Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Конспекты / Географиядан ашық сабақ. Тақырыбы: "Солтүстік Америка географиялық орны"

Географиядан ашық сабақ. Тақырыбы: "Солтүстік Америка географиялық орны"

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Солтүстік Америка.Материктің географиялық орны.Ашылу және зерттелу тарихы.

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Солтүстік Американың географиялық орнының ерекшеліктері ,зерттелу тарихы туралы білімдерін қалыптастыру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, картаны оқыту арқылы жұмыс істеу қабілеттерін әрі қарай дамыту .

3. Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға ондағы байлықтарға, табиғат ресурстарын білуге бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карта, атлас карта, оқулық, суреттер, слайдтар.

Сабақтың жоспары:

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Үй тапсырмасы

12

3.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

4.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

5.

Үйге тапсырма беру

1-2


Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасы Оңтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Солтүстік Америка – өзіміз тұратын Еуразиямен бірге солтүстік жарты шарда орналасқан материк. Үлкендігі жөнінен Еуразия мен Африкадан кейінгі 3-ші орынды алады, жерінің ауданы 24,2 млн.км².

Табиғатының мынадай басты ерекшеліктері бар:

Д.ж-гі аса ұзын әрі енді тау жүйесі – Кордильера, оның ұзындығы 9000 км-ге жуық ең енді бөлігі 1600 км-ге тең.

Д.ж-гі ең үлкен арал – Гренландия аралы Солтүстік Америка материгінің құрамына енеді, оның ауданы 2 млн.176 мың км.

Д.ж-гі ең үлкен әрі терең Колорадо каньонының тереңдігі 1600м, ұзындығы 446 км, ені 25 км-ге дейін жетеді.

Д.ж-гі ең ұзын жер асты үңгірі – Флинт-Мамонт Аппалач тауының оңтүстік шығысында орналасқан, оның ұзындығы 500 км.

Д.ж-гі ең үлкен тау мұздығы – Аляска жотасында орналасқан Хабборт мұздығы, оның ұз.145 км.

Д.ж-лік мұхиттағы биіктігі 18 м-ге жететін ең биік толысу толқындары материктің шығысындағы Фанди шығанағында байқалады.

Д.ж-гі ең биік ағаш-биіктігі 100 м-ден астам мәңгі жасыл секвоя материктің Тынық мұхит жағалауында өседі.

Солтүстік Америкадағы ең суық жер – Гренландия аралының орталығы, мұнда -70ºС тіркелген.

Материктің теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Өлім аңғары, ол теңіз деңгейінен 86 метр төмен жатыр.

Материктегі ең ыстық жер – Өлім аңғары (+57С) бұл солтүстік жарты шар материгінде байқалатын ең жоғары температура.

Материктегі жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін жері – Кордильераның солтүстік батыс жағалауы, мұнда 6000 мм-ге дейін жауын-шашын түседі.

Солтүстік Америкадағы жылдық жауын-шашынның ең аз жауатын жері – Калифорния шығанағының солүстігі мен Үлкен Алап, мұнда жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден кем.

1492 жылы Х.Колумб бастаған испан экспедициясының материктің оңтүстік жағалауын ашқан. Мексика жерін басып алумен аяқталды. Ағылшын саяхатшылары Генри Гудзон (ХVІІ ғасыр) Александр Макензи (ХVІІ ғасыр) материктің солтүстік және шығыс жағалауларындағы көптеген жаңа жерлерді ашты.

1741 жылы Витус Беринг пен Алексей Чириков екі желкенді кемемен Алеут аралдарын бойлап жүзіп, Аляска жағалауын зерттеді.

Пысықтау тапсырмалары:

1.Солүстік Америка материгінің шеткі нүктелерін анықтап кескін картаға түсіру.

2.Материктің жағалауындағы ірі аралдар мен түбектер,теңіздер мен шығанақтарды тауып кескін картаға түсіру.

3.Материкті зерттеген саяхатшылар.

Жаңа сабақты бекіту:

1 Материктің ауданы

2 Материктің ең ыстық жері

3 Су жинау алабы жөнінен ең үлкен өзені

4 Ең суық жері

5 Материктің ең биік нүктесі

6 Дүние жүзіндегі ең үлкен тау мұздығы

7 Ең үлкен аралы

8 Дүние жүзіндегі ең үлкен ең терең каньон

9 Материктің табиғатын зерттеуге үлес қосқан саяхатшыларды ата

10 Дүние жүзіндегі ең биік ағаштың биіктігі

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Солтүстік Америка материгінің географиялық орны мен ашылуы және зерттелу тарихымен таныстық. Үйге тапсырма: §29 – оқу. Кескін картаға Солтүстік Америка материгін түсіру.











Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 18.02.2016
Раздел География
Подраздел Конспекты
Просмотров304
Номер материала ДВ-465643
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх