Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Халықаралық шылым шегуге қарсы күні" (кітап сабағы)

"Халықаралық шылым шегуге қарсы күні" (кітап сабағы)

Скачать материал

 

 

«Әулиекөл  ауданы әкімдігінің  білім  бөлімінің

№2 Аманқарағай орта мектебі»  ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Халықаралық шылым шегуге

қарсы күні

(кітапхана сабағы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: Бесенова А.А.

 

 

 

 

 

 

 

 «Халықаралық шылым шегуге қарсы күні»

Мақсаты: оқушылардың бойында зиянды әдеттерге, атап айтқанда, алкоголь ішімдіктеріне, нашақорлыққа, темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру.темекінің зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты фактілер мен түрлі түсті диафильмдер арқылы көз жеткізу.

 

Қазіргі кезде елімізде темекі шегу және оған қарсы күрес жүргізу негізгі мәселенің біріне айналды. Темекіге әуесқойлық, әсіресе, жасөспірімдердің арасында қатты етек алып отыр. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған » Қазақстан -2030″ бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:

1-бағыт. «Темекі шегуді тоқтату»;

2-бағыт. «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»;

3-бағыт. «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес».
Зиянды әдеттерге, алкоголь ішімдіктеріне үйір болу, нашақорлық, темекі тарту жатады.

Әділін айтсақ, бұлардың қайсысы болса да қайғылы жағдайға соқтыратын құмарлық кесел. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келеді. Ішімдік, нашақорлық, темекі адам организміне өте қауіпті. Бірақ біз бүгінгі шағын уақытымызда бүл мәселелерді бірден қамти алмаймыз.

Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы басталды?

Жауап. Темекі тарту ХV ғасырда 1496 жылы басталды. Алғаш темекі дәрі ретінде Испанияда бастады.

Темекі тарту туралы кітап көп дегенімен, темекі туралы ең алғашқы кітапты айтсаңыз.

Темекі тарту әдеті жайлы ең алғашқы кітапты Эрпандесу де Овьедо жазды. Ол Америка тұрғындарының адамгершілігі мен әдет ғұрыптары деп аталады. Онда қысқаша былай делінген. «Расанолла» аралында тұратын халықтың тым зиянды әдет-ғұрыптары, олар қасиеті жағынан меңдуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танаулары арқылы ішіне тартып мас болады. Онысы «тобоко» деп аталады.

Адамдардың темекі тартуының жалпы себептері неде.

- Адамдардың әсіресе, жасөспірімдердің темекі тартуының себептері мыналарға байланысты:

а)  топқа еліктеу, яғни, темекі тартпайтын жас қыз немесе бала топқа қосылу үшін солардың ыңғайына көніп, жаман әдетін бойына сіңіргісі келеді;

б)  жеке ұнатқан адамына еліктеу бұл жерде темекі тартпайтын жас қыз немесе бала ұнатқан адамының жаман қасиеттерін бағаламауынан темекі тартуды өзі де бастауы мүмкін;

в) ересек болуға тырысу;

г)  өмірдегінің бәрін байқап көруге тырысу;

д)  ата-аналардың дұрыс тәрбие бермеуі мектеп жасындағы жасөспірімдердің көпшілігі темекінің зиянын білмегендігінен тартады.

Темекіден болатын ауруларды атап көрсетіңіздер.

*     Стенокардия — темекі тартудың көп тараған қасіреттерінің бірі. Темекі тартудан болатын стенокардия ауруына шалдыққандардың кеудесі қысылып әлсірейді. Бұл ауруға шалдыққандардың өмір қысқарады. Мұндай ауруға шалдыққан адамның өмірі қысқа болады.

*     Эндартерит — темекі тартудан болатын ауру. Төменгі қан тамырларының біресе кеңейіп, біресе тартылуы осыған байланысты. Бұл ауру кезінде адамның жаны қатты қиналып, адам жүріп келе жатып еріксіз тоқтап, отыруға мәжбүр болады. Сәл тоқтап отырса ауруы басылады. 50-70 м жүрген соң қайта ауырады. Мұндай ауруға шалдыққан адамдардың қан тамырларының кеңею қабілеті жетіспейді.

*     Құрғақ гангрена — темекі тартудан болатын аурудың жалғасы. Бұл ауру кезінде жүрек бір қалыпты қан айналымын қамтамасыз ете алмайды. Аяқтың башпайлары суланып, көгере бастайды, осыдан аяқ жансызданады, оны кесуге тура келеді.

*     Ісік   аурулары   никотин уының тамырларға қатты әсер етуінен болады. Темекі түтінінің шамадан тыс әсер етуінен асқазан, ащы ішек ісік ауруына әсер етеді. Темекі тартушылар арасында өкпе рагы, көмей рагы өте жиі кездеседі.

Похожее изображениеЖылына темекі тартушылықтың салдарынан болатын түрлі аурулардан жер шарында

5 миллион адам қайтыс болады екен. Оның 600 мыңы балалар мен жасөспірімдер. Шынына келсек, темекі жаппай жою қаруына айналып келеді. Оның келтірген нұқсаны ядролық, химиялық және биологиялық қаруларды бірге алғандағы келген зардаптан асып түседі. Кейінгі жылдары темекі тартушылардың қатары қыз-келіншектермен толыға түсіпті. Бүгінде Қазақстандағы  қыз - келіншектердің 9,8 пайызы нағыз темекі тартқыштар саналса, 12 жастан асқан балаларымыздың 7,5 пайызы темекіге әуестік дертіне ұшыраған. Қыз - келіншектердің арасындағы темекі тартушылық 18 - 25 жас аралығындағылар арасында өршіп тұрған жайы бар

ІІІ. Қорытынды.

Темекілік індеттің таралуы жаҺандық проблема болып табылады. Оның адам денсаулығы үшін салдары маңызды және барынша кеңейтілген халықаралық ықпалдастықты, барлық елдердің тиімді, орынды әрі жан-жақты жауапты әрекеттерін талап етеді. Жыл бойы оқушыларға темекінің, есірткі мен ішімдіктің зияны туралы әңгіме, семинар-тренингтер өткізіліп, ақыл – кеңес жазылған парақшалар таратылады. Сонымен, темекі шегудің зияны туралы жан - жақты, әсерлі әңгімелеп беру қазіргі жасөспірімдерге оған деген тұрақты теріс көзқарас, қабыл алмау сияқты әсерлеп туғызуы мүмкін. Қазіргі жасөспірімге ол жеткіліксіз. Сондықтан да ата-аналар, оқытушылар, дәрігерлер бірлесе отырып «әдемі өмірдің» сәніне айналған, денсаулыққа, қоғамдық моральға орын қалдырмай отырған темекі шегумен бітіспес күреске шығуы керек.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Халықаралық шылым шегуге қарсы күні" (кітап сабағы)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 324 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.06.2017 1430
    • DOCX 737 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бесенова Алтын Аубакировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бесенова Алтын Аубакировна
    Бесенова Алтын Аубакировна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 41973
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой