Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Конспекты / Гүл мерекелері Жақсыбай Ардақ Ермекқызы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Саға мектеп-балабақшасының биология пәні мұғалімі

Гүл мерекелері Жақсыбай Ардақ Ермекқызы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Саға мектеп-балабақшасының биология пәні мұғалімі

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Бекітемін: Г.Бахтыгереева

Сынып:6

Мерзімі:

Гүл мерекелері

Мақсаты: гүлдердің де мерекесі болатынын ескеріп, мереке түрлерімен танысу.

Гүлге арналған мерекелер бірнеше ғасырлардан бері өтіп келеді. Ежелгі Грецияда гианцит пен лилия гүлінің мерекесін тойлаған. Мереке кезінде біз қыз Афродита құдайдың ролін сомдап, сол секілді киініп храмдарды аралап жүреді. Ал оның жанындағылар оның жүрген жолына гүлдің күлтелерін шашып отырады.

Ежелгі Үнді елінде гүл мерекесін ақпан айының бірінші аптасында тойлайтын болған. Бұл күні үнді қыздар сары түсті сари киетін болған, ал ер адамдар тюрбандарын шафран гүлімен әсемдеген. Сол күні шам жағып оны Ганга және Дмамуна өзеніне ағызып жіберетін болған.

Ежелгі Қытай елі гүл мерекелерін тойлауда әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі болған. Ақпан айында өріктің гүлдеуін тойласа, наурызда шабдалының гүлдеуін, сәуірде шиенің, маусымда пионның, қазанда хризатеманың гүлдеуін тойлайды. Мереке күндері осы гүлдермен үйлерінің ішін, қайықтарды, көліктерді сәндеп қояды. Бұл гүлдердің мерекелерін тойлау табиғатқа, өсімдікке деген бірнеше жүзжылдық махаббаттарының дәлелі іспеттес.

Ал Ежелгі Жапонияда мамырда глинции, маусымда ирис, шілде аяғында пионның гүлдеуін тойлайды. Ал хризантема гүлін бұл елде алқап етіп өсіріп, гүл жарған уақытта кеңінен қолданып тойлаған.

Франция елінде мамыр айының алғашқы демалысында ландыш гүлінің мерекесін тойлайды. Гүлермен үйдің бөлмесін, терезесін, есіктерін сәндесе, таңғы астан соң гүлдерді пайдаланып би билейді.

Париж қаласында ертеден раушан гүлінің мерекесін тойлайды. Мереке кезінде ең сұлу қызды таңдап оған «розера» деген ат қойып, гүл шоқтарын ұсынып мерекені тойлайды.

Тапсырмалар

  1. Жоғарыда оқылған үзінділерге сурет салып көріңдер.

  2. Гүл мерекелеріне қатысқыларың келе ме?

  3. Аталған гүл мерекелеріне қатысқан жағдайда қандай іс шара өткізер едің?

  4. Раушан, бәйшешек гүлдері балаларға не түсіндіре алады?

  5. Өздеріңі қандай гүлдер ұнайды: бақ гүлдері ме әлде дала гүлдері ме?

  6. Гүлдердің өз тілері мен мінездері барма?

  7. Гүл өсіріп көрдіңіздерме?

  8. Сіздерге гүл сыйлағанды ұнатасыздарма, өздерің гүлт сыйлағанды ұнатасыңдарма?

  9. Мектеп қабырғасында гүлге байланысты қандай іс шара өткізуге болады?



Автор
Дата добавления 19.10.2015
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров268
Номер материала ДВ-076162
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх