Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Тесты / Халық ауыз әдебиетіне арналған тест жұмысы.

Халық ауыз әдебиетіне арналған тест жұмысы.

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Халық ауыз әдебиеті

1. Саққұлақ,Желаяқ,Көлтауысар қай ертегі кейіпкері.

А) «Ер төстік» В) «Аяз би» С) «Толағай»

Д) «Дүмше молда» Е) «Тоғыз тоқылдақ,бір шіңкілдек»

2. Алдар Көсе аңызында майдың орнына қандай зат салады?

А)Тезек В)Ет С)Тулақ Д)Құрт Е)Сүйек

3. Сара Біржанмен айтысқанда кімнің үйінде болған?

А)Жүнісбек В)Қаптағай С)Тұрысбек Д)Есімбек Е)Шерубай

4. Мына сөйлемдегі салт-дәстүрге байланысты керек сөзді белгілеңіз.

...Алшынбай Ұлжан отырған үйдің есігін аштырып,тысқа семіз асау құнан тайды көлденең ұстап тұрып,қонақтардан не күткенін анықтаңыз.

А)Сый дәметті В)Рұқсат күтті С)Көрімдік сұратты

Д)Алғыс күтті Е)Бата тілетті

5. Жар-жар өнердің қай түріне жатады?

А)Жыраулық В)Шешендік өнер С)Күйшілік

Д)Терме Е)айтыс

6. Қазақ ауыз әдебиетін зерттеген қай батыр жазушы?

А)Б.Момышұлы В)Р.Қошқарбаев С)Қ.Қайсенов

Д)М.Ғабдуллин Е)Т.Бегелдинов

7. Алтын сақа ертегісіндегі қай кейіпкердің сөзі екнін белгіле.

-Осындай бәлен жердегі бәйтеректің басында бала тұр,бәйтеректің түбін жалмауызкемпір қазып жатқандықтан,енді құлауға таяу түр.

А)Төбет В)Жалмауыз С)Бай Д)Қарлығаш Е)Бала

8. Қозы көрпеш-Баян сұлу поэмасында Қозының намысын қорғау үшін кім шығатынын белгіле.

А)Танаш В)Көтібар С)Тайлақ Д)Тазша Е)Айбас

9. Аяз би ертегісінің кейіпкерін тап.

А)Жаман В)Ерназар С)Кендебай Д)Шойынқұлақ Е)Бапы

10. «Ақ жүрген азбас»мақалының тақырыбын белгіле.

А)Отан,туған жер В )үнемшілдік С)Оқу-білім туралы

Д)Адамгершілік, жақсы-жаман мінез туралы Е)Төрт түлік мал туралы

11. Алдар көсе аңызында:

-Естіген өтірік,көрген шындық,-деп айтатын кейіпкерді табыңыз.

А) Кемпір В)Хан С)Би Д)бай Е)Бізбикеш

12. Қазақтың көшпелі өмірі,әдет-ғұрпы,мінез-құлқы,киім киісі,жүріс-тұрысы,

Қыздарының бірінен-бірі асқан сұлулығысуреттелетін лиро-эпостық жыр.

А)Күлше қыз В)Мақпал мен сегіз С)Айман-Шолпан

Д)Қыз Жібек Е)Қозы Көрпеш-Баян сұлу

13. Қазақ ауыз әдебиетіндегі жаңа әйел,саналы қыз образын белгіле.

А)Сұлушаш В)Шолпан С)Қамар сұлу Д)Баян сұлу Е)Айман

14. Өзі іздеген сұлу қызды құмырсқаның көмегімен тапқан кейіпкер кім?

А)Ер Төстік В)Аяз би С)Алтын сақа

Д)Үш өнерпаз Е)Күн астындағы Күнікей қыз

15. Жәнібектің:-Інісі өлген қандай екен?-деген сұрағына Жиреншенің жауабы

А)Оң қанатының қайырылғаны В)Асқар таудың құлағаны

С)Ағар бұлағың суалғаны Д)Бауыр еті күйгені

Е)Сол қанатың қайырылғаны

16. «Өжет адам...жеңеді»,табыңыз

А)Жауды В)Дұшпанды С)Өзін-өзі Д)Өлімді Е)Жаманды

17. Алпамыс батырдың әкесінің атын табыңыз.

А)Тоқтарбай В)Байбөрі С)Тұяқбай

Д)Қарасай Е)Сарыбай

18.Мақалдардың ең негізгі ерекшелігі неде?

А)Ықшамдылығында В)Өткірлігінде С)Дәлдігінде

Д)Аз сөзбен көп мағына беруінде Е)Ырғақтығында

19. Ханның опасыздығын баса көрсететін жырды көрсетіңіз.

А)Алпамыс В)Айман-Шолпан С)қамбар батыр

Д)Қобыланды батыр Е)Ер Тарғын

20. Баянның бауырының есімін белгілеңіз.

А)Жәнібек В)Қабанбай С)Бөгенбай Д)Ноян Е)Аян

21. Алпамыс еліне қайтқанда жылқыны бағып жүрген кім?

А)Байбөрі В)Құлтай С)Жәдігер Д)Алпамыс Е)Тортай

22 «Алдар көсенің шайтанды алдауы»деген аңыздағы шайтандардың аты кім

А)Әңкір,Мүңкір В)Зор-теке,Сор-теке С)Мүкен,Түкен

Д)Шойынқұлақ,Көкеман Е)Құлан, Түлен

23. Арыстан,Әлібек деген кейіпкерлер қай жырда кездеседі?

А)Қамбар батыр В)Қыз Жібек С)Ер Тарғын

Д)Айман-Шолпан Е)Қозы көрпеш- Баян сұлу

24. Ер Төстіктің қалыңдығының аты кім?

А)Қаракөзайым В)Гүлбаршын С)Құртқа Д)Кенжекей Е)Назым

25. Сарыбай мен Қарабайдың бір-бірімен кездескен жерін табыңыз.

А)Сыр елінде В)Жетісу жерінде С)Бетпақдалада

Д)Балталы жерінде Е)Арқада

26. Ер Тарғын жырындағы дана,батагөй қарияның атын табыңыз.

А)Ақшахан В)Ханзада Д)Қартқожақ

С)Сыпыра жырау Д)Бұлалай

27. Өтірік болса сақалым жұлынсын ,

Қыз астындағы тырнадай .

Бәрін де осының көріп келдім,

Асыңды асшы ұрламай,-деген жолдарды кім айтқан?

А)Асан қайғы В)Ер Төстік С)Қожанасыр

Д)Жиренше Е)Алдар көсе

28. Астына мінген атына «Айналайын»деп үн қататын батырды табыңыз.

А)Ер Тарғын В)Кендебай С)Ер Төстік Д)Алпамыс Е)Толағай

29. Мәтелді табыңыз.

А)Ат-ер қанаты В)Бірлік болмай,тірлік болмас

С)Жердің сәні-егін Д)Көппен көрген ұлы той Е)Ырыс алды-ынтымақ

30. «Абай жолы»романында Құнанбай мен Бөжейді татуластыру үшін сөз

болатын қазақ салтын көрсетіңіз.

А)Қыз алысу В)Құда болу С)Құн төлеу

Д)Бала асырап алу Е)Ас беру

31. Алпамыс батыр жырындағы қалмақ батырын табыңыз.

А)Тайшық В)Қараман С)Ұлтан Д)Кейқуат Е)Қартқожақ

32. Жаманға «Аяз би» деген атты кім қойған?

А)Анасы В)Әкесі С)Уәли бай Д)Бес ханның елі Е)Нағашысы

33. Маман байдың ауылын кім шабатынын анықта.(Айман-Шолпан)

А)Қалмақтар В)Қырғыздар С)Арыстан Д)Әлібек Е)Көтібар

34. Алпамыс батыр жырында әкім болып жұртты жеп жүрген кім?

А)Алпамыс В)Байбөрі С)Ұлтан құл Д)Сарыбай Е)Құлтай

35. Мақал-мәтелдерде көп қолданылатын көркем өрнектің атауын табыңыз.

А)Синтаксистік параллелизм В)Саз С)Ырғақ Д)Теңеу Е)Интонация

36. Ай астында аспанға, Құрды бақан қақтырып.

Алтын теңге аттырып, Теңгені атып түсірген...

Батыр қай сұлуды алады,табыңыз

А)Назымды сұлу сол алар В)Гүлбаршынды сұлу сол алар

С)Баянды сұлу сол алар Д)Ақжүністі сұлу сол алар

Е)Құртқаны сұлу сол алар

37. «Қыз Жібек» жырындағы жастардың арман,тілегіне қарсы топты атаңыз.

А)Қарабай тобы В)Қодар тобы С)Сарыбай тобы Д)Қалмақтар тобы Е)Базарбай тобы

38. Айман-Шолпан жыры аяқталар тұста Көтібар кім болатынын анықтаңыз

А)Өкіл ата В)Нағашы С)Құда Д)Ата Е)Өкіл әке

39. Театр өнерінің үлгісі байқалатын ауыз әдебиетінің түрін белгіле.

А)Мысал В)Ертегі С)наурыз жыры Д)Тұрмыс-салт жыры Е)Айтыс

40. Қойды қалай шақыратынын белгіле.

А) «Көс-көс» В) «Шөре-шөре» С) «Ауқау-ауқау»

Д) «Пұшайт-пұшаит» Е) «Құрау-құрау»

41. Асылым құдай берген өз басыма,

Тең келмес жеті Біржан тырнағына,-дегенді Сара кім туралы айтқан№

А)Жиенқұл В)Молақбай қобызшы С)Есімбек Д)Тұрысбек Е)Түбек

42. « Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» атанған кім?

А)Әйтеке В)Бәйдібек С)Қазыбек Д)Бөлтірік Е)Төле

43. Данагүлдің кім екенін белгілеңіз.

А)Жиреншенің қызы В)Алдар көсенің әйелі С)Төле бидің келіні

Д)Сырымның шешесі Е)Белгісіз әйел

44. «Алпамыс батыр» жырындағы Гүлбаршынның әкесінің аты кім?

А)Байбөрі В)Байсары С)Құлтай Д)Кейқуат Е)Тортай

45. «Жар-жар» қай кезде айтылады?

А)Қоштасарда В)Жаңа түскен келінге С)Наурыз тойда

Д)Той бастарда Е)Қыздың ұзатылу тойында

46. Лиро-эпос кейіпкерлерінің ішінде тоқсан сері жігіт қай қыз үшін елінен безеді?

А)Айман-Шолпан В)Ақжүніс С)Қыз Жібек Д)Гүлбаршын Е)Баян сұлу

47. Әдет-ғұрыпқа байланысты туған өлең-жырлар қандай жанр түріне жақын келеді?

А)Эпостық жанр В)Лирикалық жанр С)Роман Д)Драма Е)Новелла

48. Айман-Шолпан жырындағы Әлібек бейнесіне тән сипаттарды белгіле.

А)Кісі тілін алмайтын бірбеткей В)Дәрменсіз,жасық бірақ мейірімді

С)Жау іздеуге,пәле іздеуге құмар емес Д)Мақтаншақ,бірақ жуас Е)Ұрыншақ,пәлеқор



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 11.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Тесты
Просмотров488
Номер материала ДВ-441331
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх