Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / География / Научные работы / "Халықаралық деңгейдегі көрікті нысандар" тақырыбында жоба
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • География

"Халықаралық деңгейдегі көрікті нысандар" тақырыбында жоба

библиотека
материалов

М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия













Тақырыбы:

«Халықаралық деңгейдегі көрікті нысандар»













Орындаған: 7-сынып оқушылары

Хасенова М.

Төлешова Д.

Жетекші: география пәнінің

мұғалімі Ильяшова Ж. Р.



Қарағанды 2016ж





Мазмұны:





1.Кіріспе.................................................................................................3

2.Негізгі бөлім

2.1. Әлемдегі халықаралық деңгейдегі көрікті нысандарға жалпы шолу.......................................................................................................4

2.2.Қазақстандағы халықаралық деңгейдегі көрікті нысандар........5

3. Қорытынды .....................................................................................7

4. Қосымшалар ....................................................................................8

5. Қолданылған әдебиеттер................................................................14





























Кіріспе

Мақсаты: халықаралық деңгейдегі көрікті нысандардың қазақша анықтамалығының жобасын жасауға дайындау;

Міндеттері:

  • Халықаралық деңгейдегі көрікті нысандар жайлы мәтіндік ақпараттар жинақтау;

  • Фотоматериалдар жинақтау;

  • Жинақталған материалдарды жүйелеу;

  • Анықтамалық құрал жасауға дайындау;

Өзектілігі:

Қазіргі таңда қарыштап дамып келе жатқан еліміздің ұлттық тіліндегі анықтамалық құралдарының жетіспеушілігі, қазақ мектептерінің оқушыларына география пәнінен шетелдік көрікті нысандар жайлы қосымша анықтамалық құралдардың болмауы бізді осы жобаны жазуға итермеледі.

Себебі, біз келешекте туризм саласында мамандық таңдауды қалаймыз. Ал, қазіргі таңда әр түрлі шетелдегі көрікті нысандардың қазақша жүйеленген толық мәліметі жоқ. Сондықтан, біз олар жайлы орыс тіліндегі ақпараттарды жинап, қазақ тіліне аудара отырып, толықтырып, келешекте анықтамалық құрал ретінде қалдырамыз.















2.1. Әлемдегі халықаралық деңгейдегі көрікті нысандарға

жалпы шолу

  1. Тәж Махал

Тәж Махал-Үндістандағы және де әлемдегі ең әйгілі және көрікті нысандарының бірі.

Бұрында Жақан шахтың тоқалы- Мұмтаз Махал, оған 14 баланы туарда қайтыс болады. Кейін Жақан шах қайтыс болғаннан кейін өзінің суйіктісінің жанында жерленді. Тәж Махал кесенесі Мұмтаз Махалдың құрметіне салынды. 1630 жылдары кесене салу жұмыстары басталды. Мазар ақ мәрмәрдан тұрғызылып,оның тұрғызылуына 20 мың жұмысшылар қатысты. Ал 22 жылдан кейін кесене салынып, «Өлмес махаббат» нышаны болып саналды. Тәж Махал-әлемдегі жеті кереметінің бірі.

  1. Теотиуакан, Сан-Хуан-Теотиуакан, Мексика

Ацтек тілінен аударғанда, Теотиуакан сөзі «адамдар құдай бола алатын қала» дегенді білдіреді. Аңыздарда Әлемдік Су Тасқынынан кейін құдайлар қайта Теотиуаканға қайтып,әлемді жаратты. Ғалымдардың айтуы бойынша, бұл қаланың ауданы 28-29 квадрат километр болса,адамдар саны 200 мыңға дейін жетті. Бірақ, қазіргі кезде де бұл ең улкен және ең көне қаланың тұрғызылған мерзімі белгісіз.

  1. Алтын Храм-Хармандир-Сахиб-Үндістан

Хармандир-Сахиб-Үндістанның ең көне және ең құрметті храмдардың бірі. Храмның сырты алтынмен қапталғанынан,оны «Алтын Храм» деп атады. Храмға өту үшін мрамордан жасалған көпірдің жанындағы көлшіктен өту керек. Адамдардың айтуы бойынша,көлшіктің суы қасиетті және де ол мәңгі өмірлік эликсирдан жасалынған. Ал көпірден өту-жамандықтан жақсылыққа барар жол деп есептеледі.

  1. Сидней опера театры,Сидней,Австралия.

Сидней опера театры-ең танымал ғимараттардың бірі.Оның архитекторы- Йорн Утзон. Йорн Утзонның планы өте ерекше және көрікті болып шықты. Театрдың үстіңгі жағы ұлу қабыршағына немесе «ракушкаға» ұқсайды. Осылай Йорн Утзон Сиднейге сыйлыққа қала символын табыс етті.

  1. Геттисбергің әскери паркі, Геттисберг , Пенсильвания.

Бұл парк басқа парктерге мүлдем ұқсамайды. Ағаштары да, өсімдіктері де жоқ. Сол жерде 1863жылы азаматтық соғыстағы ең ірі шайқасы болды.

  1. Ең ежелгі қаланың қорғаны, Хорватия, Дубровик

1979 жылы ЮНЕСКО Ескі қала Дубровикті және ежелгі қорғанды Халықаралық Мұралар тізіміне енгізді. Қорған барлық қаланың төрт бұрышын жауып, өздерінің ескеткіштерін, мектептерін, мұналарын, мұражайларын, көшелерін сақтайды. Осы тасты қорған басқа қалалардан Ескі қаланы қоғау үшін салынған.

  1. Пагода Шведагон, Янгон, Мьянма

Пагода Шведагон - Мьянманың ең биік нысандардың бірі. Басқа атауы "Пагодалар Елі". Пагоданың жері 5г алып жатыр. Пагоданың әр түрлі мифтік ескерткіштер бар. Асыл тастармен безендірілген. 98-метрлік көрікті нысан

  1. Ежелгі қала Петра, Вади-Муса, Йордания

Петра- биік тас үйінді жартаста орналасқан Йордания қаласы.Қала шөлді даланы кезіп жүрген керуен сарай жолаушыларына арналған демалыс орны болған. Ежелгі қала-Йорданияның ең орталығында, Вади-Мусаның құм жерлерінде орналасқан. Петр қаласы бастапқыда әр түрлі тайпалардың уақытша мекендеген қаласы болған. Кішкентай аңғарлардан үлкен қалаға айналған.

  1. Ұлы Қытай қорғанының бөлігі Мутянью,Пекин,Қытай.

Ұлы Қытай қорғанының ең ұзын бөлігі Мутянью. Мутяньюдің 22 мұнарасы бар. Мутяньюдің қытай тілінен аударғанда мағынасы "Даланың көрікті табиғатын тамашалауға болатын аңғар".


2.2. Қазақстандағы халықаралық деңгейдегі көрікті нысандар

1.Ақсай Сынтастары

Ақсай сынтастары — қола дәуірінен сақталған ескерткіштер тобы. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ақтау станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде орналасқан. Алғаш Ә.Х.Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген. 10-нан аса сынтастар тізбегі 0,6 км аумаққа созылып жатыр. Бірқатары құлаған. Негізінен қашалған төрт қырлы, ұзындығы 1,5-3 м тастардан құралады. Оңтүстік шетінде үш сынтас мосы сияқты көмілген. Біреуінің жоғарғы жағында адамның екі көзі, мұрны, аузы бейнеленген. Басқаларының жоғарғы жағы үшкірленген, қой мен жылқының тұмсығына ұқсас. Бұлар қола дәуірі бақташыларының киелі жануарлары — қой мен жылқының құрметіне қойылған сияқты. Оларды “қойтас” деп те атаған. Зерттеулер Ақсай сынтастарының б. з. б. 11-9 ғасырларда қашалғанын көрсетеді.

2. Шарын шатқалы, Шарын каньоны

Шарын шатқалы жасы 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстардан қалыптасқан табиғат ескерткіші. Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа 154 км созылып жатыр. Көбінесе туристтер Сарайлар Алқабына барады. Оның ерекшелігі-шатқал бөліктерінің ортағасырлардың мүсіндеріне ұқсас болуы. Шатқал Алматы қаласынан 195 шақырым шығысқа қарай орналасқан. 2004 жылдың 23 cәуірінде құрылған Шарын ұлттық паркінің құрамына кіреді.

3. Республика Сарайы

Республика Сарайы– Алматы қаласында орналасқан мәдени орталық ғимараты. Республика Сарайы Алматыдағы Абай даңғылында орналасқан. Сарай жақта қазақтың Ұлы Ақынына-Абай Құнанбаевқа салынған монумент бар. Бұл монумент Алматының әйгілі және құрметті монументі аталды.

4. Тәуелсіздік монументі

Тәуелсіздік монументі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің бес жылдығына орай Алматы қаласында салынған сәулет және мүсін өнері ескерткіші. Бұл монументте Алтын Адамның мүсіні бейнеленген. «Алтын киімді адам»- сақ мәдениетінің бірегей үлгісі және де біздің тәуелсіздігіміздің нышаны атаңды.

5. Бәйтерек (монумент)

Бәйтерек – Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м, Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа ие болды. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен.





































3. Қорытынды

Осы жобада жоспарланған жұмыстар бойынша кіріспе бөлімінде жобаның мақсаты, міндеттері, өзектілігі жайлы айтылған. Яғни, осы жобаның нәтижесінде халықаралық деңгейдегі көрікті нысандардың қазақша анықтамалығының жобасын жасау үшін міндеттер анықталып көрсетілген. Ал, негізгі бөлімде әлемнің және Қазақстанның көрікті нысандары жайлы материалдар жинақталып, қысқаша анықтамалық мәліметтер берілді. Мұндағы әртүрлі қөрікті нысандар жайлы мәліметтер қазақша аударылып, қосымшада суреттермен толықтырылды. Атап айтсақ, әлемдегі халықаралық деңгейдегі көрікті нысандардан Тәж Махал; Теотиуакан, Сан-Хуан-Теотиуакан, Мексика; Алтын Храм-Хармандир-Сахиб-Үндістан; Сидней опера театры,Сидней,Австралия; Геттисбергің әскери паркі, Геттисберг , Пенсильвания; Ең ежелгі қаланың қорғаны, Хорватия, Дубровик; Пагода Шведагон, Янгон, Мьянма; Ежелгі қала Петра, Вади-Муса, Йордания; Ұлы Қытай қорғанының бөлігі Мутянью, Пекин, Қытай сияқты нысандар жайлы жазылса, Қазақстандағы халықаралық деңгейдегі көрікті нысандардан Ақсай Сынтастары; Шарын шатқалы, Шарын каньоны; Республика Сарайы; Тәуелсіздік монументі; Бәйтерек (монумент) сияқты нысандар жайлы ақпараттар берілген.






















4. Қосымшалар

Тәж Махал

hello_html_m76e5d07a.jpg

Теотиуаканhello_html_m7213bf7d.png

Алтын Храм

hello_html_77e19f46.png

Геттисбергің әскери паркі, Геттисберг , Пенсильванияhello_html_m26cb68a1.jpg

Ең ежелгі қаланың қорғаны, Хорватия, Дубровик

hello_html_6a605ae5.jpg

Пагода Шведагон, Янгон, Мьянма

hello_html_m6bdd0ddf.jpg

Ежелгі қала Петр, Вади-Муса, Йордания

hello_html_m46130c2e.jpg

Ұлы Қытай қорғаны Мутянью,Пекин,Қытай

hello_html_222b781a.jpg

Ақсай сынтастарыhello_html_295e07b4.jpg



Шарын шатқалыhello_html_5de046de.jpg

Республика сарайы

hello_html_38153d69.jpg



Тәуелсіздік монументіhello_html_m521e3d37.jpg



Бәйтерек

hello_html_6d662f07.jpg





Қолданылған әдебиеттер:

1. www.adme.ru, www.tripadvisor, www.wikipedea.org

2. Сұрақ - жауап, «Алматы кітап» 2007

3. Сен білесін бе? «Аруна» баспасы










Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.09.2016
Раздел География
Подраздел Научные работы
Просмотров90
Номер материала ДБ-184136
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх