Инфоурок Музыка Другие методич. материалы«Халық әні мен билерінің өрнектері»

«Халық әні мен билерінің өрнектері»

Скачать материал

№11 «Ертөстік» ясли-бақшасының  II санатты музыка жетекшісі Канапиянова Гаухар  Жумагалиевна.

Семей қаласы

 

 

 

 

 

«Сылдырмақ» вариативтік ән-би үйірмесінің жұмысы

 

Білім берусаласы:  шығармашылық

Бөлімі:  музыка

Тақырыбы:  «Халық әні мен билерінің өрнектері»

Мақсаты:  Қазақ халқының ән, би өнерімен терең таныстырып, қыз баланың бойында қандай қасиеттер болу керектігін үйрету ,қазақтың ән-биі арқылы сұлулыққа, сымбаттылыққа тәрбиелеу, халық өнерін құрметтеп, сүюге баулу, ұлттық  музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру.

Қолданылатын көрнекіліктер:  экран, үнтаспалар, ұлттық сылдырмақтар, слайд, домбыра, видео.

Барысы:

Жетекші залда отырады, балалар  кіреді.

Жетекші:

Балалар, «Сылдырмаққа» қош келдіңдер.Енді барлығымыз орнымызға жайғасайық.

Экраннан хаттын келген дыбысы естіледі.

Жетекші:

Балалар біздің электрондық поштамызға хат келіпті қанеки ашып көрейік.

Экраннан видео көрсетіледі.

Жетекші:

Балалар, хат шебер атадан келген екен, ол кісі бізге Самал апайдан сыйлықтар беріп жіберген екен. Үйірме жұмысының аяғына дейін Самал апай да келіп қалар. Ал біз «Сылдырмақ» үйірме жұмысын бастай берейік.

Айтыңдаршы балалар, біз «Сылдырмақта» не істейміз?

Біз «Сылдырмақты» неден бастаймыз?

Дұрыс айтасыңдар, біз жұмысымызды әдемі халық әнімен бастаймыз. Бірақ ән айтпас бұрын дауысымызды ашып, жаттығу жасап алайық.

Дауыс ашу жаттығулары.

Халық әні «Еркемайды» орындайды.

Балалар, сендер тағы бір халық әнімен танысқыларың келе ме?

Қазір біз сендермен халық әні «Ақжайнақпен» танысамыз.

Мен сендерге  қазір домбырамен орындап берем, сендер мұқият тыңдаңдар.

Әнді жетекші орындайды.

Балалар, айтыңдаршы, ән не туралы?

Қазақтың қыздары қандай болған?

Дұрыс айтасыңдар, қазақ қыздары өте әдемі, сұлу, ақылды болған. Олар әртүрлі зергерлік бұйымдар таққан:

Олар: Сырға, сақина, тұмар, бесбілезік, шашбау.

Ал, ұлдар, айтыңдаршы, осы зергерлік бұйымдарды кімдер жасаған?

Неден жасаған?

Қане, барлығымыз айтайықшы: зергер, зергерлік бұйымдар.

Енді экранға назар аударайық.

Экраннан қазақ әншілерінің  (Қарақат, Тамара Асар, Мадина Садуақасова, Гүлбаршын Тергеубекова,  Баян Есентаеваның) портреттері көрсетіледі, балалар аттарын атап, қандай әшекей таққандарын айтады.

Тамаша,балалар, енді біз сендермен бір ойын  ойнайық, ойынның аты «Аспапты ажырат» деп аталады. Қазыр үнтаспадан ұлттық аспаптардың әуені қосылады, сендер оларды ажыратып,  қай аспап екенін тауып, қалай ойналатынын көрсетесіңдер.

Ойын ойналады.

Қолында сыйлығы бар Самал апай (би жетекшісі) кіреді.

Би жетекшісі:

Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен сендерге шебер атаның сыйлықтарын алып келдім. Үйірме жұмысы аяқталған соң барлықтарыңа таратып береміз.

Жетекші:   

Қош келдіңіз, Самал апай бүгін біз балалармен қазақ қыздарының сұлулығы туралы әңгімелесіп, олардың зергерлік бұйымдарымен танысып, «Ақжайнақ» әнін тыңдадық,

Би жетекшісі:

Өте тамаша, балалар, ал енді сендер сол әдемі әшекейді бимен көрсеткілерің келе ме?

Ендеше, қыздар, ортаға келіңдер.

Қыздар «сырға салу, білезік тағу, бүрмелі көйлек, шолпы тағу, сәукеле кию, белдік тағу» қимылдарын көрсетеді,  ұлдар сылдармақпен сүйемелдеп тұрады. Би біткен соң орындарына жайғасады.

Жетекші:

Балалар,бүгін «Сылдырмақта» нені үйрендік?

Сендерге ұнады ма?

Олай болса шебер атаның сыйлығын сендерге таратайық.

Би жетекшісі:

Балалар, шебер ата бізге қандай сыйлықтар берді екен сандықшаны ашып көрейін. Сендерге шебер ата қазақтың ұлттық аспабы қоңырау беріпті, оны мен ұлдарға таратып берейін, ал қыздарға шебер ата өз қолымен жасаған әдемі сырға беріпті, мінекей алыңдар.

Сыйлықтарды таратып береді.

Жетекші:

Балалар, мына сырғаның дауысы ненің дауысына ұқсайды?

Балалардың жауабы (қоңырау).

Жетекші:

Осындайды Алтынбек Қоразбаев ағамыздың «Сырғалым» әні еске түседі. Бәріміз айтып көрейік. Қайырмасын айтқанда, ұлдар қоңырауларыңды, қыздар сырғаларыңды сыңғырлатасыңдар.

Әнді орындайды.

Жетекші:

Ал енді,балалар,бүгінгі «Сылдырмақ» жұмысы аяқталды, енді бәріміз әндетіп топқа барайық.

Әндетіп шығып кетеді.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Халық әні мен билерінің өрнектері»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақ халқының ән, би өнерімен терең таныстырып, қыз баланың бойында қандай қасиеттер болу керектігін үйрету ,қазақтың ән-биі арқылы сұлулыққа, сымбаттылыққа тәрбиелеу, халық өнерін құрметтеп, сүюге баулу, ұлттық музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру. Қолданылатын көрнекіліктер: экран, үнтаспалар, ұлттық сылдырмақтар, слайд, домбыра, видео.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 916 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2015 953
    • DOCX 145.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Канапиянова Гаухар Жумагалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1016
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Оркестровые и струнные инструменты: актуальные вопросы методики преподавания в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении игре на скрипке

Преподаватель игры на скрипке

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс повышения квалификации

Деревянные духовые инструменты: актуальные вопросы методики преподавания в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе