Инфоурок Информатика Другие методич. материалыГлоссарий по дисциплине "Основы алгоритмизации и программирования"

Глоссарий по дисциплине "Основы алгоритмизации и программирования"

Скачать материал

«АЛГОРИТМДЕУ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛАУ НЕГІЗДЕРІ»

ПӘНІНЕН ГЛОССАРИЙ

 

Абстрактілі  әдістер дегеніміз класта анықталған виртуалды және динамикалық әдістер, бірақ ешқандай әрекеттерді қамтымайды, ешқашан шақырылмайды және міндетті түрде класс ұрпақтарында қайта анықталуы керек. Абстрактілі әдістер тек виртуалды және динамикалық әдістер бола алады. Object Pascal-да әдісті абстрактілі етіп жариялау үшін оның сипаттамасында  virtual немесе dynamic директивасынан кейін abstract директивасы қолданылады.

Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады.

Алгоритм – арнайы іс-әрекеттің белгілі бір кезекпен орналасқан тәртібі. Ол алгоритмді атқарушы ЭЕМ-ге жұмыс тәртібін түсіндіретін ережелер мен нұсқаулар тізбегінен тұрады. Сонымен, алға қойылған мақсатқа жету үшін немесе берілген есепті шешу барысында орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін түсінікті әрі дәл көрсететін нұсқау алгоритм деп аталады.

Алфавит – белгілі бір тілдің кез-келген сөздерін құрай алатын оның символдарының жиыны. Паскаль тілінiң алфавитi басқа тiлдермен салыстырғанда құрылымы жағынан түсiнiктi, себебi оның әрбiр амалы сипатталып отырады. Тiлдiң алфавитiнiң құрамына әрiптер, цифрлар және арнайы белгiлер кiредi.

Ауызша алгоритм – күнделікті пайдаланылатын сөздер мен математикалық символдарды қолданып жазылған жеке-жеке нұсқаулар жиынтығынан тұрады.

Әдістер - өріс түрінде берілген мәліметтерден басқа нысан осы өрістерге мүмкін әрекеттерді сипаттайтын ішкі программалар.    Класта инкапсуляцияланған  процедуралар мен функциялар әдістер деп аталады.

Бағдарлама  деп белгілі бір бағдарламалау тілінде жазылған реттелген командалар тізбегін айтамыз.

Бас мәзір – форма тақырыбының төменгі жағында орналасады және қосымшаның жалпы командаларынан тұрады.

Белгішелер (Icon) – Windows белгішесі форматында сақталатын кескіндер (файлдардың кеңейтілуі -.ico).

Блок-схема – түрлі арнайы фигуралар, нұсқаулар арқылы программада орындалатын әрекеттер мен олардың орындалу ретін көрсететін графиктік схема.

Деректер моделі – деректер құрылымы жиынтығы мен оларды өңдеу операциялары.

Деструктор — бұл өзі шақырылған нысанды жойып, жадыны босататын арнайы әдіс. Деструктордың сипаттамасы процедура сипаттамасы сияқты  destructor сөзінен басталады.

Диапазондық немесе аралық тип. Мұнда көрсетілген шама қабылдай алатын мәннің алғашқысы (ең кіші) мен соңғысы (ең үлкен) екі нүкте арқылы бөлініп көрсетіледі.

Динамикалық айнымалылар, мұндай айнымалылар оларды қолдану алдында жасалып,  оларды қолданып болғаннан кейін бірден жойылады (алып тұрған жадыны босатады).

Динамикалық жады үйме (куча) деп те аталып,  Turbo Pascal тілінде шамамен 300000 байт көлемі бар байттар массиві ретінде қарастырылып,   әлдеқайда үлкен мәліметтер құрылымдарын өңдеуге мүмкіндік береді.

Екі өлшемді массив деп – элементі массивтің жол мен бағанында тұрған орнына тәуелді болатын массив. Жалпы түрде матрицаның элементтері былай белгіленеді A(I,J), мұндағы A – массивтің аты, I - жолдың индексі (нөмері), J – бағанның индексі (нөмері).

Ерекше жағдайлар. Ол нәтижесінде қате пайда болатын және соның негізінде бағдарламаның орындалуы үзілетін жағдай.

Жазба (мәліметтердің комбинацияланған типі) қандай-да бір объект туралы ақпаратты біріктіруге қолайлы. Бірақ массивтен айырмашылығы - жазбада әртүрлі типтерге жататын элементтер болуы мүмкін.

Жанама мәзір тышқанның оң жақ батырмасын шерткенде пайда болады. Әдетте жанама мәзір сол мәзірді шақыруға арналған обьектіге қатысты командаларды қамтиды. Сондықтан да ондай мәзірді жергілікті деп атайды.

Желілік деректерді моделдеу. Желілік құрылымда алдыңғы аталған негізгі ұғымдардағы (деңгей, түйін, байланыс) әр элемент кез-келген басқа элементпен байланыста бола алады. Иерархиялық модельдің жақсартылған түрі болып табылатын желілік модель көп қолданушылық режимде құрылатын модель. Деректерді желілік ұсыну элементарлы мәліметтер және олардың арасындағы қатынастар бағытталған желі түрінде көрсетіледі (төбелері – мәліметтер, доғалар - қатынастар).

Жергілікті архитектура – программа және деректер базасы бір компьютерде орналасқан.

Жиындар. Массивтер сияқты,  жиындар базалық деп аталатын бір типті элементтерден тұратын мәліметтер жиынтығы. Бірақ массивтерден айырмашылығы - жиында элементтердің саны еркін болады.

Идентификаторлар (атау) тұрақтыларды, айнымалыларды, олардың түрлерiн, функцияларды, бағдарламаларды т.б. обьектiлердi белгiлеу үшiн қолданылады. Бұл сөз латынның identifico– ұқсатамын сөзінен шыққан.

Иерархиялық деректерді моделдеу. Иерархиялық құрылым бір-бірімен белгілі бір ережелер бойынша байланысқан элменеттер жиынтығын береді. Иерархиялық байланыстағы объектілер бағытталған граф (төңкерілген ағаш) құрады.

Инкапсуляция – өзінде тек қана өрістерді ғана емес, сонымен қатар осы өрістерге мүмкін әрекеттердің сипаттамасын қамтитын нысанның қасиеті. 

Интерпретатор-бағдарламалар. Интерпретатор программа мәтінінен кезектегі операторды алып, оның құрылымын талдап, сонан кейін бірден орындайды (трансляциялайды).  Ағымдағы оператор толық орындалып болған соң ғана келесі операторға көшеді. Егер программада бір оператор бірнеше рет кездесетін болса, оны бірінші рет кездескендей орындайды. Осы қайталанатын есептеулерді қайта-қайта орындау керектігінің  салдарынан программа баяу жұмыс істейді.

Интерфейс бұл объектілердің жиынтығы, оның көмегімен ақпаратты белгілі бағытқа жіберу асырылады, - пішін, қарым-қатынас терезелері, басқару элементтері және т.б. Көптеген жағдайларда таңдап алынған интерфейс барлық бағдарламаның құрылымын анықтайды.

Квадрат матрица. Жолдар саны мен бағандар саны сәйкес келетін екіөлшемді массивті  квадрат матрица деп атайды.

Классберілгендер мен оларға әрекет жасайтын арнайы тип. Ол өріс, әдіс және қасиеттерден тұрады. Кластың данасы болып объект табылады.

Клиент-серверлік архитектура – деректер базасы серверде сақталады және мұнда пайдаланушылар сұраныстарын өңдейтін деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) жұмыс істейді. Бұл архитектурада пайдаланушылар деректер базасымен қойылған тапсырмаларды орындайтын және алынған нәтижені қайтаратын ДББЖ арқылы жұмыс істейді. Табылған деректер клиентке желі бойынша серверден клиентке қарай жіберіледі. Клиент – сервер архитектурасының ерекшелігі SQL – құрылымдық сұраныстар тілін пайдалану болып табылады. Бұл архитектура бірнеше пайдаланушыларға бір уақытта бір деректер базасымен жұмыс істеуге рұқсат етеді.

Код терезесі –программа мәтінін құрып, жөндеуге арналған. Бұл мәтін арнайы ереже бойынша құрылады және программаның жұмыс алгоритмін сипатайды.

Компилятор директивасы  {$R *.RES} бағдарламалық файлдың орындалуы үшін берілгендерден тұратын (мысалы, қосымшаның пиктограммасын сипаттау) файлдық ресурсты жүктеу үшін тағайындалады. Жұлдызша белгісінің тұруы ресурс файлының аты жоба файлының атымен дәл келеді, бірақ кеңейткіші .res болатындығын білдіреді.

Компилятор-программалар. Олар программист жасаған бағдарлама мәтінін толығымен қарап шығады. Синтаксистік қателерді тексеріп, белгілі бір мазмұнды анализ жасағаннан кейін барып, машиналық кодқа автоматты түрде аударады (трансляциялайды). Нәтижесінде программа жинақы әрі тез жұмыс істейтін болады. Компилятор программалардың негізгі кемшілігі –  берілгендердің күрделі құрылымын өңдеуге бағытталған жұмысының көптігі.

Компонент – бұл белгілі бір қасиеті бар және программистпен форма терезесіне орналастырылатын функционалды элемент.

Конструктор – қажетті нысанды жасайтын және инициализациялайтын арнайы әдіс. Конструктордың сипаттамасы процедураның сипаттамасына ұқсас, бірақ constructor сөзінен басталады.

Қасиет – (сипаттама, параметр) –айнымалалардың ерекше түрі.  Олар обьектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап ағымдық күйін анықтайды.

Қолданушы интерфейсі –  қолданушының компьютермен байланысын жүргізетін программалық және аппараттық жабдықтар жиынтығы.

Қызметші сөз деп – Паскаль тілінде белгілі бір міндет атқаратын сөзді айтамыз. Қызметші сөздер program, var, begin, end болады.

Логикалық типтегі (BOOLEAN) шамалар, негізінен, екі мән қабылдайды — TRUE (ақиқат) және FALSE (жалған), олар компьютер жадында бір байт орын алады.

Логикалық файл – бұл ақпараттың қандай да бір абстракт көлемі.

Массив дегеніміз – бір атаумен белгіленіп бір өлшеммен өлшенетін айнымалылардың реттелген тізбегі. Массив элементтерінің барлығы да бір типте болуы тиіс.

Мәзір конструкторы. Қосымшаны өңдеу прооцесінде мәзір құру және оны өзгерту үшін мәзір конструкторы MenuDesigner қызмет етеді.  Мәзір конструкторды жүктеу үшін MainMenu немесе PopupMenu 

компоненттерін шертіп, тышқанның оң жақ батырмасын басқандағы жанама мәзірінен MenuDesigner таңдаймыз немесе осы компоненттерді екі рет шерту арқылы шақырамыз.

Мәліметтер базасы (МБ) - белгілі бір арнаулы ауқымға қатысты мәліметтерді баяндау, сақтау мен амал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы прииңиптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша үйымдастырылған мәліметтердің жиынтығы.

Мәліметтердің немесе шамалардың типі дегеніміз олар қабылдайтын мәндердің сипаттамасы.

Мәтіндік файл. Ақпарат ASCII кодымен берілген файл мәтіндік файл болып табылады.

МББЖ - жаңа база құрылымын құруға арналған программаның құралдар кешені, оны құрамын толықтыру, құрамында барды редакциялау және аппаратпен көрсетушілік (визуализация).

Метафайлдар нүктелерден емес, арнайы командалардан тұратын кодты сақтайды (файл кеңейтілуі-wmf не .emi ).

Мұрагерлеу – бар типтің негізінде оған жаңа өрістер мен әдістерді қоса отырып, жаңа тип жасауға болатын объектілік типтердің қасиеті.  

Нақты сан түріндегі типтер – ондық сандар бүтіні мен бөлшегін бөлетін үтірі жылжымалы және тұрақты түрде жазылады. Үтірі тұрақты ондық сандар кәдімгі математикадағыдай жазылады, бірақ үтір орнына нүкте қойылады. Мысалы, 25.48, -127.25, 0.67, -8.0. Үтірі жылжымалы ондық сандар дәрежелік көрсеткіші берілген экспотенциалды түрде жазылады, мысалы, -1.25Е + 12 (1,25*1012), 1.3Е-05 (1,3*105) т.б.

Нұсқауыш – бұл  программаның сипаттау бөлімінде жарияланған, мәні жадының бір байтының адресі болып табылатын айнымалы.

Объект – белгілі тапсырманы орындауға арналған,  екілік бағдарламалық кодтың автономды бөлігі болып саналады. Объектінің барлық құрауыштары объект болып табылады, бірақ керісінше емес.

Объектілі-бағытты бағдарламалау – программалаудың құрылымдық программалаумен салыстырғанда, әлдеқайда жетілдірілген түрі.

Оқиға – программамен жұмыс істеу барысында обьект жағдайының белгілі бір әрекетке жауап ретінде өзгеруі.

Оқиғаны өңдеуіш не өңдеу процедурасы – оқиғаға байланысты құрылатын процедура.

Операнда(operand) – ол амалдарда қатысатын мәліметтер элементтері. Амалдар унарлық және бинарлық болып бөлінеді. Унарлық амал тек бір операндаға қатысты болады, белгісі операнданың алдына жазылады. Бинарлық амал екі операнданың қатынасын көрсетеді, белгісі операндалардың арасына жазылады.

Оператор дегеніміз  алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Оларды жазылу ретіне қарай бір-бірінен нүктелі үтір (;) арқылы ажыратып жазады.

Өрнек деп арифметикалық амалдардың таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың, функциялардың, тұрақтылардың жиынын айтады.

Өріс деп кластағы инкапсуляцияланған мәліметтерді айтады. Өріс кез келген типті болуы мүмкін, оның ішінде класта болуы мүмкін;

Полиморфизм – бұл мағынасы ұқсас мәселелерді әр түрлі тәсілмен шешетін кластар қасиеті.

Программалау тілі деп деректерді жазуға және оларды белгілі ережелер бойынша өңдеуге арналған адам мен компьютерді  байланыстыратын формальды тілді айтамыз.

Процедура – белгілі бір әрекеттерді орындау мақсатында алдын ала бекітілген  аты  бойынша  шақырылып  орындалатын  бағдарламаның тәуелсіз  бөлігі.

Пішін деп – Windows терезесінің қасиеттеріне ие және біркелкі функционалдық тағайындалумен байланысқан, құрауыштарды орналастыруға негіз болатын көрнекілік құрауышты айтамыз.

Растрлық кескін пиксельдерден тұратын нүктелерден құрастырылған (файл атауының кеңейтілуі-.bmp).

Рекурсиябұл көмекші алгоритмді (ішкі программаны) ұйымдастырудың әдісі.

Реляциялық деректерді моделдеу. Иерархиялық және желілік модельдердің жетіспеушіліктері деректердің реляциялық моделінің пайда болуына әкелді. Реляциялық модель әрекеті деректер базасының құрылымын оңайлатты. Мұндағы барлық мәліметтер жолдар мен бағандардан құралған қарапайым кесте түрінде көрсетілген. Реляциялық деген ұғым (ағыл.relation - қатынас) деректер базасы жүйелерінің маманы белгілі американдық ғалым Е.Коддонның  есімімен байланысты.

Реттер (очередь) – бас жағынан элемент қосылып жатса, соңынан элементтер жойылып жататын сызықтық тізім.

Саналатын тип стандартты типке жатпайды, ол параметрлердің мәніне сәйкес келетін атаулар (идентификаторлар) тізімінен тұрады. Атаулар тізімі үтір арқылы ажыратылып, жай жақша ішіне жазылады.

Символдық типтегі (CHAR) шамалар мән ретінде тек бір таңбаны ғана қабылдай алады. Мәннің символ екендігін көрсету үшін оны апостроф ішіне алып жазады. Мысалы, ‘а’ , ‘һ’ , ‘5’, ‘*’, т.б.

Статикалық әдiс  дегеніміз статикалық айнымалыларда программаның немесе процедураның іске қосылып жұмыс істегеннен бастап жадыдан адресі анықталып, программа немесе процедура жұмысын аяқтағанша айнымалы тек сол адресте сақталуды айтамыз. Мысалы: var  бөліміне жазылған айнымалыларды статикалық айнымалыларға жатқызамыз.

Стек – сызықтық тізім. Онда қосуда, алып тастауда тізім соңында орындалады. Стектерге мысал: асханадағы табақтар тобы т.б. Стектерді рекурсивті алгоритмдерде қолданған тиімді. Стек соңын стек төбесі деп атайды. Стектің жұмыс істей принципі: «бірінші келіп, бірінші шығу».

Сызықтық алгоритм деп командалары бірінен соң бірі тізбектеліп орындалатын алгоритмді айтамыз.

Сызықтық тізім – ол тораптардың айнымалы сандарынан тұратын жиын X[1], X[2], ... , X[n].

Таңдау операторы (case) бірнеше операторлардың ішінен таңдау жолымен көп тарамды тармақталуды ұйымдастырады.Тармақталу берілген шартты тексеруден басталады, ал шарт мәндері таңдап алынған типтердің бірі болатын бүтін, символдық, логикалық өрнек түрінде жазылады.

Типтік емес файл – бұл компоненттері 0 мен 1 екілік цифрлардан құралған сегіз битті тізбек болып табылады. Мысалы, жадының кез келген ұяшығындағы кез келген типті ақпарат түрінде көз алдымызға елестетуге болады.

Типтік файл – бұл компоненттері – мәндері екілік кодпен берілген, файлдық типтен басқа, жай және құрылымдық типті файл. Файл компоненті деп файл жөніндегі дербес мәліметті айтады. Мысалы, integer немесе real типті файл. Типтік файл тікелей кіру мүмкіндігі бар файл болып табылады, бірақ өзінің компоненттеріне тізбекті түрде кіру мүмкіндігін де береді.

Транзакция – тасымалданар алдында, деректерге міндетті түрде орындалуы керек,  қандай да бір әрекеттер тізбегі. Кез келген әрекет орныдалу барысында қате табылса барлық әрекеттер тізбегі қайта қайталанады.Сонымен транзакция механизмі аппараттарды сбойыдан қорғауды қамтамасыз етеді. Деректерге көппайдаланушылық жетуді қамтамасыз етеді.

Трансляторлар – аудармашы бағдарламалар.  Олар аударманы әртүрлі тәсілмен орындайды, сондықтан олар әртүрлі болады.

Тұрақты деп программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады.

Түсініктеме — программа жолдары соңында немесе оның түйінді сөздері арасында қазақша (орысша) түсінік беретін пішінді жақшаға алынып жазылған сөз тіркестері. Олар программа операторларының орындалуына ешқандай әсер етпейді.

Тіл – информацияны символдық жүйеде ұсынуды атады. Кез-келген програмалау тілінің өзінің символдық жүйесі, алфавиті болады.

Файл деп дербес компьютердің сыртқы жадысының атау берілген бөлігін түсінеміз.

 Файл-серверлік архитектура – деректер базасы сервер деп аталатын желідегі негізгі (орталық) болып бөлінген компьютерде орналасады. Ал клиенттік программалар орнатылған дербес компьютерлер оған жергілікті желі бойынша қосылған. Бұл архитектура бірнеше пайдаланушыларға бір деректер базасымен бір уақытта жұмыс істеу мүмкіндігін береді.

Физикалық файл – бұл физикалық тасымалдаушыда жазылған логикалық файл: диск, дискет, дисплей экраны, магнитті лента және т.б.

Цикл қайталап орындалатын есептеу процесінің белгілі бір бөліктерін атайды.

Циклдік (қайталанушы) алгоритм деп егер берілген шамаға тәуелді алгоритм белгілі бір тізбектелген қадамдарды бірнеше рет орындайтын алгоритмді айтады.

Шартты операторлар нәтижесі ақиқат болғанда (Иә) немесе нәтижесі жалған болған жағдайда (жоқ) деп жауап беретін белгілі бір логикалық шартты тексереді.

Ішкі программалар – программа мәтінінің басқа бөліктеріне тәуелсіз, қажетті әрекетті орындайтын операторлар жиынтығы.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Глоссарий по дисциплине "Основы алгоритмизации и программирования""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 477 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2016 1260
    • DOCX 32.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметжанова Аяулым Сериккаликызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 176081
    • Всего материалов: 59

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов

Курс повышения квалификации

Компьютерная грамотность для пенсионеров

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Маркетинг и продажи: стратегии и инструменты для успешного бизнеса

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практические навыки трекинга и менторства

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы налогообложения и формирования налогооблагаемых показателей

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе