Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Графикалық редакторында сурет салу

Графикалық редакторында сурет салу



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Графикалық редакторында сурет салу

(Кіріктірілген информатика және бейнелеу өнері пәндерінен)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың графика туралы түсініктерін

кеңейту,графикалық тәсілмен сурет салу туралы түсінік беру.


Дамытушылық: Логикалық ойлауға, шапшаңдыққа баулу және шығармашылықпен айналысуға бағыт беру арқылы дамыту;


Тәрбиелілік: Үнемділікке,ұқыптылыққа, төзімділікке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық. слайд,интеракттивті тақта.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру .

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Сергіту сәті.

  5. Тапсырмаларды орындау

  6. Сабақты бекіту.

  7. Бағалау.

  8. Үйге тапсырма беру.

1. Ұйымдастыру.

2. Үй тапсыРмасын сұрау.

  • Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  • Бейнелеу өнерінің жетекші ролінде кімдер тұрды?

  • Қазақстанда бейнелеу өнері неге кәсіптік өнерге жатпады?

  • Графика қандай ұғымды білдіреді?

  • Сызба түрлерін ата?

  • Графикалық тәсілдермен жұмыс жасаған атақты суретшілер?

  • Қазақстандық суретшілер?

  • Алгоритмнің типтерін ата ?

  • Компьютердің негізгі құрылғыларын ата?

  • Еңгізу құрылғыларына не жатады?

  • ҚТЕ түрлері?

  • Документті қалай сақтаймыз?

  • Қапшықты қалай құрамыз?

3. Жаңа сабақ:

Бейнелеу өнері пәні мұғалімі:

ГРАФИКА- бейнелеу өнерінің бір түрі.(сурет салу,жазу мен сызу).

Оған қолмен салынған суреттер де жатады.

Литографика,гравюра,кислография түрлері туралы түсінік беру.

Информатика пәні мұғалімі:

ДК-нің мәтіндік те, графикалық та ақпаратты өңдеу мүмкіндігі барРаіnt графикальщ редакторы дегеніміз не? Бұл редактор растрлық бейнелермен (көптеген бөлек түрлі-түсті нүктелерден - пикселдерден тұратын) жұмыс істеуге арналған, сондықтан әрбір суретке қатаң анықталған орын беріледі (өлшем). Сонымен бірге бекітілген түстер саны қолданылады.

Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға

арналған.

Редактор:

  1. Құрал-саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;

  2. Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;

  3. Суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;

  4. Бар графикалық объектілерді түзетуге;

  5. Схемаларды сызуға жәнс т.б. мүмкіндік береді.

Раіnt бағдарламасын іске қосу. Пуск => Программы => Стандартные =>

Графический редактор Раіnt

Редакторды жүктегеннен кейін экранда әдеттегідей, тақырып жолынан, меню мен жұмыс үстелінен тұратын терезе пайда болады. Менюді пайдалана отырып, терезеде құрал-саймандар тақтасын, палитраны және қалып-күй жолын жарықтандыруға болады. Егер жұмыс ортасының өлшемі терезе өлшемінен үлкен болып берілсе, онда жұмыс ортасының төменгі және оң жақтарында айналдыру жолақтары пайда болады. Қалып күй жолында меңзердің пикселдердегі координаттарын байқауға болады.

hello_html_m6a17d50b.png

Тақырып жолы

hello_html_m4499e811.gif

hello_html_m5ccb81ba.gif

Меню жолы



Сурет салу алаңы


hello_html_m441d7c7e.gif

Түстер палитрасы ы


Құралдар жиыны


hello_html_m8179569.gif


Бейнелеу өнері пәні мұғалімі:

СУРЕТ САЛУ КЕЗЕНДЕРІ

Құрал-саймандар тақтасы жұмыс аймағының сол жағында орналасады және онда мынандай құрал-саймандар бар:

суреттің ерікті аймағын белгілеу;

  • суреттің тік төртбұрышты үзіндісін белгілеу;

  • суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған өшіргіш;
    — тұйық контурды құю;

  • суреттен түс таңдау;

экрандағы бейненің өлшемін өзгертуге арналған масштаб;

жіңішке сызықтарды сызуға арналған қарындаш;

ерікті сызықтарды сызуға арналған кисть (қылқалам);

түрлі түсті нүктелерді салуға арналған бүріккіш;

мәтінді енгізу мен қалыптастыруға арналған жазу (әріптердің пішіні мәтін

атрибуттарының тақтасының көмегімен өзгертіледі, ол меню арқылы

шақырылады);

түзу сызықтарды салуға арналған сызық;

  • қисық сызықтарды салуға арналған қисық (алдымен түзу сызық саламыз, содан

кейін екі рет сызық қисықтығын береміз, бұл маустың сол жақ батырмасын басып жылжыту арқылы орындалады);

  • тікбұрыш, көпбұрыш және эллипс - қажет фигураны салуға мүмкіндік беретін

құрал-саймандар, фигура дұрыс салынуы үшін (шаршы, шеңбер) маусты

жылжытқанда Shift пернесін басып ұстау керек.

салынған кескінді болдырмау үшін Сtrl+Z пернесін басу керек.

Информатика пәні мұғалімі:

Палитра.

Палитра жұмыс аумағынан төмен орналасқан және түсnер жиынтығъшан басқа (түрлі түсті шаршылар), негізгі және фонның түстерін көрсететін түс индикаторы бар. Түстер маус батырмасын қажетті түсте басу арқылы таңдалынады. Оң жақ батырмамен — фонның, ал сол жақ батырмамен негізгі түсті тандаймыз. Өшіргіш кескінді фон түсімен өшіреді. Тікбұрыш, көпбұрыш және эллипс тандалған режімге байланысты, фон түсімен боялуы мүмкін. Палитраны өзгерту үшін, оған маустың оң жақ батырмасымен екі рет шерту керек.

Сурет салу тәсілдері.

Маустың сол жақ батырмасын басу арқылы құрал тандаймыз. Егер қажет болса, сызықтар калыңдьғын, түсін, оның конфигурациясын немесе қажет режімді, мысалы, эллипсті таңдаймыз. Маустың сол жақ батырмасын басып отырып, сурет саламыз. Мәтінді енгізгенде алдымен жазу, қаріп, оның өлшемі және басқа атрибуттары орналасатын жерді белгілейміз.

Меню.

Меню алты пункттен тұрады, оларды маустың батырмасын басу арқылы тандауға болады. Менюдің әр пункті созылған бағыныңқы менюден тұрады. Меню арқылы терезенің түрін, жұмыс аймағының өлшемін өзгертуге, суреттің бөлігін көбейтуге, суреттің белгіленген бөлігінің түсін өзгертуге, еңкеюін ауыстыруға, суретті сақтау немесе қалпына келтіруге, суреттің экранға беру режимін өзгертуге (масштаб), суреттің бір бөлігін көшіруге және оны алмасу буферінде сақтауға (ақпаратты уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы аймағы) болады.


Бhello_html_530683bf.gifейнелеу өнері пәні мұғалімі:

Графикалық сурет салу реті:











hello_html_371aa998.gifhello_html_70e3101f.gifhello_html_m2d4ddf0e.gif

4. Сергіту сәті

5. Сарамандық жұмысты орындау (Құстар мен аңдардың суретін салу)

6. Сабақты бекіту «Ойлан,тап!»

( Интерактивті тақтамен жұмыс )

  1. Графикалық ақпаратпен жұмыс істеу үшін графикалық редактор бағдарламасы қолданылады.

  2. Палитрада 20 түс бар.

3. Графикалық редакторында өшіргіш, қылқалам, қарындаш,түстер жиынтығы ,құю құралы т.б құралдар бар.

4. Сызбаның 3 түрі бар .

5. Графиканың ең қарапайым түрі қарындашпен жұмыс жасау.

6. Графиканың әрлеу жұмыстары дақ, штрих, нүктелер

7. БАҒАЛАУ

8. ҮЙге тапсырма: 1. Бейнелеу өнері пәнінен: оқулықтағы 43-47 беттерді оқу

2. Информатика пәнінен: ДК- де «Елін сүйген- елбасы» атты тақырыпта сурет салу.

Ескертпе: Уақыт қалса «Адасқан сөздерді» табу!


Қ

А

Б

К

І

Ү

А

Л

Р

Ү

Р

Т

К

Р

Ы

Ғ

Қ

А

Н

І

Ы

Ш

А

Ы

Ю

Я

Н

С

Т

А

У

Қ

О

А

Т




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 22.01.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров87
Номер материала ДВ-367575
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх