Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / «Геометрия әлемі» математикалық топтық сайысы
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 20 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

«Геометрия әлемі» математикалық топтық сайысы

библиотека
материалов

«Геометрия әлемі»

математикалық топтық сайысы


Сайыстың мақсаты:

а) білімділік: геометриялық фигуралар және олардың қасиеттерін, анықтамаларын білу.

ә) дамытушылық: оқушылар шығармашылығын дамыту, ой өрісін арттыру.

б) тәрбиелік: ұжымдылыққа, білімдерін бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Үшбұрыштар, мақал-мәтел, жұмбақтар.

Өту барысы:

Оқушылар 3-топқа бөлінеді, топ басшысы тағайындалады.

Мұғалім: Сайыстың тақырыбын, мақсатын хабарлайды.

Мұғалім: Балалар «жарыс» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқушы: спорт түрлерінен, ат жарыс, білім жарысы т.б.

Мұғалім: Спорттық, халықаралық, аудандық, қалалық, мектепішілік жарыстар болып жатады.

Олай болса, сонымен қатар Қазақстанымыздың тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр, осыған орай бүгінгі

сайысымыз осы мерекеге арналады.

Мұғалім:Бүгінгі сайыс 5 бөлімнен құралады:

1.Топтық таныстыру.

2. «Атадан қалған асыл сөз»

3.Тапқырлық сайысы, сөз жұмбақ құрастыру.

4.Полиглот

5.Сиқырлы үшбұрыштар

1.топтық таныстыру.

Сіздер 3 топқа бөлініп отырсыңдар.

  1. ЖАЛЫН тобы деп атауыңыздың себебі не?

  2. АЛАУ деп атауыңыздың себебі не?

  3. ЖҰЛДЫЗ деп атауыңыздың себебі не?

  4. 2. «Атадан қалған асыл сөз»

Олай болса, ақылың болса ақылға ер, ақылың болмаса нақылға ер демекші «Атадан қалған асыл сөз» кезеңін бастаймыз.

Шарты: Әр топ кезектесіп нақыл сөз айтады, келесі топ мағынасын түсіндіреді.

ЖАЛЫН :Білімдіге дүние жарық,

Білімсіздің күні кәріп.

АЛАУ: Ақылдассаң шешерсің,

Ақылдаспасаң кем кесерсің!

ЖҰЛДЫЗ: Мектеп кеме,

Білім теңіз.

3.Тапқырлық сайысы, сөз жұмбақ құрастыру.

«Білімділермен дос болсаң, тарыққанда ақыл береді.

Білгіштермен дос болсаң адамшылығыңды біледі!» дегендей келесі

«Тапқырлық сайысына кезек береміз»

Шарты: Әр топ «ауызша тест» сұрақтарына жауап береді.

ЖАЛЫН:

1)1800-қа тең бұрыш қалай аталады. (жазыңқы)

2)Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле? (биссектриса)

3)Жазықтықтағы қандай түзу ешқашан қиылыспайды? (параллель)

4)Тәуліктің ¼ бөлігі? (6 сағат)

5)Дәлелденбейтін ұйғарым қалай аталады? (аксиома)

6)Кесіндінің бойынан 1 нүкте ал сонда қанша кесінді болады? (3)

АЛАУ:

1)Бір нүктеден таралған, 2 сәуледен құралған фигура (бұрыш)

2)Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп алсаң, неше бұрыш қалады?(бес)

3)Екі нүктеден шектелген түзудің бөлігі? (кесінді)

4)Барлық қабырғалары тең тең тіктөртбұрыш (шаршы)

5) «Бастамалар» деп аталатын еңбегі бар ғалым? (Евклид)

6)Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем? (теорема)


ЖҰЛДЫЗ:

1)Геометрияның жазықтағы фигураны зерттейтін бөлімі (планиметрия)

2)Бір нүктеден шыққан түзу (сәуле)

3)Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (3600)

4)Перпендикуляр түзулер неше градус бұрыш жасап қиылысады? (тоқсан)

5)Сағат үшті көрсеткенде, оның сағаттың және минуттың тілдері қандай бұрыш жасайды? (тік бұрыш)

6)Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)

4.Полиглот

Ана тілің арың бұл

Ұяттың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз Тіліңді құрметте!- дегендей келесі жарысымыз.

«Полиглот»

Шартты: Әр топ 1 жұмбақтан айтады, қарсылас топтар шешуін тауып үш тілде айтады

(қазақша, орысша,ағылшынша)

1) ЖАЛЫН:

тобы бастайды: «Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында, ұзындығы жазулы тұр бойында.»

АЛАУ: шешеді: (сызғыш, линейка, чилеч)

2) АЛАУ: Алпыс кісі аяқтасты, ерте тұрып таяқтасты.

ЖҰЛДЫЗ: (кірпік, ресница)

3)ЖҰЛДЫЗ: Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама.

ЖАЛЫН тобы шешеді: (кітап, книга, бук)


4.Мәңгі-бақи есте қалар

Есте қалар жиын болсын

Білімдірек шәкірт озар

Сұрақтары қиын болсын- дей отырып келесі кезекте

«Сиқырлы үшбұрыштар».


Шарты: Бізге 12 сиқырлы үшбұрыш берілген. Осы сиқырлы үшбұрыштардың сырын ашу керек. Ол үшін мына үшбұрыштарға жасырылған сұрақтарға жауап беру керек. Сұрақтарды топтар кезекпен таңдайды. Үшбұрыштардың астынан мектептің суреті шығады.Оқушылар мектептің 20 жылдығына орай тілектерін айтады.

1.Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (1800)

2.Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырға (гипотенуза)

3.Тең қабырғалы үшбұрыштың р=15 см, қабырғаларын тап. (5см)

4.Тең бүйірлі үшбұрыштың р=10 см, бүйір қабырғасы-3 см табанының ұзындығын тап? (4 см)

5.Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш (тең бүйірлі үшбұрыш)

6.Теңбүйірлі үшбұрыштың р=14 см, ьабаны 4 см, бүйір қабырғаларын тап? (5 см)

7.Үш нүктеден, үш кесіндіден құралған фигура? (үшбұрыш)

8.Үшбұрыштың тікбұрыш жасайтын қабырғалары қалай аталады.(катет)

9.Барлық қабырғалары тең үшбұрыш (тең қабырғалы үшбұрыш)

10.Тең қабырғалы үшбұрыштың бір қабырғасы-3 см, периметрін тап.

(9 см)

11.Үшбұрыш қабырғаларына қатысты нешеге бөлінеді? (3)

12.Теңқабырғалы үшбұрыштың бұрыштары неге тең? (600)

Мұғалім: Сиқырлы үшбұрыштың сырын аштық.

Қорытындылау:

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» дегендей келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Жарыстарда білімдерімен ерекше көзге түскен оқушыларға медаль алқа тағылады.


Шығыс Қазақстан облысы,Катонқарағай ауданы,

Жаңа-Үлгі ауылы,К.К.Касенова


Общая информация

Номер материала: ДБ-079951

Похожие материалы