Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Хабарлама куй аныздарынын курылымы

Хабарлама куй аныздарынын курылымы

  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақ халқының ертеден қалыптасқан өнерпаздық дәстүрі бойынша кез келген куй тартылмас бұрын білікті домбырашы сол куйдің шығарушысы, шығу себебі, куйдің тарту ерекшелігі, куйдің кімдердің жеткізгені және қазіргі тағдыры жайында толық мағлұмат беретін әңгімесін айтып алады.

Куй аңызы дегеніміз осы. Куй аңыздарының құрылымына ден қою барысында екі мәселеге назар аудару қажет.

1. Куй аңыздарын туындатушы субьектілер туралы және олар туындатқан куй аңыздарының ерекшеліктері туралы ой.

2. Куй аңыздарын құрылымдық - тақырыптық жүйесі бойынша қарастыру.

Бірінші мәселе бойынша куй аңыздарын 3 салаға бөлеміз:

1. халық куйлерінің аңыздары

2. халық композиторлары (куйшілері) шығарған куйлердің аңыз - әңгімелері

3. бүгінгі куйші - композиторлар шығарған куйлердің аңыз - эңгімелері

Халық куйлерінің аңызына шығарушысы белгісіз, бірақ уақыттың жаңартып - жаңғыртуынан өткен , талай ұрпақтың сүзгісінен шыққан куй аңыздары жатады. Мәселен: «Саймақтың Сарыөзені», «Сырым сазы», «Қара жорға», «Кеңес» куйлері ел басынан өткен тарихи оқиғалармен сабақтаса, «Тауқұдірет», «Аққу», «Шыңырау» куйлері қиял - ғажайып оқиғаларды тілге тиек етеді. «Қара атты мен торы атты», «Таңсаншы , ойбай, таңсаншы» куйлері байырғы әдет - ғұрып, тұрмыс - салтын баяндайды.

Халық композиторлары куйлерінің аңызына шығарушысы белгілі куйлерінің аңыз - әңгімелері жатады.

Басты ерекшелігі куйдің өзі де, аңызы да сол куйді шығарушының өмірімен тікелей байланыста дүниеге келеді. Мәселен: Құрманғазының «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», Тәттімбетртің «Саржайлау» куйлері. Аңыз - әңгімелер күйші композитордың сезім - сырын, өмір - тіршілігін тереңірек тануға себепші болады.

Күйші - композиторлар шығарған күйлердің аңыз - әңгімесі де көбінесе күйшінің өмірімен, әсер - сезіммен астасып жатады. Ерекшелігі - ол күйдің тақырыбы, аңыз - әңгімесі бүгінгі күннің елеулі оқиғаларына арналады. М.Өскенбаев «Жеңіс», М. Хамзин «Космоновт», Х. Тастанов «Тыңға аттану», С. Хұсайнов «Мереке».

Құрылымдық - тақырыптық қасиеттері бойынша күй аңыздарын жүйелеу:

1. Тарихи оқиғаларға арналған күй аңыздары.

2. Күйщі - композиторлар өміріне қатысты күй аңыздар.

3. Тұрмыс - салтқа байланысты туған күй аңыздар.

4. Арнау күйлерінің аңыз әңгімелері.

5. Қоршаған орта, табиғат туралы күй аңыздар.

6. Жан - жануарлар туралы күй аңыздар

Күй аңыздары тарихи оқиғалардың ішінен өзіне керекті дерек пен ситуацияны сүзіп алып,ел басынан өткен тарихтың бір ғана түйінді сәтін немесе тарихи тұлғалардың басынан кеткен бір ғана оқиғаны арқау етіп отырады. Халық күйлері «Қазақ пен қалмақ күйі», «Қос мүйізді Ескендір» және т. б жатады. Тарихи оқиғаларға арналған күй аңыздарына байырғы заманнан бастап бүгінгі күнгі ддейінгі оқиғалар қамтылады.

Күйшілік өнерінде себепсіз күй шықпаған. Күйдің дүниеге келу себебі күй аңызына айналған. Күйдің де, күй аңызына да қатысты қатысты бірдей тұлға,ол – күйші - композитор. Күйші - композиторды не бұрынғы заманда өтіп кеткен оқиға талғантуы кеерек,немесе көз көрген бір оқиғаға тебіренуі, не болмаса өз басынан айрықша бір оқтға өтуі керек. Сонда ғана үлкен тебіреніс - толғаныстан күй келеді. Ал, күйшіні тебіреніп - толғатқан сол оқиға ел ішіне күй аңызы болып тарайды.

Қорқыттың өлімнен қашып,маңгілік өмірді іздеуі, «Қорқыт», «Башпай», Кетбұғаның «Ақсақ құлан», Байжігіттің «Қайын - сауған» және т. б күйлері мысал.

Тұрмыс салтқа байланысты күйлер аңыздары күнделікті тіршіліктің аясында туындап жатады. Есбайдың «Үш апаның айтысы» атты тармақты күйлер, халық күйлері «нар идірген» , «Тепенкөк», «Кербез қыз», «Сал жігіт», Ықыластың «Жалғыз аяқ», «Ердеп», «Қасқыр», Қазанғап «Балжан қыз», «Торы аттың бөгелек қақпайы», Өскенбай «Жаңылтпаш» т. б күйлерде тұрмыс - салт, жөн - жоралғы, ырым - жора көріністері етек алған.

Арнау күйлерінің ерекшелігі - күйші өзінің шығарар күйін қадірі артқан адамына арнайды. Ондай адамның қылық - қасиеті күй аңызына арқау болады. «Арнау» деген сөзде адамның адамға қарым - қатынасы негіз болады. «Арнау» арқылы адамдар арасында саналы қарым - қатыныс көрініс табады.

Күй екі түрлі жағдайда:

1. Белгілі бір адам өзінің ұзақ мерзім аясындағы кісілікті қалыбымен, достық қарым - қатынасымен, туыстық жақындығымен күйшіге ұнайды, күйшіні тәнті етеді. Мәселен, Махамбет Өтемісұлы өзінің Исатай бастаған үзеңгілес серіктеріне арнап «Тарлан», «Жұмыр - Қылыш» күйін, Құрманғазы өзінің қиын - қыстау өмірінде қадірлес - сыйлас болған адамдары Бородинге арнап «Лаушка», Төремұратқа «Төремұрат» күйлерін шығарады.

2.Белгілі бір адамның басынан өткен тосын оқиғаға, ол адамның тапқырлығына, ерлігіне, кісілігіне арнап күй шығарады. Мәселен Қорқыттың «Башпай», Абылай ханның «Жетім торы», Тәттімбеттің «Бес төре», Қазанғаптың «Балжан қыз» т. б күйлері жатады.

Көшпелі өмір салт қазақ халқының артықшылығы да, кемшілігі де емес. Технократтың даму жүйесі XIX - XX ғасырда Ұлы дала тұрғындары үшін бақытты өмірдің жалғыз ғана кепілі көшпелі өмір салт болды. Көшпелілер табиғатпен тіл табыса жүріп, қоршаған орта туралы, айналадағы құбылыстар жөнінде терең білім мен тәжірибе жинақтады. Қоршаған орта, табиғат туралы күй аңыздарының басым көпшілігі халық күйшілерінің өмірімен байланысы бар ата мекенге арналады. Қорқыт «Сарын», Боғда «Бозтөбе», Махамбет «Қиыл қырғыны», Тәттімбет «Саржайлау» күйлері жатады.

Жан - жануарларға арналған күй аңыздарында ақпар бергіштік, дерек айтқыштық басым болып келеді. Мәселен: халық күйлері «Тауқұдірет», «Шұбар киік», «Шыңырау», «Ақсақ құлан», «Желмая», «Аққу», «Жетім торы», «Жорға аю», «Тепенкөк» жатады.

Күй аңыздарының бірнеше тақырыпқа тел болып келетінін, яғни бір күй аңызының бірнеше тақырыпқа бірдей қатысты болып келеді. Мәселен, Абылай ханның «Жетім торы» күйін тарихи оқиғаға арналған күй аңызына да, күйші - композитордың өміріне қатысты күй аңызына да, арнау күйлер аңызына да, керек десеңіз, жан - жануарлар туралы күй аңызына да жатқызуға болады. Сонымен, күй аңыздары құрылымдық - тақырыптық принцип бойынша 6 салаға бөлініп қарастырылады.



Күй аңыздарының жанрлық сипаты.

Зерттеп отырған обьектіні белгілі бір жүйе бойынша сарлау кез келген ғылымның алғышарты. Мұндай талғам - талап әрбір фольклолық мұраның төл қасиетін танып, төл сипатын түсіну үшін де қажет. Ол үшін, фольклорлық мұраның алдымен жанрлық ерекшелігіне ден қою керек.

Күй аңызының төл сипаттарын былайша саралауға болады:

1.Күйдің шығарушысы болса, сол күйші туралы мағұлмат айтылады. Яғни күйшінің өмір сүрген заманы, ортасы, шыққан тегі, өмірсалты, күйшілік жолға қалай түскені, ұстаздары мен шәкірттері,шығарған күйлері сөз болады.

2.Тартылатын күйдің шығу себебі, аңыз - әңгімесі айтылады.

3.Күйдің тартылу үлгісі, құлақ күйі, қағыс тәсілдері сөз болады.

4.Күйдің кімдер арқылы жеткені, қай күйші - домбыраны қандай ерекшелік дарытып тартқаны айтылады.

5.Күй қандай елеулі бас қосулардатартылған, қандай композитордың шығармаларына арқау болғаны айтылады.

6.Күй туралы белгілі адамдар айтқан пікір - тұжырымдар да келтіріледі.

Күй аңызы дегеніміз - белгілі бір тартылатын күйдің шығу себебі туралы ауызша айтылатын, күйдің бұрынғы – соңғы деректерінен толық мағұлмат беретін аңыз әңгіме. Мақсаты тартылатын күй туралы толық мағұлмат беру. Күйдің тарихи, тұрмыс-салттық немесе қиял - ғажайып аңызына қоса, сол күйге қатысты ең соңғы дерекке дейін айтып отыру – күй аңызының негізгі шарты.

Күйшілік, әңгімешілдік және домбырашылық қасиеттер тоғысқанда ғана төлтума қасиеті айқын, эстетикалық болмыс бітімі дара өнер біртұтас тұлғаны таныта алады. Күй аңызының бір ерекшклігі - оның синкреттілігі. Күй аңызы бір бөлек, оның күйі бір бөлек өмір сүре алмайды. Айтылар аңыз да, тартылар күйде көпшілік тыңдаушыға арналады. Тыңдаушылар арқылы күй аңызы ауыздан ауызға көшіп, күйдің өзі қолдан қолға ауысады. Күй аңызының көп вариантты болып айтылуына себепші. Күй аңызына тән тағы бір ерекшелік бұл үлгідегі әңгімелер сезімді - сырпыл келеді. Және сол мазмұнына сай қысқа шебер, дәмді, қызық әңгіме боп келеді. Халық тарихының алуан сырлы «қалың қатпарлары,тарихтағы белгілі - белгісіз адамдардың өнегелі өмірлері, олардың қуаныш - шаттығы, күйініш - зары, салт - санасы нелер әдемі әңгіме түрінде орындалатын күйдің сырлы сазына жан бітіріп, толықтырып отырады. Сондықтанда қазақ халқының тарихындағы қилы кезең, қиын өткелдер туралы «Қорқыт», «Алабайрақ» күйлері бебеулесе; ханның қаһар,халықтың даналығындай болып ! Ақсақ құлан» күйі ширақса; ел үшін етегімен су кешіп,етігімен қан кешкен халық батырлары туралы «Қамбар», «Сырым батыр», !айрауықтың ащы зары», «Исатай - Махамбет», «Жұмыр - Қылыш» сияқты күйлер күмбірлесе;ер жігіттің малына ұйытқы, жанына кие, өзіне қанат болған пырағы туралы «Бозайғыр», «Балжыңгер», «Қара жорға» күйлері азынаса;туған жердің әсем табиғатына еліктеген «Саржайлау» күйі шалқыса; сері жігіттің көңіл сейілтер әзіл - оспағындай болып «Қара атты мен торы атты» күй» сылқылдаса;тағдыры сыңға түскен бейбақтың тілеуқорындай болып «Таңсаңшы, ойбай, таңсаңшы» күйі қылқылдаса; боздағынан айырылып, аңырап қалған әкеге данадай басу айтып «Ерден» күйі сұңқылдаса, міне осы күй аңыздары да өмір шындығын щертуден, өмір - тіршщілік туралы ғибратты дерек береді.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 12.02.2016
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров212
Номер материала ДВ-448041
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх