Инфоурок Всеобщая история Статьи"Гуманитарлық пәндерді оқытуда адамгершілік-рухани құндылықтарды қалыптастыру" Баяндама

"Гуманитарлық пәндерді оқытуда адамгершілік-рухани құндылықтарды қалыптастыру" Баяндама

Скачать материал

 

Куропаткино орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Гуманитарлық пәндерді оқытуда адамгершілік-рухани құндылықтарды қалыптастыру.

(Баяндама)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқыған: Баймади Ғ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2012-2013 оқу жылы

Заман талабына сай білім беру жүйесі өзінің басым бағдарын жеке тұлғаның рухани адамгершілік тұрғыдан  кемелденуіне назар аудара бастады. Демек, тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни руханилығын дамыту – заман талабы. Рухани құндылықтар мәңгілік және адамзаттық. Қай халықтың болмасын өзіне ғана дараланып тұратын ерекшелігінің бірі – рухани құндылықтар жүйесі. Рухани құндылықтардың мәнін ашу арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесі мен білім деңгейін жетілдіруде «Гуманитарлық пәндердің» маңызы зор.

 

Балаларға кішкентай кездерінен бастап өз Отанының көп ғасырлық тарихын оқыту арқылы оның дүниежүзілік тарихи үрдістегі алатын орнын, ел тәуелсіздігі үшін күрескен азаматтардың арман, мақсатын таныта отырып,  Отаншылдыққа, рухани-адамгершілікке тәрбиелейміз.

 

Әрбір халықтың тарихи тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық көзқарастарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы -халықтың мәдени мұрасы. Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттық) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан.. 

 

Тарих сабағында гуманитарландыру үрдісін жүзеге асыру дегеніміз – тарихта болған барлық ізгілік пен игілікті істерді жасаған адамдар екенін, оның қызметін, рөлін, еңбегін,  тарихтағы аса көрнекті қайраткерлердің өмірі мен қызметін жан-жақты баяндап,  олардың халыққа жасаған жақсы істерін ашып көрсету.

 

Тарих пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндігі өте мол. Өйткені ол бүкіл адам баласының ғасырлар бойы жинаған тәжірибесін баяндайды. Ал мектептегі тарих курсына сол тәжірибенің алдымен ең маңыздылары, құндылары, ізгілері алынады. Тарих пәні небір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды, құбылыстардың халық үшін жасаған қызметін баяндайды, осылардың бәрі олардың жүрегіне, сезіміне күшті әсер етеді, адамгершілігі жоғары, сапалы азамат болып қалыптасуына үлес қосады.

 

 «Адам. Қоғам. Құқық»,  «Құқық негіздері» және «Қоғамдық білім негіздері» пәндері жас ұрпақ өкілінің азаматтық және құқықтық қоғам құрылысына белсене араласатын, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды заман талабына сай меңгерген, айналада болып жатқан оқиғаларға қатысты өзіндік тұрғысы мен көзқарасы бар, өз Отанын шын сүйетін, саналы азамат болып шығуына септігін тигізеді. Әсіресе, «Адам.Қоғам.Құқық.» пәніндегі «Мораль және құқық», «Мәдениет және оның қоғамдағы рөлі», «Мәдениет және жастар», «Руханият», «Мәдениеттілік»  тақырыптары оқушыларды   рухани-адамгершілікке, қоғамдық саналылыққа тәрбиелеудегі рөлі өте зор.

 

Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну – адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі.


Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі.

 

Қоғамдық пәндер  болашақ ұрпақты адамның тұлға ретінде қалыптасуына қатысты білімдерді меңгерте отырып, оларды алған білімдерін пайдаланып, өздігінен әрекет ете алатын; қазіргі заман талабына сай мәдени құндылықтарды меңгерген: Отанын шын сүйетін; заң сыйлағыш; өз өмірін дұрыс құра білетін рухани дүниесі бай, адамгершілігі мол білікті тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.

 

«Адам.Қоғам.Құқық.» пәніндегі «Құқық және оның пайда болуы», «Құқықбұзушылықтың кейбір түрлері және құқықтық жауапкершілік» және «Конституция – мемлекеттің негізгі заңы» атты тараулары оқушыларға құқықтық сауаттылық, әділетсіздікке төзбеушілік, заңды құрметтеу, рухани құндылық қасиеттерін дарытады.    

Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.

 

Тарих сабақтарында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптастырылады, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиеленеді, еңбекке, қарт ұрпақтың еңбек және жауынгерлік дәстүріне тәрбиеленеді, отаншылдыққа, халықтарды құрметтеуге, сыйлауға, яғни халықтар достығына тәрбиелейді. 


Оқушылар бойына ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық қасиеттерді қалыптастыру мен құрметтеуге, сақтауға тәрбиелеуде белгілі әлемдік, отандық ғалымдардың еңбектерін пайдалануға болады. Осы арқылы оқушының мәдениетті, білімі кеңейеді. Оқушының мәдениетті болуы үшін ұлттық мәдениетті ұштастыруы қажет.

 

   Ал, ортаңғы және жоғары сыныптарда берілетін білім мен  тәрбиедегі рухани-адамгершілік құндылықтар сабақ мазмұны мен мақсат- міндеттеріне қарай берілген мәтіндер,  ұлы ғұламалардың философиялық ой – толғаулары, өмір жолы, сахналау мақсатындағы рольдік ойындар, тарихи құбылыстарды қазіргі күнмен салыстыру,  жүйелі талдаулар арқылы оқушылардың бойында қалыптасады.

 

Патриоттық тәрбие – маңызды мемлекеттік міндет. Ол үшін жасөспірімдердің рухани-адамгершілік қасиеттерін және азаматтық саналылығын қалыптастыра отырып, өз Отанын сүюге, өз қоғамына, мемлекетіне қызмет ете алатындай етіп тәрбиелеу керек.

 

Жасөспірімдердің адамгершілік қасиеттерін қалыптастырумен қатар тәрбиеде конституциялық құқығын терең түсіне білу қажет.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Қазақстанның көпұлтты халқының бірігуінің бастамасы болып табылады.

 

Сондай-ақ қазіргі кезде мектепте оқытылатын «Дінтану негіздері» пәнінің орны ерекше. Дін –адамды туралық пен әдемілікке жетелейтін жол, адам өмірін тәртіпке келтіретін жүйе. Әлемдік діндердің адамгершілік-рухани құндылықтары баға жетпес байлық. Қандай дін болмасын оның мазмұны  мейірімділікке, адамгершілікке толы, бір-бірімен ізгілікте, татулықта өмір сүруге бағытталған.  Сынып оқушыларын діннің қызметімен таныстыра отырып, діни салауаттылығын көтеру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерге баулый аламыз.

 

Жастар бойындағы жаман қылықтарға қарсы күресетін иммунитет – діни, рухани адамгершілік және моральдық ұғымдар. Діни тәрбие адам бойындағы ар-намыс, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін оятады. Дін адамды төзім­ді­лік­ке, бөтен ойларға кеңдікпен қа­рауға үйретеді. Бұл, әсі­ресе, көп дінді, көп этносты Қазақстанда өте маңызды. Осын­дай тәрбие болмаған жағ­дайда қылмыс, экстремизм, төзімсіздік, дінаралық, ұлтаралық алауыз­дық пен теке­тірес секілді құбылыстар көрініс табуы ықтимал. Осын­дай құбы­лыстардың болуын қалайтын, елдегі ахуал­дың тұрақсыздануы үшін қолынан келгенін аямайтын күштердің де бар екені жасырын емес.
«Діни білім – тәрбие бастауы» Сондықтан да дін тәлім-тәрбиесі әрбір адам үшін пайдалы және қажеттілігін жоймайды.

 

Ұлағатты ұстаз, белгілі ғалым, қоғам қайраткері, ел ағасы, профессор Мұхтар Арынның «Бес анық» атты кітабында адам өз ұлтының, халқының толыққанды өкілі екенін айқын сезіну үшін, бес талапқа сай болуы керек деген екен. Ол талаптар мыналар:

1.      Тіл. 2. Дін. 3. Салт – дәстүр. 4. Тарих. 5. Атамекен.

 

Қашан да болсын қоғамның негізгі қозғаушы күші және жаңалықтың жаршысы – жастар. Сондықтан да еліміздегі болып жатқан жаңарулар мен қоғамдық өзгерістер жастардың назарынан тыс қалмайды. «Кез келген ел өз келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады. Тәуелсіз ел іргесінің берік болуы білімді мамандардың, Отаншыл, ұлтжанды, рухани дүниесі кең азаматтапрдың қолында», - деп Елбасы жастарға зор сенім артады.

 

Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында елімізді одан әрі жаңарту мен демократияландыру үшін қазақ халқының моральдық және рухани құндылықтарын одан әрі дамыта беруге аса көңіл бөлу қажеттігін баса айтқан.

Қазақстанға жан – жақты, білімді, осы республикадағы барлық халықтың тілін, тарихын, әдет – ғұрпын сыйлайтын осы ел үшін, оның халықтарының бақытты келешегі үшін бар білімі мен күш жігерін аянбай жұмсайтын нағыз отаншыл азаматтар керек.

      

Елбасы Н.Назарбаевтың " Тарих толқында”еңбегіндегі"Мағжанның жүрек тебірентерлік мөп-мөлдір лирикасы, Мұхтардың эпикалық көркем прозасы, Шоқанның барша әлемді танқалдырған жаңалықтары, ұлы Абайдың түпсіз терең философиялық толғаулары сияқты осынша мол ұлттық құндылықтарымыз әрбір адамның ішкі жан дүниесін рухани байытып, сана-сезімін шарықтата көтеретініне күмән келтіре алмайсың”деген салиқалы сөздері  біз көтеріп отырған мәселені шешуде ұлттық құндылықтарды тиімді пайдалану керектігін көрсетеді.

Шығыстың ұлы ғалымы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.

 

         Артына өшпес мұра қалдырған ойшылдарымыз Ж.Баласұғын,М. Қашқари, Қожа Ахмет  Иассауи, т.б.ғұламалар  еңбектері-қазіргі ұрпақ тәрбиесі үшін теңдесі жоқ қазыналар. Сондай-ақ Асан қайғы, Ақтамберді сияқты ақын-жыраулардың толғаулары мен дана өсиеттерінің  қазіргі жастардың тәрбиесі мен біліміне берер пайдасы, қосар үлесі қаншама? Абай мұрасының, оның педагогикалық көзқарастарының алар орны тіпті ерекше. Ол адамның жүрегінде мекендейді. Әр адамда екі қуат  бар: біріншісі-тән, екіншісі-рух.

 

Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.

Олай болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарында қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы оқушылардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз.Оқушының жалпы адамзаттық қасиеттеріне меймандостық, кісілік, сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілдік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайлығы, мәдениеттілігі т.б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді.

Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.

Адамгершілік – адамның асыл қасиеті.

 

   Қорыта келгенде, жасөспірімдердің рухани-адамгершілік қасиетін қалыптастыру арқылы толыққанды жетілген азамат тәрбиелеуге болады. Рухани қасиет пен білім беруде адам дамуының рухани үйлесімділігін түйсінуді қамтамасыз етеді. Сондықтан келер ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру өзегі ұлттық құндылықтар негізінде рухани-адамгершілік өсиетін қалыптастыруда жатыр деп түсінеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Гуманитарлық пәндерді оқытуда адамгершілік-рухани құндылықтарды қалыптастыру" Баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заместитель директора

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 611 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.04.2016 2291
    • DOCX 23.3 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баймади Галия Баймади. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Баймади Галия Баймади
    Баймади Галия Баймади
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14311
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 464 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 153 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 278 человек

Мини-курс

Преодоление депрессии: путь к психологическому благополучию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Анализ эффективности проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ИТ-инструменты в управлении документооборотом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции