Инфоурок Геометрия Другие методич. материалыГеометрия "Фалес және Фалес зерттеулері"

Геометрия "Фалес және Фалес зерттеулері"

Скачать материал

№ 12 сабақ

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ

 

Тақырыбы:                 Фалес және Фалес зерттеулері.

Мақсат:

 

Жаңа білім

Фалестің кім екендігін бейнелеп айтады. Фалес геометриядан басқа қандай ғылымдарды зерттегендігін атап шығады. Геометриялық фактілерді және оның маңызын қайта есіне түсіреді.

Жаңа түсінік

Фалестің геометрияны қандай салаларда қолданғанын мысал келтіреді. Ғылымның қаражат көзіне әсер ететіндігін түйіндейді. Фалестің астрономияға қосқан үлесінен мысал келтіреді. Геометриялық ашуларындағы үшбұрыштың теңдігі жайлы фактіні парафразалайды.

 

Қолданым әрекеті

Фалестің таң қалдырған ашуларының ішіндегі геометрияға қатыстысын табу үшін геометрия туралы білімін қолданады. Шеңберлер туралы білімін қолданып, тікбұрышты үшбұрышты шеңберге іштей қалай сызу керек екендігін болжайды.

Талдау әрекеті

Фалестің ашуларынан біреуін талдайды. Ешнәрсені қолданбай, оны дәлелдеу қандай екендігіне қорытынды шығарады.

Шығармашылық әрекет

 Астрономия ғылымы мен геометрия ғылымының арасындағы байланысын анықтайды.

 

Бағамдау әрекеті

Фалестің өмірінің кейбір бөліктерінің түсіндірмесін береді. Оның ашуларына сыни талдау жасайды.Оның әртүрлі ғылымдағы ашуларын саралап, сипаттайды.

Сабақ құрылымы:

 

І. Ақпарат алмасу (14 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (16 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (8 мин.).

V. Бағамдау - бағалау (3 мин.).

Сабақ типі: фронтальді, топтық

Оқыту әдісі: репродуктивті, ішінара ізденушілік.

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: Оқушыға жол сілтеу, оқушының индивидуалдық қасиеттерін дамыту

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

Фалес, Фалес теоремасы, астрономия, милет мектебі, вертикаль бұрыштар, Хеопс пирамида, шеңбер, тікбұрышты үшбұрыш, абыз, күн тұтылуы.

Оқушыда дағды қалыптастыру:

 

Тақырып бойынша әртүрлі ерекше сұрақтарға жауап беру, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу, өзгелердің жауабын көңіл бөліп оларды талдау.

Ақпарат көздері:

1.      Қайдасов, Ж., Хабарова, Г., Абдиева, А. Геометрия 8 сынып оқулығы. Алматы «Мектеп» 2012.

2.      Фалес. Онлайн сурет. http://www.geniusrevive.com/ru

Үй тапсырмасы:Өзің ұнатқан ғалымның геометриядағы ашулары туралы мағлұмат білу және ашқан теоремалары болса дәлелдеп көрсет.

 

САБАҚ БЛОКТАРЫ ○

 

 

і. аҚПАРАТ алмасу

 

Тақырып жоспары:

1.Фалес туралы маңызды мәлімет   

2. Фалестің өмірбаянына шолу.

3. Фалестің іскерлігі

4. Астрономия ғылымына қосқан үлесі

5. Геометрия ғылымына қосқан үлесі

6.Фалестің таң қалдырған ашулары

 

Слайдтар:

1 – слайд (титул)

 

2 – слайд                Сабақтың мақсаты

 

3 – слайд                Тақырып жоспары

 

4 – слайд          Фалес (б.з.д 640/624 – 548/545жж)

·         1248777541_563_113667015Милет қаласынан шыққан ежелгі грек философ, математигі. Иондық философияның өкілі және Еуропа ғылымы бастау алатын милет мектебінің негізін салушы, Грецияның жеті данасының бірі.

 

5 – слайд                                        Өмірбаяны

·         Б.з.д V ғасырдан бастап Фалесті дана, ғұлама деп есептеген.
Көзі тірісінің өзінде Фалеске “философия атасы ” деген атақ берген.

·         Фалес саудагерлікпен айналысқандықтан көп саяхаттаған. Кей жылдары Египетте, Фива және Мемфисте тұрған. Онда абыздардан сабақ алып, су тасқынының болу себептерін зерттеген, пирамида биіктігін өлшеуді көрсеткен. Нақ Фалес геометрияны гректерге алып келген деп есептелінеді

 

6 – слайд                                            Іскерлігі

·         Лидия королі Крез қол астында әскери инженер қызметінде жүріп, әскердің өзеннен өтуі үшін Милет қаласының тұсынан су қоймасын және су каналын салдырған.

·         Фалес Милет қаласында ұзақтықты анықтайтын құрылғы құрастырған. Бұл құрылғы арқылы теңізде жүріп кемеден жағалауға дейінгі ара қашықтықты есептеген.

·         Замандастары Фалестің жағдайы жоқтығы оның философиясының қажетсіздігін көрсетеді деген. Бірақ сол жылы жұлдыздарды бақылау арқылы зәйтүннің көп өнім беретінін түсінген Фалес, қомақты кіріске кенелген. Осылайша, Фалес, философияның маңызын көрсеткен.

 

7– слайд                   Астрономия ғылымына қосқан үлесі

· Фалес алғашқы болып ай мен күннің бұрыштық өлшемін тапқан және айдың шамасы өз жолының 1/720 бөлігін құрайтынын көрсеткен.
Ол шағылысқан сәуленің түсуінен ай жарқырайды деп тұжырымдады.
Ай мен күннің тұтылуына бірінші болып
анықтама берді.

· Фалес египеттік нұсқадағы 365 күндік (12 ай) күнтізбе енгізді.
Нақ Фалес гректерге жеті қарақшыны жол көрсететін құрал ретінде көрсеткен деп есептелінеді.

· Фалес глобус ойлап шығарған деп тұжырымдалады. Бұрыштарды санау
арқылы Фалес аспан денелерінің қозғалысын қарастыратын “математикалық әдіс” ойлап тапқан.

8 – слайд            Геометрия ғылымына қосқан үлесі

Фалес :Фалес теоремасын

  • Вертикаль бұрыштар теңдігін
  • Бір қабырғасы және оған іргелес жатқан бұрыштары тең болса, екі үшбұрыштың өзара теңдігін
  • Тең бүйірлі үшбұрыштың табан бұрыштарының теңдігін
  • Диаметр шеңберді дал ортасынан бөлетінін
  • Жарты шеңберге іштей сызылған бұрыштың әрқашанда тік

болатынын дәлелдеген.

 

9 – слайд              Фалестің таң қалдырған ашулары

·         Фалес б.з.д. 585 жылы күн тұтылуын болжаған және сол күннен бастап есімі халыққа кеңінен тарады.

·         Ол алғашқы болып тікбұрышты үшбұрышты шеңберге іштей сызды.

·         Үшбұрыштар ұқсастығын қолдану арқылы жағадан кемеге дейінгі қашықтықты есептеді.

·         Египетте Хеопс пирамидасының биіктігін дәл тауып, Абыздарды таң қалдырды.

 

іі.  алғашқы бекіту

 

 

Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Фалестің геометриядағы ашуларынан біреуін атаңыз

Фалестің астрономиядағы ашуларынан біреуін атаңыз

Фалестің таң қалдырған ашуларынан біреуін атаңыз

 

 

 

Қорытынды:___________________________________________________________

 

ііі. құзырлылық қалыптастыру

 

+  Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1.       Фалес деген кім?

2.    Фалес геометриядан басқа қандай ғылымдарды зерттеген?

3.    Фалес геометрияны басқа қандай салаларда қолданған?

4.    Ғылымды білу арқылы оны қаражат көзіне айналдыра аламыз ба?

5.    Астрономиядағы қосқан үлесінен біреуін атаңыз. Не үшін ол маңызды болып табылады.

6.    Геометриядағы ашуларынан қайсысын білесіздер. Олардың геометриядағы маңызы неде?

7.    Геометриялық ашуларындағы үшбұрыштың теңдігі жайлы фактіні өз бетімен жазып көріңіз.(қайталау сабақтарында өткен болатынбыз)

ІІ деңгей тапсырмалары

1.    Фалестің таң қалдырған ашуларының ішіндегі геометрияға қатыстысы қайсысы?

2.    Тікбұрышты үшбұрышты шеңберге іштей қандай түрде сызатын едіңіз.

ІІІ деңгей тапсырмалары

1.    Вертикаль бұрыштардың тең екендігін біз алдыңғы сабақтарда өттік, сіз сол
Фалестің ашуын өздігіңізден ойлап таба аламын деп ойлайсыз ба? Оны қалай дәлелдейтін едіңіз?

 

іV. шығармашылық әрекет

 

_ Топтық жұмыс.

Оқушылар жұптасып келесі тапсырманы орындайды.

    Үшбұрыштың бір қабырғасы тең 6 бөлікке бөлінген. Осы үшбұрыштың қалған екі қабырғасын тең екі бөлікке бөліңдер.

 

V.  бағамдау-бағалау

 

ìСабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Геометрия "Фалес және Фалес зерттеулері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер спортивного клуба

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 619 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.11.2016 2599
    • DOCX 87.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жолдасбай Айболат Султангалиевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17849
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика обучения математике в основной и средней школе в условиях реализации ФГОС ОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 432 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 5 549 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Развивающие математические задания для детей и взрослых

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 81 человек

Мини-курс

Стратегии бизнес-развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические основы профессиональной деятельности педагога-психолога

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовое руководство: от планирования до успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек