Инфоурок / Школьному психологу / Статьи / Халық педагогикасы негізінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу курсавой

Халық педагогикасы негізінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу курсавой

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов





МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ ..................................................................................................................3-5


І. ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ

1.1 Тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу басты құндылық ретінде.....................................................................................................................6-14

1.2 Халық педагогикасы негізінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері .....................................................................................14-18

ІІ. ОҚУ – ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКА НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ

2.1 Оқушылардың адамгершілікке тәрбиелеуде отбасы тәрбиесінің маңызы..................................................................................................................19-27

2.2 Сабақтан тыс оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары ..............................................................................................................27-34


ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................36-37

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................38-39









КІРІСПЕ


Өзектілігі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қоғам өмірін демократияландыру мен ізгілендіру бағытында болып жатқан түбегейлі жаңаруларға байланысты білім мен тәрбие беру жүйесінде де мол өзгерістер туындап отыр. «2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» ұсынылып, «Мәдени мұра» бағдарламасы талқыланып жатқан тұста, мектептің тұтас педагогикалық процеісндегі тәрбиеге жаңа көзқараспен қарау қажеттілігі туындады.

Сондықтан да ХХІ ғасырдың басында жаһандану мен ұлттық тенденциялардың бірлігі мен күресі, үйлесімі мен текетіресі елдің, ұлттың, жеке адамның адамгершілік қасиет сапаларын, ар – намысын жаңа қырынан саралауды талап етіп отыр.

Өйткені жаңа ғасырдың басында адамның қоршаған ортамен өзара қатынасы шиелене түсті. Бұл бір жағынан, барша саланың ғаламдануы, ал екінші жағынан рухани азғындаудың бас көтеріп, үдеу үрдісімен түсіндіріледі. Бүгінгі таңда республикамызда күннен күнге нашақорлық, маскүнемдік, жұмыссыздық пен тастанды балалар санының көбеюі, Қазақстан сәбилерінің жер жүзіне таралып қолды болуына, жалпы тәрбие процесін күрделенгендігін байқатты.

Жеке тұлға мен қоғам құндылықтарының жандануы адам өмірінің негізгі тамыры болып саналатын адамгершілік, ұқыптылық, ар мен намыс, парыз бен жауапкершілік, игілікті іс сияқты жалпы адамзаттық қасиеттерді обьективті түрде талап етеді. Осыған байланысты қазіргі қоғамның мақсаты жалпы адамзаттық құндылықтар болып саналатын, ізгілікті құндылықтарды бүгінгі ұрпақтың бойына қалыптастыру тәрбие процесінің өзекті мәселелері болып отыр.

Мектеп оқушыларын ізгілікке тәрбиелеу мәселесі барлық кезеңдерінде де өзектілігін жоймай, педагоика ғылымының зерттеу нысаны болудан тайған емес. Оның өнегелі үлгілерін өскелең ұрпақ тәрбиесінде пайдалану қажеттілігі мен теориялық – педагогикалық негіздері Аристотель, Сократ, Платоннан басталып, бұны алыс және жақын шетел педагогтары Я.А.Коменский, Жан – Жак Руссо, К.Д.Ушинский, В.АСухомлинский, А.С.Макаренко, Б.С.Гершунский, В.М.Гинецинский, И.Л.Подласый, М.Ф.Харламов, Н.Е.Щуркова, т.б. жалғастырып, психологтар В.Франкл, Л.И.Божович, Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Ж.Ы. Намазбаева, Қ.Б. Жарықбаев, т.б. ғылыми – теориялық тұрғыдан тереңдетті.

Қазақ даласының ойшылдары әл – Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, ғұлама ағартушылар Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы педагог – ағартушылар тобы М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров ұлттық ізгіліктік құндылықтардың негізін салған; философтар мен мәдениеттанушылар Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков, Ғ.Есім, Т.Ғабитов, т.б. ары қарай жалғастырды. Адамгершілік тәрбиесінің тарихи даму жолдарын зерттеген педагогтар Т.Т.Тәжібаев, А.И.Сембаев, Қ.Б.Бержанов, Г.А.Уманов, А.П.Сейтешев, халықтық педагогиканың негізін зерттеген ғалымдар, Қ.Б.Жарықбаев,С.Қалиев, С.А.Ұзақбаева ғылыми тұрғыда жүйелеп, ал адамгершілік тәрбиесін қоғамның қазіргі даму бағытына қарай С.А.Назарбаева, Қ.Қ.Жампеисова, Н.Д.Хмель, Г.Т.Хайруллин, А.А.Бейсенбаева, К.Г.Нұрғалиева, В.А.Ким, А.А.Калюжный, Л.А.Байсеркеев, Б.Ы.Муканова, В.В.Трифонов, Л.К.Керимов, Н.Н.Хан, А.Б.Нұрлыбекова, А.Н.Ильясова, Р.К.Төлеубекова, Э.А.Уринбасарова т.б. ғалымдар бұл мәселені педагогикалық – психологиялық тұрғыда зерттеді.

Бүгінгі қоғам сұранысының талабына сай жеткіншектер бойында ізгіліліктік қасиеттерді қалыптастыру мәселесін теориялық тұрғыдан шешу қажеттілігімен, мектеп тәжірибесінің өз дәржесінде болмауы арасындағы қарама – қайшылықтар бар екендігі айқын көрінеді. Осы аталған қарама – қайшылықтардың тиімді шешімін іздестіре келе, тақырыпты «Халық педагогика негізінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу» деп таңдауымызға негіз болды.


Зерттеудің мақсаты: Халық педагогика негізінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми теориялық негізін анықтау


Зерттеудің нысаны: Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушылары


Зерттеудің пәні: Жалпы білім беретін мектептің оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу үрдісі


Зерттеудің міндеттері:

  1. Адамгершілік тәрбиені ашып көрсету;

  2. Оқушыларды ізгілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары мен негіздерін ашып көрсету;

  3. Оқу – тәрбие процесінде оқушыларды ізгілікке тәрбиелеудің жолдарын анықтау;

Зерттеудің болжамы: Егер, оқушыларды оқу – тәрбие процесінде ізгілікке тәрбиелеудің ғылыми педагогикалық негіздері анықталса, диагностикалық бағдарламасы ғылыми тұрғыда негізделсе, тәрбие жұмыс жүйесінің моделі жасалса, оқушылардың ізгілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалып, модульдік технология арқылы іске асырылатын болса, сонда ғана өркениетті ортада оқушылардың ізгілікке тәрбиелеуді қалыптастырудың мүмкіндіктері артып, қойылып отырған қазіргі заман талаптар жүзеге асар еді.








І. ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу басты құндылық ретінде

Қоғамымыздың ертеңгі болашағы – бүгінгі жас ұрпақтың тәрбиесімен тығыз байланыста. Сондықтан оқушы жастарды тәрбиелеу ісінде оларды рухани дамытуға баса назар аударғанымыз жөн. Қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе – мектеп оқушыларын рухани дамыту. Рухани даму дегеніміз - өзінің өмірдегі орнын, жауапкершілігін түсніп, өзін - өзі жетілдіру. Рухани даму жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады. Рухани дамыған тұлғаның көрсеткіштері: басқаларға жақсылық жасау, жақсылыққа ұмтылу, өзін - өзі дамыту, жетілдіру.

Ізглікке – адам өмірінің рухани негіздерін құрайды, ойластырады, болжайды және адамзат құндылығын қалыптастырады. «Адам жолында екі түрлі, бір –біріне қарама –қарсы ағыстар бар. Бір ағыс –қаталдыққа жетелесе, екіншісі –мейірімге талпынады» деген Леккидің сөзінде үлкен мән бар. Рух – адам бойындағы күш –қуат. Ол қкат барлық жақсы қасиеттермен бірге жасайтын игі істердің қайнар көзі. Рухани бай адамның бойында ғана гуманистік қасиеттер болады.

Қазіргі уақытта Республикамызда оқушыларды тәрбиелеу ісінде адамның ішкі жан дүниесі мен рухани әлемін тану, дамыту, жетілдіруге байланысты істер жүзеге асуда. Халықтың дәстүр, рухани – мәдениет негізінде жас ұрпақтың рухани – адамгершілік тәрбиесін дұрыс жолға қою міндеттерін іске асыру басты нысана болып тұр.

Тәрбие ісіндегі негізгі мәселе – оқушылардың тұлғаарлық қатынасын дамыту, әр адамның құндылығын, даралық ерекшелігін, сезімін, өзіндік баға беруін қалыптастыру. Ізгілік тәрбиесінде баланың назарын өз өміріндегі елеулі өзгерістерге бұрып, оны саналы түсінуіне баулу көзделеді.

Ізгілік тәрбиесін ойындар жүргізу, әңгіме өтуізу, түрлі әңгімелер құрастыру, көрген фильмдерін талдау арқылы іске асыруға болады.

Ізгілік тәрбиесіндегі басты мәселе – баланы құрметтеу. Әрбір жасөспірім өзін - өзі рухани жетілдіру үшін өзін - өзі тәрбиелеуге, өзідігінен білім алуға ұмтылуы қажет екендігін түсінуі тиіс.

Ізгілік тәрбиесі – бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет – қылығына, мақсат бағытына жүйелі түрде ықпал ету.

Педагогика ғылымында соңғы жылдары оқушыларды рухани – адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі кеңінен көтерілуде. Бұл мәселе қазіргі таңда мектептерден бастау алуда. Қазіргі мектептердің міндеттерінің бірі –кез – келген жасөспірімге білімді меңгеру ғана емес, оның рухани – адамгершілік қасиетін танып, ішкі жан – дүниесіне әсер ету арқылы жас ұрпақтың өзін - өзі дамытуына жол көрсету.

Болашақ ізбасарларға ізгілік, имандылық, әдептілік сияқты қасиеттер арқылы жас кезінен сан ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік тарихы бар құндылықтар негізінде тәрбиелеудің саласы мол, мазмұны бай, атадан балаға ұласатын құндылық сезім ниеттерден, ізгі қасиеттерден жалғасып отырғанына көзіміз жетті. Жалпы құндылықтар арқылы тәрбие беру – рухани азғындықтан шығудың ең басты жолы. Сондықтан бүгінгі таңдағы мектептерде жүргізілетін тәрбиенің басты мақсаты да осында айқындалып, бағыты белгіленуі керек.

Ізгілік тәрбиесі біртұтас педагогикалық үрдіс ретінде оқушылардың бар өміріндегі: танымдық, жастық қарым - қатынасқа қарай, нормаларға сай жүзеге асырылуы керек. Адамның танымындағы мақсатты тұлғаның, оның ар – ожданы, сезімі, жігері, дағдысы, әдеті, қоғамдық бағалы мінездің қалыптасуы – біртұтас үрдістің нәтижесі болып табылады. Ізгілік нормалары баланың сезімдік қабылдауының субъектілік ынтасына байлынысты қалыптасады. Ізгілік оған ең алдымен тірі сезім, терең қанағаттандырудың шындық жағдайы немесе керісінше болуы мүмкін. Адамдық сезім адамдық адамгершіліктің қалыптасуына әсер ететін жүйелік бастау болып табылады. Осыған орай рухани -адатгершілік қасиеттер адамгершілік маағынаға, мәнге ие болады. Адамгершілкті түсінік адамгершілік шарттарына бағынышты болады және де баланың өз адамгершілік қатынастарындағы белсенді үрдіс.

Тәрбие ісіндегі негізгі мәселе – оқушылардың тұлғаарлық қатынасын дамыту, әр адамның құндылығын, даралық ерекшелігін, сезімін, өзіндік баға беруін қалыптастыру. Ізгілік тәрбиесінде баланың назарын өз өміріндегі елеулі өзгерістерге бұрып, оны саналы түсінуіне баулу көзделеді.

Ізгілік тәрбиесін ойындар жүргізу, әңгіме өтуізу, түрлі әңгімелер құрастыру, көрген фильмдерін талдау арқылы іске асыруға болады.

Ізгілік тәрбиесіндегі басты мәселе – баланы құрметтеу. Әрбір жасөспірім өзін - өзі рухани жетілдіру үшін өзін - өзі тәрбиелеуге, өзідігінен білім алуға ұмтылуы қажет екендігін түсінуі тиіс.

Ізгілік тәрбиесі – бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет – қылығына, мақсат бағытына жүйелі түрде ықпал ету.

Қазіргі мектепте ізгілік тәрбиесінің мазмұны жалпы адам құндылығын жоғарылату қажеттілігінен көптеген өзгерістерге бет бұрды. Егеменді ел болғаннан бері жас ұрпақты адамгершілікке, парасаттылыққа, саналылықпен, жауапкершілік тәрбиесі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырудың сипаттарына: жауапкершілік, көздеген мақсатқа жету, кісілігін, қадір – қасиетін сақтау, сенімділік жатады. Адамның жеке тұлғалық қасиеттерін жетілдіруі оның өзін - өзі құрметтеуіне, өмірде табысқа жетуіне үлкен ықпалын тигізеді.

Оқу мен тәрбие – егіз. Ұстаздың тәрбие үрдісінде шешуші рөл атқаратындығын барлығымыз жақсы білеміз. Ұлы педагог К.Д. Ушинский «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басылық өнегесіне негізделген» - дегені белгілі. Ал ұлы ғұлама әл – Фарабидің жас ұрпаққа тәлім – тәрбие беретін адамды өте жоғары бағалап, оны «мәңгі нұрдың қызметшісі» деп атауы бекер емес. Бүгінгі жасөспірімдердің адам болып қалыптасуында мұғалімдер қауымының атқарар еңбегі орсан зор. Оларға болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген.

Ізгілікке тәрбиелеу ісі білім берумен ғана шектелмейтіндігі айқын. Бұл баланың сана – сезіміне әсер ету арқылы, ішкі жан – дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады.

Баланың сана –сезімін, адамгершілік мұраттарын қалыптастыру – тәрбиенің ең бірінші міндеті. Тәрбие барысында әрдайым осы мұраттарды басты нысана етіп ұстау қажет. Себебі, баланың көзқарасы оның күнделікті ісімен сәйкес келмесе, олар ойлауға шебер, бірақ іске жоқ адамдар болып қана шығады. Тәрбиесі дұрыс жастар әрқашан жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп өз идеяларына ұқсауға ұмтылады, таңдаған болашақ мамандығына лайықты мінез – құлық қалыптастырғысы келеді. Кейбір жасөспірімдер алғащшқы кездескен қиындықта – ақ өз күшіне сенімсіздік тудырып, бастаған істі аяқсыз қалдырады. Баласының жақсы қасиеттерге ұмтылған ниетін дер кезінде біліп, қиын психологиялық сәттерін байқап, оған қолдау көрсетіп отырған отбасында қайшылық жағдайлар кездеспейді. Баланы имандылыққа баулып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік, қамқорлық, ізгілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру - әрбір отбасы мен мектептердің басты парызы.

Жасөспірімдердің жеке басының даралық ерекшеліктеріне – мінез жатады. Мінез дегеніміз – адамның өзіндік бағыт – бағдарының, жан – дүниесінің ерекшелігінің тұрлаулы белгісі. Тәрбиелі мінез адам бойында имандылық қасиеттердің бар екендігін көрсетеді. Басқаларға қамқорлық, қадірлеу, жауапкершілік пен адалдық – міне сапасының негізгі бітістері.

Рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызуғалары, талғамы , ой - өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейміз. Мінездің тұрақтылығы адамның адамгершілік түсініктернен туындайды.

Дана ақын, халықтың ырысы «Құтты біліктің» негізін қалаушы Жүсіп Баласағұн – адамның мінез – құлқы мен оның қоғамдағы орнына ерекше тоқталады. Адам – бұл дүниеге қонақ, сондықтан ол артына ылғи да жақсы сөз бен жақсы ісін қалдырып отыруы қажет. Ол үшін әр кез жаман қылықтан сақтанып, адалдықпен жүріп – тұруы тиіс деген ойлары бізге жақсы мәлім.

Ізгілік тәрбиесі біртұтас педагогикалық үрдіс ретінде оқушылардың бар өміріндегі: танымдық, жастық қарым - қатынасқа қарай, нормаларға сай жүзеге асырылуы керек. Адамның танымындағы мақсатты тұлғаның, оның ар – ожданы, сезімі, жігері, дағдысы, әдеті, қоғамдық бағалы мінездің қалыптасуы – біртұтас үрдістің нәтижесі болып табылады. Ізгілік нормалары баланың сезімдік қабылдауының субъектілік ынтасына байлынысты қалыптасады. Ізгілік оған ең алдымен тірі сезім, терең қанағаттандырудың шындық жағдайы немесе керісінше болуы мүмкін. Адамдық сезім адамдық адамгершіліктің қалыптасуына әсер ететін жүйелік бастау болып табылады. Осыған орай рухани -адатгершілік қасиеттер адамгершілік маағынаға, мәнге ие болады. Адамгершілкті түсінік адамгершілік шарттарына бағынышты болады және де баланың өз адамгершілік қатынастарындағы белсенді үрдіс.

Ізгілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттері мен сапалары, қарым – қатынастарында қалыптасады. Ізгілік тәрбие – бұл дұрыс дағдылар мен өзін -өзі ұстаудың дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым – қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады.

Ізгілік тәрбие жөнінде сөз қылғанда баланың ерік- жігері, өзін - өзі бақылаушы жүйенің болуына да мән беріледі. Ол оның белсенді өмірінде, сөз бен іс бірлігінде өмірдің қиын тұстарында өз тұжырымына адал қалуына әсер етеді. Мектепті , ұжымдағы, отбасындағы рухани – адамгершілік тәрбие баланың Отанға деген махаббатын, еңбекке тағы да басқа нәрселерге қатынасын қалыптастырады. Оның нәтижесі, дұрыс жеке тұлғалылық, адамға деген көңіл бөлушілік, өзіне деген талаптылықтан көрінеді.

Оқушыларды ізгілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Ізглікке тәрбиелеу білім беру мен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішік жан – дүниесін ояту нәтижесінде оның ізглік қасиеттері қалыптасады. Ізглікке тәрбиелеу дегеніміз – оқушы өмірдегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін - өзі жетілдіріп, айнала қоршаған адамдар мен кез – келген затқа, жан – жануарға және экологияға жақсылық тіліеп, жасауы. Сондықтан ізглікке жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады, оның көрсеткіштері: басқаларға жақсылық жасау; жақсылыққа ұмтылу; өзін - өзі дамытып, жетілдіру.

Қазіргі уақыттағы оқушыларды тәрбиелеу ісінде олардың ішкі жан дүниесі мен рухани әлемін тану, дамыту, жетілдіруге байланысты бірнеше іс –шаралар жүзеге асуда. Халықтық дәстүр, рухани мәдениет негізінде баланы Ізглікке тәрбиесін дұрыс жолға қою міндеттерін жүзеге асыру басты мақсат болатыны белгілі. Осы жылдары одақ көлемінде Л.С. Выготский, В.В. Давыдов, Ш. Амонашвили, В.Ф. Шаталов, И.П. Волков, Э.Н. Ильин тағы басқа ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде оқушыны жан – жақты дамытып, оның белсенділігін арттыруды көздеген дамыта оқыту технологиялары дүниеге келді.

Бала мен мұғалім арасындағы қарым – қатынастағы ізглікке байланысын орнатып, ынтымақтастыққа қол жеткізуде Ш. Амонашвили мұғалімдерге мынадай кеңес береді: «Педагогикалық үрдісте баламен тіл таба білу, яғни балаға өз ойын, талғамын, көңілдегісін айтуға рұқсат беру тәрбиешіден көп шеберлікті талап етеді. Осынау қарым – қатынаста бала жанының қозғалысы ұстаз жанының қозғалысымен ынтымақтастық тапқан кезде бала өз бойындағы табиғи дарынын ашады, ал мұғалім өзінің шығармашылық жігер қуатының жемісін көруге мүмкіндік алады. Басқаша айтқанда, бала шығармашылығы мұғалім шығармашылығымен ұласып кетеді. Мұндай жағдайда мұғалім мен оқушы арасында рухани тұтастық пайда болады» , - деп рухани – адамгершілік қарым – қатынас қай кезде орнығатынын осылай пайымдайды.

Э.Н. Ильиннің: «Оқушының рухани дүниесі мұғалім үшін негізгі зерттеу нысаны болып табылады» , - деген пікірі оқушының ізглігін ынтымақтастықта дамыта оқытуды көздегенін байқатады. Мұндай озық педагогикалық тәжірибелер оқушылардың рухани – адамгершілігін дамыту мақсатында қазіргі кезде біздің оқу – тәрбие үрдісінде кеңінен қолданылуда.

Демек, ізглік тәрбиесіндегі басты мәселе - баланы құрметтеу. әрбір оқушы өзін - өзі рухани жетілдіру үшін өзін тәрбиелеуге , өздігінен білім алуға ұмтылуы қажет екендігін түсінуі тиіс деп ойлаймыз. Өзінің оқушысын өз бетінше білім мен тәрбиес алуға үйретпенген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайтыны біледі. Бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы керек. Сондықтан мұғалімге мынадай қасиеттер қажет: жылылық, түсінгіштік, сезімталдық, кең ойлай алу, шабыттандыра алу, шығармашылық ізденіс. Сыныптағы рухани – адамгершілік, психологиялық ахуал – бала үшін адамдармен қатынастың алғашқы мектебі. Нақ осы өз сыныбында баланың мейірімділікке және зұлымдыққа, тәртіпке материалдық және рухани құндылықтарға деген көзқарасы қалыптасады. Сонымен қатар махаббат сезімін, достықты, жауапкершілік пен шындықты түйсінеді, яғни мектептердегі тәрбие өсіп келе жатқан балалардың барлық өмірлік іс -әрекетіне ықпалын тигізеді.

Мектептегі тәрбие өз оқушыларын артынан ертіп, еліктетіп әкетуді онда тек жақсы істермен ғана үлгі көрсетуді көздесе, оның басты жолы - рухани – адамгершілік тәрбиесі болмақ. Баланың сана – сезімін, адамгершілік мұраттарын қалыптастыратын – тәрбиенің ең бірінші рухани міндеті. Рухани – адамгершілік тәрбие барысында әрдайым осы мұраттарды басты нысана етіп ұстау қажет. Себебі, баланың көзқарасы оның күнделікті іс - әрекетімен сәйкес келмесе, олар ойлауға шебер, бірақ іс - әрекетке, қарым- қатынасқа жоқ адамдар болып қана шығады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалылық қағидасы бекітілген, бұл білім мұғалімдерге өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.

В.Г.Белинский: «Тәрбие- ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» десе, Д.И.Менделеев: «Тәрбиесіз білім – есуастың қолындағы қылыштай» деген болатын.

Тәрбиенің маңыздылығы сондай біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады.

Я.А.Коменский «тәрбиені мойындамау – адамдардың, жанұяның, мемлекеттік және бүкіл әлемнің құруы» деген болатын.

Ендеше, тәрбие – ауадай қажет. Оқушы жастарды ізгіліктік тәрбиелеу алдымызға мынадай міндеттер қойды:

  • оқушыны оқыған шығармалардың басты кейіпкерлерінің іс - әрекеттерінің жағымды жақтарына көңіл аударып, талдауға, түйін жасауға үйрету;

  • оқылған мәтіндерден кейіпкерлерге берілген авторлық көңіл – күйді табу;

  • оқушының сана – сезімін, ақыл –ой қызметінің дамуына, қалыптасуына ықпал жасай отырып, шығармашылық қабілетін ашу, қозғау салу;

  • оқушылардың сабақтар бойынша алған білім, білік – дағдыларын одан әрі дамытып, тереңдету, өздігінен жұмыс істеу қабілетін ашу;

  • оқушыларды сөйлету арқылы кейіпкерлердің іс - әрекетін салыстыру, қорытындылау, бағалауға үйрету;

  • оқушының өзін -өзі тануына, өзіндік Менін оятуға бағдар беру.

Қазақстан Республикасының «Ұлттық энциклопедиясында» ізгілік ұғымына былай деп анықтама берілген: «Ізігілік – адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы». «Кісілік», «Ізгілік», «Имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтық дүниетанымда мінез –құлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез – ұүлық пен іс -әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар – ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік , қанағатшылық т.б.

Ізгілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері – оқушылардың белсенді өміршілік позициясы, қоғамдық борышқа сапалық көзқарасын, сөз бен істің бірлігін, адапмгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру.

Ізгілік тәрбиесі бірнеше міндеттерді шешуге көмектеседі:

  • өмір талабына сай қоғамның моральдық нормасын орындауға лайықты шәкірттерді тйрбиедеу;

  • оқушының бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;

  • оқушының санасына және мінезіне ұстаздық ықпал жасау;

  • Отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық іс - әретке жауапкершілік сезімін күшейту.

Жасөспірімдердің немесе 10 – 11 сынып оқушыларын ғылымға, мамандық таңдауға ынталары өседі. Бұлар әділеттілік, борыш, ұят, адалдық, ерік, намыс, т.б. моральдық категорияларға ерекше көңіл бөледі. Олар үлкендермен қарым – қатынас жасауда өзін - өзі тәрбиелеуді қажет етеді. Сондықтанда бұл жастағыларға көбірек ерік берген жөн. Өсіп келе жатқан ұрпақтың адамгершілік тәрбиесін белгілі бір жүйеде іске асыруға ықпал ететін – олардың қоршаған ортасы.

Сайып келгенде, ізгілік тәрбиесі – үзіліссіз жүргізілетін үрдіс, ол адамның өмірге келген күндерінен бастап өмір бойы жалғаса береді. Оның негізгі міндеті – қоғамның әлеуметтік қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір – қасиет сияқты биік адамшылық ішкі стимулдарына айналдыру болып табылады.

















1.2 Халық педагогикасы негізінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері

Бүгінгі күн талабындағы жас ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу, адами көзқарастары мен өзара қарым – қатынастарын қалыптастыру – адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі өзегі. Өткенге көз жіберсек, ізгі қасиет пен қарым – қатынас адам баласы қоғамның дамуы мен жалпы адамзаттық құндылықтың ең негізгі бастауы ретінде адаммен бірге дамып келе жатқаны белгілі.

Танымдық, эмоциялық, мінез – құлық – қасиет белгілерді қамтитын адамгершілік ереже – талаптардың әлеуметтік мақсат нұсқауларымен байланысты көрсететін ұғым.

Соңғы жылдары жарияланған еңбектерде ізгілік ұғымы «ізгілендіру» деген терминде айтылып жүр.

Ізгілік – адамның өзіне баға беруінен басталатындығынан жасөсіпірімнің өзінінің өмірдегі орны мен өмір сүрудің негізгіөзегі және мәні мен маңызын түсінуін, адамсүйгіштік, адам мен адамдық міндеттерге құрметпен қарауын білдіреді.

Педагогикалық, психологиялық тұрғыдан ізгілікті адамдар арасындагы катынастардың сүйіспеншілікке негізделуін, адамның ар – намысын, абыройын, ар – ожданын құрметтеу, жоғарғы адамгершілік парасаттылық қасиетпен қамқорлық жасау, адамды сүйе білу, қадірлеу деп түсінеміз.

Оқушылар бойында адамгершілік, ізгілік қасиетті қалыптастыру мектеп, ұстаз, отбасы т.б. педагогикалық ынтымақсатық арқылы жүзеге асырылады.

Ізгіліктілік – бұл адамзатты сүю, жаңарған қоғам мен білім беру жүйесінде үлкен Азамат – Адамды бағалы жеке тұлға ретінде мойындау, білім беру үрдісіне қалыптасушылардың арасында демократияландыруды орнату.

Баланың бүгінгі мен ертеңі біртұтас даму үрдісінің әр түрлі сатысы. Бала өмірінің әр сәтінен тағылым алады және ол неғұрлым айналасындағы болып жатқан оқиғаларға тез әсерленген сайын соғұрлым жедел қарқынмен тәрбиеленеді.

Бірде –бір адамзат қоғамы өзінен бұрынға аға буынның ақыл – ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес. Қай ел қай халықтікі болмасын, озық тәжірибені жатсынбай қабылдағаны дұрыс. Өзге емес, өз ғұламамыз, ІХ – Х ғасырларда 100 – ден астам ғылыми еңбектер жазып, «Шығыстың Аристотелі» атанған Әбу Нәсір Әл -Фараби бабамыздың халықтық педагогика саласындағы еңбектерінде адам атаулыны гуманистік ізгі қасиеттерге баулу мәселесі кеңіңнен сөз етіледі. «Ақылды болу үшін ғылым меңгеру, өнерге жетілу қажет. Бұл бақыттың бастауы. Адам алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл – ойдың жан – жақты дамуына көңіл бөлуі қажет. Бақытты болу, кәмелетке келу, қоғамдық құрылысты жақсарту – барлығы да білімділікке байланысты» , - дейді. Адамгершілік турасында дана бабамыздың «Шын мағынасындағы білімділік – тамаша адамгершілік сипат» -деген ұлағатты пікірін мойындай отырып, жас ұрпақты білім нәріне қандыру да, адамгершіліке баулу да педагогтың парызы.

Қазір тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлер шақ туды. Әрине, бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалыа көрген емес. Бірақ, бүгінгідей қоғамның аласапыран шағында адам баласын адамгершілік тәрбиеге өте – мөте маңызды мәселе болмақ.

Балаларды ізгілікке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі етеді. Ал, адамгершілікке тәрбиелеудің бірден – бір жолы олардың осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру.

Баланы жақсы ізгіліктік қасиеттерге тәрбиелеуде өскен ортаның, құрбы - құрдастың тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. Оған «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа» , «Жақсының жақсы болмағаны - жолдасынан» - деген халық мақалдары дәлел. Атамыз Жүсіп Баласағұн адамды адамгершіліктен шығаратын оның жаман мінез – құлықтарын мал мүлікке тоймайтын аш көздігін, сараңдылықты мейірімсіздіктің адамға жат екендігіне ерекше көңіл аударған. Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білік» дастанында тәлім – тәрбие туралы өсиет сөзінде қоғамдағы адамдардың сыйласуы, өзара қарым -қатынасы, әсіресе тіл мәдениетіне – тіл әдебі туралы айта келіп, оған қарама – қарсы ұғымдарды әдепсіздік, дөрекілік, жалқаулық, нашар мінез –құлық туралы сын –пікірлер айтуы нағыз педагогика ғылымындағы тәрбиелік принциптерді жүйелі түрде түсіндіре білуінде еді. Мысалы: ауырмаса – денсаулықтың қадірін білмейді, өлім болмаса – тірі кездің қадірін түсінбейді, қайғысыз адам – қуаныш сезімінің қадіретін толық сезе алмайды дей отыра жақсы мінез – құлық, әдептілік, кішіпейілділік ең алдымен адамның тәлім - тәрбиесіне байланысты деп түйіндейді.

Ізгіліктік қасиеттің өзекті мәселесі – қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиеттің екі түрлі белгісі ретінде егіздің сыңарындай салыстыра суреттелген. Елге қайырымды, бойындағы бар қасиетін халыққа жақсылық жасауға арналған адамды «Ел қамын жеген ер» деп дәріптеген. «Жақсының жаттығы жоқ» , «Жақсы ай мен күндей, әлемге бірдей » , «Жақсы туса – елдің ырысы» , «Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші, жақсылықтың уытын алып келді десеңші» - деген мақал – мәтелдер жақсы адамның көпшіл, халық қамын ойлайтын абзал азамат екнін дәлелдейді. Халқымыздың кемеңгері ұлы Мұхтар Әуезов былай деген: «Адам баласынан жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі- өнеге білетіндігінен... көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін , жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет». Жас буынды жақсылап тәрбиелеу отбасының тәрбиесінен басталып, мектепке дейінгі тәрбие мектеп жасындағы тәрбие мен ұштастыра отырып, ғұлама даналар айтқандай, қандай қасиеттерге тәрбиелеуді тәрбиелеуді өзімііз білуіміз керек, сонымен қатар сол қасиеттердің қажет екенін балаға сездіруіміз керек. Балалардың мінез – құлқында гумандық қарым – қатынас тәжірибесі жеткіліксіз болуына байланысты балалардың арасындағы өзара қатынасты қалыптастыру психологиялық- педагогикалық негізінде құрылып ұйымдастырылса, қазіргі заман талаптарының жемісі болмақ.

Балалардың гумандық қарым – қатынастарын қалыптастыруда қарапайымдылық, адам сүйгіштік сезіміне қамқорлық жасай отырып, олардың бойына инабаттылық қасиет қалдыратынын да есте сақтағанымыз жөн.

Ұстаздың шәкірттерімен шын пейілмен сөйлесіп, пікір алысуы олардың өзара қарым - қатынасы мен күнделікті іс - әрекетінде сенімділік, құрметтену сезімін тудырады. Балалардың бір – бірінің ұнату сезімін жандандырады. Өзінің бойындағы мүмкіншіліктерніе сенімі артып, іс - әрекетін ықыласты орындауға баулиды. Шәкірттер мен ұстаздар арасындағы пікір алысу арқылы әрбір нәрсенің мән -жайына барлап түсінетін болады. Сөйтіп, тәрбие істерінің гумандық, демократиялық принциптері негізінде жүзеге асуына ықпал жасайды. Әрбір жеке адамның еркі мен бостандығын, кісілік қасиеттерін бағалай білуге баулитын гуманистік тәрбие мен білім берудің заңдылығы болып саналады. Білім берудегі гуманистік ұстанымды бағдар етіп тұтыну жалпы қоғам дамуын гуманистік негізде дамытудың тиімді де әрі пайдалы тәсілі екенін дәйектейді.

Оқу – тәрбие процесіндегі гуманистік идея тәлім – тәрбие істеінде әрбір баланың жеке бавсының құқы мен еркін танып білуге баулудың қуатты құралы. Болашақ мұғалімдерді даярлауда осы мәселелерді еске алу педагогикалық істің шебері болуға баулу.

Балалардың бірін- бірі сыйлауы үлгі тұтуы, бір- бірін тыңдай білуі, тағы басқа өзара қарым – қатынас ережесін құрайды. Осы қарым – қатынас ережесі балалардың мінез- құлқының реттеушісі ретінде қызмет ретінде атқарады, баланың қоғамдағы мінезінің деңгейін жоғары көтеріп, өзінің жеке мүддесін қоғамның мүддесіне сай психологиялық дайындыққа бейімдейді. Бұл ерекшелік әсіресе, мектеп жасына дейінгі үлкен топтарда, кіші мектеп жасында кездеседі. Өйткені олар ережеге қарап өз қылықтарын құрбыларымен салыстыра алады, пікір талас жағдайларында өзгенің көзқарасымен санаса алады және олардың ереже негізін қалайтын құқықтары мен міндеттерін дәлелдеу мүмкіндіктері туындайды. Сөйтіп, өздерінің жаманды- жақсылы қасиеттерін түсінген балалар әрекеттеріне , кемшеліктеріне баға беріп, мінез – құлықтарын өзгерте бастайды. Өзара қарым - қатынас ережесін сақтай білуде халық ауыз әдебиетінің бай мұрасын пайдалана отырып, балаларды ізгілікке, адаамгершілікке баулып, жақсы қасиеттерінің қалыптасуына олардың мінез – құлқына әсерін тигізеді.

Балалардың гуманистік көзқарасы мен орныға бастауы олардың негізінен біріне – бірінің қамқорлық жасауының, құрбыларына көмек көрсетіп, тиісті тапсырмаларды орындау істеріне, жетекшілерін демеп, өзге топтағы құрбыларына қол ұшын беріп жәрдемдесу әрекеттерінен айқын көрініп отырады. Өзара қарым – қатынас істерінде балалар қатар құрбыларының ісіне әк кезде дайын тұрады да, олардың қиыншылықтарын жеңіп шығуына жанашырлық білдіріп, іс - әрекеттерін орындап шығуына қолдау көрсетеді.

Өмірде, оқу – тәрбие процесінде әртүрлі ситуациялық жағдайларды педагогикалық тұрғыдан талдауы, студенттердің өз ойын еркін айтуы болашақтағы іс - әрекетінде елеулі орын алатыны сөзсіз.

















ІІ. ОҚУ – ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКА НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ

2.1 Оқушылардың адамгершілікке тәрбиелеуде отбасы тәрбиесінің маңызы

«Отбасы тәрбиесі» ұғымының өзі «отбасы» мен «тәрбие» категорияларының жиынтығы ғана емес, олардың синтезі де болып табылады. Оның қызметі мен рөлі, отбасындағы тәрбие толығымен қоғамдық өмір заңдылықтарына байланысты дамиды.

Отбасы баланың жеке басының қалыптасуына екі жақты әсер етеді:

  1. отбасының материалдық жағдайын сипаттайтын өзіндік өмір сүру дәстүрі арқылы, яғни отбасы мүшелерінің материалдық және рухани қажетсінуі мен әлеуметтік құндылықтары арқылы;

  2. әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған әсер ақылы. Бұл көбінесе отбасындағы негізгі көзқарас пен тәрбие процесі қоғамның тәрбиелік мақсатына, идеялық адамгершіліктік және эстетикалық талаптарына қаншалықты сәйкес келуіне байланысты жүзеге асырылады.

Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде «Отбасы тәрбиесі» ұғымы былайша түсіндіріледі: «Отбасы тәр биесі – туысқандық қарым – қатынастар мен тұрмыс –жайттары балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күш табылады». Біз өз зерттеу жұмысымызда «отбасы тәрбиесінің» мәнін ашу үшін «тәрбиелеу» және «әлеуметтендіру» ұғымдарын қарастыруды қажет деп таптақ. Бүгінге дейін педагогикалық әдебиеттер мен мемлекет тарапынан жарық көрген құжат – тұжырымдамаларда «тәрбие» ұғымына әр түрлі анықтамалар беріліп келеді. 1993 жылы қабылданған тәлім – тәрбие тұжырымдамасында: «тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым – қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру» , - деп анықтама берілсе, ал қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде: «тәрбие – қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке адамды қалыптастырудың жүйелі процесі» делінген. Ұлы ғұлама Әл – Фараби: «Бақытқа жету жолында» деген еңбегінде «Тәрбие – халықтардың бойына, білімге негізелген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз » - деп анықтама береді.

Салауатты отбасы - өркениетті қоғамның талабы. Ұрпақтан – ұрпаққа беріліп отыратын дәстүрлер мен ізгі мұраттар тек отбасында ғана байытыла түседі. Адамды өзара түсіністікке алып келетін шынайы да тұрақты сүйіспеншіліктің дәстүрлері де тек салауатты отбасында қалыптасады.Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, онда ізгіліктің, адамгершілік тәрбиесінің негізі қаланады.

Жеке тұлғаның өсіп – жетілуіне ықпалы ерекше болғандықтан отбасы тәрбиесіне әлеуметтанушылық, психологиялық және педагогикалық зерттеулерде ерекше көңіл бөлініп, «отбасы» ұғымына көптеген анықтамалар берілген. Мәселен, Р.Н.Нұрғалиевтің 1996 жылы жарық көрген философиялық сөздігінде: «Отбасы - әлеуметтік қауымдастықтың түрі, ерлі – зайыпты одаққа және тұрмыстық байланыстарға, яғни ері мен әйелінің, ата – аналар мен балалардың, аға – інілер мен апа – қарындастардың және бірге туып ортақ шаруашылық жүргізетін туыстардың арасындағы сан – алуан қатынастарға негізделген жеке тұрмысы», - деп айтылса, ол Ж.Қоянбаевтың педагогикалық еңбегінде: «Отбасы – ол бірге тұратын некеге негізделген немесе қандас туыстар (әке, ана, бала ...) тобы» - деп анықтама берілген. Ғалым – педагог өзінің зерттеуінде отбасы – баланың өмір жолын бастайтын және қоршаған шындық, орта туралы тиянақты да терең әсер алатын ұжымы екенін, соның негізінде онда білім, әдет, мінез – құлық пен өмірге деген көзқарастың қалыптасатынын дәлелдеп көрсетеді. Осы тұста тағы да айта кететін мәселе Ж.Қоянбаев пен Р.Қоянбаевтардың 1998 жылы жарық көрген «Педагогика» деп аталатын оқулықтарында «отбасы» ұғымы «үйелмен» деп аталыпты. Сондай – ақ соңғы кездерде орысша «семья» ұғымының қазақша аудармасы «отбасы», «жанұя», «үйелмен» деп қолданылып жүргенін жиі кездестіруге болады. Сонымен қатар, Б.Қалиевпен Ш.Күркеаевтың орысша – қазақша және қазақша – орысша терминдер сөздігінде «семья» ұғымын «отбасы» деп аударған. Жоғарыдағы деректерге с.йене отырып, біз өз зерттеу жұмыстарымызда «семья» ұғымын «отбасы» деп алуды жөн көрдік. Осы айтылған анықтамаларға сүйене оиырып біз отбасының мынадай белгілерін айқындадық:

  1. Отбасы өзара туысқандық қатысы бар, әр түрлі жастағ және әр түрлі құқылы адамдардан біріккен ұжым.

  2. Оларды ерлі – зайыптылық, ата – аналық, балалардың ата –аанларына, ересектердің кішілерге және бір – біріне деген қарым –қатынас жасау міндеттері байланыстырып тұрады.

  3. Ата – аналар мен балалар бір – бірінен бірі отбасын басқарумен, екіншілері сол отбасында тәрбиеленумен ерекшеленеді.

  4. Отбасы өмірі әртүрлі материалдық ( биологиялық, шаруашылық) және рухани (адамгершілік , құқықтық, психологиялық, эстетикалық) процестермен сипатталады. Ал отбасының әлеуметтік рөлі адамның өзін өсіруге , адам тегін ұзартуға тікелей қатысымен анықталады.

Отбасы – тарихи категория. Оның типтері, формалары және қызметтері өмір сүріп отырған өндірістік қатынастардың, жалпы қоғамдық қатынастардың сипатына, сондай – ақ, қоғамның мәдени даму деңгейіне байланысты. Өз кезегінде отбасы да қоғам өміріне ықпал жасайды. Ол баланың туылуы, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік орнын табуы, үй шаруашылығындағы еңбегі, өз мүшелерінің күші, рухани және адамгершіліктік – эстетикалық жағынан дамуына әсерін тигізу.

Демек, тәрбие – бұл, қоғам талабына сай адамды қалыптастыруда белгілі бір мақсатқа сәйкес жүйелі әрі саналы түрде әсер ету болып табылады. Тәрбие жан – жақты дамыған адамды қалыптастыруды көздейді. Бұл процеске әсерін тигізетін факторлар көп. Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруды ықпал ететін негізгі факторларды ескере отырып, тәрбиені отбасы тәрбиесі және қоғамдық тәрбие деп екі түрге бөлуге болады. Олай болса, тәрбие қоғамдық өмірдің жалпы және қажетті категориясы болып табылып, тәрбиенің мақсат – мазмұны, ұйымдастыру түрі, әдісі қоғамдық қатынастардың тарихи дамуына сәйкес өзгеріп отырады.

Кейде «тәрбиелеу» ұғымы «әлеуметтендіру» ұғымымен сәйкестендіріліп түсіндіріледі.

Соңғы жылдары жарық көрген философиялық әдебиеттерде: «Әлеуметтендіру - индивидті ұрпақтан – ұрпаққа беріліп отыратын еңбек тәжірибелерін, білім мен мінез – құлық нормаларын, құндылықтармен дәстүрлерді меңгеруге және әрі қарай дамытуға бейімдеу. Сондай – ақ индивидті қоғамдық қарым – қатынас жүйесіне ендіру және оның бойында әлеуметтік қасиеттерді қалыптастыру болып табылады», - деп анықтама берілген.

Ата – аналардың негізгі міндеттері бала тәрбиесі екенін Кеңес педагогтарының бірі – В.А Сухомлинский былай түсіндіреді: «Егер сіз жер бетінде өзіңізден кейін із қалдыруды армандасаңыз – көрнекті жазушы немесе ғалым болу міндетті емес. Жақсы бала тәрбиелеп – ақ өзіңізге қоғамнан берік орын қалдыра аласыз» , - деп ата –ананың қоғамдағы ең бірінші міндеті бала тәрбиелеу екенін ескертеді. Олай болуын қоғамның өзі талап етіп отырғанын айта келіп: «Адам – дүниедегі барлық бағалының ішіндегі ең жоғары бағалысы. Біздің әрқайсысымыз, құрметті әке мен ана , мынаны түсінуіміз крек: тәрбие көрмеген шала сауатты, надан адам бүлінген двигательдермен, аспанға көретілген самолетпен бірдей - өзі де күйрейді, жұртқа да өлім әкеледі» деді.

Кеңестің гуманист педагогі В.А. Сухомлинский өзінің «Коллективтің құдіретті күші» деген еңбегінде әлеуметтендіруді былайша сипаттайды: «Адамның бойында адамгершілік қасиеттері тек мына себептен ғана қалыптасады, өз өмірінде тұңғыш рет тыныс алған кезден бастап ол – қоғамдық зат. Адамның қоғамдық мәні оның басқа адамдармен байланысында , өзара қарым – қатынасында көрінеді. Дүниені және өзін әлемнің шағын бір бөлігі ретінде тани келе, адамдармен әр түрлі қатынастарда бола келе, бала қоғамға кіреді, оның мүшесі болады. Жеке адамның қоғамға осылайша араласу процесін, яғни жеке адамның қалыптасу процесін әлеуметтендіру деп атайды».

Шығыс ғұламаларының бірі болып саналған Жүсіп Баласағұнның дастандарында да отбасы тәрбиесі мәселелері көп сөз болады. Тұлға бойы тұнып тұрған өнегеден, тәрбие туралы толғаныстардан тұратын ХІ ғасырда жазылған Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дидактикалық поэмасы қазақ халқының педагогика тарихында ерекше орны бар тағылымы мол мұра. Оның әр бетінен әркімге таныс бүгінгі қаақ отбасының көптеген ішкі – сыртқы сипаттамаларын көруге болады.

Өнегелі отбасында ғана өнегелі ұрапақ тәрбиеленеді. Әке мен шешенің өзара ілтипатын, қамқорлығын, жолдас – жора, ағайын – туыс, ұл – қызға деген сыйластығын көріп өскен ұрпақ қана ертең өздері де берік отбасы іргесін қалайтынын айтады. Осылайша ақын салауатты отбасын басқарудың психологиялық және педагогикалық жолдарын көрсетеді. Жүсіп Баласағұн әке тәрбиесіне аса көңіл бөле отырып, ұл бала үшін әке тәрбиесінің орнын ешкім тлотыра алмайтынын айтады. Әке әрқашанда балаға бағыт – бағдар, үлгі - өнеге болып, ұлда ерлерге тән мінез – құлық қалыптастырады деп санады.

Я.А Коменский отбасын тәрбиенің белгілі бір мақсатқа бағытталған және ұйымдастырылған сатысы деп санады. Мұндағы жұмыстың мазмұны ананың белгілі бір деңгейіндегі білімділігін талап етумен қатар, тәрбиелеу мен оқытудың қарапайым әдіс – тәсілдерінен хабардар болуына байланысты. Сондықтан отбасы тәрбиесі «Ана мектебі» жүйесіне енді. Осыған сәйкес отбасында баланы тәрбиелеуді педагогикалық жағынан қамтамасыз ету жолдары жасалады.

Отбасы тәрбиесінің мәселелері Кеңес педагогтары А.С.Макаренко, А.В Сухомлинский, Н.К. Крупская және тағы да басқа педагогтар еңбектерінен де кең орын алған.

А.С Макеренко отбасындағы тәрбиенің негізгі еңбекте айта келіп, балаларды отбасы өміріне қалыптастыру ерте кезден ойын әрекетінде, соңынан еңбекке ұласу ретінде басталуы керек дейді.

Ата – аналардың негізгі міндеттері бала тәрбиесі екенін Кеңес педагогтарының бірі – В.А Сухомлинский былай түсіндіреді: «Егер сіз жер бетінде өзіңізден кейін із қалдыруды армандасаңыз – көрнекті жазушы немесе ғалым болу міндетті емес. Жақсы бала тәрбиелеп – ақ өзіңізге қоғамнан берік орын қалдыра аласыз» , - деп ата –ананың қоғамдағы ең бірінші міндеті бала тәрбиелеу екенін ескертеді. Олай болуын қоғамның өзі талап етіп отырғанын айта келіп: «Адам – дүниедегі барлық бағалының ішіндегі ең жоғары бағалысы. Біздің әрқайсысымыз, құрметті әке мен ана , мынаны түсінуіміз крек: тәрбие көрмеген шала сауатты, надан адам бүлінген двигательдермен, аспанға көретілген самолетпен бірдей - өзі де күйрейді, жұртқа да өлім әкеледі» деді.

Қазақ ағартушылары да отбасы тәрбиесін назардан тыс қалдырған емес. Оның ішінде Абай Құнанбаев ерекше орынға ие. Оның поэтикалық шығармалары, педагогикалық көзқарасымен бөліп алғысыз байланыста. Баланы шектен тыс еркелетіп, оның талап – тілектерін орындап отыру, бала ер жеткенде кері нәтижесін көрсететнінін ескертеді. Сондықтан баланы жастайынан дұрыс әрекетке қалыптастырып, дұрыс талап қоя білу қажет екенін айтады.

Абай отбасында баланы тәрбиелегенде оның жас және психлогичлық ерекшелігін ескеріп отыру керектігін талап етеді. Оның ойы бойынша баланың ең бірінші әрі ең негізгі тәрбиешісі, бұл – ата – ана болуға тиіс. «Әне , оны әперем, міне мұны берем» деп,басында балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңында балаң алдамшы болса, кімнен көресің? – деп теріс тәрбие беретін ата – аналарды қатты сыңға алады.

Қазақтың аты әлемге әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері зерттеуші М.О.Әуезов те отбасы тәрбиесі мәселелерін кеңінен қарастырған. Оның шығармаларында көптеген педагогикалық проблемалар күрделі орын алған. Қазіргіхалық педагогикасын орынды қолдану мәселесін шешуде ұлы жазушының шығармаалары таусылмас қайнар бұлақ болып табылады. Көптеген шығармаларында отбасы тәрбиесінің сан –алуан ерекшеліктері әдеби көрсетіліп, ғылыми түрде талданған. Соның ішінде отбасылық өмір салдарын көрсетіп, ондағы ер кісі мен әйел, ата – ана мен балалары арасындағы қарым – қатынасты, ер кісімен әйелдің үйдегі орнын, рөлін , тұрмыс – салтының ерекшелігін суреттеп бейнелеген. М. Әуезов «Адамның негізі - әйел» деп аталатын мақаласында адам баласының даму тарихына көз тастай отырып, ол бастан тіршілік көзі де, ұрпақ жалғасы да әйелден басталатынын айтады. Ер жағы қара басынан басқаға қарамай жүргенде, балаларын баулып, асырап, үйлік ұжымның басын құраған- әйел екенін, алғашқы қауымнан бүгінге дейінгі әйел бейнесін суреттейді. М. Әуезов баланың дамып, болашақта жақсы азамат болып жетілуінде оның өскен ортасы мен отбасы ахуалының ықпалы ерекше екенін айтады. «Біздің ой буынымыз қатпай тұрған бала күнімізде еі әуелі әлсіреп сүйетін кісіміз, ол біздің анамыз» , - деп әкеміз қандай ғалым болсын, адамшылығына ірге болатын құлықты әрбір анадан алатынымызы айтады. Отбасы тәрбиесінде ананың орнының ерекще маңыздығын М. Әуезов тәрбие түзелу үшін ең алдымен сол тәрбиені қалыптастыратын аналар жағдайының дұрыс болуын, аналардың өздерінің сол тәрбиеге лайықты болуын талап етеді.

Отбасында баларды тәрбиелеу мәселелері мен оның педагогикалық жолдарын көрсетуде осы ғасырдың басында өмір сүрген қазақ ағартушылары да өз ойлары мен еңбек үлестерін қосты. Осы тұста М. Жұмабаевтың «Педагогика» деп аталатын еңбегін айта аламыз. Онда баланың тәрбиелеудің жолдары айқын жазылған. Ол : «тәрбиедегі мақсат – баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару» , - дейді.

М. Жұмабаев бұл еңбекте баланыңжан – жақты жетілуінің психологиялық мәселелеріне кеңінен тоқтала отырып, ата – аналар мен тәрбиешілерге балалардың ересектерден ерекшелігін біліп, ескере отырып, тәрбиелеуін ұсынды.

Бала тәрбиесі – отбасының жүйелі түрде жүргізген жұмысының нәтижесі. Өйткені уақытын дұрыс ұйымдастыра білу, оның мектепте алған тәлім – тәрбиесінің қалыптасып, отбасында жалғасын табуы бәрі де ата – ананың басшылығы арқылы жүзеге асады.

Ата – ананың тәрбие әрекетінің әсерлі болуына қажетті жағдайдың бірі – олардың баламен әділ сөйлесіп, ашық пікірлес болуы. Осылай өзара қарым – қатынас баланы еріксіз ата – анаға жақындап, олардың айтқндарын шын ықыласпен қабылдауға мәжбүр етеді. Балаларды ізеттілікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа және тағы да басқа қасиеттерге тәрбиелеуде отбасының мүмкіндіктері ерекше. Жеке бастың рухани және эмоциялық негізін қалау – отбасы тәрбиесінің мақсаты мен мәні. Отбасы тәрбиесінде проблемалар мен қиыншылықтар да жоқ емес. Осы тұста В. Катановский мен Е. Камильянова – ата – аналардың бала тәрбиелеуде жіберетін кемшіліктері туралы былай дейді: «өскен сайын және ер жеткен сайын, оның өздігінен өмір сүруге деген ынтасы күшейе бастайды, сөйтіп, ата – ана баланың қоймайтындығына наразылық білдіріп, оның өіндік ісінтежеуге, тәрбиешінің ырқына көнбейтіндігін басуға тырысады. Ата – ананың бірінші қатесі осы» . Ал қалған кемшіліктер бала талабын шексіз орындап отыру, баланың арасына түсіп орынсыз қорғау, тәрбие процесін дұрыс пайдалана білмеу деп көрсетеді. Отбасында баланың жан – жақты өсіп дамуы үшін қажетті жағдай – еңбек. Бала еңбегінің негізгі түрі – оқу. Баланың жақсы оқып, табиғат пен қоғам өміріндегі заңды құбылыстарды жан – жақты түсінуі – оның болашағына жол ашады. Көп балалы отбасыларында баланы тәрбиелеу процесі анағұрлым жеңіл әрі нәтижелі болмақ. Себебі онда балаларды болашақ өмірдің қиындықтарына тәрбиелеу қызметі жақсы атқарылады. Балалар бақшасында , мектепте көп баланың ішінен мұндай отбасынан шыққан сәбиді не жасөспірімді ешбір қиындықсыз ешбір ажыратуға болады. Бұл балалар биязы, пысық, іскеикемді, өз юетімен жұмыс істей алатын, көбінесе олардыжүрек жылылығы, басқаға деген қамқорлық басым, менмендік, өзімшілдік аз. Олардың сабақ үлгерімі де жалғыздардың сабақ үлгерімінен аз да болса ерекшеленіп тұрады.

Кейбір отбасыларында тәрбиелікмаңызы бар өзінше қалыптақан салтты байқауға болады. Мұндай салт – дәстүрлер отбасындағы күнделікті еңбек әрекетін жолға салып, тәлім – тәрбие жұмысын жоғарлатып, жақсы сапаға көтеріледі. Баланы жан – жақты дамытып, ынталы, жігерлі болуын жетілдіру мақсатында жүргізілетін жұмыстарда әсіресе отбасының рөлі зор.

Сонымен қазақ отбасындағы тәрбиелік ықпалды біріне – бірі ұштасып жатқан үш сатыдан тұрады деуге болады. Ол ата - әже, әке – шеше, ұл мен қыз осы үш ұрпақтың арасындағы міндеттері мен парыздары. Әрбір ата – ана ұл – қыздарын бағып, еңбекқор етіп тәрбиелеумен қатар, өздерін кезінде тәрбиелеп өсірген ата – аналарын күту мен оларға қызмет көрсету парызын өтеугеборышты. Өз кезегінде олардың балалары өз парыздарын осылайша өтейді. Мұны ел аузынан тараған мынандай әңгімеден байқауға болады: «Маңдай терін төгіп жүріп тапқан еңбек ақысын үшке бөліп жатып бір кісі: бөлігін қарызымды өтеуге беремін, екінші бөлігін қарызға беремін ал үшінші бөлігін өзіме жұмсаймын» , - депті. Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін фактор отбасы, мектеп, орта , көпшілік хабар құралдары тағы да басқа ішінен біз отбасын ең негізгі фактор деп бөліп алғанымыз бен, ол қоғамнан, әлеуметтік ортадан тыс өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан отбасының тәрбиелік мүмкіндігіне бірнеше факторлардан айқындап көуімізге болады.


Ізгілікті тұлға қалыптатырудағы негізгі факторлар


Сабақтан тыс оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары

Тәрбие процесінде оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтамас бұрын, шарттар ұғымының мәнін ашу қажет. Шарттар дегеніміз – белегілі бір объектінің туындауы, өмір сүру немесе өзгеруі үшін қажетті объектілер жиынтығы. Мәселен, әлеуметтік, экономикалық – саяси, рухани жағдайлар оқушы бойында адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың кеңістік – уақыттық, оқу – материалдық, моральдық – психологиялық, эстетикалық, мектеп гигиенасына және қоршаған ортаға сай туындайтын шарттар негіздейді. Бұл шарттар тарихи қалыптасып, педагогикада бейнелер мен түсініктер түрінде қоғамдық сананың формасы ретінде қарастырылған. Демек, шарттың үш түрін бөліп анықтауға болады. Яғни оқушылардың ізгілік құндылықтарын қалыптастырудың деңгейі мына төмендегідей педагогикалық шарттарды ескергенде ғана көтеріледі. Егер:

  1. тәрбие үрдісі оқушылардың ізгілік құндылықтарды игеруіне бағытталса;

  2. оқушылар ізгілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында рефлексивтік іскерлік дағдыларды игерсе;

  3. оқушылар жеке тұлғаның және әлеуметтік мәні бар адамгершілік құндылықтарды өз іс - әрекеттерінде, мінез – құлқы мен тіршілік әрекетінде көрсете алу мүмкіндігін тыңдаса;

Оқушылардың адамгершілік құндылықтары қалыптасуының педагогикалық шарттарының мәнін Ю.К. Бабанский, М.А Данилов, В.С. Ильин, В.М Коротов, В.В Краевский, Б.Т. Лихачев сияқты ғалымдар дәлелдеген тұтас педагогикалық процесс тоериясына сүйеніп, негіздеген жөн.

Құндылықтарды игеру механизмі адамның өзін - өзі айқындау құндылығының үлгісі арқылы жүзеге асады. Өзін - өзі айқындаудың алғашқы кезеңінде оқушы игеретін құндылықтардың мәнін аша келе, ол адамгершілік құндылық бағдарына ие болады, іс - әрекеттер нәтижесінде қабылданған тәрбие негізінде туған болжамды тұжырымдайды, жалған жорамалдан арылып, әбден ысылған, тиянақталған білім, баға сияқты түсініктерді түзе алады. Бұдан келіп оқушы өз бойындағы өзін - өзі айқындаудың адамгершілік құндылықтарын басқалардың адамгершілік құндылықтарымен және адамгершілік құндылық бағдары негізіндегі іс - әрекеттерін салыстырады, әрекеттер мен мінез – құлыққа талдау жасау барысында ол адамгершілік құндылықтарды анықтап, оның өзін - өзі айқындауы жүзеге асады. Бұл аталған екінші деңгейде оқушының өзін - өзі айқындауы оқу – тәрбие үрдісінің жалпы құрылысының құрамды бөліктері арқылы жүзеге асырылады.
























Адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы оқушының өзін-өзі айқындауының механизмі


hello_html_3916ad5a.gifОқушы

іhello_html_687ea56e.gifhello_html_m4dada38a.gifзгілік болжам іс-әрекет

қhello_html_m5e8cd0d0.gifұндылықтарын ұғыну тәжірибесі



hello_html_6bf2a555.gifhello_html_3580b11d.gifhello_html_13c9feb4.gifжалған жорамалдан арылу


түсінік түрінде алынған білім

hello_html_m2a7a3d2a.gif

оhello_html_278540.gifhello_html_m5b4c3430.gifң баға теріс баға



І. Адамгершілік құндылық бағдары

hello_html_m53b51989.gif

Өзін-өзі айқындауға дейін:


өзінің ізгілік ізгілік құндылықтарға Мінез-құлық, әрекет

құндылықтарын бағдарлану негізіндегі іс-әрекет салындарына талдау

бhello_html_m593e5705.gifасқа оқушылардың

аhello_html_26baee26.gifдамгершілік

құндылықтарымен

салыстыру

hello_html_457f875c.gif





ІІ. Өзіне құнды адамгершілік құндылықтарын

айқындайды


Ізгілік – адамның әдептілік, сыпайылылығын, өнегелік, өзара пайымдылығын білдеретін қасиет. Ізгілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық сапалық көзқарасын, сөз беен істің бірлігін адамгершілік нормасынан ауытқушылақтарға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады.Адамның бойында жеке тұлғалық қасиеттердің пайда болуы, ізгілік мәдениеттің негізін құрайтын адамгершілік құндылықтар жүйесін меңгерумен тікелей байланысты болады.

Осы тұрғыда Л.С Выготскийдің мәдени даму генетикалық заңдылығын қалыптастырған еңбегіне сүйенсек, ол: «Баланың мәдени дамуындағы кез келген қызмет екі түрде пайда болады деп көрсетеді. Бірінші - әлеуметтік, одан кейін психикалық, алдымен ол адамдар арасындағы интерпсихикалық түрде, кейін баланың ішкі жан дүниесінде интрапсихикалық түрде қалыптасады » , - дейді. Құндыылқтардың жеке адамның санасына ену механизмі жеке тұлғаның рухани қажеттілігін түсінуге көмектеседі: объектілерді ұйымдастыру, таңдау, сондай – ақ жеке тұлғаның құндылықтарды тануы мен бағалауын қажет ететін жағдайларды тудыру барысында мақсатты іс - әрекет жүзеге асқан жағдайда құндылықтар жеке тұлғаның қажеттілік объектісіне айналады. Сондықтан тәрбиені жалпы адамзаттық құндылықтардың интериоризациясының ұйымдасқан мақсатты нақты процесс деп қарастыруға болады. Демек, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда оқушылардың өзін - өзі айқындауын іске асыра алатын, іс - әрекеттік бағыт шеңберінде жүзеге асады.

Рухани ізгілік тәрбиенің тағы бір шарты балалардың шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады.

Сонымен қатар, оқушыларды ізгілікке тәрбиелеуде біз тек осы теория мен ғана шектелмей, олардың әрқайсысының өзінің ойларын анықтадық. Бұл курстық жұмысымызды екі негізгі бөлімнен тұратын эксперимент нәтижесімен дәлелдедік. Эксперимент негізінен анықтаушы және қалыптастырушы деп екі бөлімнен тұрады. Эксперимент Талдықорған қаласы, №12 орта мектепте өткізілді. Эксперимент барысында осы мектептің 8 – 9 сынып оқушылары қатысты. Олар өз ойларын еркін және дәлелді жеткізе алды. Анықтаушы эксперименттің мақсаты – оқушылардың ізгілік қасиеттері туралы білімін анықтау және оларды оқу – тәрбие процесінде ізгілікке тәрбиелеу деңгейін дәлелдеу. Сонымен бұл эксперимент барысында мынандай төмендегі сұрақтар қамтылды.

  1. Ізгілік деген терминді қалай түсінесіз?

  2. Ізгілік, адамгершілік туралы ата – аналарыңыз, мұғалімдеріңіз жиі айта ма?

  3. Қазіргі заманда адамгершілігі мол, ізгілік қасиеті толық қалыптасқан тұлға бар ма?

  4. Кім әрдайым үлкенге құрмет, кішіге ізте білдіреді?

  5. Ізгіліктік тәрбие неден байқалады?

  6. Мұғалімдерңіз ізгіліктік тәрбиеге байланысты әр түрлі іс – шаралар өткізе ме?

Міне, осы сұрақтарды қою арқылы біз олардың негізгі ізгіліктік деңгейін анықтадық. Мектеп оқушыларының ізгіліктік тәрбиеге деген көзқарасы өте төмен деңгейде, кейбір оқушылар оның не мағына екенін біле бермейді екен, бұған кім кінәлі, әрине ата – ана, және мұғалім. Әрбір оқушының жан – жақты жарасымды етіп қалыптастыру үшін ең алдымен осындай нәрселерден бастау керек емес пе. Мұнда жоғарғы деңгей – 20% ,орташа 30%, төмен – 50% болды.

hello_html_m1835dfcc.gif

Ал анықтаушы экспериментінде анықталған нәтижені қалыптастыру эксперименті негізінде қалыптастыру үшін біз әр түрлі іс – шаралар дөңлелек үстелдер, ашық сабақтар, тәрбие сағаттарын т.б. ойын сабақтарын өткізді. «Ізгілікке тәрбиелеу негіздері» атты дөңгелек үсттел, «Мейірімді анам менің» ашық сабағын, «Тәрбие негізі - ізгілік» атты салтанатты кешін өткіздік. Осының нәтижесінен ғана оқушылардың ізгіліктік, адамгершіліктік қасиеттерін қалыптастыра алдық. Сонымен нәтижесінде жоғарғы деңгей 55% , орташа 33% төмен деңгей - 12% көрсетті.


hello_html_m31827694.gif


Міне, анықтаушы экспериментіндегі анықталған нәтижесін қалыптастырушы экспериментінде жүзеге асыра алдық. Жалпы мектеп оқушылары мен мұғалімдер, ата – аналар мұндай өзекті мәселені бірлесе, ынтымақсата отырып реттеуі керек.














Адамгершілік құндылықты қалыптастыру моделі

Мақсат

өзіндік Мәні бар АҚҚ тірек өтетін тұлға


hello_html_ae3e67a.gif

Құралдар

hello_html_27029b02.gif

Тәрбие принциптері

hello_html_1f9db414.gifhello_html_m427c45b7.gif

Педагогикалық шарттар:

1.тәрбие үрдісі оқушылардың адамгершілік құндылықтарды игеруіне бағытталса;

2.оқушылар адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында рефлексивті іскерлік дағдыларды игерсе;

3.оқушылар жеке тұлғаның және әлеуметтік мәні бар адамгершілік құндылықтарды өз іс-әрекеттерінде, мінез-құлқы мен тіршілік әрекетінде көрсете алу мүмкіндігін таңдаса


Іс-әрекет


hello_html_27029b02.gif

Қарым-қатынас

hello_html_1f9db414.gifhello_html_m7ca33b9b.gif

1.Тәрбиенің қоғамдық бағытта болуы

2.Өмірмен, еңбекпен байланысы

3.Ізгілендіру тәрбиесі

4.Тәрбиелік тұлғалық тұрғыдан қарау

5.Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктері

6.Тәрбиелік ықпалдардың бірлігі

hello_html_me9c7a7.gif







hello_html_2527f570.gif


Оқушы

Мектеп ұжым

Отбасы


hello_html_24407095.gifhello_html_m56493c79.gifhello_html_a6cc443.gifhello_html_m618a709c.gif

Теминальдық адамгершілік құндылық

Инструментальдық адамгершілік құндылық



hello_html_125f0741.gifhello_html_125f0741.gif

Адам бойындағы жеке немесе қоғамдық ортада өмірдің мәнін түсіндіретін маңызды мақсатқа жетелейтін сенім

Альтруисттік қарым-қатынас, жұмыс, өзін-өзі бекіту құндылықтары





hello_html_10373d15.gifhello_html_m1f53fc94.gifhello_html_m303dcaf4.gif


Оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру негізі



ҚОРЫТЫНДЫ


Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан – дүниесі бай, білімі мен біліктілігі жоғары, талап – талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, отан – сүйгіштік т.б. қасиеттер болуы тиіс. Ол үшін жас ұрпаққа тәрбие беруде ар – ұят, адалдық, адамгершілік, ізгілік мәселелерін, қатар қою қажет.

Ізгіліктік тәрбие біртұтас педагогикалық үрдіс ретінде оқушылардың бар өміріндегі: танымдық, жастық қарым – қатынасқа қарай, нормаларға сай жүзеге асырылуы керек. Адамның танымындағы мақсатты тұлғаның, оның ар – ожданы, сезім, жігері, дағдысы, әдеті, қоғамдық бағалы мінезінің қалыпатасуы - біртұтас үрдістің нәтижесі болып табылады. Адамгершілік нормалары баланың сезімдік қабылдауының субьектілік ынтасына байланысты қалыптасады. Адамгершілік оған ең алдымен тірі сезім, терең қанағаттандырудың шындық жағдайы немесе керісінше болуы мүмкін. Адамдық сезім адамдық адамгершіліктің қалыптасуына әсер ететін жүйелік бастау болып табылады. Осыған орай рухани адамгершілік қасиеттер адамгершілік мағынаға, мәнге ие болады. Адамгершілікті түсінік адамгершілік шарттарына бағынышты болады және де баланың өз адамгершілік қатынастарындағы белсенді үрдіс.

Педагог балалардың субъективті адамгершілік климатын көрсететін адамдық әлемін білуі керек. Осының барлығы адамгершілік тәрбиені терең түсінуге көмектеседі. Сыртқы және ішкі қарама – қайшылықтарды игеру адамдық қасиетті тұлғаның қалыптасуына әсер етеді. Педагогикалық үрдісте рухани – адамгершілік тәрбиенің бала өміріндегі қарама – қайшылықтарды, сұрақтарды, мәселелерді шешуде маңызы зор.

Ізгіліктік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттері мен сапалары, қарым – қатынастарында қалыптасады. Рухани – адагершілік тәрбие - бұл дұрыс дағдылар мен өзін - өзі ұстаудың дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым – қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады.

Тәрбие процесінде оқушылардың ізгіліктік құндылықтарын педагогикалық шарттарын айқындау қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани – мәдени жағдайлары оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың кеңістік – уақыттық, оқу – маттериалдық , моральдық психологиялық, эстетикалық, мектеп гигиеналық шарттарын негіздейтін жағдайлар ескеріледі.

Психологиялық – педагогикалық зерттеулерде жасаған талдау жеке ұлғаның бірнеше өріс құралдары мен олардың ізгілктік құндылықтарды айқындауына септігін тигізді.

















ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1. Л Омарова. «Ізгілік тәрбиесін қалыптастыру мәселері» ІІ Бастауыш мектеп , 2004 , №2 , 26-28 бет.

2. Г Даркина .«Рухани адамгершілік тәрбиесінің негізі» ІІ Бастауыш мектеп – 2004, №12, Б 21-22

3. А. Утебаева.«Рухани – адамгершілікке тәрбиелеу» ІІ Бастауыш мектеп, 2005, №9 , 31 – 33 бет.

4. М. Құрманбаева.«Тұлғаны ізгілікке тәрбиелеу» ІІ Бастауыш мектеп , 2005 , №1, Б 25 -26

5. А. Өтебаева .«Оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу»ІІ Бастауыш мектеп , 2006 , №1, 18 -20 бет.

6. К. Ибраиева « ХІ –ХХ ғ.ғ ғұламаның жеке тұлғаны ізгілікке тәрбиелеу туралы ой - пікірлері» ІІ Бастауыш мектеп, 2003 , №1, 7 – 9 бет

7. М. Құрманбаева « Адамның ақ тұнбасы» ІІ Қазақстан мектебі , 1999 , №5 , Б 12 – 13

8. Д Нұрғалиева « Ізгіліктік құндылыққа – жаңа бетбұрыс» ІІ Қазақстан мектебі , 2004, №4 , 48-50 бет

9. Э. Рахипова. « Ізгілікті ұрпақ тәрбиелеу». ІІ Бастауыш мектеп, 2004, №4, 41- 43 бет

10. А. Байділдаева .« Адамгершілікке баулу бағыты» ІІ Қазақстан мектебі, 2004, №11, 61 -63 Б

11. Ж. Әбиев, С, Бабаев «Педагогика» Дарын Алматы – 2004

12. Х.Т. Наубаева « Гумандықты қалыптастырудың педагогикалық негіздері» Талдықорған 2001 жыл 11- қыркүйек

13. Д Нұрғалиева .« Адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың шарттары» ІІ Бастауыш мектеп, 2004, №3 , Б 22 -23

14. Д Нұрғалиева .«Адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың педагогикалық диагностикасы» ІІ Бастауыш мектеп, 2004, №11, Б 6 – 7

15. Р. Тулепбергенова .« Ахмет Иугінекидің адамгершілік тәрбиесі» ІІ Бастауыш мектеп, 2004, №4, 32 -34 бет

16. Г. Миркенова . « Отбасы тәрбиесінің маңызы». ІІ Қазақстан мектебі, 2005, №4, 48-50 бет

17. Ш. Нұғыспанова.« Отбасындағы бала тәрбиесі» .ІІ Бастауыш мектеп, 2005, №1, 60 – 65 бет

18. Дуғанбек. А. Шәкәрім шығармаларының тәрбиелік мәні ІІ Ұлт тағылымы, 2003 , № 1 , 10 – 12 б

19. Асылова А. Тәрбие негізі – ізгілік. ІІ Тәрбие құралы, 2006 , № 4 , Б 4 – 5 20. Асылбеков Е. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу – басты қағида // Сыныптағы тәрбие, 2004 , № 2 , Б 3 – 5

21. Бекетова К. Шәкәрімнің өміріндегі адамгершілік қағидалар ІІ Тәрбие құралы , 2006 , № 3, 45 49 б

22. Бекзат О. Шәкәрім және адам. ІІ Ақиқат , 2006 , № 6 , 13 – 16 б

23. Әбдіреймова К. Ізгілікке тәрбиелеу негіздері // Қазақстан мектебі, №2, 2005, 15 – 17 б

24. Байділдаева а. Ізгілікке тәрбиелеу – ізгі парыз // Қазақстан мектебі, №2, 2006, 50 – 52 б



Көксу ауданы

Кеңарал ауылы

С.Қырықбаева атындағы мектепке дейінгі

шағын орталығы бар орта мектеп

Педагог-психолог: Ш.Н.Нұртаева





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-015225
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>