Инфоурок Другое ПрезентацииГидравлика сабағында “Үш өлшемді әдістемелік жүйе” технологиясын қолдану арқылы оқушы білімін арттыру жолдары

Гидравлика сабағында “Үш өлшемді әдістемелік жүйе” технологиясын қолдану арқылы оқушы білімін арттыру жолдары

Скачать материал
Скачать материал "Гидравлика сабағында “Үш өлшемді әдістемелік жүйе” технологиясын қолдану арқылы оқушы білімін арттыру жолдары"

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель научной организации

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Гидравлика сабағында “Үш өлшемді әдістемелік жүйе” технологиясын қолдану а...

    1 слайд



    Гидравлика сабағында “Үш өлшемді әдістемелік жүйе” технологиясын қолдану арқылы оқушы білімін арттыру жолдары

    Таңқыбаева Б.Р.

  • Ж.А.Қараевтың “Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі”  педагогикалық технолог...

    2 слайд

    Ж.А.Қараевтың “Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі” педагогикалық технологиясының оқушылар шығармашылығын қалыптастырудағы рөлі
    Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйелі дайындалып берген білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр.
    Қазақстан Республикасында орта білімді дамыту тұжырымдамасы білім беру мекемелерінің ең негізгі мақсаты: дүниетанымдық, құзырлық, шығармашылық деп атап көрсетеді. Қоғамда “орындаушы” адамнан гөрі “шығармашыл” адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр.

  • Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Ал бүгінгідей күрделі әлеуметтік эк...

    3 слайд

    Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Ал бүгінгідей күрделі әлеуметтік экономикалық жаңартулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен мәселе саналып, оның ойландыруы тиіс деп ойлаймыз.
    Мұндай күрделі мәселені шешуде білім беру саласы қызметкерлерінің басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

  • Соңғы жылдары кеңінен таралып, педагогтар қауымының қо...

    4 слайд


    Соңғы жылдары кеңінен таралып, педагогтар қауымының қолдауын тапқан технологиялардың бірі – Ж.А.Қараевтың “Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі” педагогикалық технологиясы.
    “Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі” педагогикалық технологиясы 1998 - 1999 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
    Профессор Ж.Қараевтың “Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі” педагогикалық технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударады.

  • Сонымен бірге аталмыш технологияда оқушы өзі ізденіп, өзі оқып, өзі үй...

    5 слайд

    Сонымен бірге аталмыш технологияда оқушы өзі ізденіп, өзі оқып, өзі үйренеді. Сабақта проблемалық оқыту іске асырылады (жағдаятты шешу, балаға ой тастау, “миға шабуыл”, дебаттар, т.б.). Мұғалім сабақта басқарушылық міндеттер атқарады, оқушыға бағыт-бағдар беріп тұрады. Негізгі көңілді әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылық-тарын анықтауға бөледі.
    Оқушының қызметі көптеген тұлғалық қасиеттеріне қарай бағаланады (интеллектуалды дамуы, тіл мәдениеті, дербестігі, инициативасы, жауапкершілігі, т.б.). Әрбір оқушының дамуы басқа оқушымен емес, өзімен салыстырылады. Оқушыға өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беріледі.
    Бұл технологияда жеке оқыту және топтық оқыту түрлері негізгі болып табылады. Топтық оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды шағын топтағы бірлескен жұмысқа тарту.

  • Мұндай топта оқушы өз даралығын жоғалтпайды. Қажетті жағдайда оқушылар бі...

    6 слайд



    Мұндай топта оқушы өз даралығын жоғалтпайды. Қажетті жағдайда оқушылар бір-бірінен көмек сұрай алады, ортақ міндеттерді шешеді, т.б. Бұл жағдайда әрбір оқушы тек өзінің жетістіктерін бағалап немесе кемшіліктерін түсініп қана қоймайды, сонымен бірге ортақ нәтижеге өзі қалай әсер ететінін көре алады.
    Жеке оқыту түрі оқушыға кейбір тапсырмаларға тереңінен тоқталуға мүмкіндік береді, өзінің де, мұғалімнің де алдында тапсырмаларды орындау нәтижесіне жауапты болуға үйретеді. Оқытудың бұл түрлерінің негізгісі – оқушыға сенімділік, өзіне жауап беру қабілетіне сүйену, ар-намыс және өзін-өзі сыйлау қасиеттерін ынталандыру.

  • Күнтізбелік жоспарлауға және сабақ жоспарлауға қойылатын талаптар    Аталға...

    7 слайд


    Күнтізбелік жоспарлауға және сабақ жоспарлауға қойылатын талаптар

    Аталған технология бойынша күнтізбелік жоспарды
    жасау барысында ең алдымен барлық тақырыпты
    модульге бөлу керек. Модуль дегеніміз не?
    Модуль – бұл үлкен, ауқымды тақырып немесе бірнеше
    параграфтан тұратын тарау.
    Бұл жоспарлаудың ерекшелігі, әрбір тарау (немесе
    модуль) үш қорытынды сабақпен аяқталады:
    1. Деңгейлік тапсырмалардан тұратын тақырыптық өзіндік жұмыс;
    2. Қатемен жұмыс (Коррекциялық);
    3. Деңгейлік тапсырмалардан тұратын бақылау жұмысы.

  • Сабақтың құрылымы 
Тақырыпты оқып үйренудің үшкезеңдік алгоритмі

І кезең
1....

    8 слайд

    Сабақтың құрылымы

    Тақырыпты оқып үйренудің үшкезеңдік алгоритмі

    І кезең
    1. Сабақтың ұйымдастыру кезеңі.
    2. Үй жұмысын тексеру (өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды аяқтау дәрежесін тексеру).
    3. Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық ретінде өткенді пысықтау.

  • ІІ кезең

1. Оқушылардың жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруін ұйымдастыру (оқ...

    9 слайд


    ІІ кезең

    1. Оқушылардың жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруін ұйымдастыру (оқытудың проблемалық әдістері бойынша).
    2. Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау.
    3. Жаңа тақырып бойынша алынған теориялық білімді практика жүзінде пысықтау.

  • ІІІ кезең 

1. Деңгейлік тапсырмаларды орындау
2. Сыныпта орындалған деңгейл...

    10 слайд


    ІІІ кезең

    1. Деңгейлік тапсырмаларды орындау
    2. Сыныпта орындалған деңгейлік тапсырмалардың ұпайы саналады.

  • Бұл оқыту технологиясы оқушыларға жұмыс
міндетті  түрде үш деңгейлік, қосымша...

    11 слайд

    Бұл оқыту технологиясы оқушыларға жұмыс
    міндетті түрде үш деңгейлік, қосымша
    шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.

    Оқушыларға үш деңгейлік тапсырлалар
    ұсынылады;
    1-ші деңгей – оқушылық (репродуктивтік);
    2-ші деңгей – алгоритмдік;
    3-ші деңгей – эвристикалық.

    1-ші деңгей – 5 тапсырма (Стандарт);
    2-ші деңгей – 4 тапсырма (Орташа қиындық);
    3-ші деңгей – 3 тапсырма (Күрделі).

  • «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технолог...

    12 слайд

    «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясын қолдану арқылы топтағы оқушылардың білім сапасын көтеруге болады. Бұл технологияны негізінде оқушының жеке басының қабілетіне сәйкес ой белсенділігі мен шығармашылығы қарапайымнан күрделіге бағытталады.
    Бұл әдістеменің тағы бір ерекшелігі, оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандырып, арттыратын құрал ретінде «ашық журналда» қолдану аталмыш технологияның оқушыларды бағалаудың ынталандыру жағын күшейтетін ұтымды бөлігі болып табылады.

  • 13 слайд

  • Оқушылар да әр тақырып бойынша өз жетістіктерін өздеріндегі “Жеке журналға” б...

    14 слайд

    Оқушылар да әр тақырып бойынша өз жетістіктерін өздеріндегі “Жеке журналға” белгілеп отырады.

  • Профессор Ж.Қараевтың “Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі” педаг...

    15 слайд

    Профессор Ж.Қараевтың “Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі” педагогикалық технологиясы бойынша жүргізілген эксперимент және тәжірибе жұмыстары нәтижесінде оқытудың төмендегі өзекті проблемаларын шешетінін көрсетті:
    оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіру;
    білім беруді гуманизациялау және демократизациялау;
    белсенділіктің, біліктіліктің жоғары деңгейін қалыптастыру;
    оқу үрдісін басқарудың тиімділігін арттыру;
    білім сапасын көтеру, оқушының әрбір пән бойынша мемлекеттік стандарт деңгейінде 100 пайыздық үлгерімін қамтамасыз ету;
    оқу үрдісінің субъекттеріне қолайлы жағдайлар жасау;
    оқушыларды жеке дифференциалды үй жұмысымен қамтамасыз ету;

  • дарынды балаларды дер кезінде анықтау және дамыту;
оқыту сапасының мониторинг...

    16 слайд

    дарынды балаларды дер кезінде анықтау және дамыту;
    оқыту сапасының мониторингін және диагностикасын, оқушы білімін бағалаудың әділеттілігін қамтамасыз ету;
    оқытуда ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану.
    Сонымен қатар оқыту әрекетінде мұғалім мен оқушының тығыз байланыста болуы, мұғалім бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы, оқушының өз тарапынан белсенділік, дербестік көрсетуі, өзіне деген сенімділігін арттырады. Олай болса Тәуелсіз Қазақстан елінің еңсесі биік 50 елдің қатарына қосылуына жеткіншек тұлғаның бойына шығармашылық қалыптастыру арқылы ғана жете аламыз.

  • Гидравлика сабағында “Үш өлшемді әдістемелік жүйе” технологиясын қолдану арқы...

    17 слайд

    Гидравлика сабағында “Үш өлшемді әдістемелік жүйе” технологиясын қолдану арқылы оқушы білімін арттыру жолдары

  • 18 слайд

  • 19 слайд

  • 20 слайд

  • 21 слайд

  • 22 слайд

  • 23 слайд

  • Қорыта келе, « Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі » педагогикалық техн...

    24 слайд

    Қорыта келе, « Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі » педагогикалық технологиясы арқылы мәселелер шешімін табатынын айтуға болады:
    Оқушылардың білім сапасы көрсетіледі олар әрбір пән бойынша мемлекеттік стандарт деңгейінің ең аз қажетті көлемін 100% үлгеріммен қамытуына кепілдік алады;
    Қабілеті жететін пәндерден жоғары деңгейлерге дейін жете алатын болады;
    Әр оқушыға үй жұмысы жеке басының қабілетіне сәйкес сараланып берілетін болады. Сол арқылы артық жүктемені жою мәселесі шешімін табады.
    Дарынды балалар дер кезінде анықталып, дами алады.
    Оқу сапасының мониторингісі және диагностикасы оқушы білімін бағалаудың әділеттілігі қамтамассыз етіледі.
    Оқытуды ақпараттық технологиялар тиімді пайдаланады.

  • Назар аударғандарыңыз үшін рахмет!

    25 слайд

    Назар аударғандарыңыз үшін рахмет!

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 053 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.02.2016 433
    • PPTX 511.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Танкыбаева Молдир Рахманкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Танкыбаева Молдир Рахманкызы
    Танкыбаева Молдир Рахманкызы
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 63897
    • Всего материалов: 21

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой