Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / «Грация» топ-модель сайысы. 9-11 сыныптар.

«Грация» топ-модель сайысы. 9-11 сыныптар.

  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

Бекенова Роза Камашевна

технология пәні мұғалімі

211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектеп

Қызылорда қаласы



«Грация» топ-модель сайысы.

9-11 сыныптар.


Өткізген күні: 02.11.2010 ж

Өткізген орны: Акт зал.

МАҚСАТЫ: Оқушыны әсемдік пен халық қазынасын жан-жақты

жариялау, киім үлгілері мен ұлттық киім үлгілері

мен ұлттық киім үлгілерін көрсетуде білуге дағдылау

Жүр. І. Қайырлы күн, құрметті қонақтар!

Жүр. ІІ. Қайырлы күн, достар!

Жүр.І Бүгінгі 9-11 сынып аралығында өткізілетін «Грация» топ-

модель сайысын ашық деп жариялаймыз!

Жүр. ІІ. Сайысымыздың жүргізушілері – технология пән мұға-

лімі Бекенова Роза Камашқызы. Жүр. І. Алғаш микрофонмен алдарыңызға шыққан

11 «а» сынып оқушысы Жақсылық.


hello_html_m2dee9d6a.jpg


Жүр. ІІ. «Грация» топ-модель сайысын бастайық!

Жүр. І. Манап Көкенов «Сұлудың сымбаты»:

Сұлудың өзім көрген сыры мұндай,

Ажары сары алтынның сынығындай.

Жаутаң қаққан жанары екі көздің,

Бұлақтың мөлдір аққан тұнығындай.

Сұңғақ бойлы, аш белі жүз бұралған,

Сәмбінің солқылдаған шыбығындай.

Қиғаш қас, оймақ ауыз, пісте мұрын,

Ұзын шаш толқынды егіз бұрымындай.


Жүр. ІІ. Жерлесіміз, суырып салма ақын атамыз Манап Көкенов

«Сұлудың сымбаты» өлеңінде сыр сұлуларын осылай жырлаған.

Жүр. І. Ал, енді, мектебіміздің талдырмаш та әсем қыздарын

қарсы алайық:

11 «а» сыныбынан - Нүрпейсова Фариза

11 «б»сыныбынан - Төлебаева Айгерім

11 «в» сыныбынан - Насрадинова Динара

10 «а»сыныбынан - Тәуекел Айгерім

10 «б» сыныбынан - Ештаева Айдана

9 «б» сыныбынан - Төреханова Аида

9 «в» сыныбынан - Түбекбаева Дильяром

Жүр. ІІ. Сайыскерлер ортада, енді әділ-қазылар алқасымен

таныстырайық:

1. Абдазиева Г.М. - мектеп директоры

2. Әшекова Б.Ә. - мектеп директорының оқу-тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары;

3. Қойшыбаева М.Т. - мектеп директорының оқу-тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары;

4. Рахымшаева С.Б. - мектеп директорының оқу-тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары;

5.Саменова Ш.Р. - мектеп директорының оқу-тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары;

6. Қыстаубекова Б. - технология пән мұғалімі, мектеп

ардагері;

hello_html_m306a2859.jpg



Жүр. І. Сайыс болған соң, сайыскерлердің реттік номері де

болмақ.

Жүр. ІІ. Сайыскерлерімізге рет номерлерін табыс етейік:

Жүр. І. Сонымен, 1-айналым – үй тапсырмасы бойынша «Жастар

келбеті» киім үлгілерімен таныстыру:

Жүр. ІІ.

hello_html_m4b0b838.jpg

1, №2, №3, №4, №5, №6, №7.

Жүр.І. ІІ-ші айналым: «Блиц-тур» (сұраққа бірден жауап)

Жүр.ІІ. (сұрақ дайындап, жауаптарын алады)

Блиц-турнир

  1. Саяхаттың қандай түрін ұнатасың? Неліктен?

  2. Мектепте қандай сабақ сені қызықтырады? Неге?

  3. Ырымға сенесің бе?

  4. Қандай мамандықты ұнатасың? Неліктен?

  5. Мектепте мерекелік кеш. Аяқ астынан аяқ киіміңнің өкшесі сынып қалды? Не істер едің?

  6. Жылдың қай мезгілін ұнатасың? Неге?

  7. Саған гипноз жасаймыз десе келісесің бе? Неге?

Жүр.І. ІІІ-айналым әуез ырғағына сайыскерлеріміздің қабілеттілігін байқау.

Жүр.ІІ. «Маэстро» - музыка!

hello_html_m6bbfb997.jpg

Жүрг.І. Алғашқы 3 айналымымыз аяқталды, келесі айналымға шығу үшін, сайыскерлерімізді шығарып салайық.

Жүрг. ІІ. Қыздардың «Жастар келбеті» киім үлгілері маған қатты ұнады.

Жүрг. І. Сен киімнің қандай түрлерін білесің?

Жүрг. ІІ. Спорттық, мерекелік.

Жүрг. І. Дұрыс айтасың, сонымен бірге классикалық, үй киім түрлері, романтикалық киімдер болып келеді. Енді осы сайыскерлердің жанкүйерлері де бүгінгі кешімізге құралақан келген жоқ.

Жүрг. ІІ. Аталған киім үлгілерін өз қалауларында көрсетпекші және ол киім үлгілері бағаланады.

Жүрг. І. Қарсы алайық:

11 «а»

11 «б»

11 «в»

10 «а»

10 «б»

9 «б»

9 «в»

hello_html_m7d1056b5.jpg


Жүрг.ІІ. Өте керемет! Әртүрлі киім үлгілерінің куәгері болдық.

Жүрг. І. Жақсылық, енді сайыскерлеріміздің қандай киім үлгілерінде шыққанын қалар едің?

Жүрг. ІІ. М.м.м. Кешкі киім үлгілерінде шықса дер едім.

Жүрг. І. Сонымен, сайысымыздың ІV-айналымы. Сайыскерлеріміз «Мерекелік киім үлгілерінде шығуын қарсы алайық».


hello_html_36ae8df3.jpg



hello_html_m231ab0c.jpg


Жүрг. І. Әділ-қазылардың бағасы.

Жүрг. ІІ. Роза апай, қыздарды тіпті танымай қалдық қой! Барлығын да биге шақырғым келіп тұрғаны?!

Жүрг. І. Би патшасы «Вальс» дейді. V-айналым «Би».


hello_html_m5ba766f0.jpghello_html_m26a70b6b.jpg


Әділ-қазылар бағасын тыңдайық.

Жүрг. І. Сайыскерлерімізді келесі айналымға шығуға шығарып салайық.

Жүрг. ІІ. Енді қыздар бізді немен таңдандырар екен?

Жүрг. І. Енді жанкүйерлер әртүрлі мата емес материалдан құрастырылған «фантазиялық» киім үлгілерімен ортаға шықпақ.

Жүрг. ІІ. Қарсы алайық! «Фантазия» киім үлгілері.


hello_html_m3774d34c.jpghello_html_m6bb75b87.jpg


Жүрг. ІІ. Соншалықты әр қилы киімдерді қалай тамаша қиялмен әзірлеген. Бірінен-бірі өтеді.

Жүрг. І. Ал енді сайыскерлеріміз де даяр болып қалған шығар.

Жүрг. ІІ. Осындай материалдардан қазақша киім жасауға болады ма?

Жүрг. І. Әрине.

Жүрг. ІІ. VІ-айналым «Қазіргі киім үлгілері қазақтың ұлттық элементімен».

Жүрг. І. Қарсы алыңыздар!

hello_html_m2f7b3907.jpghello_html_m4767e233.jpg



hello_html_34d0d550.jpghello_html_393319c9.jpg

Жүрг.ІІ. Мен өзімді үлкен бір мерекеде тұрғандай сезініп тұрмын. Қыздардың қиялыеда шек жоқ екен! Қол соғып демеушілік жасап қояйық, достар!

Жүрг.І. Мінекей, соңғы VІІ-айналым да келіп қалды. Қазақтың салт-дәстүріне сай сұрақтарымызға тиісті жауаптарын алсақ деймін.

Сұрақтарды Рүстем падноста таратады.

Жүрг. ІІ. Орынды жауаптарды алдық, ал енді сөз әділ-қазылар алқасында.

Жүрг. І. Барлық қиын сәттер артта қалды. Енді меткебіміздің топ-моделі кім болды екен?

Жүрг. ІІ. Бұл сұрақтың жауабын, әрине, әділ-қазылар алқасынан аламыз.

«Грация» топ-модель сайысының жеңімпазы 11 «а» сынып оқушысы Нұрпейісова Фариза.

hello_html_11767959.jpghello_html_m3774d34c.jpg



hello_html_m7d1056b5.jpghello_html_m6a9c798e.jpg

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 19.02.2016
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров72
Номер материала ДВ-469984
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх