Инфоурок География Другие методич. материалыГеография пәні сабақтарында оқушылардың шығармашылық потенциалын дамыту

География пәні сабақтарында оқушылардың шығармашылық потенциалын дамыту

Скачать материал

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІЛІГІ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ СТЕПНОГРСК ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ

БЕСТӨБЕ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ

 

 

 

 

 

    

 

 География пәні сабақтарында

       оқушылардың шығармашылық                                                                                                                                                                                                                                                           потенциалын дамыту

                                                               

                                                                

 

                                                                    тарих және  география

                                                                      пәнінің мұғалімі:

             Конырова Райса Жаскайратовна

                                         

                                           

                                              2014жыл

     “Ұстаз” жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешқайсысын ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейілінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да жаттарына да әділ...., жұрттың бәріне... жақсылықпен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.

                                                                                                    Әл-Фараби

                                       Өзі туралы мәлімет  :      

Тегі аты-жөні:   Конырова Райса Жаскайратовна

Тұған жылы:     19.01.1977

Ұлты:                 қазақ

Жанұя жағдайы: тұрмыс құрған

Білімі:  2006-2008  жыл   жоғарғы Семей университеті М.Әуэзовтың атындағы

Мамандығы:     тарих мұғалімі  бакалавры

Іс -тәжірибесі:    2009 Бестөбе негізгі мектебі

Санаты:              ІІ (2012 жыл)

Курстар:     2010 ж   "Жасөспірірмдер арасындағы суицид пен

қатерге бейм мінез құлықтың алдын алу"

2011ж    "Повышение каества преподования

истории в   условиях 12 летнего образования"

2011ж    Спецкурс по теме "Основы религиоведения"

2013ж      ШЖМ  жағдайында тарих пәнін

оқыту ерекшелігі

2013ж "Интерактивті тақтамен жұмыс әдістемесі

2014ж  Үшінші денгей курсы (Кембридж оқыту)

" PISA   халықаралық зерттеулері аясында  оқушылардың ғылыми

жаратылыстану  функционалдық сауаттылығын дамыту"

   Мадақтамалар: 2010ж Диплом  Т.Семенюк.2011ж   Грамота честь Тәуелздік күніне 20 жыл. 2013ж   Грамота Т.Семенюк. 2014 ж Грамота

 

 

 

Рецензия

           Берілген әдістемелік жинақта география және тарих пәнінің мұғалімі Қонырова Р.Ж  еңбек өтілінің шығармашылық тұстарының жан-жақтылығы мен жаңашылдығы ашылып көрсетілген.

Мұғалім өзінің бар қызмет болмысын география пәні сабақтарында оқушылардың шығармашылық потенциялын дамытудың жаңа оқу әдіс-тәсілдерінің бірнеше жолдарын қарастыра отырып, тәлім –тәрбие жұмыстарын қоса атқарған.

         Оқу- тәрбие процесіндегі проблемалық сұрақтың жаубына ұсыныс ретінде пән мұғалімі, күнделікті іс-тәжірибесінің қорытындысы ретінде  ең тиімді әрекет,әдіс - ізденіс мәселесінің шешімі шығармашылық потенциялды дамыту екенін көрсетіп отыр.

         География пәні сабақтарында оқушылардың шығармашылық потенциялын дамыту жолдарының  түрлілігі дәстүрлі әдістің ауыстырушылығы қолданылады.

          Таңдалған материал автордың тақырыбына сай құрастырылған.

 

                  

 

 

 

 

                 Рецензент:

               қалалық  әдістемелік  жетекшісі география пән  мұғалімі

                                                                              _____________Е.Н.Садртдинова.

                                                         "_____"_________       2014жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

 

Елiмiздің стратегиялық мақсат-міндеmmерін шeшу жолында қоғамның  дaмушы қaтaр білім беру жүйесі де жетіліп, дамып отыруы керек. Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру мақсатында мектеп реформасына өзгерістер енгізілуде. Әp елдің даму деңгейі оның табиғи байлықтарымен емес, оның интелектуалдық және шығармашылық потенциасымен, ғылым мен өндірісте технологияларды жете меңгеріп оны ендіре білуіне байланысты.

Қaзaқстан Pеспубликасының бүгінгі таңдағы білім жүйесінің негізгі стратегиялық мақсаты: жоғары білімді, бәсекелестікке қабілетті, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан nедагогикалық үрдістегі басты міндет білім дамытушылық сипатта болуы тиіс. Көптеген педагог-психологтар оқытудың дамытушылық ролін зерттеп, оны ғылыми түрде жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы жетілдіруге атсалысуда. Осыған орай Ж.Қараев, М.Монахов, Ф.Я.Вассерман, М.Жанпейісовалардың жаңа технологияларын толық меңгеріп, тиімді пайдалана білген жөн. Шәкірттің білім дәрежесіне қарап, ұстазын бағалауға болады деген ұлағатты сөз бар.Әрбір ұстаз кәсіптік білімін шыңдай түсетін, сондай-ақ білім берудің жаңа технологияларын тиімді пайдалана алатын, өзінің нақты мақсатын айқын көре алатын әлемдік ақпараттық қоғамның толыққанды мүшесін қалыптастыра алатын кәсіби шебер болуы керек.

Қазіргі кезде білім берудегі негізгі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, іскер, өзіндік ой талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Оқушылaрдың білім сапасын көтеру сапасында әрбір сабақта қолданатын оқытудың жаңа формалары мен техникалары.оқушылардың пәнге қызығушылығы ізденімnыздығын байқау қабілеттерін жетілдірүге, білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Жаңа технологияларды оқытудағы негізгі мақсат баланың ашылмаған қабілетін ашу дамыта оқыту белсенділігін, арттыру өзіне деген сенімін арттыру, іздендіру  қосымша пәнге қызығушылығын  арттыру. Мұғалімнің  міндеті  пәннің ғылыми сипатын арттырып , білім беруде  тек  мәлiмет жиынтығын  меңгертумен  шекmелмей,  терең  білімді  ізденiмnаз баpлық  іс-әpекеттерде, шығармашылық бағыm  ұстанатын,  сол  тұрғыдан  болмысын  таныта  алатын жеке тұлға тәрбиелеу. Мұның бәрін  жүзеге  асыратын  мұғалім  сабақтың сапалы болуының толыn  жаmқан шарттары, әдіс mәсілдері бар. Соның бірі - оқушылармен жүргізетін шығырмашылық жұмыс. Шығармашылық дегеніміз -  адамның белсенділігі мен дербес іс әрекетінің ең жоғары формасы.  Ж. Дистервег «жаман мұғалім ақиқатты  өзі айтып береді,  ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» - дейді.

Шығармашылық іс әрекеттерді дамыту арқылы оқушылар бойында мынадай  қасиеттер қалыптасады:

-          бір-біріне жолдастық, достық қарым-қатынасы арта түседі.

-          Бір-біріне бар ынта-жігерімен көмектеседі.

-          өз білімімен жолдастарының білімін саралай бағалай білуіне толығырақ мүмкіндік туады.

-          Оқушылардың өзіндік шығармашылығын байқатады.

-          Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді, көптеген қосымша әдебиеттермен жұмыс жасайды.

-          Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, баланың мінез-құлқына, яғни тиянақтылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігін оятады.

                                                  Шығармашылық жұмыстар

Шығармашылық                      ұлттық танымдар

іс-әрекетті дамыту                   зерттеу жұмысына баулу

әдістері.                                     Топтық жұмыстар

                                                    танымдық іскерлік ойындар

                                                    технологиялық карталар

 

Балаға тиянақты білім беру арқылы шығармашылық пен ізденімпаздыққа баулу әр бір пән мұғалімінің міндеті. Бұл тұлғадан алғанда менің мақсатын, оқушыларға үздіксіз білім алуға, өз беттерімен білім жинақтап өмірге бейімделуіне жағдай жасау. География өте қызықты, жан-жақты пән. Оқушылар бойында пәнге деген қызығушылығын ояту мақсатында мынадай әдіс-тәсілдерді қолданып жүрмін.

 

  1. Махмудовтың проблемалық әдісі.

Мәселен, тақырып бойынша сұрақ қою, жаңа сабаққа бала ойын аудару, ал соңында эвристикалық әділ қолданылады, яғни оқушының өзіне ереже шығарту арқылы сабақ қорытылады.

Мысалы мына кесте бойынша

 


4000                                                                          ?

 

3000                                                                           ?

 

2000                                                                            ?

 

1000                                                                         14

 

0                                                                               20 

 


Сұрақ

Ауаның жер бетіне таяу қабаты көп жылынып ,биіктеген сайын неге төмендейді? Себебі

Немесе

Таудың басы күнге жақын,бірақ неге тау басында қар мен мұз жатады үнемі

Себебі.

2.Двяченконың жұптап оқыту әдісі.

Баланы бір-біріне тексерту ,бірінің білім деңгейін біріне бағалату,яғни оқушыларды өзара байланыстыру мұны 9-10 сыныптарда,кескін картамен жұмыс істеу кезінде Максаковский оқулығының 10 сынып «өзіңді-өзің және жолдасыңды тексеру болды» тапсырмаларында іске асыруға болды.

3.Границкаяның көп деңгейлі тапсырма беру әдісі.

Оқушының қабілетіне байланысты жеке де жалпылама да жүргізуге болады.Бұл әдісті Қазақстанда өңдеп, зерттеуші- Ж.Қараев.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы 1998-1999 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына,барлық пәндерге еніп,оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.

Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне назар аударады.

 

 

Оның 4 деңгейлі әдіс бөлімі бар.

  1. Оқушылық деңгей
  2. Алгоритмдік деңгей
  3. Эвристикалық деңгей
  4. Шығармашылық деңгей.

 

 

 

 

1-деңгей.

Сабақта қандай оқушы болмасын жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгейді орындаған оқушы «3» деген бағамен бағаланады Әр бір оқушы І деңгейді орындауға міндетті және одан жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы.

  1. Жаттап алуға лайықталған болуы керек;
  2. Алдыңғы сабаққа жаңадан меңгерілген білімнің өңін өгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.
  3. Тапсырмлар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.

 

2-деңгей.

1. Өтіп кеткен материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар, яғни, бұрынға тапсырмаларға ұқсас бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.

2. Оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшелігіміз ескеріліп, танымдық және үйретілімділік маңызы болуы шарт. Бұлар ребустар мен сөзжұмбақтар.

3-деңгей.

1. Танымдық іздену /эвристикалық/ түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы білімдерін ( заңдарды шығару анықтамалар, формулалар жаттау тсс) жетілдіріптереңдетумен қатар, тағы да жаңа білім меңгеріп өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Мұндай жұмыс анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді.

2. Өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарынжүргізу, көрнекі құрал дайындауға берілетін тапсырмалар.

4-деңгей.

1. Оқушылардың жинақталған өмірлік тәжірибесі мен қалыптасқан ұғым-түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңашы дүние жасап шығару.

2. Олимпиадалық есептер, тапсырмалар.

3. Берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндама дайындау.

 

Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктігі мен дағдаларын қалыптастыру және оны бағалай деңгейі болады.

 

 

Деңгейлеп – саралап оқыту педагогикалық технологиясының моделі

зейін                                                                          ізденімпаздық

қабылдау                                        оқушы мен мұғалім қарым қатынасы

жадында сақтау                                            танымдық көзқарасын

Овал: Танымдық қажеттіліктердіойлау                                                өзін-өзі бағалауға

Овал: Саралап-деңгейлеп

елестету                                            жеке тұлға қалыптастырады       

 

 

 


белсенді

жазбаша ж/е сөйлеу

ұлттық көзқарастағы дарынды жеке тұлға

  1. Шаталовтың тірек - сызба әдісі.

Оқытуда тірек белгілерді қолдану педагогикалық жағынан өте тиімді. Алғаш рет сызықтық хаттар ежелгі Қытай, Египетте пайда болды.

Ақпаратты айтайын деген ойды әріп емес, сызықтар арқылы жеткізу өте ерте кездегі тәсілдердің бірі бір ғана сызу белгісі арқылы бір түсінік  немесе «сөз» , «берілген» белгіленген.

Сызықтық жазулардың тиімділігі.

1.        Тірек белгілер арқылы оқушылар алған білімдерін жүйелі түрде кері айтып бере алады және алдарындағы сызық арқылы есту, көру, есте сақтау қабілеті дамидыы.

2.        Оқыту кезінде сызықтық бейнені қолдану үлкен ми сыңарларының қызметін жетілдіреді.

3.        Тірек белгілер арқылы ойдағы ақпараттардың мағынасын нақтылы бөліктерге немесе блоктарға бөлуге болады.

Мұның өзі оқу материалдарын басқаша құруға және сабақты түсіну үшін жаттығу жұмысын жүргізуге, бекітуге арналған тақырыпты жинақталған дидактикалық бірлік арқылы оқытуға мүмкіндік береді. Сызықтық бейнені мұғалім тақтаға бормен сызады. Егер мұғалім өтілетін тақырып бойынша сызықтық бейнені сабаққа дейін бөлек қағазға салып, дайындап әкелетін болса, оны статикалық белгі деп аталады. Дидактикалық және статикалық тірек белгісі арқылы жаңа тақырып түсіндірілген соң, оқушылар алған білімдерін бірнеше рет мұғалімге баяндап береді.

География сабағында тақырыптағы ерекше мән беретін түсініктер мен ұғымдарды тірек белгілер-сызықтық белгілер арқылы беру өте тиімді.

Оңтүстік-батысында

 

 

Ауданы 1,3мн км2 – 7 мыңнан астам аралдары бар: ірілері Жаңа Гвинея, жаңа Зеландия, Гавай, Фиджи

 
 

 

 

 

 

 

 

 


Оңтүстік Американың климаты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


  1. М.Жанпейісованың модульдік оқыту әдісі.

Модульдік оқыту – боктың оқытудың жетілдірілген түрі. Мұнда оқушылар модульдерден сабақ үстінде мұғаліммен тең дәрежеде еркін сөйлесуге, жолдастарымен бірлесе жұмыс жасауға мүмкіндік алады. Сабақ олар үшін көңілді, қызықты іс-әрекетке айналады. Үй тапсырмасын орындауға жіберетін уақыттарын өздері қызығатын істерге арнайды. Сонымен С.И. Ожеговтың сөздігінде модуль – белгілі бір жүйенің құрылымның, өз бетінше бола алатын, бөліне алатын бөлшегі делінген. Оқу модулі дегеніміз – ғалымдардың айтуынша, оқу мазмұны мен оны игеруге негізделген технологияның бір мақсаттағы түйіні. Модуль – оқушының мазмұнды оқу әдісін өз бетінше игеру деңгейін оқу-таным әрекетіне сай жеке оқу бағдарламасы. Оның ерекшелігі оқушы өз бетінше белгілі нәтижеге жетеді. Ол мұғалімнен және есте сақтау , нені жазу, нені қайдан  табу, қалай тиімді әрекет ету нені білу керектігі жөнінде тапсырма алады. Модульді сабақтарда құрастырыа отырып, оқу жөнінде ақпарат беретін оқулық, қосымша әдебиеттер, бір кеспе нұсқалар, атлас түрлері, карта, кескін карта суретті иллюстрациялар, техникалық жабдықтар ауызша құралдар пайдалануға болады.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

    Қандай әдіс - тәсілдерді пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі мен мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшаңдығы мен еркіндігі, шығармашылығы, көңіл-күйдің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.

   Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті.  

   Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр.

   Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс.

  Себебі, тарих,география  пәні мұғалімі оқушылардың оқуға ынтасын оятып, олардың қабілеттерінің дамуына жол ашады.

Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі керек.
Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі – ұлы еңбек.

   «Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады», — дейді халық даналығы.    Осыған байланысты шығармашылық, ізденіс деген әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Модуль №1

Тақырыбы «Жердің планы»

 

Модуль ст-расы

Сағат саны

Модульдың мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-ші сабақ

1. Модульға кіру

2. Лекция.

3. Тірек кестесін түсіндіру.

5 мин.

35мин.

5 мин.

Диалог бөлімі

2-ші сабақ

1. «Талқылау сабағы» (емтихан алдында)

2. Географиялық ойындар мен есептер.

3. Шартты белгілер арқылы хат.(топографиялық белгілерді анықтау)

20 мин

 

 

10 мин

 

 

15 мин

3-ші сабақ

1. «Айналым бойынша әңгіме»

2. Сарамандық жұмыс.

3. «Алғыр оқушы» ойыны

15 мин

 

15 мин

 

15 мин

4-ші сабақ

1. дала сараманы.

2. Жинақталған заттарды іріктеу, жинақтау.

25 мин.

20 мин

5-ші сабақ

1. «Футбол» ойыны

2. «Баяндама» ойыны

3. «Солтүстік, оңтүстік» ойыны

4. Шығармашылық жұмысқа дайындық.

15 мин

15мин

 

10 мин

 

5 мин

қорытынды

6-шы сабақ

1. Тест жұмысы

2. Шығармашылық жұмысты қорғау.

30 мин

15 мин

7-ші сабақ

1. Бақылау жұмысы

2. Географиялық диктант

40 мин

5мин

 

№1 Тірек кестесі

 

Жердің планын жоғарыдан кішірейтіп көрсетілуі.

Аэрофотосурет  - План

 

Шартты белгілер арқылы жергілікті жер бетінін кішірейтілген масштабыбты бейнесі – план деп аталады.

 

Планның         бағдарлау                        сандық 1:1000

жоспары                      масштаб                         атаулық  1см-10м

                                     Шартты белгілер:              сызықтық10       0               10

                                   

           

Суреттің                                Көз арқылы кескіндеу

Кескін                                    Полярлық кескіндеу

түрлері                                   Азимуттық кескіндеу

 

 


Планның                                Халық шаруашылық обьектілері,

Маңызы                                 құрылыссында, қала, село, көше,

                                               Когалдандыру әскери істе.

 

№2 Тірек кестесі.

  250

  200

  150

  100

  50

  0    теңіз деңгейі

 

 

Төбенің салыстырмалы биіктіктері (0) және оның абсалют биіктігі (А)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№2 сабақ

1. «Талқылау сабағы» (емтихан алғанда)

Мұғалім оқушыларға екі-екіден бөлініп отыруды ұсынады, әр оқушы өтілген тақырыпты конспектілеп, бір-біріне айтып түсіндіре бастайды. Оқушының бірі «мұғалім» екіншісі «оқушы» болады. Мұғалім 5 балл бойынша бағалау керек. Мұғалім оқушының жауабын оқулықтағы мәтінмен салыстырып отырады. Оқушы тек конспекті негізінде сөйлеу керек. Мұғалім оқушының дайындығына 5 минут уақыт береді. Оқушы орнында қалып, «Мұғалім» келесісіне өтеді. Кейінгілерді осылай жалғасып кете береді. (Мұғалім және оқушының мәтінді талқылауы 5 минуттан аспауы керек)

 

  1. Географиялық есеп.

Сандық масштабты атаулық масштабқа аудару және атаулық масштабты сандық масштабқа аудару (керісінше).

1:10 000;   1:83 000 000; 1:1000;            1:250 000;

1см-75км;            1см-100м;                  1 см-1км;

 

  1. Шартты белгілер арқылы хат жазу.

Мақсаты: топографиялық белгілерді анықтау. Хатты оқып шығып, ондағы топо белгілерді сөздермен көшіріп жазу керек.

Сәлеметсіздер ме, Темірлан  мен Нұрсұлтан!

Мен                    тұрамын, ол қалың                  ішінде орналасқан. Біздің                    жіңішке                 созылып жатыр, ол                    алмасады да,                    шетінде                           

қосылады.                   Солтүстікке қарай                 , ал оңтүстікке қарай                    және               . Біздің                  

                 қоршалып, үлкен                 и солтүстік жағалауында орналасқан.                    Дейін 500 метр                 жүріп, солға қарай бұрыламызда, ары қарай                   жүру керек.                  

 

Қаламен                  байланысады. Маған өз үйлерің, ауылдарың туралы жазыңдар. Сәлеммен , Темірлан 

 

 

 

 

 

 


№3 сабақ

  1. «Айналым бойынша әңгіме» ойыны.

Мұғалім тақырыпты оқуға береді. (басталды деген белгі береді) Дөңгелек болып отырамыз.

  1. Жүргізуші көзін жұмып, кез-келген ойыншыны көрсетеді. Сол бойынша мәтінді әңгімелей бастайды. Бұдан кейін сағат тілі бойынша әр оқушы оқулықтағы мәтінді бір фразадан соңына дейін айтып шығады.
  2. Тағы да оқимыз. Жауап бойынша жіберілген қатемізді түзетіп, толықтырып әңгімелейміз. (сағат тілімен) Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыны бағалап, құттықтаймыз.
  3. Сарамандық жұмыс. «Жергілікті жердің планының ара қашықтығын анықтау»
  4. «Алғыр оқушы»  ойыны. Әр партада екі оқушы, текст бойынша 10 минут сұрақтар жазады да, бір-біріне сұрақтарын алмастырып, жауап бере алмаған сұрақтарын бір-біріне түсіндіреді. Қай оқушының алғыр екенін мұғалім анықтайды.

№4 сабақ.

  1. «Дала сараманы»

Оқушылар мектеп ауласына шығып, полярлық кескіндеу арқылы, мектеп ауласының планын сызады. Мұғалім планды қағазға дұрыс түсірген оқушыны анықтайды.

№5  сабақ.

  1. «Футбол» ойыны.

1)      4 немесе 2 топқа бөлу.

2)      Команда лидерін сайлау, оқушыларды бағалау.

3)      Топ бойынша сұрақтар беру арқылы командалар «гол» (дұрыс жауабы) соғады.

4)      Ә команда мүшелері жеке-жеке сұрақ береді.

  1. «Баяндама» ойыны.

Мұғалім оқушыларға бір мәтінді оқуға ұсынады. «басталды» деген кезде тақырыптың мазмұнын сурет не болмаса сызба белгі түрінде беру керек. Бұл «шпаргалка» оқушы өзінің  оң жағындағы көршісіне береді. «Басталды» деген белгі берілді. Сөйтіп әр оқушы осы белгілер бойынша баяндама жасап шығады. Қай оқушы баяндаманы нақты қорғап, мәтіннің дұрыс сызбасы мен суретін берсе, сол оқушы «жеңімпаз» атанады.

  1. «Солтүстік, оңтүстік» ойыны.

Екі оқушы немесе топ болып ойналады. Мұғалімнің көмекшісі оқушыларды қатар-қатар тұрғызады. «Солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс» дегенде оқушылар аталған жаққа қарай бұрылуы керек. Егер дұрыс бұрылмаса сабақ бойынша сұрақтар қойылады.

 

4. Шығармашылық жұмысқа дайындық.

   

 

                                            Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.

2.Н.Назарбаев “Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек”.//”Егемен Қазақстан”. 31 мамыр. 2013 ж.

3.Бабаева Ю.Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 1999г.

4.Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. – Алматы. “Ғылым”. 2009г

5.Дамыта оқыту технологиялары.Алматы 2012.Б.А.Тұрғынбаева

6.Ұстаздық шығармашылық.Алматы 2013. Б.А.Тұрғынбаева

 

 

 

                                

 

                                                                                                                                                                  

 

 

 

 

 

 

                             

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "География пәні сабақтарында оқушылардың шығармашылық потенциалын дамыту"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер гостиничного комплекса

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Берілген әдістемелік жинақта география және тарих пәнінің мұғалімі Қонырова Р.Ж  еңбек өтілінің шығармашылық тұстарының жан-жақтылығы мен жаңашылдығы ашылып көрсетілген.

Мұғалім өзінің бар қызмет болмысын география пәні сабақтарында оқушылардың шығармашылық потенциялын дамытудың жаңа оқу әдіс-тәсілдерінің бірнеше жолдарын қарастыра отырып, тәлім –тәрбие жұмыстарын қоса атқарған.

         Оқу- тәрбие процесіндегі проблемалық сұрақтың жаубына ұсыныс ретінде пән мұғалімі, күнделікті іс-тәжірибесінің қорытындысы ретінде  ең тиімді әрекет,әдіс - ізденіс мәселесінің шешімі шығармашылық потенциялды дамыту екенін көрсетіп отыр.

         География пәні сабақтарында оқушылардың шығармашылық потенциялын дамыту жолдарының  түрлілігі дәстүрлі әдістің ауыстырушылығы қолданылады.

 

          Таңдалған материал автордың тақырыбына сай құрастырылған.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 987 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.01.2015 4926
    • DOCX 171 кбайт
    • 26 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Конырова Райса Жаскайратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Конырова Райса Жаскайратовна
    Конырова Райса Жаскайратовна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12234
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 69 человек из 30 регионов

Курс повышения квалификации

Педагогика и методика преподавания географии в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 289 человек из 69 регионов

Курс повышения квалификации

Формирование первичных компетенций использования территориального подхода как основы географического мышления с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в инвестиции и инвестиционный процесс

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие коммуникативных и здоровьесберегающих навыков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в области деловых коммуникаций. Зачем нужна корпоративная культура?

Перейти к трансляции