Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Геометриялық денелерден тұратын натюрморт" 401

"Геометриялық денелерден тұратын натюрморт" 401

Скачать материал

 

АШЫҚ САБАҚ  ЖОСПАРЫ

«Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы,  ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна

 

Пәні:  Сурет және сұңғат өнері

Сабақтың тақырыбы:   Геометриялық денелерден тұратын натюрморт                 

Сабақтың түрі: жарыс сабақ, креативті сабақ      

Сабақтың мақсаты: Сурет салудың заңдылықтарын меңгерту арқылы, заттың жарық пен көлеңкесімен, пішінін дұрыс салу жолдарын үйрету. Оқушыларды көзбен елестете біліп, дұрыс бейнелей білуге баулу.

Білімділік: Натюрморт туралы түсінік беру, геометриялық денелерден тұратын натюрморттың құрылымын көрсетіп, оқушыларды сауатты сурет салуға үйрету. Алған білімдерін сурет салу барысында жүзеге асыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа үйрете отырып эстетикалық талғамын арттыруға баулу, көлемдік-кеңістіктік ойлануы мен визуальді қабылдаудың мәдениетіне тәрбиелеу.

Дамытушылық: Заттың кеңістіктегі үлгісін саналы, аналитикалық қабылдай білуді дамыту, оның пластикасын, құрылымын, пропорциясын, түс қатынасын және бейнелеу шеберлігін қалыптастыру. Геометриялық дене үлгілерді салу жаттығулары арқылы оқушылардың салу үдірісінде сәулеттік және табиғи пішіндерді талдай білуін дамыту.

Оқыту әдісі:  дамыта оқыту, шығармашылық жұмыс

Сабақтағы өзіндік жұмыстардың түрлері:

мольбертке қойылған 55х75 көлемді планшетке геометриялық дене қойылымын салу; өткен тақырып бойынша бір-біріне сұрақ дайындау, сұрақ қою; дәптермен жұмыс - жаңа тақырыпты қысқаша дәптерге жазып отыру

 

Сабақтың материалдық-техникалық көрнекілігі:

Интерактивтік тақта, геометриялық денелер қойылымы, нұсқа 4 кезеңдік геометриялық денелерден тұратын натюрморт долбарларын салу үлгісі, әртүрлі геометриялық денелердің салынуының видеоролигі, слайд-суреттер.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, Өнер тарихы, Перспектива, Сурет, Кескіндеме, Композиция.

 

 

Сабақтың мазмұны және барысы

І.       Ұйымдастыру кезеңі                                                                             

-                     оқушылармен амандасу

-                     оқушыларды түгендеу, аудитория дайындығын тексеру

-                     оқушыларды 2 топқа бөліп отырғызу, топ аттарын қойып, таныстыру

         Үй тапсырмасын тексеру:                                                                     

(үй тапсырмасын қорғау,өткен тақырып бойынша оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы өзара бақылау және топқа ұпай жинау)       

-                     Оқушының өзі таңдаған суретшінің шығармасын немесе әдемі туындысын қарындашпен орындап келу және жұмысын қорғау. Яғни, қорғау кезінде таңдаған суретшінің өмірбаяны мен туындыларына тоқталу. Суретін бейнелеп келген туындыны таңдаған себебіңіз, не үшін ұнады және суретші несімен қызықтырды деген сұрақтарды қамтып жауап беру. (Әр топтан шығып жұмысын қорғаған оқушының тобына ұпай қосылып отырады және бағалау кезінде жеке оқушы бағаланады).                                                                                        

-           Өткен тақырып бойынша 2 топ бір-біріне сұрақ қояды. (5 сұрақ – 1ші топ 2ші топқа және 2ші топ 1ші топқа кезектесіп қояды).                          

-           «Мен сізді танимын!» ойыны. Бұл ойын арқылы өткен сабақты еске түсіреміз, яғни, бұл ойын өткен сабақта танысып білген суретшілер туралы болмақ. Қазір сіздердің алдарыңызда бірнеше адамның суреті көрсетіледі, сол суретте бейнеленген адамды бірінші болып қол көтеріп тауып және оның қысқаша өмірбаяны мен туындыларын айтып өткен оқушының тобына ұпай қосылып отырады. Сондақтан, естеріңізде болсын, танып тұрған бейнеңізді тек қана бірінші болып қол көтеріп жауап беріңіздер. (Интерактивті тақтада адам бейнелері көрсетіледі).

Олар:

1.                 Kasteev++ Әбілхан Қастеев (1904-1973жж.) - қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері - Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956). Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияларында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген. Танымал туындылары: «Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», «Талас жағалауы», «Қапшағай даласы». Сонымен қатар Кенесары ҚасымовАбайШоқан Уәлиханов,Жамбылдың портреттері; ерекше танымал болып табылатын портреті – «Амангелді Иманов» портреті.

2.                 http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/9/98/Pablo_picasso_1.jpg Пикассо, Пабло (1881-1973жж.) – негізгі аты Пабло Диего Хосе Франсиско де Паула Хуан Непомусено Мария де лос Ремедиос Сиприано де ла Сантисима Тринидад Мартир Патрисио Руис и Пикассо. Испанияда дүниеге келген испандық суретші, мүсінші, график керамист және дизайнер. Кубизмнің бастаушысы. Стилі: кубизм, сюрреализм, постимпрессионизм. Пикассоны «ең қымбат» суретші (художник) деп атаған. Өйткені оның шығармалары аукционда немесе бәсеке саудасында қымбат сатылған, яғни, бір шығармасы 106 482 000 доллар көлемінде өнер туындылары болған және әлем бойынша ең қымбат шығармасын бейнені қалпына келтіріп аяқтаған соң оны бәсеке саудасындағы талапкер $155 миллион рекордтық сома төлеп сатып алған. 

3.                 Сурет:Молдахмет Сыздықұлы Кенбаев1.jpg Молдахмет Сыздықұлы Кенбаев  (25.7.1925, Қостанай облысы Амангелді ауданы Сартол ауылы – 18.5.1993, Алматы) – алғашқы қазақ кәсіби суретшілерінің бірі, кескіндемеші, педагог, Қазақстанның халық суретшісі (1985; 1963 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері). 1931 – 41 ж. Алматыдағы балалар үйінде тәрбиеленді. Алматы көркемсурет училищесін (1948), Мәскеу көркемсурет институтын (1956) бітірген. 1956 – 59 ж. Қазақстан Көркемсурет қоры басқармасының, 1968 – 74 ж. Қазақстан Суретшілер одағының кескіндеме секциясының төрағасы болды. Кенбаевтың шығарм. жұмысы 20 ғ-дың 50-жылдарынан басталады. “Әліби Жангелдиннің отряды”, “Шопан әні”(1956), “Әңгіме үстінде”(1957) сияқты туған жер тарихынан сыр шерткен алғашқы туындыларынан-ақ суретші есімі қалың көпшілікке кең танылды. Одан кейінгі “Киіз басу” (1958), “Сабан той”, “Тұскиіз” триптихы (1960), “Қашағанды қуу” (1961), т.б. еңбектері ұлттық кескіндеме өнерін дамытты. Пейзаждық картиналары “Алматының төңірегі” (1958), “Суат басында”, “Қыстауда” (1966), “Тау бөктерінде” (1967), “Жайлаудағы таң” (1975) және “Бурят әйелі” (1956), “Суретші әйел портреті” (1957), “Мұхтар Әуезов” (1977), “әл-Фараби” (1980), т.б. портреттері, монументті өнер шығармалары (Алматы қ-ндағы “Алматы”, “Қазақстан” мейманханасы мен Неке сарайының, сондай-ақ, Донецкідегі Металлургтер сарайының, Мәскеудегі “Қазақстан” кинотеатрының қасбеттері мен интерьерлеріне жасалған мозайкалық паннолар, т.б. ұлттық өнер тарихында қалды Кенбаев туындылары терең лиризм мен эпикалық кеңдіктің, монументтіліктің өзара үйлесім табуымен ерекшеленеді. Құрманғазы бейнесін шынайы жеткізгені үшін 1959 жылғы республикалық бәйгеде 1-сыйлыққа ие болды.

4.                 Айбек Бегалин.jpg БЕГАЛИН АЙБЕК  ҚАЛЕНҰЛЫ  1963 жылы 13 қыркүйекте Цөлиноград қаласында туған. суретші. ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісіне ие. Қазақ. Айбек Бегалиннің  полотноларында кейбір таныс  танымдар басқа күйге бөленеді дүниежүзілік  деңгейге дейін  көтеріледі  де, адамдардың өмір сүру мәселесі шешіледі. Олар моральдық-этикалық мәселелер негізінде, мифологиялық шеңберде қаралады. Суретшінің шығармаларына дәстүрлі  жақсылық  пен жамандық , күн мен  түннің  күресі арқау етіледі. Айбек Бегалин кеңістік  құрылымын  қатаң  сақтап, оны жан-жақты бағыттағы  қимылдармен байытып, түстер   арқылы ойлы бip күшке бөлейді. Күрделі философиялық  және этикалық  мәселелерді шешу  үшін cypeтші  өз шығармаларында өзіндік  бейнелеу  тілін  тапқан.

5.                 http://shuak.kz/images/stories/imagescontent/pisatel-karag/63.jpg БУШ ВИКТОР ПЕТРОВИЧ   (1934-1986)  1964 жылы Пенза көркемсурет училищесін бітірген, кескіндеме  өнерімен шұғылданды. КССР суретшілер Одағының мүшесі. Виктор Буш барлық жанрда еңбек eттi, әcipece тұрмыстық картиналар мен натюрморттарға көп назар аударды. Ол өмірден және өнерден әсемдік пен шынайылықты iздеді. Қарапайым көpiнic оның қыл қаламының астарында үлкен мағынаға ие болып отырды.

6.                 http://shuak.kz/images/stories/imagescontent/pisatel-karag/62.jpg ECIPKEEB РАЙМҚҰЛ ЕСІРКЕҰЛЫ  (1921-1980)  Арнайы білім алмаған. Кескіндеме, графика өнерімен шұғылданды. КССР суретшілер Одағының мүшесі, ҚР суретшілер Одағы Қарағанды облыстық ұйымын құрушылардың бipi.
Раймқұл Есіркеев творчествосының тақырыбы - адам. Ол өзінің жерлестерінің көптеген портреттерін салу арқылы танымал болды. Олардың әрқайсысынан өзіне қымбат адамдық қасиеттерді байқады. Раймқұл Есіркеевтің көптеген портреттері композициялық тәсілмен құрылған. Қыл қалам шeбepi күнделікті өмірде адамның өзін қоршаған ортада еркін және батыл сезінетінін көрсетуге тырысты.

7.                 Леонардо да Винчидің автопортреті Леонардо да Винчи (1452-1519жж.) Туылған жері  Флорентина республикасы, Винчи қаласының маңы. Атақты қолөнерлері: Мона Лиза. Мо́на Ли́за - бұл шамамен 1503 жылдары итальяндық суретші Леонардо да Винчидің салған суреті. Бұл сурет әлемдегі ең танымалы көркем суреттердің бірі болып табылады. Қайта өркендеу заманына жатады. Луврда (Франция, Париж) қойылған. Суреттің толық атауы итал. Ritratto di Monna Lisa del Giocondo - Лиза Джокондо ханымның суреті.

ІІ.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.                                                                

(Жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын әр түрлі натюрморт суреттерін интерактивті тақтадан көрсету. Оқушылардан сурет өнерінде бұл қандай жанр екендігін сұрау. Натюрморт жанры туралы жалпы мағлұмат беру).

3462548  claudemonetp074  natyurmortssamovarom

Жалпы натюрмортқа тоқталып өтетін болсақ, натюрморт – бейнелеу өнерінің бір жанры болып табылады. Натюрморт – француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Натюрморт алғаш рет XVII ғасырдың басында Голландияда пайда болды. XVIII ғасырдың ортасында бейнелеу өнеріндегі көп тараған жанрға айналды. Негізінен натюрмортта заттар саны көп болуы міндетті емес. Олар тақырыбына, мазмұнына байланысты өзара үйлесімді таңдалып қойылады. Натюрморт – жансыз заттар мен әр түрлі бейнеленген көркем сурет құралымен орындалған көркем шығарма болып табылады. Натюрморт - қарапайым, күрделі болып екіге бөлінеді. Қарапайым натюрморт екі, үш заттан аспайтын, күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттардан, бұйымдардан тұрады.
Ал, күрделі натюрморт көптеген заттардың жиынтығынан құралады. Суретші қарабайыр тұрмыстың ең бір қарапайым көрінісін бейнелегенімен қаншалықты сұлулық, қаншалықты поэзия таба алады. Жай нәрсенің өзінен елең еткізер сұлулық таба білу суретшілердің төл мінезі болып табылады.

Қазақ суретшілері арасында Айша Ғалымбаеваның ұлттық натюрмортын, мың құбылта бояулармен салған шығармаларын тамашалауға болады. Және қазақ халқының танымал суретшісі Гүлфайрус Ысмайылова өзінің натюрмортында қазақ қыздарының ұлттық бас киімі – сәукелені бейнелеген. Бұл жай бас киім емес, қалыңдықтың үйлену тойында киетін бас киімі. Бұрынғы кезде оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сақтап отырған. Ал Голландиялық натюрморттардың негізгі тақырыбы – таңғы ас. Суретшілер күмістен жасалған бағалы әрі мөлдір шыны ыдыстарды, жібек маталар мен ас мәзірін бейнелегенді ұнататын.

Яғни, тақырыбына, мазмұнына байланысты өзара үйлесімді таңдалған әр түрлі натюрморттарға мынадай суреттер арқылы мысал келтіруге болады. Натюрморттың жемістер мен гүлдерді, аң-құстар мен балық аулау, тұрмыстық керек-жарақтар, таңғы ас, музыка аспаптары бейнеленген түрлері мен гүлдер натюрмортын және қазіргі заманға сай натюрморттарды да тамашалап көрейік:

photo_StillLife_34 post-399716-1255083906 adelya-22

3-Still_Life__Onions_by_Beastysakura 12_натюрморт 10appvan

0518 kiriakov-ig 0615

Осымен, жалпы натюрморт жанры туралы түсіндік, білдік. Ал, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Геометриялық денелерден тұратын натюрморт». Біз бүгінгі сабақта екі заттан құралған натюрмортпен танысып, призма мен шарды бейнелейміз. Сондықтан да жаңа сабақты мұқият тыңдап қатысып отырайық.

05032006121111 - копия             05032006121111 - копия (2)

Натюрмортты қарапайым қарындаш арқылы бейнелеуде сурет салу ережелеріне сүйенген дұрыс. Ал бүгінгі біздің натюрмортымыз геометриялық денелерден құралған. Қарындашты үш саусақпен (бас бармақ, сұқ саусақ, ортаңғы саусақ) ғана ұстау керек. Қағазға көлеңке түспеу үшін қарындашты сәл алыстау ұстаған жөн.

Сурет салатын қарындаштар қатты-жұмсақтығына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: 6Т, 5Т, 4Т, 3Т, 2Т, Т, ТМ, М, 2М, 3М, 6М, бұлар латынша мыналарға сәйкес келеді: 6Н, Н, НВ, 2В, 3В, 4В, т.б. Сурет салған кезде қолды қағаз бетіне тигізбеу керек. Егер қажет болған жағдайда қолды сүйемелдеу үшін екі саусақтың ұшын (аты жоқ саусақ пен шынашақ) қағаз бетіне ептеп тигізуге болады. Сонда қолдың астындағы сурет былғанбайды, өшірілмейді. Сурет салудың негізгі тәсілдерінің бірі-сызық жүргізу. Жіңішке сызықтар жүргізу арқылы болашақ пішіннің нобайы жасалады. Осы сызықтармен негізгі пропорциялар белгіленіп, суреттің жеке бөліктері салынады. Сызық жүргізу арқылы сурет кейпі белгіленеді. Сурет әдетте жүйелі кезеңдермен біртіндеп бейнеленеді. Ол кезеңдер бейнеленетін заттардың көлемінің күрделігіне қарай 3-4 немесе одан да көп кезеңдерден тұрады. Бүгінгі біздің натюрморт екі заттан, яғни, призма мен шардан тұратын натюрморт.

III. Бекіту кезеңі.                                                                                             

Оқушылар енді 3 мин. бейнероликке назар аударайық, содан соң жұмысымызды, яғни, сурет слуды бастаймыз.

(Мальбертке қойылған 55х75 көлемді планшетке геометриялық дене қойылымын салу).

1-кезең. Алғашқы кезең-заттардың жалпы алатын орнын қағаз бетіне үйлестіріп белгілеуден басталады, шардың биіктігі мен енінің өлшемі, призманың биіктігі мен енінің өлшемімен салыстырғанда қандай, бір-бірінен қандай қашықтықта орналасқаны ескеріледі. Суреттегі шар призмадан екі еседей кіші және бізге жақын алдыңғы шетте тұр. Сондықтан шар призманың төменгі бір шеткі бөлігін жауып, әрі шамалы төмен орналасады. Бірінші кезеңде есте сақтайтын нәрсе заттар бейнесі қағаздың ортасынан, жан-жағынан өте көп орын алмауы тиіс немесе қағаз шетіне өте жақын орналаспауы керек.        

2-кезең. Суреті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Зат көлемін дұрыс бейнелеу үшін оның тасаланып көрінбей тұрған жерлерін де бейнелеу керек. Сөйтіп көмекші сызықтар арқылы заттардың дәл бейнесін анықтап бейнелейміз. Заттар бейнесінің дұрыстығын тексерген соң көмекші сызықтарды кетіріп тастаймыз. Егер геометриялық денелерді жазықтық бетіне тек сызықтармен бейнелеп қойсақ, онда ол денелер сымнан жасап қойған тәрізді болады. Осы денелер бейнесіне жарық, көлеңке реңін түсіріп бояу арқылы ол денелердің кеңістіктегі шынайы пішінін, көлемін, қандай материалдан жасалғанын жазықтық бетінде көрсетуге болады. Бейнеленетін обьектілердің жарық түсіріп тұрған жағы жарық деп, ал екінші қарама-қарсы жағы көлеңке деп аталады.

3-кезең. Суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады. Штрихтардың басқа сызықтардан (сызба сызықтарынан) айырмашылығы - мұның кеңістік сипаттары көбірек. Мәселен, сызықтар деп өзіндік дербес мәні бар ұзын сызықтарды айтсақ, ал штрих - қысқа сызық, әрі ол басқа штрихтармен бірлестікте ғана белгілі бір мәнге ие болады. Штрихтарды оңға, солға немесе төмен (өзіне қарай) сызуға болады, ал қарындаштың ұшын жоғары қарай (өзінен әрі қарай) жүргізуге болмайды. Заттарға түскен жарық пен көлеңкенің алып жатқан орындарын анықтап, олардың шекараларын белгілейміз. Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Меншікті көлеңке дегеніміз – заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке. Жарық деп–табиғи сәуле мен жасанды жарық түскен бетті айтамыз. Жылт дегеніміз – жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері. Мұны шыны немесе жылтыр темір ыдыстарда айқын байқауға болады. Түспе көлеңке дегеніміз–нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке. Жартылай көлеңке дегеніміз–меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке. Рефлекс дегеніміз–заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық арасында пайда болған көмескі жарық тәріздес құбылыс. Заттардың жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олардың пішінін, көлемін шығарамыз. Жарық заттарға сол жағынан түскендіктен, негізгі ең қою көлеңке заттардың оң жағында орналасқан, ал жарықтың тікелей түсіп ең жарықтанған жылт бөлігі заттардың сол жағында орналасқан. Штрихтың қоюлығы мен жиілігі, бағыты нәрсенің нендей материалдан істелгендігі мен оның бетінің өзіне тән ерекшелігін көрсететіндей болуы керек.                                                                                                         

4-кезең. Бұл бейнелеген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Геометриялық денелердің түсі ашық болғандықтан, штрихтау барысында сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Штрихты нәрсе көлеміне байланысты доға және көлбеу түсіру арқылы, заттың бейнелік көлемін әрі айқындай түсуге болады. Жұмыстың соңында натюрморттың композициялық бірлігін, жарық пен көлеңкенің жарасымдылығын қадағалап, мұқият тексеріп көрген жөн. Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз.                                                                               

(Сурет салу барысында әуен косылып қойылады).                      

IV.     Қорытындылау кезеңі                                                                          

      Оқушылыр, практикалық жұмысымызды аяқтадық, 4 – кезеңмен сурет салып үйрендіңіздер деп ойлаймын, енді теориялық алған білімімізді тексеріп көрейік.   

      Берілген материалды жүйелеу және қорытындылау                                     

         Жаңа сабақты қорыту. (тест сұрақтары арқылы оқушылар бірін-бірі бағалау, берілген уақыт аяқталған соқ интерактивтік тақтада көрсетілетін тесттің дұрыс жауабын қолдана отырып, көрші отырған оқушымен парақтарын алмастырып жауабын тексеріп баға қою). Бағалау критерийі төмендегідей болуы шарт:

10-12 сұрақ дұрыс – «5»

8-9 сұрақ дұрыс – «4»

1-7 сұрақ дұрыс – «3»                    

                                                                  

Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары:
1. Штрих дегеніміз не?
а) көптеген біртектес сызықтардың жиынтығы  ә) заттың бейнесі  б) заттың пішіні
2. Жай қарындаш түрлерін тап?
а) түрлі-түсті қарындаштар ә) жұмсақ, қаламұш, қарындаштар б) жұмсақ,қатты қарындаштар
3. Штрихтың үш негізгі түрі?
а) түзу сызықты, керегегөз, доғал сызықты ә) ирек, үшбұрыш, түзу сызықты 

б) үшбұрыш, ирек, сынық
4. Натюрморт алғаш рет қашан және қайда пайда болды?
а) XVIII ғасырдың ортасында Францияда  ә) XVII ғасырдың басында Голландияда

б) XX ғасырда Ресейде

5. Дұрыс сурет салу үшін не керек?
а) түстану ә) үйлестіру б) мүсіндеу

6. Цилиндр тәріздес заттарды бояғанда қолданатын штрих сызығы?
а) түзу сызық ә) доғал сызық б) ирек сызық

7. Сызық жүргізу арқылы нені белгілейміз?
а) заттың пішінін ә) заттың ұзындығын б) заттың түсін

 

8. Натюрморт салуда 2-ші кезең қалай аталады?
а) бейнеленген затты толықтай анықтау кезеңі     ә) зат бейнелерінің қағаз бетіне орналасуын анықтау     б) зат бейнелерінің құрылысын табу

9. Нәрсенің көлеңке бөлігіндегі әлсіз жарық қалай аталады?

а)жылт (блик)  ә)жартылай көлеңке  б) шағылыс (рефлекс)
10. Нәрсе бейнесіне жарық, көлеңке не үшін түсіріледі?

а)пропорциясын көрсету үшін ә) көлемін,пішінін шынайы көрсету үшін б)композициялық шешімін көрсету үшін
11. Өзінің натюрмортында қазақ қыздарының ұлттық бас киімі – сәукелені бейнелеген кім?
а) Ботакөз Ақанова     ә) Айша Ғалымбаеваның    б) Гүлфайрус Ысмайылова
12. Қалай штрихтауға болмайды?
а) қарындаштың ұшын жоғары қарай жүргізуге   ә) оңға, солға сызуға   б) төмен сызуға

Рефлексия:        

Оқушылар, бүгінгі сабақта не үйрендік? Денелерді неше кезеңмен саламыз? Қандай штрих түрлерін пайдаландық? Сабақтан не үйрендің, не білдің? Осы сұрақтарға интерактивті тақтаға бір-бірлеп келіп жаза қоямыз.                     

Сабақты қорытындылау және оқушылар білімін бағалау:

Сабақ соңында топ ұпайлары саналып 2 топқа орындар беріледі. Және сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың тиісті бағаларын қою.

V. Үй жұмысын хабарлау:                                                                              

Оқу, танысу. Натюрмортты толық штрихтап, аяқтау. Әр түрлі кәсіп немесе мамандық иелерін білдіретін заттардан натюрморт орындап салу.                                                                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Геометриялық денелерден тұратын натюрморт" 401"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Редактор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 283 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.05.2016 3717
    • DOCX 1.1 мбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мукашева Гульзинат Мукановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мукашева Гульзинат Мукановна
    Мукашева Гульзинат Мукановна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17893
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Неорганическая химия

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Мини-курс

Техническое обслуживание и диагностика сельскохозяйственной техники

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека