Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / "ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МАҚАЛ – МӘТЕЛДІҢ АЛАТЫН ОРНЫ"

"ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МАҚАЛ – МӘТЕЛДІҢ АЛАТЫН ОРНЫ"

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МАҚАЛ – МӘТЕЛДІҢ АЛАТЫН ОРНЫ

Еліміздің болашағы саналатын ұрпақ тәрбиесінде, оқу – тәрбие процесінде өркенниетті қоғам мен құқықтық мемлекеттін, нарықтық экономика кезеңінің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілетін, шығармашылық, кәсіби біліктілігі мен білімділігін керек ететіні белгілі.

Мектепке дейінгі ұйым алдында заман, қоғам талабына сай жан – жақты дамыған, белсенді тұлға қалыптастыру мәселесі тұр. Балаларға жан – жақты тәрбие беруде халықтың ауыз әдебиеті асыл қазынаның бірі ретінде қарастырсақ қателеспейміз. Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік – идеялық нәрімен, эстетикалық қуат – тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық – әлеуметтік және тәрбиелік терең мән – мазмұнымен ерекшеленеді. Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да – халық. Сондықтан ол халықтың өз еншісі болып табылады. Халықтың тарихи зердесі, философиялық ой – түйіндері, педагогикалық тәжірибесі, адамгершілік нормалары, кәсіптік әдебиетке тән көркемдік сұраныстары, театрлық өнерге тиесілі есесі ауыз әдебиетіне жүктеледі. Іс жүзінде оның араласпайтын саласы қалған жоқ. Шілдеханадан бастап рулар арасындағы дауларға, бесік жырынын бастап жоқтауға, ем – домнан бастап лирикалық дүниетанымдық аңыз – әңгімелерге, мифтік сезімдерден бастап қоғамдық ой – пікірлерге деңгейінің бәрі де фольклорда тоғысты.

Халық даналығының қаймағы саналатын мақал – мәтелдер мен нақыл сөздердің ел аузынан жиналатыны мәлім. Қай халықтың ауыз әдебиетінде болса да мақал мен мәтел көлемі шағын, тілі көркем, мазмұны бай жанрға жатады. Мақалдар мен мәтелдер ғасырлар бойы халықпен бірге жасап, біреулері ескіріп қолданудан шығып қалып, екіншілері жаңадан пайда болып отырады.

Халық шығармаларының басқа да түрлері сияқты мақал – мәтелдерді де әуел баста жеке адамдар шығарады, оны біреуден біреу естіп жаттап жаңғыртады, өңдейді, өзгертеді. Сөйтіп, олар бірте – бірте жалпы ортақ мұраға, халық шығармасына айналады. Демек, мақал – мәтелді халықтың өмірден жасаған қорытындысы, ақыл – ой түйіні деуге болады.

Мақал – мәтелдің өміршендігі, ұмытылмай ұзақ жасайтындығы тілінің көркемдігі мен мазмұның терендігінде, аз сөзбен көп мағына беретіндігінде, жаттауға жанында сақтап керек кезінде еске түсіруге қолайлы екендігінде.

Мақал мен мәтел халық өміріндегі алуан түрлі оқиғаларды, қарым – қатынастарды қысқа, тұжырымды тілмен жеткізеді, айтылмақ ойды ажарлайды, айқындайды. Сондықтан халық «Жүздің көркі – сақал, сөздің көркі - мақал» деп бағалаған.

Мақал мен мәтел халықтың өзі қолдан жасап алған заңы, тұрмыста кездескен әртүрлі жағдайларды түсіндіретін оқу құралы іспетті. Мақал – мәтелдерде көбінесе ортақ ой, жалпы ереже, аңықталған қағидалар айтылады., тұлғасы жағынан тілге жеңіл, құлаққа жағымды дыбысқа, ұйқасқа мағынасына лайық көркем тілімен, өлеңмен құрылады. Мақал – мәтел – халық шығармасынан ең шағын түрі, інжу – маржан. «Арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен»деген секілді, әрбір мақалда көркем сөзбен көмкерілген дербес шығарма.

Мақал – мәтел – мағыналы шығарма. Онда тура мағынамен қатар астарлы мағына да болады. Тура мағына мысал ретінде алынады, негізгі ой астарлап айтылады. «Ит үрді – керуен көшті» деген мақалдың тура мағынасы «иттердің үруіне қарағанда ауыл сыртында қоңған керуен көшті»деген ұғым береді. Бірақ мысалдың астарында «дұшпаның жамандаса, ісіңнің алға басқаны» деген пікір жатыр.

Сонымен, мақал – дегеніміз халықтың ғасырлар бойы өмірден, табиғаттан көрген – білгенін бейнелейтін шағын шығармасы, сөз өнері.

Әр халықтың мақалы мен мәтелі, сол халықтың өзі жасап алған логикалық формуласы мен өлшемі. Кез келген оқиғаның, мәселенің тұсында еске түседі, тілге оралады. Сөйтіп ойлануды, ұзақ баяндауды керек ететін болмысты жеп – жеңіл, оп – оңай бірақ ауыз сөзбен ұғындырады, түсіндіреді. Мәселен, туған елдің қадір – қасиеті, оны сүю, қорғау туралы ұзақ әңгімелеу орнына; «Ел іші – алтын бесік» деп екі- үш ауыз сөзбен – ақ ұғым беруге юолады. Мақал – мәтел – халық қазынасы, поэтикалық шығарма. Ол әдетте, белгілі бір ойды ажарлап айқындау үшін, көбіне қорыту үшін қолданылады. Бұл жағынан алғанда ол сөздің ойдың нәрі, қаймағы сияқты.

«Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» - деп, білімнің өміріндегі мәнін ұғынса, білімнің шыңына шығу үшін асқан төзімдік, еңбексүйгіштік керек екендігі дәлелденген. «Оқу инемен құдық қазғандай» - деп қарапайым сөзбен де түсіндіруге болады.

Балаларды еңбексүйгішкке тәрбиелеуде халықтың мақал – мәтелдерін, ертегілерін, әңгіме – жырларын пайдаланудың мәні зор. Осылардан бала өз ойына жақсысын сіңіріп, жаманынан жиреніп, адамгершілік, қайырымдылық қасиеттерді бойына сіңірулері керек. «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Көппен көрген ұлы той» - деген сияқты мақал – мәтелдерді дәріптеген бала тәрбиесі – баршаға ортақ, балабақша, мектеп, отбасы болып жас өскіндерді баулуда халық тәрбиесінің ел ішіндегі кең тараған түрлерін зерттеп, бүгінгі күн мүддесіне сай пайдалану керек.

Халық даналығынан туған: жер – ана, еңбек – ата, «Адал еңбектің абыройы жоғары», «Еңбек еткен мұратқа жетеді, мал менен дәулет те бітеді» сияқты мақал – мәтелдерден халқымыз еңбекті табиғаттың адамға таратқан өлшеусіз сыйы ретінде танып қоймай, еңбектің өскелең рухың, шабытты сипатын таныта білген.

«Тәрбие көзі халықта», «Бала тәрбиесі бесіктен», «Болар бала бесіктен», «Ұлын өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Ұядан не көрсен, ұшқанда соны ілесің» деген мақалдар баланың ойын өсіріп, жақсылыққа ғана тәрбиелейді.

«Жас жемісті жұлма, жас баланы ұрма », «Әр жаста берген тәрбие жас шыбықты игендей». Жас кезінде берген тәрбие адам жанында ұзақ сақталады. Бала есейгең сайын ана сүтімен даритын сөйлеу тілін дамытып, тазалыққа, имандылыққа баулып, ізеттілікке, әсемдікке, сезімталдыққа, әдептілікке үйретіп, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу – әрбір отбасы, ауыл – аймақ арманы. Оған себеп – халық даналығы, санамақтар, мақал – мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар баланы ойландырып, толғандыратын өтірік өлеңдер, ертегі, аңыз әңгімелер. Халық өздерінің арман – тілегіне, жыл маусымдарымен үндестіре өлеңдетіп, табиғат, адам арасындағы байланысты балаға тұсінікті түрде өлең – жырмен, мақал – мәтелмен, жаңылтпаштармен ертегі аңыз – әңгімелермен сабақтастыратынын халық фольклорынан аңғаруға болады.

Баланың ана тілінде,ашық, таза сөйлеуге үйрету ісінде жұмбақ шештіру, жаңылтпаш, мақал – мәтел айтуға үйретудің маңызы зор. Жаңылтпаш, мақал – мәтел – тіл дамыту, тіл жаттықтыру құралдары. Бала сөзді дәл тауып, дұрыс қолданып дыбыстарды дұрыс айтуға үйренеді.

Жұмбақ мақал – мәтел оқып беру, айтқызу 5 – жастағы балалармен жүргізіледі. 3 – 4 жастағыларға үй жануарлары мен жемістер шағын жұмбақтар айтылады. Мақал – мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар айтқанда бала жасына дайықты болуы, мақал – мәтелдердің тәрбиелік – мәнін ескеріп отыруы қажет.

«Еңбек түбі зейнет» тақырыбына сәйкес ата – аналар балаларын үй шаруышылығына көмектесу, күнделікті тұрмыстық еңбекке ынталандыру үйрету кере. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» мақалының мағынасын түсіндіріп, жастайынан еңбекке оң көз қалыптастырып үлкендер еңбегін құрметтеп бағалай білуге тәрбиелеген жөн.

Тәрбие үрдісінде мақал – мәтелдерді ой мен тілдің көркем құралы, халықтың өшпес даналық мұрасы ретінде бағалап өсуіне, оның тәлім – тәрбиелік жағынан назар аударған жөн. Мақал баланың логикалық ойын дамытса, жұмбақ, жаңылтпаш жас баланын тілін жетілдіріп, табиғат, өмір жайындағы түсінігі мен қиялдау қабілетін дамытады.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 30.10.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров555
Номер материала ДВ-109808
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх