Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Хабарлы сөйлем". Қазақ тілі 2 сынып. Сабақ жоспары.

"Хабарлы сөйлем". Қазақ тілі 2 сынып. Сабақ жоспары.


библиотека
материалов

Сабақ жоспары

Пәні: Қазақ тілі 2 «А» сынып.

Күні:16.11.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа тақырыпты ашу арқылы оқушылардың хабарлы сөйлем және оның тыныс белгісі жайындағы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың тілін, шығармашылық қабілетін дамыту, әдемі, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.Ой-өрістерін, өз ойын ашық әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Жақсы мінез-құлыққа, сөз мағынасын түсініп, байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорларын молайтуға жетелеу. Сөйлеу шеберлігін, мәдениетін қадағалай отырып, өз ана тілін құрметтеуге, сүюге баулу.
Сабақтың типі:
Жаңа материалды түсіндіру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі:Түсіндіру,сұрақ жауап.
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу.Оқушыларды түгендеу.
б) Оқушылардың сабаққа әзірлігін және құрал-жабдықтарының түгел болуын қадағалау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
223-жаттығу
Ребусті шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құрау.

Ережені еске түсіру:
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң не нүкте(. ), не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.
Хабарландыру
11-ші желтоқсан күні сағат 5-те “Балдәурен” фестивалінің ән байқауы өтеді. Қатынасуларыңыз сұралады. Мектеп әкімшілігі.
Оқушыларға ережені өз беттерімен шығарту.

Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейді. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (. ) қойылады:Оқушылар мұражайға барды.

ІІІ.Оқулықпен жұмыс.

169-жаттығу.Мәтінді түсініп оқы. Әр сөйлемде не туралы айтылған?
Итбалық балықпен қоректенеді. Ол өте жақсы жүзеді, керемет сүңгиді. Аяқ орнында жүзу қанатшалары бар. Итбалықтың күшіктері де аппақ. Сондықтан оларды ақүрпек деп атайды.

170-жаттығу.Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз. Мәтінге ат қой.
Оқулықтағы нұсқасы:

Бұлбұл - кішкентай құс ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды бұлбұлдың үні құлаққа өте жағымды.
Оқушылардың өз бетімен орындаған жұмысы:
Бұлбұл
Бұлбұл - кішкентай құс. Ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды. Бұлбұлдың үні құлаққа өте жағымды.

171-жаттығу.Сөздерді оқып, әйелдердің киімін білдіретін сөздерді бір бөлек, ерлердің киімін бір бөлек топтастыр.
Сәукеле, орамал, жейде, жаулық, күпі, құлақшын, ішік, қамзол, шәлі, шекпен.

172- жаттығу.Алдыңғы жаттығудағы қарамен жазылған сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

173-жаттығу.Берілген сөйлемдердің хабарлы сөйлем екенін дәлелде.
Менің досым Қырғызстанда тұрады. Мен оған өз елім туралы мақтанышпен жазамын.Ол жазда Алматыға келмекші. Досымды асыға күтіп жүрмін.

IV.Қорытынды:

1) Үй тапсырмасы: 228-жаттығу. Жоспар бойынша әңгіме құрау

2) Бағалау.


Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-380290

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG