Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыГрамматиканы оқытудағы тиімді ойын түрлері (Әдістемелік нұсқаулық)

Мәтінмен жұмыс жасау түрлері мен әдістері

Файл будет скачан в форматах:

  • pdf
  • docx
104
2
21.04.2025
«InfoLesson»‎

Материал разработан автором:

Садыханова Гульмира Тулуевна

"Мәтінмен жұмыс жасау түрлері мен әдістері" мақала қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне өз жұмыстарында қолдануға болады. Мақалада мәтінмен жасаудың тиімді әдістері көрсетілген. Педагогтер үшін қосымша әдістемелік құрал.

Краткое описание методической разработки

"Мәтінмен жұмыс жасау түрлері мен әдістері" мақала қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне өз жұмыстарында қолдануға болады. Мақалада мәтінмен жасаудың тиімді әдістері көрсетілген. Педагогтер үшін қосымша әдістемелік құрал.

Грамматиканы оқытудағы тиімді ойын түрлері (Әдістемелік нұсқаулық)

Скачать материал

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік

педагогикалық институты

 

Описание: Логотип Ц
 

 

 

 


Грамматиканы оқытудағы тиімді ойын түрлері

(Әдістемелік нұсқаулық)

 

 

 

 

 

 

Арқалық, 2016

          Бұл әдістемелік құрал оқушыларға ағылшын тілі сабағында грамматиканы жетік меңгеру мақсатында жасалынған. Грамматикалық жаттығулар жинағы жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілі сабағында қолдануға ұсынылған.

 

 

 Құрастырушылар:

 

Базарбаева Жанат

Бериковна –                                        

Ы.Алтынсарин атындағы                                                          Арқалық мемлекеттік                                                        педагогикалық институтының 5В011900 «Шетел тілі: екі шет тілі»                                                          мамандығының 4 курс студенті                                                 

 

Анапин Е.Х. –                                           

ғылыми жетекші, қазақ тілі, орыс                                                            тілі практикалық курсы және                                                        шетел тілідері кафедрасының

аға оқытушысы

 

 

      Грамматикалық ойындар. Шет тілін оқыту әдістемесінде грамматиканы оқытудың тиімді әдістерінің бірі – ойын әдісі екені мәлім. Ойын - білім берудің ең көне нысаны болып табылады, өйткені қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды, ойыншыларға өздерін оқу үрдісінің субьектісі ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Грамматикалық ойындардың мақсаты – қиындық туғызатын нақты бір грамматикалық тақырыптар бойынша ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға бірліктерін дамыту, қайталау.

Грамматиканы үйрену кезінде оқушыларды ойын  барысында бақылаған Бельгиялық  бизнесмен “It isn’t silly  at all” - “Бұл мүлдем ақымақтық емес” деп өзінің  таң қалғандығын білдірген екен, сол сияқты ойын процесі бір уақытта тиімді  әрі қызықты  болуы мүмкін. 

       Қытай  даналығында: «Маған айтсаң, мен ұмытып қаламын; маған көрсетсең, мен есімде сақтаймын, ал өзіме әрекет жасауға мүмкіндік берсен, мен үйренемін» деп айтылғандай, біз  балаға бір ақпаратты тек  айтып  қана  қойсақ, ол ұмытып  кетуі  мүмкін, көрсетсек  есінде  қалуы  мүмкін, ал ойын  үрдісінде баланың  іс-әрекетті өзіне  жасауға  мүмкіндік  берсек, баланың сабаққа тез бейімделіп,тақырыпты жеңіл үйреніп  кетуі  әбден  мүмкін.

Граматикалық ойындар мынадай мақсаттарды қамтамасыз етеді:

–оқушылардың грамматикалық білімді практикалы түрде меңгертуін қамтамасыз ету;

грамматикалық қиындықтар  тудыратын материалды  сөйлем үлгілері арқылы оқушыларға үйрету;

– грамматикалық сөйлем үлгілерін шынайы түрде қолданып, автоматты түрде қолдануға бейімдеу;

 – оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру.

Бұл жинақта әр түрлі деңгейлік ойындар ұсынылған. Ойындар бастауыш сынып оқушыларына және орта буын оқушыларына арналған.

 

 

 

 

 

Бастауыш сынып оқушыларына арналған грамматикалық ойындар

Ойын:My Family (1-сынып)

 

Мақсаты: Отбасы жайлы білімдерін тиянақтау. Грамматика бойынша "Тhis is...." құрылымын бекіту.

Ойын шарты: балалар саусақтарына қуыншақтарды киіп, отбасы мүшелерін атайды: This is my grandmother, This is my brother, This is my sister. How I love them all.

 

Ойын: " My pet "

Мақсаты: Лексикалық сөздерді қайталау, грамматика бойынша "I have" құрылымын жетік меңгеру.              

Ойын барысы: Балалар үйлерінен алым келген ойыншық жануарларын қолдарына алып, бір- біріне қарама-қарсы отырып, монолог жасайды. Мысалы:"Hello! My name is Miras. I have a rabbit". Оқушылардың барлығы қолдарындағы ойыншықтарды грамматикалық құрылым бойынша атап береді.

Ойын:«What’s this?»  

                                                                                    Мақсаты: “to be” етістігін жаттықтыру
Ойын барысы: Мұғалім ашықхатты балаларға көрсетіп, «Guess what is this?» – деп сұрайды, оқушылар «Is this a girl?». Мұғалім «No, it isn’t» немесе «Yes, it is» деп жауап береді. Мұғалім кез- келген затты көрсетіп, сол сұрақты қоюға болады. 

Ойын:  «Questions» (2-сынып)

                                                                                 

Мақсаты: Грамматика бойынша “to be” етістігін жаттықтыру.  
Барысы: Жүргізуші “А” әрпінен басталатын бір сөзді ойлап, былай дейді : “I spy with my little eye something beginning with A”. Оқушылар сол сөзді табу үшін: “Is it an apple?”, “Is it an apricot?” сияқты сұрақтарды қою арқылы мұғалімнің ойлаған затын табулары тиіс.

Ойын: "Тапқыр бала"

Мақсаты: “What is this?”, “Is this a ...?” құрылымын меңгерту.

Барысы: Мұғалім өткен тақырыптар бойынша атауларын жатқа білетін  заттарды қолданады. Ойын алдында барлық оқушыларды заттармен таныстырады. Кейін ол заттарды кезектеп жасырады. Сол затты оқушылар сұрақ арқылы тауып алады. Мысалы: “Guess, what is this?” Оқушылар сұрақтар қояды:” Is this a doll?” Мұғалім:” No, it isn’ t” немесе “Yes, it is.”

 

Ойын: “ Memory Game”

Мақсаты: Оқушыларға грамматика бойынша It’s Ira’s(оқушының есімі) pen. құрылымын меңгерту.

Барысы: Мұғалім әр оқушының жанынан себетпен өтеді. Оқушылар өздерінің бір заттарын беріп, (ол заттың атауын олар міндетті түрде білулері қажет) ”Take it, please.” деп а   тулары тиіс. Мұғалім барлық оқушыларға алғыс айтып, себетті үстелдің үстіне қояды. Кейін әр затты кезекпен алып, “Whose pen is this?” деп сұрайды. Зат кімге тиесілі екенін білетін оқушы жауап береді: “It’s Аnar’s pen.” Дұрыс жауапты қай оқушы көп айтса, сол оқушы жеңіске жетеді.

Ойын:  Сиқыршы

 

Мақсаты:”What kind of  box is this?” “This is a big, small, long, short, round, square, thick, thin box.”грамматикалық құрылымдарды меңгерту. Сиқыршы бір оқушыны таңдап сұрақ қояды. Егер оқушының жауабы қате болса, ол:”That’s wrong.”деп дұрыс жауабын айтады. Егер оқушы дұрыс жауап берсе, ол сиқыршы рөлін ойнайды. Ойын өз жалғасын табады.

Ойын: “Questions”

Мақсаты: ”Is it a ...?”құрылымын меңгерту.

Барысы: Оқушылардың арасынан жүргізуші таңдалады. Жанды немесе жансыз заттардың атауын жасырып,оқушыларға сұрақ қояды: “I spy with my little eye something beginning with D”, заттың алғашқы әрпін атайды. Оқушылар мүмкін жауаптар айтады: ”Is it a dog?”. Жауабын дұрыс тапқан оқушы ойынды жүргізуші ретінде жалғастырады.

 

Ойын: “The Gate”

Мақсаты: Сұраулы сөйлемдерді бекіту.

Барысы: Екі оқушы бір-бірінің қолдарын ұстап, сыныптың алдында шағын қақпа құрады. Қалғандары кезекпен келіп, сұраулы сөйлемнің бір түрін таңдап, сұрақ қояды. Сөйлемнің құрылысы дұрыс немесе бұрыстығына байланысты:”The gate is open” немесе ”The gate is shut”деп айтылады және қақпа ашылады немесе ашылмайды.Сұраулы сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын мұғалім қадағалайды.

 

Ойын: “Дирижёр”

Мақсаты: Созылыңқы осы шақтың құрылымын жетік меңгерту.

Барысы: Дирижёрдің рөлінде мұғалім ойнайды.  Дирижёр сұрақ белгісі бар карточнаны көтереді, ал оқушылар хормен  “What are you doing?” деген сұрақ қояды. Мұғалім кез келген оқушыны нұсқайды. Ол оқушы бір қимылды жасайды немесе қимылсыз сұраққа жауап береді:”I am speaking English.” т.б.Оқушылар хормен:”He is speaking English.”т.б. айтады. Дирижёр тағы да сұраулы белгісі бар карточканы көтеріп, ойын өз жалғасын табады.

 

Ойын: "Тапқырлар"

Мақсаты :“There is…” құрылымын бекіту.

Барысы: Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. Мұғалім қорапқа түрлі заттар салады. Ол заттардың атауы өткен сабақтар бойынша меңгерілген сөздер болу қажет. Кейін топ мүшелері кезекпен затты алып, оның атауын “There is…” құрылымы бойынша атайды. Мысалы: ”There is a book in the box.”

 

 

 

 

 

Ойын: “ The Zoo”

Мақсаты:"Саn" модальді етістігі бойынша құрылымы дұрыс сөйлемдер құруға уйрету.

Барысы: Оқушылар бір сәтке зоопаркта  жүргендерін елестетеді. Кейін әр оқушы өздерінің қандай жануарларды көргендерін айтады. Мысалы:  I can see a lion in the zoo.т.б. Мұғалім онда қандай жануар болмағанын немесе болмайтынын сұрайды. Оқушы: Cows don’t live in the zoo немесе There is no cow in the zoo.” Оқушылар кезекпен мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Ойын: “ The Know-Nothing Guy”

Мақсаты: Does, Doesn’t  құрылымын жетік меңгерту.

Барысы: Оқушылар бір-біріне күлкілі сұрақтар қояды.

Pupil 1: Does the tiger live in the desert?

Pupil 2: No, it doesn’t. The tiger doesn’t live in the desert. It lives in the jungle. Does the crocodile live in the sea?

Сұрақ құруға арналған нұсқалар: the frog  - in the house, the horse – in the forest, the bear – on the farm, the dolphin – in the pond, the camel – in the river.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орта буын оқушыларына арналған грамматикалық ойындар

1.          Модальды етістіктер

Мақсаты: ауызша сөйлеуде модальды етістіктерді қолдануға дағдыландыру.

Ойын барысы: екі топ құрылады. Бір топ модальды етістіктерді қолданып сөйлем құрады.Ал екінші топ сол сөйлемді табу қажет.Осы мақсатта мынадай сұрақтар қойылады: «Сіз...жасай аласыз ба?», «Сіз …міндеттісіз бе?». Кейіннен екінші топ та осындай сұрақтар қояды.

2. «to be» етістігі

1нұсқа: Сынып екі топқа бөлінеді, әрбір топ кезектесіп ағылшын тілінде жалқы есімдерді атайды,ол зат есімдер  he, she, it есімдіктерімен алмасуы қажет.соңғы сөзді айтқан топ жеңіске жетеді.

 2 нұсқа: Мұғалім нұсқасы: «Өз араларында кім қандай  есімдік болатынын, сонымен қатар кім қандай “to be” етістігі болатынын анықтап алыңдар. Енді қай есімдің қай көмекші етістікпен бірге бола алатынын анықтандар.Осы есімдіктердің көмегімен ертегі құрындар».

3 нұсқа:Оқушылар жұпқа бөлінеді. Бір оқушының қолында барлық есімдіктерден тұратын карточка болса, ал екіншісінде “to be” етістігінің формалары.Егер бірінші ойыншы қолында “to be” етістігінің формасын ұстаса, екінші ойыншы сол формаға сәйкес есімдікті табу қажет.

3. Hide-and-Seek in a picture

Мұғалім айтады: "Let's play hide-and-seek today!"

P: I want to be "It"

T: Let's count out.

Жүргізуші таңдалынады.Оқушылар тығылуға дайындалып жатқанда,кенеттен тосын сый болады.Ойынның шарты бойынша, тығылу шынайы емес. Тығылу ойша, яғни берілген картинада суреттелген  бөлмедегі бір заттың артында жүргізіледі.Ең қызықтысы, ойыншы қай жерде жасырынғанын қағазға жазып, мұғалімге береді. Тыңылмақ шынайы түрде болу үшін, ойыншы әдеттегі сөздерді айтады:

Bushel of wheat, bushel of clover:

All not hid, can't hide over.

All eyes open! Here I come

Кейіннен "іздеуді" бастайды:

P1: Are you behind the wardrobe?

It:   No, I am not.

P2:  Are you under the bed?

It:   No, I am not.

P3:  Are you in the wardrobe?

It:   No, I am not.

P4:  Are you behind the curtain?

It:   Yes, I am.

Тапқан оқушы жұлдызша алады.

Әр ойында міндетті түрде жүргізуші болуы қажет. Себебі, ойын барысында оның рөлі өте маңызды.

 

4. I took a Trip.

Сынып  Past Indefinite шағын меңгерді.

Оқушылар ойша бір жерге саяхатқа барады, бірнеше минуттан кейін мұғалім сұрақ қояды: "You went on a trip. What did you take with you?"

Pupils: I took a suitcase. I took a clock. I took a book to read. I took a dog.      I took a food basket. I took a coat. I took an umbrella. I took a note-book.

Teacher: Very good. But I know very well that that was the only thing you took. Yes, don't be surprised. That was a very unusual trip.

Оқушылар саяхатқа тек бір зат алу қажет.Мысалы: Katya took only a suitcase, Misha took only a food basket, Andrei took only a clock, in a word, each took only one thing. Is it clear? All right. Let's go on. I want to ask:

What did you eat? Remember that you took only one thing with you.

Katya: I ate a book.

Andrei:       I ate a clock.

Jane:            I ate a dog.

Kolya: I ate an umbrella.

Оқушылар міндетті түрде күледі. Бірақ мұғалім күлуге болмайтынын айтып, күлген оқушы ойыннан шығатынын айтады.Ойын жалғасады,мұғалім түрлі сұрақтар қоюы мүмкін:

What did you put on your head?

What did you put on your feet?

What kind of transport did you go in?

Ойын барысында басқа да жерлерді таңдауға болады, мысалы:

You went to the park. What did you see there? You went to the market. What did you buy there?

Бұл ойында оқушы мына қағиданы түсінуі қажет:бірінші сұраққа жауап беру арқылы әр оқушы озінің затын есте сақтау керек,кейінгі сұрақтарға да сол затты айту қажет.

5. «Кеше не болды?»

«Past Indefinite» шағын оқушыларға мұғалім үйреткеннен кейін,оқушылар жексенбі күні қандай жұмыстармен айналысқаны туралы сөз қозғалады.Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топтың мүшелері кесектесіп келесі топ мүшелеріне сұрақтар қояды. Сұрақтар өткен шақ бойынша болу қажет. Келесі топ мүшелері берілген сұрақтарға кезектесіп жауап берулері қажет. Егер мұғалім сұрақтың жауабына қанағаттанса, жұлдызша береді. Жұлдызшаны көп жинаған топ жеңіске жетеді.

6.«Сен не істеп жатырсың?»

Пантомима (сөзсіз ым­мен көрсетілетін ой­ын) Present Continuous Tense шағын оңай үйретуге көп септігін тигізеді.Жүргізуші іс-әрекеттерді көрсетеді, ал оқушылар сол қимылдарды дұрыс табу қажет: Is he writing? Is he jumping? Жауабын тапқан оқушы жүргізуші болады.

7. Memory Game

 Ойынның мақсаты: предлогтарды  қатесіз қолдануға үйрету.

Мұғалім үстелдің үстіне оқушыларға атаулары белгілі заттарды қояды. Мысалы: қалам, кітап,қалам салатын қорап.Кейін мұғалім кітапты үстелдің үстінде қалдырып, қаламды кітаптың ішіне салып, қорапты үстелдің астына жасырады. Оқушылар заттардың орналасуын есте сақтау үшін екі минут уақыт беріп, заттарды қайта үстелдің үстіне қояды. Кейін оқушыларға мынадай сұрақтар қояды:

T:   Where was the book?

P1:  The book was on the table.

T:   Where was the pen?

P2:  The pen was in the book.

T:   Where was the pencil-box?

P3:  The pencil-box was in the table.

Кейін мұғалім заттардың қай жерде тұратынын ұмытып қалған кейіп танытады. Ал оқушылар сол заттарды еске түсіруге көмектеседі.

P1:  The book was on the table.

 

 

8. What is there in the box?

Ойынның негізгі мақсаты: There is …құрылымын оқушы жадына сақтау.

Сынып екі топқа бөлінеді.Мұғалім қораптың ішіне оқушыларға атаулары белгілі заттарды салады.Содан кейін оқушылар кезектесіп қораптан заттарды алып оларды ағылшынша атайды.

P1:  There is a book in the box.

P2:  There is a pencil in the box.

P3:  There is a pen in the box.

P4:  There is a bat in the box. И так далее

Заттардың атауын қатесіз және көп айтқан топ жеңіске жетеді.

9. Describe the picture

Бұл ойын барысында оқушылар сұрақтар қойып, оларға Present Indefinite Tense шағында жауап береді және тақырыптық суреттерді сипаттап береді.

Мұғалім бірінші топқа мынадай сурет береді (мысалы, "Сынып бөлмесі"тақырыбы бойынша) және оқушыларға бірнеше минут мұқият қарауды ұсынады.Кейін суретті келесі топқа береді және ол топ қарсыластарына сурет бойынша сұрақтарын қояды. Мысалы:

How many desks are there in the crass room?

Where is the chair?

What things do you see on the desk?

Where is the book?

Сұрақтарға жауап бергеннен кейін, жауаптардың дұрыс немесе қате екенін қадағалаған екінші топтың мүшелері суретті сипаттап береді.

10. Ойын: Жоғалғандарды іздеу  

Мақсаты: " Is it …?"құрылымын меңгерту;

Мұғалім кез келген затты жасырады. Мысалы,ойыншық күшікті.Оқушылар сұрақтар қою арқылы сол затты табулары қажет.Мысалы: P1: Is the dog in the bag? T: No, it is not. P2: Is it under the table? T: No it is not.Оқушылар жасырылған затты тапқанша, сұрақтарды кезектеп қоя береді.Ойынды тағы бір тәсіл арқылы жүргізуге болады.Бір оқушы сыныптан шығады, ал басқа оқушылар бір затты белгілі бір жерге жасырады. Жасырғаннан кейін оқушы сыныпқа кіріп, сұрақтар арқылы затты табады.

11. Ойын: Бізде қонақ.

Мақсат: "Are you from …?" сұрақ құрылымын, елдердің атауын оқушыға жетік меңгерту; Оқушылардың біреуі өзге елден келген қонақ болады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қою арқылы оның қай елден және қандай мамандық екенін табады.Мысалы: Are you from America? Are you from England? Are you a teacher? Are you a worker?

12.«Travelog» – «Caяхаттар туралы әңгімелер» ойыны.

Мақсаты: өткен шақты қайталау (Simple Past).

Қажетті материалдар: Мұғалім немесе оқушылардың соңғы саяхаты туралы слайдтар. Оқушыларға осы слайдтар көрсетіледі, ал оқушылар болса, саяхат туралы ауызша әңгіме құрастыруға тырыса отырып, оларды кезек- кезек айтып шығады. Мысалы: 1-ші оқушы: «This is where we stopped to go swimming»; 2-ші оқушы: «Unfortunately, the water was so cold»; 3-ші оқушы: «Then we ate at this restaurant, where the food was too cold»; 4-ші оқушы: «At the zoo, we saw all kinds of animals, including this bear»; 5-ші оқушы: «This is our motel. The beds were too soft and the walls were too thin. We could hear our neighbour’s TV better than ours». Бұл ойын білім деңгейі орташа оқушыларға арналған. Әсіресе, тілді үйренушілердің ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту үшін арналған.

13.Where is the Pen?

Мақсаты: предлогтарды, арнайы сұрақтарды жетік меңгеру.

Барысы: Ойынның басында мұғалім бір зат іздеп жүреді.Мысалы: қалам.

Т: Where is my pen, children? Where is my pen? Is it in the table, or under the table, or on the table? Almas, do you know?

Almas: It is in your bag.

T: Let me see. No, it is not in the bag. Where is it, Samal?

S: It is in your table.

T: Let me see. No, it is not here. Where is my pen, Olga?

O: It is under the textbook.  

Ойын осылай жалғаса береді. Ал, қалам табылғаннан кейін, ойынның шартын өзгертуге болады. Мысалы, жүргізуші оқушылардан сұрайды: Is it in your desk, Lena? etc. Басқада нұсқаны қарастыруға болады: жүргізуші барлық оқушылардан көздерін жұмуды сұрайды. Кейін бір зат жасырады, ал оқушылар сол затты табу мақсатында жүргізушіге сұрақтар қояды. Сұрақтың құрылымын мұғалім қадағалайды.

14.«Funny trip»

Мақсаты:“Past Indefinite” шағын бекіту. 
Барысы: Сынып Past Indefinite етістік формаларын оқыған. Мұғалім оқушылардан қайда барғандықтарын сұрайды: “You went on a trip.
What did you take with you?” 
Pupils: I took a book to read 
I took a dictionary 
I took a note book etc. (
т.б
Әр оқушы бір-бір заттан айту керек
Teacher: Very good. But I know very well that was the only thing you took. Yes, don’t be surprised. That was a very unusual trip. So every body took only one thing. Aizhan took a book, Bekzhan took a dictionary and so on. 
What did you eat? Remember you took only one thing with you. 
Aizhan: I ate a book 
Bekzhan: I ate a dictionary. 
Teacher: What did you put on your head? What did you put on your feet? What transport did you go in? 

15. Funny Questions.

Ойын мақсаты: Келер шақтың болымды, болымсыз, сұраулы түрлерін меңгерту.

Ойын барысы: Оқушыларға тізбек бойынша сұрақ қоюлары қажет. Ол сұрақтар болымсыз түрде болу керек. Мысалы сұрақ қоюды өзі бастайды:  Will you skate in summer?

Pupil 1: No, I won’t skate in winter. I will ride a bike in summer. Will you swim in winter?

Pupil 2: No, I won’t. I won’t swim in winter. I will ski in winter! т.б

Келер шақтан бөлек басқа шақтарды да осы үлгі бойынша ойнатуға болады.Мысалы:

Teacher: Will you go to bed in the morning?

Pupil 1: No, I won’t. I won’t go to bed in the morning. I will get up in the morning. Will you have breakfast at night?

Pupil 2: No, I won’t. I won’t have breakfast at night. I will sleep at night!

16.Ойын «Менің бұйрығымды тыңда!».

Мақсаты: Present Continuous шағын бекіту.

Бұл ойын доппен және қозғалыс арқылы жүргізіледі. Мұғалім оқушыға допты лақтырады, ал оқушы доп алған кезінен бастап барлық іс-әрекетін Present Continuous шағында айтады. Кейін допты мұғалімге қайтарады. T: Come here. P1: I`m coming. T: Look at your friend. P2: I am looking at my friend. Оқушы іс-әрекетті жасамаса немесе сөйлемді айтқанда қателіктер жіберсе, ойыннан шығады. Ойынның соңына дейін қалған оқушы жеңімпаз атанады. Ойынның шартын басқаша жүргізуге де болады: оқушы мұғалімнің айтқанын орындағаннан кейін допты кейінгі оқушыға беріп, ойын жалғасын табады.

17. «The giraffe»

Мақсаты: Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі, яғни бастауышқа сұрақ қоюды үйрету. Мысалы, “Who lives in the house?”, “Who is yellow?” және сұрақтарға жауап беруді үйрету. Мысалы: “A cat lives in the house. A giraffe is yellow”.

 Тілдік  материал: лексика – жануарлардың атаулары – a cat, a dog, a bear, a crocodile, a fox, a lion, a tiger, a cock, a pig, an elephant, a fish; house, zoo, garden, forest, river; дене мүшелері: legs, head, eyes, mouth, ears, neck, tail Қосымша лексика: pink, green, yellow және т.б., мұғалімнің қалауы бойынша.

Мақсаты: ең бірінші болып керіктің «портретін» аяқтау .

Құралдары: әр топқа карточкалардың жиынтығы беріледі. Карточканың бір жақ бетінде – сұрақ (графикалық түрде суреттеуге болады), ал екінші жақ бетінде – сурет.

Қатысушылар саны: екі топ.

Ұйымдастыру.

Ойынды бастамас бұрын, карточкаларда берілген тапсырмаларды таныстырып алу керек. Ол тапсырмаларды мұғалім оқиды. Мысалы: “Who lives in the river?” Команда мүшелері ішінде ең бірінші болып қолын көтерген ойыншы сұраққа жауап беріп, жауабының дұрыс, не бұрыстығына байланысты бір ұпай алады. Жануарлардың атаулары тақтаға жазылып, соңында барлық жануарлардың атауларының тізімі тақтада тұрады. Оқушыларды ойынға ұйымдастыру кезінде көп ұпай жинаған топ ойынды бастайды.

Оқушылар ойынды бастамас бұрын ойынның грамматикалық тұрғыда мақсатына жету үшін төменде көрсетілген өлеңді жатқа білулері тиіс:

One,two, three,

Let me see

Who likes coffee?

And who likes tea.

One, two, three,

Now I see

He likes coffee,

And she likes tea.

Ойын жақсы деңгейде өту үшін, оқушы лексиканы және бастауышқа

қалай дұрыс сұрақ қою қажет екенін білу тиіс. Ең тиімдісі ойында қолданылатын тақпақты алдын ала үйде жаттауға беру қажет.

Ойын барысы

1.  Тақта екіге бөліп, әр бөлінген жаққа керіктің бейнесі салынады (әр топқа бір суреттен).

2.  Ұпай саны көп топ ойынды бастайды. Топтың бір ойыншысы карточка алып,  карточкадағы бейнеге сұрақ қояды. Мысалы, егер ол карточкада үйдің суреті болса, “Who lives in the house?”, егер сары дақ болса,  “Who is yellow?” деп сұрауы тиіс.

3.  Егер қарсы топтың ойыншылары сұраққа дұрыс жауап берсе (“A cat lives in the house”, “A giraffe is yellow”) ойыншы карточканың келесі бетін ашып, суретке қарайды. (ол суретте екі аяқ, бас, мойын, құйрық т.б. болады) Егер лексика меңгерілсе, ол сөзді дауыстап, мысалы: “Two legs!”, егер меңгерілмесе, екінші топқа суретті жай ғана көрсетеді. Екінші оқушы тақтаға шығып керікке екі аяғын жалғайды.

4.  Егер екінші оқушы сұраққа жауап бере алмаса, тақтадағы суретке ештене жабыстырылмайды.

5.  Өздерінің керіктерінің суретін сәтті шығарған топ соңында жеңіске жетеді. Немесе екі топтың оқушылары кейбір сұрақтарға жауап бере алмаса да, керіктің мүшесінің бөліктері көп топ жеңіске жетеді.

Карточканың саны керіктің дене мүшесіне байланысты. Мысалы: алдыңғы және артқы аяқтар, құйрығы, мойыны, басы, құлақтары, көздері, ауызы. Яғни, барлығы – 8 .

Карточкаларды мына түрде жасауға болады:

 H

h

{

 

 

 

 

H үйдің бейнесі бар суретке мынадай сұрақ құруға боладыWho lives in the house?”, h - “Who lives in the river?”, сары тіктөртбұрыш – “Is it yellow?” т.б. Карточканың келесі бетінде керіктің мүшелері:

 

Mouth

–

 Legs

 Eyes

NN

 Head

J

 Tail ™

 Legs

 Ears

OO

 Neck

 

18. Now you are on my side.

Мақсаты: «Are you a…?» сұрағын меңгерту.

Құралдары: Жануарлардың бейнелері бар суреттер (оқушылар санына байланысты),екі түсті лента.

Қатысушылар саны: екі топ.

Ұйымдастыру

Ойын  алдында лексикалық сөздерді қайталап алған жөн. Мұғалім оқушыларға суреттерді көрсетеді, ал оқушылар суреттегі жануарларды атайды. Кейін мұғалім ешкімге байқатпай бір карточканы алады да, оқушыларға ол суреттің жануарын табып алуларын сұрайды. Ол үшін мына сұрақ құрылымын қолданады: «Are you a…?». Кейін бір оқушы басқа оқушыларға карточкадағы суретті жасырады. Басқа оқушылар оны табу керек.

Ойын барысы:

Оқушылар екі топқа бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы отырады. Екі топ оқушыларына екі түрлі лента байланады. Оқушыларға берілетін карточкалардағы суреттер барлық оқушыларға белгілі болу қажет. Ал қай оқушының қандай жануарды жасыратыны құпия болады.

Бірінші топтың оқушысы қарсы топтың оқушысына сұрақ қояды. Мысалы: «Are you a lion?» егер ол оқушы «No, I am not » деп айтса, сол оқушының тобы сұрақ қояды. Егер «Yes, I am» деп айтса, ол оқушы өз тобынан шығып, қарсы топқа қосылады. Сол топқа қосылғаннан кейін ол қарсы топқа сұрақ қоя алады, бірақ сұрақтарға жауап бере алмайды, өйткені оның жасырған жануардың атауын тауып алды.

Өзінің тобына қарсы топтың көп ойыншысын жинап алған топ жеңіске жетеді.

19.«What am I going to do?»

Мақсат: to be going to do құрылымын бекіту.

Мұғалім сыныпқа кіре сала оқушыларға мынадай сұрақ қояды: «What am I going to do now?»  Оқушылар мұғалімнің іс-әрекетіне таңғалады.

Student 1: « You are going to the classroom».

Teacher: «Oh! No! I’m not going to the classroom. I’m already in the classroom. But what am I going to do? Am I going to sleep? Am I going to eat? What am I going to do? »

Student 1: « You are going to give us a lesson».

Teacher: «Yes, quite right. I am going to teach you. Now I am taking a piece of chalk. What am I going to do now? »

Student 2: «You are going to write».

Teacher: «Yes, that’s right. Oh! It’s very hot here. Now I’m near the window. What am I going to do? »

Student 3: « You are going to open the window.

Teacher: «Right. Now I have taken a pen and opened the register.

Student 4: « You are going to mark the absentees».

Teacher: «Now show me some actions and I’ll try to guess what you are going to do». (Оқушылар бірнеше іс-әрекеттер көрсетеді)

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Грамматиканы оқытудағы тиімді ойын түрлері (Әдістемелік нұсқаулық)"
Смотреть ещё 5 937 курсов

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 350 395 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Скачать материал
    • 11.06.2016 1748
    • DOCX 231 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Базарбаева Жанат Бериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Базарбаева Жанат Бериковна
    Базарбаева Жанат Бериковна

    учитель английского языка

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5366
    • Всего материалов: 5

    Об авторе

    Мен Базарбаева Жанат Бериковна биылғы 2015-2016 оқу жылынан бастап Көктау негізгі мектебінде өзімнің сүйікті мамандығым бойынша еңбек жолын бастадым. Ұстаздық өнер - тағылымы терең өнер. Менің ойымша, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Болашақта ұрпағымызға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін еңбегімді аямаймын.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 328 322 материалы из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Адаптивная физическая культура: индивидуальные подходы к организации занятий с детьми с умственной отсталостью и РАС

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 204 человека

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек
Смотреть ещё 5 937 курсов