Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Графикпен жұмыс БіріктіруБеттерді форматтау Мәтінді іздеу, алмастыру, өту
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Графикпен жұмыс БіріктіруБеттерді форматтау Мәтінді іздеу, алмастыру, өту

библиотека
материалов

hello_html_m4b75a8d4.gifhello_html_m4b75a8d4.gif« Бекітемін»

Ө/о жөніндегі директор

орынбасары: Насипов Е.Г


Өндірістік оқыту сабағының жоспары

Күні: __________

Топ: №41 ЭЕМ операторы

Сабақ тақырыбы: Графикпен жұмыс БіріктіруБеттерді форматтау

Мәтінді іздеу, алмастыру, өту

Параметр қауіпсіздігі Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

Білімаралық:

Қарапайым графикалық элементтерді салу, автофигураны енгізу, жақтау (Рамка) ішіне мәтін енгізу, мәтінге салынған суретті форматтау ( бұру, түзету, толықтыру, топқа біріктіру, топтан шығару ) іс-әрекеттерін орындап үйрену.

Тәрбиелік:

-Оқушылардың бірін – біріне дегенкөз қарастарын арттыру;

-Компьютерлік кабинеттегі құрылғыларды кутуге және білуге, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу;

-Адал еңбек ету әдептерін қалыптастыру;

-Тәртіптілікке, уақытты үнемді жұмсауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:

-Теория сабағында жасалған дәрістерін өндірістік оқыту сабағында қолдану,

-Пәнге деген қызығушылығын артыру,

-Оқушылардың ойлау қабілетін артыру,

- Тиісті, бір қалыпты жүйеде жұмыс жасауды үйрену,

-Өз ойларын жеткізе білуге үйрету,

-Берілген тапсырмаларды орындауда шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Сабақтың материалды-техникалық жабдықтары: Дербес компьютер, нұсқаулықтар, өздік жұмыстар

Пән аралық байланыс: математика, бағдарламалық жабдықтама


I. Ұйымдастыру қезеңі: (оқушылармен амандасу, қатысуын тексеру, оқушылапрдың сабаққа дайындығын тексеру (киімнің с/тға сәйкес болуын, жеке бас гигиенасын тексеру, күнделігінің болуы)


Өткен тақырыпты қайталау:


1. Кесте қандай элементтерден тұрады? Мәтін ішіне кестені қалай енгізуге болады?

2. Кестенің бағанасы, қатары қалай белгіленеді?

3. Жазылған мәтінді кесте ішіне қалай енгізуге болады?

4 Кесте ішіндегі мәтінді басқа орынға қалай көшіреді?

5 Кестені автоматты түрде қалай форматтауға болады?

6. Бағана, қатар өлшемдерін қалай өзгертуге болады?

7. Кестенің бағаналары енін бірдей жасауға бола ма? Қатар биіктіктерін ше?

8. Тор сызықтар көрінбейтіндей етіп жасауға бола ма? Ол не үшін қолданылады?




II. Кіріспе нұсқау:

  1. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау

  2. Теория сабақтарындағы біліміндерін бекіту

1. Қарапайым графикалық элементтерді салу

Қарапайым графикалық элементтерді (түзу сызық, қисық сызық, дөңгелектер, іші боялған, боялмаған көпбұрыштар, т.б. геометриялық фигуралар) Word құрамындағы графикалық редактордың көмегімен салуға болады. Сурет салатын элементтермен тек редактордың парақ беттерін белгілеу режимінде ғана жұмыс істеуге болады. Word программасы сурет салу тәртібін енгізісімен осы режимге автоматты түрде ауысады. Әртүрлі геометриялық фигураларды сызу үшін қосымша Сурет саймандар тақтасы пайдаланылады. Бұл саймандар тақтасында сурет салуға және графикалық объектілердің барлық түрін басқаруға, форматтауға арналған саймандар орналасқан. Осы саймандар тақтасын экранға шығару үшін Түр  Сурет командасын орындаймыз немесе стандартты саймандар тақтасындағы hello_html_b8789d3.png сурет батырмасын шартеміз.

hello_html_m60040c5c.png

6.1-сурет. Сурет саймандар тақтасы


Кәдімгі түзу сызықты сызу үшін Сурет саймандар тақтасындағы hello_html_m5b4c6562.png Сызық батырмасын шерту керек. Егер сызықтың түрін таңдау қажет болса, Автофигуралар батырмасын шертіп, қажетті сызық түрін көрсеткеннен кейін курсорды жұмыс алабында жылжыта отырып, таңдаған сызықты саламыз. Сызықтың иілу бұрышы 15 градусқа қысқару үшін курсорды жылжыту кезінде SHIFT пернесін, ал сызық бастарқы нүктеден екі жаққа бірдей сызылу үшін CTRL пернесін басылуы күйде ұстау қажет.

Дөңгелектер мен эллипстерді салу. Ол үшін эллипс бейнесі тұрған батырманы шертіп, сосын курсорды бастапқы нүктеге орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап тұрып, эллипсті қажетті мөлшерге дейін үлкейту керек. Осы әрекетті орындау кезінде эллипс центрі де жылжытылып отырады, оны бір нүктеге бекітіп алу үшін салу кезінде Ctrl пернесін басып ұстап тұрса болғаны. Шеңбер салу үшін, өлшеме кезінде Shift пернесін жібермей ұстап тұру керек, оның да центрін жылжытпай бекіту мақсатында Ctrl және Shift пернелерінің екеуін де жібермей ұстап тұруға болады.

Тік төртбұрышты тұрғызу үшін алдымен оның бейнесі тұрған батырманы сырт еткізіп, содан кейін курсорды тіктөртбұрыш төбелерінің біріне сәйкес келетін нүктеге апарып тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны жібермей ұстап тұрып тіктөртбұрышты толық етіп салу керек. Ctrl пернесін басып тұрып тіктөртбұрыштың центрін белгілі бір орынға бекітуге болады. Ал квадрат салу үшін, оны салу барысында Shift пернесін басулы күйде ұстап тұру қажет. Алдыңғы жолдардағыдай Ctrl және Shift пернелерінде бірдей қолдануға болады.

Кез келген көпбұрыш оның бейнесі салынған батырма көмегімен салынады. Курсорды көпбұрыштың бір төбесіне орналастырып алып, сол жақ батырманы жібермей ұстап тұру арқылы көпбұрыштың бір қабырғасын саламыз. Көпбұрыштың келесі төбесін анықтау үшін тышқанды шертіп, одан ары келесі қабырғаны салуға болады. Shift пернесі көпбұрыш қабырғасының горизонтпен жасайтын бұрышын тұрақты етіп ұстап тұруға мүмкіндік береді. Соңғы қабырғаны өшіріп қайта сызу үшін BackSpace пернесін қолдануға болады. Соңғы төбені алғашқы төбемен дәл түсіру үшін Esc пернесін басу керек, сонда олар автоматты түрде бір нүктеде түйіседі

2. Автофигуралар енгізу

Сурет саймандар тақтасындағы Автофигуралар батырмасын қолдана отырып әртүрлі фигураларды автоматты түрде енгізу мүмкіндігі бар. Бұл менюдің құрамында сызықтан басқа негізгі фигуралар, фигуралық бағыттауыштар, блок-схемалар, жұлдызшалар мен ленталар, түсіндірмелер (выноски) деген әрқайсысы бірнеше саймандардан тұратын командалық жолдарбар. 6.2- суретте көрсетілген кез келген фигураны Автофигуралар батырмасын шертіп, қажетті фигураны таңдаған соң экрандаhello_html_m463d211f.pnghello_html_mc04c37.png

тышқан батырмасын басулы күйінде жылжыту арқылы сала аламыз. Ал, Жұлдызшалар және ленталар тізімінен суретте көрсетілген бейнелерді экранға шығарып отырып көлемін

ұлғайтып ішіне мәтін жазу мүмкіндігі бар.

hello_html_5a8e07c9.pnghello_html_63968b73.pnghello_html_m56444d23.png




6.2-сурет. Автофигуралар тізімі

Түсіндірмелер тізіміндегі фигураларды пайдаланып, кез келген суретті немесе кестені т.б. нұсқай отырып түсіндірме жазуға болады.

Қисықты сызу үшін Автофигуралар-Сызықтар командасын орындап, Қисық сайман таңдаймыз да сызықты бастайтын орында тышқанды бір рет шертеміз, одан кейін курсорды жылжыта отырып келесі ұштары тұратын жерлерді шертеміз. Қисықты тұйықталмаған күйінде қалдыру үшін оның кез келген нүктесінде тышқанды екі рет шертеміз. Ал тұйықтау үшін тышқан батырмасын сызық басталған нүктеде екі рет шертеміз.

Сондай-ақ, Сурет саймандар тақтасында орналасқан Автофигуралар менюіндегі Салынған қисық hello_html_a101425.png (Рисованная кривая) Көпсызық (Полилиния) hello_html_m44ac4587.png саймандарының көмегімен әртүрлі сызықтар және біріктірілген формалар салуға болады. Салынған сызықты өзгерту үшін, суретте тышқанды екі рет шерту арқылы белгілеп алған соң жанама менюдің Түйіндерді өзгертуді бастау hello_html_1bc4baeb.png командасын қолданамыз. Түзу және қисық сызықты кесінділерден тұратын объектіні салу үшін Автофигуралар Сызықтар Көпсызықтар hello_html_65a034e2.png батырмаларын шертеміз. Қисық сызықты кесінділерді тасымалдау жолымен салған өте тиімді. Автофигура батырмасының көмегімен көрнекі түрдегі блок-схемаларды салу әрекетін өте оңай огрындауға болады. Автофигуралар тізімінен қажетті блоктарды таңдап аламыз да, оларды бағыттауыштармен жалғастырамыз. Ал блоктардың ішіне жақтау енгізіп, оған мәтін жазуға болады.


Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау (ТҚ журналға қол қою)

Тәжірибелік әдістерді өндірістік/оқыту шеберінің көрсетуі

Оқушылардың өзіндік жаттығу жұмыстарын бір неше рет қайталап орындауы

Оқушылар жұмыс орындарында, жұмыс істеу кезінде, техника қауіпсіздік ережелерін сақтауың қадағалау.

Жұмыстың ауқымын топ бөлігіне бөліп беру, жұмыс орындарын бөлу.

III. Ағымдағы нұсқау:

  1. Оқушылардың өзіндік жұмыстары

  2. Оқушылардың жұмыс орындарын аралау: тапсырмалардың дұрыс орындалуын бақылау, қауіпсіздік техникасын сақтау, жұмыс орындарын ұйымдастыру.

  3. Орындалған жұмыстарды қабылдау және бағалау.

  4. Жұмыс орындарын тазалау.

  5. Тақырыпты қайталау

ІV. Қорытындысын нұсқау:

Сипатты қателіктерін анықтау

Баға қойып, оқушыларға қорытындысын хабарлау

Үй тапсырмасы



Өндірістік шебері: Рахимгалиев Тимур Шынбулатович


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

« Бекітемін»

Ө/о жөніндегі директор

орынбасары: Насипов Е.Г

Өндірістік оқыту сабағының жоспары

Сабақ тақырыбы: Графикпен жұмыс БіріктіруБеттерді форматтау

Мәтінді іздеу, алмастыру, өту

Параметр қауіпсіздігі Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

Білімаралық:

Қарапайым графикалық элементтерді салу, автофигураны енгізу, жақтау (Рамка) ішіне мәтін енгізу, мәтінге салынған суретті форматтау ( бұру, түзету, толықтыру, топқа біріктіру, топтан шығару ) іс-әрекеттерін орындап үйрену.

Тәрбиелік:

-Оқушылардың бірін – біріне дегенкөз қарастарын арттыру;

-Компьютерлік кабинеттегі құрылғыларды кутуге және білуге, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу;

-Адал еңбек ету әдептерін қалыптастыру;

-Тәртіптілікке, уақытты үнемді жұмсауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:

-Теория сабағында жасалған дәрістерін өндірістік оқыту сабағында қолдану,

-Пәнге деген қызығушылығын артыру,

-Оқушылардың ойлау қабілетін артыру,

- Тиісті, бір қалыпты жүйеде жұмыс жасауды үйрену,

-Өз ойларын жеткізе білуге үйрету,

-Берілген тапсырмаларды орындауда шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Сабақтың материалды-техникалық жабдықтары: Дербес компьютер, нұсқаулықтар, өздік жұмыстар

Пән аралық байланыс: математика, бағдарламалық жабдықтама

I. Ұйымдастыру қезеңі: (оқушылармен амандасу, қатысуын тексеру, оқушылапрдың сабаққа дайындығын тексеру (киімнің с/тға сәйкес болуын, жеке бас гигиенасын тексеру, күнделігінің болуы)

Өткен тақырыпты қайталау:

1. Кесте қандай элементтерден тұрады? Мәтін ішіне кестені қалай енгізуге болады?

2. Кестенің бағанасы, қатары қалай белгіленеді?

3. Жазылған мәтінді кесте ішіне қалай енгізуге болады?

4 Кесте ішіндегі мәтінді басқа орынға қалай көшіреді?

5 Кестені автоматты түрде қалай форматтауға болады?

6. Бағана, қатар өлшемдерін қалай өзгертуге болады?

7. Кестенің бағаналары енін бірдей жасауға бола ма? Қатар биіктіктерін ше?

8. Тор сызықтар көрінбейтіндей етіп жасауға бола ма? Ол не үшін қолданылады?

Автор
Дата добавления 20.01.2015
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров378
Номер материала 322625
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх