Инфоурок Биология Другие методич. материалыГүлді өсімдіктерге агрономиялық кешенінің әсерә

Гүлді өсімдіктерге агрономиялық кешенінің әсерә

Скачать материал

КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА  БАҒЫТЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ

 

 

 

Еламанова Аяш

9 «В» сынып

 

 

 

«Гүлді өсімдіктерге агрономиялық кешенінің әсері»

 

 

 

 

 

 

 

Жетекші:

Жакенова Жанаргуль Жетписбаевна

 

 

 

 

Көкшетау 2014

 

Мазмұны:

I  КІРІСПЕ

II  ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

2.1 Мектеп ауласында жұмыс жасау үшін маңызды құрал-жабдықтар

2.2 Тұқымдардың көшеттерге себу

2.3 Топырақтың  зерттелуі

2.4 Топырақты дайындау

2.5 Өскіндердің гүлзарларға отырғызылуы

2.6  Гүлді іріктемелерді  тыңайту

2.7  Зиянкестермен күрес

 

III  ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

3.1 Агротәсілдер жиынтығын қолданылған петуния іріктемелерінің морфологиялық көрсеткіштері

3.2 Агротәсілдер жиынтығын қолданылған петуния іріктемелерінің анатомиялық көрсеткіштері

3.3 Петунияның систематикалық, экологиялық және биолого- морфологиялық сипаттамасы

 

IV ҚОРЫТЫНДЫ

V ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

                                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 КІРІСПЕ

 

Әдемі гүлдейтін бір жылдық декоративті гүлді өсімдіктер өздерінің гүлінің реңімен, әдемілігімен ерекшеленеді. Бұл топтағы біржылдық декоративті гүлді өсімдіктерге жататындар: шытырлақ- бальзамин (недотрога) - impatiens, барқытшөп- бархатцы- tagetes, көк гүлкекіре- василек синий- centaurea, ночная красавица (мирабилис)- mirabilis, целозия- celosia, біржылдық астра - астра однолетняя- aster, шырайгүл-петуния- petunia, мальва- malva, цинния- zinnia, қараот- портулак- portulaca т.б. Біржылдық гүлді өсімдіктерді құмайт жерде өсіруге берілген мүмкіндік, олардың  дамуын және өсуін бақылауға қызықты болғандықтан, эстетикалық қасиеттері мен өсімдік сапалары үлкен қызығушылықты тудырады. Ең алдымен, мектептегі гүлді өсімдіктер оқушылардың эстетикалық тәрбиесіне әсер етеді. Ежелден бері гүлдер адам өмірін көркемдетіп, өзінің хош иісімен және сұлулығымен өзіне тартады. Балалық шақтан гүлдерге сыйлаған махаббат, адам өмірінде мәңгі сақталады.Мәдени өсімдіктерді жергілікті жағдайда өсіру мен зерттеу, олардың көбеюі, сонымен қатар, ассортименттің кеңеюі, биологиялық және химиялық қорғау тәсілдерінен кейін гүлді өсімдіктердің өсуінің жақсаруы – осының барлығы зерттеу жұмысына арналған материал. Себебі, гүлді өсімдіктер оқушылар үшін  таптырмайтын материал және олар үшін өсімдіктердің өсуі және дамуы (зиян келтірушілермен күрес, тыңайтқыштар, кесінді, қоректендіру) бойынша  үлкен тәжірибе болып келеді. Бағдарлама бойынша мектеп ауласында 5-11 сынып оқушылары жұмыс істейді. Гүлді өсімдіктер биология сабағында өсімдік мүшелерін зерттеу үшін қолданылады.

Зерттеу мақсаты: Гүлді өсімдіктерді агрономиялық кешендердің көмегімен өсіру: температура мен ылғалдық тәртібін қадағалау, биологиялық және химиялық заттарды қолданып, өсіру және тыңайтқыш қосу.

Жұмыстың өзектілігі:Мектеп және басқа аулалар әсемдікті қажет етеді. Сол ауланы безендіру және рәсімдеу гүлзарлар көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Гүлзарлардың жақсы болуы агрономиялық кешен тәсілін пайдалану арқылы іске асады.

Зерттеу міндеттері:

1.Зерттеу жұмысын ұйымдастырып, мектеп ауласындағы ашық жерде біржылдық өсімдіктерге әртүрлі агрономиялық кешендерді қолданып өсіру.

2.Өсіру, көбею және күтім бойынша дағдыларға икемдену.

3.Өсу және даму кезеңдерін бақылап, жұмыстың жалпы қорытындысына келу.

4. Ақпаратты табу бойынша әртүрлі жолдарын үйрену, оны жіктеу және дұрыс қолдану.

Жұмыстың практикалық бағытталуы:Біржылдық гүлді өсімдіктерді мектеп ауласында ашық  жерде  эстетикалық әдемілік үшін отырғызу.

Зерттеу жұмысының құрылымы:Теориялық білім, практикалық жұмыс, тәжірибе-экперименталды жұмыс.

Ғылыми жетістіктердің қолдануы: Зерттеу жұмысы ашық   жердегі гүл өсіру шаруашылығындағы гүлдердің дамуының жетістіктеріне назар аударылады. Барлық қойылған сұрақтар ғылыми көзқарастан қарастырылған. Кейбір жетістіктерді өзіміздің оқу-тәжірибе ауласында еңгізуге тырыстық.                                        

                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

 

Зерттеу жұмыстарын жүргізгенде, біржылдық  гүлді өсімдіктерді ашық  жерде отырғызу үшін әртүрлі әдістерді қолдандым.

·        Әдебиетті оқып, білу – қандай мәселелер бүгінгі күнге дейін жақсы зерттелгенін, қандай мәселелерді әлі де шеше алмай, ғылыми пікірталастар жүріп жатыр, не ескіріп кетті және қандай сұрақтарға жауап табылмағанын білуге мүмкіндік берді.

·        Зерттеу жұмыста маңызды рольді эксперимент атқарады – тәжірибелер серияларын өткізу, бақылау, тәжірибе жүргізу мен  өлшеу.

·        Бақылау – тәжірибенің мақсатқа бағытталғанын түсіну нәтижелерін, сол себепті, нақты және ақиқат ақпарат алынды. Берілген фотосуреттерінде зерттеу жұмыс әдістерінің 2-пункты орындалып жатқанын көре аласыз.

 

Гүлдерді тыңайтқышпен өңдеу       Топырақты қопсыту

 

Мектеп ауласында жұмыс жасау үшін маңызды құрал-жабдықтар

1.Гүлзарлары қазуға арналған күрек.

2.Қатар аралықты өңдеуге арналған кетпен, топырақты қопсыту және арамшөптерді кесу.

3.Темір тырма .

4.Көшеттерді отырғызуға арналған күрекше.

5.Гүлзарладры суаруға арналған су құйғыш.

6.Бағандарды белгілеу үшін жіпше.

Тұқымдардың көшеттерге себу

Зерттеу жұмысты жүзеге асыру үшін бақылауды шырайгүлдің «Grandiflora» түрінде өткіздім. Оның ақ, күлгін және қызыл түсті күлтелері бар гүлдерін тыңайтқышпен өңдедім, ал сары түсті күлтелері бал гүлдерді таза сумен суардым.

 

 

Көшеттерді отырғызу шарттары

Мәдени өсімдік

Ауа температурасы

 Вентеляция

Ылғалдық

қолайлы

минималды, шынықтырудан кейін

 Petunia «Grandiflora»

20-24оС

14-16оС

қатты

орташа

 Берілген кезеңде, түқымдарға  су, қоршаған ортаның температурасы 12 градустан төмен болмауы , оттегі, күн сәулелері 6-8 сағат бойы болуы, арнайы топырақ пен тұқымдарды отырғызу үшін керекті тереңдік болу керек екінін анықтадық.

Топырақтың зерттелуі

Мектеп ауласындағы топырақпен танысу үшін әдеттегідей топырақтық қиық жасадық. Бұл шұңқыр – ұзындығы 1,5 м, ені 1м және тереңдігі 1,5м. Оқушылар ауладағы топырақпен танысады, жыртылатын жер қабатының және басқа көкжиектердің күштілігі, топырақтың механикалық құрылымымен  және физикалық қасиеттерін анықтайды.  

Топырақтық профильді зерттегенде, жұмыс екі кезеңге бөлінді. Алдымен, химиялық және физикалық қасиеттерімен танысу, екінші кезеңде  - топырақ құрамындағы ағзалармен танысу.

Зерттеу жұмыстары, оқу-тәжірибе ауласының топырағы әлсіз-қышқылдау, қара түсті гумус мөлшері жеткілікті, жақсы көрінетін тұқымды құрыдым, су өткізгіштігі орташа.  

 

Ап

 

А1

 

А 2

 

В

 

 

Ап – айдалатын қабат Ап = 25

А1 – гумыстық горизонт    А1 = 80

А 2  -жуылу горизонты   А2 = 35

В – сазды горизонт

 

 

Жануар әлемі түрлі тірі ағзаларға толы: бактериялар, саңырауқұлақтар, жануарлардың қарапайым түрлері, сонымен қатар, омыртқасыз жануарлар. Солардың ішіндегі топырақ құнарлығы үшін маңызды ролді атқаратын жаңбыр құрттары. Олардан басқа да тірі ағзалар топырақта өмір сүреді (қоңыздар, құмырсқа). Олар топырақты қопсытып, оның физикалық қасиетін жақсартады.

 

Топырақты дайындау

Әдебиетті оқып, түсінгенде, атыздарды қазу үшін ең ыңғайлы тәсіл – асу деп аталатын анықтадық. Осы қазудан кейін арам шөптен құтылуға оңай, топырақта қолайлы әуелі режимі пайда болады және компост пен көңді қосуға болады. 

Гүлді іріктемелерді тыңайту

Гүлді өсімдіктердің гүл ашу кезеңі бай және ұзаққа гүлдейтіні қажет болса, олардың денсаулыға мықты және аурулар мен зиянкестермен  күресе алуы үшін, оларды қосымша нәрлі заттармен қамтамасыз ету керек, яғни тыңатқыштар қосып отыруға жөн.

Міндетті түрде, гүлді өсімдіктерді отырғызу алдында, топырақты алдын ала тыңайтуға керек. Топырақ құрамынды барлық пайдалы нәрлі заттар болу үшін, органикалық тыңайтқыштарды (көң, компост немесе құс саңғырығы) пайдалануға болады. Органикалық тыңайтқыштардың орнына минералды тыңайтқыштарды қосады. Гүлдің тез өсуіне және сапалы өнім беруіне көмектесетін системалық қоректендіру қажет.

 

Тыңайтқыш атауы:

Бағасы:

Шығару компаниясы:

«Максимум»

130 тг

«Хозяйство ваше»

«Циркон»

100тг

«Нэст-М»

«Крневин»

100тг

«Грин Бэлт»

«Топаз;кэ»

100тг

«avgust crop protection»

«Гром-2»

100тг

«Зеленая аптека садоводов»

«Агрикола»

120тг

«Грин Бэлт»

«Здравень турбо»

70тг

«Хозяйство ваше»

 

«Здравень турбо » - көшеттер мен ересек өсімдіктерге арналған  тез ерігіш концентрацияланған қоректендіру  тыңайтқышы. Осы тыңайтқыш көшеттердің тез дамуына көмекстеседі. Отырғызу кезінде көшеттердің ұласып өсуін жақсартады ,ауралардан қорғайды және тамыр жүйесіне даму кезеңінде көмектеседі. Құрамы: макроэлементтер (N-13%, P-6%6, R-26%, Mg-2.5%), микроэлеменнтер (B-0.03%, Mn-0.04%, Zn-0.02%, Cu-0.02%, Mo-0.005%) және натрий гуматы.  Құрамына хлор кірмейді.

Қолдануы:  қоректендіру  өсімдіктерді суару  арқылы қолданылады, сонымен «Здравень турбо » тыңайтқышын жылы немесе жылыған суда ерітуге жөн (15г 10 л суға). Шай қасығына 7-8г, асхана қасығына 20-22г, сіреңке қорабшасында 18-19г. Өсімдікті таза сумен суарып,  1-2 күннен кейін қоректендіруді қолдану. 1-қоректендіру – үш төрт нағыз жапырақ пайда болғаннан кейін және тапырақ түгелімен ылғалданғанша. 2- қоректендіру 1-қоректендіруден кейін 10-12  күн өткен соң.3-қоректендіру  көшеттерді құмайт жерге отырғызғаннан 10-12 күннен кейін қолдану. Келешекте «Здравень турбо »-ны лайықты өнімдік мәдениетіне қолдану.

«Циркон» - өсімдік өсуін реттейтін тыңайтқыш. Тұқымдардың шығымдылығын арттырады, өсуін тездетеді, өсімдіктің өңімділігін және сапалығын жақсартады, құрғақшылыққа төзімділігін арттырады, саңырауқұлақты және бактериялды аурулардан қорғайды.Қоршаған ортаға зиянды емес, ара мен пайдалы жәндіктер үшін қауіпті емес, құстар мен топырақтағы тірі ағзаларға  улығыш зат ретінде зиян келтірмейді, топырақты ластамайды. Жұмыс кезінде абай болу қажет.  Халат пен саусақты қолғапты кию. Жұмыс аяқталғаннан кейін қолды сабынмен жақсылап жуу.

«Корневин» - өсу реттеушісі. Дәнді , сүйекті, жидекті өсімдіктердің тамырын жақсартады. Сонымен қатар, отырғызғанда ұласып өсуді тездетеді.

Қолдануы: Дайын кесіндінділерлі отырғызу алдында, ұштарын  препарат ерітіндісіне малады. 10 күннен кейін оотырғзуға дайын көшеттерді малудын алдында, тамырларымен бірге сол препаратпен суарылады.

Тамыр жұесін сулап алу үшін ерітіндіні әзірлеу: Сумен  толы ыдысқа препаратты салады. 1г/литр  препарат 1 гүлді сулап алу үшін қолданады және 2 гүлді 3-5 минут бойы ерітіндіні араластырып, суарады. Препарат әр бәір пестицидпен қолдануға болады.

Зиянкестермен  күрес

Ең бірінші рет зиянкестер бар екенін байқағанда, механикалық күрестер әдістерін қолдануға болады: зиякестерді жинау, бүлінген өсімдіктерді немесе олардың бір бөліктерін жою. Аурулар тек бірінші кезеңде болғанда, биологиялық қорғау жолдармен(қайнатынды, өсімдік тұнбасы, пестицид қасиеттеріне ие) тиімді қолдану керек. Ал егер де гүлге үлкен зақым келтірінсе, химиялық жолдарды қолдануға тура келеді(пестецид, улы химикаттар). Бірақт, пестицид адам ағзасына кері әсер етеді.  Сондықтан да абай болу керек. Біздің гүлзарларымызда жақсы дамыған, сау гүлдер өсірілді. Бұндай өсімдіктер ережеге сай зиянкестерден және аурулардан қорғаулы. Зиянкестерден құтылуға арналған, пайдалы биологиялық жолдар:  аралар, құстар, қызыл қоңыздар.

 

 

 

 

 

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

Күні

Petunia «Grandiflora» қызыл түсті

Petunia «Grandiflora» ақ түсті

Petunia «Grandiflora» күлгін түсті

1

12 маусым 2014

Орташа гүлшанақ диаметрі (см)

Орташа жапырақ ұзындағы

(см)

Орташа гүл ұзындығы

(см)

Орташа гүлшанақ диаметрі (см)

Орташа жапырақ ұзындағы

(см)

Орташа гүл ұзындығы

(см)

Орташа гүлшанақ диаметрі (см)

Орташа жапырақ ұзындағы

(см)

Орташа гүл ұзындығы

(см)

6

3

10,5

6

3

10

6

4

11

2

25 маусым 2014

7

3

11,5

7

4

11

7

5

11,5

 

Агротәсілдер жиынтығын қолданылған петуния іріктемелерінің морфологиялық көрсеткіштері

Алқалар тұқымдасы (Solanaceae) - қос жарнақты, бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Бұта түрінде кездеседі. Дүние жүзінде тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерде кездесетін 80 – 90 туысы, 2500-дей түрі белгілі. Қазақстанда Алқалар тұқымдасының 11 туыс, 23 түрі бар. Бүтін жиекті немесе тілімденген жапырағы тік не жатаған сабағына кезек орналасады. Гүлі қос жынысты. Гүлшоғыры бұйра болады. 5 тостағанша жапырағы бірігіп, жоғарғы жағы тілімденген. 5 күлте жапырағы, бірігіп қысқа түтік түзеді. Олардың құрамында бірнеше улы алкалоидтар болады, сондықтан оларды мал жемейді. Жабайы түрлерінен дәрі алынады. Алқалар түрлерінің бірі - петуния (petunia “Grandiflora”). Биіктігі 10- 50 см аралығында болатын декоративті гүлді өсімдік. Сабағы тік өседі. Жапырағы тегіс жиекті, сопақша, қою жасыл түсті. Гүлдерінің түсі ақ, қызғылт, көкшіл, күлгін болып келеді, жай гүлшоғыр. Жемісі- екі жақтаулы қорапша. Тұқымы өте ұсақ әрі көп. Маусым айынан күн суытқанға дейін гүлдейді. Гүлдері гүлшоғырда немесе жеке-дара орналасады. Гүлі кіріккен 5 тостағанша жапырақшалар, кіріккен 5 күлте жапырақшадан тұрады. Сондықтан бұл өсімдіктер кіріккенкүлтелілер деп аталады. Күлте жапырақшалардың түп жағы қысқа түтікшеге бірігіп, қоңырау тәрізді болады. Оның ортасында 5 аталық, екі жемісжапырақшалы аналық орналасады. Бұлар - жоғары жатынды өсімдіктер. Бірнеше симметрияга бөлетін сызықтар жүргізуге болатындықтан,  шырайгүл дұрыс гүлді (*) өсімдіктер болып есептеледі.

 

1.     http://osadovod.ru/wp-content/uploads/2015/02/68158331.jpgГүлшанақ

2.     Гүл

3.     Аналық шүмегі

4.     Аталық

5.     Бірінші ретті өркен

6.     Екігше ретті өркен

7.     Жапырақ

8.     Тамырлар

9.     Тостағанша

 

 

 

 

 

 

 

Агротәсілдер жиынтығын қолданылған петуния іріктемелерінің анатомиялық көрсеткіштері

Анатомиялық көрсеткіштерді алу үшін тыңайтқышпен өңделген және тыңайтқышпен өңделмеген гүлдер сабақтарынан, жапырақтарынан және күлтелерінен фиксация жасау қажет. Жұма өткеннен кейін, тыңайтқышпен өңделеген және тыңайтқышпен өңделмеген сабақтың анатомиялық көрсеткіштерін алуға болады. Тыңайтқышпен өңделген сабақтың өзек паренхимасы жақсы жетілген, өткіз шоқтары ірі, сабақтың сыртқы жабын ұлпасы мықты. Жабын ұлпасындағы түктерінің барлығы жақсы сақталған. Ал тыңайтқышпен өңделмеген сабақтың өзек паренхимасы әлсіз, өткіз шоқтарының диметрі кішкентай, жабын ұлпасы жұқа. Жабын ұлпасындағы түктер жартылай сақталған. Анатомиялық көрсеткіштер тыңайтқышпен өңделген өсімдіктер мықты, сау және ауруларға төзімді болатынын дәлелдейді.

 

Петунияның систематикалық, экологиялық және биолого- морфологиялық сипаттамасы

Тұқымдас

Туыстас және сорттар

Биіктігі

(см)

Жапырағы- ның пішіні, түсі

Гүлінің мөлшер, түсі

Гүлдеу уақыты

Тәуелділігі

 

ылғалға

жарыққа

климатқа

I.Алқалылар

Пасленовые

Solanaceae

Петуния

Petunia

(П. садовая- P. hubrida)

 

10-50

Сопақша, бүтін жиекті, қою жасыл түсті

Ірі, ақ, қызғылт, көкшіл, күлгін

VI- суық түскенге дейін

Ылғал сүйгіш

Жарық сүйгіш

Суыққа төзімді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу жұмысының тұжырымдары

 

·        Агротәсілдер жиынтығының қолдануы жақсы гүлді материалға жеткізеді – ерте гүлдеу, гүлшоғыр санының көбеюі, ірі қанық түсті гүл  күлтелері, аурулардың болмауы, сау егілетін материал алуына әкеледі.

 

·        Зерттеудің нәтижесінде өсімдіктердің агротәсілдер комплексімен өсірудің ерекшеліктерін зерттедік.

 

·        Берілген зерттеу жұмысын сыныптан тыс жұмыстарында қосымша оқыту материалы ретінде қолдануға болады.

 

·        Фиксацияланған өсімдік сабақарын «Өсімдік сабағы » тарауларында зерттеу  нысанасы ретінде, микропрепараттарды жасауда қолдануға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Жұмыс нәтижесі бойынша, гүлді өсімдіктердің белсенді өсуі үшін, гүлшанақтардан қанық түстерді алу үшін және сау егілетін материалын алғанда, әртүрлі агротехникалық  тәсілдер қажет: топырақты дұрыс өңдеу, тыңайтқыш жиынтықтарын және су режимін енгізу.

Тәжірибенің өткізуі оқушылардың танымдылығы мен шағармашылығын қарқындайды, өсімдік өмір процессінің мәнін жақсы түсінуге береді,биологиялық ұғымдарды қалыптастыруға көмектеседі, ғылыми-зерттеу жұмыс дағдысын дамытады, ауыл шаруашылық еңбегін құрметтеуге және еңбек мәдениеттілігіне үйретеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ

1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.

2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю».    Алма- Ата, «Кайнар», 1986.

3. Ассорина С. «Экология декоративных растений». Москва, 1977.

4. Баканова К. «Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана». Алма- Ата, 1977.

5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К.  Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982.

6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. “Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений”. Алма- Ата: “Наука”, 1989.

7. Киреев М.Ф. «Советы цветоводам». Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Гүлді өсімдіктерге агрономиялық кешенінің әсерә"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Проректор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Әдемі гүлдейтін бір жылдық декоративті гүлді өсімдіктер өздерінің гүлінің реңімен, әдемілігімен ерекшеленеді. Бұл топтағы біржылдық декоративті гүлді өсімдіктерге жататындар: шытырлақ- бальзамин (недотрога) - impatiens, барқытшөп- бархатцы- tagetes, көк гүлкекіре- василек синий- centaurea, ночная красавица (мирабилис)- mirabilis, целозия- celosia, біржылдық астра - астра однолетняя- aster, шырайгүл-петуния- petunia, мальва- malva, цинния- zinnia, қараот- портулак- portulaca т.б. Біржылдық гүлді өсімдіктерді құмайт жерде өсіруге берілген мүмкіндік, олардың  дамуын және өсуін бақылауға қызықты болғандықтан, эстетикалық қасиеттері мен өсімдік сапалары үлкен қызығушылықты тудырады. Ең алдымен, мектептегі гүлді өсімдіктер оқушылардың эстетикалық тәрбиесіне әсер етеді. Ежелден бері гүлдер адам өмірін көркемдетіп, өзінің хош иісімен және сұлулығымен өзіне тартады. Балалық шақтан гүлдерге сыйлаған махаббат, адам өмірінде мәңгі сақталады.Мәдени өсімдіктерді жергілікті жағдайда өсіру мен зерттеу, олардың көбеюі, сонымен қатар, ассортименттің кеңеюі, биологиялық және химиялық қорғау тәсілдерінен кейін гүлді өсімдіктердің өсуінің жақсаруы – осының барлығы зерттеу жұмысына арналған материал. Себебі, гүлді өсімдіктер оқушылар үшін  таптырмайтын материал және олар үшін өсімдіктердің өсуі және дамуы (зиян келтірушілермен күрес, тыңайтқыштар, кесінді, қоректендіру) бойынша  үлкен тәжірибе болып келеді. Бағдарлама бойынша мектеп ауласында 5-11 сынып оқушылары жұмыс істейді. Гүлді өсімдіктер биология сабағында өсімдік мүшелерін зерттеу үшін қолданылады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 995 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.04.2015 3043
    • DOCX 316.2 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакенова Жанаргуль Жетписбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 41835
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

ФГОС общего образования: формирование универсальных учебных действий на уроке биологии

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 88 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 359 человек

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта "Точка роста": методология биологического эксперимента

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 325 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 137 человек

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 296 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 160 человек

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 364 человека из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 163 человека