Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Хабарлама. Тақырыбы: «Тәрбиеші және оның іс-әрекеті»

Хабарлама. Тақырыбы: «Тәрбиеші және оның іс-әрекеті»



  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Хабарлама

Тақырыбы: «Тәрбиеші және оның іс-әрекеті»


Тәрбиеші – тәрбие жұмысын ұйымдастыру, реттеу, жетекшілік жасау және өткізумен айналысатын педагог.

Тәрбиешінің негізгі міндеттері:

  • Тәрбиешілеуші және дамытушы іс-әрекеттерді ұйымдастыру;

  • Балалар ұжымын ұйымдастыру және дамыту;

  • Әр баланың жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу;

  • Әр баланың бейімділігі, қызығушылығы және қабілетінің дамуы үшін жағдай жасау.

Тәрбиешінің негізгі қызметтері:

  • Диагностикалық;

  • Коммуникативтік;

  • Тәрбиелеуші;

  • Болжаушы;

  • Ұйымдастыру – іс-әрекеттік;

  • Дамытушы;

  • Әдістемелік;

  • Ынталандырушы;

  • Бағалаушы;

  • Қорғаушы;

  • Түзетуші.

Тәрбиешінің мамандығының профессиограммасы:

  • Профессиограмма – маманға қойылатын психологиялық, физиологиялық, кәсіби және т.б. талаптар жүйесі.

  • Тәрбиешінің жеке тұлғасы өзінің дамуында жан-жақтылығымен, үйлесімділігімен және тұтастығымен ерекшеленуі тиіс.

Тәрбиешінің кәсіби сапалары:

  • Еңбексүйгіштік;

  • Жұмысқа қабілеттілік;

  • Тәртіптілік;

  • Жауапкершілік;

  • Тұрақтылық;

  • Мақсат қоя білу және оған жету жолдарын таңдай білу іскерлігі;

  • Өзінің кәсіби деңгейін жүйелі жетілдіру;

  • Өз еңбегінің сапасын жақсартуға үнемі талпыну;

  • Психологиялық даярлығының болуы;

  • Кең мәдени ой-өрісінің болуы;

  • Педагогикалық шеберлігі;

  • Педагогикалқ тактісі;

  • Педагогикалыө техникасы.

Тәрбиешінің адамгершілік сапалары:

  • Адамгершілігі;

  • Қайырымдылығы;

  • Шыдамдылығы;

  • Адалдығы;

  • Кеңпейілділігі;

  • Басқаны сыйлай білуі;

  • Ұстамдылығы;

  • Мәдениеттілігі.

Тәрбиешінің білім жүйесінің мазмұны:

  • Жеке тұлғаның және балалар ұжымының даму ерекшеліктері туралы білімі;

  • Психологиялық-педагогикалық білімі;

  • Жалпы білім (адам өмірінің әр қырынан білімі)

Тәрбиешінің іскерлігі мен дағдылары:

  • Диагностикалық;

  • Болжаушылық;

  • Тәжірибелік;

  • Бағалаушылық.

Қабілетінің қасиеті:

  • Дидактикалық қабілеті – балаларға оқу материалын түсінікті етіп жеткізуі, білім дәрежесін, іскерлігі мен дағдысын дұрыс анықтай білу, танымдық қызығушылығы мен белсенділігін дамыту;

  • Перцептивті қабілеті - баланың ішкі дүниесін тани білуі;

  • Ұйымдастырушылық қабілеті – балалар ұжымына дұрыс басшылық жасап, оны ұйымдастыра білу;

  • Коммуникативті қабілеті – балалармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу;

  • Конструктивті қабілеті – оқу және тәрбие міндеттерін шешудің ең үйлесімді жолдарын іздестіру.


Тәрбие жұмысын жоспарлау


Жоспарлау тәрбиешінің тәрбие міндеттері және оларды шешу жолдарын анықтау үрдісі. Жоспар – орындалу тәртібі, бірізділігі, уақыты және оның жауапты адамдары бар (тәрбиешілер, ата-аналар, психолог, т.б.) алдын ала белгіленген іс шаралар жүйесі.


Тәрбие жұмысы жоспарының құрылымы:

  • Балалар ұжымының жалпы сипаттамасы (балалар саны: ұлдар, қыздар; балалардың жалпы дамуы және танымдық деңгейі; қызығушылықтары; отбасы туралы мәліметтер)

  • Тәрбие міндеттері;

  • Ата-аналармен жұмыс;

  • Балалармен жеке жұмыс;

Жоспар мазмұнына қойылатын талаптар:

  • Жоспардың мақсатқа бағыттылығы;

  • Балалардың жастық және дербес ерекшеліктерін есепке алу;

  • Жоспарланған жұмыстардың жүйелілігі, бірізділігі;

  • Шындыққа жақындылығы;

  • Жұмыс түрлері мен әдістерінің әр түрлілігі;

  • Жоспарлаудың шығармашылық сипаты.



Автор
Дата добавления 17.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров285
Номер материала ДВ-533875
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх