Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Конспекты / Географиядан ашық сабақ "Канада" (11 сынып)

Географиядан ашық сабақ "Канада" (11 сынып)


  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

 

Күні:

19.02.15

Сыныбы:

11-сынып

Сабақтың тақырыбы

Канада

Сабақтың мақсаты

Канаданың мемлекетінің қалыптасу тарихын, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқынының таралу аймақтарын білу. Картаны пайдалана отырып, ерекшеліктерін сипаттай алу.

Оқыту нәтижелері

Канаданың мемлекетінің қалыптасу тарихын, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқынының таралу аймақтарын біледі. Картаны пайдалана отырып, ерекшеліктерін сипаттай алады. Топпен жұмыс жүргізеді.

Әдіс-тәсілдер

«Қызығушылықты ояту», ЖИГСО әдісі, «Ой қозғау», «Мағынаны тану», «Ойлан, жұптас, талқыла», «Ой толғау»

Сабақ барысында жүзеге асатын жұмыс түрлері

Сергіту сәті, жұптық жұмыс, әңгімелеу, талдау, кері байланыс, диалог, рефлексия.

Көрнекі құралдар



Негізгі ресурстар

Компьютер, фломастер, карта, постер, бағалау парақтары, үлестірмелі материал

Дүниежүзіне аймақтық шолу география оқулығы. Алматы «Мектеп» 2011 жыл, Қосымша деректер, Атлас карталар

Бағалау

Формативті, Бағалау парағы (критерийлерге қарап бағалау), смайликтер, «Бағдаршам», жиынтық бағалау

Қамтылған модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Диалогтік оқыту

«Оқыту үшін бағалау, оқытуды бағалау

«Оқытудағы көшбасшылық»

СТО технологиясының элементтері

АКТ пайдалану

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

 

Сабақтың барысы:

Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

2 минут

«Қызығушылықты ояту» Сергіту сәті

Интерактивті тақтаға музыкалық әуен қойылады, оқушылар сол әуендегі биге салып би билейді.





Сергіту сәтін жасайды.

7 минут

«Ой қозғау» Үй тапсырмасы

 

 

1.АҚШ-тың жерінің ауданы қанша? Астанасы қай қала? 2.Мемлекет басшысы кім және ол қанша жылға сайланады? 3.Заң шығарушы органы 4.Мемлекеттік тілі 5 Мемлекеттік құрылымы қандай? 6. Мемлекеттік тарихы қандай ? 7.Пайдалы қазбалардан қандай пайдалы қазбалар кездеседі. 8.Жер бедері қандай? 9.АҚШ аумағында неше экономикалық аймақ бар? 10.АҚШ-тың қандай туристік обьектілері бар? 11. АҚШ пен Қазақстан арасында қандай байланыс бар? 12.АҚШ-та ауыл шаруашылығын дамытуға қандай табиғи алғышарттар бар? 13.АҚШ-тың мұнай өндіретін аудандары қайда орналасқан? 14. АҚШ қандай елдерден шикізат түрлерін сатып алады. 15.Дүниежүзінің саяси картасында АҚШ мемлекетінің пайда болуы қандай өзгерістер әкелді? 16.Көліктің қандай түрлері дамығын?

Сұраққа дұрыс жауап берген оқушыларды «үш шапалақ» әдісімен бағалайды.

8 минут

«Жаңа сасабақ» ЖИГСО әдісі

 


1-топ. Мемлекеттің қалыптасу тарихы 2-топ. Табиғат жағдайлары мен ресурстары 3-топ. Халқы 4-топ. Шаруашылығы

Топпен жұмыс жасап, тақырыптың мазмұнын айтады, топтар бірін- бірі тыңдайды, ақылдаса отырып сабақтың мақсатын айқындайды. Бірін-бірі «бас бармақ» әдісімен бағалайды


«Ойлан, жұптас, талқыла»


8 минут


1-топ. 22 суретті пайдалана отырып, Канаданың әкімшілік-аумақтық бөлінісі және тілдердің таралуын сипаттау.


Топтар бірін-бірі тыңдап, әр топтағы оқушыларды «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.






2-топ. Нысандардың атауы (тау, бұғы, ұлттық парк, астанасы, байырғы халық)
Макензи
Джаспер
Эскимос
Оттава
Карибу

3-топ. Географиялық пошта
Сұрақтары:
1. Канада атауы қай тілден аударғанда қандай мағына береді? (Елдің аты үндістер тілінде «қоныс» «қауымдастық» дегенді білдіреді)
2. Канада жерінің ауданы (9 млн 970 мың км)
3. Канада да қандай зауыттар, өнеркәсіптер жақсы дамыған? (ірі мұхит кемелері, жеңіл машиналар, ауыл шаруашылық машиналары жасалынады. Ағаш өңдеу, қағаз жасау өнеркәсіптері жақсы дамыған)
4. Бұл елде неше ұлттық парк бар? (31)
5. Канаданың туында қандай өсімдік бейнеленген? (үйеңкі) 4-топ. Географиялық диктант
1. Орталық Америка елдерінде материктік бөліктегі ең ірі елі -...., ал аралдық бөліктегі ең үлкен ел.... болып табылады.
2...... халықтың тұрмыс жағдайы жағынан өте жоғары елдердің қатарына жатады.
3. Канада - дүние жүзінде жерінің ауданы жөнінен.... кейін екінші орында
4. Суық арктикалық шөлдер мен тундра алып жатқан жазықтарда... бен... тіршілік етеді.
5. Көлдердің саны жөнінен Канада дүние жүзінде... орын алады.


9 минут

«Ой толғаныс» СТО арналған тапсырмалар



І. Мұғалім ұяшықтарда жазылған тақырыптарды әр топқа таратады 1.Егер Канаданың батысы жазықты, керісінше шығысы таулы аймақ болса не болар еді. 2. Канада мен Қазақстан арасында қандай байланыс бар ? 3. Канада мен Қазақстан мемлекеттерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай? 4. Болашақта Қазақстанның дамуына қандай үлес қосар едіңдер.

Оқушылар ұяшықтарды таңдайды, ойлана отырып, өз ойларын ортаға салып, тақырыптың мағынасын ашады. Топтар бірін-бірі «үш шапалақ» әдісімен бағалайды.

6 минут

«Ойлан тап» Сандар сөйлейді тапсырмасы



1-топ. 30-40 жылдары, 1763 жылғы, 1867 жылы, 70 жылдары.

2-топ. 1956 жылы, 31 ұлттық, 34,1 млн, 2009 жылы. 3-топ. 4 млн, 161,3 млд, 20-25 млн, 900. 4-топ. 730, 30, 1993-2009, 190.

Топтар ақылдаса отырып, тапсырманы орындайды. Дұрыс орындаған топты оқушылар «Бас бармақ» әдісімен бағалайды

2 минут

«Ыстық орындық» әдісі

 

 

Кез келген бір оқушыны орындыққа отырғызады, оқушылар жаңа сабақ бойынша сұрақтар қояды.


 Оқушы орындыққа отырады да, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап береді

2 минут

Мұғалім бүгінгі сабақты қорытындылайды. Оқушыларды бағалайды. «БҮҮ» кестені тақтаға іледі

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады және осы тақырыпқа байланысты не үйренгілері келетініін тақтаға іледі.

2 минут

Үйге тапсырма.

 

 

1.Канада оқу мазмұндау 2.Канада мен АҚШ арасындағы байланыс.

Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады. Бағаларын күнделікке қойғызады.




















Әуе көлігі Су көлігі Байланыс құралдары

Әуе көлігі Су көлігі Байланыс құралдары

Әуе көлігі Су көлігі Байланыс құралдары

Әуе көлігі Су көлігі Байланыс құралдары

Әуе көлігі Су көлігі Байланыс құралдары

Әуе көлігі Су көлігі Байланыс құралдары














Автор
Дата добавления 14.09.2015
Раздел География
Подраздел Конспекты
Просмотров655
Номер материала ДA-044782
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх