Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / "Грамматика әлемінде" интеллектуалды ойын
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

"Грамматика әлемінде" интеллектуалды ойын

библиотека
материалов

«Грамматика әлемінде» интеллектуалды ойыны.

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейлерін пысықтау, ізденуге үйрету. Сөйлеу қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын арттыру.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар. Сіздерді 9 сыныптар арасында өтетін « Грамматика әлемінде» атты интеллектуалды ойынды тамашалауға шақырамыз.

Ойынның бірінші шарты: « Кел, танысайық!».

Қазір әр топ өзінің атымен таныстырады.(топтың аты мен ұраны)

Сахнаға « Білімділер» және « Тапқырлар» топ мүшелері шақырылады.

Ойын қорытындыларын шығару үшін әділ қазылар алқасы сайланады.

1 кезең – Бәйге. Әр топқа 10 сұрақ қойылады, бұл сұрақтарға оқушылар 2 минут ішінде жауап беруге тиіс. Әр сұраққа бір ұпай беріледі.

1 топ – « Білімділер» командасына қойылатын сұрақтар:

  1. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай неше түрге бөлінеді?

  2. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін атаңыздар.

  3. Жақсыз сөйлемде ....... болмайды, болуы да мүмкін емес.

  4. Бастауыш пен баяндауштан ғана құрылған сөйлем ...... деп аталады.

  5. Шылау сөздердің неше түрі бар? Олар ......

  6. Бір сұраққа жауап беріп, бір ғана мүшемен байланысатын екі не одан да көп мүшелер қалай аталады?

  7. Екі түбірден жасалған күрделі сөздер қалай аталады? Мысалы: Теміртау, итмұрын.

  8. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

  9. Біреудің сөзінің бұлжытпай, өзгеріссіз берілуі - .... деп аталады.

  10. Салалас құрмалас сөйлем түрлерін атаңыздар.

2 топ – «Тапқырлар» командасына қойылатын сұрақтар.

Тұрлаулы мүшелермен бірге тұрлаусыз мушелері де бар сөйлем - ..... деп аталады.

  1. Одағайдың неше түрлері бар? Шақыру одағайларға мысал келтіріңіздер.

  2. Қазақ тіліне тән неше дауыссыз дыбыстар бар?

  3. Екі кісінің бір – бірімен тікелей сөзі .... деп атылады.

  4. Не, немесе, я, яғни, әлде, бірде жалғаулықтары қолданылатын құрмалас сөйлем - .....

  5. Одағайға қатысты қолданылатын тыныс белгілері - .....

  6. Екі жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем .... деп аталады.

  7. Бірде, бірессе, кейде жалғаулықтары қолданылатын құрмалас сөйлем

  8. Жай сөйлем түрлерін атаңыздар .

  9. . Қазақ тілінде жалғаулардың неше түрі бар?

10) Тұрлаулы мүшелермен бірге тұрлаусыз мушелері де бар сөйлем - ..... деп аталады 2 кезең –Полиглот Әр командаға шашылған сөз беріледі, бұл сөздердің әріптерінен жаңа сөздерді шығару керек.

1 команда – « Табиғатпен »

2 команда – «Тәуелсіздік »

Әділ қазылар алқасына сөз.



3 кезең – Көкпар. Әр команда сұрақтарды таңдап алады.

  1. « Өнер адамдары ».

  2. « Қоғам қайраткерлері ».

  3. « Тарихи тұлғалар».

  4. « Егеменді Қазақстан».



« Өнер адамдары »

  1. 1925 жылы Парижде « Ағаш аяқ «, « Жалғыс арша» әндерін орындаған әнші.

  2. Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салған суретші.



«Қоғам қайраткерлері ».

  1. «Невада – Семей» қозғалысын басқарған атақты ақын.

  2. Ғарышқа ұшқан екінші қазақ ғарышкері.

«Тарихи тұлғалар».

  1. Кіші жүздің ,орта жүз,ұлы жүз билері.

  2. Қазақ хандығының билеушілерін атаңыздар.



«Егеменді Қазақстан»

  1. « Ата Заң» қай жылы қабылданған?

  2. Елбасының «Қазақстан-2030» Жолдауы қай жылы жарияланды?



4 кезең – « Капитандар сайысы ».

Әр капитанға 10 сұрақ қойылады. Бір сұраққа 1 ұпай беріледі.

« Білімділер » капитанына берілетін сұрақтар.



  1. « Үстеу» қалай аударылады?

  2. Жинақтау сан есімнің жұрнақтарын атаңыз.

  3. Етістіктін райларын атаңыз.

  4. « Достық » сөзіндегі қосымшаны атаңыз.

  5. Күнпарақ неше күннен тұрады?

  6. « Музыканың ұлы кітабы » кімнің еңбегі?

  7. Зат есімнің мағынасына қарай түрлері.

  8. « Алфавит » термині шыққан тілді атаңыз.

  9. Сын есімнің шырайларын атаңыз.

  10. Қыстырма сөздерге мысал келтіріңіз.

« Тапқырлар » капитанына берілетін сұрақтар.

  1. Үндестік заңының неше түрі бар?

  2. « Деепричастие » сөзінің аудармасын беріңіз.

  3. Роман жазатын адам кім?

  4. Болымсыз етістік жұрнақтарын атаңыз.

  5. Көсемше қай сөйлем мүшесі болады?

  6. Сын есімнің мағынасына қарай түрлері.

  7. Септеуліктерге мысал келтіріңіз.

  8. Жатыс септік қандай сұрақтарға жауап береді?

  9. « Пырақ » сөзі қалай аударлады?

  10. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар.

5 кезең – « Мақал – мәтел » сайысы. Әр мақалға бір ұпай беріледі.

Мақалды дұрыс толықтырыңыз.

  1. Еңбек түбі - ....

  2. Еңбексіз өмір - ....

  3. Бірлік болмай - ....

  4. Басқа пәле - .....

  5. Оқу -білім бұлағы, - ......

  6. Елдің көркі- елімен, отан көркі - .....

  7. Дос жылатады, дұшпан - .....

  8. Еңбектің наны ....., жалқаудың жаны.....

  9. Тау мен тасты су бұзады, адамзатты.... бұзады.

  10. Жеті рет өлшеп, ....рет кес.

6 кезең – « Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына әр топ бір-біріне 10 сұрақтар құрастырыңыздар? Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.













« Грамматика әлемінде »

интеллектуалды ойыны.















Дайындаған: Аманова.Б.А.

Ақсу 2014 жыл

7 кезең Ребусты шешейік. Х ,hello_html_4205d8ff.png hello_html_1ac828.png , h, hello_html_m3fe738f7.png, ,10ы



Общая информация

Номер материала: ДБ-032471

Похожие материалы