Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Тесты / Х х дыбысы мен әрпі 1 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Х х дыбысы мен әрпі 1 класс

библиотека
материалов

Сауат ашу


Х дыбысы мен әрпі.


Мақсаты: 1. Оқушыларға Х дыбысы мен әрпі таныстыру, сөз ішінен Х әрпін табу, сөздердің мағынасын түсіну, х әрпі бар сөздерді оқу, жазу дағдысын қалыптастыру.

2. Баланың тілін бейнелі сөзбен байыту, сөйлеу мәдениетін дамыту, сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру.

3.Ұқыптылыққа, білімділікке, әдептілікке баулу, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Ертегі - сабақ.

Сабақтың тұрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, жазу

жұмысы.


Көрнекі құралдар: Ертегі кейіпкерлері, қағазға жазылған сөздер, кестелер,

Суреттер, буындар.


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық.

Оң жақтағы көршіге,

Сол жақтағы көршіге,

Қайырлы таң дейміз.

Содан кейін баршаға

Сәттілік біз тілейміз.

Сабақ мақсатымен, түрімен таныстыру.

Мына суретте не көріп тұрмыз?

Бұралдың барлығы қай ертегіде кездеседі?

Олай болса біз де «Бауырсақ» ертегісіне саяхатқа шығамыз.

Бауырсақ ертегісі қалай басталатын еді?(бір оқушы ертегіні бастап баяндайды).


II. Өткенді еске түсіру.

Қоянның тапсырмасы. «Біз не білеміз?»


А) Әріп, дыбыс; Ә) Дыбыс түрлері; Б) Буындардан сөз құрау;

Я,ю дыбысы мен әрпін өткендегі сөздер құралады. Мағынасы ашылады.

Үйге берілген «Жарыс» ертегісі тізбектеліп, жеке оқытылады.





III. Жаңа сабаққа дайындық.

Келесі Бауырсақ қасқырға кездеседі. Қасқыр Бауырсақты жемеу үшін оның қолында хат әкелген, соның ішіндегі тапсырмаларды орындау керек. Жұмбақ:

«Қарада» жоқ, «Ханда» бар,

«Қағазда» жоқ, «хатта» бар.

Кәне ойланып көрейік

Бұл әріпті кім табар?

-Х дыбысы. Х дыбысы көмейден Х дыбысы қысылып шығады. Кәне бәріміз айтіп көрейік.

Оқулықпен жұмыс.

Бағандағы сөздермен таныстыру.

Хат- алыстағы туыстарынан хабар алу үшін хат жазған.

Хор –көп адамның өлеңді бір нәрселерді бірге айтуы.

Хан бұрынғы кездегі ел басшысы.

Хабар- жаңалық. Халат-киім.Хадис Шахмат-спорттық ойын.Саяхат-демалысқа шығу, табиғатты тамашалау. Хаттама- жиналыс туралы жазбаша хабар. Халел, Хамит, Тахауи, Хадиша, Нұрхат адам аттары.

-Суретте не көріп тұрмыз?

-Біздің мектепте кітапхана бар ма?

-Кітапханашы апайдың аты кім? ол кісі сіздерге жаңа кітаптар бере ма?

Кітапхана мектебімізде бар және аудандық балалар кітапханасы және ересек адамдарға арналған кітапхана да бар. Балалар кітапханасында сіздерге өте қызықты кітаптар, ертегі кітаптар бар.

Енді оқулығымыздағы «Кітапхана» мәтіні не жайында, тыңдайық!

Мәтінді мәнерлеп оқу.Түсіндіру. Буындап оқу.

Ем

Дәрі

Шебер

Ас хана

Дәм

ұста



Қасқырдың тапсырмасын орындау. «Сиқырлар сандар»


1

2

3

4

5

6

7

А

Б

Т

О

Х

Л

Р


5

1

2

1

7







5

1

6

1

3







5

1

3





5

4

7






Дыбыстық талдау. Сиқырлы сандардың жауабынан шыққан сөздерге.Сөздерге сөйлем құрату.

Сергіту сәті. Сұр қоян өлеңін қимылмен көрсету.


Аюдың тапсырмасы. Мәтінмен жұмыс.

Дәптермен жұмыс.

Сергіту сәті.



V. Бекіту. Түлкінің тапсырмасы.

1. Тіл ұстату.


... жазуды балапан,

Үйреніпті жанадан.

... алып қуанды,

Дос таптым деп қаладан.


Керекті сөздер: хат, хабар. Сөздерді талдау.Сөйлем құрату.

VI. Қорытынды.


Сұрақ – жауап.

Тақтаға сөздер жазу.


VII. Мадақтау.


Мұғалімнің айтқанын

Мықтап миға тоқимыз.

Бар ынтамен тыңдасақ,

Кілең беске оқимыз



















Математика 25 қараша2014 жыл


Сабақ тақырыбы: 8 санының құрамы

Сабақ мақсаттары: а) Оқушылардың 1-ден 8-ге дейінгі санының құрамын білуге үйрету, қосу мен азайту амалдарының өзара байланысы жайлы білімдерін бекіту.

ә) 8 санының құрамы жайлы түсінікті 2 санының қосындысы түрінде жазуды, сәйкес кері азайту амалдарын дұрыс жазуды қалыптастыру, өз бетінше тапсырманы орындау қабілеттерін дамыту.

б) Оқушыларды алғырлыққа, зеректікке, тез есептей білуге тәрбиелеу және цифрды дәптерге әдемілеп жазуды үйрету.

Сабақ көрнекілігі: 8-ге дейінгі цифрлар, карточкалар, дидактикалық материалдар, ойын есептер, жұмбақ есептер, интерактивті тақта.

Түрі: қайталау сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап, ішінара іздену, көрнекілік, ойындар

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Жаңа технология: дамыта оқыту

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.

8-ге дейін тура және кері санату. 2-ден 7-ге дейінгі сандардың құрамын ауызша қайталау.

8 санына байланысты тақпақ айтқызу.

Сен де, мен де баламыз,

8 санын саламыз

Сегіз деген екі төрт,

Сегіз жаста ағамыз.

«Жапырақ жинау» ойыны арқылы 8 саны қандай сандар қосындысынан тұратынын есептеу. Жапырақтарға жазылған сандар арқылы құрастыру.

Мысалы: жапыраққа жазылған 1 мен 8 саны, 2 мен 6, 3 пен 5, 4 пен 4, 5 пен 3, 7 мен 1 т.б.

Оқулықпен жұмыс.

1 тапсырма. Мәні 8 болатын теңдіктер құрастыру.

8 = 7+1 8 = 6+2 8 = 3+5

8 = 5+3 8 = 4+4 8 = 2+6

2 тапсырма. Суреттер бойынша салыстыру.

8 > 7

7 < 8

3 тапсырма. Өрнектерді салыстыру.

7 – 1 * 7 – 5 5 – 1 * 5 + 1 7 – 2 * 6 - 2

3 + 1 * 3 + 2 4 + 3 * 4 + 1 1 + 6 * 1 + 2

Сергіту сәті.

Соз оң қолды оң жаққа

Соз сол қолды сол жаққа

Бір жоғары, бір төмен

Қозға қолды сілтеген.

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.


Жұмбақ есеп:

Алдында 3 балапан, Көлден ұшты 8 қаз,

Артында 3 балапан. Қайтып қонды 2 қаз.

Ақ тауық пен балапан Қонбады оның нешеуі,

Айтшы санын балақан Кәне, кім тез шешеді?

(сегіз) (алты)


Дәптермен жұмыс.

1 тапсырма. «Математикалық жаңбыр» есебін тізбектеп шығару.

7+1-2 2+2-1

7+1-4 2+1-2

2-1+6


2 тапсырма. Дәптердегі суреттерге қарай отырып, оның сюжетіне байланысты әңгіме құрып, 8 цифрды пайдаланып, 8 санының құрамын схемаға сәйкес анықтау.


8 8 8 8


7 1 2 6 3 5 4 4



Сабақты қорытындылау.

«Орныңды тап» ойыны арқылы бекіту.


Бейнелеу өнері 25 қараша,2014 жыл


Сабақтың тақырыбы:

Бейнелеу өнерінің түрлері.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлері жайлы қысқаша

мағлұмат беру.


ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу

қабілеттерін дамыту.


б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.


Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу, қылқалам, қаламұш және т.б.


Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Тапсырмаларды орындау.

Сабақты бекіту.

Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Оқушыларды бейнелеу өнерінің түрлерімен таныстырамын, олардың эстетикалық талғамын оятып, көркемдік білімін тереңдете түсуге тырысамын.

Бейнелеудің негізгі төрт түрімен таныстыруға болады. Олар – графика, живопись, мүсін, қолөнері.

Графика.

Қарапайым сөзбен айтқанда, «графика» дегеніміз – ақ түсті қағазға немесе картонға қарындашпен, қаламұшпен, көмірмен салған көркем суреттер. Графикада қолданылатын басты тәсіл: штрих сызығы, ақ қара дақ, таңба.

«Графика» атауы гректің «жазамын», «сурет саламын» деген сөзінен шыққан.

Живопись.

Кескіндемедегі басты құрал - бояу түстері болып табылады.

Живописьті қылқаламмен және бояқтармен орйндайды.

Живопись – шындықты бейнелеуде көрерменге тікелей әсер ететін өнер құралы.

Живопись жанрларының ішіндегі ең маңызды орын алатын көркем шығарма – табиғат жанры. Сабақ мазмұнына байланысты оқушыларға сұрақтар қойып, жауаптар аламын.

Сендер қандай суретшілерді білесіңдер?

Олардың қандай шығармалары сендерге таныс?

Қазақ халқының алғашқы суретшісі, бейнелеу өнерінің шебері, тума талант Әбілхан Қастеев туралы оқушыларға қысқаша баяндаймын:

- Әбілхан Қастеев 1904 жылы, қарлы қаңтарда қазіргі Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Шежін аулында туған.

Бала жастан жыр-аңыз, дастан, қиссаларға құмар Әбілхан атамызға қазақ халық ауыз әдебиеті өте жақын таныс болады. Ол суретшінің тақырыптық шығармалар жазуына әсер етті.

Ол кісі ертегідей ғажап табиғаттың таңғажайып құбылысын көріп, дыбысын тыңдап, одан көл-көсір әсер алып, тамаша табиғаттың сан түрлі бояуын санап, жан-жануарлар, өсімдіктің, тіпті топырақтың да түр-түсін саралап өсті.

Суретшінің тума таланты одан әрі туындап, осыншама биік дәрежеге жетуіне, әрине, туған табиғаттың әсері мол болды.

«Әуелі табиғат – суретші, біз оған жан бітіріп, сөйлетеміз», - дейтін Әбілхан атамыз.

Ә. Қастеев табиғат көріністеріне салған суреттері – бір-бірінің қайталамас көркімен көзге түсетін шығарма. Жыр болып төгіліп, ән болып шалқып, күй болып күмбірлеп, әркімге айрықша әсер етеді.

Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнерінің жанрлық жағынан жедел де жан-жақты өсіп, өркендеуіне өлшеусіз ұлес қосқан жасампаз қылқалам шебері.

Суретші есімімен көше ғана емес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы, көркемөнер, сурет мектептері мен колледждері аталады.

Мүсін.

Мүсін – бейнелеу өнерінің ерекше түрі. Мүсінді үш жағынан кеңістікте көруге болады. Мүсін жасау ерекшелігіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді: кеуделік мүсін, тұлғалық мүсін (статуя) және жартылай көлемді мүсін (барельеф - рельеф). «Мүсін» атауы латынның «қашау» деген сөзінен шыққан.

Адамның кеудеден жоғары тұлғалық келбеті бейнеленген мүсін бюст немесе кеуделік мүсін деп аталады. Адамның тұтас бойымен бейнеленген мүсін тұлғалық мүсін (статуя) деп аталады. Жартылай көлемде бейнеленген мүсін барельеф және рельеф деп аталады. Мүсінші деп қарапайым сазбалшықтан бастап мәрмәр тасқа дейін меңгерген, әр түрлі мүсіндерді сазбалшықтан илеп, ағаштан шауып, тастан қашап жасайтын адамды айтамыз.

Қолөнері.

Қолөнер – мол өнер, оның әрқайсысында талай ғасырлық тарих бар. Қазақ халқының қолөнері халық тұрмысында жиі қолданылатын өнер жиынтығы болып табылады. Атап айтқанда, қазақ халқының баспанасы – киіз үй қазақ халқының қолөнерінің шағын мұражайы болып табылады. Қолөнерін өсер ұрпаққа үйрету қазақ тарихында ерте кезден басталған, оны дәріптеушілер – ұста, шебер, зергер, іскер деп төрт топқа бөлінген. Қолөнерінің түрлері өте көп. Мысалы: кесте тігу, өру-тоқу, ұлттық киімдер, зергерлік өнер, ағаш бұйымдар, киізден жасалатын заттар т. б. Қолөнердің ішінде ең негізгі орын алатыны – ою-өрнек. Ою-өрнексіз бір бұйым жасалмайды. Ою-өрнек қолөнердің барлық түріне бірдей ортақ заттарды, бұйымдарды әсемдеп әшекейлеудің негізі болып табылады.

Ою-өрнек үлгілерін жасаушы шеберлер өз өрнектерінде ойланған затының көркем, әшекейлі болуына баса назар аударған.

Ою-өрнектермен безендірілген көркем бұйымдарды көбінесе киіз үйдің ішкі жасауларынан көруге болады.



Үйге тапсырма беру: Бейнелеу өнерінің түрлерімен танысу.


Еңбеккке баулу 25 қараша 2014 жыл


Сабақтың тақырыбы: Үлгіні пайдалану.

Сабақтың мақсаты: 1. Арнайы әзірленген дайын пішін бойынша жұмыс істеуді үйрену. 2. Фигураларды сызып үйрену арқылы оқушылардың қас икемділіктерін дамыту 3. Оқушыларды қайшымен, үшкір заттармен жұмыс барысында ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың әдістемелік тәсілі: Түсіндіру, сұрақ – жауап көрнекілік.

Сабақ пайдалану көрнекілік: Түсті қағаз, қайшы, жәй қарындаш.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру керек:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Еңбек қауіпсіздік ережесін жатқа айту.

ІІІ. Жаңа материалдармен таныстыру:- Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Үлгіні пайдалану деп аталады. а) Қалып үлгі дегеніміз не?ә) Қиюб) пішін белгілеу.

IV. Жаңа сабақ:Қалып үлгі - бұйымдар жасау үшін арнайы әзірленген дайын пішін. Қалып үлгіні қатырма қағаздан қиып алуға болады. Олардың пішіндері әр түрлі болып келеді. Қалып үлгіні пайдаланып геометриялық пішіндер сызып үйренейік.

V.Практикалық бөлім:1. Тікбұрышты белгілеу.2. Шеңберді белгілеу.3. Үшбұрышты белгілеу.

VI.Қорытынды бөлімҚиып алған фигуралардан не жасауға болатынын айтыңдаршы.

VII. Үйге тапсырма беру,бағалау:1,2,3, - сурет бойынша пішіндерді белгілеп, қиып үйрен.

Автор
Дата добавления 01.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Тесты
Просмотров86
Номер материала ДБ-002124
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх