары ретінде сақтарды, дайларды, массагеттерді айтады. Ал Птолемей Сырдарияны Яксарт деп атап, ол үш иеліктің – сақтар, соғдылықтар және скифтер жерін суландырып жатқанын дәлелдеп, Сырдарияның солтүстік бетін жайлағандар саны көп халық яксарттар еді дейді. Осы бір дауларды шешуге өз үлесін қосқан, қызғыштай қорғаған орыс ориенталисі, «қазақ тарихының Геродоты» аталып жүрген Алексей Ираклиевич Левшин осы жұмбақтарға мынадай үлес қосты.

Македонский өлгеннен кейінгі жердің бөлінуі

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/b0/Diadochen1.png/400px-Diadochen1.pngБактрия мен Соғдыны жаулап алған Македонскийдің қадамын енді Сырдарияның бойынан сонау Еуропада жатқан Донның жағасына алып бару ешбір ақылға сыймайды.

Аррианның жазбалары бойынша жеңістен жеңіске жеткен Македонский сол даңқтың буына мас болып, тек қана даңқ қосу үшін сақтарға жасаған жорығын Мараканда (Самарқан) қаласынан бастаған.

Квинт Курций өз жазбаларында жарақат алған Македонскийдің өзен бойынан аттанып Самарқан қаласына төртінші күнде жеткенін айтады (осы қашықтық Сырдарияның Шыназ төңірегіндегі өткелінен Самарқанға дейінгі қашықтықты меңзеп тұр).

Нақ осы Квинт Курцийдің тарихи поэмасындағы скиф елшілерінің (Левшин атауы) Македонскийге айтқан сөздерінен олардың елдерінің де, ордасының да қайда жатқанын анық меңзеуге болады.

 А.И. Левшин дәл осылай етіп, нақтылы тұжырым жасамаған. Ол өз еңбегінде («Описание киргиз-казахских или киргиз-кайсацких орд и степей». А., 1996) Сырдарияның тарихына шолу жасағанда ежелгі және көне дәуір тарихшыларының еңбектеріне талдау жасап, әркім әр саққа жүгіртіп жүрген өзеннің Сырдария өзені екенін дәлелдеуді мақсат еткен. Ал сол жазбаларға тереңірек үңіліп, сол кісі атаған еңбектердің бірқатарына көз жүгіртіп өтсеңіз дәл осындай тұжырым жасауға болады. Енді осы мәселе Македонскийдің Сырдариядан өтіп соғыс салуы мен сақтар жеріне тұңғыш рет әрі соңғы рет аяқ басуы туралы. Ал осы соғыс қай жерде өтті? Біз жоғарыда Арриан мен Квинт Курцийдің дәлелдерін келтірдік. Оның біріншісі Македонскийдің сақтар даласына Самарқаннан аттанып барып, Сырдан өткенін айтса, екіншісі шайқастан соң жараланған қолбасшының Самарқанға төртінші күн дегенде жеткенін айтады. Демек Сырдариядағы өткел Самарқаннан қашық емес. Кейбір авторлардың осы өткелді, тіптен Александрия қаласының өзін де Сырдарияның Арал теңізіне құяр сағасына апарып орналастыруын кезінде А.Левшин батыл сынап, Сырдариядан өту үшін бұлай қарай бағыт алған болса құм даламен жарты айлық немесе бір айлық жол екенін айтады. Македонский, әрине, өз әскерін құмға айдамайды, керісінше елді мекені көп, сулы жермен жүруге тырысатыны белгілі. Сондықтан бұл қолбасшының да Сырдариядан өткен жері баяғы Кир патшаның өткен өткелі болса керек. Тек бұл жолы сақтар үш күндік жерге шегініп кеткен жоқ, жауына алғашқы соққыны тура өзеннің жағасында берді. Өзеннен өтіп жатқан македониялықтарға садақ оғын қардай боратты, сонан соң жер жағдайы өздеріне әбден танымал болғандықтан бірде шегініп, бірде ұмтылып, кейбір кезде бүйірінен тиісіп отырды. Дегенмен осы шайқас дәл өзеннің жағасынан әрі жылжымады деу әбестік болар еді. Өзеннен өткен македониялықтар ілгері ұмтылуға тырысатыны анық. Өйткені соңдарынан келе жатқан қосындары сол өзеннен жайбарақат өтуі керек. Артынып-тартынып келе жатқан қосымша лектің сақадай сай тұрған жауынгерлері қардай бораған жебенің астында өтуі мүмкін емес. Ал сақтар болса бұл шайқастың тек өзен жағасында ғана аяқтала қоймайтынын жақсы түсінеді. Олар үшін жер ыңғайына қарай шегіне соғысу тиімді. Оның үстіне осы жерде біз Т.Жұртбаевтың кітабында келтірілген дерекке сілтеме жасап көрейік. Автор өз кітабында Македонский өзінің әскери Ордасын Ванкент қаласында орналастырды дейді де, оны қазіргі Ходжент қаласының маңынан іздеуді меңзейді. Біздіңше бұл дұрыс емес. Автордың Ванкент деп отырғаны Бенакент (кейбір деректерде Бинакент, Фенакент) қаласы болу керек. Бұл Сырдариядан өткеннен кейін әудем жерге орналасқан қазіргі Шыназ (Шахрухия) қаласы. Македонский өзеннен өткеннен кейін қол астындағы қыруар әскерді басқару үшін әскери орда (штаб) құруы қажет қой. Оның үстіне македондықтар өзеннен бері өте салып, сол замат ары өтіп, кейін кетпеген. Македонский нақ осы шайқаста бірінші рет жарақаттанып, бірнеше күн шатырынан шықпай жатып алған. Ал бұл кезде сақтардың тек қана көшпенді өмір сүрмей отырықшылықпен айналысатын тобы болғанын жоғарыда Квинт Курций шығармасындағы мына бір жолдар айқындайды: «Сақтар аспандағы сұңқар сияқты. Яксарттар күніне жүз рет ары-бері кесіп өтсе де өз еркі. Өйткені, бұл біздің отанымыз! Сенің отаныңа біз қиянат жасағамыз жоқ. Біліп қой: Тәңірім бізге өгіздің мойынтұрығын, соқаны, найзаны, жебені және тостағанды сыйлады. Өгіздің күшімен еккен дәнімізді достарымызбен бөлісеміз, тәңірімізге мінажат етіп, тостағанымыздағы шарапты соларға құйып береміз. Ал жебемен жауымызды жайратамыз, жақындаса найзамызды шаншимыз». Демек, сақтар егіншілікпен айналысатын жер негізінен Қазақстаннның оңтүстігі, ал мына айтылып отырған оқиғаларға келетін болсақ және де Келес өңірі, Шыршық, Өгем, Бадам, Арыс өзендерінің аңғарлары. Отырықшылық болған соң қаланың да жұрнағы болуы әбден ықтимал. Ал осы Македонский заманынан екі жүз жылдан кейін осы аймаққа келген қытай жиһанкездері мұнда егіншілігі де, көшпенділігі де, қалалары мен кенттері де бар, қол өнері де өркендеген Кангюй мемлекеті болғанын көздерімен көрген. Македонскиймен шайқасқан сақ көсемдері мен қолбасшыларының есімдерін біз Жұртбаев кітабынан келтірейік: Ұлы кеңестің биі Тамыр, қолбасшы Ботақан, Күдіре батыр, Садырақ батыр, жау тылында әрекет жасаған Сыпатай батыр (Спитамен). Спитамен жөнінде бірер сөз В.Ян кітабы бойынша оның әкесі соғды, шешесі сақ қызы. Өмір талқысымен әкесін іздеп Афинаға да барған, Македонскийдің соғыс тактикасын да жақсы меңгерген. Соңынан елінің азаттығы үшін күрескен батыр Македонский қолы Сырдариядан өтіп, сақтармен шайқасып жатқанда Спитамен (қазақ жазушылары Сыпатай деп атап жүр) қол жинап, Самарқанға шабуыл жасайды. Осындағы македониялықтарды қаладан қуып шығып, өзендегі аралды паналауды мақсат етіп барған жерлерінде жойып жіберген (шамасы, Зеравшан өзенінде болса керек). Ол жауларымен үш жыл бойы шайқасқан. Шайқасқанда қазіргі тілмен айтқанда партизан соғысын ұйымдастырған. Солай бола тұрса да ол Македонскийдің ең таңдаулы әскербасы Фарнухтың жасағының күл-талқанын шығарған. Осы бір елін қорғаған патриот жөніндегі деректерге жүгінетін болсақ академик В.Струбе «Кавказ бен Орта Азия жөніндегі дерекнамалар» деген кітабында былай деп жазған екен: «Александр Македонскийге қарсы соғыста Орта Азия халқының бостандығын сақтап қалған Спитаменнің соңғы жорығы туралы Аррианның әңгімесіндегі оқиға сақтардың Ұлы Ордасы орналасқан кең даланың құпия сырын толық ашып береді. Спитамен соғдианаға жасырын өтіп кетіп, македониялықтарға соққы бергісі келді, ал Спитаменнің шабуылынан сескенген Александр Соғдианада қыстап қалды» (65-бет). Бұл тұс және де Келес өңірі, қасиетті Қазығұрттың маңы – бүкіл Қазығұрт өңірін кіреді. Осылайша қазақ даласының және бір жойқын апаттан аман қалғанына қасиетті Қазығұрт куә. Осы жерде және бір айта кететін нәрсе – Қазығұрт аймағындағы Ескендірдің атына байланысты айтылатын «Ескендір төбесі», «Ескендір көпірі» сияқты атаумен аталатын орындардың барлығы. Шымған тауының маңында Ескендір деп аталатын ауыл да бар. Белгілі қазақ мәдениеттанушысы, әдебиеттанушысы Мекемтас Мырзахметұлының еңбегінде келтірілген. Оңтүстік Қазақстан аймағында қыздардың жігіттерді сынағанда айтатын «Ескендір тауға шықтың ба?» деп басталатын жыр үлгілерінің сақталғанын мысалға келтіреді. Бұл да тұжырымдардың бір нышаны. Ал сол көне дәуірде сақтардың «Ұлы Ордасы» деп аталатын орыны Қазығұрт төбесіндегі жазықта әлі күнге дейін «Орда қонған» деп аталатын орын болуы әбден мүмкін.

Сұрақтар мен тапсырмалар : 1. Александр  Македонский  лақап аты не үшін берілген? 2. Жорықтар кезінде ашылған жаңа жерлерді қазіргі картамен салыстырыңдар. 3. Александр Македонскийдің  қазақ жерін жаулап алудағы басты мақсаты неде?

 

 

§5.Атлантида туралы аңыз

Terror Antiquus by L.Bakst (1908).jpgАтлантида — ежелгі грек аңызы бойынша Атлант мұхитында болған құрлық немесе арал. Алғашқы деректер біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырда жазылған Платонның «Тимей» және «Критий» диалогінде Геркулес бағанасының (қазіргі Гибралтар бұғазы) артында, теңіз суының ортасында орналасқан құрлық ретінде айтылады. Құдайлар жерді бөліскенде, Атлантида теңіз құдайы және жер сілкінісін тудыратын құдай Посейдонның иелігіне берілген. Ондағы тұрғын

 

Атлантида

халық – атланттар Посейдонның жұбайы Клериодан туғандар деп есептелген. Табиғаты бай, жері шұрайлы

Атлантидадың орналасқан жері

http://massaget.kz/userdata/news/news_10756/thumb_b/photo.jpgқұрлықтың мәуелі бай сыйын жергілікті тұрғындар пайдаланып отырған.
Биік таулар Атлантиданың солтүстігінен келетін суық желдерден қорғаған. Шұратты да құнарлы жерлерін әр түрлі жан-жануарлар жайбарақат мекендеген. Қабырғасы алтыннан, күмбезі күмістен жалатқан қалаларында жоғары мәдениетті, ізгі, рақымшыл адамдар өмір сүрген. Олар жақсы шабандоз, шебер теңіз саяхатшылары болған. Осылай жылдардан жыл, ғасырлардан ғасырлар жайбарақат өте берген. Күндердің күнінде, табиғаттың миуалы сыйына тойынған немесе алып жатқан аумағы таршылық жасаған, билігін бүкіл әлемге жүргізбек болған. Олардың осындай іс-әрекетіне қарсы шыққан көршілері – афиналықтар ұрыста Атлантиданы жеңіп шыққан. Бұған ашуланған Посейдон өзінің бар ашуын бақытсыз аралдан алмақ болып Атлантиданы су астына жібереді. Бұл қайғылы оқиға біздің заманымыздан бұрынғы 9500 жылы болған. Құрлықтың гүлденіп, одан апат болып жер бетінен жойылып кетуі жайлы аңыз-әңгімелер адам баласының ой-жорамалы мен қиялын сарп етті. Жоғалған құрлықты іздеуге, табуға шабыттандырды, рух берді. Нәтижесінде жер туралы ғылымды одан әрі дамытуға үлкен ықпал етті. Атлантида туралы екі мыңнан астам кітап жазылған. Қазірге дейін жұмбақ болып келген Атлантиданың қай уақытта және қай

Су  асты қалашығы

жерде орналасқаны жайлы жаңа болжамдар жасалуда.

 Су астында қалған (Оңтүстік Америка мен Африка аралығында мұхит тұңғиығында жатуы мүмкін) Атлантида аңызы ғасырлар бойына адамзат санасын жаулап келген-ді. Енді міне, күтпеген тұста бразилиялық геологтар жерасты жұмбағының қай тұста жатқанын шамамен болжап білгендерін хабарлап үлгерді.

Жапондық мамандармен бір қатарда ат салысқан геологтар Рио-де-Жанейро жағалауынан 1500 шақырым жерден (Оңтүстік Америка Африка құрлығынан бөлінген кез) құрғақтық орын алып жатқанын анықтаған.

Зерттеушілер Рио-Гранди суасты шоқысы орналасқан ауданнан 2,5 шақырым тереңдікте гранит тасын тауып алыпты. Олардың ойынша, граниттің бұл түрі теңіз түбін емес, тек қана құрғақтықты түзе алмақ. Сол қатарда мамандар тобы батискафпен (теңіз аппараты) болуы мүмкін суасты ауданын толық зерттеуге алып, өз ұйғарымдарының дұрыстығына көз жүгіртіп көрген.

Бүгінгі таңда ғалымдар мен геологтар жер қабатын бұрғылауды қолға алып, сол арқылы Атлантиданың өзін болмаса да, жоғалып кеткен құрлықтан хабар беруі мүмкін үлгілерді алмақшы.

http://massaget.kz/userdata/users/user_51306/1369051976.jpg  http://massaget.kz/userdata/users/user_51306/1369051993.jpg

http://massaget.kz/userdata/users/user_51306/1369052006.jpghttp://massaget.kz/userdata/users/user_51306/1369052015.jpg

 

Рио-Гранди суасты шоқысынан табылған  Атлантиданың қалдықтары

Сұрақтар мен тапсырмалар : 1.Атлантида құрлығын  ғалымдар неліктен іздестіруде? 2.Атлантида туралы аңызда не айтылған? 3.Атлантиданың тұрғындары жайлы қандай мағлұматтар берілген? 4.* Өз беттеріңше  Атлантида туралы соңғы  жаңалықтармен танысыңдар.

 

ІІІ.Орта ғасырдағы географиялық ашылулар

§6. Қытай саяхатшылары

    Ұлы Қытай жазығында Сары өзен (Хуанхэ) бойында  Хуайхэнің солтүстігі мен орта ағысында шамамен б.з.б ХҮІ ғ ертедегі құл саудалаушы абсолюттік монарх – ван басқаратын Инь мемлекеті  пайда  болды. Жер иеленушілер мен мал өсірушілер өркениетті халықтардың ішінде бірінші болып жібек құртын өсіріп және жібек өндірісін дамытты.

    Б.з.б 3 және 4 мыңжылдықтың басында қытайларға бағынышты аймақтар жайында   географиялық деректер жинақталды. Қытайлықтар өздерінің жорықтарының басым көпшілігін оңтүстікке бағыттады. Олар  таулы аймақты (Оңтүстік – Қытай  таулары)ь жаулап алу  болатын. Олар одан әрі  Үнді Қытай түбегіне қарай  жылжыды. Қытайлықтардың оңтүстікке қарай жасаған жорықтарының маңыздығы  сол – үлкен Оңтүстік Қытай жотасының климаттық жағдайын  білді.Юньнань – Гуйчжоу таулы қыраты  мен Аннам тауының солтүстік бөлігі жайлы  мағлұмат берілді. Қытайдың солтүстігінде мекендейтін халықтар мен елдер туралы мәлімет аз болды. Бұл бөліктегі көшпенділерден жиі – жиі шабуылдар  болып тұратындықтан, қытайлар б.з.б  4-2ғғ. қытайлықтар 4-5 мың км – ге созылған Ұлы Қытай қорғанын салды.

    Біздің заманымыздан бұрынғы II-I ғасырларда Қазақстанға Қытай саяхатшылары Чжан Цянъ мен Сюань-Цзан келеді. Олардың жазбаларында Жетісу бойының, оны мекендеген Үйсін елінің табиғаты мен тұрмысы, Ақсу, Шу, Талас өзендері туралы мәліметтер сақталған. Осы және басқа деректерді жинастырып, қытайлықтар сол кездің өзінде Орталық және Орта Азияның картасын жасаған. Оған Жетісу, Сырдария, Талас алқаптары кірген.

Сұрақтар мен тапсырмалар :  1. Қытайлықтар жорықтарын не себептен оңтүстікке бағыттаған? 2.  Ұлы Қытай қорғаны қай уақытта  салынған? Оны қандай мақсатта салған?  ІІ-І ғғ қазақ жері туралы мәлімет қалдырған қытай саяхатшыларын атаңдар?

 

§7. Арабтардың сауда жолдары

Араб тіліндегі Қазақстан туралы жазбалар — 8-15 ғасырлардағы Қазақстан жерін мекендеген халықтар мен тайпалардың тарихын, әсіресе, Шыңғысхан шапқыншылығы кезеңін зерттеуге қажетті деректемелері мол араб тіліндегі тарихи-географиялық әдебиет. Араб халифаты заманында арабтардың шығысты жаулап алып, мұсылман синкретик мәдениеті мен ислам дінін таратып, мұсылман дүниесінен шалғайдағы кейбір аймақтармен сауда қатынасын дамытуының нәтижесінде көрші және алыс елдерден жан-жақты мәліметтер жиналды. Орта ғасырлардағы араб тарихнамасында Қазақстан аймағының ерекше орын алуын, біріншіден, арабтардың Орта Азиядағы жаулап алған жерлеріне билігін нығайтуға, екіншіден, қазақ даласын мекендеген көшпелі жауынгер тайпалардың шабуылынан сақтануға тырысқан әрекеттерімен түсіндіруге болады. Қазақстан халықтары туралы ертеректегі деректер араб тіліндегі классик. тарихи шығармалардан белгілі. 9 ғ-да өмір сүрген әл-Белазуридің “Китаб футух әл-бұлдан” (“Жорық кітабы”), әт-Табаридің “Тарих әр-русул уә-л-мулук” (“Пайғамбарлар мен патшалар тарихы”) атты шығармаларында 7-8 ғ-дағы арабтардың Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның кейбір аймақтарына жасаған жорықтары айтылады. Араб Халифаты, 622–750 жылдар Мұхаммед с.а.с. пайғамбар дәуіріндегі халифаттың кеңеюуі, 622–632 Рашидун дәуіріндегі халифаттың кеңеюуі, 632–661 Умайяд халифаты, 661–750 әт-Табаридің замандасы, бағдаттық әл-Жаһиздың (9 ғ.) “Манақиб әл-атрак” (“Түркілердің лайықты қасиеттері”) кітабында Қазақстандағы көшпелі түркі тайпаларының этнологиясы жөнінде тұңғыш мәліметтер берілген, Аббас әулеті халифтары ұландарының қатарындағы түрік сарбаздары жайлы, араб қалалары тұрғындарын таңдандыратын түркілердің жауынгерлігі, олардың әдет-ғұрпы туралы баяндалған. Тамим ибн Бахр 9 ғ-дың 1-жартысында Ертіс бойындағы (Солт.-Шығыс Қазақстан) қимақтар елі арқылы тоғыз-оғыз қағанының астанасын басып өтіп, Шығыс Түркістанға саяхат жасады. Тамим ибн Бахр қимақтардың мекен-жайы, шаруашылығы жайында мәлімет бере отырып, Тараз қаласынан қимақ патшасының сарайына дейінгі көрген-білгені жайлы әңгімелейді. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар туралы деректер 9 ғ-дағы араб тілінде жазылған геогр. шығармаларда да ұшырасады. Мұндай ерте кезден сақталған еңбекке почта мен тыңшы қызметінің бастығы ибн Хордадбектің “Китаб әл-масалик уә-л-мамалик” (“Жолдар мен мемлекеттер туралы кітап”) атты әкімшілік-географиялық анықтама еңбегі жатады. Онда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуды басып өтетін Ұлы Жібек жолы, оның бойындағы қалалар мен қоныстар жайлы айтылып, түрлі елді мекендердің ара қашықтығы көрсетілген. ибн Хордадбек, көбінесе, халифаттың ерте кездегі байланыс қызметі архивіне сүйенген. Тарихшы-географ әл-Йақубидің (9 ғ.) “Китаб әл-бұлдан” (“Елдер кітабы”) атты географиялық шығармасында Қазақстан түркілері жайындағы тарихи этнографиялық кең ауқымды материал қамтылған. Бұл еңбекте түркілер туралы деректер анағұрлым нақты берілген. Әсіресе, оғыз, қарлұқ, қимақ, қырғыз, тоғыз-оғыз тайпаларының бірлестіктері туралы мәліметтері аса маңызды.

Сұрақтар мен тапсырмалар : 1.  Араб саяхатшылары қазақстан жері туралы деректері қай кезеңнен басталады? 2. Араб саяхатшыларының қазақ жеріне жасаған саяхаттарының мақсаты неде? 3. Қазақ жері туралы деректерді  кімдердің еңбектерінен білеміз? 4. Араб саяхатшыларының еңбектерінде қазақ жерін мекендеген қандай тайпалар жайында мәліметтер берілген?

 

§8.Ибн Фадлан саяхаты

 

     10 ғ-да Қазақстан жері арқылы арабтың екіншісі саяхатшысы, ибн Фадлан мен Әбу Дулаф сапар шеккен. Ибн  Фадланның “Рисала” (“Жазба”) еңбегінде араб халифатының астанасынан Еділ болгарларына барған елшіліктің сапары жазылған. Елшіліктің мақсаты хазарларға қарсы араб-болгар одағын құру, әрі болгарлар арасына ислам дінін орнықтыра түсу еді. Елшілік Бағдадтан 921 ж. маусымда шығып, 922 ж. мамыр айында болгарларға жетеді. Бұлар Хамадан, Рей, Нишапур, Мерв, Бұхара, одан Хорезм, Үстірт, Жайық арқылы Еділ бойына келді. Мұнда орыстар мен хазарлардың әлеуметтік және рухани өмірінен, Қазақстанның бүгінгі батыс облыстарын мекен еткен көшпелі түркі тайпалары: пешенек, башқұрт, әсіресе, оғыздардың этнографиялық, шаруашылық, тарихи-географиялық жағдайынан маңызды деректер келтірілген.

     Ибн Фадлан 942 ж. Қытай мен Үндістанға жасаған саяхаты жайындағы сапарнамасын  “Рисалаға” (“Жазба”) жинақтады. Онда Волга бойы , Волга алды  және Орта Азия Онда оғыздардың, қимақтардың, қарлұқтар мен жікілдердің шаруашылығы, діні мен тұрмыс жағдайы туралы деректер берілген. Жазбада автор көргенінен гөрі естігенін көп әңгімелейді.

Сұрақтар мен тапсырмалар : 1. Ибн Фадлан  саяхаты қашан басталды? 2. Ибн Фадлан еңбектерінде Орта Азияда мекендеген қандай тайпалар туралы жазған? 3. Ибн Фадланның « Рисала» еңбегінде   не туралы жазылған?

 

 

§9.Махмуд Қашқари саяхаты

http://im4-tub-kz.yandex.net/i?id=181850318-34-72&n=21  Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.Ғалымның туған, қайтқан жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапур, Бағдад қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады. Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады.

enter image description here Ғалым­ның дөңге­лек кар­та­сы ең ежелгі түркі кар­та­сы ретінде белгілі. Мұнда ол түркі ха­лықта­рының та­ралым ай­мағын көрсе­теді. Кітап­ты түзу­де бірне­ше жы­лын сарп етіп, 1072–1078 жыл­да­ры Бағдад қала­сын­да жа­зып бітірген. Бұл кітап 1997–1998 жыл­да­ры қазақ тілінде жа­рық көрді. Ауда­рып, бас­паға әзірле­ген А. Еге­убаев. Махмұт Қашқари­дың «Түркі сөздігінен» басқа

 

Махмуд Кашқари  дөңгелек картасы

«Ки­тап-и-джа­вахир ан-нахв фи луғат ат-түрік» («Түркі тілдері син­таксисінің құнды қаси­ет­тері ту­ралы») ат­ты еңбегі болған, бірақ кітап біздің за­маны­мызға жет­пе­ген. Ғалым өзінің кіта­бы ту­ралы «Түркі тілін үй­ре­нудің қажеттілігін өмір та­лабы мен ақыл та­разы­сы әбден дәлел­дейді.Азды-көпті әңгіме болып жүрген еңбектерге қарағанда, ол картаның жүрек тұсы мен екі өкпесіне қазіргі Қазақстан аймағы түгел сыйған, оның бірсыпыра қалалары мен өзен-сулары атап көрсетілген.

Сұрақтар мен тапсырмалар :1. Махмуд Кашқари  кім болған? 2. Неліктен Қашқариді түркі тілінің негізін қалаушы деп атайды. 3. Қашқаридің «Диуани лұғат ат түркте» атты еңбегінде не жазылған? 4. М. Қашқаридің  әйгілі «Дөңгелек картасында»  жер бетінің қай тұстары картаға түсірілген?

§10.Марко Полоның Орта Азияға саяхаты

http://im4-tub-kz.yandex.net/i?id=14150512-50-72&n=21Марко Поло (1254, Венеция — 1324, сонда) — Италия саяхатшысы. Орта ғасырларда Азия туралы аса бай географиялық және тарихи мағлұматтар қалдырған. 1271 — 1275 ж. әкесі Никколо Поло мен ағасы Маттео Полоға еріп, Қытайға саяхат жасаған. Жерорта теңізі, Палестина, Кіші Азия, Ирак, Иран, Памир тауы және Қашғария арқылы 3 жылдан аса жол жүріп, Пекинге жеткен.1271-1275 ж.ж. олар теңізбен Кіші Азияның оңтүстік-шығыс жағалауына келіп жетті,осы жерден  Қытайға сапары басталған.

Марко Полоның Қытайға сапары

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/a8/Marco_Polo_traveling.JPG/300px-Marco_Polo_traveling.JPG

Қытай құрлығына табан тіреді. Қытайда 17 жыл тұрды. Моңғол ханы Құбылайдың қарамағында болып, Қытайды аралады. Қызмет бабымен Үндістанға жүзіп барып қайтты.Қытайда Полоның «мансабы өрледі»,қызметімен Құбылай ханға қатты ұнап,елдің әр аймағына орын ауыстыра жүріп,Құбылай ханға 15 жыл қызмет етті.Ол ел басқарудың күрделілігі мен тиімділігіне,мәселен,пошта жүйесіне қатты таңданды.Осы жүйенің арқасында салт аттылар санаулы сағаттар ішінде патшалықтың ен шалғайдағы бұрышынан астанаға хабар жеткізетін(пошта жүйесін 300000 ат қамтамасыз етті) 1295 ж. теңіз жолымен Оңтүстік Азияны айналып өтіп, Жерорта теңізі арқылы еліне қайтып оралды. Генуямен арадағы соғыста тұтқынға түскен. Тұтқында отырған кезінде түрмеде бірге отырған кәсіби жазушы пизалық Рустичеллоға өзінің естеліктерін жаздырған. Марко Поло еңбегі бүкіл Азия, Солтүстік Еуропа және бірқатар Африка елдерінің географиясы, тарихы және халқы туралы құнды мағлұмат береді.Бұл кітап орасан табысқа ие болды және XIV-XVI ғ.ғ теңізшілерге,картографтарға,жазушыларға айтарлықтай әсер етті. Христафор Колумб Америкаға алғаш теңіз сапары кезінде оны өзімен бірге алып жүрді. Қытайға тап болған жағдайда кәдеге жарар деп дәмеленді. 14 — 15 ғасырларда бұл естеліктер Еуропаның бірқатар елдерінің тілдеріне аударылып,Азия картасын жасауға негіз болды. 15 — 16 ғасырларда испан және португал экспедицияларын ұйымдастырушылар Марко Полоның еңбегінен Азия құрлығы батыстан шығысқа қарай созылып жатқандығын білді. Сөйтіп Еуропаның батыс және Азияның шығыс жағалауы бір-біріне жақын, Еуропадан батысқа қарай жүзген саяхатшы Үндістан жағалауынан шығады деген қорытынды жасалды. Мұндай сенім Х.Колумбтың Американы ашуына себеп болды. Марко Поло орыс жері туралы былай деп жазды: «Шеті шалқыған теңізге дейін созылып жатқан үлкен ел...Теңіз бетінде де бірнеше аралдар бар.Бұл жерде гректер ұстанатын христиан ағымындағы адамдар тіршілік етеді.Қарапайым және өте көрікті халық...» деген.

 

 

http://www.biografiasyvidas.com/biografia/i/fotos/ibn_battuta_viajes.jpg    http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/78/Travels_of_Marco_Polo.png/270px-Travels_of_Marco_Polo.png

Сұрақтар мен тапсырмалар : 1. Марко Поло саяхаты қай жерден басталған. 2. Марко Поло саяхатын кімдермен бірге жүргізген? 3. Марко Поло саяхаты қанша жылға созылып, қандай аймақтарды жүріп өткен? 4. Марко Полоның Қытайдағы саяхаты кезінде бұл елдің қандай ерекшелігіктерін анықтады.? 5. Марко Поло еңбектерінде қай жерлерге сипаттама берілген. 6. * Кескін картаға Марко Полоның саяхатын сызыңдар.

 

§11-12.Еуропалық елшілер: Иоанн де-Плано Карпини мен

Гильом де Рубрук

Иоанн де-Плано Карпини

A.Карпини Иоанн де-Плано, Джованни Пиано де-Карпини; Жан дю План Карпэн (шамамен 1182 немесе 1200 – 1248, кейбір деректерде 1252) – италиялық саяхатшы. Перуджиядан шыққан.

1222 жылы миссионерлік тапсырмалармен Туниске;

1225 жылы Испанияға жіберілді.

Шыңғыс хан әскерінің Еуропаға жорық жасау қаупі туралы қауесеттер туған тұста, 1245 жылы Рим папасы Иннокентий IV (Лион соборының шешімімен) францисколық Карпини мен доминикандық Асцелин бастаған миссияны нақты мағлұматтар жинау мақсатымен Шыңғыс хан империясына жібереді.

Екі миссия да діни мақсатта айтарлықтай табысқа қол жеткізбегенімен, ол Орта Азия халықтарының тарихы, тұрмыс-салты, әскери күші, тағы басқа жөнінде маңызды мағлұматтар жинады. Рим папасы тапсырмасымен Богемия, Силезия арқылы Днепрге, одан Дон арқылы Жайық пен Еділ өзендері сағасы бойымен хан ордасына келіп жетті. Онда ол Күйік ханның таққа отыру салтанатына қатысты. Карпинидің сапар кезіндегі еңбегі жоғары бағаланып, Иннокентий IV оны франциско орденінің генералы етіп, архиепископ дәрежесін берді. Карпинидің өзінің сапары жөнінде жазған латынша “Либеллус хисторикус” аталатын шығармасының бірнеше нұсқасы бар.

“Либеллус хисторикус” тарихы

Бізге жеткен 5 қолжазба көшірмесінің ішіндегі Лейден қолжазбасын 1839 жылы француз зерттеушісі Д’Авезак дайындаған (D’Aqezac. Relatіon des Monqols ou Tartares par le frere jean du Plan de Carpіn, Parіs, 1839). Карпини еңбегі ағылшын тіліне де аударылған. Шығарманың Бержерон жариялаған француз тіліндегі мәтінінің орысша аудармасы 18 ғасырдың соңында жарық көрді (1795, 1800). Еңбектің орыс тіліндегі ғылыми басылымы Д.И. Языковтың “Собрания путешествия к татарам” аталатын кітабының 1-томында берілген. Әсіресе, А.И. Малеиннің латын тілінен аудармасы (“Иоанн де Плано Карпини. История монголов. Вильгельм де Рубрук. Путешествие в восточные страны в лето благости 1253, введение, перевод и прим. А.И. Малеина, СПб., 1911) жоғары бағаланады. Карпини еңбегінде Ресейдің оңтүстік, Хорезм, Жетісу мен Тарбағатай арқылы Моңғолияға жасаған саяхатына қысқаша сипаттама беріп, Сырдария жазығындағы Отырар, Иасы, Сығанақ, Сауран, Баркент, Янгикент, Жент, Ашнас, тағы басқа қалалар туралы, жалпы Қазақстанға қатысты құнды деректер келтіреді. Неміс тіліндегі Карпини еңбегі 1930 жылы Лейпцигте жарық көрді.

Сұрақтар мен тапсырмалар :1.Плано Карпини қандай қызметтер атқарған? 2. Шыңғысхан империясына қандай мақсатпен  Плано Карпини жіберілді? 3. Діни мақсаттағы мақсаттарына жетпесе Плано Карпини еңбектерінде қандай жерлер туралы сипаттап жазған? 4. Азияға жасаған саяхаты кезінде қай ханның таққа отыру рәсіміне қатысты.5. Плано Карпинидің сапары жөнінде жазылған еңбегі қалай аталған?

 

Гильом де Рубрук

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/f1/Route_rubrouck_1253_55.JPG/450px-Route_rubrouck_1253_55.JPG Гильом де Рубрук француз Людовикті жетінші крест жорығы кезінде жанында жүрген болатын. Людовик жорықтарының сәтсіз болғанына қарамастан монголдармен байланысын жақсарту үмітін үзген жоқ.

*  1252 жылы француз королы  Рубрукқа  Бату хан мен кездесуге, оңтүстік далаға аттануға тапсырма берді. Ол өзінің жорықтарындағы сәтсіздіктерді ескере отырып, Рубрукқа өзінің елшілік мақсатта жүргенін  жасырып,  миссионерлік мақсатта саяхат жасаушы ретінде баруына кеңес берді. 

* 1252 жылдың көктемінде  Рубрук және оның жанындағылар Солтүстік Палестинаданың  Акка (Акра, Аккон) қаласынан шығып, Солтүстік Палестинада Константинопольда келесі жылғы көктемге дейін кідіреді.  

* 1253 жылы 7 мамырда Саяхатшы император Балдуин ІІ –ден хабар алып, Константинопольден шығады. Қара теңіз арқылы Қырымның оңтүстік жағалауындағы Салдай портынан шыққан көпестер жабық арба көлігінен Волга өзенінің бойымен жылжып, Батимен кездесуге  келеді. Азов теңізінің жағалауын жеткеннен кейін, саяхатшылар шығысқа қарай бағыттарын бұрды.  Екі айға созылған саяхаттан кейін Рубрук Волга бойында орналасқан  Сартак ханның лагеріне келіп тоқтады. Сартак хан оларды жақсы қарсы алды. Олар шіркеу кімдерін киіп,жастықшаға Библия кітабын салып, дұғаларын оқып, Сартактың шатырына кіреді. Сартак монахтардың киім киістеріне қарай отырып, бірақ олармен келісімге келмей ,олардың әкесі Батиға баруға ұсыныс жасайды. Бірақ Батида француз патшасының елшілерімен келісімге келуге асықпайды.ол Рубрук Госсет бастаған аздаған монахты Сартак ханмен кездесуге қалдырып, ал Рубруктың өзін Карақорымдағы  ұлы хан Мөңкеге  жібереді.

*  8 тамызда Рубрук Этилияны ( волганы) кесіп өтіп, шығысқа қарай жүре отырып, 34 күнде Орал өзенінен өткеннен кейін Сырдария өзеніне жетіп осы тұста ол бағытын оңтүстік – шығысқа бұрады. Рубрук жеті күн бойы тау жолдары арқылы Алатау бойын айнала жүрді.  

*  8 қарашада ол Талас өзенің алабы мен Кенчат қаласына, келесі күні тауға жақын  қыстаққа жетеді.  Бұл туралы Рубрук былай деп жазады:

«Мен бұл таулар жайлы сұрастырдым, олар Кавказ тауларының жалғасы саналады екен және Каспий теңізінің екі жағында батыстан шығысқа қарай созылып жатыр. Сонымен қатарЭтилия өзені құятын жоғары да айтылған көлден өтіп кеткенімізді білдік. »

Рубрук пен оның серіктестері таудан асып, оң жағында биік таулармен көмкерілген ал сол жағында теңіз немесе көлі бар жазық даланы жүріп өтуге 15 күн жетті. Бұл Балхаш көлі болатын .  Одан әрі Алакөл маңынан өтіп,  Монголиядағы хан сарайына 26 желтоқсанда жетті.

Қарақорым

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/8/8b/Kharkorum_silver_tree1.jpg/300px-Kharkorum_silver_tree1.jpgРубруктың айтуынша бұл қала қабырғасы жерден қаланып тұрғызылған, төрт жағында төрт қақпасы бар. Әйгілі Мөңке ханның сарайын екі мұсылмандар мешіті мен бір христиан сарайы  негізгі сарайды құрайды. Саяхатшылар келгенде хан елдің солтүстігінде таудың келесі жақ бетінде болған екен. Хан Мөңке оларды келесі күні қабылдайды.                      Татарлар Мөңке ханға монахтарды  алдына апарған олардың алдында кезде, диванда жантайып жатқан,  үстінде жылытыраған былғарыдан тігілген тон

,  кертік мұрын,орта бойлы адамды көреді. Мөңкенің жан жағында  сұңқар мен әртүрлі құстар отыр.  Мөңкенің сарайында Рубрук бірнеше апта  болғанда француздар мен  немістің тұтқындарының  қару – жарақ жасауға мәжбүрлегенін көреді. Бірнеше ққабылдаудан кейін Рубрук ханнан Қарақорымға барып қыстап шығуға рұқсат алады. Мөңке француз патшасы хат жібереді.Онда «Ол өзінің әлемнің билеушісі және француздардың бейбіт мақсатта өмір сүргілері келетін болса, өзінің алдында тізе бүгулерін, өзіне қалдықсыз қызмет етулері керек делінген.»

Рубрук 1254 жылы 6 маусымда  монголдар астанасынан қайтарда сол жолды пайдалана отырып, тамыз айында елге оралады.

Сұрақтар мен тапсырмалар : 1. Гильом де Рубрук саяхаты қай патшаның тұсында басталды? 2. Патшаның тапсырмасымен Г.Рубрук қайда жорыққа атанды және қандай мақсатта сипат алды? 3. Г.Рубруктың саяхаты қай жерден басталды?4. Әйгілі Мөңке ханның сарайында шетелдік тұтқындардың қандай азаптауларын көрді? 5.Мөңке ханның француз патшасына жіберген хатында не  жайында жазылды?

§13.Афанасий Никитиннің «Үш теңізге» саяхаты

Хождение за три моря Афанасия Никитина 1466-1472 жылы тверлік көпес Афанасий Никитин Парсы және Үндістанға саяхат жасады. Алғашқы теңіз – Дербент теңізі, екінші теңіз – Үндістан, үшінші теңіз – Қара теңіз.  1466 жылы Афанасий Никитин  сауда - саттық мақсатта Тверден Волга бойы арқылы саяхат жасады. Каспий теңізі арқылы Дербент пен Бакуге дейін, ол одан кейін Персияға жүзді, онда ол бір жылдай тұрды.1469 жылдың көктемінде Ормуз қаласына келді және Аравия теңізі арқылы Үндістанға барып, көп жылдай саяхат жасап, үш жылдай тұрды. Қайтар жолда  Персия  арқылы Трапезунда (қазіргі Трабзон), Қара теңізді кесіп жүріп, және 1472 жылы Кафу (қазіргі Феодосия). қаласына келді. Афанасий Никитин саяхатында  Каспий, Арабия  және Қара теңіздерін  кесіп өтті.

 

Сұрақтар мен тапсырмалар:1.А.Никитиннің «Үш теңізге» саяхатының маңыздылығы неде? Бұл еңбекте не жайында жазылған?

 

 

ІҮ. Ұлы географиялық ашылулар кезеңі

 

§14.Христофор Колумб саяхаттары

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/06/CristobalColon.jpg/250px-CristobalColon.jpg Колумб 1436 жылы Генуя қаласына жақын жердегі тоқыма өнеркәсібінде істейтін Доминико Колумб отбасында туған. Колумбтың жас кезінде қайда оқығаны белгісіз, әйтеуір итальян, испан, португал және латын тілдерін жақсы білгендігі анық. Он төрт жасында Колумб теңіз қызметіне кетеді. Жасында Жерорта теңізінде, Еуропа жағалауларына саяхат жасаған сауда кемелерінде болып, теңіз жағдайларын жақсы біліп алады. Колумб Генуяда тұрғанда географиялық карта сызумен шұғылданады. Ол бұл мамандықты меңгеріп алған соң, інісі Бартоломей Колумбпен бірге Лиссабонға келеді. Португалияның Лиссабон қаласы теңіз шаруашылығының орталығы болды. Оған барлық жерден ғалымдар, теңізшілер, географтар жиналатын. Мұнда келгеннен кейін де ағайынды Колумбтар карта жасаумен айналысады және бірқатар теңізде жүзу жұмыстарына қатысады. Колумб Лиссабонда тұрған кезінде Феници Леониде Полестерелло дейтін теңізшінің қызымен танысып, соған үйленеді. Колумб үйленген соң Порто-Сонто аралына келіп, қайын атасының үйінде түрады. Мұнда ол атасынан қалған географиялық карталарды, теңіз жұмысы туралы жазбаларын тауып алып, сол материалды мұқият зерттейді. Міне, осы кезден бастап Колумб Батыс жолымен Үндістанды ашу мәселесіне кіріседі. XV ғасырда ежелгі ғалымдардың Жер шар формалы деген болжаулары теңіз саяхатшыларының назарын аударды. Кейбір ғалымдар батысқа қарай жүзу арқылы Жерді айналып өтіп, Үндістанға жетуге болады деген пікір айтты. Бұл жолды, Африканы айналып өтуге қарағанда, қысқа жол деп қате есептеді. Үндістанға батыс жолмен жетуге әрекет жасаған еуропалық тұңғыш теңіз саяхатшысы Христофор Колумб (1451-1506) болды. Біраз ізденістерінің нәтижесінде Христофор Колумб өзінің Үндістан мен Қытайға апаратын теңіз жолын іздеу сапарын Африканы айналып жүретін Шығыстан емес, әлі зерттелмеген, Атлант мұхитын басып өтетін батыстан бастау керек деп шешті. Ол Жердің шар іспетті екенін білетін-ді. Егер олай болған күнде, Батысты бетке алып жүзе берсе қайткен күнде Үндістаннан барып шығатынын топшылады. Оның бұл жоспары ол кезде «ақымақтың ісі» саналатын. Әлі ешкім сырын білмейтін мұхит арқылы кіп-кішкентай кемесымақпен жүзіп өтемін деу шынында көзсіз ерлік еді. Ұзақ жылға созылған айтыс, таба болу мен торығудан кейін, ақыры Колумб алтын мен жаңа жер байлығына құштар испан корольдерінің бетін өзіне бұрды.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/38/Viajes_de_colon_en.svg/270px-Viajes_de_colon_en.svg.png Сонымен Колумб жол бастаушы «Санта Мария» және «Нинья», «Пинта» деп аталатын үш кемемен 1492 жылы тамызда Испания жағалауындағы Полос қаласынан сапарға шығады. Бұл ар аттанғанда ауа райы ашық болды. Пассат желі бір қалыпты соғып, кемелер батысқа қарай еркін сырғи жөнелді. Бұрын мұндай ашық теңізге шығып көрмеген теңізшілер алғашқыда үрейлене бастады. Кенет көкжиектен жасыл белдеу көрінгенде олар қатты қуанып қалады. Алайда ол жер емес, бетін балдыр басқан Сорогос теңізі болып шығады. Бұл Колумбтың Атлантикадан ашқан бірінші жаңалығы еді. Күн артынан күн жылжып өтіп жатады. Көкжиекке үласқан көк теңізден басқа көзге ілінер ештеме көрінбейді. Теңізшілердің ішінде торығу байқала бастайды. Дегенмен олар Колумбтың есебі бойынша осы кезде Үндістанға жетуге тиіс екендерінен мүлде бейхабар болатын. Алайда жуық маңда көрінетін жер жоқ еді. Колумб ғажайып ұстамдылық танытып, түнжыраған теңізшілердің көңілін көтеріп, оларға алтын мен дәмді тағам бергізеді. Ақыры одан да ештеме шықпай, теңізшілер мұны тыңдауын қойып, «Егер енді үш күннен кейін жер көрінбейтін болса, кеменің бетін кері бұрамыз» деген шарт қояды. Колумб амалсыз көнеді. Айтылған мерзім бітер күннің түнінде сағат екіде, кеме вахтасында тұрған теңізшінің «Жер! Жер көрінді!» деген айғайы естілді. Бұл бір шағын арал еді. Оны Колумб Сан-Сальвадор деп атады. Одан кейін бұлар Кариб теңізіндегі жұпар Куба, ғажайып Гаити аралы, тағы-тағы толып жатқан аралдарды басып өтті. Теңізшілер бұл өңірден алғаш рет жүгері, картоп, темекі сияқты Еуропада жоқ өсімдіктерді кездестірді. Бұларды қай жерде болмасын тобылғы өңді, сүлу келген бойшаң адамдар қарсы алды. Дегені қабыл болып тұрған, өзін Үндістандамын деп ұйғарған Колумбтың айтуынша, бұл арды саяхатшылар үндістер деп атап кетті. Колумб ешкім білмейтін жаңа құрлық емес, Үндістанға баратын батыс жолын таптым деп топшылайды. Ақыры үшінші, одан кейінгі төртінші сапарында - өмірінің соңғы жылдарында өзінің «бөтен бір дүние бөлігін» ашқандығы жайында ойлана бастайды. Колумб Американы ашқаннан кейін испандықтар жаңа жерді жаулап ала бастайды, онда өз қоныстарын салып, жергілікті халқын құл етеді, қырып-жояды. Колумбтың өзі көп кешікпей король сарайында жүріп жазаға тартылады да, оның қалай өлгенін ешкім білмей қалады. Ал тарихтың әр нәрсені өз орнына қоятыны белгілі. Біз казір Колумб есімін құрмет тұтып, оны жаңа жер ашқан қаһарман теңізші деп білеміз.

Сұрақтар мен тапсырмалар: 1.Х.Колумб саяхатының маңыздылығы неде?2. Х.Колумб саяхаты барысында қандай қиыншылықтарға тап болған? 3. Х.Колумб ашқан жаңа жерлерді картадан тауып, белгілеңдер?

.§15. Фернан Магелланның Жер шарын айналу саяхаты

http://im1-tub-kz.yandex.net/i?id=578491489-27-72&n=21 Магеллан Фернан(1480 — 1521) — Португалияның теңіз саяхатшысы. 1519 — 21 ж. Молукк аралдарына апаратын батыс жолдарын іздеуге шыққан экспедицияны басқарды. Африканың батысымен жүзіп, Атлант мұхиты арқылы Оңтүстік Американың шығыс жағалауына жетті. Құрылықтың оңтүстігін зерттеп, 1520 ж. құрылық пен Отты Жер топаралы арасындағы бұғаз

http://im3-tub-kz.yandex.net/i?id=148845913-01-72&n=21(қазіргі Магеллан бұғазы) арқылы Оңтүстік Американы айналып өтті. Тынық мұхит арқылы батысқа қарай жүзіп, Азиядағы Филиппин аралдарына жетті. М. 1521 ж. Мактан аралында жергілікті тайпалармен қақтығыс кезінде қаза тапты. Қалған экспед. мүшелері “Виктория” кемесімен Үнді мұхиты арқылы Африканың оңтүстігін айналып, Испанияға оралды. Магеллан алғаш рет Жердің шар тәрізді екендігін, Дүниежүзілік мұхиттың біртұтастығын дәлелдеді.

Магеллан астрономия және навигация бойынша жақсы білім алып шыққан,20 жасында алғаш рет теңізде жүзген саяхатшы. Оның өмір жолы әдеттегі конкистадор ретінде өрбіді - Шығыс Африка жағалауындағы Индостандағы шайқастар, арабтармен болған теңіз қақтығыстары. Португалия патшасымен сөзге келіп қалып, Магеллан Испанияға қоныс аударды. Ол Испания патшасы I Карлосты Молукк аралдары (Дәмдеуіш аралдары) Португалияға емес, Испанияға тиесілі болуы қажет деп иландырды. Оған жету үшін өзіне жақсы таныс шығыс бұғаз жолын ұсынды. 1519 ж. қыркүйегінде бес кемеден құралған теңіз қосыны жолға шықты. Қосын Оңтүстік Америка жағалауларына дейін жетті, бірақ пайдасыз өткел іздеу әрекеті наурыздың аяғына дейін созылды. Қатты суық пен боран басталғаннан кейін, ержүрек теңізшілер Патагониядағы қыстаққа аялдауға мәжбүр болды. 1520 ж. қазанында кемелер қисапсыз аралдар арасындағы бұралаң және қауіпті жол арқылы көптен күткен бұғазға келіп жетті. Теңізшілер кейіннен мұнда жердің төрт бұрышынан ызғарлы солтүстік желі соғып тұратын дегенді айтты. Айналадағы аралдар құнарсыз және елсіз иен мекен болып көрінді, бірақ түнге қарай теңізшілер мыңдаған алауларды көрді, сондықтан шоғыры Отты жер аталып кетті. Магеллан ашқан бұғаз біраз уақыттан кейін оның есімін иемденді. Жағдай ушығып кетті - азық-түлік қоры мүлдем қалмады, бірақ Магеллан Молука аралдарынан оларды 3-4 күндік қана жол бөгеп тұр деген сөзінен қайтпады. Және кемелер еуропалықтар үшін мүлдем беймәлім алапат мұхит арқылы жолға шықты. Бұл мұхитты Магеллан барынша тыныш ауа-райы үшін Тынық деп атады, теңізшілер мұнда тымық күні тап болған еді. Тынық Мұхитпен бойлай жүзу төрт айға созылды және адам айтып жеткісіз тауқыметті бастан кешірді. Ақырында көптен күткен айқай естілді: «Жер!». Және кешікпей саяхатшылардың алдында Филиппин аралы тұрды.

Қосымша... «Ол күлу дегенді, мейірімділік, құрмет атаулыны білмейтін, өз пікірін шебер қорғай алмайтын... Магелланның мінезі қайшылыққа толы еді», - деп баяндаған Магеллан қосынының жылнамашысы.

http://historydoc.edu.ru/attach.asp?a_no=2012Жер шарын айналып шығу үшін Фернандо Магеллан басқарған бес желкенді кеме 1519 жылы 20 қыркүйекте Испания жағасынан батысқа аттанды. Бұлар ең алдымен Канар аралдарына келді. Одан әрі  Оңтүстік Американы жағалай жүзіп, тұңғыш рет  құрлықтың өңтустігін айнала Ұлы мұхит айдынына шықты. Атлант мұхиты мен Ұлы мұхит арасын байланыстырып тұрған осы бұғаз кейін «Магеллан бұғазы» аталып кетті. Өйткені Магелланға Тынық мұхитының толқыны Атлант мұхитына қарағанда бәсең болды. Бірақ оның тұнықтығы шамалы еді.

Магелан Тынық мұхит арқылы Оңтүстік Американың батысын жағалай жүзіп барып, тіке шығысқа қарай бұрылды да, содан әрі үздіксіз үш ай бойы жүзеді, жолында бірде бір арал кездеспейді.  Ақырында аштық қасіретіне ұшырайды, кемедегілер өмірден күдерін үзе бастағанда, 1521 жылы 9 наурызда алдынан аралдар көрінеді. Аралда адамдар тұрады екен, оның біреуінен азық, су алып сапарын жалғастырады. Кешікпей Магеллан кемелері Испанияға қарайтын Филипин аралына келіп тоқтайды, бірақ  өздерінің жер шарын  кемемен  айналып жүзіп келе жатқанын жасырады.  Сөйтіп, архипелаг  аралдарын зерттеп жүргенде, Мактан аралындағы тұрғын үнділерді христиан дініне лажсыз кіруді көндіреді. Мұның соңы арал тұрғындарымен қан төгіске ұласады. Арал жауынгерлері шетінен мерген, айлакер, атқан тасын дәл тигізе алатындықтан, Магеллан адамдары әлсіреп шегінуіне тура келеді. Сонымен, жер шарын айнала жүзген әйгілі теңізші Магеллан 41 жасында 1521 жылы 27 сәуірде қайтыс болады. Бұдан кейін кемелерді қалғандары басқарып, Борнео аралына келіп азық-түлік, алтын, күміс тиеп алып, тағы бір аралға келіп тоқтап онда кемелерін жөндейді. Испандар Үнді мұхиты арқылы  Африканың оңтүстігіндегі «Добрая надежда» мүйісінен өтіп, аман–есен Атлант мұхитына шығады.  Олар су кіре бастаған кемені тастап, жалғыз «Виктория» кемесімен 9 шілдеде «Жасыл мүйіс» аралына зорға жетеді. 1522 жылы  6 қыркйекте  «Виктория» кемесінің капитаны, Магелланның ізін жалғастырушы Даль Кано жер шарын айналып келіп, Испанияға жетеді. Барромеда портына , 265 адаммен кеткен 5 кеме , 17 адамы ғана  бар бір ғана  «Виктория» кемесімен келеді. Испания королі оны үлкен құрметпен қарсы алады. Жер шары тәрізді  герб береді, оның сыртында «Мені тұңғыш айналып шықтың» деп жазылады.

1519 — 1521 ж. Молукк аралдарына апаратын батыс жолдарын іздеуге шыққан экспедицияны басқарды. Африканың батысымен жүзіп, Атлант мұхиты арқылы Оңтүстік Американың шығыс жағалауына жетті. Құрлықтың оңтүстігін зерттеп, 1520 ж. құрлық пен Отты Жер топаралы арасындағы бұғаз (қазіргі Магеллан бұғазы) арқылы Оңтүстік Американы айналып өтті. Тынық мұхит арқылы батысқа қарай жүзіп, Азиядағы Филиппин аралдарына жетті. М. 1521 ж. Мактан аралында жергілікті тайпалармен қақтығыс кезінде қаза тапты. Қалған экспедиция. мүшелері “Виктория” кемесімен Үнді мұхит арқылы Африканың оңтүстігін айналып, Испанияға оралды. Магеллан алғаш рет Жердің шар тәрізді екендігін, Дүниежүзілік мұхиттың біртұтастығын дәлелдеді.

 

Сұрақтар мен тапсырмалар :1. Фернан Магеллан саяхатының басты ашқан жаңалығы неде? 2*. Фернан Магелланның жүріп өткен жерлерін картадан тауып, оны кескін картаға белгілеңдер? 3. Фернан Магелланның саяхаты барысында қандай қиыншылықтарға тап болады?

 

§16.Васко да Гаманың Үндістанға саяхаты

 

Vasco-da-gama-2.jpg Васко де Гама Vasco da Gama; 1469—1524 — португал жиһанкезі, Үндістанға теңіз арқылы саяхат жасаған тұңғыш еуропалық ретінде тарихта қалды.

Васко да Гама 1469 жылы Синеш қаласында орденның магистрі Сантьяго Эштеван де Гаманың (1430—-1497) отбасында дүниеге келген. Анасы — Изабела Содре.

Португал патшасы Мануэл I Эштеван де Гамаға Үндістанға экспедициясын жасау тапсырды, бірақ ол қайтыс болғандықтан, оның ісін баласы — Васко де Гама жалғастырды. 1497 жылы шілденің 8-інде Лиссабоннан шығып, Васко де Гама басқарған экспедиция Африканы оңтүстік жағынан айналып, Мейірімді үміт мүйісіне жетті. 1498 жылы мамырдың 20-сында Васко де Гаманың экспедициясы Үндістанның оңтүстік - батыс жағасына жетті. .

1499 жылы қыркүйек айында Португалияға қайтқанда, Васко да Гаманы құрметпен кездесіп, үлкен ақшамен марапаттап, оған «Үнді Мұхитының Адмиралы» деген атағын, Дон лауазымын беріп, Синеш және Вила-Нова-де-Милфонтеш қалаларын өз меншігі ретінде сыйлаған. 1519 жылы Васко де Гама Видигейр графы лауазымына жетті.

Осы саяхаттан кейін тағы екі рет Үндістанға барған. 1524 жылы желтоқсанның 24-інде Кочинде (Үндістан) қайтыс болып, Португалияның Алентежу деген жерде кішкентай Quinta do Carmo деген шіркеуінде жерлеген. 1880 жылы қалғаны Лиссабондағы Иеронимиттер Монастырына жерленген.

Васко да Гама әйелі — Катарина де Атаиде. Балалары: Франсишко, Эштеван (1505—1576, Үндістанның губернаторы), Пауло, Криштован, Педро.

Васко да Гама Васко да Гама 1460 жылы Португалияның Синиш қаласында дүниеге келген . Васко да Гаманың әкесінің есімі Иштеван да Гама , ал анасының есімі Изабелла Содре . Васко да Гама балалығынан теңіз саяхатшысы болуды армандаған . 1492 жылы француз консары португалиялық каравелланы басып алады . Бұл кезде Васко да Гама 23 жаста еді . Осы кездерде Португалияның корольі Мануэль 1 оған француздар алған каравелланы қайтарсын деген бұйрық береді . Ол бұл бұйрықты орындайды : француздар дың жағалауына келіп , олардың бүкіл кемесін тартып алған соң , француз корльі олардың каравелласын қайтарып береді . Содан кейін Васко да Гама еліне қайта оралады . Ол еліне келген кезде әкесінің қайтыс болғанын естиді . Содан кейін ол Катерина да Атаида деген қызға үйленеді . Ал үйленген соң олардың 5 ұлы болады : Франсишку , Эштеван , Паулу , Криштован және Педру . 1946 жылы Мануэль 1 Васко да Гамаға Португалиядан Үндістанға дейін кемемен жүзуді ұсынады . 1947 жылдың 8 шілде күні Васко да Гама және 170 адам , 3 кеме Лиссабонеден жүзуге шығады . 20 мамыр 1498 жылы олар кемемен Каликутқа келеді . Бұл жолы Васко да Гама өз елімен және сол жердің үндістерімен саудагерлік қатынасты жақсартады . Васко да Гама 1524 жылы қайтыс болады .

Васко до Гама саяхаты

Колумб Батыс теңіз жолымен Үндістан, Қытай, Жапон аралдарын ашамын деп барып, жаңа жерді – Американы ашып жүргенде, Васко до Гама Африканы айналып жүзіп, Үндістанды ашты, содан бастап Португалияның Азияны отарлауы басталды.

Васко до Гама шамамен 1469 жылы Португалияда туған. Ол жасында Португалияны Испанияға қарсы соғысында ерлік көрсеткен, бірінші рет Гвинея жағалауын айналып жүзіп шыққан. 1492 жылы Васко до Гама Жуан II королінің тапсырмасын орындап, оның Францияда қалған алтын тиеген кемесін Португалияға алып келеді, содан аты әйгілі болады.

1497 жылы 8 маусымда Васко до Гаманың төрт кемелі экспедиясы Лиссабон портынан шығады. Бір апта жүзген васко до Гама Эскадрасы Камал аралдарына келеді. Содан кейінгі сапары сәтті болып, 4 қарашада Африка жағалауына келеді. Бұл жерді адмирал «әулие Елена» қойнауы деп атайды. Васко до Гама Африка жағалауындағы тұрғындар құлаққа тағатын мыстан басқаны бағаламайды және өздері шетінен батыл келеді деп жазады. Бұдан әрі жүзіп, өздерімен бірге келе жатқан Бартолимимен көрсетуімен Африка материгінің оңтүстік нүктесі «Добрая надежда» мүйісін айналып өтіп, 1497 жылы 25 қарашада Санто Барс қойнауына келіп бөгеледі. Мұнда тастан белгі қойып, бұрын Бартоломи келген Инфанд өзененен қарай Васко до Гама белгісіз теңіз жолымен жүзе біледі. Эскадрада ауыз суы азайып, екі кемені жөндеу қажет болып, енді бұлар кез келген жағаға тоқтайды. Бұл жердің халқы кафрилер деп аталады екен. Олар келгендермен жылы шырайлы болады, сондықтан бұл жерді Васко до Гама «жақсы адамдар жері» деп атайды. 1498 жылы 23 қаңтарда Эскадра Замбизи өзені жағасына жетіп, мұнда бір ай бөгеледі. Үнді мұхитынан жүзіп өтуге дайындық жасайды. Кемелерін бүтіндейді, ауырып өлген матростарды жерлейді

Бұдан әрі жағалауға жақындай жүзіп, аралға келіп тоқтайды, мұндағы қаланы Момбаса деп атайды. Мұндағы Маврлар (мұсылмандар) Васко да Гамманы қалаға шақырып, қолға тұсірмек болады., оны сезген адмирал аралда аялдамайды.      14 сәуірде флот Малинда қаласына келіп тоқтайды. Бұл өте бай мұсылман қаласы еді, қала сұлтанына сыйлық беріп, азық-түлік алады және сұлтан Васко да Гаммаға тәжірибелі лоцман қосып береді. Оның аты Ахмет Ибн Маджит еді, оны португалдар Малемо Кана деп атайды. Ол бұрын Үндістанда болған, компас пен картаны пайдалана білетінтәжірибелі теңізші екен. Соның жол сілтеуімен Васко да Гамма ұзақ жүріп, 1498 жылы 10 мамырда Үндістан жағалауындағы қалаға – Каликутке келеді. Васко да Гама кемелерітеңіз айдынында аулақ тоқтайды. Бұларға төрт қайықпен келгендер оларды жағаға шақырады, бірақ Мозамбик пен Мобаса оқиғасынан «ауызы күйген» адмирал сақтық етіп, жай-жағдай біліп келуге бер теңізшісін жібереді. Ондағы Мусайд деген тілші оларды шақырып, Раджаның сарайына баруға көмектеседі.

Бірақ Самудрираджа оның отарлаушылардың бірі екенін біліп жақтырта қоймайды. Оның сауданы сылтауратып жергілікті байлықты игеруге келетінін араб көпестері алдын ала хабардар еткен. Енді Васко да Гамма раджалар шақыруына бармайды, қатты қауіптеніп кері қайтады.  Олар үш ай бойы Үнді Мұхитындағы дауылдан шыға алмай,  2 ақпанда 1499 жылы Африка жағасындағы Малинда қаласына жетеді. Момбасаға өтіп теңізшілер азайып өлген соң «Сан-Рафаэль» кемесін өртеп жібереді. Васко да Гама «Добрая надежда» мүйісін айналып өтіп, Атлант Мұхитына шығып, содан 1499 жылы қыркүйекте Лиссабонға оралады. Халық Васконы үлкен құрметпен қарсы алады, өте көп шығынға ұшыраса да ол Колумб армандаған Үндістанды ашады. Бұл жолдың Европалықтар үшін  саяси, экономикалық маңызы зор еді. Содан бастап Жерорта теңізінің маңызы төмендей бастайды.

Васко да Гама Үндістаннан Португалияға келген соң, корольға Үндістанды бағындыру үшін географиялық экспедиция емес, әскери экспедиция жіберу қажеттігін айтады.

Португалия королы Эммануил   Үндістанды екінші рет жаулап алуға Васко да Гама бастаған 20 соғыс кемесін аттандырды. 1502 жылы 10 ақпанда Лиссабоннан шыққан бұл әскери экспедиция күзге қарай Каликутке жетті. Каликут раджасы мұндай арнайы келген жауға қарсылық көрсетпей, оның айтқанын істеп, сауда жасауға келісті. Васко да Гама маған қала төрт сағат ішінде бағынсын деп елші жіберді. Бірақ раджа жауап қатпады, бейбіт жатқан елге сауда жасауға келген европалвқтар соғыс ашады деп ойламап еді. Төрт сағат өткен соң Васко да Гама жергілікті халықты қырғынға ұшыратып басып алды, бұндай озбырлық европалықтардың ежелгі әдеті еді. Олар бұдан әрі Цейлон, Сумрата, Ява аралдарына дейін барып, бейбіт елді қырғынға салады. Мұны көрген Қытай халқы өзыне қарайтын бұл аралдардан португал басқыншыларын қуып жібереді.

Португалияның географиялық зерттеулері Васко да Гаманың екінші экспедициясымен аяқталады. Енді олар біржола отарлау саясатына көшті. 1504 жылы Португалия королі   Альфонс Албукеркті Үндістанда губернатор  тағайындайды. Ол Үндістанды Партугалия отарына айналдырады. Албукерк одан кейін Малака Түбегін, Ява, Суматра, Целебес, бүкіл Зонд аралдарын Португалияға қаратты. Енді ол Меке, Медина, Египетті қаратпақ болды. Расында, шығыс порты Португалияның ықпалында еді,   оның қаһары дүние жүзіне қарады.

Албукерк өліміне дейін 1515 жылы Үндістанда зорлық зомбылық күшейе бастады. Король Жуан ІІІ Үндістаннан алтын, меруерт басқа да байлықтардың бұрынғыдай ағылып келмей жатқанына ызаланды. Сөйтіп, белгілі саяхатшы Васко да Гаманы сонда вице-король етіп тағайындады. Ол 1524 жылы 9 сәуірде Португалиядан Үндістанға келіп, Жергілікті басшыларға тыйым сала бастады, бірақ өзі кешікпей қайтыс болды. Үнділер Португалдарды өз жерінен қуды. Үндістанды енді Испания, одан соң Франция, кейіннен Англия капиталистері отарлай бастады.

Васко да Гаманың нақты қай жылы туғаны белгісіз, дегенмен кейбір деректерге қарағанда, 1469 жылы туған деп шамалайды. Ол жасында Португалияның Испанияға карсы соғысында ерлік көрсеткен, бірнеше рет Гвинея жағалауын айнала жүзіп шыққан. 1492 жылы Васко да Гама II Жуан корольдің тапсырмасын орын- дап, оның Францияда қалған алтын тиеген кемесін Португалияға алып келеді, содан оның аты әйгілі болады. 1497 жылы 8 маусымда Васко да Гаманың төрт кемелі экспедициясы Лиссабон портынан шығады. Кемелерді ол мұқият қарап, оған керекті адамды өзі таңдап алады да, әрбір кемеге тәжірибелі адамдарды капитан етіп тағайындайды. Бір апта жүзген Васко да Гама эскадрасы Канар аралдарына келеді. Содан кейінгі сапары сәтті болып, 4 қарашада Африка жағалауына жетіп, зәкір тастайды. Бұл жерді адмирал «Әулие Елена» қойнауы деп атайды. Мұнда саяхатшылар сегіз күн аялдап, айналаға географиялық зерттеулер жүргізеді. Адмирал өз күнделігінде «Африка жағалауындағы тұрғындар құлаққа тағатын мыстан басқаны бағаламайды және өздері шетінен батыл келеді» деп жазады.

Бұдан әрі жүзіп, өздерімен бірге келе жатқан Бартоломеудің жол көрсетуімен Африка материгінің оңтүстік нүктесі «Қайырлы Үміт» мүйісін айналып өтіп, Васко да Гама белгісіз теңізбен жүзе береді. Эскадрада ауыз су азайып, екі кемені жөндеу қажет болып, енді бұл ар беймәлім бір жағаға зәкір тастайды. Бұл жердің халқы кафирлер деп аталады екен, олар саяхатшыларды жылы шыраймен қарсы алады. Сондықтан бұл жерді Васко да Гама «жақсы адамдар жері» деп атай- ды. 1498 жылы 23 қаңтарда эскадра Замбези өзені сағасына жетіп, мұнда бір ай бөгеледі. Үнді мұхитынан жүзіп өтуге дайындық жасайды. Кемелерін бүтіндейді, ауырып өлген матростарды жерлейді. Васко да Гама Үндістаннан Португалияға келген соң, король оны Үндістанды жаулап алуға 20 соғыс кемесін беріп аттандырды. 1502 жылы 10 ақпанда Лиссабоннан шыққан бұл әскери экспедиция күзге қарай Каликутке жетеді. Каликут раджасы мұндай жауға қарсылық көрсетпей, олардың айтқанын істеп, сауда жасауға келісім береді. Васко да Гама төрт сағат ішінде қаламаған бағынсын деп раджаға елші жібереді. Ол бұған жауап қайтармайды, өйткені ол бейбіт жатқан елге сауда жасау үшін келген еуропалықтар соғыс ашады деп ойламағанды. Айтулы төрт сағат өткен соң Васко да Гама оның айлақтарындағы бүкіл бейбіт тұрған кемелерді басып алып, бейбіт қалаға зеңбіріктен оқ жаудырады, ғасырлар бойы тұрған сәулетті күмбезді үйлердің күлін көкке үшырып, еркін елді қырғынға ұшыратады. Мұндай озбырлық, еркін елді қанға бояу бөгде елді отаршылардың ежелгі әдеті болатын. Васко да Гама бұдан әрі Цейлон, Суматра, Ява аралдарына дейін барып бейбіт елді қырғынға ұшыратты. Мұны көрген қытай халқы өзіне қарайтын бұл аралдардан португал басқыншыларын қуып шығады. Португалияның географиялық зерттеулері Васко да Гаманың осы екінші экспедициясымен аяқталды. Енді олар біржола отарлау саясатына көшті. 1519-1522 жылдары Азияға батыс жолмен жету мақсатымен Испания ірі теңіз саяхатын ұйымдастырды. Экспедицияны ер жүрек, тәжірибелі теңізші, қайтпас жігерлі адам Фер- нан Магеллан басқарды. Бес кемеден құралған экспедиция Оңтүстік Америка жағалауына жетіп, материк пен Отты жер аралы арасындағы бұғаз (қазіргі Магеллан бұғазы) арқылы Оңтүстік Американы айналып өтеді. Одан әрі Тынық мұхитты кесіп өтіп, Филиппин аралдарына жетеді. Осында жергілікті тұрғындармен қақтығыс кезінде Магеллан қаза табады. Оның серіктері Тынық мұхитпен жүзіп, Оңтүстік Африканы айналып, Испанияға жалғыз ғана кемемен қайтып оралады. Осы дүние жүзін айналып өткен түңғыш саяхат Жердің шар торізді екенін, дүниежүзілік мұхиттың біртүтастығын және жер бетінің басым бөлігін су басып жатқанын біржолата дәлелдеді

Сұрақтар мен тапсырмалар :1. Васко де Гама саяхатының басты жаңалығы неде? 2. Васко до Гама «жақсы адамдар жері» деп қай жерді айтқан? Неліктен? 3*. Васко до Гаманың Үндістанға саяхаты барысында қандай жаңа жерлер ашылды? Оларды атлас картадан тауып, кескін картаға белгілеңдер.

 

§17.Мартин Бехайм- алғашқы глобус жасаушы

Мартин Бехайм 1459 жылдың 6 қазан айында Нюрнберг қаласында, дәулетті отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Венеция тауар әкелетін саудагер және қалалық сенат төрағасы еді. Мартин бала кезінен әкесіне көмектесетін, ал әкесі қайтыс болғаннан кейін 1474 жылы ол ағалары Леонардо және Йориус ван Дорппен Мехеленнен мата әкеліп Франкфуртте сатады.

1478 жылы Антверпен қаласына көшіп келеді. Осы қаладағы шеберханада ол арифметиканы үйренеді. 1484 жылы Бехайм алғаш рет Лиссабон қаласында болды. 1490 жылы Бехайм сауда жағдайына байланысты Нюрнберг қаласына қайта оралады. Сонымен қатар ол бұл қаладан анасының қалдырған мұрасын таппақ болады. Осы жерде ол Хольцшуэр деген азамат оған глобус жасауға ұсыныс жасайды. Мартин оған келіседі. Міне, олар осылай глобус жасауға кіріседі. 1492 жылы глобус дайын болады. Глобустың диаметрі 507 миллиметр, бірақ онда көлденеңі жоқ еді. Бірақ глобуста экватор сызығы, меридиандар, тропиктер көрсетілген еді.

Сонымен қатар глобуста әр түрлі елдер және олардың тұрғындарының суреттері бар еді. 1493 жылы Мартин Бехайм Португалияға барады. Содан соң ол Файал аралында сауда жасайды. 1507 жылы ол Лиссабонға келеді.

1507 жылдың 29 шілдесінде Мартин Бехайм қайтыс болады.

Сұрақтар мен тапсырмалар :1. Мартин Бехаймның география ғылымына қосқан  қандай?

2. Алғашқы рет глобус жасау туралы ұсынысты кім жасады? Бұл глобустың ерекшелігі неде? 3. Глобуста нелер бейнеленді?

 

§18.Дежнёв, Семён Иванович – Қиыр Шығыстағы саяхаты

 

Семён Дежнёв.jpg Семён Ива́нович Дежнёв  - Солтүстік және Шығыс Сібірді зерттеуші, саяхатшы, құрлықты шарлаушы атақты орыс теңізішісі. Ол казак атаманы, 1648 жылы еуропалық теңізшілердің ішінен бірінші болып, Витус Берингтен бұрын 80 жыл бұрын  Аляска мен Чукотканы бөліп тұрған беринг бұғазын кесіп өтен болатын.   

Ол алғашқыда Сібірде  Тобол бойында, содан кейін Енисейде қызметін  атқарды.

·        1636-1646 жылдарда ең басты қауіп якуттарды бағындыру болды.

·        1638 жылы П.И.Бекетов отрядымен Якут аралын кесіп өтті.

·        1639 жылы Вилюйге якуттық қызметші П.Ходыревпен бірге ясактарды жинастыруға жіберілді.

·        1640 жылы  тамызда Татта және Амга өзендеріне барады.

·        1641 жылы Дежнев 15 адаммен Яна өзені бойынан ясактарды жинауға барып, аман – есен  оларды Якутскге жеткізеді.  

·        1642 жылы сәуірде  қарулы « тунгустік ламгуттармен» қатығыс болады.

Колыманың ашылуы

·        1643 жылы жазда Семен Дежнев құрлықты ашушылармен бірге Колыма өзені ашты.

·        1647 жылға дейін Колыма да болып, жазда олар кемемен жүзеді, бірақ қалың мұз олардың алдын жауып тастайды.Федот Попов пен Семен Дежнев қолайлы сәт туғанға дейін Колыма жатады..

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/ru/6/65/Dezhnevyakutsk.jpg Семен Дежнев  және оның отбасына қойылған ескерткіш.Якутск 2005 жылы қыркүйек

..

Чукот экспедициясы

·        1648жылы 20 маусымда Федот Попов пен Семен Дежнев  жеті желкенмен теңізге шығады. Солтүстік Мұзды мұхитына шыға бергенде соққан дауылдан үш желекені жоқ болып кетеді.соған қарамастан олар алға жүріп отырып, 20 қыркүйекте Дежнев пен оның жанындағылар қараңғы және қатулы Үлкен Тас Мұрынды көреді. Мұрынның маңынан тек үш кеме ғана өтеді. Дежневтің кемесі Олютор шығанағының маңында сынады. Оның отряды шаңғымен 10 аптадан кейін Коряк таулы қыраты арқылы Анадырь өзеніне жетеді де , сонда қыстап қалады.. Оның 25 адамынан 12 адам тірі қалады.

·        1649 жылы жазда өзі жасаған кемесі арқылы Анадыр өзенінен 600 км  биікке көтерілді.

·        1659 жылы Дежнев тобын таратады, осы өлкеде 1662 жылға дейін тұрады.

·        1664 жылы Мәскеуге Дежнев шақырылып, сыйақы алады.

·        1665 жылы Дежнев қайтадан Якутскіге келіп, мұнда 1670 жылға дейін қызмет істейді.

·        1672 жылы тағыда Мәскеуден шақырту алып осында қайтыс болады.

Дежнев Анадыр өзенінің сызбасын және Анюй өзенінің бөлігінің сызбасын, Анадыру бойымен жүзуін және Анадыр өлкесінің табиғатын  сипаттап жазған  еңбектерін артына қалдырып кеткен.

Сұрақтар мен тапсырмалар : 1. Семён Ива́нович Дежнёв  саяхатының басты жаңалығы неде? 2. Семён Ива́нович Дежнёв саяхатында қай халықты бағындырудан бастады? 3. Колыма қалай ашылды? 4. 1648 жылы Чукот экспедициясының нәтижесінде қай жерлер белгілі болды?

 

§19. Америго Веспуччи саяхаты

Америго http://im7-tub-kz.yandex.net/i?id=566349528-45-72&n=21 Веспуччи – теңіз саяхатшысы. Ол 1454 жылы Флоренцияда туған, 1512 жылдың жиырма екінші ақпанында елу сегіз жасында Севильяда дүние салды. Біраз уақыт Медичи банкісінің кіші қызметкері, кейіннен осы фирманың Севильядағы агенті болып жұмыс істеген. Веспуччи алғашқы теңіз саяхатын 1497 – 98 жылы Канар аралдарына жасады. 1499 – 1500 жылы Испанияда, 1501 – 1504 жылы |Португалияда] теңізші болды, 1499 – 1504 жылы Жаңа Дүние жағалауын зерттеген экспедицияларға қатысты. Бұл саяхаттары туралы жазылған оның еңбектері кезінде әйгілі болды, бірнеше рет (1505 – 10) қайта басылды. Лотарингия картографы Мартин Вальдземюллер Колумбтың ашқан «дүниенің төртінші бөлігін» Веспуччидің табысы деп жариялады; оның құрметіне жаңа құрлықты – Америка деп атауды ұсынды. Оңтүстік Америкаға бұл ат тез сіңді, ал Солтүстік Америка үшін алғашқы рет 1538 жылы Меркатордың картасында қолданылды.

Сұрақтар мен тапсырмалар : 1. Америго  Веспуччи саяхатының басты жаңалығы неде? 2. Америго  Веспуччи алғашқы саяхатын қай жерден бастады? 3. Қай жылдары Жаңа Дүние жағалауын зерттеген экспедицияларға қатысты? 4. Кім «дүниенің төртінші бөлігін» Веспуччидің табысы деп жариялады?Неліктен?5. Солтүстік Америка туралы алғашқы деректер  қай жылы, кімнің картасынан көріне бастады?

                                

 

 

§20. Витус Ионассен Беринг

 

A.   Беринг (Berіng) Витус Ионассен (12.8.1681, Дания, Хорсенсе қаласы — 8.12. 1741) — орыс теңізшісі. 1703 ж. Ресей Әскери-теңіз флотына қызметке шақырылған.

•1704 — 24 ж. Балтық және Азов флоттарында қызмет істеген.

•1724 ж. Петр І-нің бұйрығымен Орыс флотының 1-ранглі капитаны қызметіне алынған.

http://im4-tub-kz.yandex.net/i?id=96507808-03-72&n=21•1725 ж. Азия мен Америка аралығындағы бұғаздың баржоғын анықтау мақсатын көздеген Беринг Камчатканың шығыс жағалауы мен Чукот түбегінің оңтүстігін, шығыс жағалауын айнала жүзіп, 67º18' солтүстік ендікке дейін жеткен. Бұл сапарда Әулие Лаврентий, Әулие Диамид аралдарын, Азия мен Америка аралығындағы бұғазды (кейіннен Беринг есімімен аталған), Дежнев мүйісін ашты.

•1732 ж. 2-Камчатка экспедициясын басқарды. Экспедиция география тарихындағы елеулі оқиға болды. Зерттеу нәтижелері мен карталары негізінде Берингтің 30-дан аса ғылыми еңбегі жарық көрді.

Беринг 1742 ж. 8-желтоқсанда Тынық мұхиттағы елсіз аралда қайтыс болған. Сол арал мен өзі ашқан бұғаз, теңіз Берингтің есімімен аталған.

Сұрақтар мен тапсырмалар : 1. Витус Ионассен Берингтің саяхатының басты жаңалығы неде? 2. 1725 жылы Витус Беринг қай жерлерге саяхат жасады? 3. 1732 жылы  Витус Беринг қандай экспедицияны басқарды? 4*. Витус Берингтің ашқан жерлерін картадан тауып, кескін картаға белгілеңдер?

 

 

§21.Орыс теңізшілерінің Жер шарын айналып шығуы

 

    Жер шары туралы үнді, грек, араб зерттеушілерінің қалдыр-ған мүралары айта қалғандай мол. Дегенмен біз ұлы география-лық ашулардан кейін ғана жер шарын жақсы біле бастадық.

      XV—XVIII ғасырлардағы географиялық саяхаттардың мақсаты: белгісіз құрлықтарды, теңіз, мұхиттарды ашу еді. Ал XIX ғасырда белгілі болған мұхит, теңіздер толығырақ зерттеліп, сонымен қатар бірсыпыра белгісіз жерлер аныңталды. Мұның мысалы ретінде осы ғасырда Стенли мен Лингвистонның Африканы, Н. М, Пржевальскийдің Орталық Азияны және Н. Н. Миклухо-Маклайдың мұхит жағалауларын зерттегенін айтуға болады.

    XIX ғасырда Беллинсгаузен мен Лазарев жер шарының алтыншы материгі Антарктиданы ашты. Португалия экспедициясын бастаған Колумбтың 1492 жылы Американы ашуы, Васко да Гаманың 1498 жылы Үндістанға баратын теңіз жолын тапңа-ны, Магелланның 1519 жылы тұңғыш рет жер шарын кемемен айналып шыққан кезеңдері ұлы географиялық ашулар еді. Дұрысында, XV—XVI ғасырларда Португалия, Испания, Англия, Франция, тағы басқа елдердің ғалымдары батысты зерттесе, XVI—XVIII ғасырларда орыстар шығыстың, солтүстіктің белгісіз жерлерін, бүкіл Сібір мен Солтүстік теңіздерін зерттеді. Айталық, новгородтықтар XIII—XV ғасырларда солтүстік теңіздерден балық аулап, өте алысқа — солтүстік жағалауларға барып-келіп жүрді. XV—XVI ғасырларда кеме шаруашылығы біраз дамыды. XVIII ғасырда орыс флотын күшейтіп, ілгері дамытқан Петр I болды. Әсіресе XIX ғасырда олар тамаша табыстарға жетті. Мысалы, 1803 жылдан 1866 жылға дейін орыс кемелері жер шарын 36 рет толық және жартылай айналып шықты. Кемені басқаруда 1803—1806 жылдарда И. Ф. Крузенштерн, Ю. Ф. Лисянский, 1807—1809 жылдары В. М. Головнин, 1815— 1818 жылдары О. Е. Коцебу, 1819—1821 жылдары Ф. Ф. Беллинсгаузен мен М. П. Лазарев, 1825—1827 жылдары Врангель, 1826—1829 жылдары П. Ф. Литке, 1886—1889 жылдары С. О. Макаров, тағы басқалар айрықша шеберлік көрсетті,

Алғашқы кезде орыс кемелерінің жер шарын айналып шығуға оның Америкадағы колониясы себеп болды, Біріншіден, Камчатканы және Американың солтүстік-батысындағы орыс колониясын басқыншылардан қорғау қажетті, екіншіден, оларға құрал-жабдықты, азық-түлікті кемемен жеткізу көзделді. Бұл жерлерді зерттеп, орыс колониясын нығайтуға батыл теңізшілер мен ғалым-географтар зор үлес қосты. Бірақ, мұның бәріне қарамастан Александр II патша Американың солтүстік-батысындағы орыс колониясын 1867 жылы Америка Құрама Штаттарына сатып жіберді. Осыған байланысты бұдан былай орыс кемелерінің жер шарын сумен айналып шығуы кешеуілдей берді. Бірақ олардың бұған дейінгі жаңалықтары, жасаған карталары мен атластары, ашқан аралдары мен түбектері география зерттеуіне өте бағалы үлес болып қосылды,

Төменде оқушыларға жер шарын кемемен айналып шыңңан орыс флотының кейбір теңізшілері жайында түсінік береміз.

Г. И. Шелихов (1747—1795), Григорий Иванович Шелихов аса көрнекті теңізші. Ол Солтүстік Америкадағы Алясканы, Куриль, Алеут аралдарын зерттеп, Америкада орыс колониясын, орыс-американ сауда қарым-қатынасын ұйымдастырды. Сібірде тұңғыш сауда компаниясын құрып, оны басңарды. Кейін Кодьяк архипелагында тұрып, онда бекініс салып, орыс саудасының негі-зін қалады. 1786 жылы жаңа орыс колониясы туралы Охотскіге хабар әкелді. Кешікпей Кодьяктан шыққан Герасим Измайлов және Дмитр Босаров кемелері Америка жағалауына келіп якорь тастады. 1791 жылы Петербургте Шелиховтың «Странствование» деп аталатын еңбегі басылып шыңты,

Орыс теңізшілері мен көпестері Орыс Америкасын бұрынғы-ша зерттей берді. Мұнда жергілікті халықты өзара бірлестіріп мәдени тұрмыс құру қамын ойлап, мектеп ашып, балаларына орыс тілін үйретті. Сондай-ақ қиыр шетте жатқан Америкадағы орыс колониясына көптеген товар, тұрмыс қажетіне деген әр түрлі бұйым, азық-түлік керек болды. Шелихов Лена өзені саға-сынан бастап Солтүстік Америкаға дейінгі аралықты барлап кеме қатынасын орнатуды мақсат тұтты. Бірақ оның бұл жоспары орындалмады. Бұл жерлер совет дәуірінде ғана зерттелді.

Шелихов 1792 жылы А. Лаксман экспедициясын бастап шықты. Экспедиция Жапония аралдарын зерттеді. Бірақ ол науқастанып, бұдан кейінгі экспедицияға шыға алмады. Оның жоспарын алға апарып, Америкадағы орыс колониясын нығайтқан А. А. Баранов болды. Ақын Державин Шелиховты «Россияның Колумбы-сы» деп атап, оның жұмысын жоғары бағалады.

Г. А. Сарычев (1763—1831). Гаврил Андреевич Сарычев көр-некті теңізші, адмирал. Алеут аралдарын, Беринг бұғазын, Бал-тық теңізін зерттеуші, география мен гидрография ғылымына әскери теңіз флотын құруға жаңалық қосқан ғалым-саяхатшы. Ол XIX ғасырдағы бірқатар теңізшілердің ұстазы. Сарычев Колыма өзені сағасынан Дежнев мүйісіне дейін Сібірдің солтүстік жағалауын, Куриль аралдарын, Солтүстік Америка жағалауын, шығыс теңіздерін зерттеді. Саяхат 1785 жылдан 1793 жылға дейін созылды. Экспедиция жумысының екінші бөлімін, кейіннен түгелдей Сарычев басқарды. Олар 1793 жылғы көктемде Петербургке оралды.

Экспедиция жұмысы нәтижелі болды, көп жердің астрономиялық нүктелерін анықтап, аралдарды, теңіздерді, жағаларды картаға түсірді. 1802 жылы Сарычев «Капитан Сарычевтің саяхаты» деген атпен картасы бар үлкен еңбегін жариялады. Кейін екінші қайтара басылды, шетелдер тіліне аударылды. Оның бұл еңбегінде көптеген географиялық, гидрографиялық, астрономиялық, этнографиялық материалдар бар. Ол 1802—1817 жылдары Балтық теңізін, Фин шығанағын зерттеп, олардың нақты картасын, атласын жасады. Антарктидаға аттанатын Ф. Ф, Беллинсгаузен мен М. П. Лазарев экспедициясына өзінің көзқарасын, пікірін айтты.

Сарычев 1827 жылы Кронштадт портының бас командирі болып тағайындалды. Бұдан кейін теңіз флоты министрлігін басқарды. 1829 жылы оған адмирал атағы берілді. Сарычев 1831 жылы июльде қайтыс болды. Сарычевтің ғылыми еңбектерін жоғары бағалаған академияның Теңіз ғылыми комитеті, Москва университеті, Харьков, Петербург, Эстон география қоғамдары оны өзіне құрметті мүше етіп сайлады.

Сұрақтар мен тапсырмалар:1.XV—XVIII ғасырлардағы географиялық саяхаттардың мақсаты неде? 2.XIX ғасырда география ғылымында қандай жаңалық болды? 3. XIX ғасырда орыс флотының басында кімдер болды? 4. Алғашқы орыс кемелерінің жер шарын айналып шығуына не себеп болды? 5. Г. И. Шелиховтің қосқан үлесі  неде? 6. Шелиховты «Россияның Колумбысы» деп неліктен  атаған? 7. Г. А. Сарычевтің география ғылымына қосқан үлесі қандай? 8*. Г. И. Шелиховтің және Г. А. Сарычевтің  ашқан аралдарын картадан анықтаңдар.

 

§22. И. Ф. Крузенштерн және Ю. Ф. Лисянский

 

(1773—1837). Иван Федорович Крузенштерн мен Юрий Федорович Лисянский жер шарын кемемен тұңғыш айналып шыққан орыс теңізшілері.

Крузенштерн 1770 жылы 8 ноябрьде Таллинге жақын жерде туып өсті. Алдымен ол үйінде оқыды. 1785 жылы сол кездегі Кронштадтағы Москва корпусына оқуға қабылданды.

Ю. Ф. Лисянский 1773 жылы 2 августа Украйнада Нижин қаласында туды, балалық шағын сонда өткізді, кейін Москва корпусына түсіп оқыды. Бұлар осында танысты. Крузенштерн бойшаң, сабырлы, салмақты болса, Лисянский орта бойлы, кен, иықты ашық, көңілді жігіт еді. Болашақ екі теңізшінің арманы ғылымға беріліп, жаңалық табу еді. Бұлар дос болды. Талантты екі жас корпуста оқып жүрген кезінде, 1787 жылдың күзінде Россияға қарсы соғыс ашты. Ал Россия флоты Балтың теңізі мен Қара теңізде шведтерге қарсы шайқасты. Білімді теңіз офицерлері жеткіліксіз болды да, корпуста оқып жүрген 142 адамды уақытынан бұрын бітіргізіп, майданға жөнелтті. Бұлардың қа-тарында Крузенштерн мен Лисянский де бар еді. Олар ұрыста ерлік көрсетіп, көзге түсті.

Крузенштерн «Мстислав» кемесіндегі капитан Муловскийдің тәрбиесінде болды. Екатерина II Муловскийді дүние жүзін тұңғыш рет айналып шығатын орыс кемесіне бастық етіп тағайындады. Бірақ соғыс басталып қалғандықтан мұның сәті түспеді. 1790 жылғы соғыс орыстардың жеңуімен аяқталды. Бұдан кейін екі дос Балтық теңізінде 3 жыл қызмет атқарды, 1793 жылы те-ңіз командасы Крузенштерн мен Лисянскийді және бірқатар офицерді алысқа жүзіп, тәжірибе алмасу үшін ағылшын кемесіне жіберді. Бұлар ағылшын кемелерімен жүзіп Үндістанда, Оңтүстік Африкада болып көп жерлердің табиғатымен, халқымен танысты, Крузенштерн 1797—1799 жылдары Оңтүстік Америкаға, Ост-Индияға барып, сан алуан ботаника коллекциясын жинады.

 

И.Ф. Крузенштерн және  Ю.Ф. Лисянский – мұхиттық аралдарды ашуда

 

http://lemur59.ru/sites/default/files/images/1763.jpg                                http://lemur59.ru/sites/default/files/images/1764.jpg

Иван  Фёдорович Крузенштерн                                           Юрий Фёдорович Лисянский   

ХІХ ортасында тарихқа белгілі бірнеше географиялық ашылулар болды. Соның ішінде ең маңыздысына орыстың теңізде жүзушілерінің дүниежүзін айналу саяхаты болды.  ХІХ  ғасырдың басында   Ресей  мұхиттарды зерттеуді ұйымдастыру  мен  жүзеге асыруда  алдыңғы орынды алды.

Орыс кемелерінің бірінші саяхатын бастаушы капитан – лейтенант И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф. Лисянскийдің саяхаттарыда, сол кезеңнің саяхаттары сияқты  үш жылға созылды. 1803 жылдан бастап атақты орыс саяхатшыларының бірнеше тамаша дүниежүзін айналу  экспидециялары басталды.

Крузенштерн отбасы Ресейге  саяхатшылар мен теңізшілердің бірнеше ұрпақтарын берді. Крузенштерннің арғы тегі, Филипп Рузий (1597 -1676) 1633-1635 жж  екі елшілікті басқарған  атақты неміс дипломанты   болған. Филипп Крузий  швед патшайымының қарамағында әскери жұмысын жалғастырып, 1648 жылы Крузенштерн деген фамилия мен парыс жеріне жасаған  саяхатының құрметіне жаңа елтаңба  алған болатын.

1770 жылы 8 қарашада Хаггудте Крузенштерн отбасының атақтысы – Иван Федерович Крузенштерн дүниеге келген. Иван Федорович Крузенштерн (1770–1846  Теңіз кадет корпус алдын ала бітіріп, орыс – швед соғысына  «Мстислав» кемесінде шведтерге қарсы соғысты.1793 жылы оны Ю.Ф. Лисянскиймен бірге Англияға жібіреді, онда ол ағылшын флотының кемелерінде Солтүстік және Орталық Америка  жағалауларында жүзіп, Африка мен Үндістанға жүзіп  барып жүрді.Филадельфияда Крузенштерн де, Лисянский де  американ президенті Джордж Вашингтонмен кездескен болатын. Елге оралғаннан кейін 1800 жылы  сауда және ғылыми зерттеулерге бағытталған дүниежүзіні айналу жобасын ұсынды. Бұл жобангы алғашқыда ешкім құптамады, бірақ 1802 жылы император Александр І  жобаға қол қойып, Крузенштерннің өзіне жүзеге асыруды тапсырды.

http://lemur59.ru/sites/default/files/images/1766.jpghttp://lemur59.ru/sites/default/files/images/1765.jpgСолтүстік Америкадағы Аляска , Алеут аралдары мен Кадьяктағы, Ситхе және Уналашкадағы орыс жер иелектерін игеру мақсатында ғы « Надежда» және           « Нева» кемелерін сатып алуды Ресейлік – Америкалық компания өз мойнына алған еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

« Надежда»  кемесі                                                    « Нева» кемесі

Компанияның өндіріушілері теңіз мысықтарына, түлкілер мен аюларға және бағалы терілер мен моржтістерін дайындаған болатын.

http://lemur59.ru/sites/default/files/images/1770.jpgЮ.Ф. Лисянский саяхатқа қажетті  екі кемені сатып алу үшін Англияға аттанады. Ол « Надежда»  және  « Нева» кемелерін ол  Лондонда 22 000 фунт стерлингке  сатып алады.

 « Надежда» кемесін И.Ф. Крузенштерн,  ал  «Нева» кемесін Ю.Ф.Лисянкий басқарды.

Крузенштерннің  дүниені айналу сахатының нәтижесінде  орыстар мен еуропалықтар  экзотикалық  жерлер -  Бразилия,  Полинезия, Жапония, Қытай туралы мағлұматтар алды.  Елге оралғаннан кейін Крузенштерн мен Лисянкий үш жылғы жүзу кезінде бақылаған  зерттеулерін жарыққа шығарумен айналысты. 1809-1812 жылы Крузенштерн өз еңбектерін  мемлекеттік қазына есебінен шығарса, Лисянкий өз еңбектерін баспадан шығару үшін көп қиындықтарға тап болады,  осыдан кейін Лисянкий әскери қызметті тастап кетеді.

И.Ф. Крузенштерн мен Ю.Ф.Лисянкийдің дүниені айналып жүзу саяхатынан кейін  орыстардың дүниежүзілік мұхитқа жүзу кезеңі басталды. Крузенштерн мен Лисянкийдің  саяхатынан  кейін  мұхит кеңістігіне В.М. Головнин, О.Е. Коцебу. Л.А. Гагемейстер, М.Н. Васильев, Г.С. Шишмарев, Ф.П. Литке, Ф.П. Врангель сияқты саяхатшылар шықты. Тек қана 12 жыл өткеннен кейін Крузенштерннің әйгілі саяхатынан қайтып оралғаннан кейін Ф.Ф. Беллинсгаузен  және М.П. Лазарев өз кемелерінің бағытын Оңтүстік полюске қарай бұрды.  Осымен Рессей өзінің Ұлы географиялық ашылулар кезеңін аяқтады.

 И.Ф. Крузенштерн саяхатынан кейін  осы қызметте қалып, еңбегін жалғастырды.

Теңіз кадет корпусының директоры болып, Жоғары Офицерлік сыныптар құрды, кейінен  бұл оқу орны Әскери – Теңіздік Академия болып құрылды. Ол академияда жаңа тәртіп орнатып, корпустың мұражайын ашып, кемелердің жаңа модельдерін жасап және обсерватория ашты.

Сұрақтар мен тапсырмалар :1. И. Ф. Крузенштерн және Ю. Ф. Лисянскийдің география ғылымына қосқан үлесі қандай? 2. ХІХ  ғасырдың басында   Орыс кемелерінің бірінші саяхатын    бастаушы кімдер болды? 3. И. Ф. Крузенштерн және Ю. Ф. Лисянскийдің дүниежүзін айналып шығу экспедициясынан кейін  еуропалықтар қандай экзотикалық жерлер туралы мағлұматтар ала бастады?4.  Орыстардың дүниежүзілік мұхитқа жүзу кезеңі қай жылдан басталды? 5*. И. Ф. Крузенштерн және Ю. Ф. Лисянскийдің саяхаттарын кескін картаға белгілеу.

 

  И.Ф. Крузенштерн және  Ю.Ф. Лисянский  саяхатынан көріністер

http://lemur59.ru/sites/default/files/images/1772.jpg       http://lemur59.ru/sites/default/files/images/1773%281%29.jpg

        И.Ф. Крузенштерн мен Ю.Ф.Лисянкий                                            Маркиз аралындағы қақтығыс

 

http://lemur59.ru/sites/default/files/images/1774.jpg    http://lemur59.ru/sites/default/files/images/1775.jpg

«Нева» кемесі Аляска жағалауында                                              Үндістермен болған қақтығыс

http://lemur59.ru/sites/default/files/images/1776.png                    http://lemur59.ru/sites/default/files/images/1777.jpg    

«Надежда» кемесі Жапония                                                         Орыс  теңізшілерінің арал жағалауында

 жағалауында

 

http://lemur59.ru/sites/default/files/images/1779.jpg                                  http://lemur59.ru/sites/default/files/images/1780.jpg

    И.Ф. Крузенштернге Санк Петерургте                                                      И.Ф. Крузенштерн бейіті

     қойылған ескерткіш

 

 

§23.Ф.Ф.Беллинсгаузен  мен М.П. Лазаревтің – Антарктида жағалауын ашуы

 

A.

Беллинсгаузен Фаддей Фаддеевич, Эстония, Эзель аралы (қазіргі Сааремаа аралы) — 13(25). 1.1852, Кронштадт (Ресей)] — орыс теңіз саяхатшысы, адмирал (1843). Кронштадтағы Теңіз кадет корпусында оқыды.

1803 — 06 ж. 1-орыс саяхатына қатысты.

1807 — 18 ж. Балтық және Қара теңіздерде әр түрлі кемелердің командирі болды.

1819 ж. Беллинсгаузен басқарған экспедиция Атлант мұхитының антарктикалық бөлігінен бірнеше аралдарды,

1820 ж. 16(28) қаңтарда 69021' о. е. және 2014' б. б. нүктесінде Антарктиданы.

1821 ж. Петр І-нің есімімен аталған аралды, Александр І-нің есімімен аталған жағаны, Тынық мұхиттың тропикалық бөлігіндегі бірқатар аралдарды ашты.

1821 ж. 24 шілдеде (5 тамыз) экспедиция Кронштадқа оралды.

1828 — 29 ж. түрік-орыс соғысына қатысты.

1839 жылдан Кронштадтың әскери генерал-губернаторы болды.

http://lemur59.ru/sites/default/files/images/1532.pngТынық мұхиттағы теңіз, Оңтүстік Сахалиндегі мүйіс және Туамоту топаралындағы арал Беллинсгаузеннің есімімен аталған.

Михаил Петрович Лазарев – 14 қараша 1788 жылы Владимир қаласында дүниеге келген.  Ол 1851 жылы 11 сәуірде Вена қаласында дүние салған, Севастополь қаласының Владимир соборында жерленген.

Михаил Теңіз кадет корпусында  оқып, 1805 жылы бірінші офицерлік шен – мичман атанды. Сол жылы 30 жақсы оқыған түлектердің ішінде Англияға 1808 жылға дейін сол флотта волонтер ретінде әскер қатарында болды. 5 жыл бойы Атлант, Тынықмұхиттық және Жерорта теңіздік жүзулерге қатысты. 1808-1813 жылдар аралығында Балтық флотында, 1808-1809 жылдары орыс – швед соғысына қатысты.1813 жылы лейтанант М.П.Лазаревке  « Суворов» кемесін басқарып, дүниені айналып шығу экспедициясына  қатысатындығы жайлы жаңа тапсырма беріледі. Антарктида жасаған саяхатынан кейін Лазаревке 2- рангалы  капитан шенін алды. «Крейсер» кемесімен 1822-1825 жылдары үшінші рет дүниені айналу саяхатын жасады. М.П. Лазарев Орыс география қоғамының  және басқа еуропалық қоғамдардың мүшесі болды. Бірнеше мықты теңізшілерді тәрбиелеп шығарды.

 http://lemur59.ru/sites/default/files/images/1534.png        http://lemur59.ru/sites/default/files/images/1533.png

«Суворов» кемесі                        1813-1815 жылдар «Суворов» кемесінің дүниені айналып шығу саяхаты

 

1819 жылы 3 шілдеде  Кронштадттан бірінші Оңтүстік поляр аймақтарын зерттеуші орыс экспедициясы жолға шықты. Бұл экспедицияның басты мақсаты сол Антарктиданы кесіп өтіп, ол жерде құрлық бар ма  , егер мүмкін болса Оңтүстік полюсті анықтау керек болды. Антарктида метеригін зерттеуге еріктілерден жинақталған экспедиция үшжелкенді «Восток» және «Мирный» кемелері дайындалды.

 

http://lemur59.ru/sites/default/files/images/1536.pnghttp://lemur59.ru/sites/default/files/images/1536.pnghttp://lemur59.ru/sites/default/files/images/1537.png

 Антарктида материгінің картасы          «Восток» кемесі     «Мирный» кемесі

            

                                  

 

«Восток» кемесін ( 1818 жылы Санкт – Петербург қаласында жасалған, 985 тонналы, ұзындығы -39,62м, ені -10,36м, жылдамдығы -10 шақырым, қарулығы- 28 қару, экипаж -117 адам) орыс әскери флотының 2 – рангалы капитаны Фаддей Фадеевич Беллингаузен басқарды.

  «Мирный» кемесін ( 1818жылы Англияда жасалған, Бұрынғы «Ладога» көлігі, салмағы -884,5 тонна, ұзындығы– 36,6м, ені – 9,15 м, жылдамдығы – 10 шақырым, қарулығы – 20 қаруды, экипаж құрамы – 120 адамды қамтиды)  лейтенант Михаил Петрович Лазарев басқарды.

 

http://lemur59.ru/sites/default/files/images/1539.pnghttp://lemur59.ru/sites/default/files/images/1538.png

 

«Мирный» және «Восток» кемелері оңтүстік ендіктерде

    Антарктикалық суға енгеннен кейін экипаж мүшелері Оңтүстік Георгия аралының оңтүстік батыс жағалауының гидрографикалық сипаттамасын жасай бастады. Картада экспедиция офицерлері -   Парядин, Демидов, Куприянов, Новосильский есімдерімен  жаңадан  мүйістер және шығанақтар. Кейінгі экспедиция мүшелері  Анненков, Лесков, Торсон мен Завадский есімімен жаңа аралдар ашылып картаға енгізілді.

1820жылы 16 қаңтарда 69° 21´ о.е пен 21°14´б.б  бойында ( қазір Принц Марта жағалауы)  қиыншылықты бастарынан кешіре алтыншы құрлыққа «Терра Аустралис инкогнито» - жеткізбейтін Оңтүстік жер – Антарктидаға жақындап келді.Теңізге  жүзу тарихында  ғылыми жаңалық аша отырып, Ф.Ф.Беллингаузен мен М.П.Лазарев  теңізде 751 күн, оның ішінде 100 күн бойы айсбергтер мен мұздықтардың арасында  5000  шақырымдай  жүріп өтті. Осы уақыт ішінде орыс теңізшілері мен ғылыми зерттеушілері 29 аралдар мен антарктидалық суларды зерттеуге арналған бай материалдар жинастырды. Орыс  экспедициясының ерекшелігі сол,  «Восток» және «Мирный» кемелерінің барған жеріне тек жыл өткеннен кейін адамдар аяқ басқандығы болды. Орыс саяхатшылары ағылшын саяхатшысы Д.Куктың  « оңтүстік ендіктерде құрлық жоқ »деген тұжырымын жоққа шығарды.  Орыс полярлықтары Антарктда материгіндегі алғашқы ашылған ғылыми станцияны жерлестерінің құрметіне « Восток» және « Мирный» деп атады.

 

 http://lemur59.ru/sites/default/files/images/1551.png      http://lemur59.ru/sites/default/files/images/1552.png

                      Новороссиск қаласындағы М.П.Лазаревке қойылған ескерткіш

 

 

Сұрақтар мен тапсырмалар:1.Ф.Ф.Беллинсгаузен мен М.П. Лазаревтің саяхаттарының басты жаңалығы неде? 2.  Қай   жылы Кронштадттан бірінші Оңтүстік поляр аймақтарын зерттеуші орыс экспедициясы жолға шықты?  3. Антарктида метеригін зерттеуге қандай кемелер жолға шықты? 4*. Ф.Ф.Беллинсгаузен  мен М.П. Лазаревтің командаларының есімімен аталған жерлерді картадан анықтаңдар? 5. Орыс саяхатшылары кімнің тұжырымын жоққа шығарды?

 

 

§24. Николай Михайлович Пржевальскийдің Орталық Азияны зерттеуі

 

 

Маршрут Первого путешествия в Центральной Азииhttp://www.rimv.ru/pic/jornal/40/genii.jpgПржевальский Николай Михайлович 1839, Ресей, Смоленск губ. Кимборово ауылы — 20.10.1888, Қырғызстан, Қарақол қаласы) — Орталық Азияны зерттеуші орыс саяхатшысы. Петербург Ғылым Академиясының құрметті мүшесі (1878), генерал-майор (1886). Петербург Бас штаб академиясын бітірген (1863). 1864 — 67 ж. Варшава юнкерлер училищесінде оқытушылық қызмет атқарды. 1867 — 69 ж. Уссурий өлкесіне саяхат жасады. 1870 — 85 ж. Орыс география қоғамының Орталық Азияға ұйымдастырған 4 экспедициясын басқарды. поэтика Орталық Азияға жасаған бесінші саяхаты кезінде Ыстықкөлдің жағасында қайтыс болды. поэтика бұрын ғылымға беймәлім Гоби, Ордос, Алашань, Такла-Макан, Цайдам шөлдеріне сипаттама жазды. Наньшань, Куньлунь, Солтүстік Тибет тау жүйелерінің орнын анықтап картаға түсірді; Гумбольдт, Риттер, Колумб, Алтынтаг, Мәскеу, т.б. жоталарды, бірнеше көлді ашты. Қытайдың ұлы өзендері Янцзы мен Хуанхэнің бастауына жетті. 231 пункттің абауылы биіктіктері мен 63 астрономиялық пункттің орны анықталды; жануарлар мен жәндіктердің 7,5 мыңнан астам түрлері сипатталып жазылды, 18 мың өсімдіктер және көптеген минералдардың бағалы коллекциялары жиналды. Жабайы түйе мен жабайы жылқы (кейіннен Пржевальский жылқысы деп аталды) ашылды. 1886 ж. Петербург ҒА Прежевальскийді “Орталық Азия табиғатын тұңғыш зерттеушіге” деген арнайы дайындалған алтын медальмен марапаттады. поэтика есімімен Куньлунь тау жүйесіндегі жота, Моңғол Алтайындағы мұздық, Аляска түбегі мен Куриль аралындағы мүйіс аталған. Үздік географиялық зерттеу жұмыстарын марапаттауға поэтика атындағы сыйлық, алтын және күміс медальдар тағайындалған. П-ге Санкт-Петербургте және Ыстықкөлдің жағасындағы қабірінің басына ескерткіш қойылған. Шығармалары: Записки по всеобщей географии для юнкерских училищ, Варшава, 1867; От Кульджи за Тянь-Шань и на Лобнор, М., 1947; Из Зайсана через Хами в Тибет и на верховья Желтой реки, М., 1948; От Кяхты на истоки Желтой реки, М., 1948.

 

Жасаған саяхаты туралы...

1870 ж. Орыс географиялық қоғамы Орталық Азияға экспедиция ұйымдастырды.Моңғолия мен Қытайдың шөлдерімен және тауларымен экспедиция жетекшісі Пржевальский 11800 шақырым жерді басып өтті.Ол Гоби,Ордос және Алашан шөлдерінің ,солтүстік Тибет таулы аудандарының,Цайдам шұңғымасының егжей-тегжейлі сипаттамаларын жасады.Сонымен қатар

алғаш рет Орталық Азия картасына жиырмадан астам шоқыларды,жеті ірі және бірқатар ұсақ көлдерді енгізді.Ол еуропалықтардың арасында алғаш рет солтүстік Тибеттің ішкі аймақтарына дейін тереңдеп барды

http://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=92864686-50-72&n=21Маршрут Второго путешествия в Центральной АзииКешікпей Пржевальский екінші саяхатына шығуға бел байлады.Оның жолы Тянь-Шань мен Тарым өзені арқылы Лобнор көліне дейін жетті.

Үшінші саяхатына ол 1879 ж. Тибеттегі Нань-Шань арқылы аттанды және Көгілдір өзен аңғарына шықты.Осы сапары кезінде ол ғылымда әлі беймәлім

 

Орталық Азияға жаған 2 саяхаты (1,2,3,4)                                                                   

Самый маленький подвид бурого медведя - открытый Пржевальским медведь пищухоед или тибетский медведь весит около 100 кгМаршрут Четвертого путешествия в Центральной Азииболып келген жылқылардың түрін сипаттады,бұлар кейіннен оның құрметіне Пржевальский жылқысы деп аталды.                                                                                                                 1883-1886 ж.ж оның төртінші саяхаты ұйымдастырылды:Тибетті басып өтіп, Сары өзеннің бастауын зерттеді,осы жерден Қаракөл қаласына (қазіргі Пржевальск) қарай жүрді. саяхаты кезінде  100 кг басатын тибет  аюын  тапты. 1888 ж. Пржевальский Самарқанд арқыл орыс-қытай шекарасынан келіп шықты,осы жерде аң аулап жүріп сүзек дертіне шалдықты. Кешікпей ғалым көз жұмды. картасҰлы саяхатшыны Ыстықкөлдің жағасына жерледі. Орыс географиялық қоғамы Н.М.Пржевальский атындағы алтын медаль тағайындаған.

Лошадь Пржевальского

 

 

 

  Прежевальский жылқысы                                                                                                тибет аюы

 

 

  

Сұрақтар мен тапсырмалар :1. Николай Михайлович Пржевальский кім? 2. Пржевальскийдің география ғылымына қосқан үлесі қандай? 3. Орыс география қоғамының Орталық Азияға ұйымдастырған неше экспедициясына қатысып, қандай жаңалықтар ашты? 4. 1886 ж. Петербург ҒА Прежевальскийді немен марапаттады?5. Пржевальскийдің әр саяхатындағы басты ерекшеліктерді мәтінен табыңдар?

 

 

§25.Николай Николаевич Миклухо-Маклай – Жаңа Гвинея аралдарын ашуы

 

 

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/67/Miklukho-Maklai.jpg/250px-Miklukho-Maklai.jpgМиклухо-Маклай Николай Николаевич (5(17). 7.1846, Ресейдің қазіргі Новгород облысы Борович ауданы Рождественское ауылы – 2(14). 1888, Петербург) – орыс саяхатшысы, антрополог және этнограф.

1863 жылы Петербург университіне оқуға түскен. 6 айдан кейін студенттер қозғалысына қатысқаны үшін одан шығарылып, Гейдельберг (1864), Лейпциг (1865) және Йен (1866 – 68) университеттерінде жаратылыстану мен медицинадан дәріс алды. 1866 – 67 ж. Канар аралдарына және Мароккоға саяхат жасады. 1867 жылы Қызыл тау жағалауында, теңіз фаунасын зерттеді

Миклухо-Маклай зоологиялық бақылаулармен қатар жер бедері, ауа райы, жергілікті халықтың әдет-ғұрпы, мәдениеті және діні жайында мәліметтер жинады. Мұнан кейінгі өмірін Оңтүстік-шығыс Азия, Австралия және Тынық мұхит аралдарында антропологиялық және этнографиялық зерттеулерге арнады. 1871 – 72, 1876 – 77, 1883 ж. Жаңа Гвинея аралының солтүстік-шығыс жағасында 2,5 жыл папуастардың арасында тұрды. 1873 – 80 жылдары аралдың оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс жағаларына, Малакканың ішкі аудандарына, Филиппинге, Индонезияға, Микронезияға саяхат жасады. 1878 – 82 және 1884 – 86 жылдары Австралияда тұрып, Сидней маңында биологиялық станцаның негізін қалады. Ресейге оралғаннан кейін Петербург, Мәскеу және Берлин ғалымдарының алдында есеп берді. Миклухо-Маклай антропология мен этнография ғылымында үлкен із қалдырды. Ғылымда тұңғыш меланезия антропология типін сипаттап жазды, адамзат нәсілдерінің түр жағынан біртұтастығын және бір-бірімен туыстас екендігін, “төменгі” және “жоғарғы” нәсілге бөлудің ғыл. негізсіз екендігін дәлелдеді. Миклухо-Маклай есімі Ресей ҰА Этнография институтына берілген, Жаңа Гвинеяның солтүстік-шығысындағы жағалау “Миклухо-Маклай жағалауы” деп аталады.

Сұрақтар мен тапсырмалар : 1. Миклухо-Маклайдың география ғылымына қосқан үлесі қандай? 2. Миклухо-Маклай алғашқы зерттеулерінде нені зерттеді?3. Қай жылдары ол Жаңа Гвинея аралдарында тұрды? 4. Миклухо-Маклай антропология мен этнография ғылымында қандай үлес қосты?

 

§26.Джеймс Кук пен Абель Тасман саяхаттары

 

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/76/Captainjamescookportrait.jpg/220px-Captainjamescookportrait.jpgХҮІІІ ғасырдағы ағылшынның атақты теңізшісі. Ол оңтүстік материк (Австралия) жағалауын, Үнді мұхитын зерттеп, көптеген  аралдар ашты. Кук 1728 жылы Йоркшир ауданында туған. 17 жасында Кук балық аулайтын кемеде шәкірт болып қызмет істейді. , онда қожайынымен келісе алмай, тас көмір таситын Ағалшындардың кемесіне қызметке орналасады. Екі жылда ол белгілі көмірші болды. Кукке Голландиядан, Норвегиядан  шәкірттер келіп, одан білім алатын болған. Бұдан кейін Кук Балтық теңізіне жүзіп, Петербургке барады. Оны бұрынғы кеме иесі шақырып алып, кеме командирінің орынбасары етіп тағайындайды. Жеті жылға созылған ағылшын-француз соғысы кезінде Кук өзі сұранып, бір әскери кмеге матрос болып орналасады, бұл кеме командирі Хью Паллиесер еді. Ол білгір матросқа назар аударып, кейіннен оған офицер шенін береді де, она Канаданың Лаврентий өзені бойында француздарға қарсы жүріп жатқан Соғыстарға жібереді. Ол бұл өзеннің тереңдігін өлшеп, кеме жүзуге болатындығын дәлелдейді. Бұл соғыста ағылшындар жеңіп шығады да Кук кемесі 1759-1760 жылдары жағада тұрады. Бұл кезде Кук геометрия, астрономия ғылымдарын үйренеді. 1762 жылы Куктың Ньюфаундленд аралының оңтүстік-шығысын зерттеуге жібереді. Ол бұл жұмысты ойдағыдай орындайды. Сөйтіп, 1764 жылы Ньюфаундленд аралының бас гидрографы болып, мұнда 1767 жылға дейін жұмыс істеді. 1768 жылы Британия империясы оңтүстік материкті зерттеуге экспедиция ұйымдастырды. Жеті жылдық соғыстан кейін Англияның Атлант мұхиты мен Үнді мұхитында үстемдігі басым болды. Ал француз кемелері үлкен экспедиция жіберді. Бұл кезде Тынық мұхитта испан кемелері де жүзе бастаған, өйткені олар жеті жылдық соғыста француздар жағында болып, ағылшындарға қарсы соғысқан болатын.

·        1768 жылы 20 ақпанда Кук тынық мұхитқа шығып, оны зерттей бастайды. Кук экспедициясында – географ, гидрограф, астроном тағы басқа ғалымдар бар еді. Кук жаңа Зеландия, Австралия жағалауларын тағы да басқа көптеген аралдарды ғылыми тұрғыдан жан жақты зертттеді. Ол ашқандарын картаға түсіріп отырды. Оның кемесі 1771 жылы 12шілдеде Англия жағалауына келіп тоқтайды.

·        1772 жылы Кук жер шарын айналып шығуға екінші рет аттанады. 1773 жылы 17 ақпанда Кук тұңғыш рет 39 35’ шығыс бойлықтағы Оңтүстік поляр шеңберінен өтті. Оңтүстік жарты шар   суын зерттеп 58 – 60 градус оңтүстік ендік бойымен  97 – 147 градус  шығыс бойлыққа жетті, содан кейін Жаңа Зеландияға келді.

·        Кук тағы да үшінші рет оңтүстік экспедицияға  аттанды. 1773 жылы 18 желтоқсанда Ол Антарктида материгіне қарай екінші рет, Оңтүстік поляр шеңберінен өтті. 67 21′ Оңтүстік ендікте болды. 1774жылы 26 ақпанда Оңтүстік поляр шеңберінен үшінші рет өтіп барып Антарктидаға жақындады. 30 ақпанда ол Антарктидаға жақындап барды, бірақ Д.Кук оны жер шарының алтыншы материгі екенін білмеді, «бұдан әрі жер жоқ, онда адам тұра алмайды» деген оймен Англияға оралды.

 

AbelTasman.jpgА́бел Янсзон Тасма́н  (нидерл.  Abel Janszoon Tasman,—1659 жылы казанда дүниеге келген. Голландиялық  теңізде жүзуші, зерттеуші және көпес.  Мұндай әлемдік  атақты 1642-1644 жылдары басқарған теңіз саяхаттарынан кейін алды.  Ол еуропалықтардың  алғашқыларының бірі  болып Жаңа Зелсндия және Тога және Фиджи жағалауларына жеткен болатын.  Экспедийия барысында жинақталған деректерге сәйкес  Аустралия жеке құрлық екендігі дәлелденді.

Ол 1603 жылы Нидерланды дағы Гроноген провинциясына таяу жердегі Лютьегаст  елді -мекенінде дүниеге келген. Оның нақты туған күні белгісіз. Шамамен 1631 жылы Абель Тасман Голландияның Ост – Үнділік компаниясына қатардағы матрос ретінде әскерге  барады. 1634 жылы компонияның бір кемесінің  шкипері болады. Ол уақыттағы теңізшілердің негізгі қызметі еуропалықтарға қажетті  дәмдеуіштер мен қоспаларды шетелдерден тасмалдау болатын.

·        1638 жылы Тасман   Үндістанға баратын кемені  басқарып ,саяхатқа шығады.

·        1639 жылы Жапонияны  маңайын зерттеуге және сауда - саттық  мақсатында баратын екі кеменің біреуін басқарады. Бірақ бұл экспедиция сәтсіз болады. Осы жүзу барысында Бонин аралы ашылды.

·        1640 жылы Тасман Жапония жағалауына бағыт алған  11 голландиялық кеменің тағы бірін басқарады. Бұл жолы Хирадо портында үш айға жуық болады.

·        1642 жылы Ост – Үнділік компаниясының  Тынық мұхитының оңтүстік және шығыс суларын зерттеу мақсатындағы екі кемесінің біреуін басқарады. Себебі географтардың  болжамы бойынша аңызға айналған Көрінбейтін Оңтүстік Жерді осы сулары шайып жатуы мүмкін.

·        1642 жылы 24 қарашада Аустралия жағалауындағы үлкен арал ашып, Ван Димена ( Тасмания) деп атады.  Аралдан шыға бере шығысқа қарай бұрылғанда 13 желтоқсан күні тағы қарайған жерді көреді.  Бұл Жаңа  Зеландияға қарайтын Оңтүстік аралы болатын. Осы аралда оларЖаңа http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/6e/Gilsemans_1642.jpg/240px-Gilsemans_1642.jpgЗеландияның  жергілікті тұрғындары маорилермен кездесті.  Кездесу қайғы аяқталды, себебі маориліктер жағалауға түскен еуропалықтармен қақтығысып қалып, нәтижесінде бірнеше матростарды өлтіріп, қашып кетеді. Тасман бұл жерді Қылмыскерлер бухтасы(Голден – Бей шығанағы) деп атады.

 

            Жергілікті маориліктермен

         голландықтар  арасындағы қақтығыс

 

Тасма́н http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/50/Tasmanroutes.PNG/240px-Tasmanroutes.PNG жорықтарының картасы

·        1643 жылы 21қаңтарда  экспедиция Того архипелагын ашты

·        1643 жылы 6 ақпанда Фиджи архипелагына жақындады.

·        1643 жылы 15 маусымда Жаңа Гвинея солтүстік жағалауын айналып 10 айға созылған саяхатын Батавияда аяқтады.

·        1643 жылы Ост – Үнді компаниясының үш кемесінің біреуін Жаңа Гвинеяның батыс жағалауы мен  Аустралияның  солтүстік жағалауларына зерттеуге шыққан отрядты басқарды. Нәтижесінде Аустралияның солтүстік жағалауының көп бөлігі картаға енгізілді.

Экспедициядан оралғаннан кейін Тасманға  камондор шені берілді және Батавияның сот кеңесінің мүшесі болып сайланады.

·        1647 жылы  Сиам патшасына өкіл ретінде жіберіледі.

·        1651 жылы 8 кеменің біреуі командир болып тағайындалып, испан флотының кемелеріне қарсы шығады.

·        1651 жылы демалысқа шығып саудамен айналысады.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/3f/Abel_Tasman.gif/300px-Abel_Tasman.gifАбель Тасманның құрметіне : Тасман  аралы мен теңізін, ірі мұхит қазаншұңқырын,  көпірін ,Жаңа Зеландияда – ұлттық парк, тау шыңын, шығанақ, көл, әкімшілік орталық осы саяхатшының есімімен аталады.

 

     Жаңа Зеландияның маркасы

 

 

Сұрақтар мен тапсырмалар :1. Джеймс Куктың география ғылымына қосқан үлесі қандай? 2. Қай жылдардан бастап Джеймс Кук  мұхитты зертей бастады? Қандай жетістіктерге қол жеткізді? 3. А́бел Янсзон Тасма́н  саяхатының нәтижесі қандай? Қандай жаңа жерлерді ашты?

 

 

§27.Давид Ливингстон саяхаты

David Livingstone by Frederick Havill.jpgДавид Ливингстон (1813-1873) Африка құрлығын зерттеуші. Ол бірнеше рет Орталық және Оңтүстік Африка жерлерінде ұзақ мерзімі саяхатын жасады. Ол Калахари ойысын, Кубанго өзенін, Замбези өзенін, Ньяса көлімен Виктория сарқырамасын, Ширва көлін, Бангвеулу  және Луалабу өзенін, Г.Стенлимен бірге Танганьика көлін зерттеді.

http://im5-tub-kz.yandex.net/i?id=53479875-54-72&n=21Давид Ливингстон (1813–1873)жылдары өмір сүрген, шотландиялық миссионер және Африка зерттеушісі. Ол 1813 жылы 9 наурызда Блантайрде дүниеге келген.он жасынан бастан тоқыма өнеркәсібінде жұмыс істеді.  23 жасында Андерсон колледжін, одан кейін Глазго университетін бітіріп, дәрігер дипломын алады. Оны Лондондағы миссионерлік қоғам  Оңтүстік Африкаға жібереді.1840 жылы Ливингстон Курманда (қазіргі ОАР) орналасып, онда миссионерлік қызметті құратын орталық құрады.

 

Давид Ливингстонның

 жүрген жолының картасы

·        1843жылы Маботтан 640 км жүріп, 849 солтүстік – шығыстағы Калахари шөлінен Зуга өзеніне дейінгі өңірді зерттеді. Сол жерден солтүстік – шығыстағы Нгами көліне келіп жетеді.

·        1851 жылы Сешектегі Замбези өзеніне жетеді. Калахари шөлін айнала отырып, және Каприви аумағындағы Линьянти өзеніне жетеді

·        http://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=672984189-29-72&n=211853 жылы Сешеке дейін жетіп, Замбези өзені арқылы жоғары көтерілді.

·        1855 жылы Замбези өзені арқылы жүзе отырып, Витория сарқырамасына  жетеді.

·        1856 жылы Ливинстонды Англияда жоғары дәрежеде қарсы алады.

·        1858 жылы Келиманның  елшісі етіп тағайындайды. Ол Замбези өзенін, Шире және Рувуманы, Чильва және Ньяса көлдерін зерттейді.

·        1865 жылы Орталық Африканың суайырығын зерттейтін экспедицияны басқарды Олар Ніл өзенінің бастауын табу керек болатын. Сонымен бірге Мверу және Бангвеулу көлдерінде болды. Осы экспедиция кезінде Ливингстон безгек ауруымен ауырып қалады, оны 1871 жылы 3 қарашада Танганьика көлінің маңындағы Уджиджи ауылынан, журналист Г.М.Стэнли тауып алып құтқарады.

·        1865 жылы Ливингстон «1858-1864жж Ширва және Ньяса көлдерінің ашылуы және Замбези өзені мен салалары жайлы экспедиция әңгімелері» деген кітабы шығады.

·        1873 жылы 30 сәуірде Бангвеулу көлінің жағалауындағы Читамбо ауылының маңында Ніл өзенінің бастауын табу мақсатындағы соңғы мүмкіндігі кезінде Ливингстон ауырып қалып, сол жерде қайтыс болады.

·        1874 жылы « Давид Ливингстонның соңғы саяхаты»  деген атпен оның күнделігі басылып  шықты.

Сұрақтар мен тапсырмалар :1. Давид Ливингстон саяхатының басты жағалығы неде? 2. Давид Ливингстон саяхаты жер шарының қай аймағын қамтыды? 3. Давид Ливингстон саяхаты кезінде ашылған жерлерді картадан тауып, кесікін картаға белгілеңдер?

 

 

§28.П.Семенов Тянь – Шань тауларындағы зерттеулері

Semenoff, Pierre Petrovitch de, par Alexandre Quinet, BNF Gallica.jpgСеменов Тян-Шанский (1906 жылға дейін Семенов) Петр Петрович .1827, қазіргі РФ, Липецк облысы Чаплыгин ауданы Урусово селосының маңындағы иелікте — Ресей географы, статист, қоғам және мемлекет қайраткері, Санкт-Петербург ҒА-ның құрметті мүшесі (1873). Орыс География қоғамының вице-төрағасы (1873 — 1914). Санкт-Петербург университетінің жаратылыстану бөлімін бітірген (1848). 1851 ж. Дон бойының флорасын зерттеп, магистрлік диссертация қорғады. 1853 — 55 ж. Германия, Швейцария, Италия, Францияның географиясын, геологиясы мен экономикасын зерттеді. С. 1856 — 1857 ж. Тянь-Шаньға саяхат жасап, бұл орасан зор тау жүйесінің жанартаудан пайда болғанын дәлелдеп, оның орографиясын және биіктік белдемдігін анықтады, ірі мұздықтарды ашты. Сырдарияның бастауын зерттеп, Шу өзеннің Ыстықкөлден ағып шықпайтынын дәлелдеді. 50 тау шыңының биіктігін өлшеп, 23 асуды зерттеді, 1500-ге тарта тау жыныстарының коллекциялары мен өсімдік гербарийлерін жинады. Семенов Тян-Шанский география ғылымына Іле Алатауы, Жоңғар (Жетісу) Алатауы, Іле жазығы деген атаулар енгізді. Семенов Тян-Шанскийдің көмегімен Орыс География қоғамының әйгілі Орта Азиялық экспед-лары (Ш.Уәлиханов, Н.М. Пржевальский, М.Б. Певцов, Г.Н. Потанин, т.б. қатысқан) ұйымдастырылды. Семенов Тян-Шанский шет елдік және ресейлік 53 ғыл. мекеменің құрметті мүшесі, 20 ғыл. қоғамның мүшесі болып сайланды. Семенов Тян-Шанский саяхаты кезінде қазақтардың тұрмыс-салтымен терең танысты. Уәлихановты Орыс География қоғамының мүшелігіне ұсынды. Шоқан мезгілсіз қайтыс болған соң ғалымның еңбектерін жинақтап, жариялауға атсалысты. Семенов Тян-Шанский есімімен ондаған тау шыңдары мен мұздықтар, 30-ға тарта өсімдік, көптеген жануарлар туыстары мен түрлері аталады.

Тянь-Шаньды зерттеуі ...

Тянь-Шань-Орта және Орталық Азиядағы таулы жүйе.Орталық Тянь-Шаньға өрлеген алғашқы еуропалық ғалым-зерттеуші Петр Петрович Семенов болатын.1856 ж. бастап ол осы ауданға бірқатар күрделі сапарлар ұйымдастырды және өзінің ғылыми ерлігі үшін Тян-Шандық деп аталу құқығын иеленді. 1853 ж. өзінде Семенов құпиясы мол Тянь-Шаньға өрлеуді мақсат тұтты.Ресей сыртқы істер Министрлігі азиялық елдерді «географиялық ғылымның жаулап алуынан»қызғанышпен қорыды, бірақ бәрібір ғалымға Алтай мен Қырғыз даласында болудың сәті түсті. 1856 ж. Семейден Семенов Балқаш көліне дейін жетті.Ол өзінің «кебір ұшы» Алакөлмен бірге ортаазиялық қыраттарды біртектес қырғыз даласынан бөліп жатқан Балқаштың оңтүстік-шығысында ол оңтүстік-батысқа қарай созылып жатқан, «көз қарықтырардай...мәңгілік қар құрсауындағы» асқар таулардың тізбегін көріп, оны Жоңғар Алатауы деп атады.Осы шоқылардан әрі қарай «төмен және ыстық» Іле өзенінің алқабы басталды.Оны жүріп өтіп,ғалым Верный(қазір бұл Алматы қаласы) қаласына тоқтады. Осы жылы зерттеуші Ыстықкөл жағасына ат шалдырды: «Оңтүстіктен көз ұшына дейін ...Ыстықкөлдің көк суы...қар алып қар тізбегімен құрсанған» - деп сипаттайды өз әсерін Семенов.Бұл оның «қиялындағы Тянь-Шань» - Теріскей Алатауының шоқысы болатын (Батыс Тянь-Шаньдағы таулы шоқы). Теріскей Алатауының асуынан ол ертегідей табиғат көрінісіне сүйсіне көз тастады. Оның алдында «көрініп тұрған ең ұлы асқақ таулы қыраттар мұнартты.Ол жоғары-төмен жайылған қармен жабылған. Дәл ортасында дара, жылдам өзінің алып ұзындығымен бас айналдыратын аппақ өткір шыңды пирамида көзге шалынады» - ұзақ уақыт бойы Тянь-Шаньның ең жоғарғы нүктесі (6995) болып есептелген Хан-Тәңірі осы болатын . Сарыжаз өзенінің алабына түскен ол өзеннің бастауына дейін жетті, алдынан қарсы алған мұздықтарды тамашалаған соң, Верныйға қайтып оралды.

Сұрақтар мен тапсырмалар :1. П.Семенов Тянь – Шаньды неше рет зерттеген? 2. П.Семенов Тянь – Шаньскийдің география ғылымына қосқан үлесі қандай? 3. П.Семенов Тянь – Шаньды зерттеу барысында қандай жаңалықтарды ашып, зерттеді?

 

 

 

 

 

 

§29.Руал Амудсен пен Роберт Скотт саяхаттары

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/7d/Nlc_amundsen.jpg/200px-Nlc_amundsen.jpg

Амундсен Руаль (1872-1928) – норвег саяхатшы. Кеме капитанының отбасында дүниеге келген. 20 жасында Кристияния қаласындағы университеттің медицина факультетін бітіреді. 1894 – 99 жылдары аралығында бірде матрос, бірде штурман болып әр түрлі кемеде жүзген. 1903 жылдан бастап көпшілікке әйгілі болған бірнеше экпедицияға қатысқан. 1903-1906 жылдар аралығында “Йоа” кемесімен Гренландиядан Аляскаға жетті. Норвегиядан (1910) “Фрам” кемесімен Антарктикаға аттанады. 1911 жылы 14 желтоқсанда ағылшын саяхатшысы Р. Скоттан бір ай бұрын Оңтүстік полюске жетеді. 1926 жылы Шпицберген – Солтүстік полюс – Аляска бағыты бойынша “Норвегия” дирижаблімен 1-трансарктикалық ұшуды басқарды. Солтүстік мұзды мұхитта апатқа ұшыраған У. Нобиле экспедициясына көмек көрсетпекші болып “Латам” гидроұшағының экипажымен бірге қаза тапты. Солтүстік Мұзды мұхитта Амундсен есімімен аталатын қазан-шұңқырлар, бұғаздар бар.
Саяхат барысы...

Амундсен поляр сапарларының сәтсіздікке ұшырауының басты себебі- поляршылардың кемені дұрыс басқара алмағандығынан екендігін білді.Ол капитан шеніне емтихан тапсырды, кейіннен күрделі міндетті абыройлы атқарды:

 

·        Атлант мұхитынан Тынық мұхитына және Канада Арктикалық аралдар шоғырына жүзіп өтті (1903-1906 ж. ж.)

·        Келесі міндет-Солтүстік полюс, бірақ қосын әзір тұрған кезде американдықтардың полюсті бағындырғаны туралы хабар келді.1911 ж.

         14 желтоқсанында Амундсен ағылшын Роберт Скотты бір ай артқа тастап,  

         Оңтүстік полюске жетті.

·        1918 ж. жазында батыл саяхатшы Сібір жағалауларын бойлай Солтүстік теңіз жолымен жүріп өтті және Солтүстік Атлантикадан Тынық мұхитқа апаратын екі жолды кемемен жүзген алғашқы адам болды.

·        1926 ж. төрт жылдық дайындықтан кейін ол Солтүстік полюс арқылы Шпицбергеннен Аляскаға дейін дирижабльде ұшып өтті.Бұл

         дирижабльді итальяндық конструктор және поляр саяхатшысы Умберто  

         Нобиле құрастырып шығарды. Ұшудың жетекшілері - Нобиле мен  

         Амундсенді қосқанда, 16 адам дирижабльге орналасты.

·        1928 ж. 18 маусымында Руаль Амундсен Нобиле қосынын іздеу үшін «Латам» гидроұшағымен жолға шықты.Нобиленің дирижаблі «Италия» Солтүстік Мұзды мұхитында апатқа ұшырады.Амундсен іздеу кезінде экипаждың бес мүшесімен бірге қаза тапты. Нобилені швед ұшқышы Лундборг құтқарып алды, итальяндық конструктордың сапарында аман қалған мүшелер «Красин» атты кеңістік мұзжарғыштың бортына жеткізілді.

         Норвегияның ұлттық батыры, атақты саяхатшы Руаль Амундсеннің есімімен теңіз,шығанақ, тау, мұздық, Антарктидағы американдық ғылыми бекет («Амундсен-Скотт»),Солтүстік Мұзды мұхитындағы шығанақ пен шұңғыма   аталады.

 

                Қызық...

Өлерінен бірнеше ай бұрын журналистерге берген сұхбатында Арктика мен Антарктидадағы мұзды шөлдер туралы әңгімелей келіп, Амундсен: «Сіздер оның қандай әдемі екендіктерін көз алдарыңызға елестете алмайсыздар, мен сонда қайтыс болуды қалар едім» деген болатын.

 

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/62/Scott_of_the_Antarctic_crop.jpg/200px-Scott_of_the_Antarctic_crop.jpgСкотт Роберт Фолкон

 Скотт (ағылш. Robert Falcon Scott) Роберт Фолкон (6.6. 1868, Девонпорт — 30.3.1912 ж. ш.) — Антарктиданы зерттеуші ағылшын саяхатшысы. Корольдік әскери-теңіз флотында қызмет етті.

·        1900 ж. тұңғыш ағылшын ұлттық антарктикалық экспедициясын басқарып, “Дискавери” әскери кемесімен Антарктидаға аттанды.

·         

·        Скотт Роберт Фолкон

·         

·        1901 — 04 ж. аралығында Виктория жерін, Росс түбегінің жағалауын, Росс қайраңдық мұздығын зерттеп, Эдуард VІІ түбегін ашты. Скот қасына Э.Уилсон мен Э.Шеклтонды алып, құрлықтың түпкіріне қарай жүріп, 82°17´о. е-ке дейін жетті.

·        1910 ж. 15 маусымда “Терра Нова” кемесімен Антарктидаға екінші экспедицияға шықты. 1911 ж. қараша айында Росс аралынан оңтүстікке қарай аттанды.

·        1912 ж. 18 қаңтарда норвег поляр зерттеушісі Р.Амундсеннен 33 күннен кейін төрт серігімен бірге Оңтүстік полюске жетті. Қайтар жолда серіктерімен бірге мерт болды. Скот есімімен Эндерби Жеріндегі таулар, екі мұздық, Тынық мұхиттың оңтүстігіндегі арал, Виктория Жеріндегі жаға, т.б. аталады

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/6b/Scottgroup.jpg/250px-Scottgroup.jpghttp://im4-tub-kz.yandex.net/i?id=613550780-00-72&n=21    http://tierradenadiearquitectura.com/archivos%20web/entradas/110606%20SCOTT/02-SCOTT-ANTARTIDA.jpg

1912 жыл, қантардың 18 күні Скотт саяхатының соңғы суреті. Солдан оңға қарай: Лоуренс Оутс, Генри Боуэрс, Эдгар Эванс, Роберт Скотт, Эдвард Уилсон.

 

Сұрақтар мен тапсырмалар : 1. Руал Амудсен пен Роберт Скотт саяхаттарының басты ерекшеліктері неде? 2. Амундсен Руаль өзінің саяхатына қалай дайындалды? Мақсатына жетті ме? 3. Скотт Роберт ашқан жағалық неде?4. Бұл  екі саяхатшының  экспедициясының  басқа саяхатшылардың зерттеулерінен қандай айырмашылығы бар ма? Болса қандай айырмашылықтарды атар едіңдер?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ                                      

 

І. Ежелгі дүние халықтарының Жер туралы мәліметтері ........................4

§1.Көне мысырлықтардың географиялық жаңалықтары........................4

§2.Шумерлердің географиялық жетістіктері................................................5

ІІ.Көне грек халықтарының географиялық жетістіктері..........................6

§3.Геродот,Эратосфен және Птолемейдің географиялық жаңалықтары

................................................................................................................................6

§4.Александр Македонский мен оның замандастарының географиялық жорықтарының нәтижелері............................................................................11

§5.Атлантида туралы аңыз..............................................................................15

ІІІ.Орта ғасырдағы географиялық ашылулар...........................................17

§6. Қытай саяхатшылары...............................................................................17

§7. Арабтардың сауда жолдары.....................................................................18

§8.Ибн Фадлан саяхаты...................................................................................19

§9.Махмуд Қашқари саяхаты.........................................................................19

§10.Марко Полоның Орта Азияға саяхаты.................................................20

§11-12.Еуропалық елшілер: Иоанн де-Плано Карпини мен Гильом де Рубрук..................................................................................................................22

§13.Афанасий Никитиннің «Үш теңізге» саяхаты......................................25

ІҮ. Ұлы географиялық ашылулар кезеңі......................................................25

§14.Христофор Колумб саяхаттары...............................................................25

§15. Фернан Магелланның Жер шарын айналу саяхаты..........................27

§16.Васко да Гаманың Үндістанға саяхаты..................................................29

§17.Мартин Бехайм- алғашқы глобус жасаушы..........................................34

§18.Дежнёв, Семён Иванович – Қиыр Шығыстағы саяхаты....................34

§19. Америго Веспуччи саяхаты......................................................................35

§20. Витус Ионассен Беринг .............................................................................36

§21.Орыс теңізшілерінің Жер шарын айналып шығуы...............................................................................................................37

§22. И. Ф. Крузенштерн және Ю. Ф. Лисянский......................................................................................................39

§23.Ф.Ф.Беллинсгаузен  мен М.П. Лазаревтің – Антарктида жағалауын ашуы.....................................................................................................................43

§24. Николай Михайлович Пржевальскийдің Орталық Азияны зерттеуі

................................................................................................................................46

§25.Николай Николаевич Миклухо-Маклай – Жаңа Гвинея аралдарын ашуы......................................................................................................................47

§26.Джеймс Кук пен Абель Тасман саяхаттары...........................................49

§27.Давид Ливингстон саяхаты.......................................................................52

§28.П.Семенов Тянь – Шань тауларындағы зерттеулері............................53

§29.Руал Амудсен пен Роберт Скотт саяхаттары.........................................54

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

Мұғалімдерге арналған:

 

Анучин Д.Н Избранные географические работы. Географгиз М,1954

Багров Л.С Карты Азиатской Росий,п,1974

Белов М.И. Русские мореходы, Главсевморпуть, л,М 1952

Борзов А.А Георафические работы, географгиз,М,1954

«Русские открытия в тихом океане и северной Америке в ХҮІІІ –ХІХ веках» Сборник материалов

Магидович И.П, Магидович В.И « Очерки по истории географических открытий» Москва «Просвещение» 1982

еверин Н.А Отечественные путешественики и иследователи Учпедгиз,М,1954

 

 

Оқушыларға арналған:

 

Берг Л.С Очерки по истории русских географических открытий, изд.2АН,СССР,М-Л 1974.

Борзов А.А Географические работы ,Географгиз, М, 1954

Баранского,Н.Н Никитина « Отечественние экономика –географы  ХҮІІІ –ХХвв.»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "География таңдау курсы "Ұлы саяхатшылар" 7 сынып"

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 040 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.05.2016 27417
    • RAR 6.6 мбайт
    • 141 скачивание
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Альбаттинова Карлыгаш Имановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 85247
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по географии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 76 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 442 человека

Курс повышения квалификации

Педагогика и методика преподавания географии в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 728 человек

Курс повышения квалификации

Игровые приемы и методы обучения в школьном курсе физической географии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 178 человек

Мини-курс

Налогообложение реализации и доходов физических лиц

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Сохранение и продвижение традиционных российских ценностей и культуры

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека