Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыХалық дәстүрі - асыл қазына 7 сынып

Халық дәстүрі - асыл қазына 7 сынып

Скачать материал

ХАЛЫҚ ДӘСТҮРІ – АСЫЛ ҚАЗЫНА

 
Мақсаты: оқушылардың халық дәстүрі туралы ұғымдарын кеңейту. 
Міндеттері: 
білімдік:
оқушыларға халық дәстүрінің маңыздылығы туралы түсінік беру; 
дамытушылық: оқушыларды халық дәстүрінің мәнін түсініп, оны қадірлеп, бағалай білуге баулу;

тәрбиелік: салт-дәстүрге құрмет, елжандылық сезімдеріне тәрбиелеу. 

Көрнекілік: презентациялар, бейнетүсірілімдер, бейнефрагменттер, асықтар, таратпа материалдар.

 

Шаттық шеңбері 

 

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге тұрып, мына өлең шумақтарын айтады.

Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені құрайық.

Уықтарша иіліп,

Киіз үйді құрайық (қимыл-қозғалыстарды орындай отырып айтады).

 

«Қазақы дастарханым» әні орындалады.


ҚАЗАҚЫ ДАСТАРҚАНЫМ

 
Сөзін жазған Ж. Боранбаев

Әнін жазған М. Ілиясов

 
Бүгінгі ел ішінде

Дәстүрді жалғастырған. 

Татулық белгісі ме?

Жағалай малдас құрған. 

 

Қайырмасы: 


Ей, менің асқар тауым! 

Қазақы дастарқаным. 

Өзіңсің бақ-берекем, 

Ақ қайнар бастауларым. 

Анаға ақ пейілді 

Иілсе келін-балаң. 

Ықылас, ізет еткен 

Сыйластық елін табам. 

 

Қайырмасы. 


Дәм татар талай ғасыр,

Ұрпақтар абай болсын. 

Кірлетпей таза ұстасын, 

Халықтың шар айнасын! 

 

Қайырмасы. 


Толықсып туған айым, 

Наурызым, айналайын. 

Өзіңсің ырыс-құтым, 

Қуаныш, думан-тойым. 

 

Қайырмасы. 

Үй тапсырмасы: 1. «Алтын емес, салтым қымбат» тақырыбына шығарма жазу. 2. «Шаңырақ» мәтінін оқу

 

Бір оқушы асықтар таратады, асықты алып отырып, өзіне белгілі салт-дәстүрді атап береді. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап, топ бойынша орындарына отырады.

Бүгінгі сабақтың тақырыбын хабарлайды.     

 

Слайд 3

«Халық дәстүрінің түрлері» сызбасы.

 

Слайд 4

Бейнетаспадан Mover Maker программасында жасалған, «Қазағымның дәстүрлері» әнімен сүйемелденген қазақ салт-дәстүрлерінің фотосуреттері көрсетіледі.


Слайд 5

Ойланайық, пікірлесейік

Мұғалім оқушылардың халықтың өмір тәжірибесі, халық даналығы, оның маңызы туралы білімдерін жинақтап, ортаға салуы үшін олармен әңгімелесу жүргізеді. Әңгімелесу кезінде оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады:

-         «Салт-дәстүр» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-         Салт-дәстүрді неліктен халықтың асыл қазынасы дейміз?

-         Халықтың игі дәстүрінің рухани азық екендігін қалай түсінесіңдер?

-         Өзің үшін маңызы бар халқымыздың игі дәстүрлері туралы айтып беріңдер. 

Мұғалім оқушылардың осы сұрақтарға жауап іздестірулеріне көмектесу үшін көрнекі құралдарды пайдалануға жағдай жасайды. Оқушылар сахналық көріністі, бейне түсірілімді, бейнефрагментті, фотосуреттерді қарап шығады. Әрбіреуіне жеке-жеке тоқталып, талдау жасалады.

«Жетім көрсең жебей жүр» демекші, қазақ халқының қанына сіңген бұл дәстүр осы күндері де сақталған. Қайырымдылық, жомарттық - бір адамның екінші адамға немесе адамдар тобына қарымтасыз, міндеттеусіз қызмет қылып, жақсылық жасауға шын пейілділігі, нақты ісі арқылы көрінетін өте жақсы қасиеті. 

 

Слайд 6

Оқу ақпараты

 

Оқу ақпаратында келтірілген ой түйіні оқушылардың дәстүр жайлы түсініктерін аша түседі.

Әр халықтың өзінше дәстүрі бар. Дәстүрдің де жақсы-жаманы болады. Жаманы жолшыбай қалып қояды, жақсысы ғасырдан ғасырға кете барады. 

Қазақ дәстүрі ата-ананы, үлкенді сыйлауға баулиды. Үлкенге сәлем беру, жол беру, алдынан көлденең кесіп өтпеу, қонақты қарсы алу, төрге шығару, жақсы қабақпен аттандырып салу, жолдас-жораға қайырымды болу сияқты дәстүрлер өмір бойы ескірмейді. 

Халықтық жақсы дәстүрлерді ешбір ұлы адам аттаған емес, әрбір жас дәстүрді қорғаушы, орындаушы әрі дамытушы болғай-ақ. 

Ғ.Мұстафин 

Слайд 7

Мәтінмен жұмыс (Аудиомәтінді тыңдау) 

Мәтінмен жұмыс жүргізу оқушылардың білімдерін кеңейтіп, олардың оқу белсенділіктерін арттыра түседі. Оқушылар сабақ тақырыбын ашатын аңыз әңгімені оқып, салт-дәстүрдің қаншалықты маңызды екеніне көздерін жеткізеді. 

Мәтіннің мазмұнын жете түсіну арқылы оқушылар ата-бабамыздың ақылгөйлігі мен ұтқырлығына тәнті болады. Халқымыздың ата салтын адам баласының ғана игілігі үшін пайдаланып қоймастан, оны қоршаған ортаға қатысты қолдану арқылы өздерінің өмір салтын берік ұстанғанына көз жеткізеді. Сондай-ақ халық арасында кім болса да, атақ-даңқына, дәрежесіне қарамастан, ата салттан аттамау, оны сақтап, қадір тұтудың мәні қандай болатынын мәтіндегі оқиға дәлелдей түседі. Мұның өзі балалардың бойында халықтық дәстүрге деген сый-құрметтерін арттырып, мақтаныш сезімдерін тудырады, терең ой салады. 


АҢЫЗ ӘҢГІМЕ

 

Баяғыда тасы өрге домалап тұрған бір хан жанына нөкерлерін ертіп, аң аулауға шығады. Орман кезіп, қыр асып келе жатса, алдынан екі көзі ботадай мөлдіреген, сауыры жез құмандай жылт-жылт еткен сұлу киік қаша жөнеліпті. Хан садақтан оқ атып, киіктің артқы аяғын жаралайды. Бір жағы құлама жар, екінші бүйірден хан нөкерлері қиқу салып, қыспаққа алғанда, жаны қысылған бейшара киік жан далбасамен сонадайдан көз тартқан ақбоз үйдің ашық тұрған есігінен ішке қойып кетіпті. Үй иелері жайылған дастарқаннан түскі тамақ ішіп отыр екен. Есіктен енген киік жаюлы дастарқаннан бір-ақ ырғып, төрдегі керегеге тұмсығын тіреп, солығын баса алмай тұрып қалыпты.

– Шығар киікті! – деп дауыстайды хан ат үстінде тұрып, төрде тамақ ішіп отырған қарияға. – Бұл тау тағысын түстік жерден қуалап келіп, сенің үйіңде қолға түсіріп тұрмын. Мұның менің олжам екеніне ешкімнің дауы жоқ шығар? 

Сонда қария: 

– Сөзің орынды, хан ием. Киік сенің олжаң екені де рас. Бұл сорлы жаны қысылған сәтте менің төріме шығып кетті. Ортада дастарқан жаюлы жатқанын өзің көріп тұрсың. Ата салтымыз бойынша, дастарқанды аттап өте алмайсың. Көздеріне қан толып, бір-біріне өлердей жауыққан екі адамды татуластырарда дастарқан басына алып келмеуші ме еді? Тіпті хан болсаң да, дәстүрден үлкен емессің. Ал дәстүрді, қалыптасқан ата салтты бұзсаң, қалың елдің табасына қаласың, жолың болмайды, – депті.

Хан аталы сөзден жеңіліп, ат басын кері бұрыпты.

Аңыз әңгімедегі дәстүрге назар аударып, оны талқылау. Оқушылар өздері оқыған аңыз әңгімеден осыған ұқсас мысалдар келтіреді.

 

Слайд 8

Түйіндеме

Түйіндемеде қазақ халқы үшін аса қастерлі ұғым «ақ дастархан» ниеттің, ықылас, пейілдің жаршысы іспеттес, ел өмірінде айнымас орын алған, берік ұстанып келе жатқан ата салты екендігі жөнінде мәлімет беріледі. Бұдан оқушылар қазақ дастарқанының атқаратын қызметін, мағыналық мәнін бағамдайды.

 

Дастарқан

 

Дастарқан – қазақ салтында пейілдің, ықыластың, жомарттықтың белгісін танытатын, үйдің ниетін көрсететін берекесі. Қазақ дәстүрі бойынша әр адам қолынан келгенше барын пейілмен дастарқанға арнап, ықыласын сездіруге тырысады. Дала түлегі қазақтар қай мезгілде болса да үйіне түскен кез келген жолаушыны жатсынбайды. Ашық-жарқын қабақпен қабылдайды. Ықылас білдіріп, төрге шығарады. Содан кейін дастарқан жайылады. Жолаушы тамақтанып, сергігеннен кейін барып, үй иесі жқн сұрап, хал-жайын, бағыт-бағдарын, шаруа жайын ұғады. Бұл да ежелгі салт. Тіпті танымайтын адамды да «Қырықтың бірі - Қыдыр» деп, құт санайды.

Халықтың осынау кеңпейілділігін салт ретінде берік сақтауы да ұрпақ үшін жалғасы болып қалыптасқан.

 

Слайд 9, 10

Қазақтың ұлттық би өнері ерте замандардан бастау алып, күні бүгінге дейін өркендеп келеді. Би өнері халқымыздың салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілігіне байланысты туындаған.

Қазақтың ежелгі би өнері үлгілері жөнінде дастандарда, ертегілерде, батырлар жырларында да айтылып отырады. Белгілі музыкалық шығармалар, күй әуендері биді сүйемелдеу үшін пайдаланылған. Мысалы, “Қаражорға”, “Бүркіт биі”, “Қаз-қатар”, “Насыбайшы”, “Құсбегі-дауылпаз”, “Аю-би”, “Киіз басу”, “Өрмек тоқу”, “Аққу”, “Ортеке”және т.б билер сондай әдіс-тәсілмен орындалған.

 

Слайд 11

Сергіту сәті «Қара жорға»

 

Слайд 12

Мұғалім оқушылардан сабақтың дәйексөзі ретінде алынған «Ата салтың – ұлттық қалпың» атты нақыл сөздің мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды.

Оқушылар дәйексөздің мағынасы туралы ой түйіндеу кезінде салт қалайша ұлттың бейнесі болатынын, неліктен салтқа қарап, ұлтты тануға болатынын айтып береді. Мұғалім өзі қорытынды жасайды.

 

Слайд 13

Шығармашылық жұмыс

 

Аталы сөздерге құлақ асып, салт дәстүрлерін сақтап қана емес, қазақ халқы қолөнерін де кеңінен пайдаланған. Осы туралы мен сендерге ертегі айтып берейін. Баяғыда бір хан болыпты, және ол ханның жалғыз ұлы болыпты. Сол ұлы бір күні саятқа шығып, алдына кездескен аңдарды қырып жойып келе жатқанда бір үкі оның бетіне шапшып, 2 көзін ойып жібереді. Соқыр болып келе жатқан хан баласы жардан құлап мерт болады. Содан хан іздеу салып, «кімде кім ұлымың қаза болғанын естіртер болса, соның басын аламын» - деп жарлық берген соң, оның өлімі туралы айтуға ешкімнің батылы бармайды. Сонда бір оюшы адам болған оқиғаның желісін сипаттап, сырмақ салады да оны ханның алдына жайып салады. Ол хан сырмақтың оюын тарқатып, ұлының биік биік таулардан асып, терең- терең сулардан өтіп, қалың орманды аралап, аңдарды аяусыз қырғанын, бетіне ұшып келген үкінің көзін ойып, соқыр болғанын, жардан құлап мерт болғанын түсініпті.

Бұл жерден, балалар, оюшының асқан шеберлігін байқауға болады. Ал енді біз де қазағымыздың дәстүрін жалғастырып, оюларды салып көрейік. 2 топқа бөлінеді, топтан бір оқушы қорғайды.

 

 

Слайд 14

Ойланайық, пікірлесейік

-         Қазақ ұғымындағы қарашаңырақтың маңызы қандай?

-         Қарашаңырақты қастерлеу ұрпаққа неліктен парыз саналады?

-         Қарашаңырақты аялауда отбасыларында қандай дәстүр сақталған?

 

Слайд 15

Ата-баба дәстүрін, әдет ғұрпын, ырым-тыйымдарды дәріптейтін мақал-мәтелдер құрастырыңдар.

 

Слайд 16

Ой-түйін

- Ата баба дәстүрін, әдет ғұрпын құрметтеуді үйрендік.

- Қазақ ұғымындағы қарашаңырақтың маңызын түсіндік.

- Халық дәстүрінің атадан  балаға мирас болып қалыптасқанын түсіндік.

- Өзіміз үшін маңызы бар халқымыздың игі дәстүрлерімен таныстық.

 

Слайд 17

“Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономикалық өркендеу үстіндегі күллі әлемге, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады” деп нақты көрсеткен болатын.

Н.Ә.Назарбаев

«Қазақстан - 2030» жолдауы

 

 

 

Слайд 18

Жүректен жүрекке

        

НАУРЫЗ – ДУМАН

Сөзі: М.Мақатаевтікі

Әні: Т.Сарыбаевтікі

Наурыз, Наурыз! Күн игі,

Күн игі жердің түрі игі.

Бауыры жылып науат қар

Бабымен ғана жібиді.      

Наурыз, Наурыз! Күн игі

Күн игі жердің түрі игі.

Шашылып ырыс шанақтан,

Шақырып бір үй бір үйді,

Шаттанушы еді бір игі.

 

Қайырмасы:

Наурыз айы туғанда

Той болушы еді бұл маңда.

Сақталушы еді сыбаға

Сапарға кеткен ұлдарға,

Наурыз айы туғанда.

 

Осынау игі кең жерге

Наурыз айы келгенде,

Наурыз тойын бергенде,

Өмір-орманға.

Осынау игі кең жерге

Наурыз тойы келгенде,

Көрмегендер де арманда,

Арманда оны көрген де, келіп ем

Наурыз айы келгенде.

 

Қайырмасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

      

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Халық дәстүрі - асыл қазына 7 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 421 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.01.2018 2109
    • DOCX 115.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исабекова Гульсим Сагатбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3840
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы аддиктологии. Психологическое консультирование, психокоррекция и профилактика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение образовательной деятельности

Тьютор

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 29 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Детская психология: диагностика особенностей развития, психологическая помощь и психокоррекция

Психолог

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 767 человек из 79 регионов

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 18 регионов

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 23 регионов